Рельеф және климат
Рельеф және климат
Климат - рельеф құратын факторлардың ішіндегі ең маңыздысы. Климат пен
рельефтің өзара байланысы әр түрлі. Мысалы, үгілу процестерінің
қарқындылығы климатқа тікелей байланысты, ол белгілі мөлшерде мүжілу
құбылысының сипатын анықтайды, өйткені климатпен экзогендік күштердін
қарқындылық дәрежесі байланысты. Әр түрлі климат жағдайларында өздеріне тән
релъефтің ерекше пішіндері пайда болады. Климат рельеф құратын процестерге
қаншама тікелей әсер етсе, соншама табиғат ортасының басқа компонеттері,
мысалы гидросфера, топырақ-өсімдік жамылғысы арқылы, жанама да әсерін
тигізеді. Мысалы, Оңтүстік Батыс Африка жағалауындағы Намиб шөлінің және
Оңтүстік Америкадағы Атакама шөлінің пайда болуы жағалау бойымен өткен суық
теңіз ағыстарына байланысты. Бұл жерде климат осындай рельефтің пайда
болуына гидросфера арқылы әсерін тигізеді.
Климаттың функциясы болып табылатын өсімдік жамылғысының өзі рельеф
құратын процестерге ықпал етеді, мысалы, жер бетінде өсімдік жамылғысын
тұтас болып кеткен жағдайда су торларының ағуы бірден азайып, мүлде тоқтап
қалуы мүмкін. Ал өсімдіктер сирек болған жағдайда, немесе түгел
жалаңаштанып калған аймақтарда физикалық және механикалық үгілуге және
эрозиялық процестердің дамуына әкеп соғады.
Нивальдық климат, Жылдың барлық мезгілдерінде жауын-шашыны көп мөлшерде
және қатты (қар, бұршақ) түрде түсіп, жылдың жылы мезгілінде қары еріп, суы
буланып үлгермейтін климат. Жауатын қар, еритін қар мен оның буланатын
мөлшерінен басым болады. Мұндай аймақтардың қары жинала келе мәңгі қарға
айналады да, мұздықтарға бастама береді. Нивальдық климат жағдайларында
негізгі рельеф құратын фактор - жылжымалы мұздықтар. Қар мен мұз жамылғысы
болмаған, ашық жерлерде физикалык үгілу процесі (негізінен аязды процесс)
қарқынды түрде дамиды. Нивальдық климат биік ендік (Антрактида,
Гренландия, Солтүстік мұхит аралдары) және қар шекарасынан жоғары
көтерілген заңғар таулардың биік бөліктеріне тән.
Полярлық немесе көп жылдық тоң топырақтың таралу аймақтарының
климаты. Қысы қатал әрі ұзақ поляр аймағының климаты. Күн радиациясы аз,
жазы кысқа әрі суық. Жаздың ең жылы айдағы орташа температура 0°-тан төмен
болады. Қыста ауа райы ашық, жазда - тұманды, әрі бұлтты. Жауын-шашыны аз -
жылына 200-300 мм-ден аспайды. Осындай климат бұрын қалыптасқан мәңгі тоң
топырақтың ерімей сақталуына және солифлюкциялық процестердің дамуына
қолайлы жағдай туғызады. Полярлық климат Евразия және Солтүстік Американың
тундра белдеуіне және Шығыс Сібірдің көн бөлігіне тән.
Гумидтік климат - аса ылғалды климат. Мұнда жыл бойы түсетін жауын-
шашын топыраққа сіңетін және буланып кететін судың мөлшерінен едәуір басым
болады. Атмосфералық судың артығы беткейлер бойымен сорғалап ағып, аландық
шаюды қоздырады, немесе тұрақты және уақытша аққан судың нәтижесінде
рельефтің әр түрлі эрозиялық пішіндерін (аңғарларды, жыраларды)
қалыптастырады.
Жер ІІІарында гумидтік климат үш белдемге бөлінеді: оның екеуі
қоңыржай белдеулердің Солтүстік және Оңтүстік жартышар бөлігінде дамыса,
үшіншісі экваторлық белдеуге бейімделген. Климаттың бұл түріне, яғни оның
рельеф құратын ролінің сипатына сәйкес субтропиктердің және қоңыржай
белдеулердің муссондық аймақтары (Евразия және Солтүстік Американың шығыс
және ОҢТҮСТІК-ШЫҒЫС аймақтары) жатады.
Аридтық климат - қуаңшылық немесе аңызақ климат. Ауа температурасы
жоғары, атмосфералық жауын-шашыны аз, шөл мен шөлейттерге тән ырғалды.
климат. Жылдық жауын-шашын мөлшері 150-200 мм-ден аспайды. Бұл жағдайда
булану қарқындылығы жауын-шашын мөлшерінен әлдеқайда артық өсімдік
жамылғысы өте сирек, немесе мүлде болмайды, физикалық үгілу, әсіресе
температуралық үгілу басым.
Аридтық климатта эрозиялық әрекеттер әлсірейді, негізгі рельеф құратын
агент - жел әрекеті. Қорыта келгенде, қатты берік жыныстар қашалынады,
соның нәтижесінде аридтық климатта геологиялық құрылым анық байқалады.
Аридтық климат аймақтарының басым бөлігі оңтүстік және солтүстік
ендіктердің 20° және 30° аралығындағы материктерде дамыған. Аридтық климат
осы айтылған ендіктерден тыс басқа жерлерде де байқалады, мұндай жағдайда
олардың құрылуы материктердің көлеміне және орографиялық ерекшеліктеріне
байланысты. Мысалы, Солтүстік жарты шардағы Шығыс Азияның аридтық белдемі
солтүстік ендіктің 50°-на дейін тарап жатыр.
Рельефтің қалдық пішіндері, шөккен тау жыныстарымен бірге, жеке
аймақтардың палеоклиматы туралы көп мәлімет алуға мүмкіндік туғызады. Бірақ
рельеф климаттың әсіресе топырақ жамылғысының өзгеруімен салыстырғанда
өзінің түрін баяу өзгертеді.
Рельефтің генезисі
Қазіргі геоморфологияныц негізгі анықтамасының бірі - рельеф
эндогендік және экзогендік процестердің өзара әрекетінің нәтижесінде
қалыптасқан. Бұл түсінік рельеф генезисінің жалпы ұстанымы, дегенмен жеке
рельеф пішіндерін зерттегенде, оларды нақты талқылап, мұқият талдау керек
болады.
Жоғарыда айтылғандай, рельефтің ең ірі пішіндері - планетарлық мега-
және макропішіндер, ал кейбір жағдайда рельефтіц мезопішіндері де
эндогендік пішіндерге жатады. Аукымы жағынан майда келген микропішіндср -
көбінесе экзогендік рельефке жатады. Эндогендік және экзогендік процестер
релъефтің қалыптасуында өзара тығыз байланысты. Әдетте эндогендік
процестерден қалыптаскан ірі рельеф пішіндерінен экзогендік процестер
арқылы одан әрі күрделеніп жаңадан мезопішіндер және микропішіндер құрылады
немесе, керісінше, жер бетіндегі кедір-бұдырларды тегістеп жазықтандырады.
Қазіргі ғалымдар арасындағы көзқарас бойынша эндогендік рельеф құрушы
процестердін қайнар көзі жердің жылулық энергиясы. Осы табиғат күшінің
әрекеті жер қойнауындағы заттардың гравитациялық дифференциясы және
радиоактивтік ыдырауы нәтижесінде туындайды. Егер магма жердің бетіне
шықпай жер қыртысының ішкі қабаттарында қатып қалса онда интрузивті
шоғырлар қалыптасады. Ірі интрузиялардың (батолиттер, штоктар) пайда болуы,
олардың үстінде жатқан тау жыныстарының астасу түрлерінің өзгеруіне және
механикалық ауысуына, яғни пликативтік немесе дизъюнктивтік бұзылуына
мүмкіндік туғызады.
Жанартау каналымен жер қыртысындағы жарықтарды бойлап жер бетіне газ,
су буымен қоса шығып төгілген магманың қатаю процесі эффузивті магматизм,
немесе вулканизм деп аталады.
Жер сілкінудің көпшілігі жер қыртысының терең қойнауларындағы
тектоникалық қозғалыстардың, нақты айтқанда айырылып-ажырау
дислокацияларының нәтижесі. Жер қойнауынан босаған энергия серпінді
толқындар түрінде тектоникалық жарылымдар бойымен жан-жақка тарап, жер
бетінің тербелуі түрінде сезіледі. Жер сілкіну планета қойнауындары болып
жатқан қазіргі тектоникалық процестердің айқын көрінісі.
Сайып келгенде, жер қыртысындағы тектоникалық қозғалыстар және олармен
қоса тектоникалық жарылымдардың пайда болуы, блоктардың алмасуы, қатпарлы
қозғалыстар, тереңгі магматизм, вулканизм әрекеті және жер сілкіну - міне
осылар, жердің ішкі энергиясының көзі болып табылатын рельеф құрушы
процестер. Дегенмен, осы процестер әсерінен құралған рельеф пішіндері жер
бетінде өзгеріссіз түрде сирек кездеседі, олар өздерінің пайда болу
кезеңінен бастап экзогендік процестердің әсеріне ұшырайды және соған
байланысты өзгереді.
Жоғарыда айтылған рельеф құрушы процестер сирек жағдайда ғана жеке өтуі
мүмкін.
1. Жер бетінің рельефі эндогендік және экзогендік процестердің µзара қарым-
қатынас әрекетінің нәтижесінде қалыптасқан. Бұл тұжырым жалпы дұрыс
болғанмен, әр жағдайда анықтап дәлелдеуді қажет етеді. Осы проблема
талдауының алгашқы кезеңінде алдымен геоморфологиялық процестердің қайсысы
басымдау екендігін анықтау керек. Бұл өте күрделі мәселе, демек
тектоникалық және экзогендік ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz