Корея Республикасының тарихы
ЖОСПАР
Кіріспе 3
Корей халқы 4
Корей халқының этнодемографиялық жағдайы 4
Екі системада өмір сүріп жатқан халықтың ортақ тілі – корей тілі 5
Екі мемлекеттің ортақ корей түбегінің табиғаты 6
КР-ның табиғаты 6
КХДР-дың табиғаты 6
Мемлекеттердің орналасуы 7
Корея Республикасының орналасуы 7
Корей халық демократиялық республикасының орналасуы 7
Екі елдің мемлекеттік құрылысы мен саясаты 7
Корея Республикасы – парламенттік республика 7
КХДР – социалистік мемлекет 9
1948 жылға дейінгі ортақ тарих 10
Корея Республикасының тарихы 14
КХДР- дың тарихы 14
Кореядағы конфуцишілдік 15
Экономикалық жағдайлары 19
Капиталистік экономика 19
Социалистік экономика 19
Қазақстан Республикасының екі Корей мемлекеттерімен қарым-қатынасы 20
Қорытынды 24
Қолданылған әдебиеттер 25
Кіріспе
Корей халқының қазіргі таңда әлемде екі саяси формациялық қоғамда өмір
сүріп жатқан жайы бар. Мұндай халықтар қатарына бұрындары йемендіктер,
немістер кіретін еді енді олар әлемдік социалистік жүйе күйрегеннен кейін
қосылып біртұтас мемлекеттерге айналды. Қазір Қытайлықтарда осындай халді
бастан кешуде.
Корей мемлекеттерін танып білу біз үшін маңызды деп ойлаймын, себебі
біздің тәуелсіз Қазақстанда корей халқының диаспорасы бар. Олардың негізгі
дені сол 1937 жылғы депортацияның салдарынан осында келіп кейіннен
тұрақтанып қалған. Бұлар ұйымшыл әрі еңбекққор халық. Көбісі Қазақстанның
қалаларына шоғырланған 1999 жылғы Қазақстанда жүргізілген халық санағы
бойынша корейліктер саны 99665 адам болды.
Қазақстан осы екі корей мемлекетімен де жақсы қарым-қатынас жасап
отыр. Бірақ экономикалық басымдылығы мол оңтүстік корейліктермен
байланысымыз қарқынды даму үстінде.
Корей халқы
Корейлер (өздерінің атауы — чосон сарам) — Кореяның байырғы халқы.
КХДР-нда 22,5 млн., Корей Республикасында (Оңт. Кореяда) 44 млн. корей
тұрады. Жалпы саны 71 млн. адам (1999). Сондай-ақ, Ресей Федерациясында 108
мың, Өзбекстанда 184 мың, Қазақстанда 100 мың (1992) корей бар.
Антропологиялық жағынан корей халқы моңғол тектес нәсілдің шығыс
азиялық тармағына жатады. Корей тілінде сөйлейді. Корейлер будда дінін
ұстанады. Аз ғана бөлігі — христиандар. Ежелгі дәуірде корейлер шамандық
сенім ұстанып, табиғат құдыретіне табынған. 3 — 4 ғ-ларда Кореяға будда
діні таралып, орта ғасырларда конфуцийшілдік күшті ықпал етті. 19 ғ-да
Кореяға христиан діні де енді, бірақ ол кең тарай алмады. Корейдің ұлттық
тағамдары — қышқыл дәмді, ащы тұздық қосқан балық пен көкөніс. Корей халқы
ежелден егін шаруашылығымен айналысып келген. Көбінесе, күріш, арпа, тары,
бұршақ дақылын, бау-бақша мен көкөніс егеді. Жібек құртын өсіреді. Теңіз
жағалауында балық аулайды. Мал шаруашылығы қосалқы рөл атқарады. Қыш-құмыра
жасау, балташылық, тоқымашылық, тұрмысқа қажетті бұйымдар жасау қолөнері
кең тараған. Қазір жеңіл және тамақ өнеркәсібі, қара металлургия, машина
жасау, т.б. ауыр өнеркәсіп түрлері дамыған. Корейлердің ұлттық киімі,
көбінесе, ақ матадан тігіледі. Ерлер кең балақты шалбар, күртеше, халат,
әйелдер ұзын белдемше, қысқа кофта, дамбал киеді. Дәстүрлі бейнелеу өнері,
архитектуралық ескерткіштері, қыштан, балшықтан әшекейлі заттар жасау өнері
әлемге әйгілі. Корейлердің дәстүрлі фольклорлық шығармалары, халық әндері,
ертегі-аңыздары сақталған. Музыкасы мен би өнері дамыған. Кең тараған
музыкалық аспабына комунго, каягым, флейта, барабан жатады. Қазақстанда
корейлердің ұлттық-мәдени орталығы, Республикалық корей музыкалық комедия
театры жұмыс істейді, корей тілінде газеттер мен кітаптар шығады.
