Жезқазған ауданының геологиясын және металлогениясын жалпы зерттеуі


Жезқазған
Кеңестер Одағындағы мыс кені мол негізгі аудандардың ең бай және қорының ең көп жері Жезқазған. 1935 жылы қаңтардың 1-дегі есеп бойынша Қоңыратта 2140 мың тонна, Дегтяркаде 1510 мың тонна мыс қоры болса, Жезқазғанда сол есеп бойынша 3230 мың тонна мыс бар, оның ішінде зерттелген мыс - 1330 мың тонна.
Жезқазғанның бұл толық зерттелген запасы 980 скважинаның мәліметі бойынша есептелген, бір скважинаға 2400 шаршы метрдей жер тура келеді, орташа есеппен рудалы жерден 85-90 пайыз шамасы руда шығады. Бұл мәліметтер Жезқазғанның мыс кенінің басқа жерлердегіден мол екенін көрсетеді. Мыс кені мұндай көп болу үстіне Жезқазған кен зерттеу жөнінен де басқа жерлерден анағұрлым пайдалы. Бірінші бесжылдықтың ішінде Жезқазғанда кен зерттеуге жұмсалған шығын толық зерттелген мыстың әрбір тоннасына болғаны 4 сом 50 тиыннан ғана келеді.
Жезқазған рудасы таза руданың санына қосылады. Жезқазған рудасында қорғасын, мырыш, алтын, күміс өте аз, мышьяк, висмут және басқа мысқа зиянды қосымшалар жоқтың қасы. Мұның арқасында Жезқазған рудасын оншама көп шығын шығармай және оңай айырып, нағыз жақсы қара мыс алуға болады.
Жезқазған рудасы оншама терең да емес, ең терең жері 150 метрге жетеді, руда жер астанда қат-қабат жатады, мұның арқасында бір шахтадан бірнеше қабат руда шығаруға болады. Руда қабатының ұзындығы 1, 5 километр, қалыңдығы 15-20 метр дейін жетеді. Мұның арқасында руданы арзанға түсетін механикалық әдістермен шығаруға болады. Кеннің өзі тұрақты және мықты болғандықтан шахталарға тірек қоюдың қажеті болмайды, су ағарлардың да қажеті жоқ; сондықтан, руда арзанға түседі, екінші жағынан кен жұмыстарын мейлінше кеңейтуге мүмкіншілік туады. 1935 жылы қаңтардың 1-не дейін толық зерттелген руданың 40 пайызын тек орталық шахтаның өзінен шығаруға болады, 30 пайызын ашық жұмыс әдісімен шығаруға болады. Орташа есеппен бір тонна руда 3 сом 50 тиынға түседі, бір тонна рудадағы мыс орташа есеппен 1 сом 82 тиынға түседі. Кеңестер Одағындағы мыс шығатын басқа жерлердің бірінде де руда, мыс мұндай арзанға түспейді.
Жезқазғанның рудасында мыс 1, 92 пайыз, Қоңыратта 1, 04 пайыз, Алмалықта 0, 77 пайыз, Дектяркаде 1, 30 пайыз. Сондықтан - 1 тонна қара мыс шығаруға керекті руданың мөлшері Жезқазғанда басқа жерлердікінен анағұрлым кем болады.
Бұл айтылғандардан басқа Жезқазғанның тағы да мынадай артықшылықтары бар:
а) Жезқағанның негізгі өндірісіне керекті шикі металл, отын, құрылыс материалдары жеткілікті, мұның бәрі Жезқазғанның өз ауданынан алынады;
ә) Жезқазғанда жеті жылдан бері комбинат (Қарсақпай комбинаты) бар, бұл комбинат жылына 6 мың тонна мыс беріп тұрады, бұл комбинаттың
арқасында тәжірибе жасалып руда технологиясының мәселелері толық
шешілді. Бұл тәжірибе арқасында флотация жасағанда мыстың шығаруын 94 пайызға жеткізуге болатыны анықталып отыр. Кеңестер Одағының мыс шығатын жерлердің біреуі де мұндай нәтиже берген емес;
б) Жезқазған ауданында жеткілікті қара жұмысшылар бар, Жезқазған комбинатында тәрбиеленген өнерлі қазақ жұмысшылары бар;
в) Өндіріске керекті су және ауыз су мәселесі қазір негізінде шешіліп отыр. Су жеткізу үшін Жезқазғаннан 25 километр жердегі Кеңгір өзенінің көктемгі суынан пайдаланылмақ.
Жезқазған алабын бұл срокте аяқтау үшін Үлкен Жезқазғанның дарлық жұмыстарын 1935 жылдың аяғы я 1936 - жылдың басында қолға алу керек. Үлкен Жезқазғанды тек сонда ғана 1941 жылы жүргізуге болады. Даярлық жұмыстардың бір үлкені - Жезқазған мен Успенский руднигі арасында темір жол салу. Әйтпесе, Жезқазған комбинатын салуға болмайды.
Бұл темір жолды 1936 жылдан қалдырмай қолға алып, екі жылдан кейін, 1938 жылы бұл жолда уақытша қатынас бастау керек. Бұлай еткенде Үлкен Жезқазған құрылысын сол жылдан бастап күшейтуге болады.
1936 жылғы кен зерттеу жұмысының алдына қойылатын міндет мынадай:
1) Жезқазғандағы қазіргі комбинатқа мысы көп руда жеткізіп тұру, жеткізгенде мыс кенін ысырап қылушылыққа, бұзушылыққа жол бермеу.
2) Кен жұмысн зерттеу жұмысын күшейту; Жезқазғандағы кен шығатын жерлердің маңыздыларын белгілеу, сүйтіп Үлкен Жезқазғандағы алғашқы даярлық жұмыстарға жоба жасауға негіз даярлау.
3) Жезқазған ауданының геологиясын және металлогениясын жалпы зерттеуді онан сайын күшейтіп, басқа кені бар жерлерді зерттеуге даярлық жасау.
Ғылыми-зерттеу жұмыстары
Екінші бесжылдықта, оның ішінде, 1936 жылы Жезқазғандағы кеннің негізгі категорияларын пайдаланудың неғұрлым пайдалы әдістерін белгілеу мәселерін зерттеу керек; Жезқазғандағы ірі рудаларды ашудың, кен қазу, тазалау жұмыстарының неғұрлым пайдалы әдістері белгілену керек; кен қопыратын дәрілердің түрін, мөлшерін белгілеу керек. Мұнымен қатар Жезқазғанның рудаларын шығарудың неғұрлым пайдалы әдістері, аралас рудаларды байыту әдістері белгілену керек, басқа да осындай жұмыстар істелу керек. Мұның бәрі Үлкен Жезқазғанның кәсіпорындарын толық меңгеруге байланысты мәселелер.
Жезқазған ауданында совхоздар құру жөніндегі зерттеу жұмыстары өзіне бөлек. Мұның үшін жердің суын, қыртысын, өсімдігін, ойы-қырын, ауасын және басқа жағын зерттеу керек. Бұл аталған ғылыми-зерттеу жұмыстарына 1936 жылы 500 мың сом шамалы қаржы керек.
Су жетістіру жұмысы
Үлкен Жезқазғанға су жетістіру мәселесі екінші бесжылдықтың ішінде толық шешілу керек. Жұмысшылар үшін жаңа өндіріс үшін су жетістіру жобалары жасалу керек. Үлкен Жезқазғанның кәсіпорындарына жылына 30 миллион текше метр шамасы су керек. Союзводстройдың есебінше Кеңгір өзеніне үлкен бөгет жасағанда, бұл өзеннің көктемгі суынан 67 миллион текше метр су алуға болады.
1936 жылы Кеңгір өзеніндегі бөгет жасаған жердің толық планын салу керек, бөгеттің жобасын жасауға байланысты зерттеу жұмыстарын жүргізу керек; 1936 жылдың ішінде бөгеттің техникалық жобасын жасауды қолға алу керек. Үлкен Жезқазғанға су жетістіруге байланысты жұмыстардың бәріне 1936 жылы 500 мың сомдай қаржы керек.
Кадр дайындау мәселесі
Үлкен Жезқазғанға керекті кадрлар негізінде қазіргі Жезқазған комбинатының цехтарында жұмысшыларды өнерге үйрету жолымен даярлау керек, мұнымен қатар, қысқа срокты курстар ашу керек, бұл курстерде жұмысшылардың өнері арттырылатын болу керек. Проходчиктер, бұрғышылар, токарьлер, слесарьлер фабрик-завод мектептері арқылы және дайындау курстері арқылы даярлану керек. Фабрик-завод мектептері арқылы қазақ өнерлі жұмысшыларын даярлау үшін фабрик-завод мектептеріне кіретін жастардың жалпы білімін арттыру керек, мұның үшін даярлық курстерін ұйымдастыру керек. Даярлық курстері 1936 жылдан бастап ұйымдастырылса, фабрик-завод мектебі өнерлі жұмысшылардың алдын 1938 жылдың басында, басқаша айтқанда, Үлкен Жезқазған құрылысы күшейтілетін жылы даярлап шығара алады.
Фабрик-завод мектебі жылына 200 адам даярлап шығаратын болу керек. Сонда фабрик-завод мектебіндегі барлық оқушылардың саны 400-дей болады. Үлкен Жезқазғанға техниктер даярлау үшін Қарсақпайда 1936 жылы кен-метеллургия техникумін ашу керек, бұл техникумды Қарсақпайдағы қазіргі фабрик-завод мектебі негізінде ашу керек. Оқу срогы 3 жыл болғанда техникум техниктердің алдын 1936 жылы даярлап шығарады. Техникум алғашқы кезде жыл сайын 50 техник даярлап шығаратын болу керек. Бұл аталған жұмыстарға 1936 жылы бір жарым миллион сом қаржы керек, оның ішінен, фабрик-завод мектебінің және техникумның үйлерін салуға, олардың мастерскойлар мен кабинеттерін жабдықтауға 800 мың сом керек.
Совхоз құрылысының мәселесі
Бұл мәселе Үлкен Жезқазған үшін аса маңызды және аса тығыз мәселе. Инженер-техниктерді және маман жұмысшыларды ұсақ уақытқа тұрақтату үшін олардың жабдықталуна негіз жасап, қолайлы жағдай туғызу керек. Жер
суландыру жұмыстары жүргізілсе Үлкен Жезқазған ауданында астық егіп, огород салуға болады, Үлкен Жезқазғанның мұқтажын толық өтеп тұруға
болады. Мұның үшін Ұлытау ауданында Сорелі, Байқоңыр өзендерінде
алғашқы кезде екі бөгет жасау керек. Мұның арқасында, алғашқы кезде молынан жетіп тұрғандай, суармалы егін және огород шаруашылығын ұйымдастыруға болады. Совхоз құрылысына байланысты жұмыстарға 1936 жылы 2 миллион сом шамасы қаржы керек.
Үлкен Жезқазғанның жоба жасау жұмыстарын 1936 жылдың басынан қолға алу керек, қолға алғанда кен дайындық жұмыстарының бірінші кезектегілерінің жобасы 1937 жылдың аяғында даяр болғандай ету керек. Үлкен Жезқазғанның бүкіл жобасын 1938 жылдың аяғында жасап болу керек. Үлкен Жезқазғанның жобасын жасауға байланысты мәселелерді осындай түрде шешкенде ғана, жоба біржола дұрыс жасалады.
Үлкен Жезқазғанға жоба жасауға барлығы 5 миллион сом қаржы керек, оның ішінен 1936 жылы 1, 5 миллион сом қаржы керек.
Әсіресе, уақытша пәтерлік үйлер, коммуналдық орындар салу, Үлкен Жезқазғанның алаңын даярлау мәселерінің маңызы зор; бұл жұмыстар да 1936 жылы қолға алыну керек. Пәтер үй, коммуналдық орындар салу, құрылыс алаңын даярлау жұмыстарына 1936 жылы 1500 мың сом қаржы керек.
Сонда Үлкен Жезқазғанды салуға байланысты жұмыстар үшін 1936 жылы керек болатын қаржы мынадай:
Жезқазғанның кені зерттелуде
Жезқазғанның ұшан-теңіз байлығы бұл күнге дейін толық зерттеліп болған жоқ. Оның байлығы зерттелген сайын молая түседі. Біз сол мол байлықты терең зерттеп толық пайдалануға бар күшті жұмсап отырмыз.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz