ХАЛЫҚТЫҢ ҚҰРАМЫ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
2. ХАЛЫҚТЫҢ ҚҰРАМЫН (ҚҰРЫЛЫМЫН) БІЛЕЙІК

1. Жыныстық құрамы: ерлер мен өйелдер арасалмағы. Табиғатта ер мен
әйелдің туылуы бірдей болады. Орта есешіен алғанда әрбір 100 қыз балаға
шамамен 104-107 ер бала туылғанымен, 15 жаска карай екі жыныстың арасалмағы
теңеседі. Бірақ мұнан кейінгі жас топтарында халықтың жыныстық құрамының
қалыптасуы әр түрлі елде әр турлі өтеді.
Дүние жүзі елдерінің шамамен жартысында әйелдер саны ерлерден артық.
Мұндай басым болу ТМД-ның кейбір елдерінде, шетелдік Еуропа, Солтүстік
Америкада едәуір.
Мұның себебі — әйелдердің орташа өмір жасының ұзақтығы ерлерге
қарағанда бірнеше жас артық болады. Кейбір елдерде әйелдердің өте көп болуы
- екінші дүниежүзілік соғыс кезіңде ерлердің көп мерт болуына байланысты.
Дегенмен, өмірге жаңа ұрпақтың келуіне орай олардың санындағы алшақтық
біртіндеп кеміп келеді.
Мысал: 1997 ж. Ресейде әйелдер ерлерден 9 млн-ға артық болды. Болжау
бойынша 2010 жылға қарсы мұндай алшақтық 10-11 млн-ға жетеді, ол ең
алдымен, ер адамдар арасындағы өлімнің көптігімен байланысты.
Африка, Латын Америкасы, Австралияда және Мұхиттық аралдарда ерлер және
әйелдер саны шамамен бірдей.
Ал, шетелдік Азияда ерлер едәуір басым. Көп жағдайда бұл ұзақ мерзім
әйелдердің отбасы және қоғамда төмендетушілік жағдайының орын алып
келгендігімен түсіндіріледі (некеге ерте тұру, кедейшілікпен, науқас
жағдайларда баланы көп және ерте туу). Соңғы кезде Азияның кейбір елдері
халқының жыныстық құрамына халықтың сыртқы көшіп-қонуы зор әсер етуде.
Мысал. Парсы шығанағының мұнай өндіруші елдерінде ерлер енбек күшінің
көп келуі нәтижесінде барлық халықтағы ерлердін үлесі 55 - 65% болуда.
Мұндай басымдылық дүние жүзінде жоқ.
Жалпы дүниежүзілік арасалмаққа Қытай мен Үндістанда ерлер санының басым
болуы өте күшті ықпал етеді. Ең алдымен, осы елдердің нәтижесінде, тұтас
алғанда, дүние жүзінде әрбір 100 әйелге 101 еркектен келеді.
2. Жас құрамы: еңбек ресурстарына ықпалы. Адам өмірін жыл мезгілдері
тұрғысынан қарастырған ежелгі грек математигі әрі философы Пифагор одан
төрт: көктем (балалық шақ), жаз (жастық шак), күз (есейген шақ) және қыс
(кәрілік) маусымдарын ажыратуды ұсынған. Казіргі кезде де ғалымдар
халықтың демографиялық жастық шағы, есейген шағы және кәрілік шағы туралы
әнгіме қозғайды. Елді немесе аймақты осы маусымдардын біріне жатқызу — ең
алдымен, туу, өлу, табиғи өсу көрсеткіштеріне байланысты. Халықтың жас
құрамының негізгі түрлері жалпы алғанда, оның ұдайы өсу түрлеріне сай
келетіні, міне, осыдан.
Мысал. Дамыған елдерде бүкіл халыққа есептегенде балалардьщ үлесі орта
есеппен 23%, егде адамдардын үлесі 15%, ал дамушы елдерде бүл көрсеткіш
тиісінше 43% және 6% .
Халықтың жас және жыныстық құрамын сызып талдау үшін диаграммада жасы
мен жынысы көрсетілген пирамида қолданылады.
Халықтьщ негізгі өндіруші бөлігі — еңбек қорларын анықтауда оның жасы
басты өлшем болып табылады. Олардың өндіріске қатысу дәрежесін экономикалық
белсенді халық[1] көрсеткішінен байкауға болады.
Орта есеппен алғанда, дүние жүзінде экономикалық белсенді халық
категориясына шамамен бүкіл халықтың 45%-ін немесе 2,7 млрд-тан астам
адамды жатқызуға болады. Ресейде, шетелдік Еуропа елдерінде, Солтүстік
Америкада бұл көрсеткіш (50-60%), әйелдер барынша енбекке араласкан
жағдайдың өзінде дүниежүзілік орташа көрсеткіштен төмен (40-45%). Бұл
олардын жалпы экономикалық мешеулігіне, миллиондаған балалар мен
жасөспірімдердін еңбек ететініне карамастан, балалардың көптігіне, (11
суретке кара) коғамдык өндіріске әйелдердің аз тартылуына байланысты (6
тапсырма).
3. Этникалық (ұлттық) құрамы: күрделі проблемалар. Бүкіл дүние жүзінде
барлығы 3-4 мың халық немесе этнос[2] бар. Олардын бір бөлігі ұлт болып
қалыптасқан, ал баска бөлігі ұлыстар мен тайпалар болып саналады. Халықтың
осыншама саны болатындықтан, оларды жіктеу қажеттігі өзінен-өзі түсінікті.
Халықтар географиясы үшін халықтарды біріншіден, санына, екіншіден, тіліне
қарай жіктеудің маңызы барынша зор.
Халықты санына қарай жіктеу ен алдымен, олардың арасында өте зор
айырмашылықтар бар екенін көрсетеді. Айталық халқының саны 1,2 млрд.
адамнан асатын қытайлардан 1 мыңдай ғана адамы бар Шри-Ланкадағы ведды
немесе Бразилиядағы ботокуд тайпасынын арасында жер мен көктей
айырмашылықтар бар. Жердегі халықтың негізгі бөлігін үлкен және ерекше
үлкен халықтар кұрайды, ал әлденеше жүздеген шағын халықтардың үлесіне жер
шары халқының не бары бірнеше проценті ғана келеді. Алайда, шағын халықтар
да дүниежүзілік мәдениетке өз үлесін қосуда.
Халықтарды тіліне қарай жіктеу олардың туыстық принципіне сүйенеді.
Мұндай туыстық әдетте бірнеше тілдің бір ата тілден шығуына байланысты.
Ежелгі Рим мен ол бағындырған елдерге таралған латын тілі Онтүстік Еуропада
пайда болған роман тілдері үшін осындай төркін тілге айналды. Ежелгі орыс
тілі — шығыс славяндардың тілдері үшін ата тіл болды.
Осының өзінде, барлық тілдердің тіл әулетіне бірігетінін, ал олардың
тіл топтарына бөлінетінін сендер білесіңдер. Олардың ішіндегі көп таралғаны
-үнді-еуропа әулеті. Мысал. Бұл әулет тілдерінде жалпы саны 2,5 млрд.
адамнан асатын, 11 тіл тобына жататын және барлық дүние бөліктерінде
тұратын 150 халық сөйлейді. Шетелдік Еуропа мен Американың бүкіл халқының
95% -і осы әулет тілдерінде сөйлейді. [9].
1 млрд-тан астам адам сино-тибет әулеті тілдерінде, әсіресе кытай
тілінде, 250 млн астамы афроазия әулеті тілдерінде, негізінде араб тілінде
сөйлейді. Қалған тіл әулеттері өте аз (6-тапсырма).
Ұлттық (этникалық) шекаралар саяси шекаралармен сәйкес келетін
жағдайларда бір ұлтты мемлекеттер құрылады: олар Еуропада, Латын
Америкасында, Австралия мен Мұхиттық аралдарда, Таяу Шығыста көп. Бельгия,
Канада және т.с.с. екі ұлттан тұратын мемлекеттер де бар. Осылармен катар,
көп артты мемлекеттер де аз емес. Олардың кейбіреулерінде ондаған тіпті
жүздеген халықтар тұрады. Олар көбіне федеративті немесе конфедеративті
әкімшілік-аумақтық құрылысты болып келеді.
Көп ұлтты және екі ұлтты елдерде ұлтаралық катынастардың күрделі
проблемасы бар.
Мұның ең аддымен, дамушы елдерге қатысы бар, өйткені бұл елдерде туыс
тайпалардың ұлысқа, ұлыстардың ұлтқа бірігуінің прогресшіл процесі жүріп
жатыр.
70-жылдардың ортасынан бері көптеген экономикасы дамыған елдерде ұлт
мәселесі өте шиеленісіп келеді, бұл ең алдымен, ұлттар мен ұлыстардың іс
жүзіндегі экономикалық және әлеуметтік теңсіздігіне байланысты. Мұның
бәрінен бұрын Ұлыбританияға, Францияға, Канадаға, Бельгияға, Испанияға,
Оңтүстік Африка Республикасына қатысы бар.
Канадада негізгі екі ұлт бар. Олар канадалық ағылшындар және канадалық
француздар; мемлекеттік тілдері — ағылшын және француз тілдері. Канадалық
француздар Квебек провинциясында шоғырланып тұрады. Бұл провинция Ағылшын
Канадасын құрайтын басқа қалған провинциялардан өзгеше, француз
Канадасын түзеді. Бірақ канадалық ағылшындар әлеуметтік иерархияда жоғары
тұрады, экономикада шешуші провинцияларды иеленеді, сондыктан бұл ұдайы
ұлтаралық қатынастардың шиеленісуіне әкеп соктырады. Канадалық
француздардың бір белігі тіпті егеменді Квебек, яғни дербес канадалық
француз мемлекетін құру талабын алға тартып отыр.
80 жылдардың соңында Ресейде және бұрынғы Кеңес Одағының аумағында
құрылған баска да бірқатар мемлекеттерде, Шығыс Еуропа елдеріңде, әсіресе
бұрынғы Югославия республикаларында ұлтаралық қатынастар барынша
шиеленісті.
4. Діни құрамы: дұниежүзілік және ұтгық діндер. Таралуы мен алатын
орнына қарай барлық дін дуниежүзілік және ұлттық дінге бөлінеді.
Дүниежүзілік діндерден ең кеп таралғаны - христиан діні (ол католиктік,
протестанттық және православиелік деп аталатын үш тармақты камтиды) көбіне
Еуропада, Америка мен Австралияда түратын 1,9 млрд-тай адам ұстанады.
Сенушілердің саны жәнінен (2 млрд. жуық адам) екінші орынды ислам
(мұсылман) діні алады. Ол негізінен дүние жүзінің Азия мен Африканын
кептеген елдерінде мемлекеттік дін ретінде қабылданған.
Дүниежүзілікдіндердін ішінде үшінші орынды Орталық, Оңтүстік-Шығыс Азияда
таралған буддизм (350 млн адам) алады.
Соңғы жылдары дүниежүзілік дамуға ислам факторы зор әсер етуде. Қазір
мұсылман әлемі 50-ден астам елдерді біріктіріп, 120 елдерде мұсылман
коғамдастығы бар. Мысал. Тұрғындарының саны жөнінен өте ірі ислам
мемлекеттеріне — Индонезия, Пәкістан, Бангладеш, Нигерия (100-ден 200 млн-
ға дейін сенушілер) жатады. Ресейде исламды 20 млн адам ұстайды; бұл маңызы
және ұстанушыларының көпшіліктігі женінен елде христиан дінінен кейін
екінші орында.
Ислам — араб тілінде берілу, сәлеметтілік, бейбітшілікті сақтау,
ыкыластылық деген мағынаны білдіреді.
Үндістандағы индуизм (70 млн сенушілер). Қытайдағы конфуцийшілдік,
Жапониядағы синтоизм және т.б. үлттық діндерге жатады. Өте ежелгі діндердің
бірі — иудаизм де кең таралан, оның көптеген кағидаларын христиан діні
кабылдаған. (8-тапсырма).
Өзгермелі жағдайларға бейімделе отырып, дін адамдардын мінез-ұлкына,
әдет-ғұрпына, жеке өміріне, олардың отбасындағы карым-қынасына зор ыкпал
етуде. Атап айтканда, ол халықтың ұдайы өсуіне үлкен әсер етеді.
Протестанттық елдерде некеге тұру жасы, әдетте, кеішрек болады, ал
ажырасу рәсімі айтарлықтай қиындык туғызбайды. Кейбір католиктік елдерде
(Испания, Латын Америкасы елдері) заң ерлердін 14 жастан, ал әйелдердің 12
жастан бастап некеге тұруына рұксат етеді. Ажырасуға мүлдем тыйым салынған
бұдан 20-30 жыл бұрынғы жағдайға карағанда казір католиктін ажырасуы
әлдекайда оңайлатылған. Мұсылман елдерінде некеге тұру жасы әлдекайда
төмен. Мұнда дін ерте және міндетті некені, көп балалы отбасын, көп әйел
алушылықты колдайды және демографиялық саясатка көбіне теріс карайды.
Индуизм де ерте және міндетті некені, көп балалы отбасын колдайды, бірак
мұсылман дінінен өзгеше - ажырасу мен екінші рет некелесуге тыйым салады.
Бұрын Үндістанда 14 жаска дейінгі жасөспірім кыз балалардың жартысы күйеуде
болатын. Дегенмен, қазірде әйелдердін жартысы 18 жаска дейін некеге тұрады.
Ал, Қытайда конфуцийшілдік мораль (адамгершілік) демографиялық саясатты
жүзеге асыруға нактылы мүмкіндік береді.
Діни карама-қайшылықтар көбіне нәсілдік және ұлттық қарама-
қайшылықтармен ұштасып, ұзаққа созылатын шиеленісті нүктелердің пайда
болуына әкеп соғады.
Мысал. Солтүстік Ирландиядағы (Ольстердегі) саяси шиеленіс ұзак
жылдарға созылып отыр. Ұлыбританияның осы бөлігіндегі халықтың байырғы,
бірақ неғұрлым кедей бөлігін кұрайтын католиктер мен экономикалық және
саяси өмірдегі түйінді жерлерді ұстап отырған протестанттар (Англия мен
Шотландиядан шыққан коныс аударушылардың ұрпактары) арасындағы діни
алауыздық басылмай отыр.

3. ХАЛЫҚТЫҢ ҚОНЫСТАНУЫ МЕН КӨШІП-ҚОНУЫН СИПАТТАИЫҚ

1. Халықтың коныстануы мен орналасу тығыздығы: өте үлкен қарама-
қайшылықтар. Халықтар мейлінше әркелкі орналаскан: барлық адамдардың
шамамен 70%-і құрлықтын 7%-інде тұрады. Сонымен катар, адам мекендейтін
кұрлықтың жартысына жуығында халықтың орташа орналасу тығыздығы 1 км2-ге 5
адамнан аз. Адамдар мүлде игермеген жерлер кұрлық аумағының 15%-ін алып
жатыр. Бұлар ең алдымен, табиғат жағдайлары өте ауыр аймактар. Әрине,
адамдар ең алдымен, өзінің тіршілігіне барынша колайлы әрі түрлі байлықтары
жеткілікті аумактарға коныстанып, ондай жерлерде антропогендік
ландшафтылардың алуан түрін калыптастырған.
Мысал. Жердегі тұрғындардын әрбір 100-інің 80-і теңіз денгейінен 500 м-
ге дейінгі биіктікте орналаскан ойпаттар мен жазыктарда тұрады, мұндай
жерлер құрылықтың 28%-ін ғана камтиды. Халық таулы аймактарға аз
коныстанған, дегенмен бұл катаң ереже емес. [8].
Ежелден бері халықтың таралып коныстануына олардың ауыл шаруашылығымен
айналысуы үлкен ықпал жасап келеді.
Мысал. Суармалы жерлерде енбекті көп қажет ететін күріш егісінін дамуы
Шығыс және Оңтүстік Азияда халықтарының аса ірі шоғырларынын калыптасуына
себепші болды. Казіргі кезде де бұл жердегі ауыл халқының орналасуының
жалпы тығыздығы 1 км2-ге 200 адамнан асып түседі, кейбір аудандарда ол 1500-
2000 адамға жетеді және одан да асады.
Өнеркәсіп дами бастағаннан бері Еуропа мен АКШ-та халықтын ірі
шоғырлануы калыптасты. Кейбір өнеркәсіпті аудандарда халықтың орналасу
тығыздығы 1 км2-ге 1000-1500 адамға ретеді.
I Ақырында, адамзат өркениетінің Бүкіл тарихы бойында адамдардың
таралып коныстануына олардың көлік және сауда жолдарына жақын орналасуы
күшті әсерін тигізді.
Мысал. Теңіздер мен мұхиттардың 200 м-лік жағалау өңірінде адамзаттың
картасынан астамы, ал кұрлықтың небары 12%-ін алып жаткан 50 км-лік
өңірінде - 30%-і дерлік шоғырланған (115 суретті кара). Кейбір, негізінен
алғанда, аралдар мен түбектердегі елдерде бұл керсеткіш едәуір жоғары [11].
Жердегі халықтың орташа орналасу тығыздығы 1 км2-ге 45 адамнан келеді.
Бірақ, өздерін білетіндей, бұл орташа көрсеткіштің артында жеке елдердің
арасындағы өте үлкен айырмашылықтар көрінбей жатуы мүмкін. Кейбір елдерде
халықтың таралуы мен орналасу тығыздығы арасындағы айырмашылық мұнан да
зор.
Мысалы: Канада халқының 23-і елдің АҚШ-пен шекарасын бойлай созылып
жатқан және таралып қоныстанудын басты белдеуін кұрайтын оңтүстіктегі 150
км-лік зонада тұрады. Елдің солтүстік бөлігінде 20-25 км2 аумакка 1 адамнан
келеді. Халықтың коныстануындағы мұндай ала-кұлалық Австралияға да тән. (16-
суретті қара).
Халықтың белгілі бір саны мен орналасу тыгыздыгы — әрбір елдің дамуына
қажетті алғышарт. Бірак халықтың орналасу тығыздығының мәнін асыра
бағалайтын және тіпті онымен әлеуметтік-экономикалық даму деңгейінің
арасында тікелей байланыс бар деп есептейтін ғалымдардың пікірі мүлде дұрыс
емес. (9-тапсырма).
2. Халықтың көшіп-қонуы: оның түрлері мен географиясы. Халықтың көшіп-
қонуы бүкіл дүниежүзі мен жеке елдердегі халықтың орналасуына, сондай-ақ
саны мен қүрамына үлкен ықпал жасайды. Адамдар, — деп жазды Н.Н.Баранский,
— жыл кұстары емес, сондықтан олардың қоныс аударуы биологиялық емес,
қоғамдык заңдылықтарға байланысты. Көшіп-қонудың басты себебі —
экономикалық жағдайлар, бірак олар саяси, ұлттық, діни, экологиялық және
баска себептерден туындайды.
Халықтың сыртқы көшіп-қонуы көне заманда пайда болып, әсіресе Ұлы
географиялық ашылуларға байланысты орта ғасырларда да жалғасқан. Бірақ оның
кең өрістеген кезі — капитализм дәуірі.
Ең үлкен миграциялық жарылыс XIX ғасырда басталды. Эмиграцияның басты
ошағы — Еуропа болып отыр. Мұнда капитализмнің дамуы халықтың бір бөлігін
бос жерлері бар, шаруашылығы жедел дамыған және жұмыс күшіне зәру
аудандарға карай ығыстырып шығаруға ұштаса жүргізілді. Эмиграция
басталған кезден екінші дүниежүзілік соғыска дейін Еуропадан барлығы 60
млн. адам кетті [12]. Эмиграцияның екінші ошағы Азияда калыптасты. Бұл
жердегі эмигранттар Кытай және Үндістан жұмысшыларынан (кули) тұрды. Олар
плантациялар мен кеніштерде жұмыс істеуге тартылған. АКШ, Канада, Бразилия,
Аргентина, Австралия, Жана Зеландия, Оңтүстік Африка иммиграцияның басты
ошақтары болды.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін сыртқы көшіп-кону қайтадан арта
түсіп, XX ғ. сонында көшіп-кону жарылысының жаңа қарқынына жетті.
Бұрынғыдай, мұндай көшіп-конудын негізгі себебі экономикалық жағдай бола
отырып, жана жерлерді іздестіруде адамдар өздерінің еңбегімен жақсы өмірін
сарп етті. Мұндай көшіп-конуды еңбек кушінің көшіп-қонуы деп атайды.
Осының нәтижесінде XX ғ. сонында өз елдерінен тысқары немесе уақытша 35-40
млн адам енбек етті, ал жасырын эмигранттар, мезгілді жұмыс істейтіндер
және олардын отбасы мүшелерін есепке алғанда олардын саны бұдан 4-5 рет
артық болып табылады. Мұндай еңбек күшінің эмигранттарының негізгі бөлігі,
дамушы елдерден экономикасы дамыган елдерге багытталады. Бірақ енбек
күшінің көшіп-конуы экономикасы дамыған елдердін өз арасында және дамушы
елдердің өз арасында да жүзеге асады.
Жұмыс күшінің бұлайша халықаралық дәрежеде көшіп -конуынын басты себебі
— экономикасы дамыған және дамушы елдердің тұрмыс деңгейі мен жалакысы
арасындағы үлкен алшақтық еді. Алайда, иммигранттар, әсіресе жастар АКШ-та,
Батыс Еуропада кобіне ең ауыр, ақы аз төленетін және қадірсіз жұмыстарды
аткаруға мәжбүр. Әрине, оларды осы заманғы кәсіпорындардан да кездестіруге
болады. Бірак олардың көпшілігі шахталар мен кұрылыстарда немесе сатушы,
таратушы, даяршы, лифт жүргізуші, күзетші, жүргізуші, қокыс жинаушы ретіңде
кызмет көрсету саласында еңбек етеді.
Қазір дүние жүзінде еңбек ресурстарын тартудың үш орталыгы қалыптасқан.
Біріншіден, бұл Батыс Еуропа (негізінде ГФР, Франция, Ұлыбритания,
Швейцария), мұнда Оңтүстік Еуропа, Батыс Азия және Солтүстік Африканың
кейбір елдерінен келген жұмысшы иммигранттардың едәуір әлеуметтік тобы
қалыптаскан; 90-жылдары Шығыс Еуропа және ТМД елдерінен көшіп-кону едәуір
арта түсті. Екіншіден, бұл АҚШ, мұнда жыл сайынғы ресми иммиграция (басым
түрде Латын Америкасы, Азия және Еуропа елдерінен) 1 млн адамды кұрайды, ал
жасырын иммиграция одан да көп. Үшініден, бұл Парсы шығанағының мұнай
әндіруші елдері, жалпы халық санындағы еңбек күшінің көшіп-қонуы (Египет,
Үндістан, Пәкістан және баска елдерден) жергілікті халықтан едәуір артық.
Едәуір иммиграциялы елдерге Канада, Австралия жатады. Бұған Израиль жоғары
дәрежеде жата отырып, оның халқы едәуір мөлшерде Ресей және ТМД-ның кейбір
елдерінен келетін иммигранттар есебінен 23 бәлікке артуда. [10-тапсырма].
XX ғасырдын екінші жартысында сыртқы көшіп-конудың жаңа түрі шықты. Ол
бұлшық етгің кетуінен өзгеше, білімділердің кетуі (немесе акылды
котарып алу) деген атка ие болды. Оның мәні шетелдік ғалымдарды,
инженерлерді, дәрігерлерді және жоғары білікті баска да мамандарды өзіне
тартуында. Мұндай әрекет мамандардың Батыс Еуропа елдерінен АҚШ-қа кетуінен
басталды, бірақ одан соң дамушы елдер де осындай интеллектуал
иммигранттарды даярлайтын негізгі елдерге айналды. Білімділердің кетуі
зиялылар кауымы онсыз да жетіспейтін бұл елдердін экономикасы мен
мәдениетіне өте теріс әсер етеді. Саяси және экономикалық дағдарысқа
байланысты 80-жылдардьщ соңы мен 90-жылдардың басында Ресейден, Украинадан,
бұрынғы Кеңес Одағынын кұрамына кірген баска елдерден білімділердің кетуі
күшейе түсті. Еңбек күшінің көшіп-қонуымен бірге саяси, этникалық, діни,
экологиялық және басқа себептермен байланысты жаппай көшіп-қону да болады.
Бұған ең алдымен, жалпы саны 20 млн адамнан асып отырған босқындар
тасқынының қалыптасуы сияқты соңғы мезгілдің кұбылысы жатады. Адамдардың
саяси және әскери кактығыстар шиеленіскен аудандардан қашуы түсінікті.
Мысал. 90-жылдардың бірінші жартысында боскындардың саны жөнінен оған дейін
ұзақ мерзім канды соғыс әрекеті жүрген Ауғаныстан алғашкы
І орынды алды (6 млн адам). 2 млн астам босқын Руанданы, 1,5 млн адам
Иран және Мозамбикті, 1,2 млн Босния және Герцеговинаны тастады. Жалпы
боскындар тасқыны ТМД-ның елдеріне тән. Халықтың ішкі (мемлекетшілік)
көшіп-қонуының бірнеше түрі бар. Оған халықтың ауылдық жерден қалаларға
көшуі жатады, мүндай көшу коптеген елдерде олардың өсуінің негізгі көзі
болып табылады. Қазіргі кезде көшіп-қонудың бұл түрінің кең өрістегені
соншама, оны XX ғасыр халықтарының ұлы коныс аударуы деп атай бастады.
Халықтың аумақтық орын ауыстыруы ірі және шағын қалалардың арасында да
жүреді. Жаңа жерлерді отарлау мен игеру де халықтың көшіп-конуымен
байланысты. Көшіп-қонудың бұл түрі — ең алдымен, халқының орналасу
тығыздығы барынша ала-құла болып келетін Ресей, Казақстан, Канада,
Бразилия, Австралия және Қытай секілді аумағы үлкен елдерге тән.
Соңгы кезде адамдардың әскери-саяси жанжалды аудандармен коса
экологиялық апатты орындардан үдере көшуі орын алуда. Мәні жөнінен бұл да
босқындар (мысалы, экологиялық босқындар), бірақ әдетте оларды басқа жерге
күштеп апарылған адамдар дейді.

4. ҚАЛА МЕН АУЫЛ ХАЛҚЫН САЛЫСТЫРАЙЫҚ

1. Қала халқы: релінің артуы. Сендер қалалардың Ніл, Тигр, және Евфрат
өзендерінің атырауында әкімшілік биліктін, сауда мен коленердің орталығы,
әскери бекіністер ретінде оте ертеде пайда болғанын тарих курстарынан
білесіңдер. Капитализмнің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықтың ұдайы өсіп-өнуі
Халықтың саны және ұдайы өсуінің заңдылықтары
Халықтың орналасуы. Урбандалу
Халық санының орналасу және динамика көрсеткіштері
Халықты зерттеудің негізгі теориялық тәсілдері
Дүниежүзі халықтарының серпіні
Қытай халқының демографиялық мәселелерін анықтап, қазіргі экономикаға әсерін айқындау
Демография ғылымы туралы түсінік
Халықтарды Қазақстанға күштеп қоныс аудару
Ақтөбе облысының демографиялық дамуының қазіргі жағдайы
Пәндер