Қазақстанның географиялық орны мен шекаралары
ЖОСПАР
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ОРНЫ, ТАБИҒАТ ЖАҒДАЙЛАРЫ 2
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ 3
1 Қазақстанның географиялық орны мен шекаралары 4
2 Қазақстан жерінің зерттелу тарихы 4
3 Қазқстан жеріндегі пайдалы қазбалар 5
4. Қазақстанның климаты 6
5. Қазақстанның ішкі сулары 7
6 Қазақстанның табиғат зоналары 9
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ОРНЫ, ТАБИҒАТ ЖАҒДАЙЛАРЫ
Қазақстан Республикасы Еуразияның орталық бөлігінде, Орал тауларынан
оңтүстікке қарай, ал оның астанасы - Астана қаласы Еуразия құрылығының
географиялық орталығына мейлінше жақын орналасқан.
Қазақстан Ресей Федерациясымен, Түркменстанмен, Өзбекстанмен,
Қырғызстанмен және Қытаймен шектеседі, Каспий теңізіне шыға алады.
Республика аумағы батысында Еділдің төменгі ағысынан шығысында Алтайға
дейін, солтүстігінде Батыс-Сібір жазығынан оңтүстігінде Тянь-Шань
тауларына дейін созылып, 2 миллион 725 мың шаршы километр жерді алып
жатыр. Жер көлемі жағынан Қазақстан дүние жүзінде 9-орын алады.
Республика аумағының басым бөлігі жазық және ойпатты болып келеді.
Елдің орталық ауданында Қазақтың шоқылы қыраттары, оңтүстігінде
Қазақстан аумағындағы ең биік нүкте – биіктігі 6995 метр болатын Хан
тәңірі шыңын қоса алғанда Тянь-Шань тауларының сілемдері жатыр.
Республика аумағы арқылы ағып өтетін, Солтүстік Мұзды мұхит бассейніне
жататын шығысындағы - Ертіс, ал солтүстігіндегі - Есіл өзендерін
қоспағанда, Қазақстан өзендерінің көпшілігі Каспий, Арал теңіздері мен
Балқаш көлінің ішкі тұйық бассейндеріне жатады.
Мұхиттардан қашық, жер аумағының кең болуы және табиғат ерекшеліктері
климатының күрт континенталдығы мен аймақтық ерекшеленуіне,
жауын-шашын мөлшерінің аз болуына әсер етеді. Республиканың көпшілік
жеріне желдің күшті болуы тән. Аумақ төрт табиғи аймаққа -
орманды-далалық (солтүстік, шығыс), далалық (солтүстік, шығыс, батыс,
орталық), шөлейтті (батыс, орталық, оңтүстік, шығыс) және шөл (батыс,
орталық, оңтүстік) аймақтарға бөлінеді.
Қазақстан Республикасының аумағындағы соңғы кездегі дүлей табиғат
құбылыстарының қатарына Каспий теңізі деңгейінің одан әрі көтерілуі,
жер сілкіністері, гидрометеорологиялық дүлей құбылыстар жатады. Арал
теңізі бассейнінің құрғауын және атом полигондары қызметі
зардаптарының экологиялық жағынан жайсыз әсерін ең ірі антропогендік
зардаптар қатарына жатқызуға болады.
1978 жылы басталған Каспий теңізі деңгейінің көтерілу процесі орташа
қарқыны жөнінен жылына 0,14 метр болып үдемелі түрде жалғасып келеді.
Теңіздің деңгейі төрт метр дерлік көтерілді.
Республика аумағының үштен бірі сейсмикалық жағынан қауіпті аймақта
орналасқан. Оған 6 миллиондай халық тұратын 400-ден астам елді мекен -
үлкенді-кішілі қалалар енеді.
Қазақстан аумағының бір бөлігіне желдің жылдамдығы секундына 15-20
метрге ететін ақтүтек борандар және минус 37-38 градусқа дейін
төмендейтін үскірік аяздар секілді гидрометеорологиялық дүлей
құбылыстар тән.
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ
Республика шикізат ресурстарына бай. Қазба байлықтарында іс жүзінде
Менделеев кестесіндегі барлық элементтер кездеседі. Қазақстанда 155
кен орны, тас көмір мен қоңыр көмір, жанғыш тақтатас шығарылатын 102
орны бар. Мұнай мен газ қоры орасан зор. Каспий ойпатында Орталық
Азиядағы ең ірі Теңіз мұнай кен орны орналасқан.
Экономикалық даму Қазақстанды бес ірі экономикалық-географиялық
аймаққа бөлуге негіз болды.
Батыс Қазақстан экономикалық аймағы мұнай-газ өндіру, өңдеу,
мұнай-химия, металлургия, балық өнеркәсібі мен мал шаруашылығына
маманданушы аймақ ретінде қалыптасты.
Оңтүстік Қазақстан экономикалық аймағы түсті металлургияға, химия және
цемент өнеркәсібіне, суармалы егіншілікке, жүзім өсіру мен қаракөл қой
шаруашылығына маманданған.
Орталық Қазақстан экономикалық аймағы көмір мен темір кендерін және
басқа да кен байлықтар өндірумен, дамыған металлургия өнеркәсібімен,
қуатты отын-энергетика кешенімен ерекшеленеді.
Солтүстік Қазақстан аграрлық-индустриялық аймағында астық, сүт және ет
өндірумен қатар, машина жасау, кен өндіру мен кен байыту өнеркәсібі,
электр энергиясын өндіру дамытылған.
Шығыс Қазақстан экономикалық аймағы түсті металлургия, машина жасау,
жеңіл және тамақ өнеркәсібі дамыған орталық болып табылады.
Республикаға шетел инвестициясы молынан тартылуда. 1999 жыл ішінде
тікелей шетел инвестициясының көлемі 1 799,3 млн. американ доллары
болды. Оның ішінде көлемі жөнінен негізгілері – АҚШ (50,2%),
Нидерландия (12,1%), Ұлыбритания (9,0%), Италия (7,0%), Қытай (2,8%),
Түркия (1,9%), Оңтүстік Корея (1,6%).
ХАЛҚЫ
Санақ мәліметтері бойынша 1999 жылы Қазақстан халқының саны 14953 мың
адам болды. Қазақстанда барлығы 131 ұлттың өкілдері тұрады. Қазақстан
халқы құрамының 53,4 проценті - қазақтар, үштен біріне жуығы -
орыстар, украиндердің, немістердің, татарлардың, корейлердің және
басқа ұлт өкілдерінің үлкен топтары тұрады.
Түркі тілдері тобына жататын қазақ тілі - мемлекеттік тіл. Мемлекеттік
ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында мемлекеттік
тілмен қатар орыс тілі ресми түрде қолданылады.
Қазақтар 55 шет елде, соның ішінде бұрынғы КСРО-ның барлық одақтас
республикаларында және алыс шетелдегі 41 елде тұрады. Қазақтардың ең
көп орналасқан жері - Өзбекстан, мұнда - 967 мың адам, Ресей
Федерациясында - 687 мың, Түркменстанда - 87 мың, Қырғызстанда - 42
мың, Украинада - 10 мың, Тәжікстанда - 10 мың, Әзірбайжанда – 4 мың,
Грузияда – 3 мың, Молдовада – 2 мың, Латвияда – 1 мың адам тұрады.
Алыс шетелдерде, мысалы, Қытайда - 1 млн. 258 мың, Моңғолияда - 83
мың, Ауғанстанда - 28 мың, Түркияда - 20 мың, Иранда - 3 мың қазақ
тұрады.
1 Қазақстанның географиялық орны мен шекаралары
Қазақстан жер аумағы жағынан Еуразия материгінде Ресей, Қытай,
Үндістан мемлекеттерінен кейін төртінші орынды иеленеді. Жалпы жер аумағы
2 717,3 мың шаршы километр. Қазақстан батысында Каспий маңы ойпатынан
шығысында Алтай тауларына дейін 3000 шақырым, солтүстігінде Батыс Сібір
жазығынан оңтүстігінде Тянь-Шань тауларына
дейін 1 600 шақырым жерге созылып жатқан кең- байтақ мемлекет. Жер көлемі
жағынан дүниежүзіндегі аса ірі мемлекеттердің бірі.
Қазақстан қоңыржай климаттық белдеуде орналасқан. Дүниежүзілік
мұхиттардан қашық жатқандықтан, жерінің көбі шөл және шөлейт болып келеді.
Оңтүстік –шығыс және шығыс бөлігіндегі биік тау бөктерлерін суармалы жерлер
алып жатыр. Батысында Каспий теңізі жағасында теңіз деңгейінен 132 метр
төмен жатқан Қарақия ойысы, ал оңтүстік –шығысында Қазақстан, Қырғызстан,
Қытай елдерінің шекарасы тоғысқан жерінде биіктігі 6995 метр Хан Тәңірі
шыңы бар.
Қазақстан Еуразия материгінде орналасқан бес мемлекетпен шектеседі.
Шекарасының жалпы ұзындығы 15000 шақырымнан астам. Оның 12000 шақырымы
құрлықпен, ал 3000 шаақырымы Каспий және Арал теңіздері арқылы өтеді.
Батысы мен солтүстігінде Ресеймен, шығысында Қытай Халық Республикасымен,
оңтүстігінде Қырғызстан, Өзбекстан және Түркіменстан мемлекеттерімен
шектеседі. Қазақстанның шекарасы кей
жерлерде табиғи шептер арқылы өтеді.
1991 жылдың соңы 1992 жылдың алғашқы айлары еліміздің саяси-әлеуметтік
өміріне көптеген өзгерістер әкелді. Бұрынғы Кеңестер Одағының ыдырауы
нәтижесінде басқа одақтас республикалармен қатар Қазақстан да өз
тәуелсіздігін жариялады. Егемендік алған Қазақстан мемлекетін Біріккен
Ұлттар Ұйымы мүше етіп қабылдады.
1992 жылы маусымның 6-сы күні еліміздің тарихында елеулі күн
болды.Алматыдағы Абай атындағы мемлекттік опера және балет театрында егемен
Қазақстан Республикасының жаңа елдік айшық –нышандарын қабылдау рәсіміне
арналған салтанатты жиын болды.Онда жаңа Туымыз желбіреп,Елтаңбамыз
жарқырап,Әнұранымыз шырқалды.
2 Қазақстан жерінің зерттелу тарихы
Қазақстан жерінде көне заманнан бері адамдар қоныстанған Қаратау
баурайынан тас дәуірінің көптеген ескерткіштері, әр түрлі тас құралдар
табылды.Бұл біздің заманымызға дейінгі 3-2 ғасырларда өмір сүрген
адамдардың аңшылықпен, егіншілікпен айналысқанын көрсетеді.
Біздің заманымызға дейінгі 2 ғасырда қазіргі Қазақстан жерінің
аумағында өмір сүрген түркі халқы Еуразиядағы отырықшы, мәдениеті дамыған
ел болған,егіншілікпен айналысқан.Ертедегі грек жазбаларында қазіргі
Қазақстан аумағында өмір сүрген тайпаларды сақтар деп атаған.
9-10 ғасырларда араб ғалымдары Арал теңізіне толық сипаттама
беріп, картаға түсірді. Гректердің Әмудария мен Сырдария Каспий теңізіне
құяды деген жорамлдарын теріске шығарып, өзендердің Арал теңізіне құятынын
анықтады. 11-12 ғасырларда өмір сүрген араб ғалымы Әл-Идрисидің Нузхат ал-
Муштак, түркі Махмұд Қашқаридің Диуани лұғат ат – түрік деген
еңбектерінің Қазақстан географиясын зерттеуде маңызы зор, ал Махмұд Қашқари
қазақ жеріндегі көптеген географиялық атауларды дүниежүзінің картасына
түсірді. Махмұд Қашқари жасаған картаны ғалымдар 11 ғасырда Орталық және
Орта Азияда жасалған түріктің географиялық ескерткіші деп атады.
19 ғасырдың ортасынан (1845 ж.Орыс география қоғамы құрылған) Орыс
география қоғамының арнайы тапсырмасы бойынша Қазақстанда ғылыми зерттеулер
жүргізіле бастады. Бұған Кіші және Орта жүздерінің бір бөлігінің Ресей
құрамында ену себеп болды.
19ғ. Аяғында – 20ғ. Басында қазіргі Қазақстан жерін зерттеумен
Ш.Уәлиханов, Г.Н.Потанин, П.П Семенов-Тянь- Шаньский, Н.А.Северцов және
т.б. айналысты.
Орыс географы П.П.Семнов-Тянь-Шаньскийдің шәкірті қазақтың ғалым-
ағартушысы, саяхатшы-географы Шоқан Уәлихановтың Қашқарияға жасаған
экспедициясының география ғылымына қосқан үлесі зор болды.
Оның Қырғыз және Орталық Азия елдерінің тарихы, географиясы,
этнографиясы жайында жазған ғылыми құндылығы мол еңбектері бар.
3 Қазақстан жеріндегі пайдалы қазбалар
Қазақстан жер қойнауында географиялық даму кезеңіне сәйкес әр
түрлі пайдалы қазбалар түзілген.Кейбір пайдалы қазба кең орындарының қоры
жөнінен хром, ванадий, вольфрам, мыс, калий, рений, висмут, фтордан
Қазақстан дүние жүзінде бірінші орында.
Пайдалы қазба кен орындары 3 топқа бөлінеді: жанатын ,
рудалы және рудасыз. Жанатын пайдалы қазбалар көбінесе шөгінді жыныстарда
кездеседі. Ал рудалы пайдалы қазбалар (металл рудалары) көбінесе кристальды
(магмалық және метаморттық) тау жыныстарында болады . рудасыз пайдалы
қазбалар магмалық шөгінді жыныстарда кездеседі. Бүгінде Республикамызда
6000 –нан астам пайдалы қазба кен орындары бар.
4. Қазақстанның климаты
Қазақстанның климаты шұғыл континентті келеді, оның солтүстік
аймағының қысы суық, жазы қоңыржай. Ал оңтүстігінде қыс онша қатты
болмайды, жазы ыстық, қуаңшылықты. Бұл температураның тез ауысуынан, ауаның
құрғақ болып, жауын-шашынның аз түсуінен байқалады. Жалпы климаттың
қалыптасуына географиялық ендік, күн радиациясымен қатар атмосферада жүріп
жататын күрделі процесстер әсер етеді. Қазақстанның климатына солтүстік
Мұзды мұхит үстінде қалыптасатын арктикалық ауа массасы көктемнің соңғы,
жаздың алғашқы айларында бау-бақшаға үсік әкеледі. Орта Азия үстінде
қалыптасатын тропиктік ауа массасы жаз айларында Қазақстан жерінде
температурасы жоғары өте құрғақ ауа райын қалыптастырады. Қазақстан
климатына азия антициклоның әсері мол. Қыс кезінде Орталық Азияда
қалыптасатын антициклонның әсерінен ауаның жоғарыдан төмен қозғалуына
байланысты бұлт азайып, жер беті суып, аязды ауа райы орнайды. Сондықтан
Қазақстанда Сібірдің қысы, Азияның жазы болады.
Климаттың қалыптасуына климат түзуші факторлар ықпал етеді.
Қазақстанның климаты оның географилық орнына , күн радиациясына, атмосфера
циркуляциясына байланысты қалыптасады.
Аумағы ұлан –байтақ жерді алып жатқан еліміздің климаты
континентті.Биік таулардың республиканың оңт. Мен оңт. Шығысында жатуы, ал
солт. Биік таулардың болмауынан арктикалық суық ауа оның ішкі аймақтарына
еркін өтеді. Бұл да климаттың өзгеруін туғызады. Климаттың құрылуына
географиялық ендіктің де әсері мол күн сәулесінің жер бетіне түсіретін
жарығы , одан бөлінетін жылу мөлшері климаты қалыптастырудағы негізгі
фактор болып саналады. Жылу мен жарық – ауа мен су қабатында өсімдіктер мен
жануарлардың тіршілігінде болып жатататын процестердің басты себепкері.
Күн радиациясы дегеніміз - күн сәулесінің жер бетіне түсірілетін
жарығымен жылуы. Республикамыздың таулы аудандарының беткейлеріндегі
жиынтық радиацияның мөлшері бұлттылыққа байланысты өзгеріп
оьырады.Атмосферада бұлттылық артқан сайын күн көзінен таралатын
радиацияның мөлшері азайып , шашыранды радиация көбейді.Күннің жерге тура
түсетін сәулесін тура радиация деп атайды.
Жинақтық радиацияның жер бетінен шағылғанын шағылған радиация, ал
жер бетіне сіңіп кеткенін жұтылған радиация деп атайды.
Атмосфера циркуляциясы –жер бетіндегі климатты ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz