Қаратал ауданы
ЖОСПАР
Қаратал ауданы 1
Жер бедері 6
Пайдалы қазбалары 7
Климаты 7
Ауданның өзен-көлдері 8
Ауыл шаруашылығын дамытудағы табиғат 8
жағдайларының ерекшелігі 8
Өсімдіктер әлемі 9
Жануарлар әлемі 12
Табиғатты қорғау 13
Халқы 15
Ауданының шаруашылығына сипаттама, 16
оның жетекші салалары. 16
Өсімдік және мал шаруашылығы 17
оларды мамандандыру. 17
Көлік, аудан шаруашылығындағы даму болашағы 18
Транспорты 18
Денсаулық сақтау 18
Аудан тарихы 18
Аудан халқы 19
Аудан шаруашылығы 19
Қаратал ауданы
“Шығысында Отанның гүлге оранған” деп ақындар жырлаған Жетісудың
құрамдас бөлігі саналатын-Қаратал ауданы, Алматы облысының солтүстік
бөлігіне орналасқан. Осыдан 70 жыл бұрын, 1928 жылдың 17 қаңтарында бұған
дейінгі Талдықорған, Лепсі уездері таратылды. Осы уездерге қараған болыстар
Алматы аймағына қарайтын аудандар болып қайта құрылды. Солардың бірі
Қаратал ауданы-Ескелді, Күшік, Төменгі Қаратал және Оңтүстік Балқаш
болыстары негізінде шаңырақ көтерді.
Аудан территориясы- 24222 шаршы километр, жері Балқаш көлі бойындағы
ойыста орналасқан. Оның оңтүстік және оңтүстік-шығысы Жоңғар Алатауының
жоталарына ұласады. Климаты континентті. Жауын - шашынның жылдық мөлшері
150-130 мм шамасында. Аудан жерінен Қаратал мен Тентек өзені ағып жатады.
Мұнда бірнеше көлдер бар, оның ең үлкені- Үшкөл. Жері құмды, сұр, қызыл,
қоңыр топырақты, сазды келеді. Жерінде тал-терек, қамыс, жусан, еркек шөп,
теріскен, көкпек, бидайық, қызыл мия т.б. шөптер, әртүрлі жеміс ағаштары
өседі. Қысында елік пен қоян, түлкі жортады, тоғайындажабайы шошқа,
құстардан қырғауыл, қаз, үйрек, құр, дуадақ, бірқазан, Қаратал өзеніне
сазан, көксерке, ақ қайраң, маринка балықтары кездеседі. Төрт түлік малы
құмды қыстап, жазда Жоңғар Алатауындағы жасыл жайлауға шығады.
Ауданда 50,7 мың адам (1997 жылдың 1 қаңтарындағы дерек) мекендейді.
Тұрғындардың тығыздығы аудан көлемінің 1 шаршы километріне шаққанда 2,2
адамды құрайды. Аудан орталығы - Үштөбе қаласы. Оның іргесі 1928 жылдың
қаңтарында, яғни Түрксіб темір жолын салған құрылысшылар мекендеген шағын
жұмысшы ауылының негізінде қаланды. Алғашында Үштөбе поселкесі атанды. Оған
1961 жылдың қаңтарында аудандық бағыныстағы қала статусы берілді. Қалада
(1997 жылдың 1 қаңтарында дерекпен) 25,1 мың адам, ал ауылдық жерлерде 25,6
мың адам тұрады. Ауданда 32 ұлттың өкілі мекендейді. Халқының құрамы көп
ұлтты. Басқа ұлттың өкілдерінен орыстар, корейлер, күрділер, немістер,
ұйғырлар мен татарлар, украиндар, чешендер т.б. бар.
Бүгінгі таңда ауданда бір қалалық және 8 ауылдық округ, 37 ауыл мен
село бар. Ауданда 536 шаруашылық субъектісі тіркелген, оның 7-уі
мемлекеттік меншік, 504-і жеке, ал 25-і шетелдер тартылған аралас меншікке
жатады. Шағын және орта бизнестің өркендеуіне орай азық-түлік өнімдерін
шығаратын шағын кәсіпорындар (диірмен, кіші наубайхана, май шығаратын,
күріш ақтайтын қондырғы, шұжық цехы) көбейді. Жеке кәсіпкерлік өрістеді.
Аудан өнеркәсібі құрамында 8 өндіріс кәсіпорны мен ұйымы, атап айтқанда:
Үштөбе тәжірибе – механикалық заводы, “Томирис” (бұрынғы ет комбинаты),
“Шаңырақ” (киіз үй жасау комбинаты), “Астық- қоспажем”,
“Үштөбе” астық қабылдау, “Айдын” (май заводы) акционерлік қоғамдары мен
аудандық баспахана бар. Ауданда сондай-ақ, темір жол мен автомобиль
транспорты, байланыс мекемелері ырғақты жұмыс істейді.
Экономикасының басым бөлігін ауыл шаруашылығы өндірісі құрайды. Ауданда
бүгінгі күні 8 өндірістік: “Үштөбе”, “Правда”, “Тәжірибе шаруашылығы”, Абай
атындағы “Көпбірлік” кооперативі, 5 жауапкершілігі шектеулі: “Ақиқат”,
“Бірлік”, “Ақжол”, “Сары Есік”, “Сапар”, (бұрынғы “Байшегір”) серіктестері
мен 2 акционерлік: “Қаратал”, “Астық-қоспажем” қоғамы, 300-ден астам шаруа
қожалығы бар. Ауданда 786,4 мың гектар ауыл шаруашылығына жарамды жер бар.
Шаруашылықтардың жоталы аймақтағы тәлімі жеріне ерте пісетін дақыл, ал
суармалы жеріне күріш, пияз, қант қызылшасы, көкөніс пен бақша дақылдары,
жүгері мен мал азығындық екпе шөптер егіледі. Ынтымақ - бірлігі жарасқан
өңірдің, “Қаратал” сортты пиязымен шартарапқа (алыс және жақын шетелдерге)
мәлім. Төрт түлік мал мен қанатты қазына - құстың өсіп - өнуіне ауа-райы
мен жер жағдайы өте қолайлы. Балқаш көлінің бағалы байлығы - балық та аудан
тұрғындарының дастархан мәзірін арттыруда. Тұз өндіру де жылдан-жылға
ұлғаюда. Ауданның жаз жайлауының табиғат сұлулығы кім-кімді де тәнті етеді.
Жолы түсіп, малшылар жайлауына бір аралап қайтқан жанның бір жасап қалатыны
шындық. Жайлау әсерін сезіну үшін жыр дүлдүлі Ілияс ақынның мына өлең
шумағына келтіре кетейікші:
Ағашты өзің білген қарағай, тал,
Жалғыз-ақ неше алуан түрлігі
Долана, ұшқат, шетен, ырғай, арша,
Ақ сасық, қызыл қайың, барша шынар.
Шырғанақ, сөңке, терек, сөгет, емен,
Үйеңкі, шырғай, балғын, тораңғылар,
Сары ағаш, қойқарақат, жиде, шетен,
Тобылғы, түйе құйрық, бауыр құрттар
Қараған, бозқараған, шеңгел, шілік
Сықылды ағаштардың талайы бар,-
Дей келіп, әрі қарай құлпырта түседі:
Мыңтамыр, жуа, рауаш, жаужапырақ,
Балауса, сорғыш, селдір, ермен, бақбақ
Сыбызғы, жалбыз, құлмақ, қарақияқ,
Шоңайна, меңдуана, сары, шақпақ,
Ішінде сол қурайдың сұлу солар,
Шырмауық, кендір, қылша, жыланқияқ,
Қанжыға, қоға, сасық, аққой болып
Бөлінеді жуалар мен таусарымсақ,
Қымыздық, қызсаумалдық дейтіндерге,
Ат қойған тау елінде сүйіп шын-ақ, -
дейді. Сондай-ақ көпшілік демалатын, туристік жорықтар өткізетін көрікті
жері де баршылық.
Аудан бойынша жалпыға бірдей пайдаланатын автомобиль жолының ұзындығы
364 км, оның 321 километр қатқыл табанды. Тұрғын үй қорының жалпы көлемі
8740 мың шаршы метр құрайды немесе оны әрбір тұрғынға шаққанда 12,1 шаршы
метрден айналады. Ал Үштөбе қаласының тұрғын үй қоры 451,0 мың шаршы метр.
Ауданда екінші дәрежелі банктің екі филиалы жұмыс істейді.
Оқу-ағарту, денсаулық сақтау саласы мен мәдениеті өркендеген өңірде
мектеп жасына дейінгі 2 мекеме, 28 мектеп (23 жалпы орта білім беретін, 1
орталау, 4 бастауыш), кәсіптік-техникалық мектеп, балалар үйі, саз бен
өнер, балалар мен жасөспірімдер – спорт мектебі, оқу-өндірістік комбинаты
бар. Мұнымен бірге тұрғындарға бюджет тапшылығынан туындаған ықшамдалу
процесінен кейін бір кинотеатр мен 6 мәдениет үйі мен “Машиностроитель”
Мәдениет сарайы, екі клуб, 275 мың кітап қоры бар 10 кітапхана, бір қалалық
саябақ мәдениет қызметін көрсетеді. Ауданда қазіргі заман талабына сай
келетін бір орталық аурухана, 9 селолық дәрігерлік амбулатория, 12
фельдшерлік-акушерлік пункт бар. Онда 115 жоғары және 248 орта арнаулы
білімді ақ желеңді жандар еңбек етеді. Сондай-ақ, олардың қатарын
мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық станция мен оншақты дәріхана
мекемесі толықтырады. Сонау 1932 жылдан бастап қазақ және орыс тіліндегі
“Қаратал” газеті шығады. Ауданда табиғи қазба байлық қоры да мол. Тарихи
тамыры тереңнен бастау алатын өлкеде тарихи-археологиялық ескерткіш
белгілері көптеп ұшырасады. Кейінгі жылдары халық қаражатымен- Ескелді би,
Балпық әулие, Жолбарыс батыр, Мықтыбек батыр, Айту би кесенелері салынады.
Аудан орталығыда мұсылмандар мешіті мен православиялық шіркеу бар. Қаратал
топырағында туып-өскен өнер саңлақтары Қазақстанның халық артистері:
Қанабек Байсейітов, Бикен Римова, Шолпан Бәкірова мен Москваның үлкен балет
театрының күміс көмей әншісі Людмила Нам, жазушы-Кемел Тоқаев, атақты
спортшылар- Айдарбек Жапсарбаев, Михаил Юрченко, Николай Нам, Лазарь Дон,
тағы басқалары аудан мақтанышы. Бұл топырақ репрессия жылдары қуғын-сүргін
көрген бауырлас балқар халқының атақты халық ақыны-Кязим Метчиевтің
мәңгілік мекеніне айналды.
Аудан 1944-1959 жылдар және 1967-1997 жылдар аралығында жаңадан
құрылған Талдықорған облысы құрамында болады. Ал 1997 жылдың сәуірінен ел
Президентінің аумақтық әкімшілік-территориялық құрылымдарға енгізген
өзгерістеріне орай өзін әу басында түлетіп ұшырған Алматы облысымен қайта
табысты.
Біз ғасырлар тоғысында тұрмыз.
Қараталдықтар, аудан дамуының стратегиялық
жоспарындағы негізгі басымдықтарды сөзсіз жүзеге
асырады. Бүгінгі қиындықтарды жеңу, ізденіп,
ілгері басу біздің әрқайсымызға, адал еңбегіміз бен
ақыл-парасатымызға, көрегенділігімізге көптен-көп
қатысты.
Жоңғар Алатауының соқтықпалы жоталарынан бастап қарт Балқаштың аралығындағы
Сары есік-Атырау деп аталатын ойпаңымен қыраты, төбесі мен жазығы мол
аймақты алып жатқан қазыналы Қаратал ауданының жалпы аумағы 24222 шаршы
шақырым жер. Онда достығы жарасқан 50 мыңнан астам 32 ұлттың өкілі тұрады.
Жергілікті Қаратал деген атауға- қазыналы Қаратал, қасиетті Қаратал,
киелі Қаратал дегенді қосып айтады. Танымдық тарихы әріден жылнама болып
қалыптасқан бұл өңірде- болашақты болжайтын әулиелердің, жаугершілік
заманда шашақты найза ұстап көк семсерді белінен түсірмеген батырлардың,
сондай-ақ орақ ауызды шешендердің көптеп шығуы себеп болар аудан атына
әлгіндей құрмет көрсету атауы заңды да дерсің. Қос жағын талмен өрген
Қаратал бойында 13 әулиенің жатуы тегін нәрсе емес. Өз заманының
кемеңгерлері атанған, Жетісу жұртшылығы ардақ тұтып қастерлейтін, Ескелді,
Балпық, Қарымбай, Бике, Аманбай және Арқабай сынды әулиелердің, ел намысын
білектің күшімен қорғаған-Жолбарыс, Тілеуғұл және Бақай сынды батырлардың,
әділдіктің арқауын ескен- Айту, Жәлменде, Қошым секілді билердің,
Тұрлымбет, Бақтыбай, Пышан секілді дуалы ауызды әрі ақын, әрі шешендердің
есімдерін аса әспеттейді бүгінгі ұрпақ. Қызыр шалып, бақ қонған, елдік пен
ерліктің ұранына айналған ардақты бабалардың өсиетіне әрқашан адал.
Еліміздің тарихында қара әріптермен жазылған жылдар аз болған жоқ.
Аштықты да, қуғын-сүргінді де қараталдықтар көруіндей-ақ көрді. Десек те
бабалар рухына бас иген, елдік сөздерін ұрандай ұстаған ұрпақтың құшағы
ыстық еді. Қаратал Қиыр Шығыс пен Кавказдың, шағын ұлттардың еріксіз жер
аударылған мекеніне айналды. Мәселен, 1937 жылдың қазанында Қиыр Шығыстағы
корейлер, 1944 жылдың қысында Кавказдағы күрдтер, кабарда-балкарлар, неміс
пен чешен ағайындар мылтықтың дүмімен, найзаның ұшымен көшіріліп, еріксіз
қоныстандырылғанда өздері есік алдына жатып, оларға төрін ұсынды. Ескелді
бабамыздың: „Айырылған азады, қосылған озады”, „Ақылды адам елден елді
оздырады”, „Қойыңды жоғалтсаң да, ойыңды жоғалтпа, ол ақылдың аясы” деген
атадан-балаға мұра болып қалған қағидалары елдің елдігін танытты.
Өнер қонып, жыр дарыған елдің де, жердің де қадір-қасиеті ерекше
болатыны рас. Әнші, сахнагер, режиссер, қазақ опера және балет театрының
негізін қалаған-Қанабек Байсейітов, Қазақстанның халық әртісі- Бикен
Римова, Республика халық әртісі - Шолпан Бәкірова, Мәскеу
консерваториясының әншісі - Людмила Нам, Жамбыл атындағы филармонияның ұзақ
жылдар бойғы директоры болған - Мәмбет Бестібаев, Саха-Якутия республикасы
композиторлар одағының төрағасы - Юрий Берестов, жазушы - Кемел Тоқаевтарды
қараталдықтар мақтан тұтады.
Сөз орайы келгенде айта кеткеніміз орынды шығар. Біз атап өткен
ілгерідегі ата-бабалардың елге әлі де таныла қоймаған ғибрат сөздері, елге
көрсеткен адал еңбектерінің әзірге беймәлім тұстарының ашыла түсетіні, ол
табылған жағдайда сөз жоқ „Жетісу” газетінде жарияланатыны ақиқат. Ауданның
бүгінгі және ертеңгі қам-қаракеттері, ондағы адамдардың қосқан үлестері де
газет бетінде жарық көрері айдай шындық. Ендеше әрбір қазақ оқырманы өзінің
сүйікті ұнпарағы- „Жетісуын” жаздырып алатындығына сенімдіміз. Тек бір ғана
әттеген-ай бар. Ол - қолда нақты теңгенің бола бермеуі. Мұндай әттеген-
айлар қайда жоқ дейсің. Соған қарамастан қараталдықтар, газет
оқырмандарының көпшілігі „Жетісуын” жаздырып алудың мүмкін болған көздерін
іздестіре әрекеттенуі бізді де қуантады.
Жер бедері
Жоңғар Алатауының соқтықпалы жоталарынан бастап қарт Балқаштың
аралығындағы Сары есік - Атырау деп аталатын ойпаңы мен қыраты, төбесі мен
жазығы мол аймақты алып жатқан қазыналы - Қаратал.
Ауданның жер бедері жазықты. Батысында Сары есік - Атырау, Жаманқұм
құмды шөл алып жатыр. Шығысында Сүртек құмы және шығысында Үшкөл тауы
орналасқан. Оңтүстігінде Аралқұм құмы алып жатыр. Солтүстігінен Балқаш
көлімен шектесіп жатыр. Балқаш бойы жазығында құмды қырқалар басым, төбелі
құмдар шағылдармен алмасып отырады.
