Италия Республикасы— Еуропаның оңт. бөлігінде орналасқан мемлекет
Италия
Италия (Іtalіa), Италия Республикасы — Еуропаның оңт. бөлігінде, Жерорта т.
жағалауындағы Апеннин түбегінде, Сицилия, Сардиния және бірнеше ұсақ
аралдарда орналасқан мемлекет. Жер көл. — 301,2 мың км2. Халқы — 57,5 млн.
адам (1998). Халқының 94%-ы италиялықтар. Мемл. тілі — италия тілі. Халқы
христиан дінінің католик тармағын ұстанады. Астанасы — Рим қ. (2,8 млн.).
Бұған қоса Милан (1,6 млн.), Неаполь (1,2 млн.), Турин (1,1 млн.), т.б. ірі
қалалар бар. И. территориясында тәуелсіз 2 мемлекет (Ватикан, Сан-Марино)
орналасқан. Әкімш.-территориялық жағынан 20 облыстан тұрады. Оның 5-еуінің
(Сицилия, Сардиния, Трентино-Альто-Адидже, Валле Д’Аоста, Фриули-Венеция-
Джулия) ерекше автон. мәртебесі бар. Облыстар 94 провинцияға бөлінеді. И. —
парламенттік республика. 1948 ж. қабылданған конституция бойынша елді
Президент басқарады (1992 жылдан О.Л. Скальфаро). Ол 7 жыл сайын
қоспалаталы парламент депутаттары мен облыстардан келген өкілдердің
бірлескен жиналысында қайта сайланып отырады. Заң шығарушы орган екі
палатадан: Республика сенаты (372 сенатор) мен Депутаттар палатасынан (630
депутат) тұрады. Атқарушы билік Мин. Кеңесінің қолында. Ұлттық ақша бірлігі
— лира. Ұлттық мерекесі маусымның алғашқы жексенбісі — Республиканың
құрылған күні (2 маусым, 1946).
Табиғаты. И. қоңыржай белдеудің орманды аймағы (солт.) мен субтропиктік
белдеуде (оңт.) орналасқан. Жерінің 45 бөлігі — тау мен қырат. Ең биік
жері — Монблан шыңы (4807 ж.) Альпі тауында ондаған ірі мұздықтар бар.
Альпінің оңт-ндегі Падан жазығы Апеннин тауына жалғасады. Оңт-нің қиыр шеті
— Калабрия тауы. Аралдарының көбі таулы, жанартаулы келеді. Орта және Оңт.
И-да жер сілкінісі болып тұрады. Пайдалы қазбалары: тас көмір, лигнит,
мұнай, табиғи газ, қорғасын, темір кентасы, күкірт, т.б. Сынап кенінің
табиғи қоры жағынан ел дүн. жүзінде Испаниядан кейін 2-орында. Климаты,
негізінен, субтропиктік: жазы ыстық, қуаң, қысы жылы. Шілдедегі орташа темп-
ра 20 — 22ӘС-тан (солт-те) 28ӘС-қа дейін (оңт-те), қаңтарда 0ӘС-тан (солт-
те) 12ӘС-қа (оңт-те) дейін. Альпінің жоғ. жағында қыста –15 — 20ӘС аяз
болады. Жылдық жауын-шашын мөлш. 500 мм-ден (Сицилия, Сардиния) 3000 мм-ге
(Шығыс Альпі, Солт. Апеннин таулары) дейін. Елдің басты өзені — По (ұз. 652
км), үлкен өзендер қатарына Адидже, Брента, Рено, Арно, Тибр, т.б. жатады.
Ірі көлдерінің көпшілігі (Гарда, Комо, т.б.) Альпі тауында орналасқан. Жері
құнарлы қоңыр топырақты және шалғынды. Альпінің 800 м-ге дейінгі
биіктіктерінде жалпақ жапырақты (емен, үйеңкі) ормандар, ал онан жоғары
қарай шамшат және қылқан жапырақты ормандар, ал ең жоғ. бөлігінде
субальпілік шалғындар өседі. Падан (По) жазығында егіншілік жақсы дамыған.
Апеннин тауы мен Сицилия, Сардиния аралдарында мәңгі жасыл шық тоғайлар,
емен, шамшат ағаштары өседі. Альпі және Апеннин тауларында тау ешкі, жабайы
мысық, сусар, күзен, абруц аюы кездеседі. И-да 400-ге тарта құс мекендейді.
Көрші теңіздері балыққа бай.
Тарихы. Ежелгі дәуірде И. территориясында Рим мемлекеті салтанат құрды (қ.
Рим империясы). 4 — 5 ғ-ларда Рим империясына көршілес герман, ғұн, авар
тайпалары күйрете соққы берді. 476 ж. Батыс Рим империясы құлап, орнына
Одоакр корольдігі (476 — 493) құрылды. 488 ж. Солт. И-ға остготтар басып
кіріп, өз корольдіктерін (493 — 544) құрды. 554 ж. И.-ның көпшілік бөлігін
Византия империясы басып алды. 754 — 56 ж. франктер Апеннин түбегіне жорық
жасап, елдің орт. бөлігін бөліп алды және ол жерді Рим папасына тарту етті.
Бұл қасиетті Папа мемлекетінің (Папа обл.) құрылуының бастамасы болды. 774
ж. елді толығымен Ұлы Карл жаулап алды. Франктер империясының ыдырау
нәтижесінде 781 ж. И. корольдігі құрылды. Герман королі Оттон І-нің
басқыншылық жорықтары (951 және 961 — 62) нәтижесінде корольдік 962 ж.
Қасиетті Рим империясының құрамына қосылды. Ақсүйектер арасындағы өзара
қырқысулар, арабтар мен венгрлердің шапқыншылықтары халықтың тұрмысын күрт
нашарлатып жіберді. И-ның басқа Еуропа елдерінен басты ерекшелігі мұнда
қалалар өте көп болды және қолөнер мен сауда-саттық үнемі қызу жүріп жатты.
10 ғ-дан бастап қалалардың сеньорлармен (герцог, граф, епископ) күресі
нәтижесінде коммуналар (өзін-өзі басқаратын қалалық қауымдар) құрыла
бастады. Коммунадағы билік қала шонжарларының, бай көпестердің қолында
болды. Бірте-бірте елдің аса ірі портты қалалары (Генуя, Венеция, т.б.)
Батыс пен Шығыс арасындағы басты сауда орталықтарына айналды. 1154 — 76 ж.
герман императоры Фридрих Барбаросса И. қалаларын бағындыру үшін елге 5 рет
жорық жасады. Дегенмен Констанц бітімі (1183) бойынша, И. қалалары өз
тәуелсіздіктерін сақтап қалды. Германдарға қарсы күрес елде ұлттың сана-
сезімінің оянуына ықпал етіп, бірте-бірте италия ұлты мен италия әдеби тілі
қалыптаса бастады. 11 ғ-да Оңт. И. мен Сицилияны нормандар басып алып,
Сицилия корольдігін құрды. 1282 ж. халық көтерілісі Сицилия корольдігінің
құлауына алып келді. 13 ғ-дың аяғы мен 14 ғ-дың басында Сицилияны, 15 ғ-дың
орта шенінде Оңт. И-ны басып алған Арагон корольдігі бірте-бірте бүкіл Оңт.
И-ға испан үстемдігін орнатты. 13 ғ-да Орт. және Солт. И-дағы алдыңғы
қатарлы қалалар мен мемлекеттерде нарықтық қатынастар тез дами бастады.
Оларда банк ісі (Сиена, Флоренция), шығыс елдерімен сауда (Генуя, Венеция),
шұға тоқу (Болонья, Сиена, Флоренция, Милан) кең өріс алды. Дүние жүзінде
тұңғыш рет И-да 14 ғ-да шұға шеберханалары негізінде мануфактуралар пайда
болды. Осы кезде И. мәдениетінің Қайта өрлеу дәуірі басталды (14 — 16 ғ-
лар). Елдегі саяси бытыраңқылық, сауда жолдарының Жерорта т-нен Атлант
мұхитына ауысуы 16 ғ-да өнеркәсіп пен сауданың құлдырауына алып келді.
Елдің бытыраңқылығын пайдаланған Франция мен Испания И. жері үшін өзара
соғыстар жүргізді (1494 — 1559). Нәтижесінде Сицилияны, Сардинияны, Милан
герцогтығын, Оңт. И-дағы мемлекеттерді (Венеция, Папа обл., Совоя
герцогтығынан басқаларын) Испания басып алды. 16 — 17 ғ-ларда И. экон.
жағынан құлдырап, өнеркәсіп орындары тек Солт. И-да ғана қалды. Иезуиттер
ордені құрылып (1534), инквизиция қалпына келтірілді (1542). Озық ойлы
адамдар қуғынға ұшырады (Дж.Бруно, Дж.Ч. Ванини отқа өртелді, П.Кампанелла,
Г.Галилей, т.б. инквизиция сотымен сотталды). Испан тағының мұрагерлігі
үшін болған соғыстар (1701 — 14) И. жерімен өтіп, халық мүлдем
қайыршылыққа ұшырады. 1714 ж. И-дағы испан иелігі толығымен Австрияға өтіп,
1734 ж. Австрия Сицилия мен Неаполитан корольдігін қайтадан испандарға
берді. 1720 ж. Савоя герцогтығы Австриядан Сардинияны алып, Сардиния
корольдігі құрылды (1720 — 1861). 18 ғ-дың 2-жартысынан бастап елде
қайтадан экон. өрлеу басталып, ғасыр аяғында И-ны бір орталыққа біріктіру
жолында күрес басталды. Бұл қозғалыс 1848 — 49 жылғы революцияға алып
келді. Бірігу жолындағы шешуші күрес 1859 — 60 ж. Австрия-Италия-Франция
соғысында шешілді. 1859 ж. Австриядан Ломбардия азат етіліп, Орт. И.
герцогтықтарындағы (Моден, Парм, Тоскан) және Романьедегі халық
көтерілістері жеңіске жетті. Елді біріктіруде халық батыры Дж.
Гарибальдидің Сицилия мен Неапольға жасалған жорықтары үлкен рөл атқарды. И-
ны біріктіру 1870 ж. Рим обл-ның қосылып, ондағы папа билігінің жойылуымен
аяқталды. Елдің бірігуінен кейін экономика жедел дами бастады. 19 ғ-дың
аяғынан бастап И. үкіметі отарлау саясатын жүргізе бастады. 1889 ж. Сомали
жаулап алынды, Эфиопияға басып кіргенімен, 1896 ж. күйрей жеңілуге мәжбүр
болды, 1911 — 12 ж. Түркиямен соғысып, одан Ливия мен Додеканес аралдарын
тартып алды. 1882 ж. Үштік одаққа (Германия, Австрия-Венгрия, И.)
қосылғанымен, І-дүниежүз. соғыста (1914 — 18) Антанта (Ұлыбритания,
Франция, Ресей, т.б.) жағына шығып кетті. Осы соғыста 700 мың адамы өліп, 1
млн-нан астамы мүгедек болды, бүкіл Солт. И. қаңырап қалды. Дегенмен, соғыс
нәтижесінде Трентиноны, Оңт. Тирольді, Истрияны, Адриатикадағы кейбір
жерлерді өзіне қосып алды. Тұрмыстың ауырлығынан 1920 ж. елде жұмысшылардың
кәсіпорындарды басып алу қозғалысы басталды. Барлық металл өңдеу, машина
жасау з-ттары мен ф-калар іс жүзінде елдегі 600 мың жұмысшының қолына өтті.
Оған қарсылық ретінде ірі буржуазия 1919 ж. Б.Муссолини құрған фашистік
партияға қаржылай көмекті күшейтті. Нәтижесінде 1922 ж. фашистер үкімет
басына келді. Фашистерге қарсы партиялар (негізінен, социалистер мен
коммунистер) ел парламентінен шығып кетіп, оппозициялық фракция к-тіне
бірікті. Бірақ көп ұзамай фашистер шабуылға шығып, сөз бостандығына тыйым
салды. 1926 ж. фашистік партиядан басқа саяси ұйымдардың бәріне тыйым
салынды. Антифашистерді жазалау үшін Ерекше трибунал құрылды. 1936 ж. майда
И. Эфиопияны басып алды, 1936 — 39 ж. Испаниядағы фашистік төңкеріске
белсене араласты, 1937 ж. “Антикоминтерндік пактіге” қосылды, 1939 ж.
Албанияны басып алды. 1940 ж. 10 маусымда Францияға шабуыл жасады, осы жылы
27 қыркүйекте Германиямен және Жапониямен қосылып, Үштік келісімшартқа
отырды. 1940 ж. қазанда Грекияға, 1941 ж. сәуірде Югославияға шабуыл
жасады. 1941 ж. маусымда Германиямен бірігіп, КСРО-ға шабуыл жасады. Кеңес
армиясы 1942 — 43 ж. қыста Орта Дон бойында И. армиясын толық талқандады.
1941 — 43 ж. И. әскерлері Солт. Африкада да толығымен талқандалды. 1943 ж.
25 шілдеде елде мемл. төңкеріс болып, Муссолини корольдің бұйрығымен
тұтқындалды. Бірақ 8 қыркүйекте Германия И-ға басып кіріп, Муссолиниді
түрмеден босатты. 3 және 9 қыркүйекте ағылшын-американ әскерлері (Апеннин
түбегіне) десант түсірді. Елде фашистерге қарсы Қарсыласу қозғалысы
күшейді. 1945 ж. сәуірде жалпыхалықтық көтеріліс нәтижесінде ел толығымен
азат етілді. 1946 ж. 2 маусымда елде референдум өтіп, И. республика болып
жарияланды. Соғыстан кейінгі бейбіт келісім бойынша ол отарларынан бас
тартып, Албания мен Эфиопияның тәуелсіздігін мойындады. 1948 ж. Маршалл
жоспарына сәйкес, АҚШ-тан көмек алды. 1949 ж. НАТО-ға мүше болып кіріп,
елде АҚШ әскери базалары орналастырылды. Соғыстан кейін өнеркәсіптің жаңа
салалары (мұнай, газ, химия, машина жасау, т.б.) тез дамып, И. индустриялы-
аграрлы елге айналды. Ол көптеген халықар. ұйымдарға: БҰҰ-ға (1955), Еуропа
кеңесіне (1949), Еур. одаққа (1957), т.б. мүше.
Экономикасы. И. — әлемдегі аса жоғары дамыған жетекші елдердің бірі. Ұлттық
табыс көл. (1146,2 млрд. АҚШ долл-ы, 1997) жағынан дүние жүзінде АҚШ,
Жапония, Германия, Франциядан кейін 5-орында, оны жан басына шаққанда 3-
орында. Экономикадағы өнеркәсіп үлесі — 35,6%, а. ш. — 3,9%, қызмет көрсету
— 60,5%. Халқының 70%-ы — қызмет көрсету, 22%-ы — өнеркәсіпте, 8%-ы — а. ш-
нда жұмыс жасайды. Экономикасында шет ел капиталының үлесі үлкен.
Экономикасындағы негізгі салалары: машина жасау, автомоб. жасау, тамақ,
химия, тігін, металлургия, т.б. Соңғы жылдары роботтар мен электронды
жабдықтар өндірісі тез дамып келеді. А. ш. жоғары деңгейде. Астық
өнімдерінен бидай, жүгері, күріш (Еуропада 1-орында), оған қоса жеміс-
жидек, жаңғақ, жүзім (90%-ы — шарап жасауға жұмсалады), помидор өсіріледі.
Еур. одақтың талабы бойынша мал ш. аса дамытылмай, көбінесе, сүтті және
етті мүйізді ірі қара өсіріледі. Теңіз саудасы жақсы дамыған: экспорттың 60
— 65%-ы, импорттың 80 — 90%-ы сауда флотының үлесінде (жүк тасу мөлшері
бойынша әлемде 10-орында). И — аса ірі туризм орталығы (жылына 50 млн-нан
аса адам туристер келеді). Ел сыртқы сауда мөлшері бойынша дүние жүзінде 6-
орында. Сыртқы саудадағы негізгі әріптестері Еур. одақ елдері (ең алдымен
Германия, Франция, Ұлыбритания) — 40%-дан астам, АҚШ (7%), Жапония, Орт.
және Шығыс Еуропа елдері, т.б.
Қазақстанмен қарым-қатынас жақсы жолға қойылған. Еліміз Президенті
Н.Назарбаев 2 рет (1994; 1998) ресми сапармен И-да болып қайтты. 1997 ж. И.
Президенті О.Л. Скальфаро Қазақстанда болды. И. еліміз экономикасындағы шет
ел инвесторлары арасында 7-орында. Республикада 12 италиялық фирма
өкілдігі, 46 бірлескен компаниялар жұмыс жасайды. Оның ішінде аса ірілері
ретінде “Аджип” (Қарашығанақта), “Сайпен”, “Ди Анжели Индейстриз”, т.б.
айтуға болады. Екі ел арасында қаржы, мәдениет, оқу-ағарту, туризм салалары
бойынша да көптеген келісімдер жасалған. 1999 ж. Рим, Легче, Неаполь қ-
ларында Қазақстаннан табылған “Алтын адам” экспонатының көрмесі болып өтті.
Әдебиеті. И. әдебиетінің ежелгі фольклоры сақталмаған. Орта ғасырлардағы И.
әдебиеті Рим империясы құлағаннан кейін 6 — 12 ғ-лар аралығында латын
тілінде пайда болды. Осы кезде Рим шіркеуінің өкілдері Дж. да Плано
Карпинидің (1182 — 1252), Марко Полоның (1254 — 1324) Орт. Азияға жасаған
саяхаттары туралы жол жазбалары дүниеге келген. Ұлттық диалектілерде
жазылған әдеби ескерткіштер 12 ғ-дың аяғы мен 13 ғ-дың басында туды. И.
әдебиетінің біртұтас әдеби тілін қалыптастырушы Данте Алигьери (1265 —
1321) болды. Оның негізгі шығармалары — “Жаңа өмір” (1292) повесі,
“Құдіретті” комедиясы (1321), т.б. туындылары дүние жүзі әдебиетінің алтын
қорына қосылды. Қайта өркендеу дәуірі кезіндегі И. әдебиетінде ақын
Ф.Петрарка (1304 — 1374), Дж.Боккаччо (1313 — 1375) шығармалары көрнекті
орын алды. 15 ғ-да ежелгі дәуірді зерттеуші ғалым-жазушы Дж. Ф.П.
Браччолини (1380 — 1459) мен Л. Валланың (1407 — 1457), т.б. латын тілінде
жазылған шығармалары жазылды. 16 — 17 ғ-ларда Ф.А. Ариостоның (1474 — 1533)
“Қаhарлы Роланд” поэмасы, Н.Макиавеллидің (1469 — 1527), П.Аретиноның (1492
— 1556), Дж.Бруноның (1548 — 1600) сатиралық комедиялары, Т.Тассоның (1544
— 1595) “Аминта”, Б.Гваринидің (1538 — 1612) “Сенімді бақташы” атты
драмалары жазылды. 17 ғ-да И-ның біршама бөлігін испан басқыншылары жаулап
алуына байланысты әдебиетте біраз тоқырау пайда болды. 18 ғ-дың орта
шенінен И-ның рухани өмірі қайта гүлденіп, ұлттық мәдениет өркендеу жолына
түсті. 1848 — 49 жылғы революциядан кейін туған Р.Джованьолидің (1838 —
1915) “Спартак” романы мен Дж. Кардуччидің (1835 — 1907) саяси жырлары И.
әдебиетіндегі романтизмнен реализмге өту дәуірінің шындығын танытады. 19 ғ-
дың аяғында И. әдебиетінде жаңа романтикалық және символистік бағыт өріс
алды. 1-дүниежүз. соғыс жылдарында И. әдебиеті дәстүрлі гуманистік
бағытынан айныған жоқ. Фашистік билік үстемдік жүргізген жиырма жыл ішінде
И. әдебиетінің көптеген өкілдері әлеум. тақырыптар мен реалистік дәстүрден
ажырап қалды. Дж.Джерманетто, Ч.Павезе, Э.Витторини, т.б. ақын-жазушылар өз
шығармаларында фаш. кезеңнің ауыр зардабын суреттеп ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz