Қазақстанда геологиялық ғылым мен өндіріс салалары дамуының басты - басты сатылары



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
1.2. Қазақстанда геологиялық ғылым мен өндіріс салалары

дамуының басты-басты сатылары

Қазақстан территориясының пайдалы қазбалары жайлы алғашқы мәліметтер
ХVІ ғасырдың екінші жартысында жазылған "Үлкен Сызба Кітапта" келтірілген.
Кейбір пайдалы қазбалардың көне өндіріс орындары 1701 жылы орыс зерттеушісі
Семен Ремезев құрастырған "Сібірдің сызба кітабы" атаулы еңбегінде
көрсетілген. Ал республика территориясын геологиялық тұрғыдан пәрменді
түрде зерттеу мәселесіне келер болсақ, мұндай жұмыстар XVІІІ ғасырдың
бірінші жартысында Петр Бірінші патшаның құзырымен жүзеге аса бастаған. Бұл
зерттеулер Ертіс өзені алабынан Зайсан көліне дейінгі аралықты, Тарбағатай
және Жоңғар Алатауы тау сілемдерін қамтыған. XVІІІ ғасырдың орта шенінде
Ресей Ғылым Академиясы мен Орыс Географиялық Қоғамы әдейі жасақтаған дала
экспедициялары Батыс Қазақстан аумағының географиялық және геологиялық
ерекшеліктерін жан-жақты зерттеген, бұл жұмыстарды жүзеге асыруда
С.Г.Гемелин, С.П.Паллас, И.П.Фальк сияқты көрнекті ғалымдар атсалысқан. Нақ
осы жылдар шамасында Қазақстанның Алтай өңірі де біршама тиянақты
зерттелген, мұның нәтижесінде күні бүгінге шейін белгілі Риддер-Сокольное
және Зырян сияқты полиметалды және алтынды-күмісті кендерді игеру жұмыстары
жүзеге аса бастаған.
Қазақстан аумағының географиясын және геологиясын орыс ғалымдары
тарапынан зерттеу жұмыстары XІX ғасырдың бірінші жартысында, Ресейдің
Наполеонмен соғысы жеңіспен аяқталғаннан кейін, бұрынғыдан да гөрі жандана
түсті. Осы зерттеулер нәтижесінде Солтүстік және Орталық Қазақстанның
жекелеген аймақтары (И.П.Шангин), Мұғалжар, Шалқар аймақтары, Қарақұм
өңірі (Э.А.Эверсман), Алтайдың рудалы кендері (А.Гумбольдт, Г.Розе)
бойынша құнды-құнды жаңа деректер алынды. XІX ғасырдың екінші жартысында
Н.А.Северцев пен И.Г.Борщев экспедициялары Қазақстанның батыс өңірінен
Доссор мұнай кенін ашты, белгілі зерттеуші П.П.Семенов-Тян-Шанский Іле және
Күнгей Алатау аймағының таулы жүйелерін біршама тиянақты да жан-жақты
зерттеді, ал тау-кен инженері А.Р.Влангели Жоңғар Алатауы өңірінің
геологиясы мен пайдалы қазбалары жайлы құнды-құнды деректер жинақтады,
тіпті ол 1851 жылы Қазақстанның шығыс аймағының (Алтай, Тарбағатай, Қалба,
Солтүстік Жетісу) геологиялық картасын құрастырды. Осы кезеңдердің тағы бір
маңызды да құнды құжаты ( белгілі ғалымдар И.В.Мушкетов пен Г.Д.Романовский
құрастырған "Түркістанның геологиялық картасы". Карта Қазақстанның біршама
ауқымды аймағын қамтыды (Арал өңірі, Қаратау, Тянь-Шань тауларының
солтүстік иіндері, Оңтүстік Балқаш өңірі, Тарбағатай т.б.), онда зерттелген
аймақтардың геоморфологиясы, тектоникасы, стратиграфиясы, пайдалы қазбалары
жайлы деректер келтірілген. Қазақтардың тарихы мен Қазақстанның
географиялық ерекшеліктері жайлы тұңғыш басылымдардың бірі болып табылатын
А.А.Левшиннің "Қырғыз-қайсақ далаларының тарихы" атаулы құнды еңбегі де нақ
осы XІX ғасырда жарық көрді.
(V((((((( ғасырларда Қазақстан аумағында жүргізілген геологиялық-
географиялық зерттеулер біршама ауқымды аймақтарды қамти тұрса да, бұл
зерттеулердің сапалық сипаттары біршама төмен дәрежеде болғандығын атап
көрсеткен орынды. Бұл зерттеулерде негізінен жекелеген маршруттарды ғана
пайдалану әдісі қолданылды, ал мұның өзі зерттелген аймақтың геологиялық
құрылысы мен пайдалы қазбалары жайлы толық та жан-жақты мағлұмат алуға
мүлдем жеткіліксіз еді. Мәселен, "Ресей географиясы" атаулы топтаманың
(V((( томына кіргізілген А.Н.Седельников құрастырған "Қырғыз өлкесінің
геологиялық картасында" тек қана девон және неоген түзілімдері, сол сияқты
магмалық таужыныстардың кейбір түрлері ғана көрсетілген, ал 1903 жылы
П.П.Семенов-Тянь-Шанскийдің басшылығымен жарық көрген "Ресей. Толық
географиялық хаттама" атаулы көп томдық басылымда Қазақстан "тұздарға ғана
мейілінше бай өлке" ретінде сипатталған.
Жоғарыда сөз болған кезеңді шартты түрде Қазақстанда геологиялық ғылым
саласы дамуының ерте сатысы деген атаумен оқшаулауға болады.
Республика аумағын геологиялық тұрғыдан зерттеулер ХХ ғасырдың 20-шы
жылдарының бірінші жартысында Қазақстан одақтық социалистік республикалар
құрамына кіргеннен бастап біршама күшті қарқынмен дами бастады. Қазіргі
егемен мемлекетіміздің аталған кезеңдердегі тарихы жайлы бүгінгі
тұжырымдарымыз әдетте сол кезеңдердің мүлдем келеңсіз сипаттарын ашып
беруде, десек те, шаруашылықты дамытудың социалистік жоспарлы әдісі кей
ретте біршама прогрестік рөл де атқарғанға ұқсайды. Мұның айғағы ( ХХ
ғасырдың 20-40-шы жылдарындағы Қазақстан геологиялық ғылымы мен өндірісінің
біршама күшті қарқынмен дамуы. Аталған кезеңде геологиялық іс-тәжірибеге
енгізілген ең басты жаңалықтардың бірі ( жекелеген маршруттарды пайдалану
әдісінің жаппай жаңа тәсілге, яғни жоспарлы да пәрменді түрде жүзеге
асырылатын аумақтық геологиялық түсірімдер ұйымдастыру әдісімен
алмастырылуы. Нақ сол 20-шы жылдардан бастап республиканың өндірістік
тұрғыдан ең маңызды деген аймақтары кезек-кезегімен әр түрлі масштабтағы
геологиялық картаға түсіру шараларымен қамтамасыз етіле бастады, бұл
жұмыстарға Ресейдің белгілі-белгілі ғалым-геологтары айтарлықтай атсалысты.
Ресейдің ғылыми және өндірістік орталықтары, бірінші кезекте Мәскеу және
Санкт-Петербург қалаларындағы геологиялық ғылыми мекемелер, Қазақстан
аумағының геологиялық ерекшеліктерін зерттеу, ұсақмасштабты және
ортамасштабты геологиялық карталар дайындау мақсатында оған ондаған ғылыми
экспедициялар, геологиялық партиялар аттандырды. Бұл жұмыстар тез арада-ақ
айта қаларлықтай жетістіктерге қол жеткізді. Мұның айғағы 20-шы жылдардың
екінші жартысы мен 40-шы жылдар аралығында Қазақстан аумағында талай-талай
жаңа кенорындардың ашылуы немесе жаңаша бағалануы. Бұлардың мысалдары
ретінде Қоңырат және Бозшакөл мысты-порфирлі кенорындарын, Мұғалжардағы
Кемпірсай хромит кенорнын, Кіші Қаратаудағы фосфорит кенорындарын, Үлкен
Қаратаудағы (Мірғалымсай) және Жоңғар Алатауындағы (Текелі) полиметалл
кенорындарын, Орталық Қазақстандағы және Алтайдағы кейбір вольфрамды-
молибденді кенорындарды, Орталық Қазақстандағы Жезқазған мыс кенорнын т.б.
келтіруге болады. Ол ол ма, 30-шы жылдардың аяқ шеніне дейін республика
аумағының 90 %-ы миллион масштабтағы, жартысынан көбі жарты миллион
масштабтағы, ал төрттен бірі бұлардан ірірек масштабтағы геологиялық
түсірім нәтижелерімен қамтылды.
Сөз болып отырған кезеңде ірі-ірі ұйымдастыру шаралары да жүзеге
асырылды, мұның өзі ғылыми-зерттеу және кен көздерін іздеу жұмыстары
тиімділігінің еселей артуына қол жеткізді. Мәселен, 30-шы жылдары Қазақ
геология-барлау тресті ашылды, ол кейінірек Қазақстандық аймақтық
геологиялық басқарма болып қайтадан құрылды; 1932 жылы ССРО Ғылым
Академиясының Қазақстандық базасы құрылды, бұл құрылымға басшылық жасау аты
әлемге әйгілі геолог-ғалым академик А.Д.Архангельскийге тапсырылды.
Кейінірек осы ғылыми құрылым негізінде ССРО Ғылым Академиясының
Қазақстандық бөлімшесі құрылып, ол 1946 жылы республиканың жеке Ғылым
Академиясы болып отау тікті.
20-40-шы жылдардағы республикалық геологиялық ғылым саласының шарықтай
дамуы Қазақстанда бір топ тамаша ғалым-геологтардың қалыптасуына жағдай
жасады. Олардың қатарына жататындар: Қ.И.Сәтбаев, Р.А.Борукаев, Е.Д.Шлыгин,
Ж.А.Айталиев, Г.Ц.Медоев, Г.И.Водорезов, И.И.Бок, А.Қ.Қайыпов, Г.Л.Кушев,
В.Ф.Беспалов, Г.Н.Щерба т.б. Республика ауқымында ғылыми-зерттеу жұмыстарын
жүргізуге Санкт-Петербургтегі Бүкілодақтық геологиялық институт (ВСЕГЕИ)
ғалымдары Н.Г.Кассин, М.П.Русаков, В.П.Нехорошев, Ю.А.Билибин, Н.А.Афоничев
ж.б. ғалым-геологтар айтарлықтай үлес қосты. Қазақстанның геологиялық
ғылымын дамытуда әсіресе Н.Г.Кассин мен М.П.Русаковтың алатын орындары
ерекше. Мәселен, Қазақстан геологиясына қатысты бүкіл деректерді қамтыған
"ССРО геологиясы. Шығыс Қазақстан. ХХ том" атаулы өте маңызды геологиялық
басылым 1941 жылы Н.Г.Кассиннің басшылығымен жарық көрді.
ХХ ғасырдың 20-40-шы жылдарын шартты түрде Қазақстанда геологиялық
ғылым және өндіріс салалары дамуының соғыс алдындағы социалистік сатысы
деген атаумен жекелеуге болады.
Кеңес Одағы халқының Ұлы Отан соғысындағы неміс-фашист басқыншыларына
қарсы күрес жылдарын (1941-45 жылдар) республикалық геологиялық өндіріс
салаларының соғыс кезіндегі даму сатысы деп атауға әбден лайық. Соғыс
тауқыметі республика көлемінде жүргізіліп жатқан геологиялық ғылыми-зерттеу
және геологиялық-барлау жұмыстары қарқынын сәл-пәл төмендете тұрса да,
қорғаныс өнеркәсібіне ауадай қажет минералдық шикізат қорымен елімізді
кідіріссіз қамтамасыз етуде Қазақстанның атқарған рөлі ерекше. Жезқазған
неміс-фашист басқыншыларына қарсы күресте ең басты мыс өндіру орталығына
айналды. Орталық Қазақстанның кейбір кендері елімізді өте маңызды
стратегиялық металмен, яғни молибденмен қамтамасыз ете алды. Кенді Алтайдың
полиметалдары (қорғасын және мырыш), Ақтөбе облысындағы Кемпірсай
кенорнынан өндірілген хром шикізаты соғыс жағдайындағы сұранысты толық
қамтамасыз етуге көмектесті. Марганец сияқты қорғаныс өнеркәсібіне өте
қажетті металл рудасының бірден-бір көзі Никополь кені (Украина) жау
қолында қалып, Кавказ өңіріндегі марганец кенімен (Чиатура) байланыс
мәселесі қиындаған, сөйтіп еліміздің осы металға деген зәрулігі қатты
сезілген шақта, Орталық Қазақстан аймағынан Жезді марганец кенорны табылып,
ол санаулы айлар ішінде пайдалануға берілді. Мұның өзі танк жасау
өндірісінің еш кідіріссіз жұмыс істеуіне жағдай жасады. Қалай дегенде де,
әр түрлі басылымдарда жиі ұшырасатын "неміс-фашист басқыншыларына қарсы Ұлы
Отан соғысы жылдарында атылған әрбір он оқтың тоғызы Қазақстан металынан
құйылды" деген сөйлем өте бейнелі айтылған тұжырым ғана емес, нағыз шындық
болып табылады.
Соғыс жылдарында Қазақстан тек қана өнеркәсіпті минералдық шикізат
қорымен қамтамасыз етумен шектеліп қалған жоқ, сол шикізаттарды өңдеу
істеріне де айтарлықтай үлес қосты. Соғыс уақытының адам айтқысыз
қиындықтарына қарамастан, өте қысқа мерзім ішінде Ақтөбе ферросплав зауыты,
Балқаш түсті прокат зауыты, Текелі полиметалл комбинаты, Жезді марганец
кеніші, Атырау мұнай өңдеу зауыты, Ембі өңірінің ондаған мұнай қондырғылары
іске қосылды. Қарағандының көмір шахталары майдан шебі мен өндіріс
орталықтарын көмір қорымен қамтамасыз ету мүддесін ойдағыдай орындады.
Қазақстанның соғыс жылдарындағы геологиялық ғылымы мен өндірісін
ұйымдастыруда қазақ халқының ардагер ұлы, аты әлемге әйгілі геолог-ғалым,
академик Қ.И.Сәтбаев еңбегін ерекше атап өткен жөн. Республикадағы талай-
талай ғылыми, ұйымдастырушылық және өндірістік шаралардың уақтылы да сапалы
түрде жүзеге асырылуы, сайып келгенде, Қаныш Имантайұлы Сәтбаев есімімен
тығыз байланысты. Нақ осы орайда Қ.И.Сәтбаев өзінің тек тамаша ғалым және
ұйымдастырушы ғана емес, ірі масштабты қоғам қайраткері екендігін де
қапысыз дәлелдеді.
Қазақстан геологиялық ғылым және өндіріс салалары дамуының соғыстан
соңғы жылдардағы социалистік сатысы біршама ұзақ мерзімді қамтиды. Соғыс
зардабына ұшыраған шаруашылықты қалыпқа келтіру жылдарынан бастап, Кеңес
Одағының ыдырауымен, сөйтіп Қазақстанның саяси егемендік алуымен
сипатталатын 90-шы жылдардың басына шейінгі жарты ғасырға жуық уақыт
аралығы Қазақстан геологиясының одан әрі еселей даму қарқынымен
ерекшеленеді. Бұл жылдар ішінде Қазақстанда талай-талай ұйымдастырушылық
шаралары жүзеге асты, сөйтіп көптеген геологиялық құрылымдар, әр түрлі
мекемелер мен ұйымдар шаңырақ көтерді. ССРО Ғылым Академиясының Қазақстан
бөлімшесі Қазақ ССР Ғылым Академиясы болып қайтадан құрылды (1946 жыл).
Республика Ғылым Академиясы жанынан Геологиялық ғылымдар институты ашылды,
кейінірек бұл құрылым геологиялық ғылымның бүкіл салаларына қатысты
проблемаларды шешуге мүдделі өте ірі ғылыми орталыққа айналды. Аталған
Институттың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның физикалық географиялық жағдайы
Геология
Қазақстанда өндеуші салалардың даму бағыттары
Гранит қабатының қалыңд
Органикалық дүниелер
Стратиграфия
Литосфераның құрылысы, құрамы және қасиеті
Шағын компаниялардағы венчурлық жобаларды басқару
Табиғат ресурстарын пайдалану принциптері
Үйренушілік шығындар принципі
Пәндер