Жыра - уақытша ағын судың жыруынан пайда болатын жер бедерінің ойыс
формасы. Беткейлері тік жарлы, әрі өсімдіксіз жалаң болады. Жыралы жер
бедерінің түзілуіне көпшілік жағдайда адамның шаруашылық әрекеті - орманды
жөнсіз отау, қыраттардың беткейін дұрыс жыртпау, жол құрылысына топырақ
алған жердің өсімдігін жалаңаштап тастау себепті болады. Жеке дара жыра
барлық жерде кездесе береді. Жыралы жер бедері әсіресе Шығыс Еуропа
жазығының орманды дала және дала зоналарына сипатты. Жыра егіншілікке
жарамды жерді бүлдіріп, жолды бұзып, үлкен зиян тигізеді. Оның өсуін
тоқтату үшін көң төгу, ағаш, бұта егу шаралары жүзеге асырылады.
Пайдалы қазбалары
Ауданның “Новый мир“ (Жылыбұлақ) ауылында мәрмәр өндіреді. Қоржынкөл
совхозында „Ақжар” өндірістік кооперативі табиғи тұз өндіреді. Аудан
құрылыс материалдарына да бай. Қызыл кірпіш зауыты кірпіш шығарады. Қызыл
кірпішті үй құрылысында пайдаланады. Қызылжар қызыл топырағын пайдаланады.
Құрылыс материалдары (щебен) тас жол салуға кеңінен қолданылады.
„Байшегір” совхозы негізінде 1997 жылы „Сары есік” өндірістік
кооперативі құрылды. Тұз өндірумен де айналысады.
Климаты
Қазақстанның климаты шұғыл континентті келеді, бұл жерде қыс онша қатты
болмайды, жазы ыстық, қуаңшылық. Бұл температураның тез ауысуынан ауаның
құрғақ болып, жауын-шашынның аз түсуінен байқалады. Жалпы климаттың
қалыптасуына географиялық ендік, күн радиациясымен қатар атмосфера да жүріп
жататын күрделі процестер әсер етеді. Қаңтар айының орташа температурасы
-20С0, шілде айының орташа температурасы +24С0, 200-250 мм жауын-шашын
түседі.
Қазақстанның аумағы түгелімен қоңыржай белдеуде жатқандықтан, жылдың
төрт мезгілі өз уақытысында ауысып отырады. Ауданның қысы жұмсақ, қар
негізінен желтоқсаннан наурызға дейін созылады. Қар ақпан айында ери
бастайды. Мамыр айынан бастап күн ысып, құрғақ ауа райы қалыптасады. 2-3 ай
бойы жауын-шашын болмайтын кездер болады. Күз қарашадан желтоқсанға дейін
созылады. Күзде жауын-шашын сирек жауып, құрғақ, ашық ауа райы қалыптасады.
Күздің соңғы айында ғана күн бұлыңғыр тартып, ауа дымқылданып күзгі суық
жел соға бастайды.
Климаттың қолайлы жағдайларын ауа райына қарап білуге болады. Ауданда
жаз, күз айларында жел соғып тұрады. Жел соққан кезде дауыл тұрып егін
шаруашылығына қолайсыз жағдайын тигізеді. Егер аспан ашық, күн жылы болса,
жел соқпаса климаттың қолайлы болғаны.
Ауданның өзен-көлдері
Жетісудың үлкен өзендерінің бірі - Қаратал. Суының молдығы мен
үлкендігі жағынан Жетісуда, Іледен кейін екінші орын алады.
Балқашқа құяды. Оның бойына үш қала – Талдықорған мен Үштөбе және
Қараталға құятын Қора өзенінің бойына Текелі орналасқан. Өзеннің жалпы
ұзындығы 390 км. Қараталдың ең басы болып саналатын Қора, Теректі, Шажа
өзендері тау ішімен әдемі шығыстан батысқа қарай ағады. Қора өзені биік
мұздықтан басталады, жол бойы оған көп бұлақ қосылады. Қораға келіп
қосылатын Бұрқан бұлақтың бойында- Жетісуға мәжһүр әйгілі құлама бар.
Жауыннан кейін суы молайып тіпті тамаша көрінеді. Құламаның дәл түбінде
дөңкиген „Әулие тас” жатыр. Бұрын бұл тасқа сиынушылар көп болған. Жалпы,
Қора өзенінің бойы өте әдемі. Қора Қараталға оң жағынан келіп құяды.
Қараталдың сол жағынан құятын үлкен саласы - Көксу. Ол өзінің басын
Жоңғардың ең биік жоталарынан алады.
Тау ішінде ол 2500-3000 метрлік биіктіктен құлап ағады. Көксудың
өзенінеде жол бойы көп су құяды. Оның ең көрікті саласы - Қарабұлақ. Ол
Көксуға Айыр - кезең аталатын биік асудың қасынан келіп қосылады.
Қараталдың тағы бір саласы - адам аяғы емін-еркін баса бермейтін,
бірақ өте әдемі жерлермен ағатын Тентек өзені немесе Тентекбұлақ.
Тентектің өзіне әрі терең, әрі тар шатқалмен ағатын Терісаққан атты
бұлақ суы құяды. Бойында емдік қасиеті күшті жылы Арасан бар. Өте берекелі
өзен.
Ауыл шаруашылығын дамытудағы табиғат
жағдайларының ерекшелігі
Республика жерінің топырақ түрлері түзуші факторларға тығыз байланысты
келеді, сондықтан да топырақ түрлері географиялық ендік бағыты бойымен
созыла орналасқан, әр әртүрлі аймақ түрінде еліміздің солтүстік бөлігінен
оңтүстікке қарай алмасып отырады. Ауданның көптеген жерінде сортаң
топырақты, егістік жерлерді суару режимінің дұрыс сақтала бермеуінен және
жер асты суының шамадан тыс минералдануынан қазір сортаң топырақты жер
көлемі ұлғайып келеді. Кейбір жерлерде қоңыр топырақ таралған.
Өсімдіктердің топырақтан қоректенуін жақсарту үшін қолданылатын
органикалық және минералдық заттар. Тыңайтқыштарды дұрыс пайдаланғанда ауыл
шаруашылық дақылдарының түсімі артады, өнім сапасы жақсарады. Топырақ-тағы
негізгі минералдық қоректік заттар: азот, фосфор, калий, т.б. мәселен,
тыңайтқыштардың өсімдікке әсер етуі арасында белгілі бір байланыс бар екені
анықталды.
Егер топырақта өсімдікке сіңімді фосфор көп болса, фосфор
тыңайтқыштарын енгізуден егіннің түсімі онша артпайды. Мәселен, күздік қара
бидай мен күздік бидай көктемде қыстан әлсіреп шығады. Осы кезде өсімдікке
қоректік элементтер өте қажет, бірақ топырақта өсімдікке сіңімді азот
жетіспейді, өйткені, күзде жаңбыр суы нитраттарды топырақтың терең қабатына
жуып әкетеді, ал нитрлеуші бактериялар әрекеті ерте көктемдегі салқын
әсерінен баяулайды. Қазіргі кезде ең кеңінен қолданылатын органикалық
тыңайтқыштар: көң, қи садырасы, қорда, құс саңғырығы. Маңыздылары - көң, қи
садырасы, құс саңғырығы. Органикалық тыңайтқыштарды дұрыс және ұзақ
пайдалануда топырақтың қарашірігі едәуір көбейеді.
Жаздық бидай ең ерте себілетін дақыл. Мерзімінен кеш себу өнімнің
төмендеуіне апарып соғады, себебі оның түптенуі, түріктенуі және масақтануы
жазғы болатын жауын-шашынға сәйкес келеді. Көктемде қатты дауыл тұрған
кезде, себілген тұқымды жел ұшырып әкетеді. Немесе құрғақшылық жағдайда
тұқым себу мөлшерін бірте-бірте азайтқанда бидайдың өнімі келмейді, ал
жалпы алғанда тұқымдық дақылдың өзінен ғана қыруар дәнді үнемдеуге болады.
Құрғақшылық кезде өскен бидай су жетіспегеннен күйіп кетеді.
Өсімдіктер әлемі
Табиғат зоналары - ауа райы, жер бедері мен географиялық орнына
байланысты қалыптасады. Әрбір табиғат зонасының өзіне тән климаты,
топырағы, өсімдігі мен жан-жануарлары бар. Бұл аудан шөл зонасында
орналасқан.
Республиканың шөл зонасы батысында Каспий теңізінің жағалауынан
басталып, шығысында Жоңғар Алатауының етегіне дейін, ал оңтүстік-шығысында
Тянь-Шань таулы өңіріне дейінгі аймақты алып жатыр. Ені 600-900 км-ге
созылып жатқан табиғи ландшафт.
Оның солтүстік шекарасы 470-480 солтүстік ендік аралығында өтеді. Бұл
аймақтың жер бедері жазық, жалпы республика жерінің 40% шөлді зонаға
жатады. Үштік дәуірдің орта кезеңінде Тетис теңізінің суы біртіндеп тартыла
бастайды да орнында әр түрлі шөгінді жыныстар және теңіз жәндіктерінің
қалдықтары қалады. Қазір Тетис теңізінің орнында Каспий,Арал теңіздері мен
Балқаш көлдері қалған. Қазақстанда құмды, сортаң, сазды, тастақты шөлдер
бар.
Шөл зонасының климаты шұғыл континентті, әрі тым құрғақ. Жылдық жауын-
шашын мөлшері 200 мм-ден аспайды. Жауын-шашынның көбі көктемде жауады да,
жазда жауған жаңбыр тамшылары кейде жерге жетпей кеуіп кетеді. Жазда ауаның
температурасы көлеңке жердің өзінде 400С-қа, ал құм бетінде 700С-қа дейін
қызады.
Қаңтар айындағы ауаның орташа температурасы батыстан шығысқа қарай -50С-
тан -150С-қа дейін төмендейді. Қардың қалыңдығы 10-15 см болады. Шөл
зонасының ауасы құрғақ, жауын-шашыны аз болғандықтан, бұл өңірден бастау
алатын өзендер шөлді кесіп ағады да, қуаңшылық болған жылдары сағасына
жетпей құмға сіңіп кетеді. Шөлді аймақта халық көбінесе өзен жағалауын
мекендейді. Сарыесік - Атырау құмдары Балқаш көлінің оңтүстік-батыс
жағалауында Күрті, Іле, Қаратал өзендерінің аралығын алып жатқан шөл.
Өсімдіктерден эфемер аралас жусан, сексеуіл, жүзгін, бұйырған, изен өседі.
Жануарлардан қасқыр, қарақұйрық, түлкі, қарсақ, қоян, сары-шұнақ, бауырымен
жорғалаушылардың көп түрі кездеседі.
Орман туралы ойласақ, біздің көз алдымызға күллі табиғат келеді. Жасыл
желекті жазира экондар, шыңға өрмелеген шыршалар, асқар-асқар таулар,
мойылдар, мөлдіреген көлдер, бәрі-бәрі суреттегідей тізіліп тұра қалады.
Бұлай болатыны заңды да. Өйткені, орман - табиғаттың ең негізгі байлығының
бірі. Алғашқы ормандар бұдан 380 млн. жылдар шамасында пайда болған. Ғылыми
есептеулер бойынша жер шарындағы жасыл жапырақ жылына 150 миллиард тонна
көмір қышқыл газын өзіне сіңіріп, тіршілік үшін 120 миллиард тонна оттегін
бөліп шығарады. Қазақстанның сексеуілі шөл және шөлейт аймақтарға кең
тараған. Республикамызда сексеуіл ағашының екі түрі, ақ және қара сексеуіл
көп мөлшерде кездеседі. Сексеуіл ормандарын көбейтудің халық шаруашылығы
үшін орасан пайдасы бар. Олар сусымалы құм көшкінін тоқтатады. Егер олардың
жолында берік қамалдай сексеуіл тоғайлары болмаса, құм көшкіні жайылымдық
алқаптардың апшысын қуырып, жерімізді тарылтып-ақ жіберер еді.
Сексеуіл - аса қатты ағаш. Кей жағдайда сексеуілдің осы қасиетін
өндірісте пайдаланып жүр. Отын ретінде, қызуының қуаты жағынан сексеуілге
теңесер бірде-бір ағаш жоқ. Сондықтан ол біраз мөлшерде өндірістік
негізінде отынға дайындалады. Сексеуіл ормандары өсетін шөлейт аймақтардың
қысы жылы, жазы аптап ыстық болады. Жаңбыр өте аз мөлшерде жауады. Ылғал
өте тапшы болып келеді. Шөлейт өңірдің топырағы сұр және қоңыр келеді. Бұл
аймақтарда сексеуілден басқа - жусан өсімдігі жиі кездеседі.
Тоғай-орманның бір түріне жатады. Тоғайлар-Жетісу бойындағы Қаратал
өзенінің бойында көп өседі. Бір кездері Балқаш көлінің осы оңтүстік
жағындағы қамысты қалың тоғайларда жолбарыс кездесетін еді. Қазір олардың
тұқымы құрып кетті. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz