Шығыс қазақстан облысының орман ресурстарына экономикалық-географиялық сипаттама


Шығыс қазақстан облысының орман ресурстарына экономикалық-географиялық сипаттама
Шығыс Қазақстан облысы - Алтай тауларының оңтүстік-батысын, Зайсан ойпатын, Қалба таулы-қыратын, Сауыр-Тарбағатай жоталарын, Ертісмаңы жазығын және Қазақтың ұсақ шоқыларының шығыс бөлігін қамтиды.
Шығыс Қазақстан облысы солтүстігінде Ресеймен, шығысында Қытай Халық Республикасымен, оңтүстігінде Алматы, батысында Павлодар және Қарағанды облыстарымен шектеседі.
Облыстың географиялық жағдайының ерекшелігі - ең ірі континент Евразияның ортасында, Батыс Сібір жазығымен шекаралас орналасуында. Облыс аумағында жер шарының континентальды полюсі және Евразияның географиялық орталығы орналасқан. Табиғат жағдайларының әртүрлілігі шаруашылықтың дамуына қолайлы жағдай туғызады.
Шығыс Қазақстан облысының табиғаты әр алуан. Алтай өңірінде болған адам бұл өңірдің өзендерін, тұнық көлдерін, қарлы шыңдарын өмір бойы есінен шығармас болар. Бұл өңірге, сонау орыс патшайымы Елизавета заманының өзінде-ақ көпшілік көз тіккен. Сол кездің өзінде алтын, күміс, қорғасын және т. б. бағалы қазба байлықтарын өндірген [78] .
Топырақ жамылғысы. Топырақ - бұл табиғи кешен. Топырақ өте баяу түзіледі. 100 жылда топырақ қалыңдығы бары-жоғы 0, 5-2 см ғана көтеріледі.
Жер бедері мен климатының, топырақ-өсімдік зоналарының барынша алуан түрлілігі бұл ауданның табиғатына ерекше, қайталанбас әсемдік береді. Кең алқапты жерлердің табиғи климаттық жағдайлары сияқты, Шығыс Қазақстан облысының топырақ жамылғысы да әртүрлі.
Оңтүстік беткейінде қоңыр және қара топырақ кездеседі. Онда шөлейт және дала өсімдіктері аралас өседі. Солтүстік беткейінде 600-1400 м биіктік аралығында дала, одан жоғары 2200 м-ге дейін аралас орман, 2400 м-ден жоғары субальпілік және альпілік өсімдіктер тараған. Одан жоғарыда мәңгі қар мен мұздықтар жатыр [79] . Батыс аймаққа ендік бағытта созылып жатқан топырақ зонасы, ал таулы Шығыс аймаққа биіктік белдеуі тән. Облыстың негізгі топырақ түрлері - оңтүстіктегі жазық бөлікте қара топырақ және күңгірт қара қоңыр топырақ тараған, оңтүстікте - ашық қара қоңыр және құба, өзен атырауларында - шалғынды-батпақты топырақтар тараған.
Облыс терістігіндегі біраз аумақты ылғалданған орманды дала зонашасы алып жатыр, негізінен, шайылған орманның сұр топырағы мен шалғынды қара топырақ кездеседі. Бұл зонашада оңтүстікке қарай қара топырақты дала зонашасы жатыр. Бұл суарылмайтын егістік аймаққа жатады. Қара топырақты дала зонасының оңтүстігінде құрғақ және шөлді далалы зона жатыр, оның терістігінде, яғни күңгірт қара қоңыр топырақты зонашада суарылмайтын жаздық бидай егіледі.
Шөлді далалы зонашаның топырақ құнарлылығы төмен, әсіресе оның құрамындағы қарашірік аз, топырақтың көбісі сортаңданған. Бұл қазіргі уақытта негізінен мал шаруашылықты аймақ болып саналады. Құрғақшылық жиі байқалады, яғни төрт жылдың 3 жылы құрғақ болады. Сондықтан егін егіп тұрақты өнім алу тек суармалы жағдайда ғана мүмкін. Шөлді далалы зонашаның оңтүстігін кең алқапты шөл зонасы алып жатыр. Бұл аймақ нағыз шөлдің өзі. Өсімдік сирек шығатындықтан, олардың топырақта қалдыратын қалдықтары мардымсыз. Мұнда сор шөпті жусан өсетін құба топырақтар. Топырақ құнарлылығы аз болғандықтан суарған кезде азот, фосфор және органикалық тыңайтқыштарды қолдану керек.
Күңгірт қара топырақтар Белағаш орманды жазығының солтүстік бөлігінде тарайды. Бұл топырақ түрі дала зонасының негізгі жер қоры болып есептеледі. Жер асты сулары мұнда 7-10 м тереңдікке дейін барады. Облыс топырағына негізінен, орташа және күшті тұзды сорланған топырақ тән. Тұзды топырақ тараған аудандар: Ұлан, Көкпекті, Күршімнің солтүстік бөлігі, Зайсан Тарбағатай [79] .
Ертіс аңғарында күшті шымдалған, құрамында органикалық заттар көп шалғынды жайылмалы топырақ түзілген. Ертіс аңғарының бір бөлігі шалғынды сортаңды және шымтезекті-батпақты топырақтар. Облыстың топырақ түрлері негізінен қара топырақ, таудың қара топырағы, құба, күңгірт қара топырақ және т. б. (кесте 21) .
Кесте 21 - Шығыс Қазақстан облысының топырақ түрлері [78]
Ал таулы алқаптың топырағына келетін болсақ, тау етегіндегі шөлді-далалы аймақтағы ылғал мөлшері жазық аумағындағы шөлді дала зонасына қарағанда әлдеқайда мол. Ылғалданудың орташа мөлшері 250-360 мм. Бұл аймақтың топырағының түсі негізінен сұрғылт түсті. Оның өзі тау етегінде жатқан аймақтардың таулы алқаптан қаншалықты қашықтығына, оған сәйкес түсетін ылғал мөлшеріне байланысты. Таулы алқаптан қашық жерде топырақтың ашық сұрғылт түсті зонашасы жатыр, одан кейін кәдімгі сұрғылт түсті топырақ, ал тауға ең жақын аймақта күңгірт-сұрғылт түсті және ашық қара қоңыр топырақ зонашасы кезедеседі. Шөлді-дала зонасынан биігірек алқапта аласа таулы-дала зонасы басталады. Бұл аймақта таулардың топырақ, климат жағдайларына тигізетін әсері үлкен. Ауадан түсетін ылғал мөлшері 500-800 мм. Ылғал жақсы түсетіндіктен шөп жақсы өседі. Топырақтары да құнарлы, негізінен қара қоңыр топырақ пен қара топырақ. Аймақ таулы жыралы болғандықтан, жаппай егістікке қолайсыз, сондықтан көп жері табиғи мал жайылымы, шабындық ретінде де пайдаланылады. Бұл аймақта суарылатын және суарылмайтын жеміс ағаштары, бұталар өседі. Орташа таулардағы шалғынды орман зонасы аласа таулы зонасынан жоғары жатыр. Бұл аймаққа түсетін ылғалдың жылдық мөлшері 850-900 мм. Топырағы - құнарлы, қара топырақ. Жер негізінен жайлау мен шабындыққа қолайлы.
Өсімдігі. Шығыс Қазақстан облысының флорасы өте бай және өсімдіктер дүниесінің көптігімен ерекшеленеді. Мұны табиғат жағдайының әртүрлілігімен түсіндіруге болады. Солтүстік және батыс тау етектерінің 400-700 м биіктігінде шалғынды әртүрлі өсімдіктер мен астық тұқымдас өсімдіктер өседі, ал 1200-1700 м биіктікіе жусанды бетегелі дала алып жатыр. Топырағы негізінен қара және қара қоңыр топырақ. Мұнда жалпақ жапырақты орман өседі. Орталық және Оңтүстік ауданда 2200-2500 м биіктікте қылқан жапырақты ормандар өседі. Одан жоғары биік таулы альпілік белдеуде субальпілік бұталар мен шалғындар, одан әрі таулы тундра, жартастар, тас қорымдар, қар мен мұздықтар алып жатыр. Тау беткейлерінде қара топырақ, одан жоғары күлгін топырақ тараған. 700 м-ден жоғары қарай астық тұқымдас шалғын шөптер мен қылқан жапырақты ормандар басталады. Субальпілік және альпілік шалғындар көбінесе таулы аудандарға тән. Өсімдіктердің ішіндегі ең маңыздысы дәрілік шөптер: итмұрын, қайың, емен тағы басқа шөптер.
Облыста сонымен қатар, біздің заманымызға дейін сақталып келе жатқан, ежелгі реликті өсімдік түрлері де бар. Оларға: Сібе көлінің маңында өсетін (Қалба жотасы) сібір кривокучнигі, тәтті жапырақты астрагал - қазіргі уақытта Үлбі, Үбі және Бұқтырма өзен алабтарыннда, тау сілемдеріндегі бұталар арасында кездеседі; алтайлық қасқыржидек - орманды субтропикалық флораның реликті өсімдігі. Су өсімдіктері реликтісінен - зайсандық жаңғақ, ол Қара Ертіс жайылмасында және Зайсан көлінде кездеседі.
Адам шаруашылығы қызметінің әсерінен және жекелеген орман өрттерінің әсерінен соңғы 150-200 жылда қарағайлы орман жалдарының ауданы адам сенгісіздей қысқарды. Қарағайлы орман жалдарында негізінен өсімдіктердің реликті бареалды түрлері: ит бүлдірген, қара жидек, солтүстік линнея, дөңгелекжапырақты алмұрт қана сақталып қалды [80] .
Шығыс Қазақстан облысының флорасында көптеген бағалы, пайдалы, дәрілік өсімдіктер көп. Бұлар жем-шөпті: түлкіқұйрық, қара бүлдірген жиынтығы, қылтанақсыз костер, орақ тәріздес жоңышқа, шалғынды беде және әртүрлі шөптердің басқа түрлері; эфирлі майлардан: хош иісті зизифора, кәдімгі жалбыз, сібір тас шөбі және т. б. ; дәрілік өсімдіктерден: қылша, кәдімгі өгейшөп, құмды өлмес шөп, қызғылт семізот және басқалары; тамақтық өсімдіктерден: қара қарақат, биік қарақат, кәдімгі таңқурай, алтайлық пияз, рауғаш және т. б. ; витаминді өсімдіктерден: итмұрын, кәдімгі қарағай, жасыл қой бүлдіген, қара қарақат және т. б. ; балды өсімдіктерден: кәдімгі киікоты, кішкене жапырақты иван-шәй, татар ырғайы, қызыл тал және т. б. тараған.
Өсімдіктердің жекелеген түрлерінің географиялық орналасуы да әртүрлі. Кейбір өсімдіктер үлкен аумақта таралып, әлемнің барлық жерінде кездесуі мүмкін. Өсімдіктердің мұндай түрлерін космополиттер деп атайды, мысалы, үлкен жолжелкен, қалақай, кәдімгі құрақ. Ал енді кейбір өсімдіктер Шығыс Қазақстаннан басқа әлемнің еш жерінде кездеспейді, мұнда өсімдіктер аумақтың аз ғана жерін алып жатыр. Оларды эндемиктер деп атайды. Мысалы, Зайсан қазаншұңқырының дөңді құмдарында, Нарым жотасының тасты, шалғынды даласында өте сирек кездесетін тау пиязы, Людвиг сарыгүлі өседі. Алтайлық қасқыржидек - Алтай және Тарбағатай тау сілемдерінің бұталы қопаларында кездеседі.
Семейде Ертіс маңында, Қалба жотасында (Аюлы және Қайыңды орман жалдары), Қызылқұмның құмды массивтерінде тауарлық қазаншұңқырларда (Лениногор орман жалдары), Мрамор тауында - Азутау жотасының (Оңтүстік Алтай) тасты жерлерінде - кәдімгі қарағайлы ормандардың реликті түрі сақталған (сурет 11-12) .
Орман өсімдіктері зонасы. Орман шаруашылығы облыстың солтүстік-батыс бөлігінде құрғақ дала зонашасында жатыр, ал қалған бөлігі Қазақстандық Алтайға кіреді.
Тау жүйесінің күрделі орографиялық құрылымы биіктік белдеу зонасы бойынша топырақ және өсімдіктердің дифференциалды заңдылықтарына байланысты климаттың аумақтық өзгергіштігін анықтайды. Климат топырақ пен өсімдік жамылғысының биіктік табиғи зона бойынша заңдылықты әртүрлі болуына себепші болады [78] .
Биік таулы нивальды зона - Сауыр, Кенді және Оңтүстік Алтай тауларының біршама биік бөліктерінді (2800-3200) мәңгі қар және мұздықтар бар. Бұл зона өзен ағындарын қоректендіреді және ретке келтіреді.
Биік таулы тундралы-шалғынды зона жазғы уақыттарда қар жамылғысы болмайтын абсолюттік биіктігі 1800-2000 м-ден 2800-3200 м-ге дейінгі биіктікте Алтай, Сауыр және Тарбағатай тауларының басты суайрықтарында орналасқан. Зонада мүкті-бұталы өсімдік және аласа шөпті альпі шалғыны - жазғы жайылым - жайлау тараған. Топырақ жамылғысы таулы-тундралы және таулы-шалғынды шымды топырақтардан құралған [84] .
Таулы орманды (таулы-тайгалы) зона тундралы-шалғынды зонадан төмен теңіз деңгейінен 1400-2100 м биіктікке дейін орналасқан. Мұнда қою және ашық қылқан жапырақты ормандар, ал төменгі белдеуде жапырақты және аралас ормандар тараған. Топырағы - қышқыл, шымды, шымтезекті. Ормансыз оңтүстік және батыс тау баурайларында жақсы жаздық жайылым мен жоғары өнімді шабындық болатын шымды топырақтар қалыптасқан. Ондай жерлерде жазғы жайылымдар мен жоғары өнімді шабындықтар тараған.
Шаруашылықтағы негізгі бағыт - орман және тау-кен өнеркәсібі әртүрлі орман ресурстары өнеркәсібі болып табылады. Ара өсіру зор маңызға ие. Бұғы және марал шаруашылығына да тиімді жағдайлар жасалған.
Таулы орманды дала зонасы таулы орманды және дала зоналарының арасындағы өтпелі зона болып табылады және оған аласа және орташа тауларды, сондай-ақ биік тауалды толқынды жазықтар мен тау аралық ойпаңдар кіреді. Ол оңтүстік Алтай тауларына тән. Кенді Алтайда орман мен даланың алмасуы анық байқалмайды. Екі зонашаға бөлінеді: Кенді Алтайдың ылғалды, шалғынды-орманы және Оңтүстік Алтай, Қалба және Сауырдың қоңыржай ылғалды орманды даласы.
Ормандармен қатар жоғары өнімді шабындықтар мен жайылымдар кездеседі. Олар етті-сүтті мал шаруашылығының дамуына себепші болады. Сонымен қатар егістікке жарамды жерлерде көптеп кездеседі және егіншілікке жақсы жағдай жасалған [85] .
Дала зонасы (теңіз деңгейінен 400-1200 м биіктікте) аласа таулар мен тауалды қыраттарда кездеседі және өсімдік жамылғысында дала шөптері мен бұталардың басым болуымен ерекшеленеді. Зона мынадай белдеулерге бөлінеді: шалғынды әртүрлі шөптесінді - дәнді және жусанды - әртүрлі шөптесінді далалы (таулы шалғынды-далалы) және жусанды-бетегелі қоңыржай далалы (тауалды далалы) . Екі белдеуде де бұталы далалар тараған.
Егістік жерлерде сілтісізденген, кәдімгі және оңтүстік қара топырақтар тараған. Ұзақ уақыт қолданылғандықтан бұл топырақтар өзінің өнімділігін жоғалтып, құрамын өзгерткен, олардың көпшілігі су эрозиясына ұшыраған. Бұл зонада дәнді, майлы және азықтық дақылдар мол өнім береді.
Шөлді-далалы және шөлді зонасы - тұзды солтүстік шөлдерден қалыптасқан және Зайсан ойпатында және Шілікті аңғарында орналасқан. Топырақ жамылғысы күлгін, шөлдің сұр және шалғынды тұзданған топырақ болып келеді. Сондай-ақ сор және сортаңдар кездеседі. Зона аумағы негізінен жайылымды, шабындықты, және суармалы болып келеді.
Облыс орманы Қалба жотасының қарағайлы, Кенді Алтайдың қылқан жапырақты ормандарынан, Батыс Алтайдың балқарағайлы ормандары мен Сауырдың сағыз қарағайынан, Тарбағатайдың жапырақты ағаштарынан және интразоналды жайылмалы ормандарынан құралған тұтас табиғи кешен. Олардың барлығы топырақ және егіс қорғау, климат қалыптастырушы, су қорғаушы, санитарлы-гигиеналық, рекреациялық және басқа да әлеуметтік-қорғаушы қызметтер атқарады [81] .
Облыстағы орман шаруашылығы кәсіпорындары шикізаттың барлық түрін толық қолдану нәтижесінде тауарлы өнімдерді шығаруды үнемі ұлғайтып отырады. Осыған байланысты орман ресрустарын кешенді пайдалану өнімділігі мен тиімділігін өсіру біршама жан-жақты өзекті мәселе болып отыр.
Облыс аумағы құрғақ дала мен шөлейт зоналарында орналасқан. Бүкіл аумақ таулы ландшафтты алып жатыр. Ол бірнеше таулы аймақтарға бөлінеді: Кенді және Оңтүстік Алтай, Қалба жотасы және Сауыр-Тарбағатай.
Алтай таулы өлкесінің оңтүстік-батыс бөлігі ғана Қазақстанға кіреді. Бүкіл Алтай тау жүйесі сияқты оның қазақстандық бөлігі де герцин тау түзілісі кезінде пайда болған. Қазір альпі типтес жер бедері пішініне жатады. Қазақстан жеріндегі тау жоталарының көпшілігінің биіктіктері 3000-3500 метрден асады. Алтай тауын: а) Оңтүстік Алтай, ә) Орталық Алтай немесе Кенді Алтай, б) Қалба жотасы деп үшке бөлуге болады. Ең биік шыңы Мұзтау - 4506 м. Алтай тауы атанған Алтай сөзі кейбір деректерде, монғал тілінде “Алтын тау” деп аталады екен.
Оңтүстік Алтай солтүстігінде Бұқтырма өзені, Қара Ертіс, оңтүстігінде Зайсан көлінің аралығында жатыр. Батысында Ертіс өзені мен шығысында Табын-Богдо-Оло тау жүйесімен ұштасады. Сол жерден батысқа және оңтүстік-батысқа қарай Сарымсақты, Нарын және Оңтүстік Алтай (3450 м) жоталары тарайды. Бұл жоталар шығыс бөлігінен батыс бөлігіне қарай біртіндеп аласарып қыратқа айналады. Оңтүстік Алтайдың басты жоталары - Оңтүстік Алтай, Сарымсақты, Күршім, Азутау [82] .
Батыс Алтайдың әсем табиғаты мен өсімдік-жануарларын қорғау мақсатында 1992 жылы Шығыс Қазақстан облысының Ресеймен шекаралас Лениногор қаласы мен Зырян ауданы жерінде Батыс Алтай мемлекеттік ұлттық қорығы құрылған (сурет 13) . Ауданы - 56, 1 мың га. Онда өсімдіктердің - 564, балықтың 5, құстардың 131, сүтқоректі жануарлардың 50 түрі қорғалады.
Қорық аумағында Иванов, Линей, Холзун және Көксін жоталары орналасқан. Ақ және Қара Үбі, Тургусун және оның саласы Барсук бастауларын осы қорықтан алады. Қорық аумағында 800-1400 м самырсынды, майқарағайлы ормандар кең тарған. Облыс аумағында мұнан басқа тағы да көптеген қорықтар бар: “Марқакөл”, “Алакөл” мемлекеттік табиғи қорықтары, “Катон-Қарағай” ұлттық табиғи паркі және т. б. [83] .
Облыс аумағында қорықтардан басқа геологиялық, ботаникалық табиғат ескерткіштері мен бірнеше заказниктер де бар, олар: “Тархан” геологиялық табиғат ескерткіші, “Ашутас” геологиялық-ботаникалық табиғат ескерткіші, “Асбұлақ” геологиялық-минерологиялық заказнигі, “Көгілдір шығанақ” геологиялық-петрологиялық табиғат ескерткіші (14 сурет) және т. б.
Дүние жүзінің әртүрлі елдерінде құрылған қорықтардың қорғау тәртібі, атқаратын қызметі мен негізгі бағыты әртүрлі. Сондықтан қорғауға алынған жерлерді қорықтар, қорықшалар, резерваттар, ұлттық парктер, табиғат ескерткіштері деп бөледі.
Жалпы, қорықтар, қорықшалар, ұлттық парктер - ерекше қорғауды қажет ететін тұқымы құрып бара жатқан өсімдіктер мен жануарларды, құнды табиғат нысандарын табиғи күйінде сақтау міндетін атқарады.
Шығыс Қазақстан облысы аумағында көптеген орман шаруашылықтары жұмыс істейді. Төмендегі Шығыс Қазақстан облысының карта-сұлбасында облыстағы негізгі орман түзуші ағаш түрлері және осы аталған облыстағы орман шаруашылық кәсіпорындары көрсетілген (сурет 15) . Біз енді солардың ішіндегі ең ірілері және еліміздегі белгілі орман шаруашылықтарына сипаттама беріп өтеміз [86] .
“Семей орманы” мемлекеттік табиғи резерват орманы
Қазақстан орман шаруашылығының негізгі экологиялық саясаты - ол орман қорларын пайдалану мүмкіншілігі мен оның экологиялық жағдайын жақсарту үшін оны басқарудағы реттеу жұмыстарын жүргізу, орман қорларын нәтижелі пайдалану, оны күзету және қорғау мен қайта өсіру. Орман - биосфераның ең маңызды компоненті, экологиялық, әлеуметтік және экономикалық жағынан алғанда маңызды, жер бетіндегі тіршілікке үлкен әсерін тигізетін шаруашылықтың бірі болып табылады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев 1997 жылы қазан айындағы “Елдің жақсы болу болашағын бүгіннен бастау керек” атты жиындағы баяндамасында “ . . . біздің елдің белгісі шөл емес, орман мен бау-бақша болуы керек. Орман массивтерін жылдан-жылға қажырлы көркейтуде, біз тек қана өзіміз үшін ғана емес, болашақ ұрпақтарымыздың жарқын өмір сүруіне, экологияны жақсартуға бар күшімізді салуымыз керек” деп атап көрсетті.
“2030 стратегиясы” бойынша орман ресурстарын тұрақты дамытуда келесі мәселелер қаралды:
- орманды қорғауға, пайдалануға мемлекеттік бақылау;
- орман ресурстарын басқару;
- орманды қорғау және күзету;
- орманды қайта қалпына келтіру және орманды қорғау шараларын көбейту.
Семей өңірінің орманы айрықша орман жалдарын құрайтын, қайыңды-көктеректі ормандар және Қазақтың ұсақшоқыларының оңтүстік-шығысында алма ағашынан тұратын өзінше бір ерекше табиғи кешен. Бұл табиғи кешен рекреациялық, санитарлы-гигиеналық, суды қорғау, ауа райын реттеуші және топырақты, даланы әлеуметтік қорғау функцияларын орындайды [87] .
Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 ж. 28 тамыздағы № 931 Жарлығы бойынша орман және аң шаруашылығы Комитеті құрылды. “2030 ж. дейін Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтарын дамыту және орнықтыру концепциясы туралы” Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 қарашадағы № 1692 қаулысында Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарының орманды жалдарының негізінде екі ұлттық паркті құру ұсынылды, одан кейін “Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігіне қарасты орман және аң шаруашылығы Комитеті жеке мемлекеттік мекемелерін ұйымдастыру туралы” Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 қаңтардағы № 75 қаулысында Семей аймағының жануарлар әлемі мен орманды қорғау мемлекеттік мекемесі, Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігінің орман және аң шаруашылығы Комитетінің негізінде “Семей орманы” мемлекеттік табиғи резерват орманы болып қайта құрылды. “Семей орманы” табиғи резерваты 658, 8 мың гектарды құрайды. Оның 385, 4 мың гектарын орманды алқап алып жатыр [88] .
Орман жалдары мен жайылмалы ормандар Ертіс өзенінің оң жағалауында, бұрынғы жануарлар әлемі мен 9 мемлекеттік орманды қорғау мекемелерінің - Бөген, Бородулиха, Бөкебаев, Долон, Жаңасемей, Канонерка, Морозов, Жаңашүлбі, Бесқарағай және Семей қаласының аумағында орналасқан.
Жарма филиалының аумағы алты әкімшілік ауданды және Семей қаласы аумағын қамтиды. Жарма филиалының ормандары байрақты және өзен жағалауларының қайыңды және көктеректі ормандарын, аласа таулы ұсақ шоқылардың оңтүстік қиыр шетін қамтиды.
“Семей орманы” мемлекеттік табиғи резерватының орман жамылғысы 58, 5 % құрайды. Төменде ұсынылған карта-сұлбада резерваттың филиалдар бойынша орман қорының таралуы көрсетілген (сурет 16) .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz