Қазақстанның көлік және жол қатынасы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Қазақстанның көлік және жол қатынасы 2
Республика темiр жол қатынасы 2
Қазақстандағы автомобиль жол қатынасы 6
Республиканың су және әуе жол қатынасы 10
Қазақстан құбыр жолдары 12

Қазақстанның көлік және жол қатынасы

Республика темiр жол қатынасы

Тәуелсiздiк алған Қазақстанның көлiк қатынасында темiр жолдың маңызы
ерекше зор. Өйткенi темiр жол арқылы республиканың халқы тек бiздiң
елiмiзде ғана емес, сонымен қатар бүкiл жер бетiнiң барлық аймақтарына
ешқандай қиындықсыз бара алады және қажеттi тауарларын жеткiзе алады.
Қазiргi кезде Қазақстан темiр жолының үлесiне көлiк қатынасының барлық
түрлерi бойынша тасылатын жүктiң төрттен үш бөлiгiн қалалар мен ауылдар,
басқа да жерлерге жол жүретiн адамдардың тең жарымы тиедi. Темiр жолдарды
техникалық жағынан қамтамасыз ету және жүк тасу жөнiнде Қазақстан ТМД
елдерi арасында Ресей мен Украинадан кейiнгi үшiншi орынды алады. Мiне,
осымен байланысты темiр жол көлiгiне талаптар жыл өткен сайын өсiп отыр
және оның басты мiндеттерi Президент Н. Ә. Назарбаевтың "Қазақстан-2030"
стратегиялық Бағдарламасында көрiнiс тапқан. Олар: темiр жол қатынасының
негiзгi бағыттарын қазiргi кезеңнiң талабына сай қайта құру, сондай-ақ,
Трансазия магистралы бойынша жүк тасуды жетiлдiру. Шет елдермен байланыс
жасауда аса маңызды Достық-Ақтоғай станциялары арасындағы жол қатынасын
одан әрi дамытып, тасылатын жүктiң көлемiн жылына 10 млн. тоннаға жеткiзу.
Жүк тасылатын басты аймақтарда қазiргi кезеңiн талабына сай жүк сақтайтын
терминналдарды ұйымдастыру: барлық көлiк және коммуникациялық орындардың
құрылымдарын қайтадан қарап жетiлдiру т. б.
Бұл маңызды мәселелердi шешуде Қазақстан темiр жол құрылымын одан әрi
жетiлдiру ерекше орын алады. Республикада 1977 жылға дейiн өз алдына бөлек,
бiр-бiрiне бағынбайтын Тың темiр жолы, Алматы және Батыс Қазақстан темiр
жол бөлiмдерi жұмыс iстедi. Бiрақ олардың iс жүзiндегi қызметi 1991 жылдан
басталған нарықтық экономика талаптарына сай келмедi. Нәтижесiнде 1991-1998
жылдар аралығында жолаушылар тасу екi екi есеге, жүк тасу айналымы 4 есеге
азайды.
Сондықтан, темiр жол көлiгiнiң жұмысын жақсарту, олардың басқару
құрылымдарын жетiлдiру және темiр жол бөлiмдерiн iрiлендiру мәселелерiне
ерекше көңiл бөлiндi. 1997 жылғы 31 қаңтарда Үкiмет қаулысымен Алматы, Тың
және Батыс Қазақстан темiр жол бөлiмдерi бiрiктiрiлiп, республикалық
мемлекеттiк "Қазақстан темiр жолы" кәсiпорны құрылды. Ал 2002 жылы бұл
мемлекеттiк кәсiпорын Үкiметтiң қаулысымен "Қазақстан темiр жолы" ұлттық
компаниясы жабық акционерлiк қоғамына айналдырылды.
2002 жылы Қазақстандағы темiр жолдың ұзындығы 13,6 мың шақырымға жеттi,
оның бойындағы темiр жол станцияларының саны 720 болды. Олардың арасында
жүктердi сорттап бөлуде өзiнiң қызметiмен ерекше бөлiнетiн Қарағанды-
Сортировочная, Астана, Павлодар, Шу, Арыс, Қандағаш станцияларын атап
көрсетуге болады. "Қазақ темiр жолы" жабық акционерлiк қоғамының басқару
құрамына департаменттер, жеке басқармалар және кәсiпорынның жергiлiктi
жерлердегi бөлiмдерi т.б. кiредi. Бұдан басқа оған халықты қажеттi
тауарлармен қамтамасыз ететiн, денсаулық сақтау, жолды жөндеу, құрылыс,
ғылыми-экономикалық жобалау, телефон-телеграф байланысы, станция жанындағы
жолдарда жүктер айналымын қамтамасыз ету басқармалары қарайды.
Қазақстанның территориясы үлкен болса да, ол темiржолдың ұзындығы
жағынан қазiрде көптеген алдыңғы қатарлы дамыған мемлекеттерден әлде қайда
артта қалып отыр. Сондықтан тәуелсiздiк алған алғашқы жылдардан бастап
республика өз жерiнде жаңа темiр жолдар салу және темiр жол станциялары мен
желiлердi қайтадан жаңартуға ерекше назар аударуда. Осы мақсатта "Қазақстан
темiр жолы" 1998-2000 жылдар, 2001-2010, 2011-2020, және 2021-2030 жылдарды
қамтитын өзiнiң болашаққа бағытталған бағдарламасын жасаған. Онда, әсiресе,
халықаралық темiр жол желiлерiн құруға ерекше назар аударылған. Олар
Қазақстан территориясында басты екi бағытты қамтиды. Бiрiншiсi – Орталық
(Достық-Ақтоғай-Арыс-Шеңгелдi, Достық-Ақтоғай-Арыс-Ақтау жолдары). Екiншiсi
– Солтүстiк (Достық-Ақтоғай-Саяқ-Мойынты-Астана -Пресногорьков жолдары).
Бұдан басқа халықаралық мемлекеттiк жүктердi тасуда Республиканың Батыс
Ақсарай-Мақат-Бейнеу), Орталық Азия (Шеңгелдi-Қандағаш-Озинки) темiр жол
бағыттары қарастырылған.
Халықаралық темiр жол қатынасын дамытуда Достық станциясы ерекше рөл
атқарады. Өйткенi ол Еуропа және Азия елдерiнiң арасындағы экономикалық
байланыстарды жүзеге асыруда үлкен маңызды орын алады. Бiр айтатын жәйт ХХ
ғасырдың 50-ші жылдары салынған Ақтоғай-Достық темiр жолы көп уақытқа дейiн
пайдаланылмады. Бұл жол тек 1988 жылы КСРО мен ҚХР арасындағы жаңа
келiсiмге қол қойылғаннан кейiн ғана қозғалысқа енiп, жұмыс iстей бастады.
Мұнда 1995 жылға дейiнгi баға бойынша төрт жыл iшiнде 6,4 миллиард теңгенiң
құрылыс жұмыстары жүргiзiлдi. 12,5 шақырым басты және 30 шақырым станция
аралық жолдар салынды. Достық станциясына қажеттi барлық материалдық-
техникалық базалары нығайтылды.
1991 жылы қыркүйекте Достық станциясы арқылы Қазақстан мен Қытай
арасында жүк тасу, ал 1992 жылы маусымда жолаушылар тасу жүзеге асырылды.
Ал 1994 жылдан бастап Достық-Алашанькоу станциялары арқылы халықаралық жүк
тасу жүргiзiле бастады. Бұл жаңа жол бағыты жүк тасуды Еуропадан Азияға
дейiнгi су жолмен салыстырғанда 50 пайызға қысқартты және Қытайдың оңтүстiк
жағалауындағы теңiз порттарын қысқа жолмен Қазақстан, Ресей, Украина және
Белоруссия сауда-өнеркәсiп орталықтарымен байланыстырды. Нәтижесiнде
Қазақстанмен Қытай, Өзбекстан және Оңтүстiк-Кореямен сауда байланыстары
Достық станциясы арқылы едәуiр өстi. Тек 2002 жылдың өзiнде жүк тасу 1994
жылмен салыстырғанда 10 есеге артып, 6 млн. тоннаға жеттi. Достық станциясы
арқылы Қытайға қара және түстi металдар, мұнай, химиялық заттар мен
тыңайтқыштар, ескi металл сынықтары, қағаз, мақта т.б. жiберiледi. Ал
Қазақстанға Қытай жағынан өнеркәсiп жабдықтары, жеңiл және тамақ өнеркәсiп
тауарлары, кокс, құрылыс материалдары т.б. әкелiнедi.
Алдағы жылдары бұл екi ел арасындағы экономикалық байланыстарды одан
әрi дамыту қарастырылған. Мәселен, 2001 жылғы қаңтар айындағы екi ел
арасындағы жасалған келiсiм бойынша жақын арада Достық-Алашанькоу
станциялары арқылы жүк өткiзу 2-3 есеге арттыру көзделген.
Достық-Алашенькоу темiр жолын пайдалану Қытайдың Тынық мұхиттағы
Ляньюнган, Циндао, Тяньцзин порттарын Үрiмшi арқылы Ұлы Жiбек жолымен
Иранға, Түркияға және Ресей арқылы Еуропаға шығуға жағдай жасады. Қазiрде
бұл Трансазиялық жол желiсiнiң ұзындығы 10,5 мың шақырым, оның 1,8 мың
шақырымы Қазақстан жерi арқылы өтедi. Бұл темiр жол магистралы Достық
станциясы арқылы Ақтоғай-Алматы-Шеңгелдi станцияларын басып өтiп, одан әрi
Ташкент-Теджент-Серахс-Мешхед-Тегер ан-Анкара арқылы Стамбулға жетедi. Бұл
халықаралық темiр жол желiсiн iске қосуда 1996 жылы аяқталған ұзындығы 290
шақырым Теджент-Серахс-Мешхед аралығындағы темiр жол құрылысын аяқтаудың
үлкен маңызы болды. Оның iске қосылуы оңтүстiк бағытта Тынық мұхит
жағалауларымен Жерорта теңiзiн байланыстыруға, ал Солтүстiк бағытта темiр
жол қатынасын Қазақстанның Достық-Ақтоғай-Арыс-Шеңгелдi-Астана -
Преснегорьков станциялары арқылы жүзеге асыруға мүмкiндiк бердi. Бұл темiр
жол магистралы Еуропа мен Азия құрлығы арасындағы қатынасты бұрынғы
Ресейдiң Транссiбiр магистралымен салыстырғанда 600 шақырымнан 4 мың
шақырымға дейiн қысқартты.
"Қазақстан-2030" Бағдарламасының талаптарына сай 1998 жылы мамыр айында
алғаш рет егемен Қазақстанның тарихында Павлодар облысының Ақсу қаласы мен
Шығыс Қазақстан облысындағы Конечная темiр жол құрылысы басталды. Жолдың
жалпы ұзындығы – 184 шақырым. Жол құрылысы екi жақтан бiрдей тез арада
жүргiзiлiп, 2000 жылы 8 желтоқсанда аяқталды. Жолды салуға республиканың
әртүрлi аудандарынан 1500 жұмысшы қатынасты, құрылысқа 6,5 миллиард теңге
жұмсалады. Бұл жол елдiң Солтүстiк және Шығыс облыстарының арасындағы
қатынасты 600 шақырымға қысқартты, Павлодар облысының Ақсу және Май
аудандары жерiндегi табиғи байлықтарды игеруге мүмкiндiк бердi. 2001 жылы
бұл темiр жол магистралымен 7,5 миллион тонна жүк тасылса, 2011 жылы оны 11
миллион тоннаға жеткiзу көзделiп отыр, негiзгi тасылатын жүктер: көмiр,
мұнай өнiмдерi, құрылыс және ағаш материалдары т. б. Темiр жол құрылысы
барысында бiрнеше көпiрлер тұрғызылды, оның iшiндегi ең iрiсi Ертiс-
Қарағанды каналының үстiнен өтетiн ұзындығы 300 метрлiк көпiр. Темiр жол
магистралының бойында төрт темiр жол – Құрқол, Көктебе, Жұмыскер, Май
станциялары салынды.
Егемен Қазақстан жерiндегi екiншi маңызды темiр жол құрылысы Қостанай
облысындағы Алтынсарин станциясы мен Ақтөбе облысының Хромтау қаласын
байланыстыратын темiр жол магистралы. Жолдың ұзындығы 387 шақырым, құрылыс
жұмысы 2001 жылдың маусым айында басталды. Темiр жол Қостанай облысының
Қамыс ауданын, Ақтөбе облысының Айтеке би, Хромтау аудандарының жерлерiн
басып өтедi. Бұл жол Қазақстанның Солтүстiк және Орталық аймақтары
арасындағы жол қатынасын 1,5 мың шақырымға қысқартады және елдi Ресейдiң
Қарталы-Орск темiр жолына бағыныштылықтан босатады. Жол құрылысын 2004 жылы
аяқтау жоспарланған. Оның iске қосылуы Хромтау-Алтынсарин-Тобыл-Петропавл
станциялары арқылы Балтық және Қара теңiз жағалауларына шығуға мүмкiндiк
бередi. Бұл жолмен Қазақстанның Орталық және Солтүстiк аудандарынан Батыс
облыстарға хром рудалары, астық, ал Ақтау, Новороссийск және Одесса теңiз
порттары арқылы Украинаға қара металл, ферросплав, сондай-ақ Ақтау арқылы
Республиканың Солтүстiк облыстарынан Иранға жыл сайын 5,5 миллион тонна
астық жеткiзу көзделген. Алтынсарин-Хромтау темiр жолының аяқталуы Батыс
Қазақстан аймағындағы Шағыркөл, Адаев, Бенқалы, Таунор, Приорск
жерлерiндегi үлкен табиғи байлықтарды игеруге серпiн бередi деп күтiлуде.
Қазақстан болашақта Маңғыстаудағы газ-мұнай орталықтарының бiрi –
Ералиев қаласы мен Түркменстанның Каспий жағалауындағы Түрiкменбаши қаласы
арасында, Шар станциясы мен Өскемен қаласы, Қызылорда мен Жезқазған,
Сексеуiл мен Бейнеу станцияларын жалғастыратын темiр жолдар салуды
жоспарлап отыр.
Республиканың темiр жол қатынасын одан әрi дамытуда оның аса қажеттi
магистралдық учаскелерiн электр жүйесiне қосудың маңызы ерекше зор. Соңғы
10-12 жыл iшiнде бұл бағытта бiрсыпыра оң iстер атқарылды. Мәселен, 1991-
1994 жылдары Арыс пен Шу станциялары арасындағы 600 шақырымдық жолды электр
желiсiне қосу жұмысы аяқталды. Ал 1993 жылдан бастап, Шу мен Алматы
арасындағы темiр жолды электр қуатына қосу басталды. 1996-1999 жылдары
қашықтығы 190 шақырым Шу-Отар темiр жолын электр қуатына көшiру аяқталды,
2000 жылы ұзындығы 90 шақырым Отар-Ұзынағаш учаскесi iске қосылды, ал 2002
жылдың көктемiнде Отар мен Алматы арасындағы темiр жол магистралын электр
қуатымен жұмыс iстеуге көтеру бiржолата аяқталды. Осының нәтижесiнде
Қазақстанда электр қуатымен жұмыс iстейтiн темiр жол магистралының ұзындығы
3,7 мың шақырымға жеттi, немесе республикадағы барлық темiр жолдың 27
пайызын қамтыды. Болашақта Алматы қаласы мен Достық станциясы арасындағы
темiр жолды электр қуатына ауыстыру жоспарланған.
Қазақстанның темiр жолы магистралын тиiмдi пайдалануда оның материалдық-
техникалық базасын нығайту, қазiргi кезеңнiң жаңа техникасы және
технологиясымен жарақтандырудың маңызы өте зор. Бұл бағытта соңғы жылдары
едәуiр iлгерiлеушiлiк орын алған. Темiр жолды жаңа техникамен жарақтандыру
ең әуелi локомотив шаруашылықтарын қазiргi кезеңдегi талаптарға сай
жақсартумен сипатталады. Осыған орай, тек 2000 жылы "Қазақстан темiр жол"
республикалық мемлекеттiк кәсiпорны бойынша 18 жөндеу, 28 айналмалы
локомотив депосы мен жөндеу кәсiптiк кооперативтері, 41 техникалық қызмет
ету пунктi, 61 керек жарақтармен қамтамасыз ету пунктi және 3 тепловоздарды
жуып тазартатын пунктер ұйымдастырылды.
1998 жылға дейiн жұмыс iстеген деполардың орнына жаңа жөндеу зауыттары
құрылды. Олар: Шу станциясындағы магистралдық тепловоздарды, Атбасар
станциясындағы электровоздарды, Алматыдағы жол техникаларының барлық
түрлерiн жөндеу зауыттары. 1999 жылдан бастап Қазалыда, 2000 жылдан бастап
Құсмұрында поездарды құрастыратын және станциялардағы вагондардың жүрiсiн
реттейтiн тепловоздарды ремонттайтын зауыттар жұмыс iстейдi. Осының
арқасында "Қазақстан темiр жолы" мемлекеттiк кәсiпорны тепловоздар мен
вагондарды басқа елдерге жөндеуге жiберудi тоқтатты. Республикада жұмыс
iстеп жатқан ремонт орындары 1999 жылы 1,5 миллиард, 2000 жылы – 2,5
миллиард теңге көлемiндегi қаржыны меңгердi.
Қазiрде Қазақстан темiр жолының вагон шаруашылығына 16 пайдалану вагон
депосы, 12 жөндеу депосы мен 4 вагон жөндеу ұжымы, 90 вагондарды техникалық
жағынан күту, 56 пойыздар қозғалысының қауiпсiздiгiн сақтау пункттерi және
188 пойыздарға тiркелген вагондардың бұзылуын бақылайтын бекеттер қарайды
1992 жылдан бастап республикада жүк таситын вагондардың азайып кетуiмен
байланысты, олардың жалпы санын едәуiр көбейтуге айырықша назар аударылып
отыр. Ол үшiн, бiрiншiден, мемлекеттiк бюджеттен қаржыны көбiрек бөлу
қарастырылған, екiншiден, темiр жол қызметiнiң тарифын көтеру арқылы
вагондар сатып алу, үшiншiден, басқа мемлекеттерден вагондар алдыру,
төртiншiден, жекелеген инвестициялық көмектi пайдаланып жаңа вагондарды
сатып алуды қарастыру.
Жүк вагондары паркiн көбейтуде "Қазақстан темiр жолы" ұлттық
компаниясы" жабық акционерлiк қоғамы Ресей Федерациясының Жол қатынастары
министрлiгiмен келiсiм жасауға үлкен көңiл бөледi. Өйткенi жүк вагондарының
басым көпшiлiгi Ресейден алдырылады. Осы мәселелер бойынша 2003 жылғы
қаңтар айында екi елдiң темiр жол басшыларының арасында жаңа келiсiмдерге
қол қойылды. Келісімбойынша Ресей ең әуелi өз жерiндегi астық таситын
вагондарды қайтаруға келiстi. Бұдан басқа Ресей темiр жол басшылығы
Қазақстаннан тасылатын астықтың көлемiнiң артып отырғанын ескерiп,
бекiтiлген техникалық жоспарда белгiленген мөлшерден тыс қосымша вагондар
бөлуге келiсiмiн бердi.
Екi ел темiр жолдарының жетекшiлерi келiсiм барысында тағы бiр табысты
уағдаластыққа қол жеткiздi. Ресей жағы Байқоңыр ғарыш айлағын пайдаланғаны
үшiн Қазақстанға төлеуге тиiс қарыз есебiнен өз кәсiпорындары шығарған жаңа
темiр жол вагондарын беретiн болды. Бұл шешiм 2002 жылы жүргiзiлген
мемлекетаралық келiссөз шеңберiнде ғарыш айлағын жалға алу ақысын тауарлар
арқылы есеп айырысу тәртiбi туралы келiсiмге сәйкес жүзеге асырылып отыр.

Қазақстандағы автомобиль жол қатынасы

Қазақстандағы автомобиль жолдарының негiзгi желiсi тың жерлердi
игерудiң қарқынды кезеңiнде, ХХ ғасырдың 60-80 жылдары салынған.
Материалдық-техникалық және қаржы ресурстарының шектеулiлiгiнен көптеген
автожолдар құрылысы ол кезде сатылық тәсiлмен жүзеге асырылды. Мәселен,
алғашқы сатыда жолдар техникалық категорияның III-IV параметрлерi бойынша,
үстiңгi қабаттар жетiлдiрiлген тәсiлмен күшейтiле түскен. 1969 жылы
республикада мұндай жолдардың ұзындығы 33 мың 216 шақырым болса, 1981 жылы
70 мың 531 шақырымға, ал 1991 жылы 80 мың 216 шақырымға жеткен.
Елiмiз егемендiк алғаннан кейiнгi жылдары Қазақстан территориясы арқылы
жетi басты халықаралық автомобиль жол дәлiздерi қызмет етедi. Бiздiң елiмiз
арқылы негiзiнен транзиттiк тасымал Орта Азия, Ресей және Қытай
мемлекеттерi арасында жүредi. Олар:
1. Харгос-Алматы-Бiшкек-Шымкент-Ташкен т, ұзындығы – 1176 шақырым.
2. Шымкент-Қызылорда-Ақтөбе-Орал одан әрi Самараға дейiн, ұзындығы –
3152 шақырым.
3. Алматы-Балқаш-Қарағанды-Астана-Қост анай, одан әрi Ресейге дейiн,
ұзындығы – 2435 шақырым.
4. Майқапшағай-Семей-Павлодар-Омбы, ұзындығы - 1105 шақырым.
5. Челябинск-Петропавл-Новосибирск. Бұл автомобиль маршрутының 220
километрi Қазақстан жерiнен өтедi.
6. Петропавл-Рузаевка-Жезқазған-Қызыло рда-Өзбекстан.
7. Астрахань-Атырау-Бейнеу-Түркменбашы .
Халықаралық көлiк дәлiздерiне кiретiн бұл автомобиль жолдарының
Қазақстан үшiн алатын орны, атқаратын iсi ерекше. Сондықтан транзиттiк аса
маңызға ие бұл жоғарыдағы автожолдар қызметiне бiрiншi кезектi көңiл
бөлiнедi.
Сонымен қатар, үкiмет тарапынан жергiлiктi жолдар құрылысына да
айталықтай назар аударыла бастады. Бiр ескертетiн жайт республика
экономикасы үшiн үлкен рөл атқаратын автожолдар жөндеу мен жаңадан салу
жұмыстарын үкiмет қазiргi кезеңде негiзiнен жергiлiктi жерлерге, облыстарға
жүктеген. Көлiк-коммуникация салалары бойынша мемлекеттiк басқару iсiн
жетiлдiруде және оның құқықтық базасын қалыптастыруда едәуiр ұйымдастыру
жұмыстары жүргiзiлдi.
1998-2000 жылдар аралығында жекелеген аймақтар жергiлiктi мәндегi
жолдарды дамыту бағдарламасын жасап, оны орындауда бiрқатар шараларды
жүзеге асырды. Атап айтқанда, 2000 жылы Семей қаласында Ертiс арқылы
автомобиль көпiрi салынды. 2001 жылы Оңтүстiк Қазақстан облысында жалпы
ұзындығы 640 метр болатын 5 көпiр каскады мен "Қызыл әскер" – Киров
автомобиль жолы және орталықта Астана-Бурабай магистралы жұмыс iстей
бастады. Бұл объектiлер Қазақстанның транзиттiк мүмкiндiгiн едәуiр
кеңейттi. 2001 жылы автожол саласын дамытудың мемлекеттiк бағдарламасын
қабылдау республиканың автомобиль жолдарын дамытудағы бетбұрыс кезеңi
болды. Оның талаптарына сәйкес Батыс Қазақстан облысында автомобиль
жолдарын жөндеу iсiнде бiршама дәрежеде iлгерiлеушiлiк орын алды. Атап
айтқанда, бұл аймақтағы 4225 шақырымды құрайтын жолдарға жөндеу жұмыстарын
жүргiзу үшiн 2002 жылы мемлекеттiк бюджеттен 2 миллиард теңгеден астам
қаржы бөлiндi. Осы қаржының күрделi жөндеуге тиесiлi бөлiгi сол жылы
толықтай игерiлдi. Сондай-ақ, мұнда Орал өзенi үстiнен салынған көпiрге
қажеттi құрылыс материалдары үшiн жарты миллиард теңгеге жуық қаржыны облыс
өз бюджетiнен бөлдi.
Қазақстанда 2001 жылғы автожол саласын дамытудың мемлекеттiк
бағдарламасына сәйкес 2002-2005 жылдар аралығында жалпы ұзындығы 16 мың
шақырым жолды жөндеудi жүзеге асыру және жаңа жолдар торабын салу
жоспарланған. Оның iшiндегi ең бастылары - Алматы-Астана бағыты, бұл жол
құрылысын 2003 жылы толық аяқтау көзделген. Бұдан басқа Алматы-Пiшпек, одан
әрi Ташкентке дейiн, сондай-ақ, Қызылорда, Шығыс Қазақстан және Батыс
аймақта Атырау мен Орал қаласы аралықтарындағы жолдарды күрделi жөндеуден
өткiзу жұмыстары қарастырылған.
Қазақстанның егемендi ел ретiнде халықаралық келiсiмдер мен
конвенцияларға қосылуы шет елдермен автомобиль тасымалдарын ешқандай
кедергiсiз пайдалануына мүмкiндiктер туғызды. Бiздiң елiмiз 2002 жылдың
өзiнде 33 мемлекетпен үкiметаралық және ведомствоаралық екiжақты келiсiмдер
бекiттi. Ондағы ережелер халықаралық тасымалдағы қарым-қатынастарды
жақсаруға, жеңілдетуге ықпалын тигізді.
Қазақстан автожол қатынасындағы ең басты мәселенiң бiрi – оның
материалдық-техникалық базаның жағдайы болып табылады. 1991 жылы Кеңестер
Одағы тараған кезде Республиканың қарауына 372 мың 214 жүк таситын
автомобиль, 54 мың 34 жолаушы жүретiн автобустар, 848 мың 904 жеңiл
машиналар қалды. Үкiмет бұл автомобильдердi нарықтық экономикаға көшу
жағдайында тиiмдi пайдалану жақтарын қарастырды, осының нәтижесiнде
көптеген экономикалық тиiмсiз автопарктерi таратылып, олардың техникалары
жеке адамдардың меншiгiне берiлдi. Тек 1993-1996 жылдары елде 150
автомобиль кәсiпорындары мен 9 мыңнан астам автомашиналар жекешелендiрiлдi.
Осының нәтижесiнде республикада тасылатын барлық жүктiң 70-80 пайызы жеке
кәсiпкерлер мен ұжымдық ұйымдардың қарауына көштi.
Қазақстанда автомобиль жол қатынасын дамытуда, оның материалдық-
техникалық базасын нығайтуда жыл сайын жұмсалатын күрделi қаржының маңызы
ерекше зор. Стратегиялық бұл маңызды проблеманы шешуде мемлекет шет
елдерден инвестициялық қаржы тартуға айырықша көңiл бөледi. Осы мақсатта
бiздiң елiмiз Дүниежүзiлiк Банк, Еуропалық Банк, Азия Банкi, Жапония
халықаралық ынтымақтастық банкi сияқты түрлi ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықаралық туризмдегі көлік саласының теориялық негіздері
Қазіргі таңдағы Қазақстан Республикасының көліктік жүйесінің жағдайы мен транспорттық тасымалдау қызметін зерттеу
Қазақстанда халықаралық туризмнің дамуы
Алматы облысының көлік инфрақұрылымы мен коммуникациясының қазіргі жағдайы мен келешектегі даму жобалары мен олардың негізгі болашақ экономикалық, сондай-ақ саяси тенденцияларын анализдеу
Темір жол көлігінің дамуы
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі көлік стратегиясы
Көліктің маңызы және экономикалық географиялық ерекшеліктері
Дүние жүзі елдерінің қазіргі көлік жүйесі
Темір жол көлігі географиясы
Көлік жүйесін өңірлік дамыту
Пәндер