Күшті және жойқын сілкіністер туралы деректер



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
Жер сілкіну 2
Күшті және жойқын сілкіністер туралы деректер 2
Жер сілкінуді зерттеу әдістері 6
Техногендік жер сілкіну 9
Тектоникалық дислокациялар 10

Жер сілкіну

Адамзат тарихы сол алуан-алуан оқиғаларға бай. Соның ішінде, әсіресе
жер сілкінуінің жойқын күші және оның әсерінен болатын алапат апаттар жайлы
деректер көп-ақ. Мәселен, жер сілкінуі әсерінен кейбір үлкен қалардың,
тіпті бүкіл мемлекеттің мүлдем жоқ болып, яки өшіп кеткені тарихтан мәлім.
Сонымен қатар жер сілкіну құбылысы адамның рухани күйі мен ішкі сезіміне де
терең әсер етеді.
Жер сілкіну ... .. . Бар болғаны бірнеше секундқа созылатын табиғаттың
осы бір сұрапыл апатын еш нәрсемен теңеуге болмайды.
Жер сілкіну – табиғаттың әлі толық ауыздықталмаған қатал
құбылыстарының бірі. Дүние жүзі ғаламдары табиғаттың осы бір құпиясын
ғылыми тұрғыдан шешу жолында жан-жақты зерттеулер жүргізуде.
Жер сілкіну кезіндегі негізгі қауіп сол сілкініс кезінде пайда болатын
жарықтар, опырылған немесе ойылған жерлер ғана емес, ең алдымен сол
сілкініс өңірі бетіне тән апаттар. Егер жер бетіндегі үйлер мен әртүрлі
құрылыстар күшті сілкініске шыдайтын болса, онда жер асты дүмпуінің
қауіптілігі мейлінше азайып жер сілкінуі біз үшін соншалық сұрапыл апат
болмас еді.
Жер сілкінісінің қауіпті салдарынан құтылудың үш түрлі жолы бар:
біріншісі және ең оңай тәсілі – жер беті әрдайым және күшті сілкінетін
аймақты халық шаруашылығына пайдаланбау. Дегенмен мұндай сейсмикалық
қауіпті аймақтар қазіргі кезде белгілі болғанмен, бірақ олар бұдан бірнеше
мыңдаған жылдар бұрын игеріліп қойылған. Сонымен бірге ол жерлердің халық
шаруашылығы үшін маңызы да өте зор. Сондықтан бұл тәсілді пайдалану мүмкін
емес. Ендігі қалған екі тәсіл – жер сілкінісін алдын-ала болжай және оның
зардабын азайту үшін оған қарсы төзімді, берік құрылыс салу.
Жер сілкінуін болжау дегеніміз – оның күшін, орнын және дәл болатын
уақытын алдын-ала анықтау. Сілкіністің болатын уақытын алдын-ала білдік
делік. Бұл жағдайда халықты алдын-ала хабарландырып, қауіп-қатерден сақтап,
олардың кейбір бағалы заттарын қауіпсіз жерге алып кетуіне мүмкіндік
туғызуға болар еді.
Жер сілкінісінің жойқын күші, оның әсерінен болатын апаттар көпшілікке
мәлім. Өйткені Қазақстанның 450 мың шаршы километр аумағында жер сілкіну
қауіпі бар. Бұл аймақта 6 миллионнан астам халық тұрады, 27 қала, 400 астам
елді мекендер бар. Еліміздің 40 пайызға жуық өндірістік потенциалы осы
аймақта шоғырланған.

Күшті және жойқын сілкіністер туралы деректер

Күшті және жойқын сілкіністердің қаншалықты алапат апат екендігін
оқырман қауым анығырақ ұғу үшін бірнеше тарихи деректер келтірейік.
1755 жылғы қарашаның 1-і күні Португалияның астанасы Лиссабон
қаласының тұрғындары ертемен Гуливер күнін тойлау қамына кірісті. Қала
халқы түгел дерлік мерекелік киімдерін киіп, соборларға, храмдарға,
мешіттерге жиналды. Сағат 9-дан 40 минут өткенде Лиссабонның оңтүстік-
батысынан күн күркірігендей дыбыс естіліп, іле-шалқа күшті сілкініс
басталды. Көптеген үйлер, храмдар, сарайлар құлап, ішіндегі адамдарды басып
қалды. Қираған құрылыстардан шыққан шаң аспанға көтеріліп қаланы қалың
тұман басты. Жанып жатқан пештер мен майшамдардың ұшқынынан өрттер
басталды.
Дүние жүзіндегі ең жойқын сілкіністердің бірі деп саналатын бұл апатта
Лиссабон қаласындағы ғимараттардың 75 пайызы құлап, қаланың 200 мыңға жуық
тұрғындарынан 50 мың адам мерт болды. Жер сілкіну ауданы 2,5 миллион шаршы
километр аумақты қамтыды. Жер сілкінісінің күштілігі сондай Италия,
Германия, Скандинавия аймақтарындағы көлдерде теңселмелі толқындар пайда
болып, кемелерді көшкілерінен жұлып әкетті.
XX ғасырдың басындағы оңтүстік Италиядағы Пелор тауының етегінде
орналасқан Мессина қаласы дүние жүзіндегі ең көрікті теңіз порттарының бірі
болып саналатын. Ол өзінің сәнді сарайларымен, архитектуралық сымбатымен,
жасыл желек жамылған бульварларымен ерекше көз тартатын.
1908 жылғы 29 желтоқсанда бүкіл дүние жүзі газеттері 125 мың халқы бар
Мессина мен 56 мың тұрғыны бар Реджо-ди-Калабрия қалаларының және олармен
іргелес орналасқан көптеген елді мекендердің жермен жексен болып, 100 мыңға
тарта адамның опат болғанын хабарлады.
Қазіргі есептеулер бойынша Мессина жер сілкінісінің ең күшті
сілкіністердің қатарына жатқызуға болмайды. Бірақ жер сілкіну ошағының
қаланың дәл астына келуі және құрылыстардың мұндай апаттарға лайықтанып
салынбағаны осыншамалық қыруар зиян мен адам қазасына әкеліп соқтырған.
Біз енді ең күшті жер сілкіністі білу үшін Қытайдың орталық аймақтары
Ганьсу мен Шэнсиге сапар шегейік. Егер біз картаға көз жіберсек, бұл
аймақтардың бастарын қар жапқан тау белдеулері мен тіп-тік жыралармен
айғыздалған төбел үстірттерден тұратындығын көреміз. Ал, осы жазықтар мен
қыраттардың беткі қабаты түп-түгел дерлік құнарлы сазды топырақтың қалың
қабатымен жабылған. Бұл аймақты мекендеген халық түгелдей дерлік өзендердің
тік жағалары мен қыраттардың беткейлерін жапқан осы қара топырақты үңгіп
қазған үңгірлерде тұратын. Араның үйіндей жыбарлаған осындай үңгірлерден
көптеген елді мекендер, тіптен қалалар да салынған.
200 мыңнан астам адам өмірін жұтқан, қазіргі уақытта адамзат есін
білгелі болған сілкіністердің ішіндегі ең күштілердің бірі деп саналатын
бұл алапат апат осы арадан басталды.
Жер сілкіну кешкі 7 сағат 30 минутта адам шошынарлық гүрілдеген
дыбыспен басталды. Іле-шала бірінші, ең күшті дүмпу соғып өтті. Ол 2
минутқа дейін созылып, онан кейін көз ілеспейтін шапшаңдықпен келесі 5-6
минут ішінде бірінен соң бірі 5-6 соққы жер бетін ұрып өтті. Тынымсыз
шыққан жер асты гүрілі, құлаған үйлер гүрсілі, шыңғырған мал, жанұшырған
адамдар дауысы – бәрі қосылып айнала әлем топырақ болып кетті. Жердің беткі
шөгінді қабаттары қыздырған майдай орындарынан жылжи отырып, үңгірдегі елді
мекендерді, қалаларды адамдарымен қоса басып қалды. Қырыттар, таулар үлкен-
үлкен көшкіндер өзен арналарын бөгеді, жаңадан көлдер пайда болды. Жер
бедері адам танымастай өзгерді.
Бұл жер сілкінісуден 10 үлкен қала, көптеген елді мекендер орналасқан
ұзындығы 450 километр ені 150 километр ауданда қирамаған бірде-бір құрылыс
қалмады.
Жойқын жер сілкіністерін сипаттайтын әңгімені осымен доғарса да болар
еді. Бірақ дүние жүзіндегі ең жойқын екі жер сілкінісінің бірі деп
есептелетін 1960 жылғы Чили жер сілкінісінде және де кейнгі кездегі ең
апатты сілкіністер қатарындағы 1988 жылғы Арменияда болған Спитак
сілкінісіне қысқаша болса да тоқтала кетуді жөн көрдік.
Чили – Оңтүстік Америка құрлығында орналасқан мемлекет. Оның батыс
жағы Тынық мұхитпен, ал шығысы Анд тауларымен шектескен, ұзындығы 4500
километр, ені 200 киломерт, шалғының басындай имиген аймақты алып жатыр.
Жер сілкіну 1960 жылы 21 мымыр күні ертеңгі сағат 6 шамасында
басталды. Алғашқы дүмпуден кейін жартылай қирап, әр жерден от жалыны көріне
бастаған қалаларды, суық жаңбыр астында босып жүрген адамдарды көзімізге
елестетсек те жетіп жатыр.
Бірақ ең күшті соққы әлі алда еді. Ол мамырдың 22 күні күндізгі сағат
3-те адам айтқысыз күшпен басталды. Бақыттарына қарай, бұдан 15 минут бұрын
болған әлсіздеу сілкіністен жұрттың бәрі далаға қашып шыққан еді. Ал,
көпшілік қала тұрғындары демалыс күні болғандықтан қала сыртына шығып
кеткен болатын. Тек осы екі себептің арқасында ғана бұл керемет апат шығыны
көп болған жоқ.
1988 жылының қысында Арменияда болған жан тебірентерлік оқиғаны
көпшілік қауым әлі де ұмытпаған шығар. Желтоқсанның 7-сінде, ауа райы
күншуақ, халық күнделікті тіршілік қамында, зауыт-фабрикалар жұмыс істеп,
мектептерде сабақ жүріп жатты. Ертеңгі сағат 10-да Спитак қала тұрғындары
жеңіл жер асты дүмпуін сезді, бірақ мұндай құбылысқа үйренген халық оған
көп мән бермеген болатын. Кенеттен 11 сағат 40 минутта құлақ жарылатындай
гүріл шығып, іле-шала жер беті теңселіп кетті. Бірнеше секунд уақыт
арасында тұрғын үйлер, өндіріс орындары, мектептер мен ауруханалар толық
қирады. Бұл апаттың әсерінен Спитак қаласы түгел қирап, Ленинакан және
Кировакан қалаларындағы көптеген тұрғын үйлер жапырыла құлады. Эпицентірге
жақын орналасқан 40 елді мекендер жоқ болды. Әр жерде өрттер шығып, 25 мың
адам қаза болды, ондаған мың адам баспанасыз қалды. Әсіресе бұл апаттың
зардабын өз көздерімен көрмегендерге оның адам сезіміне тигізген әсерін
сөзбен айтып жеткізу өте қиынға соққан болар еді.
Сілкіністің жер бетіндегі күші 10 баллға жетіп, магнитудасы 7,0-ге тең
болды. Бұл XX ғасырда Кавказ жерінде болған ең апатты сілкініс еді, ал
бұрынғы ССРО аумағында мұндай апатты сілкіністің ошағы халық тығыз
қоныстанған жерге тұңғыш рет келіп отыр.
Тізіп-тіркеп айта берсек сан мыңдаған адам өмірлерін жалмап, халық
шаруашылығына қыруар шағын келтірген мұндай апаттар көп-ақ: 1948 жылғы
Ашхабад жер сілкінісі, 1960 жылғы Ағадір жер сілкінісі, 1990 жылғы
Нефтегорск апаты, 1992 жылғы Суусамыр жер сілкінісі және т.б. Статистикалық
мәліметтерге сәйкес жер бетінде орта есеппен жылына 9 балдық 10-15 жер
сілкінісі, 8 балдық 50-100 жер сілкінісі, 7 балдық 300-500-ге тарта жер
сілкіністері болып тұрады екен.
Халықаралық ЮНЕСКО ұйымының мәліметі бойынша, егер бұдан оншақты жыл
бұрын 8-баллдық сілкініс әрбір тұрғынға орташа есеппен 1500 американдық
долларға жуық шағын әкелсе, қазірде бұл шағын 3000 долларға жетіп отыр.
Төмендегі кестеде кейінгі жылдары экономикалық және әлеуметтік
жағдайлары әртүрлі мемлекеттерде болып өткен күшті сілкіністер нәтижесінде
сол елдер шеккен зардабтар туралы кейбір деректер және жалпылама шағын
мөлшерлі беріліп отыр.

Сілкіністің Күні, айы M NC ND NC+ND Шығын
болған жері жылы млн.
доллар
7-баллдық сілкіністер
( М ≥ 5,5 )

Калифорния 13.08.1978 5,6 - - 15,0
Айдахо, 28.10.1983 7,3 50 200 15,0
АҚШ
Калифорния 24.04.1984 6,1 - - 10,0
Түркия 13.05.1986 5,6 1500 - 120,0
Перу 5.04.1986 5,5 2000 - -
Перу 30.05.1990 5,5 6000 - -
Болгария 7.12.1986 5,7 - - 1300 -
Чили 8.08.1987 7,0 1000 - -
8-баллдық сілкінісітер
( М ≥ 6,0 )

Тәжікстан 13.10.1985 6,0 - - ≥900 -
Йемен 13.12.1982 6,1 - 300 елді мекен 90
Қырғыз жері 15.05.1992 6,3 - - 5500 22,4
Греция 20.06.1978 6,4 8287 13918 22205 190,0
Греция 9.07.1980 6,4 1085 4605 5690 -
Калифорния 2.05.1983 6,5 500 - - 31,0
Греция 24.02.1982 6,7 ≥150 - - 900,0
Румыния 30.08.1986 6,9 12500 42500 55000 -
Грузия 29.04.1991 6,9 - - 95% -
Үндістан 20.10.1991 6,9 201800 74714 275514 -
Албания 15.04.1979 7,0 - - - 70,7
Чили 3.03.1985 7,6 45000 76000 121000 1800,0
Жапония 12.06.1978 7,6 1383 5524 6907 800,0
Жапония 26.05.1983 7,9 943 - - 600,0

9-баллдық сілкіністер
( М ≥ 6,0 )


Ливия 16.03.1956 6,0 6000 - - -
Югославия 26.07.1963 6,1 700 1800 2500 500,0
Никарагуа 28.12.1972 6,2 - - 50000 2000,0
Греция 4.03.1981 6,3 250 - - 500,0
Италия 6.05.1976 6,5 - - 11000 3600,0
Жаңа 2.03.1987 6,5 - - - 200,0
Зеландия
Түркия 19.08.1966 6,7 19000 - - 35,0
Армения 7.12.1988 6,7 100% - - 17000
Пәкістан 1.02.1991 6,8 5187 79900 85087 -
Иран 10.04.1972 6,8 100% - - 5,0
Үндістан 19.10.1991 6,9 20186 74714 94900 -
Қытай 16.03.1925 7,0 700000 - - -
Қытай 1.08.1937 7,0 ≥30000 - - -
Югославия 15.04.1979 7,0 70% - - 2200,0
Мексика 24.10.1980 7,0 90% - - -
Иран 21.06.1990 7,1 100% - - 7200,0
Гуам аралы, 8.07.1993 7,1 - - - 115,0
АҚШ
Түркия 28.03.1970 7,2 13795 5586 19386 97,0
Иран 1.09.1963 7,2 - - 199500 30,0
Түркия 24.11.1976 7,2 - - 9282 25,0
Румыния 4.03.1977 7,2 32900кв - - ≥2000
Калифорния 18.10.1989 7,2 1300 20881 22181 8000,0
Өзбекстан 19.03.1984 7,2 - 50% - -
Жапония 16.01.1995 7,2 - - 98960 200000
Сахалин аралы 28.05.1995 7,2 - - - 52,2
Иран 31.08.1968 7,4 12000 - - 40,0
Алжир 10.10.1980 7,5 80% - - 3000,0
Қырғыз жері 19.08.1993 7,5 8200 - - -
Гватемала 4.02.1976 7,5 - - 254750 1100,0
Түркия 1.02.1944 7,5 50000 - - -

М – жер сілкіну магнитудасы; NC – қираған үйлер саны;
ND – зақымдалған үйлер саны;

Бұл кестені саралар болсақ мынандай қорытындылар шығаруға болады:
біріншіден, сілкініс күші өскен сайын шығын да көбейе түспек; екіншіден,
экономикалық және әлеуметтік даму деңгейі төмен елдерде сілкініс салдарынан
болған шығын әрдайым жоғары.

Жер сілкінуді зерттеу әдістері

Сейсмологияда алдымен қолданылатын түсініктер мынадай:
г и п о ц е н т р (фокусы) деп жер сілкіну болған жер қойнауындағы
оның ошағын атайды да, э п и ц е н т р деп сілкіну толқынының жер бетіне
шыққан тұсын айтады (15.1-сурет). Сілкіну күші бірдей тұстарды қосатын
сызықты и з о с е й с т а деп, оның сілкіну күші ең жоғары сызықпен
шектелінген п л е й с т о с е й с т і к (латынша плейсто - ең жоғары)
аймақ деп атайды.
Эпицентрге сілкіну күші оның ошағының тереңдігіне баланасты: ошағы
терең болған сайын күші шамалы; ал неғұрлым ошағы терең, күші басым болса,
соғұрлым эпицентрдің аумағы кең. Мұндай жер сілкіну көбінесе тік бағытта
тарайды, дегенмен оның жазық бағыттағы құрамы да болады. Мысалы, 1902 жылы
Андижанда сілкінуден кейін құлпытас бағаналар сағат тілінің айналу
бағытымен 7о-ке орнынан бұрылыпты. Жер шайқалуын сейсмикалық толқындар
дейді. Олар қума, көлденең және беткі түрлерге ажыратылады. Қума толқын
сейсмосәулесінің бойымен тарап, өзі әсер еткен ортаны алма-кезек қысып,
созады. Көлденең толқын сейсмосәулесіне көлденең тараған синусоида құрады
да өзі откен заттың пішінін өзгертеді, көлемі бұрынғы күйінде қалады. Беткі
толқын алдыңғы толқындардың жер бетінде өзгеруінен пайда болады.
Жер сілкінуін сейсмограф деген аспаппен өлшеп, тіркейді. Олардың
барлығы маятникке негізделген. Басқаша айтсақ, олар іргесінің тербелуіне
қарамастан, қашан да болсын өз бағытын өзгертпейтін тіктеуіш зат.
Іргетасына ол серіппемен бекітіледі. Тіктеуіштің кейбір тік бағытта, енді
бірі жазық бағытта тербеледі. Тербелісті жарық немесе электр сигналына
аударып, оларды дәл бір жылдамдықпен айналатын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Еуразияның жер сілкіну аймақтары және оның зардаптары
Қазіргі заманғы тектоникалық қозғалыстар
Құрты өзені Іле өзенінің ірі сол жақ саласы
Жасанды жер сілкінулері
Қазақстанның сейсмологиялық жағдайы
Жер сілкінуінің себептері мен түрлері
Сейсмикалық толқындар
Жер сілкіну
Цунамидын пайда болу себептері
Жер сілкінісін болжау технологияларын бағалау
Пәндер