Канада, тарихы, экономикасы


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

Канада2

Тарихы2

Экономикасы5

Қолданылған әдебиеттер тізімі6

Канада

КАНАДА (Canada) - Солт. Америкада орналасқан мемлекет. Жер көл. - 9970610 км2. Халқы 31, 0 млн. адам (1999) . Тұрғындарының 48%-ы ағылшын канадалықтар, 29%-ы француз канадалықтар, 23%-ы басқа да еур. халықтар, 3%-ы америкалық үндістер мен эскимостар. Қала халқы 77, 9% (1996) . Ресми тілдері - ағылшын және француз тілдері. Тұрғындары христиан дінінің католик және протестант тармағын ұстанады. Канада - парламентті монархия. Британ достастығына кіретін федерация болғандықтан Ұлыбритания королі (королевасы) формальді түрде мемлекет басшысы болып саналады (1952 жылдан - Елизавета ІІ) . Ол Канада премьер-министрінің ұсынысымен 5 жыл сайын ген. -губернатор тағайындайды. Жоғ. заң шығарушы орган - екі палатадан (Сенат пен Қауымдар палатасы) тұратын парламент. Сенат мүшелерін премьер-министрдің ұсынысымен ген-губернатор тағайындайды. Үкіметті премьер-министр басқарады (1997 жылдан - Жан Кретьен) . Оған өте кең құқықтар берілген. Ол - Қарулы Күштердің Бас қолбасшысы. Ел әкімш. жағынан 10 провинция мен 3 территориядан тұрады. Астанасы - Оттава қ. Ақшасы - Канада доллары.

Тарихы

Еуропалықтар келгенге дейінгі К. халқы эскимостар мен үндіс тайпаларынан тұрған. 1605 ж. француздар Пор-Руаяль қонысын, 1608 ж. Квебек қ-ның негізін қалады. 1620 ж. алғашқы ағылшын отарлары пайда болды. Елде тері-терсек саудасымен айналысатын компаниялар құрыла бастады. Үндіс тайпалары қырғынға ұшыратылып, жерлері тартып алынды. Канаданы отарлау Англия мен Францияның Солт. Америкада үстемдік ету үшін бәсекелестігі жағдайында өтті. Алғашқы ағылшын-француз әскери қақтығысы 1680 - 90 ж. өтсе, кейін испан мұрагерлігі үшін болған соғыстан кейін 1713 ж. Франция көптеген жерлерінен айрылды. Ал жеті жылдық соғыстан кейін (1756 - 63) ағылшындар Францияны К-дан мүлдем ығыстырып шығарды. 1791 ж. Ұлыбританияның конституциялық актісі бойынша К. 2 провинцияға - Төменгі К-ға (халқы французша сөйлейтіндер) және Жоғарғы К-ға (ағылшын тілінде сөйлейтіндер) бөлінді. Отардағы билік ағылшын тектілерінен шыққан ақсүйектер мен шенеуніктер қолында болды. 1820 - 30 ж. нарықтық қатынастар тез дамып, елге метрополиядан эмигранттар қаптады. 1837 жылдан бастап Британ аралынан келген эмигранттарға К-ның француздар тұратын бөлігі ашық қарсылық көрсете бастады. 1841 ж. Жоғарғы және Төменгі К. бір провинцияға бірігіп, Солт. Америкадағы ағылшын отарларын бір орталыққа біріктіру жолында күрес бастады. Нәтижесінде елде либералдық және консерваторлық партиялар құрылды. 1867 ж. ағылшын парламенті Канада доминионы федерациясын құру жөніндегі акт қабылдауға мәжбүр болды. Федерацияның құрамына жаңадан провинциялар енгізіліп, ақ нәсілділер үндістер мекендеген территорияларды жаппай тартып ала бастады. 19 ғ-дың аяғы - 20 ғ-дың бас кезінде К-да экономика жедел дамып, халық саны 64%-ға көбейді, ел тауарлы бидай өндірудің экспортты аймағына айналды. 1-дүниежүз. соғыс жылдарында К. Ұлыбританияға көмекке жарты млн. жауынгер берді, бірақ елде метрополияның рөлі әлсіреп, оның есесіне АҚШ позициясы нығайды. Соғыстан кейін Париж бітімшартына (1919 - 20) К. өз бетімен қол қойды және Ұлттар Лигасына мүше болды. 1931 ж. Вестминстер мәртебесі арқылы К. өз егемендігін әрі қарай нығайтты. 2-дүниежүз. соғыс басталғаннан кейін К. 1939 ж. 10 қыркүйекте Германия мен оның одақтастарына соғыс жариялады. Ол Гитлерге қарсы одақ елдерін, ең алдымен Ұлыбританияны шикізатпен, азық-түлікпен, қару-жарақпен қамтамасыз етті.

Соғыс жылдарында (1939 - 45) ел өнеркәсібі 2, 5 есе өсіп, әскери тапсырыстарды орындау нәтижесінде қуатты әскери өнеркәсіп дамыды. Соғыстан кейін Канаданың ішкі-сыртқы саясатында АҚШ-тың ықпалы күшейді. АҚШ монополиялары өздерінің ағылшындық әріптестерін мүлдем ығыстырып шығарып, Канада өнеркәсібінің жартысына жуығына және сыртқы саудаға өз бақылауларын орнатты. 1949 ж. Канада НАТО блогын құрушылардың бірі болды. Елде АҚШ әскери базалары орналастырылды. 1960 жылдан бастап француз тілді Квебек провинциясы өз тәуелсіздігі үшін күрес жүргізе бастады. Ұзаққа созылған “тыныш революциядан” кейін Квебек партиясы 1976 ж. өз территориясына толық бақылау орнатты. 1980 ж. өткен референдумда провинция халқы тәуелсіздікті жақтап дауыс берді. Бірақ Канада парламенті ел конституциясына сүйене отырып, олардың бұл талаптарын орындамай тастады. 1989 ж. АҚШ-пен екі арада алым-салықсыз сауда жасау жөнінде келісім жасалынып, 1994 ж. АҚШ және Мексика елдерімен Солт. Америка территориясында еркін сауда аймағын құру жөнінде шарт жасасты. 1992 ж. эскимостар жиі қоныстанған аймақтардың өзін-өзі басқаруы жөнінде арнайы заң қабылданды. 1995 ж. Квебекте өткен референдумда провинцияның тәуелсіздігін қолдаушылар аз ғана дауыс жетпегендіктен жеңіліске ұшырады.

Экономикасы

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Канада халқы
АҚШ аумағының негізгі бөлігі
Канада
Туристік елтану
Hафта құрылымы
Америка мен Жапонияның тарихы
Америка Құрама Штаттары туралы мәлімет
Елтану курсынан дәрістер
Экономикалық дамыған елдер
АҚШ-тың экономикалық-географиялық жағдайы. Мемлекет тарихы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz