Түркия - республика
ЖОСПАР
Түркия 1
Мемлекеттік құрылысы 1
Этнодемографиялық құрылымы 1
Тарихы 2
Түркия
Түркия Республикасы (Turkiye Cumhuriyeti) — Батыс Азия мен Оңтүстік-
Шығыс Европадағы мемлекет. Территориясының 97%-іне жуығы Кіші Азия
түбегінде (Анатолия), 3%-ке жуығы Европада (Шығыс Фракия), оңтүстік-шығысы
Балқан түбегінде орналасқан. Солтүстік-шығысында Украинамен, Молдавиямен,
шығысында Иранмен, оңтүстік-шығысында Иракпен және Сириямен, солтүстік-
батысы Болгариямен, Грециямен шектеседі. Солтүстігін Қара теңіз, батысын
Эгей теңізі, оңтүстігін Жерорта теңізі шаяды. Жері 780,6 мың км2. Халқы
48,2 млн. (1995). Астанасы — Анкара қ. Әкімшілік жағынан 67 елдерге
(уәлаяттарға) бөлінеді.
Мемлекеттік құрылысы
Мемлекеттік құрылысы. — Түркия — республика. Қазіргі Конституциясы
1961 ж. 9 июльде күшіне енді. Мемлекет және үкімет басшысы — президент, оны
Ұлттық ұлы мәжіліс өз депутаттарының ішінен 7 жылға сайлайды. Президент
парламент қабылдаған заңдарды жариялап, Түркияның халықаралық қатынастарын
іске асырады, қарулы күштердің қолбасшысы да сол. Бір-деп-бір заң шығаратын
жоғары өкімет органы — екі палаталы парламент. Ұлттық ұлы мәжіліс. Жоғары
палатаның (сенат) 150 сенаторын халық 6 жылға сайласа, 15-ін президент
тағайындайды. Сайлау правосы 21 жасқа толған барлық азаматтарға берілген.
Өкіметтің шоғары атқару органы — үкімет. Оны президенттің нұсқауы бойынша
премьер-министр парламент мүшелерінен құрады. Жергілікті елдерді басқару
орталық өкімет өкілдері — валилерге жүктелген. Қалалар мен ірі елді
мекендерде муниципиалдық советтер сайланып, селоларды ақсақалдар кеңесі
және староста (мұхтар), халықтың өкілі ретіндө басқарады. Барлық сайланатын
органдардың өкілдігі 4 жыл делінген. Түркияның сот жүйесіне мировой соттар,
бірінші және екінші сот инстанциялары және сауда соттары жатады, Жоғарғы
сот инстанциясы — Анкарадағы кассациялық сот және бұлардан басқа ерекше
конституциялық сот бар.
Этнодемографиялық құрылымы
Халқының 90%-ке жуығы түріктер, олардан басқа курд, араб, черкес,
адыгей, грек, чечен, осетин, лезгин, лаз, грузин, армян, азербайжан,
түрікмен, еврей тағы басқа халықтар тұрады. Мемлекеттік тілі — түрік тілі.
Ресми діни нанымы — ислам діні. Ресми календари — григориандық. Халықтың
жылдық орташа өсімі 2,5% (2002—2004). Еңбек ететін тұрғындары 20 млн.
(1975), олардың 51%-і ауыл шаруашылығында, 13%-і өнеркәсіпте, 4%-і
транспортта, 5%-і саудада, 13%-і түрмыстык, орындарда, 4,0%-і басқа
салаларда істейді. Қала халқы 42%. Басты қалалары — Стамбул, Анкара, Измир,
Адана, Бурса, Газиантеп, Эскишехир, Конья.
Тарихы
Түрік мемлекеті 14 ғасырда Кіші Азия жерінде ұйымдасты. Бұл әскери-
феодалдық мемлекет болды, 14 ғасырдың — 17 ғасырдың 1-жартысында оның
территориясы кеңейді. Одан бұрын ежелгі заманда және ертедегі орта
ғасырларда түрлі мемлекеттік бірлестіктердің — Хетт патшалығының, Мидияныц,
Ахемен әулеті билеген мемлекеттің, Александр Македонский державасының,
Селевк әулеті билеген мемлекеттің, Понтий патшалығының, Пергамның, Римнің
(Ежелгі), Византияның, Коний сұлтандығының т. б. құрамына кірді. 14
ғасырдың 20 жылдары қарсаңында Кіші Азияның солтүстік-батысында феодалдық
князьдық қалыптасты да, әулетті құрушы Осман І-нің есімімен аталды.
Түріктер Византияның Анатолиядағы соңғы иеліктерін - 1326 ж. Бурсаны
(Т-ның алғашқы астанасы болды), 1329 ж. (басқа мәліметтер бойынша 1331 ж.)
Никеяны (Изник), 1337 ж. Никомедияны (Измит) басып алды; 1354 ж. Балқандағы
Галипольді (Гелиболу) жәнө оның маңайындағы византиялық бекіністерді
бағындырды. Мұрад I (1359—60 немесе 1362—89 ж. билік өткен) 1361 ж. (немесе
1362) Адрианополь (Эдирне) мен Шығыс Фракияның көршілес аймақтарын, сонан
соң Пилиппопольды (Пловдив), Софияны, Шуменді, Ништі, басқа да болгар,
сондай-ақ серб қалаларын өзіне қаратты. Баязид I (1389—1402 ж. билік
құрған) бүкіл Болгарияны жаулап алып, Никополь шайқасында (1396) европалық
рыцарьлардың біріккен күшін талқандады. Бұл кезеңде Осман мемлекеті
Анатолияда да өз шекарасын кеңейтті; мұнда негізінен түрік халқы
қалыптасты. 14 ғасырдың аяғына қарай Анатолия иеліктерінің (князьдықтар)
бәрі Осман мемлекетіне қосылды.
15 ғасырдың 40 жылдары қарсаңында Осман түріктері Балқанда тағы да
шапқыншылық бастады. Сұлтан Мұрад ІІ-нің әскері (1421—51 ж. билік еткен)
1444 ж. Варна маңындағы шайқаста өвроп. мемлекеттердің армиясын, ал 1448 ж.
крест тағушылар жасағын талқандады. Сұлтан Мехмед II-нің (1451—81 ж.
билеген) әскері 1453 ж. 29 майда Константинопольды алды. Сонымен Византия
империясы құлады. Осман мемлекеті енді империяға (қ. Осман империясы)
айналды. 15 ғ-дың 50—70 жылдары Сербияның тәуелсіздігі біржола жойылып,
Морея, Аттика, Трапезунд импетжясы, Босния, Эвбея аралы, Эгей теңізінің
басқа бірсыпыра аралы жаулап алынды, Қырым хандығы мен Валахияға түрік
суверенитета орнатылды. Мехмед II өзі билік жүргізген жылдардың аяқ шенінде
бүкіл Албанияны басып алды. Сұлтан Баязид II (1481— 1512 ж. билік еткен)
Оңтүстік-Шығыс Европаны жаулап алуды аяқтады, Герцеговинаны қосып (1482
немесе 1483), Молдовоға өз суверенитетін орнатты (1501). Сұлтан Селим І-
нің "(1512— 20 ж. билік құрған) әскері 1514 ж. Сефеви мемлекетінің армиясын
талқандап, оның астанасы Тебризді өзіне қаратты, 1514—15 ж. Арменияны,
Курдстан мен Солтүстік Месопотамияны (Мосулмен коса) басып алды. 1516—17 ж.
Сирияға, Ливанға, Палестинаға. Египетке, Хиджазға, 1519 ж. Алжирдің бір
бөлігіне билік орнатты. 1521 ж. түріктер Белградты, 1526 ж. Венгрияның
астанасы Буданы бағындырды. Родос, Эгей архипелагының өзге де аралдары,
Триполитания бүкіл Алжир түріктердің билігіне көшті.
1664 ж. түрік армиясы Сентготхард маңында австриялықтар мен
венгрлерден, 1683 ж. Вена шайқасында поляк әскерлерінен күйрей жеңілді.
1684 ж. түріктерге қарсы Қасиетті лига (Австрия, Польша, Венеция, 1686
жылдан Россия) ұйымдасты. Австриямен соғыс (1716—18) нәтижесінде Т. Кіші
Валахиядан, Боснияның бір бөлігінен, басңа да территориялардан, оның ішінде
Белградтан, Иранмен соғыс (1730—36) нәтижесінде Тебриз бен Хамаданнан
айрылды. 1739 ж. Россия Азов пен Запорожьені қайтарып алды. Қырым хандығы
тәуелсіздік алды (1783 ж. Қырым Россияға қосылды). Бұл Россияның Қара
теңізге шығуына мүмкіндік туғызды.
Әскери-лендік жүйе дағдарысы тереңдей түсті. Армияның жауынгерлік
қабылеті төмендеді. Билеуші тап шаруаларды қанауды күшейтті. Ауыл
шаруашылығының негізі шайқала бастады. Шаруалар жерін тастап, қалаларға
қашты. Сыртқы сауда іс жүзінде шетелдер капиталы мен компрадорлық
буржуазияға бағынды. Рынок қысқарды.
Т-ның билеуші топтары елді қамты-ған дағдарыстан реформа жүргізу ар-
қылы құтылмақ болды. 18 ғ-дың аяғы — 19 ғ-дың басында сұлтан Селим III
(1789—1807 ж. билік құрған) мен оның төңірегіндегі шағын топ алғашқы елеулі
реформалар ұсынды. Реформаларда әскери-феод. жер иелігін реттеу, жаңа,
европаша үйретілген, тәртіпті жаяу әскер қүру, армиямен және флотпен
байланысты мануфактуралық өндірісті ұлғайту т. б. белгілеп, жүзеге асыру
мақсаты көзделді. Бүлардың кейбіреуі ғана жүзеге асы-рылды. Тек 1826 ж.
сұлтан Махмуд II (1808—39 ж. билік етті) тұсында ғана армия қайта құрылып,
мемлекет, әкімшілік құрылым, финанс, право, ішінара мәдениет саласында
прогрестік шаралар кәдеге асты; ең маңыздысы: әскери-лендік жүйе жойылды.
Бірақ Махмұд ІІ-нің реформалары Осман империясын ыдыраудан құтқара
алмады. 1811—18 ж. египет пашасы Мухамед әли өзіне қаратқан Арабияның
едәуір бөлігі Мекке, Мединамен қоса сол кезде Египеттің билігіне көшті.
1806 ж. Балқанда іс жүзінде тәуелсіз Сербия құрылды. Россияның шекарасы
Прутқа дейін кеңейтілді. 1830 ж. Греция тәуелсіздік алды. Түркия сыртқы,
кей тұста ішкі саясатта дербестігінен айрылды. Түркияның Европа капиталына
экономик, тәуелділігі күшейді. Осындай жағдайда Түркияның билеуші табы 1839
ж. жаңадан реформалар жүргізуге ұмтылды. Бұл реформалар Түркия тарихында
танзимат деп аталды. Танзимат негізінде біраз өзгерістер жасалды:
мемлекеттік әкімшілік басқару саласында әскери-феод. тәртіптің қалдығы
жойылды, сот ісі жолға қойылды, түрік интеллигенциясының қалыптасуына,
танзимат (немесе жаңа) әдебиетінің пайда болуына жағдай туғызды. Бірақ
танзиматта белгіленген ең елеулі қағида — сұлтанға бағынышты барлық
адамдардың өмірі мен мүлкіне берілген кепілдік қағаз жүзінде қалды. Халық
бұқарасы танзиматтан ешнәрсе ала алмады. Түріктерден басқа халықтар түрік
үстемдігіне төзбеді.
19 ғ-дың 70 жылдарынан бастап империалистік мемлекеттер арасында Осман
империясына капитал орналастыру үшін күрес күшейді.
Орыс-түрік соғысында (1877—78) Түркия ауыр жағдайға ұшырады. Орыс
әскерлері бүкіл Болгарияны азат етіп, Стамбул маңындағы Сан-
Стефаноға X (Ешилькёй) дейін жетті. Солтүстік Болгарияда іс жүзінде
тәуелсіз Болгар князьдығы, Оңтүстік Болгария автоном. провинцияға
айналды. Сербия, Черногория, Румыния толық тәуелсіз деп танылды. Батуми,
Каре, Ардаган, Бессарабияның оңтүстік бөлігі Россияға қосылды. Франция
1881 ж. Тунисті, Англия 1882 ж. Египетті басып алды. Шығ. Румелия Болгар
князьдығына (1885), Фессалия Грецияға (1881) қосылды. 1897 ж. Т. Крит
аралынан айрылды.
1879 ж. Т. банкротқа үлпырады деп жарияланды, 1881 ж. сұлтан Оттоман
мемл. қарызы басқармасын қүру ту-ралы декрет шығарды. Басқарманы
шетелдердің несие ақша беруші адам-дары басңарды. Француз капиталына
берілген Режи темекі монополиясы да басқарма сияқты мемлекет ішін-дегі
мемлекетке айналды. Шетелдер капиталы түрік экономикасы мен фи-нансының
басқа да аса маңызды сала-ларын өз қолына алды. Әсіресе Англия мен Франция
күрделі қаржы-ны неғұрлым көп жұмсады. 19 ғ-дыц аяғынан оларды Германия
тықсыра бастады. Армияға, жандармерияға, флотңа, Т-ныц басқа
ведомстволарына да шетел ықпалы күшейді. Ішкі сая-сатта сұлтан Абдул-Хамид
II (1876— 1909 ж. билік қүрған) елдіц дербес экономик, дамуына кедергі
жасады, прогресшіл күштерді түншықтырды, армяндарды қырғынға үшыратты. Бүл
тарихқа зулым саясаты деген ат-пен енді.
Т-ның империализмге тәуелділігі және зүлым тәртібі елдің әлеумет-тік-
экономик. дамуын кешеуілдетті, бірақ прогресшіл күштердің өсуіне толық
кедергі жасай алмады. 19 ғ-дың аяғында жас туріктер қимыл жасады. Олар 1889
ж. Бірлік және прогресс деп аталатын қүпия комитет қүрған болатын. Жас
түріктер конституция-лык, құрылыс орнатылуын талап етті, жалпы османизм
идеологиясын бурж.-рев. османизмге айналдыруға тырыс-ты, сұлтан билігіне
қарсы күресті. Не-гізінен офицерлер қауымына сүйене отырып, 1908 ж. июльде
жас түріктер қарулы көтеріліс үйымдастырып, сұл-тан Абдул-Хамид ІІ-ні 1876
жылғы конституцияны қалпына келтіруге, парламент шақыруға мәжбүр етті. Жас
туріктер революциясы (1908) жеңгенімен, өзінің бүрынғы бурж.-рев. маңызын
жойды. Жас түріктер енді империядағы барлық халықтар-дың тец праволылығы
орнына оларды күпшен түріктендіру саясатын жүр-гізді, реакцияшыл
пантюркизмді жақ-тады. Түріктерден басқа халықтардың азаттық күресі
Балқанмен қатар, Йеменді, Сирияны, Ливанды, Иракты, империяныц басқа да
аймаңтарын тү-гел дерлік қамтыған кезде, жас түріктер реакцияшыл
панисламизмді басшылыққа алды.
Жас түріктер түрік еңбекшілер бұ-қарасыныц жағдайын жақсартуға күш
салмады. Шерге жеке меншік күшей-іп, шаруалар жерінен айрыла бастады.
Жүмысшылардыц ереуіліне заң жүзінде тыйым салынды. Демокр. пиғылдағы
адамдар қуғынға түсті.
1912 ж. Т-ның Африкадағы ец соңғы иеліктері — Триполи мен Киренаика
бөлініп шықты. Т. Додеканес аралдарынан айрылды. 1914 ж. Т. Германия
жағында 1-дүн. жүз. империалистік соғысқа қосылды. Ел ішінде ңатал террор
күшейді. 1915 ж. жас түріктер өкіметі 1 млн-нан аса армяндарды қырғынға
ұшыратып, шығыс про-винциялардағы басқа армяндарды тұтқын лагерьлеріне
жіберді. Айсорлар (ассириялықтар) да жаппай қырғынға ұшыратылды.
Түркия дербес, ұлттық даму жолына түсті.
1918 жылдың басында ағылшындар Палестина, француздар Македон
майдандарында түрік армиясын талқандады. Іс жүзінде бұл Осман империясының
ақырғы күндері болды. Т. астанасы — Стамбулда, одақтастар әскері
оккупациялаған басқа да аймақтарда өкімет билігі шын мәнінде Антанта
елдерінің қолында болды. Мудрое уақытша бітіміне (1918) қол қойылғаннан
кейін Антантаның соғыс флоты Қара теңізге кірді. Осы кезде ағылшын әскері
Мосулды алды, Киликияны, Анатолияның кейбір басқа аймақтарын оккупациялады.
Итальян әскерлері Анатолияның теңіздегі бат. жағалауының бір бөлігін,
Антальяны, маңайдағы округтарды Коньяга дейін, ал грек әокерлері Измирді
өзінө қаратты (1919 ж. 15 май).
Елде ұлт-азаттық қозғалыс өрістеді. Бат. Анатолияда партизандар соғысы
басталды. Түрік интеллигенциясы, ең алдымен әскер ңатарындағы интеллигенция
Анатолия буржуазиясының идеологы, азаттың қозғалысының басқарушысы болды.
Түрік ұлтшылдарының басшысы Мүстафа Кемаль-паша (Ататурік) осындай
офицерлер қауымынан шықты және барлық қозгалыс кемалыпылдар қозғалысы, ал
азаттық соғыеыныц барысында өріс алған бурж.-ұлттық рев. кемальшылдар
революциясы деп атала бастады. Ұлттық буржуазияның мүддесін көздеген,
Кемальдың өзі басқарған кемальшылдардың радикалды қанаты османизм,
пантюркизм, панисламизм идеологиясынан қол үзіп, Түркияны тәуелсіз
мемлекетке айналдыруға ұмтылды. Сұлтан Абдул-Хамид II мен империалистік
мемлекеттер кемальшылдардың ұлы уәзірді өзгертіп, парламент шақыру
жөніндегі талабын қанағаттандыруға мәжбүр болды. 1920 ж. январьда Стамбулда
ашылған парламент Түркияның тәуелсіздігі декларациясын ңабылдады. 1920 ж.
23 апрельде Анкарада шақырылған Түркияның ұлы ұлттық жиналысы (ТҰҰЖ) өзін
елдегі бірден-бір заңды өкімет орны деп жариялады. Абдул-Хамид III ағылшын
кемелері-мен халифат армиясын жіберді, антанта елдері интервенция үйымдас-
тырды. Бұған қарсы ұлт-азаттық соғыста Советтік Россия түрік халқына
моральдық және ақшалай көмек (алтындай 10 млн. сомнан астам), едәуір қару-
жарақ, оқ-дәрі, байланыс құралдарын т. б. берді. 1921 ж. 16 мартта Москвада
РСФСР мен Т. арасында Достық және туысқандық туралы шартқа қол
қойылды; шарт совет-түрік шекарасы жайлы мәселені ретке келтірді және жалпы
алғанда соғыс қаупін жойды. Москва шарты, сондай-ақ Т. мен Закавказье
Советтік Республикалары арасындағы Каре шарты (1921 ж. 13 окт.) және
Украин-түрік шарты (1922 ж. 2 янв.) совет-түрік достығының берік негізін
қалап, екі жаққа зор пайда келтірді, түрік халқының империалистік
басқыншыларға қарсві күресте жеңіске жетуінде мацызды роль атқарды.
1921 ж. янв. және мартта түрік әскерлері Инёню маңында грек армиясының
шабуылына тойтарыс берді, сол жылы авг. — сентябрьде Сакарья ө. бойындағы
шайқаста оның шабуылын біржолата тоқтатты, ал 1922 ж. 30 августа Думлупынар
маңындағы шайқаста басқыншылар әскерін толық жеңді. Измир мен бүкіл
Анатолия шетел басқыншыларынан түгел азат етілді. Муданий уақытша бітімі
(1922) мен Лозанна бітім шарты (1923) түрік халқының азаттық соғысын
аяқтады.
Түрік халқының азаттық күресі барысында шетел капиталының үстемдігі
мен сүлтандық феод.-клерикалдык, құрылысңа қарсы бағытталған буржуазиялық-
ұлттық революция міндеттері шешілді. Революция нәтижесінде түрік ұлты
қалыптасып болды.
1923 ж. 29 октябрьде Түркия республика болып жарияланды. 1924—34 ж.
мемл. құрылыс, праволық қатынастар, мәдениет және тұрмыс салаларында
реформалар жүргізіліп, экономика саласында бірсыпыра прогресшіл шаралар
жүзеге асырылды. Шетел концессиялары түгел дерлік жойылды және сатып
алынды, ұлттық банкілер құрылды, бірқатар жаңа темір жол, порт құрылыстары,
өнеркәсіп орындары салынды.
30 жылдардың екінші жартысынан бастап түрік үкіметі ұлттық
принциптерден ашық шегіне бастады. 2-дүн. жүз. соғыс шықңан кезде Т.
империа-листік елдермен бүрынғыдан да жақындаса түсті. 1939 ж. 19 октябрьде
Ұлыбританиямен, Франциямен одақтық шарт жасасты, ал 1940 ж. Франция тізе
бүккеннен кейін, гитлер Германиясымен жақындасып, 1941 ж. 18 июяьде
Ұлыбританиямен одақты сақтай отырып, Германиямен Достық және тиіспеу
туралы шарт жасасты.
2-дүн. жүз. соғыстан кейін Түркияға АҚШ-тың ықпалы күшейді. 1948 ж. Т.
америкап комегін алу туралы АҚПІ-пен келісім жасасты, мұнан кейін осы
тектес көптеген келісімдерге қол қойылды. Келісімдерге сэйкес Түркия кару-
жарақ сатып алу, соғыс-стратегиялық және басқа құрылыстар салу үшін көп
мөлшерде кредиттер мен субсидиялар алды, оның есесіне түрік жеріне американ
соғыс базаларын жасауға рұқсат етті. 1950—53 ж. Т. корей халқына қарсы
соғысңа қатысты, 1952 ж. НАТО-ға, 1955 ж. Багдад пактісіне (кейіннен СЕНТО)
қосылды.
1960 ж. 27 майда армия Анкарада мемл. төңкеріс жасады. Ген. Дж.
Гюрсель өкімет басына келді. Капиталистік экономиканың дамуына байланысты
ірі буржуазия, сонымен қатар солшыл ағымдар күшейе бастады.
1961—64 ж. үкіметті Халықтық-республикалық партияның (ХРП) басшысы И.
Инёню бастаған коалиция өкілдері, 1965—69 ж. С. Демирель бастаған ЭП
өкілдері басқарды.
Экономикасы.
Т. — феодализмнің ңалдығы сақталған (әсіресе а. ш-нда) агр.-
индустриялы ел. Экономикасы Бат. Европа мен АҚІП монополиясы-на тәуелді.
Барлық т. ж. транспорты, байланыс мекемелері, теңіз транспорты, кредит-
банкі жүйелері, оцдеу өнеркәсібі, тау-кен өндірісі мен энергетикасы мемл.
ңарамагында. 60 жылдардан бастап елдің ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz