Иран Ислам Республикасы— Азияның оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан мемлекет
Иран
Иран (1935 жылға дейін Парсы елі), Иран Ислам Республикасы — Азияның
оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан мемлекет. Жер көлемі 1,648 млн. км2.
Халқы 65,2 млн. адам (1999). Халқының ұлттық құрамы: парсылар (51%),
әзербайжандар (27%), күрдтер (5%), арабтар, түрікмендер, белуджилер,
армяндар, еврейлер, т.б. Қала халқы 58,3%. Астанасы — Тегеран қаласы
(айналасын қосқанда 12 млн-нан астам). Одан басқа Мешхед (1,5 млн.),
Исфаһан (1 млн.), Тебриз (852 мың), Шираз (800 мың) сияқты ірі қалалар бар.
Ресми тілі — парсы тілі. Мемлекет діні — ислам дінінің шиит тармағы. Иран —
діни мемлекет болып табылады. Елдегі саяси және діни билік аятолла Сейд Әли
Хаменеидің қолында. Президент (1997 жылдан бастап Сейд Мохаммед Хатами) 4
жылға сайланады және Миничсрлер Кабинетін басқарады. Жоғары заң шығарушы
орган — бір палаталы парламент — Ислам кеңесі жиналысы (меджлис) 4 жыл
сайын сайланып отыратын 270 депутаттан тұрады. 1981 жылғы конституциясы
бойынша, елде саяси және діни емес ұйымдарға тыйым салынған. Ұлттық мейрамы
11 ақпан — Революция күні (1979). Ұлттық ақша бірлігі — риал.
Табиғаты.
Иран Армян таулы қыратының оңтүстік-шығысы мен Иран таулы қыратының
батыс бөлігінде орналасқан. Шет жақтарында Солтүстік Иран (Эльбурс,
Түрікмен — Хорасан), Оңтүстік Иран (Загрос, Мекран), Шығыс Иран (Серхед,
Пеленган, Боран, Келат) таулары, орталығында Кухруд жотасы, Деште-Кевир,
Деште-Лух шөлдері орналасқан. Солтүстік-батысын Оңт. Каспий және Кура-Аракс
ойпаттары, солтүстік-шығысын Горган жазығы, оңтүстігін — Гермезир шөлі алып
жатыр. Жері, негізінен, таулы. Климаты субтропиктік, континенттік, жазы
ыстық, қысы солтүстігінде салқын, оңтүстігінде жылы. Парсы және Оман
шығанақтары жағалауларының климаты тропиктік. Қаңтардағы орташа температура
20С-тан 19,40С-қа дейін, шілде айында 29,4 — 32,50С. Жауын-шашынның жылдық
мөлш. 500 мм. Эльбурс тауы беткейінде 2000 мм, Систан ойысында 50 — 60 мм.
Жер беті суы аз. Ірі өзендері — Карун, Сефидруд, Гильменд, Қиыр
солтүстігінде Атрек, Аракс өзендері бар. Таулы аудандарда көптеген көлдер
кездеседі. Жері сары, қоңыр және қызғылт топырақты. Тау беткейлері орманды,
өзендер бойы шалғын, ішкі аудандары шөл, шөлейт. Иран жерінде
сүтқоректілердің 100-ге тарта, құстардың 400-ге жуық, бауырымен
жорғалаушылардың 80-ге жуық түрі бар. Шектес теңіздері балыққа бай. Пайдалы
қазындылары: мұнай, газ, тас көмір, темір, хромит, т.б.
Тарихы
Иран жеріне адам баласы тым ерте заманнан бері қоныстанған. Б.з.б. 3-
мыңжылдықта қазіргі Иранның оңт.-батысында алғашқы мемлекеттер құрыла
бастады. Б.з.б. 2-мыңжылдықта бұл аймаққа Орталық Азиядан арий тайпалары
келіп қоныстанды. Б.з.б. 673 — 672 ж. қазіргі Иранның солтүстік-батысында
Мидия мемлекеті пайда болып, 616 — 605 ж. Ассирияны талқандап, аса ірі
мемлекетке айналды. Б.з.б. 550 ж. өкімет билігі парсылық Ахемен әулетіне
көшті (қ. Ахемен әулеті). Ахемен әулеті мемлекетінің шекарасы шығыста Үнді
өз-нен батыста Эгей теңізіне дейін, солтүстікте Армениядан оңтүстікте Ніл
өзендеріне дейін жетті. Батыс пен Шығысты жалғастыратын сауда жолдары үшін
бұл мемлекет гректермен ұзаққа созылған соғыс жүргізді. Сақтар еліне
бірнеше дүркін басқыншылық жорықтар жасады (қ. Кир ІІ, Дарий І). Ахемен
әулеті мемлекетін б.з.б. 330 ж. Александр Македонский талқандады. Иран
эллиндік мемлекеттердің билігіне көшіп, б.з.б. 2 ғ-дың орта тұсынан бастап
Парфия патшалығына бағынды. 224 ж. Парфия мемлекеті құлап, орнына Сасани
әулеті мемлекеті құрылды. Сасани әулеті мемлекеті Оңтүстік Арабияны,
Сирияны, Палестинаны, Мысырды жаулап алды. Византияға қауіп төндірді, Түрік
қағанатымен соғыс жүргізді. Бірақ Сасани әулеті мемлекеті арабтардың
шабуылынан құлап, 7 ғ-дың 2-жартысында Иран Араб халифаты құрамына қосылды.
8 ғ-да Араб халифатының билеушісі Әбу әл-Аббас әс-Саффах халифат астанасын
Бағдадқа көшірді. Иран аумағы ұзақ жылдар бойы Аббас әулеті билеген Бағдад
халифаты құрамында болып, мәдени және экон. дамуды басынан кешірді. 9 — 10
ғ-ларда елде Араб халифатына шартты түрде ғана тәуелді болған әмірліктер
құрылды. Елде экономика және мәдени өрлеу байқалып, қалалар өсе бастады.
Сондай әмірліктердің бірі Самани әулеті биліктен кеткеннен кейін Шығыс Иран
Ауғанстанмен және Орта Азияның бір бөлігімен бірге түркі текті Ғазнауи
әулеті билеген мемлекеттің құрамына кірді (қ. Ғазнауи әулеті). 11 ғ-да
Иранға түрік-оғыздар (салжұқ) басып кіре бастады. Көп ұзамай олар Ғазнауи
әулеті әскерін талқандап, бүкіл Иранды және көрші елдерді басып алып
салжұқтар мемлекетін құрды. 12 ғ-да салжұқтар бірнеше сұлтандыққа бөлініп
кетті де, осы ғасырдың аяғына таман бүкіл Иранды түркі қыпшақ тайпасынан
шыққан Хорезм шаһы Текеш басып алды. 1220 — 56 ж. Иранды Шыңғыс хан әулеті
жаулап алды. Олар елде Хулагу әулетіне қарайтын ильхандар мемлекетін құрды.
14 ғ-дың 30-жылдары ильхандар мемлекеті бірнеше иелікке бөлініп кетті де,
1380 — 93 ж. Иранды Әмір Темір әскерлері басып алды. Әмір Темір өлгеннен
кейін Шығыс Иран Темір әулетінің билігінде қалып, Батыс Иранда Қарақойлы
мемлекеті құрылды. 16 ғ-да Кіші Азиядан шыққан түркі тайпалары
(қызылбастар) Иранға басып кіріп, 1501 — 1610 ж. елді толығымен бағындырып,
Сефеви әулеті мемлекетін құрды. 17 — 18 ғ-ларда Иранның экономикасы
құлдырап, халықтың жағдайы нашарлап кетті. Ұсақ халықтар (ауғандар,
түрікмендер, әзербайжандар, күрдтер, армяндар, грузиндер) орталықтың
езгісіне қарсы жиі-жиі көтеріліс жасап тұрды. Әсіресе, 18 ғ-дың ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz