Корей халқының этнодемографиялық жағдайы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
Кіріспе 2
Корей халқы 3
Корей халқының этнодемографиялық жағдайы 4
Корей тілі 4
Корей түбегінің табиғаты 4
КХДР-дың табиғаты 4
Корей халық демократиялық республикасының орналасуы 5
КХДР – социалистік мемлекет 5
КХДР- дың тарихы 6
Экономикалық жағдайы 7
Социалистік экономика 7
Қорытынды 7
Қолданылған әдебиеттер 8

Кіріспе

Корей халқының қазіргі таңда әлемде екі саяси формациялық қоғамда өмір
сүріп жатқан жайы бар. Мұндай халықтар қатарына бұрындары йемендіктер,
немістер кіретін еді енді олар әлемдік социалистік жүйе күйрегеннен кейін
қосылып біртұтас мемлекеттерге айналды. Қазір Қытайлықтарда осындай халді
бастан кешуде.
Корей мемлекеттерін танып білу біз үшін маңызды деп ойлаймын, себебі
біздің тәуелсіз Қазақстанда корей халқының диаспорасы бар. Олардың негізгі
дені сол 1937 жылғы депортацияның салдарынан осында келіп кейіннен
тұрақтанып қалған. Бұлар ұйымшыл әрі еңбекққор халық. Көбісі Қазақстанның
қалаларына шоғырланған 1999 жылғы Қазақстанда жүргізілген халық санағы
бойынша корейліктер саны 99665 адам болды.
Қазақстан осы екі корей мемлекетімен де жақсы қарым-қатынас жасап
отыр. Бірақ экономикалық басымдылығы мол оңтүстік корейліктермен
байланысымыз қарқынды даму үстінде.

Корей халқы

Корейлер (өздерінің атауы — чосон сарам) — Кореяның байырғы халқы.
КХДР-нда 22,5 млн., Корей Республикасында (Оңт. Кореяда) 44 млн. корей
тұрады. Жалпы саны 71 млн. адам (1999). Сондай-ақ, Ресей Федерациясында 108
мың, Өзбекстанда 184 мың, Қазақстанда 100 мың (1992) корей бар.
Антропологиялық жағынан корей халқы моңғол тектес нәсілдің шығыс
азиялық тармағына жатады. Корей тілінде сөйлейді. Корейлер будда дінін
ұстанады. Аз ғана бөлігі — христиандар. Ежелгі дәуірде корейлер шамандық
сенім ұстанып, табиғат құдыретіне табынған. 3 — 4 ғ-ларда Кореяға будда
діні таралып, орта ғасырларда конфуцийшілдік күшті ықпал етті. 19 ғ-да
Кореяға христиан діні де енді, бірақ ол кең тарай алмады. Корейдің ұлттық
тағамдары — қышқыл дәмді, ащы тұздық қосқан балық пен көкөніс. Корей халқы
ежелден егін шаруашылығымен айналысып келген. Көбінесе, күріш, арпа, тары,
бұршақ дақылын, бау-бақша мен көкөніс егеді. Жібек құртын өсіреді. Теңіз
жағалауында балық аулайды. Мал шаруашылығы қосалқы рөл атқарады. Қыш-құмыра
жасау, балташылық, тоқымашылық, тұрмысқа қажетті бұйымдар жасау қолөнері
кең тараған. Қазір жеңіл және тамақ өнеркәсібі, қара металлургия, машина
жасау, т.б. ауыр өнеркәсіп түрлері дамыған. Корейлердің ұлттық киімі,
көбінесе, ақ матадан тігіледі. Ерлер кең балақты шалбар, күртеше, халат,
әйелдер ұзын белдемше, қысқа кофта, дамбал киеді. Дәстүрлі бейнелеу өнері,
архитектуралық ескерткіштері, қыштан, балшықтан әшекейлі заттар жасау өнері
әлемге әйгілі. Корейлердің дәстүрлі фольклорлық шығармалары, халық әндері,
ертегі-аңыздары сақталған. Музыкасы мен би өнері дамыған. Кең тараған
музыкалық аспабына комунго, каягым, флейта, барабан жатады. Қазақстанда
корейлердің ұлттық-мәдени орталығы, Республикалық корей музыкалық комедия
театры жұмыс істейді, корей тілінде газеттер мен кітаптар шығады.

Корей халқының этнодемографиялық жағдайы

Корей халқы 1999 жылғы санақ бойынша 70,1 млн. адамды құрайды. Корей
халқының КХДР-да 34%, ал КР-да 66% тұрады. 1910 жылы Кореяда небары 13 млн.
адам болатын, олар жылдам көбейіп 1940 жылы 24 млн. адам болса, ал 1960
жылы корей халқының саны 35 млн. адамға жетті. Оңтүстік Корея халық санының
тығыздығы жағынан әлемдегі жоғары орындарға ие болып отыр. Өйткені 1 шаршы
метрге Корея Республикасында 468 адамнан келеді, ал КХДР-да бұл жағдай
біршама жеңілдеу – 1 шаршы метрге 192 адамнан келеді.
КХДР. Демографиялық статистика бұларда үздік-создық болғандықтан 1999
жылы 1000 адам санына 21 адам туылса, ал өлім саны 1000-ға 7 адамнан
келген. Ең көп тұратын аудандары теңіздің батыс жағалауы болып отыр.

Корей тілі

Корей тілі — Корей Халық Демократиялық Республикасы мен Корея
Республикасында, Қытай, Жапония, АҚШ және Қазақстан мен өзге ТМД елдерінде
тұратын корейлер тілі. Корей тілі туыстық тегі жөнінен ешқандай тілдік
топқа қосылмайды. Грамматикалық құрылысы жағынан жалғамалы тіл. Кейбір
ғалымдар лексикалық, фонетикалық және морфологиялық, синтаксистік
ұқсастығына қарап, Корей тілін Алтай тілдері (түркі, моңғол, тұңғыс-
маньчжур тілдері) шоғырына қосып жүр. Корей тілі солтүстік-шығыс, солтүстік-
батыс, орталық, оңтүстік-шығыс, оңтүстік-батыс және чечжудо (аралдың атымен
аталған) диалектілеріне бөлінеді. Әдеби тілі орталық диалекті негізінде
қалыптасқан. Корей тілінде 40 фонема бар. Екі дауыссыз қатар келмейді.
Дауыстылар үндестігі басым. Сөз табы 5 топқа бөлінеді. Етістіктің жақтық,
сандық және род категориялары жоқ.
Қазіргі корей тілінің негізін қалаушылар Чу Си Ген, Чи Сок Ёи (19 ғ.
аяғы — 20 ғ. басы) және басқалар болды. Бұл уақытта корей орфографиясы
морфологиялық принципінің негіздері, корея тіл білімінде дәстүрге айналған
сөз туралы ілім жасалды. 1921 ж. корей тілін зерттеу жөнінде Қоғам құрылды.
1945 ж. Корея жапон езгісінен азат етілгеннен кейін тіл білімі одағы әрі
өрістеді.
КХДР-де корей жазуы, Корея Республикасында аралас қытай-корей жазуы
қолданылып жүр.

Корей түбегінің табиғаты

КХДР-дың табиғаты

КХДР, негізінен, таулы ел. Солтүстік жағында Корей таулары орналасқан.
Түбектегі ең биік тау осы елде (Пэктусан жанартауы — 2744 м). Басты
өзендері: Амноккан және Туманган. Климаты теңіздік, континенттік және
муссондық. Қаңтардағы орташа температура –21°С, шілдеде 22 — 26°С.

Корей халық демократиялық республикасының орналасуы

Корей халық демократиялық республикасы, (КХДР), корейше — Чосон
минджуджуый иымин конхвачук — Шығ. Азиядағы Корей түбегінде орналасқан
мемлекет. Жер көл. — 121,2 мың км2. Халқы — 22,5 млн. адам (1999). Негізгі
халқы — корейлер. Бірнеше мың қытайлар да тұрады. Ресми тілі — корей тілі.
Тұрғындарының көпшілігі будда дінін ұстанады, конфуцийшілдікті, христиан
дінін ұстанатындар да бар. Астанасы — Пхеньян қ. (2,3 млн.). Конституция
бойынша, КХДР “Чучке идеясын басшылыққа алған егеменді социалистік
мемлекет”. Елді президент басқарады (1998 жылдан Ким Чен Ир). Заң шығарушы
органы — Жоғары халық жиналысы. Ким Чен Ир, сондай-ақ, елдегі жетекші
партия Еңбек партиясының Бас хатшысы және КХДР Қорғаныс к-тінің төрағасы
болып табылады. Ұлттық мерекелері: 9 қыркүйек — КХДР-дің құрылған күні, 15
сәуір — Ким Ир Сеннің туған күні (1912 ж., Күн мерекесі), 16 ақпан — Ким
Чен Ирдің туған күні. Ақша бірлігі — вон.

КХДР – социалистік мемлекет

1945 жылы тамызда Совет одағының әскерлері Кореяны алғаннан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Корея Республикасының тарихы
Ақмола облысы аумағына халықтарды депортациялау
АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ЖЕРІНЕ КҮШТЕП ҚОНЫСТАНДЫРЫЛҒАН ХАЛЫҚТАР
ҚАЗАҚСТАНДА ТҰРАТЫН ӨЗГЕ ҰЛТТАР МЕН ЭТНОСТЫҚ ТОПТАР
Шетелдік Азия халықтарына этнодемографиялық сипаттама
Тың және тыңайған жерлерді игерудің этнодемографиялық құрылымға әсері
Кеңес өкіметінің көші-қон саясаты
КЕҢЕС ӨКІМЕТІНІҢ КӨШІ-ҚОН САЯСАТЫ, ХАЛЫҚТАР ДЕПОРТАЦИЯСЫ
Қазақстан ауыл-село тұрғындарының этнодемографиялық және әлеуметтік дамуы (1939 – 1979 жылдар)
Астана мен Алматы қалаларының салыстырмалы сипаттамасы
Пәндер