Корей халқының этнодемографиялық жағдайы
Корей халқы 1999 жылғы санақ бойынша 70,1 млн. адамды құрайды. Корей
халқының КХДР-да 34%, ал КР-да 66% тұрады. 1910 жылы Кореяда небары 13 млн.
адам болатын, олар жылдам көбейіп 1940 жылы 24 млн. адам болса, ал 1960
жылы корей халқының саны 35 млн. адамға жетті. Оңтүстік Корея халық санының
тығыздығы жағынан әлемдегі жоғары орындарға ие болып отыр. Өйткені 1 шаршы
метрге Корея Республикасында 468 адамнан келеді, ал КХДР-да бұл жағдай
біршама жеңілдеу – 1 шаршы метрге 192 адамнан келеді.
КХДР. Демографиялық статистика бұларда үздік-создық болғандықтан 1999
жылы 1000 адам санына 21 адам туылса, ал өлім саны 1000-ға 7 адамнан
келген. Ең көп тұратын аудандары теңіздің батыс жағалауы болып отыр.
Корея Республикасы. 1997 жылғы санақ бойынша 46 млн адамның шамасында
болды. Мұндағы халықтың басым көпшілігі қалаларда шоғырланған. Халықтың 75%
қалаларда тұрады! Бір қызығы олардың дені екі қалаға топтасқан – Сеул мен
Пусанда. Мұндағы ауыл шаруашылығымен айналысатын халық негізінен төрт күріш
өсірілетін провинцияда тұрады.
Екі системада өмір сүріп жатқан халықтың ортақ тілі – корей тілі
Корей тілі — Корей Халық Демократиялық Республикасы мен Корея
Республикасында, Қытай, Жапония, АҚШ және Қазақстан мен өзге ТМД елдерінде
тұратын корейлер тілі. Корей тілі туыстық тегі жөнінен ешқандай тілдік
топқа қосылмайды. Грамматикалық құрылысы жағынан жалғамалы тіл. Кейбір
ғалымдар лексикалық, фонетикалық және морфологиялық, синтаксистік
ұқсастығына қарап, Корей тілін Алтай тілдері (түркі, моңғол, тұңғыс-
маньчжур тілдері) шоғырына қосып жүр. Корей тілі солтүстік-шығыс, солтүстік-
батыс, орталық, оңтүстік-шығыс, оңтүстік-батыс және чечжудо (аралдың атымен
аталған) диалектілеріне бөлінеді. Әдеби тілі орталық диалекті негізінде
қалыптасқан. Корей тілінде 40 фонема бар. Екі дауыссыз қатар келмейді.
Дауыстылар үндестігі басым. Сөз табы 5 топқа бөлінеді. Етістіктің жақтық,
сандық және род категориялары жоқ.
Қазіргі корей тілінің негізін қалаушылар Чу Си Ген, Чи Сок Ёи (19 ғ.
аяғы — 20 ғ. басы) және басқалар болды. Бұл уақытта корей орфографиясы
морфологиялық принципінің негіздері, корея тіл білімінде дәстүрге айналған
сөз туралы ілім жасалды. 1921 ж. корей тілін зерттеу жөнінде Қоғам құрылды.
1945 ж. Корея жапон езгісінен азат етілгеннен кейін тіл білімі одағы әрі
өрістеді.
КХДР-де корей жазуы, Корея Республикасында аралас қытай-корей жазуы
қолданылып жүр.
Екі мемлекеттің ортақ корей түбегінің табиғаты
КР-ның табиғаты
Корея — таулы ел. Солтүстік жағында Корей таулары (Кымгансан, Хамчен,
Пуджоллен, Кяма, т.б. таулары мен үстірттер) жатыр. Тек батыс жағалаулары
ойпатты, жазық келеді. Кен байлықтары — темір, қорғасын, мырыш, мыс, хром,
тас көмір, қоңыр көмір, т.б. Климаты жағынан солтүстік — континенттік
муссондық, оңтүстік — субтропиктік. Қаңтардағы орташа температура
солтүстігінде –2°С (тауларда –30 — 40°С-қа дейін), оңтүстігінде 4°С, тамыз
— шілде айларындағы температура 22 — 26°С. Жауын-шашынның жылдық орташа
мөлшері 700 — 1500 мм. Солтүстігінде қыста қар жауады. Өзендері жиі
орналасқан, бірақ шағын келеді. Территориясының 34 бөлігі орманды (емен,
шаған, шырша, қарағай, самырсын, оңтүстігінде мәңгі жасыл ормандар) және
бұталы. Жолбарыс, қабылан, қара және қоңыр аю, сілеусін, ала бұғы, т.б.
аңдар, құстардың көптеген түрлері мекен етеді. Жағалауындағы теңіздерде
балықтың 35 түрі кездеседі.
КХДР-дың табиғаты
КХДР, негізінен, таулы ел. Солтүстік жағында Корей таулары орналасқан.
Түбектегі ең биік тау осы елде (Пэктусан жанартауы — 2744 м). Басты
өзендері: Амноккан және Туманган. Климаты теңіздік, континенттік және
муссондық. Қаңтардағы орташа температура –21°С, шілдеде 22 — 26°С.
Мемлекеттердің орналасуы
Корея Республикасының орналасуы
Корея, Корея Республикасы (корейше Чосон — таң самалының елі) — Шығыс
Азиядағы Корей түбегінде орналасқан мемлекет. Жер көл. — 98,5 мың км2.
Халқы — 46,1 млн. адам (1999). Ресми тілі — корей тілі. Тұрғындары,
негізінен, корейлер, 30 мыңға жуық қытайлар, т.б. ұлт өкілдері тұрады.
Олардың көпшілігі будда дінін, кейбір бөліктері конфуцийшілдік пен христиан
дінін ұстанады. Астанасы — Сеул қаласы болып табылады. (11 млн.).
Корей халық демократиялық республикасының орналасуы
Корей халық демократиялық республикасы, (КХДР), корейше — Чосон
минджуджуый иымин конхвачук — Шығ. Азиядағы Корей түбегінде орналасқан
мемлекет. Жер көл. — 121,2 мың км2. Халқы — 22,5 млн. адам (1999). Негізгі
халқы — корейлер. Бірнеше мың қытайлар да тұрады. Ресми тілі — корей тілі.
Тұрғындарының көпшілігі будда дінін ұстанады, конфуцийшілдікті, христиан
дінін ұстанатындар да бар. Астанасы — Пхеньян қ. (2,3 млн.). Конституция
бойынша, КХДР “Чучке идеясын басшылыққа алған егеменді социалистік
мемлекет”. Елді президент басқарады (1998 жылдан Ким Чен Ир). Заң шығарушы
органы — Жоғары халық жиналысы. Ким Чен Ир, сондай-ақ, елдегі жетекші
партия Еңбек партиясының Бас хатшысы және КХДР Қорғаныс к-тінің төрағасы
болып табылады. Ұлттық мерекелері: 9 қыркүйек — КХДР-дің құрылған күні, 15
сәуір — Ким Ир Сеннің туған күні (1912 ж., Күн мерекесі), 16 ақпан — Ким
Чен Ирдің туған күні. Ақша бірлігі — вон.
Екі елдің мемлекеттік құрылысы мен саясаты
Корея Республикасы – парламенттік республика
1948 жылдың 15 тамызында жарияланған Корея Республикасы парламенттік
республика болып саналады. Оңтүстік Кореяда алты конститутция ауысты (1948,
1960, 1962, 1972, 1980 и 1988). Әкімшілік бөлінісі 9 провинциядан және
тікелей орталыққа бағынатын 6 қаладан тұрады. 1988 жылғы Конституциясы
бойынша, елді президент басқарады (1997 жылдан 2002 дейін Ким Дэ Чжун).
Жаңа Конститутцияға сай бір рет бес жылға сайланатын президенттің жанында
оның қатысуымен Мемлекеттік кеңес құрылады. Бұған елдік премьер-министрі
басқаратын үкімет мүшелері және Ұлттық жиналыс депутаттары кіреді. Заң
шығарушы органы — Ұлттық жиналыс (299 депутаттан тұрады), олар төрт жылға
тікелей дауыс беру арқылы сайланады. Сайлау мажоритарлық және
пропорционалдық өкілдік жүйелер бойынша жүргізіледі.
Саяси партиялар. 1988 жылға дейін елдегі белді әрі жетекші саяси
партия консервативтік көзқарас ұстанды және оны тікелей президент
басқарады. Ли Сынман кезінде бұл рольді Либералдық партия ұстанса, Пак
Чонхи режимі тұсында Демократиялық республикандық партия атқарды. 1967 жылы
екі оппозициялық партия (Халық партиясы және Кореяның жаңа партиясы)
бірігіп Ким Дэджун басқарған Жаңа Демократиялық партия құрды. Бірақ бұл
партия 1980 жылы өздігінен тарады.
1981 жылы жалпы сайлаудан кейін жаңа саяси күш ретінде тарих сахнасына
жаңа президент Чон Духван басқарған Әділеттік демократиялық партиясы шықты.
1984 жылы елде өткен студенттік жастар көтерілістерінен соң 1985 жылы
Жаңа Кореяның Демократиялық партиясы құрылды. Бұл партияның лидерлері Ким
Дэджун мен Ким Ёнсам ресми саясаттан тысқөары қалып отырса да, 1985 жылғы
Ұлттық жиналыс сайлауы оларды парламенттік оппозицияның орталығына
айналдырды. 1987 жылғы оқиғалар барысында ЖКДП-ның мүшелерінің көбісі
үкіметпен бірлесейік деген өз лидерлерінің линиясына қарсы шықты. Артынша
жаңадан құрылған партия екіге бөлінді, осындай екі ұдай болған оппозицияның
басшыларына Демократиялық партияның басшысы Ро Дэ У (Но Тхэу) қарсы болып
президенттік сайлауда жеңіп шықты.
Ұлттық мерекелері: 15 тамыз — Республика жарияланған күн (1948), 3
қазан — мемлекеттің құрылған күні (Ежелгі Чосон, б.з.б. 108 ж.). Ұлттық
ақшасы — вон.
Корея Республикасы 9 әкімшілік провинияға бөлінген. Астанасы Сеулдің
өзі провинция статусына ие, ал Пусан, Тэгу, Инчхон, Тэджон және Кванджу
қалалары тікелей бағынатын қалалар қатарына кіреді. Олардың барлығын
сайланатын губернаторлар мен атқарушы кеңестер басқарады, ал округтер мен
басқа қалаларды сайланатын мэрлар мен кеңестер басқарып отырады.
Корея Республикасы тек 1991 жылы ғана БҰҰ мүше ел болды.
КХДР – социалистік мемлекет
1945 жылы тамызда Совет одағының әскерлері Кореяны алғаннан кейін
Солтүстік Кореяда жергілікті билікті корей патриоттары мен коммунистеріне
беруді ұйғарды. Сол жылдың қазанында Корея Коммунистік партиясы құрылды, ал
1946 жылдан бастап ол Жаңа халық партиясымен бірігіп Солтүстік Кореяның
Еңбек партиясы деп атала бастады.
Солтүстік Корея 1948 жылдың 9 қыркүйегінде Корей Халық Демократиялық
Республикасы деп жарияланды. Және осы кезде тұңғыш Конституциясы
қабылданды. Ким Ир Сен 1948 жылдан бастап әрі атқарушы билікті де басқарып
келді. 1972 жылы елде жаңа Конституция қабылданып, ол бойынша атқарушы
билік президентке берілді, ал оған Ким Ир Сен сайланды. Сол себепті Жоғарғы
халқы жиналысы Президиумының және министрлер кабинетінің лауазымдары алынып
тасталынды. Қазір елде Орталық халық комитеті, сонан кейін премьер-министр
басшылық жасайтын Мемлекеттік әкімшілік кеңесі пайда болды. Корея Еңбек
партиясының басшысы 1949 жылдан 1966 жылға дейін Ким Ир Сен болды. 1980
жылы оның ұлы Ким Чен Ир әкесінің ісін жалғастырушы деп жарияланды, ал 1994
жылдан бастап ол партияның төрағасы лауазымына отырды.
КХДР 9 әкімшілік провинциядан тұрады. Пхеньян қаласы астана
болғандықтан ерекше статусқа ие, ал екі қала – Нампхо мен Кэсон және бір
әкімшілік ауданы тікелей орталыққа бағынатындар қатарына кіреді. Әрбір
провинцияны өзінің Халық жиналысы басқарады.
Саяси партиялары. Біртұтас демократиялық отан майданы, кәсіп одақтары,
басқа да қоғамдық ұйымдары. Корея Еңбек партиясы (КЕП), 1945 ж. октябрьде
құрылды. 2 млн-нан астам мүшесі мен кандидаты бар. Демократиялық партия,
1945 ж. ноябрьде құрылды. КЕП-мен қатынас жасайды. БДОМ-ге кіреді. Чхондогё
— Чхонудан партиясы (Аспан жолы дінінің жас достары партиясы), 1946 ж.
құрылған. КЕП-мен қатынас жасайды. БДОМ-ге кіреді. Біртұтас демократиялық
отан майданы (БДОМ) 1949 ж. құрылған. Солтүстік және Оңтүстік Кореяның 70
саяси партиялары мен бұқаралық ұйымдарын біріктіреді. БДОМ-нің басқарушы
күші — КЕП. Кореяның біріккен кәсіп одақтары, 1945 ж. негізі қаланған. 2,4
млн-нан астам мүшесі бар. Корей ауыл шаруашылығы еңбекшілерінің одағы, 1965
ж. құрылған. 2,6 млн. мүшесі бар. Кореяның социалистік еңбек жастары одағы,
1945 ж. құрылған. 2,8 млн. мүшесі бар. Кореяның демократиялық әйелдер
одағы, 1945 ж. құрылған. 2,7 млн. мүшесі бар. Отанды бейбіт жолмен
біріктіру комитеті, 1961 ж. құрылған.
1948 жылға дейінгі ортақ тарих
Корей ғалымдарының археологиялық зерттеулеріне қарағанда, Кореяны адам
алғаш кейінгі палеолит заманында қоныстанған. Неолит заманында жергілікті
халық аң, балық аулап күнелткен, егін егуді, мал бағуды, қол өнерін үйрене
бастаған. Корей тайпалары рулық қауымда өмір сүрсе керек. Б. з. б. 2-мың
жылдықтың аяғында Кореяда қола қорытылды. Б. з. б. 1-мың жылдықтың
ортасынан бастап алғашқы қауымдық қатынастар ыдырап, мемлекет пайда бола
бастады. Олардың ішінде Чосон мемлекеті б. з. б. 5—4 ғ-дың өзінде-ақ құл
иеленуші күшті мемлекетке айналды. Б. з-дың басында Коореяның Солтүстігінде
Когурё, Оңтүстік-Батысында Пэкче, Оңтүстік-Шығысында Силла деп аталатын
ертедегі феодалдық мемлекеттер құрылды. Жер мемлекет меншігіне айналды. Ірі
жер иеліктері пайда болды. 4—6 ғ. арасында буддизм ресми дінге айналды.
Силла, Пэкче, Когурё мемлекеттерінің арасында бүкіл Корей түбегін
өзіне бағындыру жолында күрес басталды. Мұны пайдаланып, феодалдық Қытайдың
Тан әулеті Когурё мен Пэкчеге басып кіріп, орнығып алды. Бірақ 676 ж. Силла
мемлекеті қытай басқыншыларын қуып шықты да, 8 ғ-ға салым Кореяның барлық
жерін (Тэдонган өзенінен оңтүстікке қарай) қосып, біріккен мемлекет құрды.
Мұнда феодалдық құрылыс үстемдік етті, сауда дамыды, шаруалар басыбайлы
адамдарға айналды. 9 ғ-да Силла мемлекеті феод. бытырандылыққа душар болды.
935 ж. Корё мемлекетінің (918 ж. құрылған, елдің қазіргі евролаша аты Корё
атауынан шыққан) негізін қалаушы Ван Гон елді қайта біріктірді. 10 ғ-дың
аяғында бір орталыққа бағынған феодалдық мемлекет біржола қалыптасты, бұл
993. 1010—11 және 1018—19 ж. Қидандардың шабуылына төтеп беруге мүмкіндік
туғызды. Елде егіс көлемі ұлғайып, қолөнері дамыды, сауда күшейді, металл
шақа (монета) пайда болды. 12 ғ-дың 1-жартысында Корё мемлекеті біршама
әлсіреді. 1231 ж. монғол әскерлері басып кірді, 1259 ж. Корё билеушілері
монгол ханының өкімет билігін мойындады. 14 ғ-дың ортасында Корё монғолдар
құрған Юань империясына тәуелділіктен құтылды. 1359-62 ж. қытай
әскерлерінің шабуылын тойтарды. Корё мемлекеті Чосон (ежелгі Чосон
мемлекетінің құрметіне) деп аталды. Астана Кэгэн қаласынан Хансон (19 ғ-дың
аяғынан Сеул деп аталды) қаласына көшірілді.
16 ғ-дың аяғында жапондар, 17 ғ-дың 1-жартысында маньчжурлар елге
басып кірді. 1592—98 ж. корей халқы азаттық соғысқа шығып, жапон
басқыншыларын қуды. Бірақ маньчжурлар шапқыншылықты тоқтатпады. 1637 ж.
Корей королы маньчжур әулетіне бағынды. Тек 17 ғ-дың 2-жартысында ғана
елдің жағдайы жақсара бастады. 17—18 ғ-да К. әлеуметтік-экономикалық
жағынан біраз ілгері басты. Қала халқы көбейді. Пхеньян, Хансон, Кэсон,
Тэгу т. б. сияқты ірі сауда орталықтары құрылды. Феодалдық қанау күшейді.
Соның салдарынан елде шаруалар көтерілістері шықты. 18 ғ-дың аяқ шенінен
феодалдық қатынастар ыдырай бастады. Үкіметке қарсы көтерілістер жиілей
түсті. Капиталистік мемлекеттер көз аларта бастады. 1876 ж. Жапония Кореяға
тиімсіз Канхва шартына (1876) қол қойғызды. 1882 ж. АҚШ-пен. 1883 ж.
Ұлыбританиямен және Германиямен, кейінірек Россиямен, Франциямен, Австрия-
Венгриямен т. б. мемлекеттермен осындай шарттар жасалды. Бұл шарттар
Кореяны экономикалық және саяси қыспаққа салды. Қытай Кореяның ішкі ісіне
араласа бастады. Кореяда феодалдарға, шетел қанаушыларына қарсы толқулар,
көтерілістер (1882 ж. 23 июльде Сеулде) шықты. Әсіресе 1893—94 жылғы
шаруалар көтерілісі күшті болды. Бұған қарсы Қытай және Жапон әскерлері
елге басып кірді. Корея үшін жапон-қытай соғыстары (1894—95) болып өтті.
Соғыста жеңілген Қытай Кореяның тәуелсіздігін мойындады.
90 жылдардың 2-жартысында Жапония, Ұлыбритания, Россия, Германия,
Франция елде концессиялар ашу жөніндегі бірсыпыра келісімге Кореяны күштеп
қол қойдырды. Орыс-жапон соғысы (1904—05) кезінде жапон империалистері
Кореяны оккупациялап алды. Оның финансына, сыртқы және ішкі саудаға бақылау
орнатты. Россия әскерлерінің соғыста жеңілуі және 1905 ж. жапон
империалистерінің американ және ағылшын империалистерімен одақтасу жөнінде
келісім шарт жасалуы жапон миллитаристерінің іс жүзінде Кореяны басып
алуына жағдай туғызды. 19 ғ-дың аяғында жапондарға қарсы ұлт-азаттық
қозғалысы өріс алды. Шаруалардан құралған партизан отрядтары қарулы күрес
жүргізді, кейінірек бұл күреске жұмысшылар, оқушы жастар қосылды. Жапон
империалистері партизандардың негізгі күшін талқандады, Кореяны жапон
империясының құрамына қосты. Корея Жапонияның товар еткізетін рыногы мен
шикізат базасына айналды. Шаруалардан тартып алынған жерлер мен мемлекет
жерлерде жапон жер компаниялары ұйымдастырылды. Жапондар феодалдық
қатынастарды өзгертпеді. Шаруалар аяусыз қаналды. Жұмысшы табы қалыптаса
берді.
Барлық ірі қәсіпорындар (1913 ж. 383) жапон капиталистерінің қолында
болды. 1918 ж. жұмысшылардың жалпы саны 126 мың адамға жетті. Жұмысшы табы
да, ұлттық буржуазия да отарлық езгіге түсті.
1917 жылғы орыс революциясының әсерімен Кореяда демократиялық
қозғалыс өріс алды. 1919 ж. март—апрель айларында жалпы ұлттық көтеріліске
2 млн-нан астам адам (жұмысшылар, шаруалар, ұлттық буржуазия) қатысты, қ.
Кореядағы март көтерілісі (1919). Халық қозғалысына ұлттық буржуазия
басшылық етті. 1919 жылғы көтеріліс жеңілді. 1920 ж. Корей жұмысшыларының
өзара көмек қоғамы (тұңғыш жалпы ұлттық жұмысшы ұйымы) құрылды. 20
жылдардың басында кәсіподақтар мен басқа да бұқаралық-қоғамдық ұйымдар
ұйымдаса бастады. Өнеркәсіптік орталықтарында марксизм-ленинизмді оқып
үйрену үйірмелері пайда болды. Бұларға негізінен интеллигенция өкілдері
қатысты. 1925 ж. 17 апрельде Корея Коммунистік партиясының негізі қаланды.
Партия бірсыпыра антиимпериалистік ереуілдер ұйымдастырды. Мысалы 1926 ж.
июньдегі толқу жаппай бұқаралық сипат алды. 1925—28 ж. арасында 349 ереуіл
болып өтті. Шаруалар қозғалысы да өріс алды. Оқушы жастардың, озық ойлы
интеллигенцияның күресі күшейді.
Кореяны өзінің соғыс-стратегиялық күшті базасына айналдыру мақсатымен
Жапония елде соғыс кәсіпорындарын жаппай салуға кірісті. Кен өндірісі,
металлургия, энергетика, химия т. б. өнеркәсіп орындары кеңейтілді. 1939—45
жылғы 2-дүние жүзілік соғыс қарсаңында және соғыс кезінде Кореяда 800 мың т
болат, 1 млн. тн-дан астам шойын, 3 млн. т темір рудасы, 15 млрд. квт-сағат
электр энергиясы, 8 млн. т көмір өндірілді. 2-дүн. жүз. соғыс аяқталар
қарсаңда жұмысшылардың жалпы саны 2 млн. адамға (1929 ж. 1 млн. адам
болатын) жетті.
Шаруалар күйзсліске ұшырады, ұсақ және орта буржуазияның жағдайы
нашарлады. 1929—33 жылдардағы дүние жүзілік экономикалық дағдарыс кезінде
және одан кейін де жапон отаршыларына қарсы күрес күшейе түсті. 1930—32 ж.
жұмысшылардың 517 ереуілі, шаруалардың 237 көтерілісі болды. Бүкіл елде
оқушы жастардың жапондарға қарсы демонстрациясы болып өтті. Демонстрацияны
жапондықтар аяусыз басты. 1 млн-нан астам корейлер тұратын Маньчжурияда
және Кореяның солтүстік аймақтарында партизан қозғалысы өрістеді.
Қозғалысқа Ким Ир Сен бастаған коммунистер басшылық етті. 1932 ж. ол
ұйымдастырған партизан отряды кейіннен Корей Халық революциясы армиясына
айналды. Армия жапон отаршыларына қарсы табанды күрес жүргізді. Жапон
басқыншыларынаи азат етілген аудандарда коммунистердің басшылығымен партия,
комсомол келуін пайдаланып, жұмысшы табы және жапондарға қарсы бұқаралық
бастаған елдің демократиялық күштері ұйымдар құрылды. Корей Халық
революциялық армиясы қытай халық революциясы күштерімен байланыс жасай
отырып, Солтүстік-Шығыс Қытайда (Маньчжурияда) кертартпа күштерге қарсы
күресті өршітті. Ел азат етілген соң, 1945 ж. августа қайта құрылған Корея
Коммунистік партиясы (1928 ж. ұйымдасқан күш жапон басқыншыларына қарсы
бірқатар ретінде өмір сүруден қалған болатын) операция жүргізді.
1945 ж. августа ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz