Әлемдік металлургия


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Әлемдік металлургия

Ұқсатушы өнеркәсіп салаларына металлургия, машина жасау, химия өнеркәсібі, ағаш өңдеу, цемент, жеңіл, тамақ өнеркәсібі және баска да көптеген салалар жатады. Бұлардың негізгі түрлерін қарастырайық.

Металлургия. Металлургия адамзатты конструкциялық материалдармен - қара және түсті металдармен қамтамасыз етеді. Пластмассалардың бәсекелесуі күшейгеніне қарамастан, болат дүниежүзілік экономикада негізгі конструкциялық материал ретінде қалып отыр.

Дүниежүзілік болат өндірісі жыл сайын шамамен 800 млн. тонна мөлшерінде. Бұл орайда осы мөлшердің 80 пайызына жуығы дамыған елдердің, 20 пайызы дамушы елдердің үлесіне келеді. Болатты көп өндіретін елдер - Жапония (100 млн. тоннадан астам), АҚШ, Ресей, Украина, ҚХР, ГФР.

Батыстың дамыған елдерінде кара металлургияның дамуының соңғы жылдарға төн ерекшелігі болатты өндіру мен тұтынудың азаюы болып табылады. Тосыннан қарағанда мұндай оғаш беталыстың үш себебі бар. Біріншіден, дүние жүзінде өнімге жұмсалатын металдың жалпы азаюының прогресті процесі жүріп жатыр. Екіншіден, металдарды пластмассалар пәрменді түрде ығыстыруда. Үшіншіден, қара металлургияның біразы онша "таза" өндіріс болмағандықтан, қазірден-ақ үшінші Дүние елдеріне көшірілді.

Ресейде де өнім жасауға металдың жұмсалуын азайту бағыты көзделіп отыр. Алайда ондағы машина жасауда металл емес конструкциялық материалдардың үлесі АҚШ-тағыдан аз. Металл сынықтарын пайдалану деңгейі де төмен.

Соңғы жылдары дүниежүзілік темір руда базасының географиясы көп өзгерді. Дамушы елдерден келетін бай руданың пайдаланылуы (60 пайызына дейіні - темір) және жергілікті жұмыс күшінің арзан болуы Батыс Еуропаның темір рудасы бассейндерінің біразында өндірудің тоқтатылуына әкеліп тіреді.

Руда шикізатының негізгі экспортшылары - Бразилия, Үндістан, Либерия, Австралия, ОАР. Шығыс Еуропа елдеріне темір рудасын ең көп жіберетін ел - Ресей.

Импорттық руданың (ал кейде кокстелетін көмірдің де) ағыл-тегіл әкелінуі Батыс Еуропаның көптеген елдері мен Жапонияда теңіз жағасындағы металлургияны дамытты. Батыстың дамыған елдерінен АҚШ пен ГФР-де ғана қара металлургияның ішкі орталықтары басым. АҚШ-та олар Ұлы көлдерге жақын орналасқан (Чикаго, Детройт, Янгстаун ауданы) . Әйтсе де теңіз жағасындағы металлургия да дамып отыр (Атлант жағалауындағы Балтимор, Тынық мұхит жағалауындағы Лос-Анжелес маңы) . Германияда Рур және Саар металлургия аудандары алда.

Шикізат пен кокс импортынан тәуелсіз елдерде (Ресей, Украина, Қытай, Қазақстан, т. б. ) металлургия комбинаттары көмір және темір рудасы базалары маңында не олардың арасында орналасқан. Металл өндірушілер арасында Польша да елеулі орын алады.

Кара металлургия дамушы елдерде шапшаң қарқынмен дамып келеді. Металлы көп өндірушілер қатарына Бразилия (Франция мен Ұлыбританияның алдына шықты), Үндістан, Корея Республикасы және т. б. қосылды.

Дүние жүзінің түсті металлургиясы жылына 40 млн. тоннаға жуық әр түрлі металдар өндіреді. Бұл ең алдымен алюминий (17 млн. т), ол қазіргі заманда алуан түрлі салаларда: авиация мен ракета техникасында, автомобиль жасауда, жеңіл конструкциялық материалдар өндіруде және басқа да.

Алюминий өнеркәсібі аумақтық жағынан бір-бірінен бөлінген өндірістік буындардан құралады. Бұлардың біріншісі - глинозем (алюминий тотығы) алу, мұның географиясы ішінара боксит өндіретін елдерге қарай ойысады. Энергия көп жұмсалатын екінші буын - алюминий өндіру - көбіне дамушы елдердегі арзан электр энергиясы көздеріне жақындауға бейім.

Боксит өндіретін негізгі елдер - Австралия, Гвинея, Ямайка, Ресей, Бразилия, глинозем өндіру жөнінен - Австралия, Ресей, АҚШ, Ямайка. Ал алюминий қорыту жөнінен алда келе жатқандар реті мүлдем басқаша: АҚШ, Жапония, Ресей, Канада, ГФР. Бұл елдердің бәрінде өндіріс ірі ГЭС-тер аудандарында немесе қуатты жылу электр станциялары шоғырланған жерде жүргізіледі.

1-к е с т е. Дүние жүзі елдерінің боксит өндіру мен алюминий шығарудағы үлестері %

Боксит өндіру: Боксит өндіру
Алюминий корыту: Алюминий корыту
Боксит өндіру: Австралия
Алюминий корыту: 29
АҚШ
38
Боксит өндіру: Гвинея
Алюминий корыту: 14
Жапония
12
Боксит өндіру: Ямайка
Алюминий корыту: 13
Ресей
11
Боксит өндіру: Ресей
Алюминий корыту: 5
Канада
7
Боксит өндіру: Суринам
Алюминий корыту: 5
ГФР
7
Боксит өндіру: Бразилия
Алюминий корыту: 5
Норвегия
4
Боксит өндіру: Грекия
Алюминий корыту: 4
Франция
4
Боксит өндіру: Югославия
Алюминий корыту: 4
Италия
3
Боксит өндіру: Гайяна
Алюминий корыту: 3
Улыбритания
2
Боксит өндіру: Баска елдер
Алюминий корыту: 18
Баска елдер
12
Боксит өндіру: Барлыгы
Алюминий корыту: 100
Барлығы
100

Ауыр түсті металдардың рудаларында металл өте аз болады. Мысалы, өндірілетін рудадағы мыстың мөлшері 0, 5-тен 3, 5 пайызға дейін, осының өзінде барған сайын жұтаң рудалар ұқсатылатын болды. Рудаларды байыту және қара мыс өндіру іс жүзінде руда өндіретін елдердің бәрінде ұйымдастырылатын себебі осы. Мыс рудалары Қорының дені Чилиде, АҚШ-та, Замбияда, Қазақстанда шоғырланған. Мысты тазартып қорытуға электр энергиясы көп кетеді, сондықтан қара мыстың біразы дамушы елдерге жіберіледі. Тазартылған мысты көп өндіретін елдер - АҚШ, Ресей, Жапония, ГФР, Қазақстан.

Металды өндіруші елдер мен қорытушы елдер арасындағы айырым қорғасын қорытып шығаруда да көрінеді. Руда өндіру жөнінен мұнда Австралия, АҚШ, Канада, Қазақстан, Ресей, одан әрі Перу, Мексика алдыңғы қатарда. Алайда металлы көп қорытып шығарушы елдердің арасында дамушы елдер жоқ десе болғандай: АҚШ, Батыс Еуропа елдері, Ресей, Қазақстан.

Машина жасау. Құрылымы жағынан машина жасау - дүниежүзілік өнеркәсіптің ең күрделі және көп тармақты саласы. Машиналар мен жабдықтарға, приборлар мен өндірістік мақсаттағы аспаптарға қоса бұл сала тұрмыс және мәдениет тұрғысындағы алуан түрлі бұйымдарды шығарады. Жасайтын бұйымдарына байланысты машина жасау энергетикалық, көлік, ауыл шаруашылығы машиналарын жасайтын, өнеркәсіптің көптеген салалары үшін технологиялық жабдықтар жасайтын, станок жасайтын көптеген салалар болып бөлінеді.

"Үлкен жетілік" елдері, сондай-ақ Ресей мен ҚХР "инеден бастап ұшаққа" дейінгінің бәрін, яғни металл бұйымдардың, машиналар мен кұрал-жабдықтардың барлық түрлерін жасап шығарады. Батыс және Шығыс Еуропа елдері, сондай-ақ кейбір дамушы елдер (Бразилия, Үндістан, Сингапур, т. б. ) әдетте машина жасау өнімінің белгілі бір түрлерін шығаруға маманданып, оларды дүниежүзілік нарықта сатады. Дамушы елдердің көпшілігінде бары, дұрысын айтқанда, машина жасау саласы емес, көлікке, кен өндіру өнеркәсібіне, ауыл шаруашылығына қызмет көрсететін және қарапайым құрал-сайман жасайтын металл ұқсату саласы.

Жекелеген елдер шегінде машина жасау саласының орналасуы көптеген факторларға байланысты. Мысалы, машина жасау саласының өзі үшін, кара металлургия, химия өнеркәсібі үшін, энергетика үшін қажет, металл көп кететін жабдықтарды жасайтын кәсіпорындар кара металлургия аудандарында болуға бейім (АҚШ-та Солтүстік-Шығыс, ГФР-де Рур, Украинада Донбасс, Ресейде Орал, Польшада Жоғары Силезия, т. б. ) . Прибор жасау, радиоэлектроника, дәл машиналар жасау салалары білікті еңбек ресурстары бар аудандарға орналастырылады. Тұрмыстық приборлар мен машиналарды шығаратын кәсіпорындарды орналастыруда тұтыну факторы, сатып алатындай сұранымның болуы зор рөл атқарады.

Дүние жүзінің машина жасау кешенінің басты бір саласы - автомобиль жасау. Дамыған ірі елдердің экономикасының жағдайы көбіне осы салаға байланысты, өйткені, біріншіден, ол маңызды экспорттық сала, екіншіден, пластмассалар, резеңке, әйнек, т. б. жасаушылардың жағдайы да соған "байланған".

Дүние жүзінде жылына шамамен 50 млн. жеңіл және жүк автомобильдері жасалады. Дүниежүзілік автомобиль жасау саласының "көш бастаушылары" Жапония мен АҚШ әрқайсысы

25-сурет. Автомобильдерді басты-басты жасаушылар мен экспорттаушылар 10 миллионнан аса автомобиль жасайды. "Дженерал Моторс", "Форд", "Крайслер" (АҚШ), "Тоета", "Ниссан", "Хонда" (Жапония), "Фольксваген" (ГФР), "Фиат" (Италия) - әлемнің автомобиль жасайтын аса ірі фирмаларының тізбесі осылай басталады. Ресейде жылына 2 миллиондай автомобиль жасалатын болғанымен, оның автомобильдері техникалық деңгейі жағынан ілгеріде аталған фирмалардың автомобильдерінен анағұрлым қалыңқы.

Ірі-ірі автозауыттар әдетте топтаса орналасады, ортада бас зауыт, оны айнала неғұрлым мамандандырылған кәсіпорындар, соның ішінде резеңке, әйнек, пластмассалар, сырлар жасап беретін зауыттар жайғасады. Мұндай "топтасқан" кәсіпорындар Детройттың (АҚШ), Вольфсбургтың (ГФР), Төменгі Новгородтың (Ресей) төңірегінде бар.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның металлургия кешеннің халықаралық еңбек бөлінісіндегі орны
Дүниежүзінің металлургия және машина жасау кешені
Металл кешенінің даму тарихы
Әлемдік шаруашылықтың даму кезеңдері
Халықаралық қатынастардың басты формалары
Өндірістің салаларын бейнелеу
Кен-металлургия жүйесі
Металлургия өнеркәсібі
Ресейдің металлургиялық кешеніне жалпы сипаттама
ҚАЗАҚСТАН РНСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӨНЕРКӘСІП САЛАЛАРЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ДАМУ БОЛАШАҒЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz