Қазақстан Түркиямен байланысы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстанның Түркиямен байланысы

Түркия Республикасы – Батыс Азияда және ішінара Оңтүстік-Шығыс Еуропа
жерінде орналасқан мемлекет. Территориясының 97% Кіші Азия (Анадолы)
түбегін, 3 %-ке жуығы Еуропа ендігін (Шығыс Фракия), оңтүстік-шығыс Балқан
түбегін қамтиды. солтүстік-шығысында – Иранмен, оңтүстік-батысында Иракпен,
Сириямен, солтүстік-батысында Бұлғариямен және Грекиямен шекараласады. Эгей
теңізінің бірнеше аралы Имроз, Бозданелла түбектері, сондай-ақ, Мартар
теңізі Түркияны еуропалық және азиялық бөліктерге бөліп жатыр. Жер аумағы –
780,6 мың шаршы км, халқы – 62,5 млн адам. Астанасы – Анкара қаласы. Ұлттық
валютасы түрік лирасы. Ресми қарым-қатынаста түрік тілі қолданылады.
Әкімшілік жағынан 67 ильге (уәлаятқа) бөлінеді.
Түркия – Кіші Азия мен Армян қыраттары шегінде жатқан таулы ел.
Солтүстік және оңтүстік жағалауы шығанақты келеді. Жері батыстан шығысына
қарай 160 км-ге, солтүстігінен оңтүстігіне 500-600 км-ге, ал теңізбен
шектесетін жағалауы 7 мың км-ге созылған. Жері, негізінен, таулы-үстіртті.
Солтүстігінен Понтий таулары (Качкар тауы, биіктігі 3937 м), оңтүстігінен
Тавр тау жүйелері (биіктігі 3726), шығысында Солтүстік Тавр жоталары, ішкі
бөлігін Анадолы үстірті алып жатыр. Пайдалы қазбалардан – хромит (Тавр,
Батыс Понтий таулары), борат (Батыс Понтий таулары), боксит (Тавр, Понтий
таулары), вольфрат, сынап, сурьма (Мендерес, Қыршехир, Батыс Понтий
таулары), мыс (Понтий, Шығыс Тавр), тас көмір (Понтий таулары), мұнай
(оңтүстік-шығыс), марганец, темір, қорғасын, мырыш, қоңыр көмір, магнезит,
барит, асбест, флюорит, күкірт, фосфат, тас тұзы өндіріледі.
ЭКОНОМИКАСЫ. Түркия – аграрлы-индустриялы ел. Халықаралық еңбек
бөлінісінде ол аграрлық-шикізаттық аудан рөлін атқарды. Бүкіл темір жол
көлігі, байланыс құралдары, теңіз көлігінің көбісі кредит-банк жүйесі
қаражатының 3,4-і, өңдеуші кәсіпорын өнімдерінің шамамен 13-і, кен
өндіруші өнеркәсіптің ¾-і және елдің электр энергетикасының барлығы
мемлекетке тиесілі. Егіншілік – ауыл шаруашылығының жетекші саласы. Ел
аумағының 25,5 млн га бөлігін (бүкіл территориясының 33 пайызын) егістік
алып жатыр. Оның 80 %-іне дәнді дақылдар өсіріледі. Егістік алқаптың 15%-
іне техникалық дақылдар (мақта, темекі, қант қызылшасы, күнжіт, зығыр)
егіледі. 3,3 млн га алапты (4,2%) бақ пен жүзім баулары алып жатыр. Жерорта
теңізі жағалауына, негізінен, жүзім, інжір, маслина, цитрусты жемістер,
алма, өрік т.б., ал Қара теңіз жағалауының шығыс бөлігіне шай (жылына 200
мың т шамасында өсіріледі. Мал шаруашылығы да жақсы дамыған. Түркия – ангор
ешкісінің түбітін әлемдік рынокқа жеткерушілердің бірі. Жылына шамамен 60 т
жүн алынады. Бұрсы ауданында ауыл шаруашылығының ежелгі саласы – жібек
тұтын өсіру сақталып қалған. Елде балық шаруашылығымен айналысатын
кәсіпкерлер көп: жылына шамамен 180 мың тонна теңіз балығы ауланады. 20 млн
га жерді (ел территориясының шамамен 25%-ін) орман-тоғай алып жатыр. Қылқан
жапырақты ағаш түрлері: қарағай мен шырша көп өседі. Ауыл шаруашылығы соңғы
кездері ел экономикасының мейлінше тез өсіп келе жатқан секторларының
біріне айналған. Түркия – азық-түлік өнімдерін өндіруде дербестікке жеткен
санаулы елдердің бірі. Өнім өндірудің 82% - өңдеуші өнеркәсіптің, 10%-тейі
кен өндіру саласының, 7-8%-і энергетиканың үлесіне тиеді. Түркия
өнеркәсібінің тарихы XIX ғасырдың соңынан басталады. Осман империясы құлар
қарсаңда елді индустрияландыруға талпыныс жасалды. 1913 жылы Өнеркәсіпті
қолдау туралы Заң қабылданды. Бірақ 1923 жылға дейін бұл салаға ешқандай
инвестиция түскен жоқ, барлық қаржы әскерді асырауға жұмсалды. Тек Түркия
Республикасы құрылып, саяси тәуелсіздік алғаннан кейін елді
индустрияландыру жөнінде шешімді шаралар қабылданды. 1927 жылы өнеркәсіпті
қолдау туралы жаңа заң қолданысқа енді. 1927-1950 жылы жалпы ұлттық
өндірістегі өнеркәсіптің үлесі 20%-ке артты. 1960 жылы жоспарлы даму кезеңі
басталып, үкімет мемлекеттік секторға басшылық жасауды қолға алды. Сондай-
ақ, бүкіл Түркия экономикасына міндетті болып табылатын бесжылдық жоспар
арқылы жеке секторларға нұсқаулар шығарды. Алғашқы үш бесжылдық кезінде
жалпы ұлттық табыстағы өнеркәсіптің үлесі: 1963 – 16,8%-ке, 1972 – 22,7%-
ке, 1977 – 23,7%-ке артты. 1980 жылдары экономика мен өнеркәсіптегі
тоқырауды жоюға арналған жаңа экономикалық бағдарлама әзірленді. Кейінірек
Қаңтардағы 24 шешім деп аталған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ Мемлекеттік Университетінің Ғылыми кітапханасы
Кавказдағы түркі халықтары
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҮРКИЯМЕН БАЙЛАНЫСЫ
Туркия және Орталық Азия елдері арасындағы қарым-қатнастың экономикалық аспектілері
Түркияның Орта Азия мемлекеттермен дипломатиялық қарым қатынастары
Түркия Республикасының тоғызыншы
ТҮРКИЯ ЖӘНЕ ЕУРОПАЛЫҚ ОДАҚ
Қазіргі Түркия мемлекетінің Қазақстандағы қарым қатынас деңгейін көтерудегі рөлін көрсету
Қазіргі таңдағы Қазақстан - Түркия арасындағы экономикалық қарым - қатынастары
Қазастан мен Туркия арасындағы қарым-қатынастың даму кезеңдері
Пәндер