Литосфералық тақталар тектоникасы геотектоникалық тұжырымдамасы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Литосфералық тақталар тектоникасы геотектоникалық тұжырымдамасы жайлы жалпылама мәлiметтер, оның басты-басты қағидалары

Литосфералық тақталар тектоникасы геотектоникалық тұжырымдамасының геосинклиндiк тұжырымдамадан ең басты айырмашылығы оның геологиялық құрылымдардың қалыптасу процесi Жердiң литосфералық қабатына тиесiлi iрi-iрi тақталардың көлбеу бағыттағы қозғалыстарының нәтижесi деп түсiндiретiндiгiнде. Сондықтан да бұл тұжырымдаманы кейде геотектоникадағы « мобилистiк бағыт» , немесе жай ғана ң мобилизм ң деп атайды. Бұл тұжырымдамаға сәйкес, бүкiл жер литосферасы жиырмаға жуық iрi-iрi литосфералық тақталарға дараланған, бұл тақаталардың әрқайсысы көлбеу бағытта дәйiм жылжып отырады деп есептелiнедi. Олай болса, тектоникалық белсендiлiк осы iрi-iрi литосфералық тақталардың бiр-бiрiмен жапсарласу өңiрлерiне, яки шекараларына ғана шоғырланған (бұл өңiрлер геосинклиндерге ұқсас), ал олардың iшкi өңiрлерi өздерiнiң тектоникалық салғырттығын сақтайды ( платформалар сияқты) .

Литосфералық тақталар тектоникасы тұжырымдамасы төрт түрлi қағиданы бiрiктiредi, олар − континенттер дрейфi, мұхит түбiнiң спредингi, мұхиттық литосфераның континенттiк литосфера астына субдукциясы және материктер коллизиясы .

Континенттер дрейфi − бүтiндей континенттердiң немесе олардың iрi-iрi бөлiктерiнiң көлбеу бағытта жылжуы . Мұндай қозғалыстардың қашықтығы жүздеген, тiптi мыңдаған км -мен өлшенедi. Мәселен, Америка континенттерi палеозой эрасының аяқ шенiнде Африка мен Еуропадан бөлiнген де, өздерiнiң бүгiнгi орнына дейiнгi қашықтыққа жылжып кеткен, Атлант мұхиты осылайша пайда болған. Немесе Үндістан жартыаралын алайық. Ол палеозой эрасының аяқ шенiнде Антарктиданың құрамында болған, содан берi ұдайы солтүстiкке қарай жылжи отырып, 7000 км “жол жүрген”, сөйтiп кайнозой эрасында Азия материгiмен соқтығысқан.

Литосфералық тақталар тектоникасы тұжырымдамасының бүгiнгi таңдағы бiрiншi қағидасы болып есептелетiн континенттер дрейфiнiң шындыққа сәйкестiгiн ХХ ғасырдың 10-20-шы жылдарында алғаш болжаған немiстiң климатолог-ғалымы Альфред Вегенер болатын, сондықтан да оны мобилизмнiң атасы деп атайды. Оның түсiнiгiне сәйкес, палеозой эрасының аяқ шенiнде Жер бетiнде жалғыз ғана алып материк болған, оны А. Вегенер “Пангея” материгi деп атады. Бұл алып материк жағалауларын сол кездегi жалғыз ғана мұхиттың − “Панталасса” мұхитының − сулары шайып жатқан. Палеозой эрасының соңында − мезозой эрасының бас шенiнде Пангея алып материгi “быт-шыт боп жарылған да”, әр түрлi дербес континенттерге жекеленген, бұлар жан-жаққа жылжып кетуi нәтижесiнде өздерiнiң бүгiнгi орындарына “келiп жеткен”.

Өзiнiң тамаша идеясының дәлелi ретiнде А. Вегенер төрт түрлi деректер жиынтығын ұсынды, олар: 1) Африка мен Батыс Еуропаның батыс жағалауларының жалпылама пiшiнiнiң Оңтүстiк және Солтүстiк Америка континенттерi шығыс жағалауларының пiшiнiне мейiлiнше ұқсастығы; 2) Африканың батыс жағалауларында және Оңтүстiк Американың шығыс жағалауларында, сол сияқты Үндістан мен Мадагаскар аралы территорияларында т. с. с. табылған палеозойлық фауна мен флора қалдықтары түрлерiнiң өте ұқсастығы; 3) Атлант мұхитының қарама-қарсы жағалауларындағы палеозойлық геологиялық құрылымдардың пiшiндерi (созылу бағыттары) мен мазмұндарының бiр-бiрiне мейiлiнше ұқсас болуы; 4) қазiргi кезде бiрнеше материктер аумағында шашырай орналасқан таскөмiр-пермь кезеңдерiнде болып өткен мұзбүркеу “iздерiнiң” Пангея алып континентiнiң полюсi аймағына жып-жинақы орналаса қалатындығы.

ХХ ғасырдың 30-40-ншы жылдарында ұмыт болуға айналған А. Вегенер идеясы 60-70-ншi жылдары жүргiзiлген Жердiң палеомагниттiк тарихын зерттеу нәтижесiнде кенеттен қайтадан жанданды. Бүгiнгi таңда континенттер дрейфiнiң шындыққа сәйкестiгi қапысыз дәлелденiп отыр.

Мұхит түбiнiң спредингi (көмкерiлуi) . ХХ ғасырдың екiншi жартысында пәрмендi түрде жүргiзiлген Әлемдiк мұхит түптерiн зерттеу нәтижелерi көлбеу бағытта континенттер ғана емес, мұхит түптерi де дәйiм жылжып отыратындығын дәлелдедi. Бұл қозғалыстардың сызбанұсқасы төмендегiдей ( 16 - сурет ) . « Орталық - мұхиттық жоталар » деп аталатын жалпыпланеталық құрылымдардың (Орталық-Атлант жотасы, Тынықмұхиттық көмпиме т. с. с. ) нақ орта тұсында жер астеносферасы есебiнен күн сайын, тiптi сағат сайын (толассыз) жаңа мұхиттық литосфера қалыптасып жатады; осылайша қалыптасқан мұхиттық литосфералық тақта , өзiнiң тұтастығын сақтай отырып, өзi қалыптасқан Орталық-мұхиттық жота өңiрiнiң екi жақ қапталына қарай толассыз жылжып отыруға мәжбүр, себебi оларды жаңадан қалыптасқан литосфераның төсенiшi болып табылатын астеносфера деңгейiнде етек алған, жаңағы литосфералық тақтаның табан жазықтығын жанамалай ағатын конвекциялық ағындар дәйiм “сүйрелеп отырады”( 16 - суретегi стрелкалардың бағытына қараңыз) ; мұхиттық литосфераның жылына бiрнеше см -ден ондаған см -ге дейiнгi жылдамдықпен жүретiн осы жылжу процесi мұхит түбiне тән тау жыныстарының геолгиялық көнелiгi Орталық-мұхиттық жотадан есептегенде түрлiше болуын қамтамасыз етедi: Орталық-мұхиттық жотадан қашықтаған сайын, яки континенттерге жақындаған сайын мұхит түбiне тән тау жыныстарының геологиялық көнелiгi арта түседi; керiсiнше, жотаға ең жақын орналасқан өңiрлерге тән мұхиттық литосфера жыныстары ең жас тау жыныстары болып табылады, себебi олар жақында ғана түзiлген, сөйтiп алыс қашықтықтарға жылжып кетуге әлi үлгермеген.

Мұхиттық литосфераның континенттiк литосфера астына субдукциясы (сұғынуы) тек қана “жабылып келе жатқан” мұхиттарға тән. Мұндай мұхиттардың мысалы Тынық мұхит болып табылады. Атлант мұхиты, керiсiнше, “ашылып келе жатқан” геологиялық құрылым болып саналады, сондықтан оның жағалауларында субдукция процесi байқалмайды.

Бұл айтылған ойды түсiндiрiп көрелiк.

Атлант мұхиты түбiне тән спредингтiң бағыты осы мұхитты жиектейтiн континенттер дрейфiнiң бағытына сәйкес келедi. Мәселен, Атлант мұхиты түбiнiң Орталық-Атлант жотасының батыс жағына орналасқан бөлiгi батысқа қарай, яғни Америка континенттерiнiң батыс бағыттағы дрейфiмен бағыттас жылжуда; екiншi сөзбен айтқанда, батыс бағытта жылжып бара жатқан мұхиттық литосфераның алғы шебi Америка континенттерiн құрайтын континенттiк литосфераның шығыс жиегiмен тұтаса “дәнекерленген”, сондықтан бұл аймақтағы мұхиттық және континенттiк литосфералар тұтас та бiрегей алып литосфералық тақта құрай отырып, тұтас дене ретiнде бiр бағытта, яки батыс бағытта қосарлана жылжуда. Тынық мұхит жағалауларында бәрi де керiсiнше. Мәселен, Тынықмұхиттық көмпименiң шығыс жақ қапталындағы жаңадан қалыптасқан мұхиттық литосфера шығыс бағытта жылжуда, ал Америка континенттерi, жоғарыда айтылғандай, батыс бағытта жылжиды. Немесе, Тынықмұхиттық көмпименiң батыс бөлiгiн алайық: бұл аймақта мұхит түбi батысқа қарай жылжиды, ал Азия материгi болса, қазiргi кезде көп қозғалмайды, яғни ңбiр орында тапжылмай тұрң. Келтiрiлген мәлiметтерден жалғыз ғана қорытынды шығаруға болады: Тынық мұхит аумағында, ол бiрте-бiрте жабылып келе жатқан құрылым болғандықтан (Америка континенттерi батысқа қарай дәйiм жылжуда, бұл процесс түбiнде Тынық мұхитты түгелiмен “жауып”, Американың Азиямен соқтығысуын қамтамасыз етуi әбден мүмкiн), мұхит түбiнiң жылжу бағыты мен мұхитты жиектейтiн континенттердiң жылжу бағыты бiр-бiрiне қарама-қарсы сипат алған (Тынық мұхит түбiнiң шығыс бөлiгi және Америка континенттерi) немесе дәйiм жылжыған мұхит түбi қозғалыссыз материкпен “соқтығысуға” мәжбүр (Тынық мұхит түбiнiң батыс бөлiгi және Азияның шығыс жағалауы) . Мiне, тек осы жағдайда ғана субдукция процесi жүзеге асатын болады. Субдукцияның мәнi − мейiлiнше қозғалмалы, бiршама жұқа мұхиттық литосфераның қозғалысы спредингке қарсы бағытталған және бiршама қалың континенттiк литосфераның астына қарай сұғына жылжуға мәжбүр болуы ( 17 - сурет ) .

Мұхиттық және континенттiк литосфералардың бiр-бiрiнiң астына қарай сұғынуымен сипатталатын субдукция процесi сол процесс өтiп жатқан өңiрдiң өте қарқынды тектоникалық белсендiлiгiн туындатады. Iрi-iрi жерсiлкiнiстер мен жанартаулар әрекетiнiң “Тынықмұхиттық отты шығыр” деп аталатын Тынық мұхит жағалауларына шоғырлануы, мiне, осы субдукция процесiнiң салдары.

Материктер коллизиясы (соқтығысуы) литосфералық тақталар тектоникасы геотектоникалық тұжырымдамасының ақырғы, яки төртiншi қағидасы. Бұл қағиданың мән-мағынасы − бiр-бiрiне қарама-қарсы жылжыған континенттер уақыт өте келе өздерiнiң аралығындағы мұхиттық құрылымды толығымен “жауып жiбередi”, сөйтiп сол мұхиттың бұрынғы жағалаулары бiр-бiрiмен соқтығысуға мәжбүр болады. Бұл процестiң тарихи мысалы «Әлпi-Гималаи жалпыпланеталық жанышталу белдеуi» болып табылады. Зерттеу нәтижелерi анықтағанындай, мезозой эрасында Үндістан жартыаралы мен Азия материгiнiң аралығында «Тетис» деп аталатын мұхиттық құрылым орналасқан. Үндістан континенттiк литосфералық тақтасының солтүстiкке қарай ұдайы жылжуы нәтижесiнде мезозой эрасының аяқ шенiнде ңТетисң мұхиты түгелiмен жабылған да, Үндістан Азиямен соқтығысқан. Нақ осы континенттiк литосфералық тақталардың бiр-бiрiмен соқтығысуы ( коллизиясы ) ңӘлпi-Гималаи жалпыпланеталық жанышталу белдеуiнең тән тау тiзбегiнiң қалыптасуына себепшi болды деп есептелiнедi. Бұл белдеу өте қарқынды тектоникалық белсендiлiкпен сипатталады. Сондықтан да бұл өңiрде күштi-күштi жерсiлкiнiстер мен жанартаулар әрекетi жиi болып тұратын құбылыстар ( кайнозой эрасы барысында бұл белдеу ауқымында талай-талай жанартаулар әрекетi көрiнiс берген) . Қазақстанға етене жақын Тянь-Шань және Жоңғар Алатауы жүйелерiнiң қалыптасуы да жоғарыда аталған екi алыптың − Азия мен Үндістан-Австралия литосфералық тақтасының − өзара соқтығысу нәтижесi деп түсiндiрiледi. Бұл таулар өңiрiнде қазiргi кезде өте күрделi процестер − тау жынысы қабаттарының жаппай қатпарлану және жыртылу құрылымдарының қалыптасу процестерi − жүрiп жатыр, олардың сырт белгiсi тау жүйесiнiң “өсуiнен” және жерсiлкiнiстердiң жиi-жиi көрiнiс беруiнен анық аңғарылады.

Геосинклиндер және литосфералық тақталар тектоникасы тұжырымдамалары қағидаларының ұқсастығы мен айырмашылығы

Геосинклиндiк тұжырымдама мен литосфералық тақталар тектоникасы тұжырымдамасының басты-басты қағидаларын бiр-бiрiмен салыстырар болсақ, бұлардың арасында ұқсастықтар да, айырмашылықтар да бар екендiгiн байқаймыз. Мәселен, геосинклин дамуының нақты геосинклиндiк сатысы мұхиттық литосфераның спрединг жағдайында қалыптасу процесiне ұқсас-ақ (мұндай құрылымның мысалы − Атлант мұхиты) . Мұхиттық құрылым қалыптасуының бұл кезеңiне тән геологиялық формация офиолиттi формация , ол Орталық-мұхиттық жоталар өңiрiнде жаңадан түзiле отырып, спрединг процесiнiң нәтижесiнде мұхит түбiн түгел көмкередi. Алайда мұхиттық құрылым , геосинклиндiк тұжырымдама тұрғысынан шамалағандай, жер қыртысының төмен қарай ойысуы нәтижесiнде емес (бұл жағдайда қозғалыстар төмен қарай бағытталуы тиiс), бұрынғы континенттiк литосфераның жыртылуы, жыртылған бөлiктердiң көлбеу бағытта жылжи отырып, бiр-бiрiнен алшақтап кетуi нәтижесiнде қалыптасады ( қозғалыстар көлбеу бағытта өрбидi ) . Орталық-мұхиттық жоталардың нақ орта тұсына орналасқан ң рифт ң деп аталатын геологиялық құрылымдар мұхиттық литосфераның жыртылу орны болып табылады, нақ осы өңiрде астеносфера заттарының магмалық балқымалары есебiнен жаңа мұхиттық литосфера қалыптасады да, ол спрединг процесiнiң нәтижесiнде жазық бағытта жылжып кетiп отырады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Литосфералық тақталар тектоникасы
«Литосфералық плиталар тектоникасы» туралы теориясы
Жер бетінің тектоникалық белдеулері
Неотектоникалық қозғалыстарды зерттеу әдістері
Жер қыртысының құрылымдық элементтері
Тік және көлденең бағыттағы қозғалыстардың арақатынасы
Қазіргі заманғы тектоникалық қозғалыстар
Тектоникалық қозғалыс типтері
Төменгі және жоғарғы мантиясының мәртебесі мен заттардың құрамы. «Тектоносфера» тұжырымдамасы. Минералдар тіркемелер жіктелуі
Жалпы геология курсы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz