Қызылорда облысы туралы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Қызылорда облысы

Қазақстанның оңтүстігіндегі әкімшілік-аумақтық бөлік. 1938 ж. 15 қаңтарда құрылған. Жер аумағы 226, 0 мың км. (Қазақстан жерінің 8, 3%-ы) . Тұрғыны 607, 1 мың адам (200 4) . Орталығы Қызылорда қаласы. Солтүстігінде Қарағанды, солтүстік-батысында Ақтөбе облыстарымен, оңт. -батысы мен оңтүстігінле Өзбекстан мемлекетімен, шығысында Оңтүстік Қазақстан облылысымен шектеседі. Облыс құрамында 7 әкімшілік аудан (Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған), 3 қала (Арал, Қазалы және республикалық мәндегі Байқоңыр қаласы) бар.

Табиғаты. Облыстың жер бедері негізінен жазық, құмды белестер, төбешік, шоқылар болып келеді. Биіктік ауытқуы 53-200 м-ді құрайды. Ең төмен жері батысында Арал теңізінің жағалауында, ең биік жері шығысындағы Қаратау сілемдерінде (1419 м) орналасқан.

Геология мен кен байлығы. Облыстың негізгі бөлігі геологиялық жағынан күрделі өзгерістерге ұшыраған. Қазір оның басым болігін Сырдария жазығы алып жатыр. Бұдан 80-100 млн. Жылдар бұрынғы бор дәуірінің шөгінділері, палеоген және төрттік кезеңдердегі түзілімдер сақталған. Қаратау сілемдері төменгі палеозой құрлымына жатады. Аймақтың кен байлықтары толық зерттелмеген. Кен байлықтары ас тұзы, сульфат, мирабилит, тенарит тұздарының өнеркәсіптік маңызы зор. Құрлысқа қажетті ұсақ қиыршық тастар, әйнек және шыны бұйымдарын жасайтын кварц құмы, қыш, гипс, алебастр, цемент балшығы, құрлыс тастары, әктас, тақтатас (Майлыбас), қоңыр көмір (Құланды) және басқа кен байлықтарының мол қоры бар. Қызылорда түсті метал кені бойынша Қазақстанда 3-орын алады. Отандық сапалы ас тұзының 60%-ы, мұнай мен газ конденсатының 21, 4%-ы мырыштың 15, 1%-ы, уран қорының 14%-ы Қызылорда обылысының еншісінде. Оңтүстік Торғай иінінің облыс бөлігінде 350 млн. т мұнай, 100 млрд. м газ қоры анықталды. Арал теңізі маңында 75 млн. т мұнай, 2 трилион 30 млрд. м газ қоры бар (2004) .

Климаты. Облыстың климаты тым континеттік. Қысы суық, жазы құрғақ әрі аңызақты ыстық. Ауа райыың орташа температурасы қаңтарда-13 С, шілдеде 26-28 С. Жазда ыстықтың өтерілуі шегі 42-44 С-қа дейін барады. Құм 60-70 С-қа дейін қызады. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 100-115 мм. Арал теңізінің тартылыуынан, Байқоңыр ғарыш алаңы тарататын улы заттары және экологиялық ортаның нашарлануына байланысты соңғы жылдары қышқыл жаңбыр жауатын болды. Облыс жерімен Сырдария өзенінің 1 мың м-ге жуық төмегі ағысы өтеді. 1956 ж. Сырдарияның өзеінде Қызылорда бөгеті ісе қосылды. 1958 ж. Сырдаряың ескі арнасы Жаңадарияға өзен суы жіберілді. 1950-60 ж. Қызылорда су тораптарыың сол және оң жақ каналдары қазылды. 1969 ж. Қазалы су торабы егіс даласы мен жайлымдық жерлерді суаруға берілді. Өзендер суының теңізге қүю молшерінің кемуіне Арал теңізі Үлкен және Кіші Арал болып екі көлге бөлінді.

Топырағы, өсімдік және жануарлар дүниесі. Облыс жерінің едәуір бөлігін құм басып жатыр. Топырағы қоңыр, құмдақ сұр, сортаң болып келеді. Жусан, бетеге, сексеуіл, жыңғыл, тал, тораңғы, қамыс өседі. Пайдалануға қолайлы жер аумағының 12%-ы Сырдария өзенінің жайылмасында, 23%-ы шөлейтте, 65%-ы шөл аймағында орналасқан. Облыс табиғатына сәйес мүнда, негізінен, ақбөкен, құлан, қарақұйрық, қасқыр, түлкі, қоян, қарсақ, шибөрі, қосаяқ, күзен, сарышұнақ тіршілік етеді. Құстардан бүркіт, қаршыға, қырғауыл, қаз, үйрек, Аралда, Сырдарияда, көлдерде балықтың көптеген түрлері кездеседі (алабұға, сазан, жайың, бекіре, т. б. ) .

Шаруашылығы. Қазақстан тәуелсіздік алғап жылдары облыс экономиасын дамыту және нарықтық экономикаға көшу барысында шаруашылықтың барлық салалары жандана бастады. Қаратау сілеміндегі қорғасын мен мырыштың бай қоры негізінде Шалқия кеніші жұмыс істей бастады. Кенішке темір жол тарамағы тартылды. 1992 жылдан бері Құмкөл кен орнында сапасы жоғары мұнай өндіріле бастады. Уран кенінің (Қарамұрын) өндірісті қуаты жылына 700 т-ға жетізілді. Емді қасиеті бар балшық, шипалы миералды судың көздері пайдаланылады; “Жаңақорған” бальнелогия курорты жүмыс істейді.

Республадағы бірігей целюлоза-қатырма қағаз комбинаты, күріш машиналарын шығараты “Қызылордакүрішмаш” АҚ, құрлыс материалдары мен құралымдары комбинаты, Эксперименттік механиалық және тәжірибелік жөндеу механикалық заводтары, тоқылмайтын маталар, аяқ-иім фабрикалары Аралтұз комбинаты облыс экономикасын дамытуға елеулі орын алды. Қызылорда астық өнімдері, ет, сүт өнімдері комбинаттары, “Береке-нан”, “Балық”, “Жайна”, “Ісмер”, “Қуат” АҚ-дары жүмыс істейді. Аграрлық секторда Қызылорда облысында республикада жиналатын күріштің 70%-ы, бақша өнімдерінің 20%-ы, қаракөл елтірісінің біршама бөлігі өндіріледі. Инженерлік дайындықтан өткізілген 215, 0 мың га суармалы жер және оның үрделі гидротехниалық жүйесі облыстың егін шаруашылығын дамытуға пайдаланылады. Жеке шаруашылықтар, серітестіктер мен ұжымдық бірлестіктер облыстағы 8 млн га суармалы алқапқа егін егеді. Ауылдарда ет және сүт өңдеу заводтары жүмыс істейді. Облыстың шаруашылығы, халықтың әл-ауқаты мен денсаулығына Арал апаты зиянды әсерін тигізді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қызылорда облысы тұрғындарының денсаулығына әлеуметтік-экологиялық факторлардың әсері
Ауыл аумақтарының мәселелерін шешу жолдары және дамыту
Қызылорда облысы халқының әлеуметтік-демографиялық жағдайының өзекті мәселелері
Халықты жұмыспен қамтуды жетілдіру жолдары (Қызылорда облысы материалдары бойынша)
Қызылорда экологиялық ахуал
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ ПЕРСПЕКТИВАСЫ
Қызылорда облысы бойынша жергілікті халық денсаулығына мониторинг жасау
Арал өңiрiнiң проблемаларын кешендi шешу жөнiндегi 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламаны бекiту туралы
Қызылорда облысында туризмді дамыту
Қызылорда облысының халқы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz