Оңтүстік Торғай мұнайлы-газды атырабы туралы
Оңтүстік Торғай мұнайлы-газды атырабы
Торғай МГА-ы Орталық және Оңтүстік Қазақстанда орналасқан ,
Орталық Евразия платформасының Тұран ойпатымен тектоникалық
байланысты.Мұнайлы-газдық алаң мен өрісті болащақ жерлердің ауданы 60 мың
км2.Оның іргетасы гетерогенді,калеодан және герцин консолидацияларының
белдемдерін қосып алады.Ойпаңның шөгінді жыныстарының құрамында жоғарғы
триас-төрттік жүйесінің түзілімдерінен құралған 5 км дейінгі платформалық
тыс және девон-карбон жыныстарынан түзілген квавиплатформалық тыс бөлініп
шығады.
Оңтүстік Торғай алабы
Тұран платформаларының денесінде басты түрде солтүстік-батыс
бағдарлардағы ежелгі жарылымдарды киммерлік тектоникалық белсендіру
нәтижесінде қалыптасқан жекелеген сызықты грабендер түзілуі басты ерекшелік
болып табылады.Грабендер ернеудің бұзылған өнімдерімен, сондай-ақ
жиектердің қатпарлы құрылымының (Ұлытау,Қаратау және т.б) ұнтақталған
материалдарымен толтырылған.Алаптың платформалық тысы 4 жікқабатқа
бөлінеді:жоғарғы палеозойлық, триас-юралық, бор-миоценді және плоицен-
төрттік.Бор-кайнозой кешенінің табаны бойынша Мыңбұлақ ойпатымен бөлінген
Жыланшық және Арысқұм ойыстары бөлініп шығады.Триас – юра жікқабатының
түзілімдері толық көлемде ойпаңның мезозойға дейінгі тұғырға кесілген,
сызықты грабен-синклиналында ғана таралған деп есептеледі.Оларға
түзілістердің рифтогенді табиғаты тән деп есептелген.
Мұнда, алаптың юра және бор түзілімдерінде 15 аса мұнай және
газмұнай кенорындары ашылып – барланған, солардың ішінде ең ірісі Құмкөл
кенорыны.
Мұнай алаңдары салыстырмалы түрде қарапайым геологиялық
құрылысымен және өнімді горизонттардың жатыс тереңдігінің аздығымен (1000-
1300м) сипатталады.Жинауыштары – жақсы сүзгілік-сыйымдылық қасиеті
құмтастар, яғни ол ұңғымалардың жоғарғы шығымын(тәулігіне 100-200м3)
анықтайды.
Оңтүстік Торғай ойысының геологиялық құрылымы тұтқыштардың
дәстүрлі антиклиналь типтерімен қатар,юра өнімді қатқабаттарының
грабенаралық(Ащысай көтерілімі, Мыңбұлақ ойпаты және т.б) және ішкі
грабендік(Ақшабұлақтық грабен-синклиналі және т.б) көтерілімдеріне
сыналанумен байланысты литологиялық және стратиграфиялық шектелген.
Тұтастай алғанда Оңтүстік Торғай алабы шөгінді жинау көлемдік жылдамдығы
бойынша III-типке жатады.
Оңтүстік Торғай алабы мен бірқатар кенорындарының ашылуы
ондағы республиканың мұнай өндіруші өнеркәсібінің дамуындағы көптеген
геология-экономикалық мәселелерді шешеді.
Солтүстік Торғай алабы Орал және Сарыарқа қатпарлы
құрылыстарының аралығындағы Торғай ойысының солтүстік бөлігін алып жатыр.Ол
Батыс Сібір тақталарынан Қостанай ойпатымен бөлінген.Алаптың ауданы 75 мың
км2.Жекелеген ұңғымалар мен геофизикалық материалдардың мәліметтері бойынша
алаптың іргетасы 3-4-8 км дейінгі тереңдікте жатады. Кристалдық фундамент
үстінде 4 км қалыңдықтағы жоғарғы палеозойдың квази платформалық
түзілімдері жатады.Субмеридианды жарылымдармен іргетас сызықтық грабендер
қатарына мүшеленген.Грабендерді құрушы жыныстар бор және палеоген
түзілімдерімен,кейбір жерлерде триас-юра көмірлі түзілімдерімен бұрыштық
және стратиграфиялық сәйкессіздікке қайта жабылған.Бұл грабендер триас
жастағы трапты интрузиялар типті негізгі магматикалық жыныстардың
бөлінуімен бірге рифті белдемдер (мәселен,Құшмұрын ойысы) ретінде
қарастырылады.
Шөгінді жинақтау көлемдік жылдамдығы бойынша алап II типке
жатады.Алаптың мұнай-газды болашағы мезозойдың шөгінділерімен және трапты
интрузиялармен қайта жабылған жоғарғы палеозой түзілімдеріне
байланыстырылады.Қостанай ойпатында бұрғыланған екі параметрлік ұңғымаларда
көмірсутектердің нағыз белгілері мен мұнайдың болмашы ағындары алынды.
Стратиграфия
Төрттік жүйе.Бұл жүйенің түзілімдерін
эолдық,элювилал,делювил, пролювиль,аллювиль және көлдік шөгінділер –
брекчиялар,тасмалталар, құмлар,саздақтардың тұтас дерлік тысы
түзіледі.Қалыңдығы 90 м жетеді.
Неоген жүйесі.Түзілімдері свиталарға бөлінген бірыңғай
континентті түзілістерден тұрады.
Жөншілік свитасы(жоғарғы плиоцен – төменгі плейстоцен) су
бөліктері кеңістігінде таралған,құрамы бойынша тұрақты емес көлдік
саздақтардан,құмдақтардан,саздардан ,құмайттастардан және сары-сұр,қоңыр,
қоңырқай түсті құмдардың қатқабатынан құралған.Қалыңдығы 70 м дейін.
Қостанай(битектей) свитасын(орта – жоғарғы плиоцен) ерте
заманғы эрозиялық қабаттар толтырған,аллювиалдық және көлдік
саздардан,құмайттардан,құмдардан,қи ыршық тастардан түзілген.Қалыңдығы 30 м
дейін.
Павлодар свитасы(жоғарғы миоцен - төменгі миоцен) құм
линзалары және қабатшықтарымен бірге қызғылт-қоңыр,қоңыр өзендік және
аллювиалдық саздардан түзілген,қалыңдығы 40 м дейін.
Турм свитасы(төменгі – ортаңғы миоцен) әксаз қабатшықтарымен
бірге ашық-жасыл саздардан,төменгі бөлігі(кушук қабаты) марганецтің
тотығының ірі бұршағымен бірге саздар мен құмайттастардан түзілген.
Түзілімдер омыртқалы жануарлардың сүйектері,жапырық флоралары,шаң-тозаңды
кешендермен сипатталады,қалыңдығы 50 м дейін.
Палеоген жүйесі.
Бұл жүйенің түзілімдері континенттік олигоценді және теңіздік
палеоцен – эоценді жыныстармен көрінеді.
Олигоцен.Терсек,қайдағұл,шалқарнұр және үркімбай свиталарын
қосып алады.
Терсек свитасы(жоғарғы олигоцен) ақ және шұбар түсті
каолинді, каолин – гидрослюдалы саздардан түзілген, оның төменгі
бөліктерінде кварцты құмдар дамыған.
Қайдағұл свитасы(жоғарғы олигоцен) жоғарғы жағы сұр және
қоңыр саздардан,төменгі жағы қоңыр көмір мен лигнит горизонттарымен бірге
құмдардан,құмайттардан, құмайттастардан, саздардан түзілген, қалыңдығы 100
м дейін.
Шалқарнұр(сары індік) свита(төменгі+ортаңғы олигоцен) құм
және құмайттас қабатшықтарымен қатар шұбар түсті саздардан құралған,
қалыңдығы 60 м дейін.
Үркімбай свитасы(төменгі+ортаңғы олигоцен) шайылумен
эоцендік теңіздік түзілімдерге жата отырып, Оңтүстік Торғай ойпаңының
орталық және батыс бөліктерінде кездейсоқ таралған,қалыңдығы 30 м дейін.
Эоцен.Жоғарғы эоцен(бодрак және альма жікқабаттары)
қуаттылығы 250 м дейінгі құмдар мен әксаз тасберіштерімен бірге жасыл-сұр
жапырықты саз қабаттарынан құралған.
Ортаңғы эоцен(симферополь жікқабаты) әксазды және кремнийлі
саздар қатқабатынан түзілген,қалыңдығы 80 м.
Төменгі эоцен – жоғарғы палеоцен(бақшасарай жікқабаты –
кача) саз,құмайттас және глауконитті құмдардан түзілген.Саздар көбінесе шым
тәрізді,қалыңдығы 50 м дейін.
Палеоцен.Ойпаңның орталық бөліктерінде таралған,карбонатты
құмайттастар,құмтастар,карбонатты саздар мен әксаз қатқабаттарынан
түзілген,қалыңдығы 40 м.
Бор жүйесі
Маастрихт жікқабаты әксаз, сазды әктас,карбонатты құмайттар
және саздар қатқабатынан құралған,қалыңдығы 100 м.
Кампан және сантон жікқабаттары глауконит және жұтаңдаған
өсімдік қалдықтары қосылған сұр саз, құмайттастар және құмтастардың
қатқабаттарынан тұрады, қалыңдығы 150 м.
Турон – коньяк жікқабаттары қызыл және шұбар түсті
құмтастар, құмайттастар және континенттік генезисті саздар қатқабатынан
түзілген.Қуаттылығы 130 м дейін.
Сеноман түзілімдерінде қызылқиясвитасы бөлінеді, ол
саздардан, құмайттастардан, континенттік генезистік құмтастардан құралған,
қалыңдығы 160 м дейін.
Апт – альб жастағы қарашатау свитасы сұр құмтастар, құмдар,
құмайттастармен бірге саз қабатшықтарынан тұрады, қалыңдығы 370 м.
Неокомда дауыл свитасы бөлініп шығады, оның жоғарғы жағы(200-
220 м) қоңыр құмтастардың қабатшығымен бірге қызыл түсті саздардан, төменгі
жағы(80-110 м) саз қабатшығымен бірге қоңыр-сұр және қызыл-қоңыр
құмтастардан құралған.Қиманың осы бөліктерінде құмкөл кенорынын 23-25% ашық
кеуектілікпен екі мұнай қанығу қаттары бар.Майда бұл буда барлық жерде
байқалмайды.
Юра жүйесі
Жоғарғы юра түзілімдарі үш будадан(жоғарыдан төменге)
тұрады: шұбар түсті саздар(40-100); әксаздар мен құмды әктастардың
қабатшықтарымен бірге карбонатты саздардан(25-40), саздар мен құмайттастар
қабатшықтарымен бірге сұр құмтастардан(50-60 м).Жалпы қалыңдығы 200-300
м.Құмкөл алаңында олар өнеркәсіпті мұнайлы. Кеуектілігі 26-30%,өтімділігі
1,8 мкм2 (газ бойынша).
Төменгі – орта юра түзілімдерін грабен-синклинальдарды
түзуші, қалыңдығы(2500м) аса бірыңғай, литологиялық нашар мүшеленген
қатқабаттар құрайды.Оның табаны бұрғылаумен ашылған жоқ.Қатқабат басым
түрде құмайттастардан және қара-сұр және сұр құмайттардан, сұр құмтастар
қабатшықтарынан құралған.оның жоғарғы бөліктерінде көмірлі құмайттар мен
көмірлер қабаттары кездеседі.
Триас жүйесі
Триас түзілімдері Торғай МГА-ң шегінде табылады.Екі
қатқабаттан тұрады: юра түбімен тығыз байланысты(қарашілік свитасы,
қуаттылығы 400 м дейін) жоғарғы триасты сұр түсті көмірлі терригенді
қатқабат және төменгі – ортаңғы триасты шұбар түсті жанартау – терригенді
(турин сериясы,800 м дейін) қатқабат.
Палеозой
Екі қатқабаттан тұрады: ортаңғы – жоғарғы девондық –
қуаттылығы көптеген жүздеген метрге дейінгі,қызылтүсті терригенді қатқабат
және фамен-төменгі карбон – қалыңдығы 1000 м аса сұр түсті терригенді –
карбонатты қатқабат.
Оңтүстік Торғай ойпаңының құрылымдық планын зерттеуде жүзеге
асырылатын негізі беттер: юра түзілімдерінің беті – III шағылысушы горизонт
және палеозой беті – V шағылысушы горизонт болып табылады.
Құмкөл кенорыны
Құмкөл газмұнай кенорыны арысқұм ойысының шегінде Торғай
шөгінді алабында, Қызылорда қаласынан Солтүстік-шығысқа қарай 150 км жерде
орналасқан.Әкімшілік жағынан Қарағанды облысының Жезді ауданына
қарайды.Кенорыны 1984 ж ашылды, мұнда 1-ұңғыманы бұрғылау кезінде төменгі
бордың Никольск түзілімдерінен мұнайдың апатты шапшымасы алынған.1990
жылдан бері игерілу үстінде.
Құмкөл құрылымы неоком түзілімдерінде 50 м және юра
түзілімдерінде 150 м амплитудамен күрделі пішінді брахиантиклиналь қатпарды
білдіреді.Кенорыны көп қаттық және алты шоғырдан тұрады. Олардың екеуі
төменгі неоком түзілімдеріне, қалғандары бор және юра екі бөлекті өнімді
этаж түзе отырып, юра түзілімдеріне байланысқан.Бор түзіліміндегі шоғырлар
мұнайлы, юра түзілімдеріндегі газ мұнайлы және мұнайлы болып табылады.Қойма
типі бойынша олар қаттық, дөңестенген, тектоникалық және литологиялық
шектелген.Өнімді горизонттардың жатыс тереңдігі 1063м – 1270 м дейін
өзгереді.Бор шоғырларындағы су-мұнай жапсары 983 м және 999 м белгілерде
анықталған.Юра шоғырларының екі горизонтындағы мұнай бөліктерінің биіктігі
ең жоғарғысы, 89,5 – 91,5 м жетеді, үшінші горизонтта 18,5 м артпайды.Екі
бор шоғырларында мұнай бөліктерінің биіктігі 51,7 м және 17,4 м құрайды.Газ
телпектердің биіктігі 9,1 – 31,9 м дейін өзгереді(юра шоғырлары).Өнімді
қима құмтастар мен құмайттастардан түзілген, горизонт бойынша тиімді
қатқабаты 0,6 – 12,4 м дейін.Жинақтауыштардың ашық кеуектілігі 19,3 –
23,7%, өтімділігі 0,172 – 1,133 мкм2,мұнайқанығу коэффициенті 0,58 – 0,71,
газқанығу 0,57 – 072. Бастапқы қат қысымы 11,5 – 13,76 mpа,қат
температурасы 49 - 56ºС шегінде болады.Мұнай шығындары 7 мм штуцерде
тәулііне 125,8 м3, газдікі – тәулігіне 93,8 мың м3жетті.Бор және юра
шоғырларының мұнайлары құрамы бойынша ұқсас.Олардың тығыздығы 812-819
кгм3, күкірттің мөлшері – 0,11-0,52%, парафин – 10,8-11,5%, асфальтен –
0,11-0,92%, шайыр – 4,8-8,42%. 20ºС жағдайдағы мұнайдың тұтқырлығы 8,89-
22,4 мм гс.Юра және бор шоғырларының ерітілген газының құрамы күрт
айырмашылықта: Юра шоғырларында ауыр көмірсутектердің 34,26-50,6%
жағдайында метанды құраушылар 50,6%,-61,2%, дейін өзгереді, бор
шоғырларында – ауыр көмірсутектер басым болады(63,7-67,9%,), ал метенның
мөлшері – 17,8-22,2%,. Газдың құрамы: күкіртсутегі – 0,002-0,07%,, азот –
3,1-10%, көмірқышқыл газы – 0,5-0,9%, және гелий 0,01-0,1%,.Бос газдар
метаннан(56,75-77,92%,), этаннан(9,01-14,05%,), пропаннан(4,24-10,17%,),
бутаннан(1,24-4,75%,), пентан+жоғарғы(0,77-1,01%,) күкіртсутегі іздері,
азот(4,1-10,7%,), көмірқышқыл газ(0,29-0,69%,) және гелийден(0,15-0,22%,)
тұрады.Газда тығыздығы 712-732 кгм3 болмашы мөлшерде конденсат болады.Екі
бор және бір юра горизонттарының шоғырларынікі – газ телпектерінің
энергиясымен су тегеуірінді.
Құмкөл кенорыны(Т.И.Бадаев бойынша,1987 жыл).
Арыс кенорыны
Арыс – Оңтүстік Торғай шөгінді алабының Арысқұм ойысындағы
газконденсатты кенорыны.Қызылорда облысының Сырдария ауданында Жусалы
теміржол бекетінен солтүстік-шығысқа қарай 120 км жерде орналасқан.Газдың
алғашқы өнеркәсіптік ағыны 1992 ж алынды.
Кенорыны 3 х 3,5 км өлшеммен 20 м амплитудамен
брахиантиклиналь қатпарға тураланған.1131 м тереңдікте ашылған қимада
төменгі бордың неоком түзілімдерінің төменгі бөліктерінің горизонтына
байланысқан газ конденсатты шоғыр анықталған.Өнімді горизонт құмтастар,
құмайттастар, гравелиттер және саздардың қабаттасуымен түзілген.Шоғвр
қаттық, дөңестенген, биіктігі 20 м.Газ-су жапсары 1059,5 м белгіде
қабылданған.Шоғырлардың жапқыштары – қалыңдығы 10-40 м дейінгі
саздар.Тиімді газқанығу қалыңдығы 9,6 м, газқанығу коэффициенті 0,66.
Жинауышы 23,8% ашық кеуектілікпен саңылаулы, терригенді.Бос газдың шығымы
10,5 мм штуцерде тәулігіне 134,5 мың м3 құрайды.Қаттық қысым мен
температура 11,32mhа және 49ºС.Ауадағы газдың тығыздығы 0,864.Газдың
құрамында метан 85,13% басым.Ауыр көмірсутектердің үлесі 9,9%.Газда
азот(2,32%) және болмашы мөлшерде көмірқышқылдары бар.Конденсаттық шығымы
тәулігіне 1,94м3,тығыздығы 706 кгм3.Тұрақты конденсаттың мөлшері 26,2гм3.
Кенорыны аяқталмаған барлау стадиясында.
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz