Испания Корольдігі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Испания
Испания (Espana), Испания Корольдігі — Еуропаның оңт.-батысында
орналасқан мемлекет. Пиреней түбегінің көп бөлігін және Жерорта т-ндегі
Балеар, Питиус аралдары мен Атлант мұхитындағы Канар аралдарын иеленеді.
Жер көл. 505,9 мың км2. Испанияға, сондай-ақ, Солт. Африка жағалауларындағы
Сеут және Мелилья қ-лары мен оларға жақын жатқан Велесде-ла-Гомера,
Алусемас, Чафаринас аралдары да қарайды. Халқы 39,2 млн. (1999). Негізінен,
испандар, католондар (5 млн-нан астам), галисилер (3 млн.), баскилер (2 млн-
нан астам), т.б. Қала халқы 76,79%. Ресми тілі — испан тілі. Автон.
құрылымдарда католон, баски, галиси, т.б. тілдер қолданылады. Ел 17 автон.
құрылымдардан тұрады. Халқы, негізінен, католик дінін ұстанады. Астанасы —
Мадрид қ. (5 млн.). Бұған қоса Барселона (1,8 млн.), Валенсия (1 млн.),
Севилия (750 млн.), т.б. ірі қалалары бар. Ұлттық мейрамы 12 қазан — Испан
ұлты күні (Х.Колумбтың 1492 ж. Американы ашқан күні). Ұлттық ақшасы —
песета.
Табиғаты Испаниясубтропиктік белдеуде орналасқан. Жері таулы, үстіртті
болып келеді, территориясының 65%-ы 500 м-ден жоғары биіктікте. Ең биік
жері — Муласен тауы (3478 м). Елдің оңт. бөлігін Месета үстірті алып жатыр,
оны Орт. Кордильер тауы 2-ге бөліп тұрады. Солт. Испанияда Кантабри тауы
елдің солт.-шығысындағы Пиреней тауына жалғасады. Солт.-батысында — Галисия
таулы үстірті мен Леон тауы, оңт. мен оңт.-шығысында — Андалусия таулары,
оңт.-батысында Андалусия ойпаты орналасқан. Пайдалы қазындылары — темір,
пирит, сынап, қорғасын, мырыш, уран, вольфрам, қалайы, көмір, т.б. Климаты
— қоңыржай мұхиттық (солт., солт.-батыс бөліктері) және субтропиктегі
жерортатеңіздік. Қаңтардағы орташа темп-ра 4 — 5ӘС (солт-те), 12 — 13ӘС
(оңт-те), шілдеде 23 — 29ӘС. Жауын-шашынның жылдық мөлш. 300 — 500 мм. (оңт-
те), 1000 — 2000 мм (солт-те). Жер беті суға бай, дегенмен жазда өзендері
(Тахо, Дуэро, Эрбо, Хукар, т.б.) таяздап, шағын өзендер құрғап қалады. Жері
күлгін және сұрғылт қоңыр топырақты, территориясының 10%-ы орман (емен,
шамшат, қарағай, хамеропс пальмасы). Жан-жануарлардан түлкі, сусар, қоңыр
аю, тау ешкі, қоян, борсық, т.б. кездеседі, құстың 400-ге жуық түрі бар.
Теңіздері балыққа (сардина, треска, т.б.) бай. Айгес-Тортес, Ордес,
Кавадонга ұлттық парктері мен Анайет, Гредос, Кото-Доньян қорықтары бар.
Тарихы. Испанияжерінде ежелгі адамдар палеолит дәуірінде-ақ (б.з.б. 10-
мыңжылдыққа дейін) тіршілік ете бастаған. Испанияжерінде құрылған ең ежелгі
мемлекет — Тартесс (б.з.б. 1 мыңжылдықтың бас кезінде болған). Ел
территориясына б.з.б. 7 ғ-да финикиялықтар мен гректер келіп қоныстана
бастады. Б.з.б. 5 — 3 ғ-ларда Пиреней арқылы кельттер келді. Б.з.б. 3 ғ-дың
аяғында Испанияжерінің көпшілігі Карфаген мемлекетіне бағынды. Б.з.б. 2 ғ-
да Карфагенді Рим империясы ығыстырып, б.з.б. 21 — 19 ж. қазіргі
Испанияаумағын түгелімен бағындырды. Рим империясы үстемдігі кезінде елде
испан-рим ақсүйектері пайда болды. Кейін Испанияға вандалдар, аландар,
свевтер басып кіріп, солт.-батыста Свев корольдігі құрылды. Аландар мен
вандалдар оңт-ке, ал 429 ж. Солт. Африкаға қоныс аударды. 5 ғ-дың 2-
жартысында вестготтар королі Эйрих (466 — 84) Пиреней түбегін түгелімен
басып алды. 585 ж. вестготтар Свев корольдігін толығымен бағындырды. 711 —
18 ж. Пиреней түбегін арабтар (мавр деген ортақ атпен белгілі болған араб
және бербер тайпалары) жаулап алып, Омейя әулетіне бағынышты әмірлік құрды.
756 ж. омейялықтар тәуелсіз Кордова әмірлігін, 929 ж. Кордова халифатын
құрды (қ. Кордова халифаты). 1031 ж. Кордова халифаты көптеген ұсақ
иеліктерге бөлініп кетті. 11 ғ-да түбектің солт. мен шығысындағы ұсақ
христиан иеліктері біртіндеп біріге бастады. Сөйтіп, солт-те Кастилия, оңт-
те Арагон корольдіктері құрылды. Олар біртіндеп Испаниядан арабтарды
ығыстыра бастады. 13 ғ-дың ортасында елде тек Гранада әмірлігі ғана қалды.
1479 ж. Леон-Кастиль және Арагон-Каталон корольдіктері әулеттік неке
негізінде бір мемлекетке бірікті. 1492 ж. 12 қазанда 10 жылға созылған
соғыстан кейін Гранада әмірлігі жаулап алынды. Бұл күн Х.Колумбтың
Американы ашып, ұлы жаңалықтар дәуірінің басталуымен тура келді. 16 ғ-дың 1-
жартысында испандар Мексиканы, Перуді, Боливияны, Чилиді, т.б. Оңт. Америка
жерлерін басып алды. Еуропада Испанияқұрамына Нидерландия қосылды (1516).
Испан королі Карл І 1519 ж. Қасиетті Рим империясының императоры тағына
отырып, Испанияәлемдегі ең ірі мемлекетке айналды. Мануфактуралар құрылып,
испан қалалары жібек тоқитын, былғары шығаратын, қару-жарақ жасайтын ірі
орталықтарға айналды. Елде монархия орнады. 16 ғ-дың 2-жартысынан бастап
Испанияәлсірей бастады. Революция нәтижесінде Нидерландия Испаниядан 1581
ж. бөлініп шықты, 1588 ж. атышулы испан флоты — “Жеңілмейтін армада”
Англиядан күйрей жеңілді. 17 ғ-да ел экономикасы онан сайын құлдырап кетті.
18 ғ-да бұрынғы испан иеліктері Англия, Франция, Австрия, т.б.
мемлекеттердің өзара күресі нысанына айналды. Испан мұрагерлігі үшін күрес
(1701 — 14) француз королі Людовик XІV-нің немересі Филипп V-нің
Испаниятағына отыруымен аяқталды. 18 ғ-дың аяғында Францияда революция
басталғаннан кейін, Испаниябилеушілері 1793 ж. Франциямен соғыс бастады.
Бірақ жеңіліске ұшырап, өздері француздардың ықпалына көшті. Испанияенді
Франция жағында Англия мен Португалияға қарсы соғысты. Бұл Испанияның
Америкадағы отарларымен байланысын нашарлатып жіберді. Үкімет елге француз
әскерлерінің кіруіне рұқсат беріп, өзіне халықтың наразылығын туғызды.
Бірінші испан революциясы (1808 — 14) елден француздарды қуу және
либералдық реформалар жүргізу мақсатын көздеді. Конституция қабылданып
(1812), ұлт-азаттық күрес және революция нәтижесінде ел 1814 ж. 18 мамырда
толық азат етілді. Бірақ елге оралған король Фердинанд VІІ конституцияның
күшін жойып, Америкадағы испан отарларындағы көтерілістерді басу үшін әскер
жіберді. Екінші испан революциясы (1820 — 23) кезінде Фердинанд VІІ
көтерілісшілердің талабын орындап, 1812 жылғы конституцияны қалпына
келтірді. Конституцияға сәйкес 1820 ж. 9 шілдеде ашылған кортестер
(парламент) көптеген прогресшіл заңдар қабылдады. Бұл революция Қасиетті
одақтың шешімі бойынша француз интервенттері қолымен (1823 ж. сәуір —
қыркүйек) басылды. Елде абсолюттік монархия қалпына келтірілді. Осы кезде
испан армиясы Америкада жеңіліске ұшырап, Куба мен Пуэрто-Рикодан басқа
барлық отарларынан айырылды. 1833 ж. Испанияда азамат соғысы басталып, ол
Үшінші испан революциясына (1834 — 43) ұласты. Революция кезінде барлық
ортағасырлық сарқыншақтар (инквизиция, майорат, т.б.) толығымен жойылып,
елде конституциялық монархия орнады. 1840 жылдан бастап өнеркәсіп төңкерісі
басталды: металлургия, машина жасау з-ттары, т. ж-дар салына бастады.
Төртінші (1854 — 56) және бесінші (1868 — 74) испан революцияларын
республикашыл күштер жасады. Тұңғыш республика құрылғанымен (1873 — 74), ол
ұзақ өмір сүре алмады. 1874 жылғы төңкерістен кейін үкімет басына қайтадан
Бурбондар әулеті келді. 20 ғ-дың басында Испанияда ірі өнеркәсіп
монополиялары пайда болды. Елге шет ел капиталы көптеп келе бастады.
Республикашылар күресті тоқтатқан жоқ. 1931 ж. 14 сәуірде елде республика
орнап, алтыншы испан революциясы (1931 — 39) басталды. 1931 ж. сәуір — 1933
ж. күз аралығында елді республикашыл-социалистер блогы басқарды. Олар а. ш-
нда реформа жүргізді, 8 сағаттық жұмыс күнін енгізді, т.б. шаралар жасады.
Оған қарсы оңшыл күштер 1933 — 35 ж. фашистік блокқа бірігіп, елде 32 айға
созылған азамат соғысы басталды (қ. Испаниядағы азамат соғысы). Испанияда
ген. Франконың диктатурасы орнап, саяси партияларға тыйым салынды. 2-
дүниежүз. соғыс кезінде ген. Франко Германия мен Италияға көмектесіп, соғыс
аяқталғаннан кейін АҚШ-пен тығыз байланыс орнатты. 1947 ж. ел корольдік
болып жарияланды. Ген. Франко өлгеннен кейін (1975), Испанияда
конституциялық монархия құрылды. Саяси тұтқындар түрмелерден босатылып,
саяси партиялардың қызметіне рұқсат етілді. 1977 ж. 15 маусымда тұңғыш рет
демокр. парламент сайлауы өтіп, Конституция қабылданды. 1979 ж. сәуірде
алғашқы заңды үкімет жасақталды. 1981 ж. ақпанда әскерилердің мемл.
төңкеріс ұйымдастыру әрекеті жүзеге аспай қалды. 1982 ж. қазанда өткен
сайлауда Ф.Гонсалес бастаған социалистер жеңіске жетіп, өз үкіметін құрды.
Олар 1983, 1986, 1993 жылдары өткен сайлауда да жеңіске жетті. Тек 1996 ж.
өткен сайлауда ғана консервативтік Халық партиясы (Х.М. Аспар) жеңіске
жетті.
Экономикасы. Өнеркәсіптің көлемі жағынан ИспанияБат. Еуропада 5-орын,
дүние жүзі бойынша 8-орын алады. Елде машина, кеме жасау, ұшақ шығару,
электртехникасы, химия, тоқыма өндірістері жақсы дамыған. Соңғы жылдары тау-
кен өндірісі жыл сайын кеміп, оның орнына электронды жабдықтар өндірісі
дамуда. Ел экономикасында мемл. сектордың үлесі — 30%. Ел пайдалы
қазбаларға бай, бірақ 100-ден аса қазбалардың тек 16-сы ғана өндіріледі. А.
ш. жақсы дамыған. Шарап (дүние жүзінде 3-орында), цитрустік жемістер,
бидай, күріш, темекі, көкөніс, т.б. өсіріледі. Зәйтүн майын шығарудан
Испаниядүние жүзінде 1-орында. Мал ш. да жақсы дамыған. Теңізден балық
аулау мен теңіз азық-түліктерін пайдаланудан дүние жүзіндегі алғашқы
ондыққа кіреді. Елге туризм үлкен табыс әкеледі. Жыл сайын Испанияға 62
млн. шет ел туристері келеді. Негізгі сауда серіктестері Еур. одақ елдері
(импорттың — 61%, экспорттың — 68,5%-ы), АҚШ (7,4% және 5,1%), Латын
Америкасы (4% және 5,4%). Алтын-валюта қоры 72,6 млрд. АҚШ долл-ы көлемінде
(1997). Испаниямен Қазақстан арасында дипломатиялық қарым-қатынастар 1992
ж. орнады. 1998 ж. 13 ақпанда Испаниякоролі Хуан Карлос І Алматыда болып
қайтты. 2000 ж. 30 қазанда Қазақстан Президенті Н.Назарбаев ресми сапармен
Испанияда болып, король Хуан Карлос І-мен және үкімет төрағасы Хосе Мария
Азнармен кездесті. Кездесу барысында саяси, экон., мәдени байланыстар
жөнінде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан-Испания экономикалық қатынастары
Испания (espana), Испания корольдігі
Қазақстан Республикасы мен Испания Корольдігі арасындағы қатынастар
Испания конституциясы
Испания мемлекеті жайлы
КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ МОНАРХИЯНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ НЫСАНЫ РЕТІНДЕ ҚАЛЫПТАСУЫ
11-15 ғасырлардағы Испания
Испания мемлекеті туралы
Испания мемлекеті туралы мағлұмат
ХVІ ғасырдағы және ХVІІ ғасырдың бірінші жартысындағы Италия
Пәндер