Жезқазған облысы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
Жезқазған облысы. 1
Табиғаты. 1
Халқы. 2
Мәдени құрылысы мен денсаулық сақтау ісі. 4

Жезқазған облысы.

Республиканың орталық бөлігінде орналасқан. 1973 ж. 20 науырызда
құрылған. Солтүстігінде Астана, Қарағанды, солтүстік- батысында Торғай,
батысында Ақтөбе, шығысында Семей, Талдықорған, оңтүстігінде Жамбыл,
Шымкент, Қызылорда облыстарымен шектеседі. Оңтүстік- шығысында Балқаш
көлімен ұласады. Жері 313,4 мың км2 . Халқы 450 мың (1979). Облыста 7
аудан, 4 қала, 22 қала типтес поселке бар (1979). Орталығы- Жезқазған
қаласы.

Табиғаты.

Облыс жерінің көпшілік (солт.) бөлігін Сарыарқа (Қазақтың ұсақ
шоқылығы) алып жатыр. Сарыарқаның шығысында Қызыларай тауы (ең биік Ақсораң
шоқасы- 1565м). Қызылтас (Қушоқы- 1282м) және басқа гранитті массивтер бар.
Облыстың батысында Ұлытау (1133м) жатыр. Қиыр батыс шетіне Торғай қолатының
оңтүстігі енеді. Облыстың оңтүстік- батысында Арал маңы Қарақұмы. Мыңбұлақ,
Арысқұм, Жетіқоңыр т.б. құмды массивтер қалыптасқан. Облыстың оңтүстігін
Бетпақдала шөлінің солтүстік шеті алып жатады. Облыс өндіргіш күштерінің
қалыптасу негізі- алуан түрлі минералдық шикізат қоры. Облыс териториясы
жер беті ағын су қорларына өте кедей. Шағын өзендері Теңіз, Торғай, Шу және
Балқаш ойысының тұйық алаптарыны жатады. Өзендерінің жылдық орташа ағыны
440 млн. м3 –дей, бұның 90%-ке жуығы көктем кезінде болады. Маңызды
өзендері: Сарысу, Тоқырауып, Шерубайнұра. Шағын өзендерінің көпшілігі жазда
қатты саязданып, сорға айналады, кейде көпшілігі кеуіп қалады. Балқаш көлі
шығыс бөлігінің суыащы, ішуге жарамсыз, батыс бөлігі Іле өзен суымен
кәдімгідей тұщыланады. Елді мекендерді, өнеркәсіп орындарын және а. ш-н
сумен қамтамасыз етуде жер асты суының маңызы зор. Қаракеңгір өзені бойында
Кеңгір бөгені бар.
Облыстың солтүстігінде және басқа да шоқылы жерлерінде боз қызыл
қоңыр. оңтүстік шөлейт және шөлді аудандарында қоңыр және сұр қоңыр топырақ
түрлері тараған. Бұлардың арасында шалғындық топырақ, сортаң, сор және құм
массивтері кездеседі. Облыстың солтүстігінде астық тұқымдастар, жусан,
орталық өңірінде жусан, оңтүстігінде сораң басым өседі. Аралық жерде
тобылғы, жабайы қараған т.б. бұталар өседі. Қызыларай тауында қарағайлы
орман. Ұлытау, Қызылтас, Қараағаш, Бектауата т.б. тау бткейлерінде қайың,
терек, тал, өзен бойларында тал және шілік өседі. Орманды алқабы 29 маң га.
Жануарлар дүниесінен қарақұйрық, арқар, елік, бөкен, жабайы шошқа, суыр,
саршұнақ, ондатра, қасқыр, түлкі, қарсақ, сасықкүзен, борсық, құстан,
ақбауыр және қарабауыр бұлдырық, қылқұйрық, тырна, безгелдек, дуадақ,
ақшіл, құр т.б. мекендейді.

Халқы.

Облыста республика халқының 3%-тейі тұрады. Қазақтармен бірге
орыстар, украин, неміс, татар, белорус, корейлер тұрады. Орташа тығыздығы 1
км2-ге 1,4 адамнан келеді (1979) келеді. Халық облыста біркелкі
қоныстанбаған. Солтүстік аудандарда және табиғи жағдайы егіншілікке
қолайлылау келген Жарық- Жезқазған т. ж- на таяу жерлерде халық тығыз
қоныстанған. Мұнда халықтың орташа тығыздығы 1 км2-ге 5- 7 адамнан келеді.
Қала халқы 77% (1979). Қала халқы негізінен Жезқазған және Балқаш
өнеркәсіптік тораптарда шоғырланған. Қалалары: Жезқезған, Балқаш, Қаражал,
Никольский.
Шаруашылығы. Жезқазған обл.- республикадағы түсті металургия дамыған
өңірлердің бірі. Сонымен қатар республика еңбек бөлісінде облыс қара
металлургияның кейбір салалары (марганец және темір рудаларын өндіру),
жеңіл (трикотаж), тамақ (ет, сүт, балық) өнеркәсіптері және жайылымдық мал
шаруашылығы дамығын аудан ретінде қатысады. Облыс республикадағы өнеркәсіп
өнімінің 4,5%- тен астамын береді. 1970- 1975ж. облыс өнеркәсібінің жалпы
өнімі 114%- ке өсті. Облыс республикадағы шақпақ мыс өнімдерінің көпшілігін
береді. Балқаш мыс қорыту, Жезқазған кен- металлургия. Ақшатау кен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан түсті металлургия өнеркәсібінің басты саласы - мыс өнеркәсібі
1990 жылдан бастап Қазақстанның әкімшілік-аймақтық даму тарихы
Әлем қалаларына саяхат
Қарағанды облысы бойынша әдебиеттерді зерттеу
ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ 2015 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ АУМАҚТЫҚ ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫ
Қарағанды облысының экологиялық-экономикалық жағдайы
Жезқазған қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы
Қазақстанның экономикалық аудандары
Қарағанды облысының тарихы
Ұлытау. Жезқазған. Қараганды облысы. Балқаш көлі және қаласы
Пәндер