Қазақстандағы көп ұлттылық


ЖОСПАР
Кіріспе2
Қазақстандағы көп ұлттылық2
Қолданылған әдебиеттер тізімі10
Кіріспе
Ұлт мәселесі көп ұлтты Қазақстан Республикасында басты проблемалар қатарына жатады. Кеңес өкіметінің соңғы жылдары этностық сана-сезімнің өсуімен ерекшеленді. Кеңес дәуірінен қордаланып қалған ұлт мәселелерінің болуы қазіргі кезеңде ұлт саясатына ерекше ыждағаттықпен қарауды қажет етеді. Қазақстан жерін мекендейтін халықтардың достық, туысқандық қарым-қатынасы, оларды біртұтас мақсатқа жетелейтін жетекші ұлттық мүдде болуы қазіргі саясаттың маңызды бөлігі. Мұнда Түркия тәжірибесін мысал ретінде алуға болады. Кемал Ататүрік халқын біртұтас ұлттық қозғалысқа біріктіре отырып, ұлттық идеологияны қалыптастырды. Түркияның бүгінгі басшылары Ататүріктің жолын қуып, қазіргі заманға лайықты ізгілікті жақтайтын ұлттық мемлекетке айналған. Қазақстан да жаңа дәуірге бейімделген өзіндік жолын таңдап алды.
Ал КСРО ұлт мәселесін шешуге мүлдем қабілетсіздік танытты. Тек көзжұмбайлыққа салынып, бізде ұлттық мәселе түпкілікті шешілгендігі және бір ғана кеңес халқы құрылғандығы туралы тезисті қайталаумен болды. Бұл тезистің шындыққа жанаспайтындығын КСРО бар кездің өзінде оның аумағында ұлтаралық жанжалдардың болып тұрғандығы дәлелдейді. Ұлтаралық шиеленістер, ұлт мәселесіндегі дағдарыс бұрынғы Кеңес Одағының ыдырауына түрткі болған, стратегиялық, технологиялық артта қалу сияқты көп себептердің бірі. Кеңес Одағы құлар алдында елде бұрын байқалмаған толқулар күшейді.
Қазақстандағы көп ұлттылық
Н. Назарбаев “Ғасырлар тоғысында” кітабында: “Ең қауіптісі - олар таза ұлттық сипат ала бастады. Ұлт мәселесінің соншалық асқындауы әуелі теориялық дәрменсіздіктен етек алды”, - деп жазды. Шындығында басшылықта да, ғылыми орталықта да бұл мәселемен шындап айналысқысы келген ешкім болмады. Ал ХХ ғасырдың аяғында тек кеңестер елінде ғана емес, бүкіл әлемде ауқымды ұлттық оянудың бұрқырай бас көтеруі басталған болатын.
Тоталитарлық жүйе тұсындағы жалпы мемлекеттік саясатқа эклектизм, яғни қарама-қарсы әр түрлі философиялық көзқарастарды, теориялық алғышарттарды, саяси тұжырымдарды қалай болса солай дәйексіз біріктіре салу тән болды. Соның нәтижесінде ұлттарды аға мен ініге бөлу саясаты тәрізді келеңсіз көріністер орын алды. Кеңес халқы тоталитарлық-саяси әдістермен біріккен қауым, оның мәдени негізі идеологияландырылған кеңес мәдениеті болды. Сол себепті саяси қатаң тәртіп сәл әлсіреген кезде “адамдардың жаңа тарихи қауымдастығы” ыдырап кетті. Кеңес өкіметі құлағаннан кейін бұрынғы ұлт саясатындағы бір ұлтты жоғары қою арқылы, екіншілерін төмендету, екінші қатарға ысырып тастауға, империялық көңіл күйлерге, экстремистік әрекеттерге тосқауыл қойылды. Ұлт мәселесі “атылмаған жанартау” болудан қалып, ұлт проблемасының ақылды, парасатты шешімдерді қажет ететіндігі мойындалды.
Бұл парасаттылықтың астарында әрбір қазақстандықтың өзін ең алдымен қазақстандық екендігін, сонан кейін өз ұлтының перзенті екендігін сезінгенде ғана ұлтаралық қарым-қатынастың жоғары мәдениеті қалыптасады. Сонда ғана шынайы ұлттық келісім мен шынайы саяси және қоғамдық тұрақтылыққа қол жеткізуге болады. Демек қазақстандық патриотизмге негізделуі қажет. Ұлтаралық, этностық топтар арасындағы келісім барша азаматтың нәсіліне, ұлтына, діни сеніміне қарамастан қашанда бір-біріне көмекке келуге әзірлігі, психологиялық тұрғыдан дайындығы, достық қарым-қатынасын бейнелейді.
Қазақстанның даму, өсу, өркендеу жолындағы басым бағыттарының бірі - ұлттық келісім, ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетінің жоғары деңгейі болып табылады.
Әрине, ұлттық келісімге келгенде, әрбір адамның азаматтық құқы сақталуы шарт екендігі түсінікті. Сонымен қатар, елдегі саяси тұрақтылықтың кепілі ретінде ұлтаралық келісіммен бірге халықтың әл-ауқатының жақсаруы да өз әсерін тигізеді.
Қазақстан Республикасындағы ұлт саясатының бағдарламасы саяси тұрақтылықтың кепілі болып қала бермек. Күллі қазақстандықтардың теңдігін қамтамасыз ету үшін әділеттік принципі мен ұлтаралық татулық санасын қалыптастыру маңызды. Осыған орай, еліміздегі барлық ұлттар, ұлттық және этностық топтардың тілі мен салт-дәстүр, мәдениетінің жан-жақты дамуын қамтамасыз ету қажет. Ол үшін Қазақстанда бірінші қазақ халқының түпкілікті ұлттық мүдделері дұрыс шешілгенде ғана өзге ұлттар мен этностық топтардың дамуына жол салынады. Себебі қазақтардың өзі кеңес империясы тұсында, одан ерте патшалық Ресейдің отарлық саясатынан көп зардап шекті. “Бұратана”, “тағы”, “варвар”, “қырғыз-қайсақ” деген небір ұлттық кемсітушіліктерді басынан өткерді. Сондықтан неше ғасыр басқа империяның қол астында болған Қазақстан үшін, оның негізгі тұрғындары - қазақтар үшін, ұлт мәселесі өте-мөте маңызды. Өйткені қазақтар Кеңес империясы құлап, көптеген ұлттық топтардың өз отанынан жырақта қалған жағдайын жақсы түсінеді. Себебі тоталитаризм жылдарында қазақтардың өзі оның зардаптарын басынан өткерді, миллиондаған қазақтар шетелге кетуге мәжбүр болды, демографиялық апатқа ұшырады. Ендеше кеңестік тоталитаризм қазақ халқының басына да орны толмас бақытсыздықтар әкелді. Түрлі әлеуметтік зерттеулер деректері еліміз халқының басым көпшілігі өздерін Қазақстанның азаматы ретінде танитынын айқын көрсетіп отыр. Сондықтан азаматтық қоғам идеяларын жалпы ұлттық идеялармен үйлестіре отырып, республикадағы азаматтық қауымдастықты қалыптастыруға болады.
Қазақстан халқы жаңа бір этностық қауымдастық емес, түрлі ұлттар азаматтарының қауымдастығы ретінде қаралады. Қазақстан халықтары Ассамблеясы түрлі этнос өкілдерін азаматтық тұрғыдан біріктіру құралдарының бірі болып табылады.
Ұлт үнемі дамып отыратын жанды үрдіс, ел өмірінде кезігетін ұлттық проблемаларды кейінге ысырмай, уақытында шешу арқылы ғана ұлтаралық қайшылықтардың алдын алуға болады.
Қазіргі Қазақстандағы басқа ұлт өкілдерінің саны мен ұлттық құрамы
1999 жылғы Бүкілхалықтық санақ Қазақстан тұрғындарының ұлт құрамында саны жағынан бірінші орында - қазақтар, екінші орында - орыстар, үшінші орында - украиндар, төртінші орында - өзбектер, бесінші орында - немістер және т. с. с. болғандығын көрсетті. (Кестені қараңдар) .
Ал енді олардың Қазақстан аумағына орналасуына келетін болсақ: Қазақтар Оңтүстік Қазақстан облысында ең көп орналасқан - 1. 3 мың. Алматы облысында - 925 мың, Шығыс Қазақстан облысында - 740 мың, Жамбыл облысында - 640 мың адам. Ал орыстар Шығыс Қазақстан облысында - 700 мың, Қарағанды облысында - 610 мыңдай, Қостанай облысында - 430 мыңдай, Солтүстік Қазақстан облысында - 360 мыңдай, Павлодар облысында - 330 мың, Ақмола облысында - 330 мың орналасқан.
Украиндардың ең көбі Қостанай, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында шоғырланған. Белорустар Қостанай, Қарағанды, Ақмола облыстарына көптеп тұрақтаған. Өзбектердің көпшілігі Оңтүстік Қазақстан облысында тұрады. Немістер Қарағанды, Қостанай, Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында көп топтасқан. Татарлар Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Алматы, Жамбыл облыстарында көптеп мекендейді. Ұйғырлардың көп бөлігі Алматы облысында, дүнгендердің көп бөлігі Жамбыл, түріктердің көп бөлігі Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында тұрады. Корейлер Алматы облысында, Жамбыл, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан, күрділер Алматы, Жамбыл, тәжіктер негізінен Оңтүстік Қазақстан облысында көп шоғырланған.
Тұрғындарының көп ұлттылығы жағынан Алматы, Жамбыл, Ақмола, Қостанай облыстары алда тұр. Ал Қызылорда, Атырау, Ақтөбе облыстары халқының құрамы бір ұлтты болып келеді.
Енді республикада ең көп ұлт саналатын орыстарға келетін болсақ, 1939-1989 жылдар арасында олардың саны өсу үстінде болды. Сөйтіп, 40 жыл бойы республикадағы орыстар, украиндар, белорустар саны жағынан көпшілік болып келді. Тек 1989, 1999 жылғы санақ нәтижелері республика тұрғындарының қатарында орыстардың үлес салмағы төмендегенін көрсетті. Оған кері миграциялық ағымдар, табиғи өсімнің азаюы, әлеуметтік жағдайдың нашарлауы әсер етті. Сонымен қатар, халықтың көші-қон үрдісінде Қазақстанға алыс және шетелдердегі қазақтар көшіп келуі де жергілікті халықтың абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштердегі өзгерістеріне әкелді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz