Ливан - республикасы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Ливан Республикасы (әл-Жумхурия әл-Лубнания) – Жерорта теңiзiнiң
шығыс жағалауында орналасқан Батыс Азиялық мемлекет. Солтүстiгiнде және
шығысында Сириямен,оңтүстiк-шығысында Израильмен, оңтүстiгiнде БҰҰ-ның
араб мемлекетiн құру үшiн бөлген жерiмен шектеседi. Жерi 10.4 мың км2.
Халқы 3 млн.Астанасы – Бейрут қаласы. Әкiмшiлiк жағынан 5 мухафазаға
(округқа ) бөлiнедi .
Мемлекеттiк құрылысы. Ливан - республика. Қазiргi конституциясы 1926ж. 23
майдан күшiнде (1927, 1929 3, 1943 және 1947ж. өзгерiс енгiзiлген).
Мемлекет басшысы – президент, оны парламент жасырын дауыспен 6 жылға
сайлайды. Президент кең праволы: ол премьер – министр мен министрлердi,
жоғары лауазым иелерi тағайындап, ауыстырады, декрет қабылдап, халық-аралық
шарттарды бекiтедi және қарулы күштердiң жоғарғы бас қолбасшысы. Ливан
жоғары заң шығару органы – бiр палаталы парламент (құрамында 99 депутат,
жалпыға бiрдей төте сайлау негiзiнде 4 жылға сайланады).21жасқа толған
барлық азаматтар сайлауға праволы. Жергiлiктi әкiмшiлiк орындарын –
мухафазаларды үкiмет тағайындайтын губернаторлар,аудандарды – супрефект
басқарады. Мухафазалардағы жергiлiктi басшылықты губернаторлардың кеңесшi
органы 4 жылға құрылатын советтер атқарады . Сот жүйесi 1–инстанция
соттарынан,аппеляциялық және кассациялық (жоғары) соттардан
құралады.Бұлармен қатар, шариғат, әкiмшiлiк, еңбек дау–шарлары жөнiнде
арбитаж бен соттар бар .
Табиғаты . Ливанның теңiз жағасы аласа, мүйiстi және құмды келедi .
Жағалаулық бөлiгi енсiз жазық.Қалған жерiн Ливан жотасы мен Антиливан
жотасының батыс сiлемдерi алып жатыр.Екi жота аралығын, терең тау аралық
Бекаа ойысы бөлiп тұрады.Ең биiк жерi – Курнетэс–Сауда тауы
(3083м).Пайдалы қазыналары–темiр рудасы, қоңыр көмiр.Климаты субтропиктiк;
жауын–шашынның жылдық орташа мөлшерi – тау аралық ойыста 400мм, тауда
1000мм. Қаңтардың орташа температурасы 6-13 С , июльде 22-28 С .Өзендерi
қысқа,жазда тартылып та қалады. Суармалық маңызы зор өзендердiң бiрi –
Эль–Литани;ол–Бекаа аңғарын кесiп ағады .Жерi негiзiнен қоңыр топырақты.
Жерiнде бұта өсiмдiктер, тау беткейлерiнде орман өседi. Жануарлар
дүниесiнде қорқау қасқыр,шиебөрi, араб киiгi т.б. мекендейдi .Табиғи
өсiмдiк жамылғысы сақталғант және құс қонатын 12 қорық мемлекет
қамқорлығында .
Халқы .Түрғындарының 90%-i арабтар . Сонымен қатар мұнда армяндар ,
курдтар , черкестер , түрiк , парсылар , еврейлер түрады .ресми тiлi –
араб тiлi,француз және ағылшын тiлдерi де кеңiнен қолданылады .Халқының
48% мұсылмандар , 52 %-i христсандар .Халқының еңбекке қатынасатыны –726
мың , олардың 47%-i ауыл шаруашылығында , 16%-i өнеркәсiпте жұмыс
iстейдi Халқының орташа тығыздығы 1км2 жерге 276 адамнан келедi .
Қала халқы 50% , iрi қалалары Бейрут , Триполи , Сайда , Захли .
Тарихы .Қазiргi Ливан жерiн адамдар өте ерте заманнан мекендеген
.Б.з.б. 5 мың жылдықта алғашқы тұрақты мекендер пайда болды . 4-3 мың
жылдықта ертедегi Финикия елiнiң бiр бөлiгi болып саналатын жағалаудағы
аудандарда егiн шаруа-шылығы өркендедi , қыш кәсiпшiлiгi , тоқыма ,
шыны өндiрiсi , темiр өңдеу , кеме жасау пайда болды . Ертеде мұнда
финикий , хуррит , т.б. тайпалар болды . 4-2 мың жылдықта Ливан жерiнде
Библ ( қазiргi Джубейль ) , Тер ( қазiргi Сур ) , Сидон ( қазiргi
Сайда ) , Берит ( қазiргi Бейрут ) . сияқты финикийлердiң бiр-неше
қала – мемлекеттерi пайда болды . 30 мың жылдықта Ливан
жағалауларындағы Финикия қалалары Египетпен , ал 2 мың жылдықта
Вавилон , Кавказ мемлекеттерiмен және Кiшi Азиямен қызу сауда
қатынасын жасай бастады. Египет перғауыны Тутмос III ( 1525-1473 билеген)
тұсында Ливан Египеттiң саяси ықпалында едi . Финикия қала –
мемлекеттерiн 8, 7 ғ-да Ассирия , 7 ғ-дың аяғында Вавилония , 6 ғ-да
ахеман әулетi , 4 ғ-да Александр Македонский бiрiнен соң бiрi жаулап
алды . 4 ғ-дың аяғында Ливан жерiн Птолемей Египетi мен Селевки
әулетi мемлекетi бөлiстi ; 2 ғ–дың басынан б.з.б. 67 жылға дейiн
Селевки әулетi империясына кiрдi.
Б.з.б. 64 ж. Ливан территориясы Римнiң Сирия провинциясына қосылып ,
Рим мирасқорының қол астында болды . 4-6 ғ–да Ливан территориясы
Византия империясының құрамына ендi . 7 ғ–дың басында Ливан Сасани
әулетiнiң шапқыншылығына ұшырады . VII ғ-да арабтар жаулап алып , ислам
дiнiн таратты . XI ғ-дың аяғында Ливан жерiнде крест тағушылар басып
кiрiп , бiрнеше феодал князьдық құрды .XIII ғ-дың аяғында азаттық
көтерiлiсi нәтижесiнде крест тағушылар елден қуылды . XIII–XVI
ғ-дың басында Ливан Египет мамлюктерiнiң билiгiнде болды . Ливан
феодалдану процесi осы кезеңде аяқталды . 1516 ж. мамлюктердi
кұйрете жеңген түрiк сұлтаны Селим I ( 1512-1520 билiк құрды
) Ливанды Осман империясының құрамына қосты . Ливан халқы түрiк
сұлтандарының билiгiне қарсы бiрнеше рет көтерiлiске шықты . XVIII ғ-дың
аяғы мен IX ғ-дың басында товарлы–ақша қатынасы дамыды . Алғашқы
мануфактуралар пайда болды.Әмiр Башир II Шихаб Ливанды Түрiктерден азат ету
мақсатымен Египет билеушiсi Мұхаммед Әлимен одақ жасап, өзiн Египет
вассалымен деп жариялады. Түрiк езгiсiнен босау елдiң өркендеуiне игi әсер
еттi. IX ғ-дың аяқ шенiнде Ливан бүкiл Осман империясымен бiрге Батыс
державалардың артылай отарына айналды. 1905-1907 жылдардағы
орыс революциясының ықпалымен Ливанда ұлттық топтардың белсендiлiгi артты.
1912 ж. Бейрутта “Реформалар лигасы” құрылып, Бейрут арабтардың ұлт-
азаттық қозғалысы орталығына айналды. I-дүние жүзiлiк соғыс кезiнде (1914-
1918) Түркия Ливан автономиясын жойып, әскер қатарына адам алды. 1918 ж.
Қазанда Ливанда ағылшын-француз әскерлерi басып алды. Ливан экономикасы
түгел дерлiк француз монополистерiнiң капиталына тәуелдi болды. Ливан
француз империализмiнiң стратегиялық базасына айналды. Ливан халқы француз
отаршылдарына қарсы белсендi күрес жүргiздi. 1924 ж. Бекаа алқабында
шаруалар көтерiлiсi болды. Осы жылы Ливан және Сирия коммунистерi Бейрутта
Сирия коммунистiк партиясының негiзiн қалады. 1925-1927 ж. Ливан халқы
Сириядағы антиимпериалистiк көтерiлiстi қолдады. 1932 ж. елде шетел
концессиялары мен монополияларына қарсы қозғалыс кең өрiс алды. 1933 ж.
Ливанда шоферлар мен баспахана қызметкерлерiнiң ереуiлдерi болды. 1934 ж.
коммунистердiң бастуымен бiрыңғай майдан комитеттерi ұйымдастырылды. II
дүние жүзiлiк соғыс басталысымен Ливан парламентi таратылып, компартияға
тыйым салынды.Бiрақ бұқаралық халық қозғалысының қысымымен 1943ж. 22
ноябрьде Ливан үкiметiнiң заңды праволары қайта орнады. Бұл күн Ливанның
ұлттық тәуелсiздiк мерекесi күнiне айналды.1944ж. августа Ливан мен СССР
арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнады. 1945 ж. февральда Ливан
парламентiнiң Германия және Жапониямен соғыс жағдайында екенi туралы
декларацияны бекiттi. 1945 ж. наурызда Ливан араб мемлекеттерi лигасын
құруға қатысты. Сол жылы Ливан БҰҰ-на мүше болып кiрдi. Тәуелсiздiк
жолындағы күресте қол жеткен баспасөз, жиналыс және саяси ұйымдар
бостандығын пайдалана отырып, Ливан еңбекшiлерi өздерiнiң тұрмысын
жақсартуды,демократия iшкi және сыртқы саясат жүргiзудi талап еттi. 1946ж.
қыркүйекте Ливан жұмысшылары мен қызметкерлерi кәсiподақ Федерациясы
(1943) талап етуi бойынша өнеркәсiп жұмысшыларына 8 сағаттық жұмыс күннiң ,
ақшасы төленетiн демалыс, пенсия берудi белгiлеген еңбек заңы қабылданды.
1949 ж. Ливанда бейбiтшiлiк жақтаушылар комитетi құрылды. 1943-73 ж.ж.
аралығында Ливан үкiметi 40 рет өзгердi. 1948-49 және 196773 ж.ж. Ливан
араб-израиль соғысына қатысты.Ливан БҰҰ Қауiпсiздiк Советiнiң Иаяу
Шығыстағы дағдарысты саяси жолмен реттеу жөнiндегi 1967 22 ноябрьдегi
қарарын қолдады. 1970 ж.Ливан мен СССР арасында туризм саласындағы, сауда
және төлем жөнiндегi келiсiмдер жасалды.
Саяси партиялар , қоғамдық ұйымдар . Ливан партиясы 1944 ж. дербес партия
болып құрылды. Прогресшiл социалистiк партия, 1949 ж. құрылды. Ұсақ
буржуазияны , Таулы Ливан шаруалары–друздердi, Ливан интеллигенциясының бiр
бөлiгiн бiрiктiредi. Ұлттық блок , 1943 ж. құрылды, iрi финанс–сауда
буржуазиясына, помещиктер мен маронит дiн басыларына сүйенедi; Ливан
фалангiлерi партиясы, “Катаиб” әскери жастар ұйымы ретiнде 1936ж. негiзi
қаланды, партия ретiнде 1943 жылдан жұмыс iстедi. Оңшыл помещиктiк партия.
Конституциялық блок 1934 ж. негiзi қаланды. Iрi финанс-сауда
буржуазиясына, помещиктер дiн басына сүйендi. Ұлттық – либералдық партия,
1958 ж. құрылды, реакцияшыл маронит буржуазиясының, помещиктер мен дiн
иелерiнiң мүддесiн қорғайды. Ливан еңбекшiлерiнiң жалпыға бiрдей
конференциясы, 1970 ж. құрылды. Бұған кiретiндер: Ливан жұмысшылары мен
қызметшiлерi кәсiподақтарының ұлттық федерациясы т.б. демократияшыл жастар
одағы, 1970 ж. құрылды. Ливан Азия-Африка ынтымағы комитетi .
Экономикасы . Ливан-өнеркәсiбi мен ауыл шаруашылығы нашар дамыған ел,
ал оған керiсiнше финанс-банк жүйесi мен тұрмыс қажетiн өтеу орындары
едәуiр жолға қойылған. Ұлттық өнiмнiң (1970) 16%-i өнеркәсiптен, 9,0%- i
ауыл шаруашылығы, орман және балық шарушылықтарынан, 62%-i тұрмыстық және
сауда орыдарынан түседi. Жалпы ұлттық өнiм мөлшерi жан басына щаққанда 1,7
мың ливан фунты келедi (1970) Экономикасында негiзiнен араб және батыс
европа капиталының рөлi күштi. Мемлекет сектордың үлесi онша емес;оған
электр өндiру, сумен жабдықтау;темiр жол және темекi кәсiпорындары
бiрiктiрiлiген. Өнеркәсiбiнiң жалпы өнiмi 1971ж.2млрд. Ливан фунты болды.
Машина жасау өндiрiсiнiң үлесiне 7%, тоқыма және тамақ өнеркәсiбiне
44%;ағаш өңдеу 29%, химия, құрылыс материалы мен фармацевтикаға 20 %-тен
келдi. 1970 ж. елде 7000 өнеркәсiптiк және майдагерлiк кәсiпорындар болды,
онда 50 мың адам еңбек еттi.Ливан тау-кен өндiрiсi Бискинт қаласы
атырабындағы темiр рудасы рудниктерi мен Триполи қаласы маңындағы қоңыр
көмiр шахталарынан құралады. 1971 ж. елде 1375 млн. Квт.сағат электр
энергиясы өндiрiлдi. Мұнай айыру өндiрiсi негiзiнен шетел капиталының
қолында. Триполиде “Ирак петролеум” компаниясына қарайтын мұнай айыру
заводы, Сайдада “Таплайн” компаниясының мұнай заводы жұмыс iстейдi. Шағын
цемент, металлургия және металл өңдеу, химия, мата тоқу, тамақ
кәсiпорындары бар. Ауыл шаруашылығы Ливанның аграрлық еркшелiгi iрi
помещиктiк жер иеленушiлiк пен кедей шаруалардың ұсақ, майдагерлiк
шаруашылықтарының қатар сақталуында. Ауыл шаруашылығы жер көлемi -39% оның
97%егiстiк, бақ, жүзiмдiк, 3%-i жайылым. Суармалы жерi 68 мың га. Басты
дәндi дақылдары – бидай, арпа. Ливан ауыл шаруашылығы өзiнiң iшкi азық-
түлiктiк қажетiнiң 13-iн ғана қамтамасыз етедi. Ауыл шаруашылығы түсiмiнiң
25-iн цитрус жемiсi мен жүзiм шаруашылықтары бередi. 1970-71 жылғы мал
саны, мүйiздi iрi қара 84, ешкi 318, қой 17,8млн. Таулы аудандарда
жайылымның тапшы болуынан мүйiздi iрi қараны өсiру онша дамымаған.Жылына
2,2мың тонна балық ауланады.Транспорты–автомобиль транспорты. Тас жолы
7,7 мың км (1970) ; олардың басты тармақтары: Бейрут –Дамаск (Сирия),
Бейрут –Триполи, Триполи ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасы мен Ливан Республикасы арасындағы қатынастар
БАСҚЫНШЫЛЫҚ СОҒЫС ЖӘНЕ ЖАҢА ҮЛГІДЕГІ ТАЯУ ШЫҒЫС
Палестина мемлекетінің тарихи кезеңдерде дамуы
Қазіргі әлемдегі аймақтық және жергілікті қақтығыстар
Екінші дүниежүзілік соғыстың соңғы оғы
Ислам мәдениеті мен ғылымы
Азия және Араб елдерінің өркенденуі
Дүниежүзілік қарусыздандыру саясаты
Таяу Шығыстағы Британ Француз үкіметінің отарлық саясатының дағдарысы
Солтүстік Африкадағы араб мемлекеттері
Пәндер