АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ
Алматы қаласы Еуразиялық континенттің орталығында, Тянь-Шань тауының
солтүстігінде, Іле Алатауының баурайында, Қазақстан Республикасының
оңтүстік-шығысында орналасқан. Алматымен қаласымен бір параллельде Гагры
және Владивосток қалалары орналасқан.
Қаланың климаты ауыспалы, тіптен температурасы жыл мезгіліне қарамастан күн
сайын өзгереді. 500 метрлік биіктіктен қала үстіне қараса, көшелері
солтүстікке қарай Қаскелен Мойынқұмына бағыт алып тіреледі. Қаланың
оңтүстігінде теңіз деңгейінен 1500-1700 метр биіктікте, Медеу шатқалында,
тасты аймақта мұздықтардың суық лебі сезіледі.
Іле Алатауының жануарлар мен өсімдіктер дүниесі өте бай. Алматының шеткі
аймақтары Іле Алатауының ұлттық паркіне жатады. Мұнда арнайы қорықтар бар.
Сирек кездесетін құстар мен аңдар Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.
Солардың ішінде қар барсы қазіргі кезде Алматы қаласының елтаңбасында
белгіленген.
Тау баурайындағы жүзім, темекі, астық өнімдері алма ағаштары мен жеміс-
жидектеріне алмасып отырады. Қаланың 8 мың га. астам жерін бау-бақшалар мен
парктер, саяжайлар алып жатыр. Өз отанын Алматы апорты осы жерде тапты.
Қала 170 шаршы километр аумақты алып жатыр. Үлкен және кіші Алматы
өзендерінің бойына орналасқан. Тау өзендері мен көлдері қаланы сумен
қамтамасыз етеді.
АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ.
Б.з.д. 10 - 9 ғғ. қола дәуірінде қазіргі қала аумағы ертедегі жер
өңдеушілер мен малшылардың қонысы болды. Бұған дәлел - ерте кездегі
Тереңқара мен Бұтақты қоныстарының табылуы. Бұл жерлерде керамика, тастан
жасалған қарулар, темір мен сүйектен жасалған бұйымдар табылған.
Б.з.д. 7 ғ. - б.з.д. сақ дәуірінде Алматы сақтардың, кейіннен үйсіндердің
тұрғылықты жері болған. Осы кезеңнен көптеген қорғандар мен қоныстар
орындары қалған; олардың арасында ерекшеленетін сақ патшаларының
қорғандары. Солардың ішінде ең танымалдары Есік қорғанынан табылған Алтын
адам, Жалаулы қазынасы, Қарғалы диадемасы, жетісулық көркемдік қоласы -
шамдар, құрбандық шалатын орны, қазан. Сақ және үйсін дәуірінде Алматы
аумағы Қазақстан жерінде құрылған ертедегі мемлекеттердң орталығы болды.
Б.з. 8-10 ғғ. Алматы өміріндегі келесі кезең орта ғасыр кезеңі. Бұл қала
мәдениетінің даму, отырықшылдыққа көшу, жер өңдеу мен қолөнердәң даму,
Жетісу аумағында көптеген қалалық қоныстардың пайда болу кезеңі. Қазба
жұмыстарының нәтижесінде керамика, темір және сүйек бұйымдары табылған.
10-14 ғасырларда Үлкен Алматы аумағындағы қалалар Ұлы Жібек жолы
бойындағы сауда байланысына ілінді. Алматы сауда, қолөнер жіне
ауылшаруашылық орталығының біріне айналды. Бұған дәлел - осы жерде табылған
13 ғасырдың 2 күміс дирхейі. Бұл дирхейде алғаш рет қала аты аталынады -
Алматы.
15-18 ғғ. Ұлы Жібек жолының ыдырауына байланысты қала өмірі деградацияға
ұшырады. Бұл кезең Алматы мен жалпы Қазақстанның тарихына әсер еткен саяси
үрдістерге толы болды. Мұнда маңызды этносаяси процестер, Жетісу
мәдениетінің қалыптасуы жүрді. Алматы аумағына қатысы бар аудандарда қазақ
мемлекеттігінің құрылуы басталды. Бұл жер жоңғар шапқыншылығы мен өз
тәуелсіздігі үшін күрескен қазақ батырларының оқиғасына бай.
1730 жылы Алматыдан 70 шаршы км. қашықтықта орналасқан Аңырақай тауларында
қазақ батырлары қазақ халқының жоңғарлармен Отан соғысындағы қиын кезеңдегі
тарихта мәңгі қалған жеңіске жетті..
4 ақпан 1854 жыл. Қаланың жаңа тарихы Іле Алатауының баурайында Ресей
империясының әскери қамалы Верный қаланған кезеңінен басталады.
1854 жылдың күзінде Верный қамалының құрылысы аяқталды. Верный дұрыс
салынбаған, бір жағы кіші Алматы өзенінің бойында орналасқан ағаштан
қаланған бесбұрышты құрады. Кейіннен ағаш кірпіш тастарына ауыстырылды.
1 шілде 1855ж. Верный қаласына казактардың бірінші тобы көшіп келді. 1856ж.
орыс шаруалары да көшіп келе бастады. Олар қамал жанынан салынған Үлкен
Алматы орталығына қоныстанды. Қоныс аударғандардың көбеюіне орай Кіші
Алматы бекеті мен Татар (Райымбек) көшесі пайда болды. Бұл жерге татар
қолөнершілері мен саудагерлері қоныстанды. 1859 жылдың мамырында қоныс
аударғандардың саны 5 мыңға жетті. Құрылыс жұмыстарына инженер Л.
Александровский жетекшілік жүргізді, ал құрылысты басқарған әскери-инженер
Ц. Гумницкий болды.
1867 ж. 11 сәуірінде Верный қамалының атауы өзгертіліп, Алматинск қаласы
аталды. Бірақ сол жылы Дала комиссиясының баяндамасы бойынша бұл атау
өзгертіліп Верный қаласы болып өзгертілді. Верныйдың қала болуы сол кездегі
реформаларға байланысты болды. Верный Вернинск уезі мен Жетісу ауданының
орталығына айналды. Жетісу ауданының бірінші губернаторы Г.А. Калпаковский
болды.
Бірінші қала жоспарының авторы Н. Криштановский болды. Оның жоспары бойынша
қала өлшемдері өзгертілді. Оңтүстігіне қарай Алматы өзенінің маңайы 2 км.;
батысына қарай 3 км. Шөп, жылқы және көк базарлары 4 парктер салынды. Жаңа
қалаға берілген аумақ төртке бөлінді. Үй құрылысы үшке бөлінді. Бірінші мен
екіншілері 2 қабатты қала ішіндегі үйлер болды. Ал соңғылары қала
сыртындағы үйлер. Құрылыс үшін жер учаскелері сатылды.
Негізгі әкімшілік мекемелер қала паркінің жанынан салынды (қазіргі 28-
гвардейшы-панфиловшылар паркі).
Бірінші қала архитекторы Г.Н. Серебряников болды (1839-1883).
1887ж. 28 мамырда Верный қаласында күшті жер сілкінісі болды. Таңғы сағат
төртте болған жер сілкінісі бүкіл қаланы қиратты. Әсіресе үлкен кірпіштен
қаланған үйлер қирады.
1887 ж. 1маусымда Жетісу ауданының губернаторының бұйрығымен кірпіштен
қаланған үйлердің орнына ағаштан үйлер қалана бастады.
Жер сілкінісі зардаптарын анықтау үшін және ол қайталанған жағдайда
жасалатын шаралар жүргізу үшін профессор И.В. Мушкетов басқарған комиссия
құрылды.
Жер сілкінісінен кейін үйлер бір қабатты және ағаштан немесе саманнан
жасалынды. Қаланы қалпына келтіруде үлкен үлес қосқан инженер-архитектор А.
П. Зенков болды. Ол бірінші болып жер сілкінісіне қарсы құрылыстың
принциптерінің жоспарын жасады.
1910 ж. жер сілкінісі осы жоспардың дұрыстығын нақтылады. Осы кезеңдегі
қаланы көгертуге үлес қосқан ағайынды Эдуард және Отто Баумдар.
1909 ж. Россия Полное географическое описание нашего Отечества атты
жинағында Верный қаласы былай суреттелді: Верныйда Жетісу ауданының барлық
мекемелері және түркістан мен ташкент епископтар орындары бар. Қала
халқының саны 37000 адам (26 мыңы орыстар, қалғаны тараншы, доңған, сарт,
татар, қырғыз өкілдері), мұнда 2100 тұрғын үй, 9 шіркеу, 4 мешіт, 18 оқу
орны, кішігірім аудандық музей, 313 жұмысшы істейтін 66 зауыт пен фабрика
бар. Қала кірісі 119515 сом, шығын 119113 сомды құрайды.
Қаланың екінші және соңғы архитекторы Поль Гурдэ (1846-1914), қала
елтаңбасының авторы.
1917 жылғы көтеріліс қала көркін өзгерткен жоқ. Ескі мекемелерде жаңа
атаулар пайда болды.
1917ж. наурызында әскери губернатор, қала басшысы, әскери басшы орнынан
алынды. Уақытша үкімет өз комиссарларын Шкапский мен Тынышпаевты
тағайындады.
1918ж. 2 наурызында қалада кеңестік билік орнатылды. Аудандық атқарушы
комитет сайланды. Оның басшысы П.М. Виноградов болды.
1921ж. 5 ақпанында аудан комитетінің салтанатты жиынында Верный қаласының
атауын өзгерту туралы шешім қабылданды. Верный қаласы Алма-Ата деп
аталынды. Бұл шешім бойынша Жетісу Әскери-революциялық комитет бұйрық
шығарды: Қаланың революциялық орталық мәртебесін алуына байланысты Жетісу
әкімшілік орталығының атауы Алма Атаға өзгертілді.
1926ж. 3 желтоқсанында Еңбек және Қорғаныс Кеңесі Түркістан-Сібір
теміржолын салу жөнінде шешім қабылдады.
Түрксіб құрылысы Қазақстанның астанасы Алматы болуына септігін тигізді.
1927ж. 2 наурызында ҚазАССР-ң ОСК-і астананы Қызыл-Ордадан Алматыға
көшіруге шешім қабылдады. ІV Бүкіл Қазақстандық кеңестер съезі бұл шешімді
мақұлдады.
Үкімет орындарының көшуі салынып жатқан Түркісіб теміржолының бірінші
поезында 1929 ж. мамырыда басталды.
1930 ж. 28 сәуірінде Айнабұлақ станциясында соңғы балдақ соғылды. Бұл екі
ірі экономикалық аудандарды, яғни Сібір мен Қазақстанды қосты. 1 мамырда
Түркісіб жолы ашылды. Алматыға Мәскеуден бірінші поезд келді.
1930 жылы Алматы әуе жолы ашылды, сөйтіп Қазақстан астанасы Мәскеумен әуе
арқылы байланысқа ие болды.
Кішкене қалашықтың астанаға айналуы көптеген әкімшілік мекемелердің, тұрғын
үйлердің салынуын қажет етті.
1929 ж. күзінде қала халқы 100 мың адамға жетті. 1926 жылы қала халқы 45
мың адамды құраған.
Республиканың кеңестік халық комитеті 1929-1930 жж. арналған қала
құрылысының жоспарын қабылдады. Тұрғын үй құрылысына 6,5 млн. қаржы
бөлінді, әкімшілік мекемелер құрылысына 2,9 млн. сом, коммуналдық
шаруашылыққа 2,2 млн. сом қаржы бөлінді.
Тұрғын үй және мектеп құрылысы, сонымен қатар денсаулық сақтау мекемелер
құрылысына бірінші болып беріле бастады.
Алматының Қазақстанның астанасы болуына байланысты 1936 жылы қаланың
архитектуралық құрылысы жөнінде арнайы жоспар құрылды. Жоспардың басты
мақсаты Алматы қаласын мәдени орталыққа айналдыру болды. Жоспар бойынша
қалыптасқан тарихи маңызы бар құрылыстарды түбегейлі өзгерту және үлкейту
негізделді.
1941-1945 ж. Ұлы Отан Соғысы жылдары қала аумағы үлкен өзгерістерге
ұшырады. Бүкілодақтық тыл жұмыстарын ұйымдастыруда өнеркәсіптік және
материалдық қорды концентрациялау үшін 45 мың шаршы метр жер берілді, 26
мың көшірілегендерді қабылдау үшін жер босатылды. Алматы қаласына майдан
шегінен 30 өнеркәсіп орны, 8 госпиталь, 15 жоғарғы оқу орны, орта кәсіптік
білім беру жүйесі, 20-ға жуық ғылыми зерттеу институттары, 20-дан аса
мәдени орталықтар көшірілді. Ленинград, Киев, Мәскеу киностудиялары
Алматыға ауыстырылды.
Тылдағы ерен еңбектері үшін 52 мың алматылық жоғары мемлекеттік марапатқа
ие болды, 48 адам Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Алматыда үш атқыштар
дивизиясы (олардың танымалы 28-гвардиялық панфиловшылар дивизиясы), екі
атқыштар бригадасы жіне үш авиациялық полк құрылды.
1949-1950 жж. Ленинградтық Гипрогор жасаған жаңа жоба ҚазССР-і халық
шаруашылығының дамуының 5 жылдық жоспарымен негізделді. Жоспар бойынша қала
аумағы оңтүстік-батыс бағытында үлкейтілу, орталық бөлігінде 3-4 қабатты
үйлер салыну, жол құрылысы мен қатынасы, селге қарсы қорғану қолға алынды.
Ленгипрогром жоспарлағандай, 1962-1963 жж. Алматы қаласы 1980 жылға дейін
төрт жоспарланған аумақ және сел жүретін аумақтарға үлкен өзгерістер
енгізілді. Тек 1966-1971 жылдар аралығында қалада 1400 шаршы метр
мемлекеттік және кооперативтік құрылыс тұрағы тапсырылды. Жыл сайын қалада
300 мың шаршы метр тұрғын үйлер салынды. Құрылыс барысында жер сілкінісіне
қарсы көп қабатты үйлер салу ұйғарылды.
Бұрынғы Верный қаласының тарихи жоспарланған жүйесі 1968 жылы қабылданған
Алматы қаласының бас жоспарында негізделді.
Құрылыста түрлендіру мен сәйкестендіру архитектуралық тұрпаттың әр түрлі
болуына себебін тигізді. Мектеп, аурухана, мәдени орталықтар, солардың
қатарында Ленин атындағы Сарай, Қазақстан қонақ үйі, медеу спорттық
кешені т.б. құрылыс орындары салынды. Қалада демалыс орындарын құруға,
қалалық көліктің дамуына көңіл бөлінді. 1981 жылдан бастап метрополитен
жобасы бойынша жұмыстар жүргізілді. Алматы қаласын дамытудағы жаңа бас жоба
1998-2020 жылдар аралығын қамтиды. Басты мақсат экологиялық таза,
қауіпсіздік, әлеуметтік жағдайға қолайлы орта құру. Негізгі архитектуралық-
құрылыстық мақсат Алматының бау-бақша қаласы атын сақтау мен дамыту.
Жоспар бойынша көп қабатты үйлер салу, өндіріс орындарын дамыту, жол
көлігін нығайту, метрополитен енгізу.
1993 жылғы шешім бойынша қала атауы Алма-Атадан Алматыға ауыстырылды.
1997 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үкімімен
ел астанасы Алматыдан Астанаға ауыстырылды.
1998 жылдың 1 шілдесінде Алматы қаласының міртебесі туралы жаңа заң
қабылданды. Бұл заң бойынша Алматы ғылыми, мәдени, тарихи, қаржылық және
өндірістік орталық болады.
Баспа нұсқасы
Алматы почтасына – 145 жыл.
Жетісудағы почта байланысы Верный қаласының пайда болуы және өсуімен тығыз
байланысты. 1860 жылы 24 қазанда Верный қаласында бірінші пошта бөлімшесі
ашылды.
20 ғасырдың басында Верный қаласында байлыныс өте баяу дамыды.
Қазан төңкерісіне дейін Қазақстанда не бары 250 пошта-телеграфтық орталық
болды. Верный қаласы облыстың әкімшілік орталығы болғандықтан,телеграфтың
байланыс басуы қалалар және елді мекендермен байланыстырып тұрды.
Верный қаласының біріккен пошта-телеграфтық ретінде жұмыс атқарды, және
Ташкен қаласында орналасқан Түркістан аймақтық пошта-телеграфтың кеңесіне
бағынды.
Кейбір деректерге қарағанда 1913 жылы , бұл бөлімше кішігірім ғимаратта:
Достық (бұр. Колпаковский), Жібек жолы (бұр. Торговая), және Гоголя (бұр.
Штабная) көшелер қиылысында орналасқан еді. Кейінірек пошта-телеграфтық
кеңсе шөп базарының жанындағы ғимаратқа көшірілді (Пушкин көшесі, Саяхат
автобекетінің алаңы). Бұл пошталық бөлімше Ташкен, Семей, Пішпек және
Шәуешек (Қытай) бағытында пошталық байланысының қамтамасыз етіп тұрды.
Арнайы аттылы-пошта станциясы хат түрідегі хабарларды жеткізумен айналысты.
Пошталық станциядан хат-хабар аттылы күзетпен шығатын, сондықтан сол кезде
хаттардың жоғалуы мүмкін емес еді, бірақ алушыға айлап жүретін. 30
жылдардың басында Қазақстандағы пошталық кәсіпорындар саны 5 есеге көбейді,
және пошта қызметіне әуе тасымалын да пайдалана бастады.
1931 жылы бірінші рет ауылдық жерде колхоздық почтальондары жұмыс істей
бастады.
1936 жылы пошта-телеграфтық кеңседен өз алдына телеграфтық кеңсе мен
телефон станциясы жеке дара бөлініп шықты. Пошта-телеграфтық кеңсе, пошта
кеңсесі деп атала бастады. Қалалық байланыс бөлімшелері құрыла бастады,
1975 жылы Қазақстан халқына 470 пошталық кәсіпорын қызмет көрсетті, соның
ішінде 94 жылжымалы пошталық бөлімшелер болды. Қала мен аудандық жерлерде
40 мың пошта жәшіктері орнатылған еді. Мерзімді басылымдармен хат-хабарлар
барлық облыс орталықтарын уақытында жеткізілетін,113 қаламен аудан
орталықтары және жетуі қиын жерлерге әуе тасымалы арқылы жеткізілетін.
Поштаны, Алматы қаласының құрдасы деп есептеуге болады, өйткені ол қала
дамуында үлкен жұмыс атқарды, Қазіргі таңда жаңа озық технологияларымен
жабдықталынған Қазпошта біздің Республикамызды бүкіл әлеммен
байланыстырып тұр.
1. Бас жоспардың мақсаты
Алматы қаласын 2020 жылға дейінгі кезеңге дамытудың Бас жоспары қалада
қолайлы тіршілік ортасын құру мен тұрақты дамыту, экологиялық қауіпсіздікті
қамтамасыз ету, табиғат пен мәдени мұраны сақтау мақсатында Алматының қала
құрылысын дамытуды жоспарлайтын негізгі құжат болып табылады.
Бас жоспар Алматы қаласының Қазақстан Республикасының оңтүстік астанасы
функциясын, Алматы мен Алматы агломерациясы дамуының өзара байланыстылығын
іске асыру ескеріле отырып әзірленген.
Бас жоспар қала инфрақұрылымының перспективті және бірінші кезектегі
бағдарламаларын әзірлеу мен іске асыру, табиғи кешендер аумағын сақтау мен
дамыту, тұрғын үйлерді реконструкциялау мен өндірістік аумақтарды қайта
ұйымдастыру, қоғамдық, іскерлік және мәдени орталықтарды, туризм және
демалыс нысандарын дамыту, жан-жақты ретке келтіру және қала тіршілігін
эстетикалық тұрғыда ұйымдастыру, Алматының әкімшілік аудандары мен басқа да
ауқмақтарын дамытудың қала құрылысы жоспарларын әзірлеу мен іске асыру,
қаланы жоспарлау мен құрылыс жүргізу жобалары үшін негіз болып табылады.
Алматы қаласын дамытудың Бас жоспарының басты мақсаты – экологиялық жағынан
қолайлы, қауіпсіз және әлеуметтік жағынан ыңғайлы тіршілік ету ортасын
құруға бағытталған кешенді қала құрылысы іс-шараларын жүргізу.
Бас жоспардың негізгі архитектуралық-қала құрылысы идеясы: Алматы қаласының
қала-бақ бейнесін сақтау және қалыптастыру.
2. Әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері
Демография.
Демографиялық процестердің динамикасы 2020 жылға дейін қоғамдық дамудың
бүкіл құрамдас бөліктерінің өзара әрекетімен анықталады. Бұларға бұрыннан
қалыптасқан дәстүрлі, сол сияқты қоғам өмірінде өсіп келе жатқан әлеуметтік-
экономикалық өзгерістер барысында қалыптасатын жаңа факторлар жатады.
Алматы қаласының демографиялық даму сипаты халықтың табиғи және миграциялық
қозғалысымен анықталады. Олардың ауқымы мен бағыты төмендегідей әлеуметтік-
экономикалық өзгерістер нәтижелеріне байланысты:
• қаланың экономикалық әлеуетінің дамуы;
• тұрғын үй нарығының дамуы;
• жұмыспен қамтылу мен еңбекақы деңгейі;
• мемлекеттік және жергілікті әлеуметтік саясат және басқалары.
Тұрғындардың болашақ санын болжау нұсқалары бала туудың кезеңдік төмендеуі
мен артуы болжамы (1000 тұрғынға 11,5-тен 7,8-ге дейін және 15,2), өлімнің
өсуі мен қысқаруы (1000 тұрғынға 11,8-ден 12,4-ке дейін және 8,2),
тұрғындар өмірінің ұзақтығының өсуі мен миграциялық өсім ескеріле отырып
есептелген. Миграцияның оң сальдосына 1998-2000 жылдардың өзінде қол жетті.
Енді болжамды кезеңнің соңына дейін осындай болып қалады деп болжануда.
Алматы халқының 2020 жылға дейінгі кезеңге болжамды саны Алматыдағы, Алматы
облысындағы және жалпы Қазақстан Республикасындағы демографиялық үрдістің
тұрақтылығымен және инерциясымен анықталады. Бұның ішінде барынша тұрақтысы
Алматы халқының жиынтық санының болжамы болып табылады. Бұған Алматы
қаласының өзінің тұрақты тұрғындары және уақытша мекендейтін халқы жатады.
Алматының жиынтық халқының болашақ саны барынша ықтимал болжам нұсқасы
бойынша 1500 мың адамды құрайды, оның ішінде тұрақты халық – 1300 мың адам,
уақытша тұратындар– 200 мың адам.
Халықтың жұмыспен қамтылу құрылымының есептік көрсеткіштері 2020 жылға
қарай тұрғындардың қаланы түзуші топтары 189,5 мыңнан 327,6 мың адам, ал
қызмет көрсетуші топтар экономиканың салалары бойынша жұмыспен
қамтылғандардың жалпы санында 354,1 мыңнан 390,0-ге дейін жетеді деп
болжануда.
Қаланы әлеуметтік және қала құрылысы тұрғысынан дамытудың басты мақсаты -
әлеуметтік-психологиялық жайлылық пен халықты қарастырылып отырған аумақта
тұруына қолайлы жоғары деңгейдегі жағдай жасау.
Алматының қала құрылысы дамуының негізгі бағыттары тиімділігнің
экономикалық көрсеткіштері 2020 жылға дейін 2000 жылмен салыстырғанда
төмендегілерді ұлғайту болып табылады:
• жалпы аймақтық өнім өндірісі көлемін 3 есе арттыру;
• салыстырмалы бағаларда күрделі салымдар көлемін 2,5 есе;
• жан басына шаққандағы табысты 2 есе.
Тұрғын үй және азаматтық құрылыс.
Тұрғылықты ортаны жан-жақты қалыптастырудың негізгі бағыттары орташа
алғанда 1 адамды 22 м2 тұрғын үймен қамтамасыз етуге дейін жеткізуді
көздейді. Сөйтіп қаланың бүкіл тұрғын үй қорын 27,5 млн. м2-қа дейін
ұлғайту көзделуде. Құрылыс 1,1 мың га (жалпы алаңы 2,42 млн. м2) бос тұрған
аумаққа да, сол сияқты тозығы жеткен тұрғын үйлерді сүру және құрылыс
алаңдарын барынша тиімді пайдалану есебінен реконструкцияланатын 1,8 мың га
(жалпы алаңы 5,27 млн. м2) алаңға да жүргізілетін болады. Жеке тұрғын үй
құрылысының үлесі бүкіл кезеңде тұрғын үй құрылысының жалпы көлемінің 37%-
ын құрайды.
Алматының тұрғын үй аумағын реконструкциялау мен дамытудың басым
бағдарламалары төмендегілер:
қала бөлігі құрылымындағы жүргізіліп жатқан құрылыстардағы тығыздығы төмен
аудандарды жоғары қарқынды пайдалана отырып, реконструкциялау (магистралдар
бойындағы, орталықтағы, қала тораптарындағы және басқа аумақтар), бұған
жалпы алаңы 0,2 млн. м2 бір қабатты құрылыстарды сүру және осы аумақта
жалпы алаңы 1,47 млн. м2 жерге жаңа көп қабатты құрылыс нысандарын салуға
тұрғын үйден шығаруға өтемақы қосылады;
аяқталмаған құрылыс нысандарының құрылысын аяқтау және жүргізіліп жатқан
құрылыс шегінен тыс 4,2 млн. м2 тұрғын үй қорын енгізе отырып, тұрғын үй
кешендерін қалыптастыру, оның ішінде 0,7 млн. м2 өндірістік мақсаттағы
аумақты қайта ұйымдастыру және қолданыстағы қоғамдық құрылысты ықшамдау
есебінен;
байланыс аймақтарында табиғи-ландшафты қаңқаны және урбандалған аумақтарда
қалалық және коттедждік үлгідегі 1,02 млн. м2 тұрғын үй қорына дейінгі
көлемде аз қабатты тұрғын үй құрылыстары кешендерін қалыптастыру;
тарихи-мәдени құндылығы бар, ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы,
ХХ ғасырдың 20-50-жылдарындағы қала құрылысының үлгілері болып табылатын
тұрғын үй кварталдары мен кешендерін реставрациялау, реконструкциялау және
көріктендіру; тұрғын үй аумақтарын сақтау, Алматының орталық бөлігінің
тұрғын үйлер аясын реабилитациялау және көріктендіру;
60-80-жылдарда және кейінгі жылдарда салынған ықшам аудандардағы жаппай
құрылыс аудандарын кезең-кезеңмен реконструкциялау. Бұған күрделі жөндеу,
қайта жобалау, реконструкцияланатын қорға құрылыс жүргізу, 115 млн. м2
амортизацияланған қорды сүру және жалпы алаңы 1,41 млн. м2 болатын жайлы
жер сілкінісіне берік, жан-жақты жабдықталған жаңа биік (12-16 қабат) үйлер
тұрғызу, қоғамдық аймақтардың және осы аймақтардың орталықтары жүйелерін
архитектуралық-кеңістік тұрғысынан аяқтау және қалыптастыру кіреді.
Қаланың муниципалды тұрғын үй қоры қалыптасып отырған тұрғын үй нарығындағы
маңызды элементтердің бірі. Халықтың әлеуметтік қорғалатын және соларға
теңестірілген бөлігі үшін муниципалдық тұрғын үйлер құрылысы экономикасы
дамыған елдердің тәжірибесі бойынша, құрылыстың жалпы көлемінің 20-25%-ін
құрауы тиіс. Бұл негізінен ең арзан және көп қолданылатын технологияны
пайдалану арқылы салынып, тұрғындарды заңда кепілдік берілген тұрғын
үйлермен қамтамасыз ету деңгейіне бағытталған пәтерлері бар көп қабатты
үйлер.
Жаңа муниципалдық тұрғын үйлер құрылысының көлемі 2020 жылға дейін салу
көзделген тұрғын үйлерді енгізудің жалпы көлемінің 1,9 млн. м2 немесе
орташа алғанда жылына 90 мың м2 болады.
Бас жоспарда жаңа әлеуметтік-экономикалық және қала құрылысы жағдайын
ескере отырып, мекемелердің әлеуметтік-кепілдік берілген қызмет көрсетудің
ең төменгі мөлшерінің нормативтік көрсеткіштеріне және қалалық маңызы бар
нысандарды дамытудың 2020 жылға дейінгі нормативтік көрсеткіштеріне жету
бағытында әлеуметтік саланы дамыту көзделген.
Бұл ретте жаңадан құрылыс жүргізу және жалпы алаңы 4,77 млн. шаршы м қызмет
көрсету нысандарын реконструкциялау есебінен қаладағы қызмет көрсету қорын
жалпы алаңы 7,97 млн. шаршы м шамаға жеткізе отырып, әлеуметтік салаға
енгізу болжануда.
Экономикалық қызмет
Алматы аумағында эконмоикалық қызметтің саларалық құрылымдарын қайта
ұйымдастыру ұсынылады. Оның ішінде: ғылымның, білімнің, мәдениеттің және
жоғары технологиялық өнеркәсіптің ролін сақтау; өндірістік, іскерлік және
әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуды, қызмет көрсету, туризм және рекреация
саласын ынталандыру; экологиялық қауіпті және ресурсы сыйымды өндірістерді
қайта ұйымдастыру.
Материалдық өндіріс салаларына қайта құрылымдауды жүзеге асыру ғылымды
қажет ететін және ресурсты үнемдейтін технологиялар пайдасын көздейді.
Алматы қаласының Қазақстан Республикасының бас қаласы мәртебесін сақтау
болжанып, ғылыми-техникалық, білім беру, мәдени, әлеуметтік, өндірістік
және инфрақұрылымдық әлеуетті, республикалық және халықаралық маңызы бар
нарықтық инфрақұрылымдар институтын қарқынды дамыту болжануда.
Экономиканың мемлекеттік және жеке секторларының бұдан арғы тиімді үйлесуі
мен өзара әрекет етуі жоспарланады.
Бас жоспарда өндірістік аумақтарды қайта ұйымдастыру ұсынылған. Бұл олардың
экологиялық қауіпсіздігін артыру және осы аумақтарың қаланы дамытуда қала
құрылысы әлеуетін барынша тиімді пайдалану мақсатын көздейді.
Қаланың рекреациялық инфрақұрылымы.
Қала туризмі экономикалық қызметтің жаңа саласына қызмет көрсету үшін
рекреациялық инфрақұрылымды дамытуға арналған кешенді қалалық бағдарлама
қала экономикасының жаңа тиімді секторын құруды мақсат тұтады. Бұл ретте
Алматының тарихи-мәдени мұрасы мен керемет табиғат әлемін пайдалану, тарихи
мұра мен табиғи әлеуетті сақтау, реставрациялау және жаңғырту істерінің
қаржылық мәселелерін шешу көзделген.
Бағдарлама жыл сайын туристер ағынын 253,5 мың адамға дейін ұлғайтуды, оның
ішінде отандық туристер ағынын 138,5 мың адамға және шетелдік туристер
санын 115 мың адамға жеткізуді көздейді. Мұнда туристік мекемелерге деген
жиынтық сұраныс 24,6 мың орын, оның ішінде 14,71 мың орын отандық туризм
үшін ұйымдастырылған және 9,9 мың орын шетелдік туристерге арналған.
Аймақтарды және туристер барып көретін нысандарды көріктендіру,
төмендегілерді көздейтін кешенді туризм инфрақұрылымын құру:
Қазақстан Республикасы аумағындағы Жібек жолы бөлігіндегі туризм
жүйесінің тораптық кешені ретінде Алматының және Алматы аймағының туристік
кешенін дамыту; Ұлы Жібек жолының Алматы мемориалдық аймағының туристік
мекемелерінің сыйымдылығын 25 мың орынға дейін арттыру, оның ішінде қаланың
қонақүйлер желісін 5,8 мыңнан 7,8 мың орынға дейін жеткізу.
қаланың біртұтас туристік аймақтары жүйесін қалыптастыру, бұл туристер
баратын және көретін орындар шегінде жаяу жүріп қарайтын маршруттарды
біріктіруді, туристік мекемелерді орналастыру орындарын, қызмет көрсетуді
және бос уақытын қамтамасыз етуді, туристік аймақтарды көлік маршруттары
жүйесімен бірлестіруді көздейді;
туристер баратын және көретін нысандарды дамыту, оның ішінде ойын-сауық,
спорттық нысандардың және сауықтыру кешендерінің өткізу мүмкіндігін
ұлғайту, халықаралық туристік орталық, конгрестер, көрмелер, жәрмеңкелер
салу;
қонақүй желісін, сауда-тұрмыстық нысандар желісін және ақпараттық қызмет
көрсетуді, туристік бюро мен көлік агенттіктерін дамыту;
әуежайда, теміржол вокзалдарында көліктік туристік қызмет көрсету жүйесін
дамыту, арнайы автокөліктер паркін және қызмет көрсету кәсіпорындарын және
автомобиль прокатын дамыту, туристік аймақтарда автотұрақтардың
сыйымдылығын арттыру;
3. Алматының қала құрылысы дамуының мақсаты
Алматының қала құрылысын дамытудың басты мақсаты – қаланы тұрақты дамыту
және алматылықтардың қазіргі және болашақ буындары үшін өмір сүруге қолайлы
орта қалыптастыру. Осы мақсатқа қол жеткізу төмендегілерді білдіреді:
• тіршілік ету ортасының экологиялық қауіпсіздігі және табиғи кешеннің
тұрақтылығы;
• Қазақстан Республикасының ірі әрі әсем қаласын қала-бақ ретінде
қалыптастыру;
• қала құрылысы шешімдерінің мәдени сабақтастығы; кеңістіктік тұтастық,
эстетикалық шешімі, қаланың өмір сүру ортасының үйлесімі мен әр
алуандығы;
• көлік және инженерлік инфрақұрылымның сенімділігі мен қауіпсіздігі,
тұрғын үй проблемасын жан-жақты шешу, тұрғын үй аумақтарын
реконструкциялау және дамыту, өмір сүру ортасын қалыптастыру;
• өндірістік аумақты пайдалану тиімділігі;
• қоғамдық орталықтар жүйесінің дамуы мен қол жетімділігі;
Көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz