Франция Республикасы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Франция

Көлемі - 551, 5 мың шаршы км. Халқы - 59, 4 млн. адам. (2000) . Елдің дамуындағы елеулі рөлі - негізгі экономикалық-географиялық белгілерінде: теңіз байланыстардың қолайлылығында, Ұлы Британия, Германия, Швейцария және Оңтүстік Еуропа аралығындағы желілік жағдайдың маңыздығында. Францияның құрамына Корсика аралымен бірге бірнеше аралдар кіреді.

Елдің толық аталуы - Франция Республикасы. Мемлекет құрылымы - президенттік республика. Елдің құрамына 96 департаментке бөлінген 22 облыс кіреді. Сонымен қатар, Францияның құрамында теңіздік департаменттер (Мартиника, Гваделупа, Француздық Гвианасы т. б. ) және теңіздің ар жағындағы аумақтар (Жаңа Каледония, Француз Полинезиясы бар. Астанасы - Париж. Франктер Патшалығы V ғасырда құрылған. 1792 жылы бірінші Республика жарияланды. Ұлттық мейрамы - 14 шілде - Бастилияны алған Күн (1789) . Мемлекеттің басшысы - президент, премьер-министрді тағайындайды. (Кеңестер министрі - басшысын. Заң шығарушы билігі қос палаталы Сенат (жоғары палата) және Ұлттық жиналыс (төменгі палата) . Франция дүние жүзіндегі бай елдердің бірі, оның өнеркәсібі жоғары дамыған және ауыл шаруашылық қоры мол. Экономикалық әлуеті бойынша бұл Еуропадағы Германиядан кейінгі екінші ел.

Халқы. Халқының 95%-ға жуығы - француздар, басқа этникалық топтар британ, басқа, каталандықтар, немістер бар. Елде алжирліктер, түріктер, италяндықтар тұрады. Ресми тілі - француз, диалектілер - эльзас, баск, бритон, коралка. Халқының 90%-ы католик дінін уағыздайды. Ерлердің оташа өмір сүру ұзақтығы - 74 жас, әйелдер - 82 жас (1995) . Елдегі негізгі әлеуметтік мәселе - жаппай жұмыссыздық (1999 ж. - 11, 5%) . Қалалық елді мекендердің негізгі формасы - агломерация. Париж агломерациясында 9, 6 млн. тұрғын және елдегі халықтың 16%-ы тұрады. Ірі қалалары - Лион және Марсель.

Аумағы жағынан ең ірі және экономикалық - саяси қарым-қатынасы маңызды Париж ауданының аумағы - Солтүстік Франция ойпатымен сәйкес келіп, жеті ЭСА (ЭПР) экономикалық-саяси аудандардан тұрады.

Олар: Иль-де-Франс, Шампань-Арденны, Пикардия, Орталық, Бургундия, Жоғары және Төменгі Нормандия. Қазір мұндағы өңдеу өнеркәсібі ең қуатты, техникасы мен ауылшаруашылығы дамыған, хабар тарату жүйесі көп, астаналық аудан. Оның барлық өмірі Парижбен тығыз байланысты.

Астаналық және қала маңындағы аймақта халықтық және өнеркәсіптік ауданның 2/1 бөлігі шоғырланған. Париж Солтүстік Франция орталығында Сена өзенінің сағасы мен оған келіп құйылатын Марны және Уазының құйылысында орналасты. Қала архитектуралық ансамблдермен және тарихи ескерткіштерге өте бай, сондықтан жыл сайын миллиондаған туристерді тартады.

Қала өз атауын б. э. д. I ғасырда Сите өзені арқылы өтіп ең алғаш қоныстанушы галлдық тайпа паризилерден алды. Қаланың дамуына оның Сены бассейніндегі желілік жүйе, Францияның басқа аумақтары мен сыртқы әлеммен байланыстың қолайлылығы, әсіресе, франктер корольдығының (VI ғ. бері) және Францияның (XII ғ. бері) астаналық рөлінің көмегі тиді. Халықтың саны Франция басқа аумағынан және шет елден көшіп келушілердің санымен тез өсті.

Қазіргі Париж - дүние жүзіндегі ең ірі және әдемі қала. Бұрынғы сипаты бойынша оның аумағы - 104 шаршы км. Халқы - 2, 1 млн. адам. Алайда, Үлкен Париж қала маңын қосқанда астанасы -1, 8 мың шаршы км. -ді алып жатыр, халқы -9, 6 млн. адам (15% астамы - қоныс аударушылар) .

Агломерациялардың сыртында, серік - қалалар кенттенген аймағы жатыр (1, 5 млн. тұрғын) . Париж қалалық кешенінің сыртқы шекарасы, ерекше статусқа ие Иль-де-Франсқа ЭСА жақын.

Париж - елдің саяси өмірінің орталығы, үкімет, парламент, т. б. мемлекеттік мекемелер, саяси партиялық органдар, басқарушылар, капиталистік корпорациялардың штабтары, ел экономикасын бақылаушылар осында орналасқан.

Үлкен Парижде елдің тауар айналымының жартысынан көбі өндіріледі. Ел экономикасы постиндустриалдық сипатқа ие. Елдегі қызметтің түрлері бойынша дүние жүзінде көшбасшы ел. Ел минералдық ресурстарға бай емес. Лотарингіде көмір өндіреді. Мұнай мен газдың қоры бар. Орталық тау сілемдерінде уранның қоры бар.

Өнеркәсіп. Шаруашылығының негізгі саласы - машина жасау, энергетика және химия өнеркәсібі. Атом өнеркәсібі дамыған. Ядролық энергетиканың дамуы жағынан АҚШ-тан кейінгі орынға ие. Электр қуатының жартысына жуығы өндірілетін атомдық электр станцияларының 50 энерго блогі жұмыс істейді. Машина жасауда өңдеу өнеркәсібінің саласы сияқты электроника (Лион, Тулуза, Монпелье, Препобль) және электрлік техникалардың құрал-жабдығын шығару тез дамып келеді. Металл кесуші станоктар мен тоннажды кемелерді шығару қысқарды. Қазірге дейін Франция өнеркәсіптік құрал-жабдықтарды шығаруда бірінші орынға ие. Автокөлік, авиация және ғарыштық техника, қару-жарақ шығару халықаралық мамандандырылуға кіреді. Автокөлікті жасау орталықтары: Ренн, Лион және Сошо-Монбельяр.

Авиаұшақтарды жасаушы өнеркәсіп Еуропада бірінші орынды алады. Авиациялық зауыттар Париж, Бордо, Бурн, Мариньян, Тулузада шоғырланған. “Арман” әйгілі ұшағын көптеген елдер спутникті ұшыруға пайдаланады.

Ірі кеме жасайтын верфтер қала маңындағы Сен-Назаре, Дюнкерке, Шербуреде орналасқан. Темір жолдық техникалары (электр поездар, локомотив, метрополитенге қажетті құралдар Лилля, Лион және Дижона зауыттарында шығарылады. Франция дүние жүзінде минералдық тыңайтқыштар, синтездік каучук, көмір, химиялық өнімдерден (дәрі-дәрмек, парфюмерия т. б. ) шығарудан жетекші орынды алады. Тоқыма өнеркәсібінің орталығы - Рубе-Туркуэн, Лилль, Армантьер, Камбре, Мюлузе және Эпинальда мақта-мата өнеркәсібі дамыған. Лионның табиғи жібегі, Труа, Париж және Рубенің тоқыма маталары әлемге әйгілі. Құқығы жағынан “сәннің негізгі заң шығарушысы” болып Париж есептеледі. Мұнда ірі тігін өнеркәсіптерінің объектілері шоғырланған. Тамақ өнеркәсібінің аумағы өте кең (француз шарабы, сүзбе т. б. ) .

Ауыл шаруашылығы. Франция Батыс Еуропада сүт, қант қызылшасы, бидай, өндіру бойынша бірінші орын, ет және картоп өндіруден (Германиядан кейін) және жүзім өсіруден (Италиядан кейін) екінші орынға ие. Ауыл шаруашылығының жетекші дақылдары - бидай, ол егістіктің 1/3 бөлігін алады. Негізгі астық өндіруші аудандар - Солтүстік Франция және Аквитан ойпаты.

Бидайдың орташа шығымдылығы гектарына 70 ц. артық. Роны атырауында күріш өсіріледі. Кейбір учаскелерде құлмақ, зығыр, темекі, күнбағыс көп өсіріледі. Ницца маңында ірі гүл плантациялары бар.

Ланге-Докеде, Луар алқабында жүзім өсіру дамыған. Бордо, Шампании, Эльзаста маркалық шарап өндіріледі. Жүзім шарабын өндіруде Франция дүние жүзінде бірінші орынға ие. Ең танымал сусындары; «Шампан», «Коняк» және «Кагор». Көкөніс пен жеміс-жидек өсіру дамыған. Мал шаруашылығының негізгі бағыты етті және сүтті мал өсіру. Ең маңыздысы Солтүстік-батыс мал шаруашылығы ауданы, онда мүйізді ірі қараның 1/3 бөлігі шоғырланған. Сонымен қатар, шошқа және жылқы шаруашылығы дамыған. Қой шаруашылығының негізгі ауданы Орталық сілем. Елдің экономикасында маңызды рөлге балық аулау (Булонь, Ла-Рошель т. б. ), устрица өндіру жатады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Елдердің сыртқы саясаты
Франция экономикасы
Қырғи қабақ соғыс жағдайындағы АҚШ пен Совет одағы және Францияның қарым - қатынастары
Франция жері
Қазақстан Республикасы мен Француз Республикасы арасындағы қатынастар
ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАН - ФРАНЦУЗ ҚАТЫНАСТАРЫ
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі халықаралық жағдай «қырғи қабақ соғыстың» шығу себептері
Қазақстан Республикасы және Еуропа мемлекеттері арасындағы байланыс
Дүниежүзінің металлургия және машина жасау кешені
Екінші дүниежүзілік соғыстың соңғы оғы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz