Азиядағы Корей түбегінде орналасқан мемлекет


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

Корея Республикасы2

Табиғаты2

Тарихы3

Экономикасы5

Корей халқы6

Корей тілі7

Әдебиеттер8

Корея Республикасы

Корея, Корея Республикасы (корейше Чосон - таң самалының елі) - Шығыс Азиядағы Корей түбегінде орналасқан мемлекет. Жер көл. - 98, 5 мың км 2 . Халқы - 46, 1 млн. адам (1999) . Ресми тілі - корей тілі. Тұрғындары, негізінен, корейлер, 30 мыңға жуық қытайлар, т. б. ұлт өкілдері тұрады. Олардың көпшілігі будда дінін, кейбір бөліктері конфуцийшілдік пен христиан дінін ұстанады. Астанасы - Сеул қ. (11 млн. ) . Әкімш. бөлінісі 9 провинциядан және тікелей орталыққа бағынатын 6 қаладан тұрады. Конституциясы бойынша, елді президент басқарады (1997 жылдан Ким Дэ Чжун) . Заң шығарушы органы - Ұлттық жиналыс (299 депутаттан тұрады) . Ұлттық мерекелері: 15 тамыз - Республика жарияланған күн (1948), 3 қазан - мемлекеттің құрылған күні (Ежелгі Чосон, б. з. б. 108 ж. ) . Ұлттық ақшасы - вон.

Табиғаты

К. - таулы ел. Солт. жағында Корей таулары (Кымгансан, Хамчен, Пуджоллен, Кяма, т. б. таулары мен үстірттер) жатыр. Тек батыс жағалаулары ойпатты, жазық келеді. Кен байлықтары - темір, қорғасын, мырыш, мыс, хром, тас көмір, қоңыр көмір, т. б. Климаты жағынан солт. - континенттік муссондық, оңт. - субтропиктік. Қаңтардағы орташа темп-ра солт-нде -2ӘС (тауларда -30 - 40ӘС-қа дейін), оңт-нде 4ӘС, тамыз - шілде айларындағы темп-ра 22 - 26ӘС. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлш. 700 - 1500 мм. Солт-нде қыста қар жауады. Өзендері жиі орналасқан, бірақ шағын келеді. Территориясының 3/4 бөлігі орманды (емен, шаған, шырша, қарағай, самырсын, оңт-нде мәңгі жасыл ормандар) және бұталы. Жолбарыс, қабылан, қара және қоңыр аю, сілеусін, ала бұғы, т. б. аңдар, құстардың көптеген түрлері мекен етеді. Жағалауындағы теңіздерде балықтың 35 түрі кездеседі.

Тарихы

Археологиялық зерттеулерге қарағанда К. жерін полеолит заманынан бастап адамдар қоныстана бастаған. Б. з. б. 1-мыңжылдықта алғашқы мемлекеттер құрыла бастады. Олардың ішінде Чосон мемлекеті б. з. б. 2 - 1 ғ-ларда аса күшті мемлекетке айналды. Б. з. басында Кочуре (солт-те), Пэкче (оңт. -батыста), Силла (оңт. -шығыста) атты мемлекеттер құрылды. 4 - 6 ғ-ларда елге будда діні тарай бастады. Силла, Пэкче, Кочуре мемлекеттері өзара соғысып отырды. Осыны пайдаланған Қытайдағы Таң әулеті мемлекеті Кочуре мен Пэкчені басып алды. Бірақ Силла мемлекеті 676 ж. қытайларға тойтарыс беріп, 8 ғ-да К-ның көпшілік жерлерін біріктірген біртұтас мемлекет құрды. 9 ғ-да Силла ыдырап, 935 ж. Коре мемлекетінің (елдің қазіргі еуропаша атауы осы Коре атауынан шыққан) негізін қалаушы Ван Гон елді қайта біріктірді. Жаңа мемлекет қидандардың шабуылына (993, 1010 - 11, 1018 - 19) төтеп беріп, елдің тұтастығын сақтап қалды. Шаруашылық өркендеп, сауда мен қолөнер дамыды, металл ақша пайда болды. 1231 - 59 ж. Коре мемлекеті Шыңғыс хан империясының қол астына өтіп, 14 ғ-дың орта тұсында ғана тәуелділіктен құтылды. 1352 - 62 ж. Қытай әскерлерінің шабуылын тойтарып, Чосон атауын (ежелгі Чосон мемлекеті құрметіне) қайтып алды. Астана Кэчен қ-нан Хансонға (Сеул) көшірілді. 16 ғ-дың аяғында елге жапондар, 17 ғ-да маньчжурлар басып кірді. Корей халқы 1592 - 98 ж. жапон басқыншыларынан елді қорғап қалғанымен, маньчжур шапқыншылығына төтеп бере алмады. 1637 ж. К. билеушісі маньчжур әулетіне бағынды. Дегенмен 17 - 18 ғ-ларда ел әлеум. -экон. жағынан біршама ілгері басты. Ірі қалалар көбейіп, сауда орталықтары құрылды. 18 ғ-дың аяқ кезінен бері экономикада нарықтық қатынастар пайда болды. 19 ғ-дың 2-жартысынан бастап дамыған елдер К-ға күш көрсете бастады. 1876 ж. Жапония К-ны тиімсіз Канхва шартына қол қоюға мәжбүр етті. Осындай шарттар 1882 ж. АҚШ, 1893 ж. Ұлыбритания, Германия, 1894 ж. Ресей, Франция мемлекеттерімен де жасалды. 1893 - 94 ж. елде болған халық толқуларын басуды сылтауратып, К-да Қытай мен Жапония әскерлері өздері таласқа түсті де, соның салдарынан жапон-қытай соғысы (1894 - 95) болып өтті. Қытай К-дан кетуге мәжбүр болды. 1904 - 05 жылдардағы болған орыс-жапон соғысынан кейін Жапония елге біржолата орнықты, 1910 жылдан бастап К. отарға айналды. Чосон мемлекеті жойылды. 1919 - 45 ж. елде жұмысшы-шаруа және оқушы жастардың отаршыларға қарсы ұйымдары құрылды. 2-дүниежүз. соғыста Жапония жеңілгеннен кейін, 1945 жылғы Ялта (Қырым) конференциясы шешімдеріне сәйкес, К. 38Ә ендікте екі бөлініп, солт. КСРО-ның, оңт. - АҚШ-тың бақылауына өтті. Соғыстан кейінгі жылдары КСРО мен АҚШ арасындағы “қырғи-қабақ соғысқа” байланысты ел жасанды түрде екіге бөлінді. 15 тамызда (1948 ж. ) Сеулде ресми түрде Корея Республикасы, ал 9 қыркүйекте Пхеньянда Корей Халық Демократиялық Республикасы құрылды (қ. Корей Халық Демократиялық Республикасы) . Екі ел арасында 1949 ж. қарулы қақтығыстар, 1950 - 53 ж. корей соғысы болып өтті. 1953 ж. 27 шілдеде соғыс еш нәтижесіз аяқталып, шекарада ені 4 км созылатын демилитаризацияланған аймақ пайда болды. 1987 жылға дейін К-да әскери төңкерістер (1961, 1979) болып, билік басында әскерилер отырды. Дегенмен 20 ғ-дың 60 - 80-жылдары елде экономика қарқынды дамып, К. кеме жасау мен электронды бұйымдар жасаудан жетекші орынға шықты. 1987 ж. демокр. қозғалыстардың қысымымен елде либералдық реформалар жасалды, президент сайлауы өткізілді. 1988 ж. Сеулде 24-інші Олимпиада ойындары өтті. 1998 ж. тұңғыш рет оппозиция үкімет басына келді.

Экономикасы

20 ғ-дың 60-жылдарынан бастап К. экон. жағынан жедел дамыды, 1996 ж. дамыған елдер деңгейіне жетті. Бұған үкіметтің өндірісті қолдауы, экспортты дамытуға бағытталған стратегия, ең соңғы технологияны қолдану, жоғары білімді мамандар мен сауатты жұмысшылар даярлау ықпал етті. “Азия жолбарысына” айналған осы ел 1997 ж. қаржы дағдарысына ұшырап, ол 1999 - 2000 жылға дейін созылды. Экономика құлдырап, жұмыссыздық көбейді. Үкімет Халықаралық валюта қорынан көмек ала отырып, ел экономикасын қайта көтере бастады. К-ның жылдық ұлттық табысы көл. - 485, 2 млрд. АҚШ доллары, жеке адамға шаққанда - 13500 долл. шамасында. Сыртқы қарызы - 95, 5 млрд. долл. Экспортқа электр тауарлары, киім-кешек, аяқ киім, кеме, химия өнімдерін шығарса, импортқа мұнай мен мұнай өнімдерін, астық және тамақ өнімдерін, химия өнімдеріне қажетті шикізаттар әкелінеді. Негізгі сауда серіктестері: АҚШ, Жапония, Сауд Арабиясы, Австралия, Сингапур, Қытай, т. б. Қазақстанмен К. арасында дипломатиялық байланыстар 1991 ж. 30 желтоқсанда орнады. 1993 ж. 30 шілдеде Алматыда К. елшілігі, 1995 ж. мамырда Сеулде Қазақстан елшілігі ашылды. Екі ел арасындағы сауда-экон., мәдени байланыстар біршама жоғары деңгейде. Елдегі қаржы дағдарысына қарамастан К. Қазақстанға инвестиция салушылардың көш бастаушыларының бірі.

Корей халқы

Корейлер (өзд. атауы - чосон сарам) - Кореяның байырғы халқы. КХДР-нда 22, 5 млн., Корей Республикасында (Оңт. Кореяда) 44 млн. К. тұрады. Жалпы саны 71 млн. адам (1999) . Сондай-ақ, Ресей Федерациясында 108 мың, Өзбекстанда 184 мың, Қазақстанда 104 мың (1992) К. бар.

Антропол. жағынан К. моңғол тектес нәсілдің шығыс азиялық тармағына жатады. Корей тілінде сөйлейді. К. будда дінін ұстанады. Аз ғана бөлігі - христиандар. Ежелгі дәуірде К. шамандық сенім ұстанып, табиғат құдыретіне табынған. 3 - 4 ғ-ларда Кореяға будда діні таралып, орта ғасырларда конфуцийшілдік күшті ықпал етті. 19 ғ-да Кореяға христиан діні де енді, бірақ ол кең тарай алмады. К-дің ұлттық тағамдары - қышқыл дәмді, ащы тұздық қосқан балық пен көкөніс. К. ежелден егін ш-мен айналысып келген. Көбінесе, күріш, арпа, тары, бұршақ дақылын, бау-бақша мен көкөніс егеді. Жібек құртын өсіреді. Теңіз жағалауында балық аулайды. Мал ш. қосалқы рөл атқарады. Қыш-құмыра жасау, балташылық, тоқымашылық, тұрмысқа қажетті бұйымдар жасау қолөнері кең тараған. Қазір жеңіл және тамақ өнеркәсібі, қара металлургия, машина жасау, т. б. ауыр өнеркәсіп түрлері дамыған. К-дің ұлттық киімі, көбінесе, ақ матадан тігіледі. Ерлер кең балақты шалбар, күртеше, халат, әйелдер ұзын белдемше, қысқа кофта, дамбал киеді. Дәстүрлі бейнелеу өнері, архит. ескерткіштері, қыштан, балшықтан әшекейлі заттар жасау өнері әлемге әйгілі. К-дің дәстүрлі фольклорлық шығармалары, халық әндері, ертегі-аңыздары сақталған. Музыкасы мен би өнері дамыған. Кең тараған муз. аспабына комунго, каягым, флейта, барабан жатады. Қазақстанда К-дің ұлттық-мәдени орт., Республикалық корей музыкалық комедия театры жұмыс істейді, корей тілінде газеттер мен кітаптар шығады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ШЫҒЫС АЗИЯНЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ
Корея Республикасы, табибиғаты, тарихы
Қазақстан Республикасының Кореямен экономикалық және географиялық қарым-қатынасы
Корея Республикасының тарихы
Корей түбегінде орналасқан мемлекет
Корей Халық Демократиялық Республикасы
Азия-Тынық мұхиты аймағындағы қауіпсіздік мәселесі және Қытайдың позициясы
КОРЕЙ ХАЛЫҚ ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ РЕСПУБЛИКАСЫ (КХДР)
Корей Республикасы
Корея Республикасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz