Германия Федеративтік Республикасы, тарихы


ЖОСПАР
Германия Федеративтік Республикасы2
Тарихы3
Экономикасы6
Германия-Қазақстан қарым-қатынастары7
Мәдениеті8
Герман тілдері10
Қолданылған әдебиеттер11
Германия Федеративтік Республикасы
Германия, Германия Федеративтік Республикасы - Орталық Еуропада орналасқан мемлекет. Кейбір түркі тілдерінде Алмания болып та аталады. Жер аум. 356, 96 мың км 2 . Халқы 81, 7 млн. Астанасы 1991 жылдан Берлин қ. (3, 46 млн. ) . Халқының 94%-і немістер (1998) . Ресми тілі - неміс тілі. Халқының көпшілігі христиан дінінің протестант және католик тармағын ұстанады. Германия 16 аймақтан (жерден) құралған федеративті республика. Әр аймақтың өз конституциясы, парламенті және үкіметі бар. Федеральдік президент арнайы шақырылған, бундестаг және ландтагтар (әр аймақтың парламенттері) мүшелерінің бірдей санынан құралған федеральдік жиналыста 5 жыл мерзімге сайланып отырады. Президент мемлекет басшысы ретінде халықар. жиындарға қатысады, шет елдермен келісімшарттарға қол қояды, елшілерді, федеральдік соттарды тағайындайды, т. б. Елдегі атқарушы билікті федеральдік канцлер жүргізеді. Жоғ. заң шығарушы органы - қос палаталы (бундестаг және бундесрат) парламент. Бундесрат аймақ өкілдерінен құралған. Ақшасы - неміс маркасы. Ұлттық мерекесі - Герман бірлігі күні (3 қазан, 1990 ж., Германия Демократиялық Республикасының Германия Федеративтік Республикасына қосылған күні) . Федеральдік Конституциясы 1949 ж. қабылданған. Ірі қалалары Бонн (297 мың адам), Гамбург (1, 6 млн. ), Мюнхен (1, 2 млн. ), Кельн (1 млн-ға жуық), т. б.
Тарихы
Германия жерін адам баласы палеолит дәуірінде-ақ қоныстана бастаған. Б. з. б. 3 - 2-мыңжылдықта жергілікті тұрғындар мал ш-мен және егіншілікпен айналысты, ал б. з. б. 1-мыңжылдықта темір қорытуды меңгерді. Б. з. б. 1 ғ-да Рейннің батыс жағалауы Рим империясының қол астына қарады. 4 ғ-дың аяғында германдықтардың алғашқы тайпалық одақтары пайда болды. Олар шығыстан келген ғұн тайпаларымен қосылып, 5 ғ-да Батыс Рим империясын талқандады. 6 - 8 ғ-ларда герман тайпалары франктердің қол астына қарады. Олар христиан дінін де осы кезде қабылдады. 843 ж. Франк империясы ыдыраған кезде Шығыс Франк корольдігіне бағынды. Осы мемлекеттің негізінде герман тайпалары қайтадан біріктіріліп, Германияның тұңғыш королі Генрих І-нің басшылығымен 919 ж. Герман корольдігі құрылды. Алғашқыда бұл корольдікке 4 тайпалық герцогтік (Саксония, Франкония, Алеманния, Бавария) бағынды, кейін Лоторангия (925) және Фризия қосылды. 962 ж. герман королі Оттон І Римді жаулап алып, Рим папасы тағына отырды. Осы кезден бастап герман корольдері өздерін “Қасиетті Рим империясы” тағының мұрагерлері деп жариялады. 1032 - 34 ж. империя құрамына Бургундия корольдігі қосып алынды (қ. Бургундар) . Корольдік 11 ғ-дың ортасынан бастап саяси бытыраңқылықты бастан кешірді. 18 ғ-ға дейін корольдікті билеуші 17 әулет ауысты. 13 ғ-да корольдік құрамындағы кейбір князьдер, әсіресе, Саксон әулетінен шыққан князьдер (Семсер асынушылар, Тевтон ордені) шығысқа жорықтар жасап, лив, эст, прусс тайпаларының жерлерін жаулап алды. Соның нәтижесінде Германия аумағы шығысқа қарай екі есеге жуық ұлғайды. Алайда Италиядан бастап Балтық т. бойына дейін созылып жатқан корольдікте ықпалды әулеттер билеген жеке-жеке князьдіктердің беделі күшті болды. Әсіресе, корольді сайлау құқығын иеленіп алған курфюреттер жетекші топқа айналды. 14 ғ-да жеке-жеке князьдік өкілдерінен тұратын заң шығарушы орган - рейхстаг жұмыс істей бастады. Ал князьдіктердегі осындай өкілетті орган лантаг деп аталды. 1517 - 1648 жылдардағы діни реформалар, 1524 - 25 жылдардағы шаруалар соғысы, отыз жылдық соғыс (1618 - 48), т. б. оқиғалардан кейін де герман князьдіктері орталық билікке тұтас бағына қоймады. Француз императоры Наполеон І Австрия мен Пруссияны талқандағаннан кейін (1806) “Қасиетті Рим империясы” жойылып, герман князьдіктерінің бытыраңқылығы әрі қарай жалғасты. Бұл жағдай Германияның әлеум. -экон. дамуына қатты бөгет жасады. Сондықтан герман князьдері, соның ішінде ең алдымен Австрия және Пруссия билеушілері ұсақ герман мемлекеттерін бір орталыққа біріктіру үшін өзара бәсекелестікке түсе бастады. Франция талқандалғаннан кейін 1815 ж. Вена конгресінің шешімімен Австрияның басқаруындағы Герман одағы құрылды (қ. Австрия) . Бірақ Пруссия әскери-экон. жағынан тез дамып, 1866 ж. Австрияға күйрете соққы берді де, өзіне тікелей бағынышты Солт. Герман одағын құрды. “Темір канцлер” О. Бисмарктың басшылығымен (1862 - 90) Пруссия 1870 ж. Францияға қарсы соғыс ашып, елдің бірігуін аяқтады (қ. Бисмарк) . 1871 ж. Пруссия королі Вильгельм І кайзер (император) болып жарияланды. Елдің бірігуі экон. дамуды жеделдетті де, көп ұзамай Г. Англияны басып озып, Еуропадағы ең дамыған мемлекетке айналды әрі жедел түрде Африкадан отарлар жаулап ала бастады. Негізгі бәсекелестерін әлсіретіп, дүние жүзіне үстемдік орнату үшін ол 1879 және 1881 ж. Австрия - Венгриямен, Италиямен келісімге келіп, “Үштік одақ” құрды. Бұған қарсы 1891 - 93 ж. Франция - Ресей одағы, 1904 - 07 ж. Антанта одағы құрылды. Бұл әскери одақтар арасындағы қайшылық 1-дүниежүз. соғысқа әкелді (қ. Бірінші дүниежүзілік соғыс) . Ресейдегі революцияның әсерімен 1918 ж. кайзер үкіметі құлады да, 1919 ж. 28 маусым күні Версаль бейбіт келісімі жасалынды (қ. Версаль бейбіт келісімі) . Германияда құрылған Веймар республикасы ұзақ өмір сүре алмады. Соғыстан кейін неміс халқы аса қиын жағдайда қалды. Экономиканың құлдырауы, ұлттық ақшаның күрт құнсыздануы, жұмыссыздықтың күшеюіне байланысты Веймар үкіметін оңшылдар да, солшылдар да қатты сынға алды. Солшылдар 1919 ж. Баварияда уақытша кеңес үкіметін орнатты, 1923 ж. Гамбург қ-нда көтеріліс ұйымдастырды. Бұған қоса 1923 ж. оңшылдар да жаппай бас көтерді. Осыдан кейін үкімет билігі жолында оппозициядағы солшылдар (неміс коммунистері) мен оңшылдар (А. Гитлер басқарған Германия ұлтшыл-социалистік жұмысшы партиясы) өзара бәсекелестікке түсіп, көп ұзамай оңшыл күштер жеңіске жетті. 1933 ж. 30 қаңтарда Гитлер канцлер болып тағайындалғаннан кейін елде кең көлемде жазалау шаралары басталды. Саяси партияларға, оппозициядағы газет-журналдарға тыйым салынды, 70 мыңға тарта адам түрмеге отырғызылды. Германияда фашистік диктатура орнады. 1939 ж. 1 қыркүйекте Германия әскерлерінің Польшаға басып кіруімен 2-дүниежүз. соғыс басталды (қ. Екінші дүниежүзілік соғыс) . Дүние жүзі елдері Гитлерге қарсы одақ құрды. Осы одақтың, ең алдымен, КСРО әскерлерінің жанқиярлық күш-жігер жұмсауының нәтижесінде Германия 1945 ж. 8 мамырда Тізе бүгу туралы актіге қол қойды (қ. Ұлы Отан соғысы) . Кейін одақтастар оны 4 аймаққа бөлді. 1949 ж. 20 қыркүйекте АҚШ, Ұлыбритания, Франция әскерлері тұрған аймақтар біріктіріліп, Германия Федеративтік Республикасы (ГФР, астанасы - Бонн), 1949 ж. 7 қазанда Кеңес әскерлері тұрған аймақта Германия Демократиялық Республикасы (ГДР, астанасы - Берлин) құрылды. Екі герман мемлекеті бір-біріне қарсы екі әскери-саяси одақтарға қосылды. АҚШ-тың көмегімен ГФР экономикасы тез дамып, халықтың әл-ауқаты жақсарды. Бұл 1949 - 63 ж. ГФР тарихында “Аденауэр кезеңі” деп аталды, әрі осы кезеңде соғыстан мүлдем талқандалып шыққан елдің саяси және әлеум. -экон. жүйесінің негізі қайтадан қаланып, ішкі және сыртқы саясатының басты бағыттары белгіленді (қ. Аденауэр) . Осының нәтижесінде елдің қоғамдық-саяси өмірінде демократия негіздері берік орнықты және Германия қайтадан дүние жүзіндегі ең дамыған мемлекеттердің біріне айналды. В. Брандт (1969 - 74) және Г. Коль (1982 - 99) үкіметтері тұсында Германия көршілес Бат. Еуропа елдерімен интеграциялануды әрі қарай тереңдетті. ГДР азаматтары тұрмысы жақсы батысқа қоныс аудара бастады. Осы процеске қарсы 1961 ж. 13 тамыз күні Берлин қабырғасы тұрғызылып, шекара күшейтілді. 1985 ж. КСРО-да, кейіннен басқа да соц. елдерде басталған саяси реформалардың нәтижесінде 1990 ж. 3 қазан күні Берлин қабырғасы құлатылып, екі герман мемлекеті қайтадан бірікті.
Экономикасы
Германия аса жоғары дамыған индустриялы-аграрлы ел. Елдегі ұлттық табыстың 33, 6%-ін өнеркәсіп пен құрылыс өнімдері, ал 1, 2%-ін а. ш. өнімдері мен орман ш. береді. Экономикасының негізгі салалары: қоңыр көмір (дүние жүзінде 1-орын) мен тас көмір шығару, қара және түсті металлургия, химия, электртехникасы мен радиоэлектроника, машина жасау, кеме жасау, станок шығару, құрылыс метариалдары, жеңіл және тамақ өнеркәсіптері. Электр энергиясы, негізінен, жылу электр станцияларынан (ЖЭС) және шамамен 1/4-і АЭС-терден алынады. Бұған қоса фарфор өнімдері мен муз. аспаптар, баспа машиналары мен оған қажетті өнімдер шығару да жақсы жолға қойылған. А. ш-нда халықтың 5%-і ғана жұмыс істегенімен, еңбек өнімділігі өте жоғары. Ол екі үлкен салаға: мал ш. (сиыр, шошқа, т. б. ) мен егін ш-на (астық өнімдері, қант қызылшасы, картоп) бөлінеді. Шарап шығару мен балық аулау жақсы дамыған. Елдегі темір жолдың ұз. 91, 6 мың км, автомобиль жолдарының ұз. 496, 6 мың км, теңіз-сауда флотының жылдық тасымал көл. 5, 6 млн. т шамасында. Басты теңіз порттары: Гамбург, Бремен, Бремерхафен, Вильгельмсхафен, Росток-Варнемюнде. Туризм жақсы дамыған. Ел экспортқа машина, құрал-саймандар, химия өнімдерін, жеңіл өнеркәсіп өнімдерін шығарады. Негізгі сауда серіктестері: Еуропалық Одақ елдері (50%), АҚШ, Жапония, ТМД елдері.
Германия-Қазақстан қарым-қатынастары
Германия Қазақстанның егемендігін 1991 ж. 31 желтоқсан күні таныды және 1992 ж. 11 ақпаннан бастап дипломатиялық қарым-қатынастар орнатты. Екі ел арасында экономика, ғылым, техника, т. б. салалар бойынша келісімдер жасалған. Тарихи отанына қайтуға рұқсат етілгеннен кейін 700 мыңнан аса қазақстандық немістер Германияға қоныс аударды. Қазақстанның Германияға жіберетін экспорт мөлш. 495 млн., ал ол елден импорт - 160 млн. неміс маркасы көлемінде (2000) . Қазақстанда 80-нен аса неміс компанияларының өкілдіктері ашылған, олар 102 бірлескен кәсіпорындарда жұмыс істейді. Германия инвестициясы Бат. Қазақстандағы мұнай және газ орындарын барлау қызметіне, Солт. Қазақстанда аса ірі электр ст-н салуға, Астана қ-нда халықар. әуежай салуға, т. б. салаларға жұмсалуда. 400-ден аса қазақстандық жастар Германияда білім алуда. Екі ел арасындағы қарым-қатынас жылдан-жылға ұлғая түсуде.
Мәдениеті
Германияда алғашқы ғылыми еңбектерді орта ғасырларда дін қызметкерлері жаза бастады. Олардың көрнекті өкілі - Альберт Великий (13 ғ. ) алхимия, зоология, ботаника салалары бойынша көптеген ірі туындылар қалдырды. 14 ғ-дың аяқ кезінен бастап Германияда алғашқы университеттер (Гейдельберг, 1386; Кельн, 1388; Лейпциг, 1409 т. б. ) ашылды. Кітап басып шығару ісінің пайда болуы (И. Гуттенберг, 1445) ғылымның дамуына мол мүмкіндік туғызды. 15 ғ-дың орта тұсында Николай Кузанский Орт. Еуропа картасын жасады. Екінші бір ғалым М. Бехайм алғашқы глобусты жасап шығарды (1492) . Неміс ғалымдары астрономия, математика, медицина, биология салаларында үлкен жетістіктерге жетті. 16 ғ-да тау-кен өндірісі дамуына байланысты минералогия ғылымы пайда болды. 18 ғ-дың 2-жартысынан бастап Германияда жаратылыстану ғылымдары зор табыстарға жетіп, уран, цирконий, титан, церий, т. б. элементтер ашылды. 1765 ж. дүние жүзінде тұнғыш рет Фрейбергте (Саксония) тау-кен академиясы ашылды. 19 ғ-да экономиканың жедел қарқынмен дамуына байланысты жаратылыстану ғылымдары, соның ішінде, математика, химия, физика, медицина салалары (В. Рентген, Г. Герц, Э. Фишер) одан әрі дамыды. 20 ғ-да техника, әсіресе, әскери техника жасау (ұшақ, танктер шығару, электр техникасы) қарыштап дамыды. 1930 ж. зымыран жасау ісі басталып, 2-дүниежүз. соғыс (1939 - 45) кезінде алғашқы зымырандар “Фау - 1”, “Фау - 2” сынақтан өткізілді. Соғыстан кейін неміс халқы өзінің ғылым мен техника жетістіктерін бейбітшілік мақсатта қайта құрды.
Қоғамдық ғылымдардан неміс философиясы әлемдік өркениеттің дамуына елеулі ықпал жасады. Философия орта ғасырларда шіркеу мектептерінде дамыды. Философтар діни қағидаларға қоса математика, астрономия, медицина ғылымдарымен де айналысты. Діни реформалар заманында (16 ғ. ) неміс гуманистері (И. Рейхлин, У фон Гуттен, т. б. ) ресми шіркеуге қарсы шығып, ежелгі дәуір мәдениетінің табиғи дәстүрлеріне қайта оралуды жақтады. 17 ғ-дың аяқ кезінен бастап неміс ағартушылары (Г. В. Лейбниц, Г. Э. Лессинг, т. б. ) еркін ойлы, гуманистік философияның дамуына көп үлес қосты. И. Кант еңбектері неміс философиясын классикалық сатыға көтерді. Оның шәкірттері И. Г. Фихте, Ф. Г. Шеллинг, Г. Гегель философияны әрі қарай дамытты. 1830 жылдан кейін классикалық неміс философиясында бір-біріне қарама-қарсы 2 үлкен бағыт - Гегель және Фейербах бағыттары пайда болды. 19 ғ-дың 40-жылдары К. Маркс ілімі дамыды. 19 ғ-дың аяқ кезінен бастап неміс философиясы жаңакантшылдық (Г. Коген, Э. Кассирер, т. б. ), эмпириокритицизм (Э. Мах, Авенариус), “өмір философиясы” (Ф. Ницше), натурализм (Л. Клагес, О. Шпанн), тарихи (О. Шпенглер, Т. Литт, Э. Шпрангер), жаңагегельшілдік (Р. Кронер, А. Либерт), экзистенциализм (М. Хайдеггер), пессимистік (А. Шопенгауэр, т. б. ) бағыттарда дамыды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz