Педагогикалық эксперимент түрлері


1. ПӘН ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР:
Пән оқытушысы:
1. 1 ПӘННІҢ ҚЫСҚАША СИПАТТАМАСЫ : Психологиялық-педагогикалық зерттеулердің әдіснамасы мен әдістері пәні барысында магистранттарды психология-педагогика саласында ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыруға дайындау және педагогикалық-психологиялық зерттеудің жалпы ғылыми әдіснамасы жөніндегі ұғымын қалыптастыру.
1. 2 ПӘННІҢ ПРЕКРЕКВИЗИТТЕРІ: ғылыми-зерттеу әдістемесі, педагогикалық-психологиялық пәндерді оқыту әдістемесі.
1. 3 ПӘННІҢ ПОСТРЕКВИЗИТТЕРІ: білім берудегі ақпараттық коммуникативтік технологияларды қолдану әдістемесі, педагогикалық шеберлік, ақпараттық қоғам педагогикасы.
2. ББ МОДУЛЬДІК ОҚУ ЖОСПАРЫНАН КӨШІРМЕ
Практика/
семинар
3. МОДУЛЬ БОЙЫНША ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ
4. ПӘНДІ ОҚЫТУ МАҚСАТЫ: магистранттарды ғылыми зерттеулердің әдіснамасы мен әдістері саласындағы білімдерін жүйелі қалыптастыру.
5. ПӘН БОЙЫНША ҚҰЗІРЕТТІЛІКТЕР: «Психологиялық-педагогикалық зерттеулердің әдіснамасы мен әдістері» пәнін оқыту нәтижесінде магистрант:
А. Әдіснамалық білімнің құрылымы мен қызметі туралы жалпы түсінікті; психологиялық-педагогикалық зерттеу және оның ғылыми аппаратының жүйелілік құрылымын;
В. Зерттеудің жалпы ғылыми және психологиялық-педагогикалық әдістерін; С. Эксперименттің орындалу тәртібі және негізгі сипаттамасын, психологиялық-педагогикалық эксперимент барысында алынған мәліметтерді дәлелдей білетін болады; Д. Ғылыми зерттеуді талдаудағы ептілік, ғылыми зерттеу жұмыстарының бағдарламаларының дербес құрастыра білу, түсіндіру, қорытындылау және зерттеу нәтижесін меңгереді.
6. ПӘНДІ ОҚЫТУ НӘТИЖЕЛЕРІ:
(бакалавриат деңгейі бойынша)
Оқыту нәтижелері (ОН)
(МББ-ғы пәнге сәйкес ОН көрсетілуі керек)
7. ПӘНДІ ӨТКІЗУ ФОРМАТЫ ЖӘНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ТАЛАПТАР:
интерактивті сабақтар, интерактивті дискуссия, тренинг, кластер, ойлан, жұптас, пікірлес, еркін жазу, БББ, дөңгелек үстел, пікірталастар ZOOM, YouTube, Classroom, Teams, Meat Univer.
8. ОМӨЖ, МӨЖ кестесі:
3апта
сейсенбі 14. 40
4 апта
сейсенбі 14. 40
5 апта
сейсенбі 14. 40
6 апта
сейсенбі 14. 40
7 апта
сейсенбі 14. 40
8 апта
сейсенбі 14. 40
9 апта
сейсенбі 14. 40
10 апта
сейсенбі 14. 40
11 апта
сейсенбі 14. 40
12 апта
сейсенбі 14. 40
13 апта
сейсенбі 14. 40
14апта
сейсенбі 14. 40
Психологиялық-педагогикалық құжаттарды зерттеу
Қалай жазу керек? Қалай сөйлеу
керек?
15 апта
сейсенбі 14. 40
3 апта
сейсенбі 14. 40
4 апта
сейсенбі 14. 40
5 апта
сейсенбі 14. 40
6 апта
сейсенбі 14. 40
7 апта
сейсенбі 14. 40
8 апта
сейсенбі 14. 40
9 апта
сейсенбі 14. 40
10-11 апта
сейсенбі 14. 40
11 апта
сейсенбі 14. 40
12 апта
сейсенбі 14. 40
14 апта
сейсенбі 14. 40
15 апта
сейсенбі 14. 40
12 апта
сейсенбі 14. 40
9. КУРСТЫҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ
9. 1 Дәрістер
№1. Дәріс т ақырыбы: Ғылыми психологиялық-педагогикалық әдіснама туралы түсінік
Сағат саны: 1
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:
1. Ғылым дамуының басты шарты
2. Ғылым әдіснамасы зерттеу жүйесіндегі құрылымдық бірліктердің - нысаны, талдау пәні, зерттеу міндеттері, зерттеу құралдар тобы
Дәріс тезисі*
Деректердің жинақталуы мен олардың түсініктемесінің ғылыми негізделген зерттеу әдістеріне тәуелділілігі.
Әдіснамалық білімнің екі күйі: дескриптивтік не прескриптивтік. Әдіснамалық білімдер тобының төрт деңгейлілігі Э. Г. Юдин бойынша.
Философиялық әдіснама.
Жалпы ғылымдық әдіснама.
Нақты ғылым әдіснамасы.
Технологиялық әдіснама.
Әдіснаманың ең жоғары деңгейі танымның жалпы принциптері мен бүкіл ғылымның категориялар құрылымын негіздейді. Осыдан философиялық білімдердің барша жүйесі әдіснамалық қызмет атқарады.
Екінші - жалпы ғылымдық - әдіснама деңгейінде ғылымдардың баршасында не кӛпшілігінде қолданылуы мүмкін теориялық тұжырымдарды белгілейді.
Үшінші деңгей - нақты ғылым әдіснамасы қандай да нақты ғылыми пән аймағында қолданылатын зерттеу әдістері мен принциптерінің жиынтығын құрайды.
Нақты ғылым әдіснамасы белгілі саладағы ғылыми тануға тән болған проблемаларды, сондай-ақ жоғарылау келген әдіснамалық деңгейлерге байланысты алға тартылатын мәселелерді де қамтиды, мысалы: педагогикалық зерттеулердегі жүйелестіру мен жобалау (моделдеу) проблемалары.
Төртінші деңгей - технологиялық әдіснама - зерттеу әдістері мен техникасын белгілеп, деректі эмпирикалық материалдарды жинақтап, алғашқы өңдеуден өткізіп, кейін оларды ғылыми білімдер өрісіне қосу қызметтерінен хабар береді. Бұл деңгейдегі әдіснамалық білім нақты көрсетпе-нұсқау сипатына ие.
Әдіснаманың барша деңгейлері күрделі жүйеде бірігіп, өзара сабақтастықпен байланысты келеді. Ал әрқандай әдіснамалық деп танылған білімнің мазмұндық негізі философиялық деңгейден іздестіріледі, себебі таным процесі мен болмысты қайта жасау әрекеттерінің дүниетаным, көзқарас бағдары осы философиямен айқындалады.
Бекіту сұрақтары:
1. Ғылыми жаңалықтың мәні мен маңызы
2. Психологиялық-педагогикалык зерттеулердің әдіснамасы
3. Жаңа педагогикалык білімдерді калыптастыру жолдары.
Блиц тест:
1. Шешім талап ететін күрделі ғылыми немесе тәжірибелік мәселе:
а) проблема;
б) қарама-қайшылық;
в) болжам;
г) мақсат.
2. Берілген жағдайда оқылатын зерттеу нысанының тарабы:
а) ұғым көлемі;
б) мәселе;
в) зерттеу пәні;
г) адамдар тобы немесе жеке тұлға.
Әдебиет:
1. Организация и планирование научных исследований. Учеб. пос. для магистрантов. /сост. А. А. Тленбаева. - Алматы: Қазақ унив., 2016-65с.
2. Хмель Н. Д. Методология научного поиска школа начинающего исследователя. - Семипалатинск, СГПИ, 2017. - 28с.
3. Кушнир Ю. З. Методология и методика педагогических исследований. - Могилев. 2018 г.
№2 Дәріс т ақырыбы: Ғылыми білім танымдық іс-әрекеттің нәтижесі ретінде
Сағат саны: 1
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:
1. Ғылым әрекет ретінде
2. Әдіснама - ғылымды тану жолы
3. Педагогикалық зерттеулердің әдіснамалық негіздері.
Дәріс тезисі*
Ғылым - адамның табиғат пен қоғам туралы объективті білімін қалыптастыруға мүмкіндік беретін танымның ең жоғарғы пішімі, оның практикалық кызметінің бір саласы. Адамзат қоғамының дамуы барысында ғылым сол қоғамның маңызды әлеуметтік институтына және тікелей ӛндірістік күшіне айналды.
Fылымның басты мақсаты - ғылым заңдарының негізінде ашылып отырған болмыс құбылысы мен процесін болжау, түсіндіру және жүйелеп мазмұндап беру. Ғылым адамзат қоғамының ерте дәуірінен, адам баласының танымдық және ӛндірістік қажеттілігінің арасы ажырамай тұрған кезеңнен бастау алады.
Ежелгі Шығыста (Бабыл. Мысыр, Үндістан. Қытай) болашақ ғылымға негіз болған білімнің алғашқы нышандары калыптасты. Ғылымның алғышарты ретінде мифологияны атауға болады. Онда алғаш қоршаған орта туралы бүтіндей тұтас, жан-жақты танымдық жүйе қалыптастыруға ұмтылыс болды. Бірақ, бұл нақты теориялық білім болды, оның объективтілігі, логикалық кӛңілге қонымдылығы бірінші орынға шықты.
Ежелгі Грекияда дамыған ғылым (Аристотель жэне т. б. ) қоғам мен табиғат зандылықтарын ашып, мәдениет тарихында ұлы рөл атқарды; олар тұтастай алғанда дүниетанымды білдіретін бұрынғы абстрактілік ұғымдар жүйесіне танымдық қызмет тәжірибесін енгізді, дүниетанымның объективті, табиғи зандылыктарын тұрақты іздестіруді дәстүрге айналдырды, ғылымның ерекше тәсілі дәлелдеу негізін қалыптастырды. Осы дәуірде натурфилософиядан білімнің кейбір салалары даралана бастады.
Ежелгі грек ғылымның эллинистік кезеңінде геометрия (Евклид), механика (Архимед), астрономия (Птолемей) жеке ғылым салалары түрінде бӛлініп шықты. Орта ғасырларда ғылымның дамуына Шығыс, араб елдері Орта Азия ғалымдары елеулі үлес қосты. Олар Ежелгі Грекияда қалыптасқан ғылыми таным жетістіктерін сақтап қана қойған жоқ, оны кӛптеген салаларда толықтырып, дамытты. Шығыста әл-Фарабиді Аристотельден кейінгі "екінші ұстаз" деп таныды. Орта ғасырларда араб елдері мен ислам діні тараған басқа да аймақтарда философия, медицина, эстетика, математика, астрономия, т. б. ғылым салалары қауырт дамып, бұл құбылыс кейін Ислам Ренессансы деп аталды.
Ғылымның калыптасуына негіз болған тағы бір тірек алхимия мен астрология дамуы болды. Алхимия табиғи заттар мен қоспаларды тәжірибе жасау арқылы зерттеп, химияның қалыптасуының алғышартын жасады.
Астрология аспан денелерін зерттеу арқылы астрономияның дамуына ықпал етті. Қайта ӛрлеу дәуірінде діннің басымдылығы әлсіреді, ғылым рухани ӛмірдің дербес факторы болып, дүниетанымның негізгі тірегіне айналды. Сондай-ақ, ғылым табиғат кұбылыстарын жан-жақты зерттеп, адамзат танымының көкжиегін кеңейте түсті.
16-17 ғасырларда ғылымда болған терең ӛзгерістер алғашқы ғылыми революцияға алып келді. Ғылымның каркынды дамуы, дүниенің жаңа бейнесін қалыптастырудағы ролінің артуы, жаңа дәуірде ғылымды жоғары мәдени құндылық ретінде тануға көптеген философиялық мектептер мен бағыттардың ғылымға қарап бой түзуіне ықпал етті.
Қоғамдық өмір кұбылыстарын тану саласындағы өзгерістер діннің "табиғи бастауын" іздеу, кұкык, мораль, т. б. "адам табиғаты" туралы түсініктер бағытындағы ізденістерден көрініс тапты. Механикадағы жетістіктер ғылымның аяғында жүйеленіп, толығып, әлемнің механикалы бейнесі туралы түсінік калыптастыруда шешуші рӛл атқарып, кейін әмбебап дүниетанымдық маңызға ие болды. Fылымның дамуына қазіргі кезендегі философиялық дүниетанымдық базасы диалекті-логикалық тұжырымдама болып табылады.
Ғылымның "өсу нүктесі" оның ішкі даму логикасы мен казіргі заманғы адамзат коғамының көпқырлы әлеуметтік қажеттілігінің ұштасуына байланысты. 20 ғасырдың басында жаратылыстану ғылымында алдыңғы катарға биология шықты, онда ДНК-ның молекулалық кұрылымы белгіленіп, генетикалық кодтары айқындалды. 20 ғ-да ғылымның даму карқыны оның түрлі салаларының ұштасып, қазіргі кезеңнің кешенді, ірі мәселелерін жаңа бағдарда шешуге бағытталған мәселелерде (материалдар мен энергияның жаңа кӛздерін калыптастыру, адам мен табиғат қатынастарын тиімділендірудің үлкен жүйелерді басқару, ғарыштык зерттеулер. т. б. ) ерекше байқалады.
Ғылымның өз зандарын ашуға бағытталған кызметі - түсіндіру мен болжау болып табылады. Занды ашу жолындагы ізденіс зерттелу үстіндегі нысанның маңызды емес, екінші қатардағы қасиеті мен байланысынан алшақтауды, оған назар аудармаудан талап етеді, басқаша айтқанда оны "таза" күйінде қарастыру кажет. Ғылымдағы абстрактілеуді субъективті тәсіл деп ұғуға болмайды. Оның ғылымдағы рӛлі зерттелудегі акикатқа кол жеткізуге жәрдемдесуімен анықталады.
Әдіснамалар деңгейі:
І деңгей - философиялық білім;
II деңгей - жалпы ғылыми әдіснама (жүйелі тәсіл, іс-әрекеттік тәсіл, әртүрлі ғылыми зерттеулердің типтерінің сипаттамасы, олардың кезеңдері және элементтері: болжам, нысана және зерттеудің пәні, мақсаты, міндеттері т. б. ) .
IIIдеңгей - нақты ғылыми әдіснама. Зерттеу принциптері және процедурасы, мысалы, педагогика пәні.
Әдістемелік мәдениет - бұл керекті бӛлігі рефлексия болып табылатын әдістемелік білімге негізделген ой мәдениеті.
Әдістемелік мәдениетке : әдістемелік рефлексия (ӛзіндік ғылыми іс-әрекетті талдай білу), ғылыми бәсектемеге қабілеті, белгілі бір концепцияға критикалық ой мен шығармашылық қабылдау, зерттеу әдістері кіреді.
Әдістемелік мәдениет ғылымнан да қажет. Педагог-практикке әдістемелік мәдениеттің бӛлігі болып табылатындар: оку-тәрбие процесінде жобалау мен құру, сезіну, қалыптастыру және педагогикалык тапсырмалардың нәтижесі, әдістемелік рефлексия.
Педагогиканың ғылыми-теоретикалық қызметі ғылым ретінде педагогикалык шындықтың нақты түрде қандай екенін ашып көрсетеді. Нәтижесінде мұгалімнің білімінің жаңа оқулықтарға сәтті және сәтсіз жұмыстары, оқушының жаңа материалдарды игеруді сынау барысында қиындықтары, құрамы, білім беру мазмұны туралы сияқты жұмыстар айқындалды.
Бекіту сұрақтары:
1. Ғылымның "өсу нүктесі"
2. Ғылымның алғышарты - мифология
Блиц тест:
1. Себеп-салдар тәуелділігін анықтаудың кейбір жасанды жағдайлары мен бағыттарын тудыруға арналған ғылыми-зерттеу әдістемесі:
а) қадағалау;
б) жағдайлық тесттер;
в) тәжірибе;
г) тестілеу.
2. Тәжірибелік деректерді талдау мен жинақтауға негізделген зерттеу:
а) эмпириялық;
б) теориялық;
в) шолу-талданбалы;
г) әдістемелік.
3. Зерттеу жүргізетін адамдар тобы:
а) таңдау;
б) жиынтық;
в) ұжым;
г) номиналды топ (нақты) .
Әдебиет:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz