Ұлыбритания Мемлекеттік құрылысы


Жоспар
Географиялық орны2
Мемлекеттік құрылысы2
Табиғаты5
Халқы6
Тарихы7
Экономикалық-географиялық очеркі8
Өнеркәсібі8
Ауыл шаруашылығы9
Транспорты10
Экономикалық-географиялық аудандары10
Оқу-ағарту ісі12
Жаратылыстану және техникалық ғылымдары13
Тіл білімі14
Қорытынды15
Ұлыбритания
Географиялық орны
Ұлыбритания және солтүстік Ирландия біріккен корольдығы - Батыс Европадағы мемлекет. Европаның солтүстік - батысындағы Ұлыбритания аралында, Ирландия аралының солтүстік - шығыс бөлігінде, Англия, Уайт, Норманд, Оркней, Гебрид, Мэн т. б. ұсақ аралдарда орналасқан. Солтүстік-батыс жағалауы Атлант мұхитымен, шығыс және оңтүстік жағалаулары Солтүстік теңізбен және Ла-Манш, Дувр бұғаздарымен шайылады. Жері 244 мың км 2 . Халқы 59, 1 млн. адам. Астанасы - Лондон қаласы.
Ұлыбритания төрт тарихи аймақтан тұрады. Олар Англия, Уэльс, Шотландия, Солтүстік Ирландия. Әкімшілік жағынан графтықтарға және графтық дәрежедегі қалаларға бөлінеді. Үлкен Лондон ерекше жеке әкімшілік бөлік болып саналады. Ұлыбритания - Британ Ынтымағының орталығы; бұның құрамына Ұлыбритания, Канада, Австралия, Жаңа Зеландия, Үндістан, Бангладеш, Шри Ланка, Гана, Малайзия, Сингапур, Кипр, Нигерия, Сьерра-Леоне, Танзания, Кения, Уганда, Гамбия, Малави т. б. 36 ел кіреді.
Мемлекеттік құрылысы
Ұлыбритания - парламентарлық монархия. Ұлыбритания біртұтас конституциясы жоқ. Бірнеше ғасырлар бойы қалыптасқан конституциялық актыларға: парламент заңдары (статутарлық право), сот прецеденті, келісімдер мен әдеттік право салалары жатады. Мысалы, статутарлық актілер: еркіншіліктің ұлы хартиясы, «Право туралы билль» Вестминистер статуты, Халық өкілдігі туралы акт, Лордтар палатысының актісі, т. б. Мемлекет басшысы - король(королева) . Корольдық билік - өмір бақи және атадан балаға қалатын мұра. Король атқару өкіметінің жоғарғы басшысы, сот жүйесін басқарып, қарулы күштердің жоғарғы бас командашысы болып саналады, мемлекет англикан шіркеуін және Ұлыбритания елдері бірлестігін басқарады. Король премьер-министрді, министрлерді, судьялар мен дипломаттарды және шіркеу иелерін тағайындап, жоғары лауазым атақтар беруге, келісімдер жасауға, соғыс жариялауға, заң жүзінде парламент құрамын белгілеуге, қауымдық палатаны таратып, заң жобаларын бекітуге праволы. Шынында король билігі қағаз жүзінде ғана (патшалық еткенмен мемлекетті басқармайды) . Іс жүзінде корольдың билігі мен өктемдігі бүтіндей үкіметтің министрлер кабинетінің қолында. Ұлыбританияның заң шығаратын өкіметі - екі палаталы парламент (құрамына король, лордтар палатасы және қауымдық палата) . Палатаның құрылу принциптері әрқалай және бір-біріне тәуелсіз болғанмен, заң қабылдау пікірдің бір жерден шығуы қажет. Жалпы ұлттық өкілдік органы - төменгі қауымдық палата.
Дауыс жасырын беріледі; почтамен, сенім хат арқылы да дауыс беруге болады. Жоғарғы лордтар палатасы - азаматтық және діни пэрлерден құрылған көне мекеме. Заң бойынша парламент ең жоғарғы билікке ие, бірақ іс жүзінде заңдар мен бюджетті үкімет қабылдайды. Ұлыбританияның үкіметі министрлер кабинеті, оған министрлер, ведомство басшылары, лорд-канцлер т. б. кіреді. Үкімет басшысы - премьер-министр, оған қауымдық палатада көпшілік орынға ие болған саяси партияның жетекшісі тағайындалады. Министрлер кабинеті - Ұлыбританияның ішкі және сытқы саясатының шешуші органы. Ол қауымдық палатаның алдында заң бойынша жауапты. Ұлыбритания тарихи қалыптасқан облыстардан құрылған унитарлық мемлекет. Англия, Уэльс, Шотландияның өзіндік право мен сот жүйесі, ұлттық шіркеуі, жергілікті басқару органдар жүйесі қалыптасқан. Уэльс пен Шотландия істер жөніндегі мемлекет секретарлы Ұлыбританияның министрлер кабинетіне мүше. Солтүстік Ирландия әкімшілік автономиясының шектелген правосымен пайдаланады. Оның атқару органы - король тағайындайтын губернатор, заң шығаратын жоғары өкіметі - екі палаталы парламент. Графтық қалаларды, графтықтарды советтер басқарады. Советтерді халық 3 жылға сайлайды, оның председателі - мэр бір жылға сайланады. Ұлыбританияда бір тұтас сот жүйесі қалыптаспаған. Орталық сот органы - Жоғары сот және Апелляциялық сот. Ең жоғарғы соттық инстанция - лордтар палатасына жүктелген. Жергілікті сот жүйесі: магистраттық, графтық немесе қалалық соттардың сессиялары және ассиздер немесе көшпелі соттар деп бөлінеді.
Табиғаты
Ұлыбритания Европаның қоңыржай белдеуінің атланттық бөлігінде орналасқан. Жағалауы қатты тілімделген. Ірі шығанақтары - Ферт-оф-Лорн, Ферт-оф-Клайд, Солуэй-Ферт, Кардиган, Бристоль, Лайм, Уош; Ферт-оф-Форт. Ұсақ аралдар жағалауы фьордтық типке жатады.
Шотландия, Солтүстік Ирландия, Уэльс және Солтүстік Англия бөліктері өзен аңғарларымен тегістелген, биіктігі орташа таулар және қыраттардан тұрады. Ұлыбританияның солтүстігінде күшті тілімделген Шотландия орналасқан. Тау қыраттардың үстірт тәрізді бөліктеріне биіктігі 1343 м-ге дейінгі альпілік типтес шыңдар қалыптасқан. Шолтандиядан оңтүстікке қарай Пеннин таулары , рельефтің мұздық пішіндері кеңінен тараған Камберленд таулары созылып жатыр. Уэльс түбегі Кембрий тауларынан тұрады. Корнуолл түбегінде биіктігі 500-600 м-лік қалдық қыраттар бар.
Климаты мұхиттық қоңыржай; атмосфералық жауын-шашыны өте мол, ауа райы циклондық типке жатады, күшті желді. Қаңтардың орташа температурасы Корнуолл түбегінде 7 0 С-тан Шығыс Англияда 3, 5 0 С-қа дейін; шығысында кейде - 18 0 С-қа дейін аяз байқалады. Шілде-тамызда орташа температурасы Лондон ауданында 16-17 0 С, Шотландияда 11-13 0 С. Жауын-шашыны жыл бойына біркелкі таралады. Шотландия, Англия, Солтүстік Ирландия, Уэльстің таулы бөліктеріне жауын-шашын 1000-3000мм болса, Англияның оңтүстік-шығыс жағында 600-750мм түседі.
Ұлыбританияның өзендері негізінен мол сулы және қысқа келеді. Ірілері: Северн, Темза, Уз, Тис, Тайн, Иден, Туид т. б. Өзендері күз және қыста тасиды, қатпайды. Көптеген өзендері кеме жүзетін каналдармен жалғастырылған. Көлдері негізінен таулы аудандарда орналасқан; бұлар шығу тегі жөнінен мұздық және тектоник-мұздық типке жатады. Ірі көлдері: Лох-Ней, Лох-Ломонд, Лох-Несс.
Ұлыбританияның өсімдік жамылғысы негізінен табиғи зоналар заңдылығы бойынша таралады.
Жануарлар дүниесі жақсы сақталмаған; әсіресе орман фаунасы тым кедейленген. Түлкі, қоян, тиін, кірпі, ін қазатын сүт қоректілердің көптеген түрлері, құстардан жабайы кептер, Шотландияда тундра мен Шотландия кекілігі, саңырау құр мекендейді; өзен-көлдері балыққа бай.
Табиғи жағдайына қарай Ұлыбритания территориясы Шотландия және Солтүстік Ирландияның батпақты тайгалы биіктігі орта және аласа таулы өнірі, Уэльс және таулы Англияның қатты тілімделген аласа таулы, шалғынды және жалпақ жапырақты орманды өңірі, Оңтүстік-шығыс Англияның орманының құнарлы қоңыр топырағы тараған, жалпақ жапырақты өсімдіктер басым өсетін және көп жері өңделген жазық өңірлі, табиғи аудандарына бөлінеді.
Халқы
Ұлыбританияның негізгі халқы ағылшындар Англия, Уэльстің көп бөлігінде және Шотландияның оңтүстігінде, шотландиялықтар негізінен Шотландияда, ирландиялықтар Солтүстік Ирландия мен Англияның өнеркәсіпті аудандарында қоныстанған. Ірі қалаларда еврейлер, сонымен қатар Вест-Индиядан, Үндістаннан, Пакистаннан және Африка елдерінен келіп қоныс тепкендер бар. Европалық иммигранттардан поляктар, немістер, француздар т. б. бар. Мемлекеттік тілі - ағылшын тілі; ирландтар, уэльстер және гэлдердің біраз бөлігі кельт тілі тобына жататын өз тілдерінде сөйлейді. Діни нанымға сенушілердің көпшілігі - протестанттар. Ресми календары - григориандық. Ұлыбритания халықтың табиғи өсуі өте төмен елдердің бірі. Ұлыбританияда басқа дамыған елдермен салыстырғанда урбанизация деңгейі өте жоғары: халықтың 80%-ке жуығы қалада тұрады. Ірі қалалары: Лондон, Манчестер, Бирмингем, Глазго, Лидс, Ливерпуль және Ньюкасл.
Тарихы
Ұлыбритания жерінде алғашқы адамдар ерте және орта палеолит дәуірінде пайда болды. Шамамен б. з. б. 5 - мың жылдықта Ұлыбритания құрлықтан бөлініп аралға айналды.
Б. з. б. 3-2 мың жылдықтың бас кезінде аңшылықпен, балық аулау кәсібімен қоса арал тұрғындары бірте-бірте мал шаруашылығымен және егіншілікпен айналыса бастады. Тас қарулар жетілдіріліп, бері келе қола қарулармен, ал кейінірек темір қарулармен алмастырылды.
Б. з. б. 800 - 700ж. қола және ертедегі темір дәуірлерінде Ұлыбританияға құрлықтан кельттер келіп қоныстана бастады. Кельттер өздерімен бірге темір ғасырының мәдениет нұсқаларын әкелді. Кельттер мен Британияның кельттенген халқы «бриттер» деген шартты атауға ие болды.
Экономикалық-географиялық очеркі
Ұлыбритания - капиталистік елдер арасында Америка Құрама Штаттары, Германия Федеративтік Республикасы және Жапониядан кейінгі өнеркәсібті держава. Бастапқыда Ұлыбритания экономикасы монополиялық жағдайға негізделіп дамыды. Бірінші дүние жүзілік соғыстан кейін Ұлыбританияның дүние жүзілік шаруашылықтағы жағдайы өзгере бастады. Құрылымы жөнінен ескерген британ өндірісі дүние жүзілік рынокта бәсеке жағдайына төтеп бере алмады. 30 жылдардағы дүние жүзілік экономикасы дағдарыс елдің экономикалық, әсіресе оның ескі салаларына көп зиян тигізді. Екінші дүние жүзілік соғыс және кейінгі капитализмнің жалпы дағдарысы ұлт-азаттық қозғалысының пәрменді дамуы Бр итан орталық империясының ыдырауына әкеп соқты. Дегенмен неоколониализм саясатын қолдана отырып, Ұлыбритания тәуелсіздігін алған жас мемлекеттерді Ынтымақ құрамына тартып, өз ықпалын сақтап қалып отыр.
Өнеркәсібі
Ұлыбритания өнеркәсіп үлесіне ұлттық өнімнің 50%-тен астам және экспорттың 9 / 10 -ы тиеді. Әсіресе ауыр өнеркәсіп үлесі басым.
Ұлыбританияның өнеркәсіп салалары арасында жетекші орынды тас көмір өнеркәсібі алады. Жергілікті кокстелетін көмір мен сапасы төмен темір рудасы негізінде қалыптасқан Ұлыбританияның қара металлургиясы ел өнеркәсібінің қара металдық мұқтажын толық қамтамасыз етеді.
Машина жасау өнеркәсібі - британ өнеркәсібінің жетекші саласы; шығаратын түрлері өте көп және құрылымы күрделі; елдің барлық аудандарында бірқалыпты дамыған. Басты саласы - автомобиль жасау. Автомобильдері - негізінен экспорттық өнім салалары. Автомобиль құрастыратын ірі заводтары Үлкен Лондон, Батыс Мидленд, Лутон, Оксфорд аудандарында шоғырланған.
Ауыл шаруашылығы
Жетекші саласы - мал шаруашылығы. Жалпы ауыл шаруашылық өнімдерінің 62%-ке жуығы мүйізді ірі қара шаруашылығынан түседі. Уош шығанағы, Северен, Ившем, Уз өзен аңғарларында көкөніс, бақ және гүл өсіру, Шотландия мен Солтүстік Ирландияда картоп, ылғалды аудандарында сұлы егіледі. Ауыл шаруашылық өндірісі өте жоғары механикаландырылған және интенсивті даму дәрежесіне көтерілген.
Ұлыбритания өзін-өзі мал шаруашылығы өнімдерімен толық дерлік қамтамасыз етеді, егіншілік өнімдерінің көпшілігін сырттан алады. Елде жылына 1, 4 млн. тонна балық ауланады. Негізінен треска, палтус және май шабақ ауланады. Ірі балық аулау флоттары Солтүстік теңіз жағалауында шоғырланған. Атлантиканың шалғай бөліктерінен де ірі балық ауланады.
Транспорты
Ел ішінде жүк тасымалдаудан автомобиль және темір жол транспортының үлесі басым. Теңіз флотының тоннажы жөнінен Ұлыбритания дүние жүзінде жоғары орындардың бірінде. Лондон - дүние жүзілік маңызы бар аса ірі порттардың бірі. Ливерпуль, Манчестер, Глазго, Халл, Бристоль, Ньюкасл, Саутхемптон және Дувр порттарының маңызы күшті.
Темір жолының ұзындығы 37740 км, жүк айналымы 23, 6 млрд. т/км. Аса ірі темір жол торабы - Лондон. Автожол жүйесінің ұзындығы 345 мың км. Ішкі су жүйесі қысқа болуына байланысты маңызы шамалы; бастысы Манчестер каналы. Лондон аэропорты - аса ірі әуе транспорт торабы.
Ақша өлшемі - фунт стерлинг .
Экономикалық-географиялық аудандары
Ұлыбритания территориясы 11 экономикалық аудандарға бөлінген.
Оңтүстік Шығыс аудан өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы жоғары қарқынмен дамыған аймақ. Аудан орталығы - Лондон конурбациясы. Мата тоқу, мебель, тамақ, химия, мұнай айыру және машина жасау өнеркәсіптеріне маманданған. Ауыл шаруашылығында бидай, арпа, қант қызылшасын өсіру, сондай-ақ сүтті-етті мал шаруашылығы дамыған.
Батыс Мидленд ауданы - болат балқыту, түсті металлургия, металл өңдеу, машина жасау өнеркәсібі басым. Ірі орталықтары: Бирмингем, Ковентри және Вулверхемптон. Сүтті мал өсіріледі.
Шығыс Мидленд ауданы - тоқыма, былғары-аяқ киім, қара металлургия, машина жасау, тау-кен өндірісі жабдықтарын шығару дамыған. Сүтті мал өсіру басым.
Ланкашир ауданы - аса ірі индустриялық аймақтарының бірі. Басты кәсіпорындары Манчестер және Ливерпульде шоғырланған. Кеме жасау, түсті металлургия, химия, түсті және қара металлургия, мұнай айыру, атом өнеркәсібі дамыған. Ауыл шаруашылығында сүтті мал, құс шаруашылықтарының үлесі басым.
Йоркшир ауданы - елдегі тас көмір бассейні; мата тоқу, қара металлургия, машина жасау, мұнай-химия кәсіпорындары шоғырланған. Сүтті мал шаруашылығы мен егіншілік дамыған.
Солтүстік-Шығыс аудан ірі Нортамберленд-Дарем тас көмір бассейнін қамтиды. Негізінен тас көмір өндіру, кеме жасау, металлургия, ауыр машина жасау және химия өндірістері дамыған.
Солтүстік-Батыс ауданы негізінен тас көмір өндіру, кеме жасау, металлургия, ауыр машина жасау және химия өндірістері дамыған. Ірі өнеркәсіп орталығы - Барроу.
Оңтүстік-Батыс ауданының экономикалық өзегі - Бристоль қаласы. Химия өнеркәсібі, Лондонды сүт өнімдерімен жабдықтайтын сүтті мал шаруашылығы дамыған.
Уэльс - ірі көмір бассейні; негізінен қара және түсті металлургия, химия, мұнай айыру өндірісіне маманданған.
Шотландия - көмір, қара металлургия, кеме жасауда елде 1-ші орында. Сүтті және етті мал шаруашылығы және егіншілік жақсы қалыптасқан.
Солтүстік Ирландия - машина жасау, мата тоқу, химия, жасанды талшық өнеркәсіп салаларына маманданған.
Оқу-ағарту ісі
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz