Румыния–унитарлы мемлекет


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

  1. Жалпы мәлімет
  2. Халқы
  3. Тілі
  4. Өнеркәсібі
  5. Ауыл шаруашылығы
  6. Транспорты
  1. Румыния Еуропаның оңт. бөлігінде орналасқан мемлекет, ол Болгариямен, Югославиямен, және Венгриямен шектеседі. Шығ. бөлігі Қара теңізбен шайылады. Жер көлемі 238 мың км2. Халқы 23, 2 млн. адам. Астанасы - Бухарест қаласы.

Румыния-унитарлы мемлекет, басқару формасы - республика.

Ақша өлшемі - лей.

  1. Румынияның негізгі тұрғындары - румындар. Олардан басқа вегрлер, немістер, еврейлер, украиндар, сербтер, орыстар, т. б. халықтар тұрады. Діни нанымға сенушілердің көпшілігі -православиеліктер; католиктер (негізінен венгрлер) және протестанттар да (негізінен немістер) бар. Халықтың орташа тығыздығы 1 км2жерге - 90 адам. Ірі қалалары - Клуж-Напока, Тимишоара, Яссы, Брашов, Галац, Крайова, Констанца, Плоешти.
  2. Тілі-румын тілі. Үндіеуропа тілдері семьясының шығыс роман тілдері тобына жатады. Бірнеше диалектіге бөлінеді. Бұл тіл генетикалық жағынан роман тілдері тобына жатса да, типологиялық құрылысы балқан тілдеріне ұқсас.

Лексикасында славян тілдерінің әсері басым. Жазуы латын алфавитіне негізделген.

4. Ауыр өнеркәсіптің станок, трактор, автомобиль, ірі кеме жасау, мұнай, энергетика т. б. салалары кеңінен дамыды.

Пайдалы қазбаларының ішінде табиғи газ және мұнайдың экономик. маңызы өте күшті. Газ өндірудің басты ауданы - Орт. Трансильвания. Өндірілген газдың 1/10-інен астамы хим. шикізат ретінде қолдалынады, қалғанының біразы экспорқа шығарылады. Мұнай Карпаттың тау алдылық бөлігінен, Төм. Дунай ойпатынан, елдің шығ. және бат. жағынан өндіріледі. Мұнай айыру зауыттары Плоешти, Брази, Питешти, Кымпина, Георге-Георгиу-Деж және Дэрмэнешти қалаларында шоғырланған. Өз шикізатына қоса Р. Таяу және Орта Шығыс елдерінен мұнай (5 млн. т-ға жуық) сатып алады. Мұнай өнімдерінің көпшілігі басқа елдерге шығарылады. Басты көмір бассейндері-Петрошенский, Мотру, Ровинари. Темір рудасы, боксит, полиметалл, мыс және алтынды рудалар өндіріледі. Ірі ЖЭС-тері мұнай, газ, көмір өндірілетін өңірлерде орналасқан, басты СЭС-тері Дунай өзені бойында.

Румынияның металлургиясы түсті елдің алюминий, қорғасын, мырышқа мұқтажын толық өтейді.

Машина жасау өнеркәсібі траспорттық және а/ш. машиналар, электротех. құрал жабдықтар, приборлар, т. б. шығарады. Машина жасаудың ірі орталықтары - Бухарест (автобус, т/ж транспорты және а/ш машиналары), Брашов (жүк, а/ш машиналары, электротехника), Плоешти (мұнай өндіру, айыру), Галац (кеме) .

Химия өнеркәсібі жергілікті шикізат базасына (мұнай, газ, тас тұз, күкірт, т. б. ) негізделген. Сода және хлор өнідірісі Георге-Георгиу-Деж, Говора, Окна-Муреш, Турда қаларында, күкірт қышқылы кәсіпорындары Бая-Маре, Копша-Микэ, Златна, тыңайтқыш өндірісі басты а/ш аудандарында, синтетикалық каучук Георге-Георгиу-Деж, пластмасса және смола Крайова, мұнай-химия Брази, Питешти қалаларында орналасқан. Резина (Жилава, Бухарест, Флорешти), бояу және лак (Питешти, Кодля) өндірістері де дамыған.

Ағаш өндеу өнеркәсібінің орталықтары - Бухарест, Брэилия, Блаж, Питешти, Тыргу-Жиу, Орадя. Румыния жиһазы - басты экспорттық бұымдардың бірі. Мақта, жүн, жібек, синтет. талшықтық маталар, тоқыма бұйымдарын шығаратын Румыния мата тоқу кәсіпорындары Сибиу, Бухуши, Брашов. Плоешти, Констанца, Галац, Тимишоара, Бухарест, ботошани қалаларында шоғырланған.

5. Елдегі жалпы а/ш. жері 14, 9 млн. га (территориясының 62, 9 %-і) ; бұның ішінде өңделетін жер 9, 7 млн. га жүзімдік және жеміс бағы 770 мың га. Егілетін басты дақылдары (егісі 2429 мың га, өнімі 6049 мың т), жүгері (3045 мың га, 8080 мың т), қант қызылшасы (314 мың га, 5148 мың т), күнбағыс (519 мың га, 771 мың т) . Мал шаруашылығы салаларының арасында қой мен ірі қара өсіру басым, бұлар Карпат беткейлеріндегі жазғы жайылымға негізделген. Мал шаруашылығының басты өнімдеріне ет, сүт, жүн, май жатады. Басқа елдерге ағаш және отын шығарылады.

6. Румынияның транспорттық жағдайы өте қолайлы; Еуропоның оңтүстік бөлігіндегі елдерді Қара теңіз және Дунай атырабымен жалғастыратын жол бойында. Темір жол ұзындығы мыңнан астам. Автомобиль жолы 90 мың километр. Пайдаланылатын су жолы 1, 7 мың км. Басты өзен жолы - Дунай ө. Басты теніз порты - Констанца. Халықаралық аэропорты Бухарест. Магистральдық мұнай құбырларының ұзындығы 8 мың км.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Румыния мемлекеті
Унитарлы мемлекеттердегі бақылау функциялары: шетел тәжірибесі және жаңа конституциялық аядағы қазақстандық ерекшелігі
Мемлекеттің құрылымдық нысаны мемлекет нысаны ретінде
Қазақстанның саяси жүйесі
Еуропа мен Азияның саяси картасы мен құрамы
Мемлекеттік басқару және құрылымы
Саяси жүйенің құрылымы. Саяси жүйенің басты элементі, өзегі - саяси билік
Мемлекет типологиясы және формалары
Мемлекет нысанының түсінігі. Мемлекет нысаны түрлері
Мемлекет нысанының түсінігі, мазмұны және мемлекетті басқару нысаны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz