Геологиялық барлау институты


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Геологиялық барлау институты

Қазақ геологиялық барлау институты 1933 жылы КСРО геологиялық комитетінің шешімі бойынша Семей қаласындағы геологиялық барлау жұмысшы факультеті негізінде құрылды, ал 1934 жылы ол Қазақ тау-кен институтының құрамына кірді.

1937 жылдың маусымында геологиялық барлау факультеті өзінің алғашқы түлектерін шығарды. Мемлекеттік емтихан комиссиясының төрағасы Қ. И. Сәтбаев болды. Геологиялық барлау факультетінің алғашқы түлектерінің көпшілігі белгілі ғалымдар, өндіріс басшылары. Маман геологтарды дайындаудың алдың қатарында Қ. И. Сәтбаевтың танымал әріптестері - академиктер И. И. Бок пен Е. Д. Шлыгин, корреспондент мүшелері Г. Ц. Медоев, Г. Л. Кушев, П. Я. Авров, С. Е. Анкинович, Е. А. Анкинович, К. Г. Войновский, Кригер, В. К. Монич, А. А. Непомнящих, Б. А. Тюрин секілді ірі ғалым оқытушылар тұрды.

2003 жылы ҚазҰТУ құрамында Геологиялық барлау институты құрылды. Институт геологиялық барлау факультеттерінің негізін салған, геологиялық картаға түсіру, пайдалы қазба кен орындарын іздеу және барлау кафедрасы, жалпы геология, минерология және петрография кафедрасы, геофизика кафедрасы, ұңғымаларды барлаудың технологиясы және техника кафедрасы біріктіреді.

Институтта 1112 студент дәріс алады, оның 979 - ы күндізгі, 133 - і сырттайғы бөлімде оқиды. Инженер кадрлары мемлекеттік және орыс тілдерінде, келесі мамандықтар бойынша дайындалады, 180240 - іздеу және барлаудың геофизикалық әдістері; 180140 геологиялық картаға түсіру, пайдалы қазба кен орындарын іздеу, 180440 - гидрогеология, геология және геоэкология, 180540 - сейсмология; 1806 - пайдалы қазба кен орындарын барлау технологиясы және техникасы; 200240 - мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау, 511430 геология, 451140 - су ресурстары және суды пайдалану жыл сайын дайындықты қазақ тілінде 40-60 инженер шығарылады.

Қазіргі кезде институтта 86 оқытушы жұмыс істейді, оның 2-і ҚРҰҒА акдемигі, 19-ы ғылым докторы, профессорлар, 36 ғылым кандидаттары және доценттер.


Геологиялық барлау факультеті

Қазақстан есепсіз минералдық байлықтардың қоймасы. Республикамыздың жер қойнауынан Д. И. Менделеев кестесінің барлық элементтерінін табуға болады. Пайдалы қазбаларды іздеу жұмыстарын университеттің ең көне, 1934 жылы ашылған геологиялық барлау факультеті дайындаған инженер-геологтар жүргізеді.

Оқу үрдісіне қажетті жабдықтар мен компьютерлік қамтамасыз етілген 20-шақты мамандандырылған лабораториялар мен кабинеттерде жүргізіледі. Факультет жанында «SCHLUMBERGER» компаниясының оқу орталығы жұмыс істейді. Бұл орталықта студенттер геология-геофизикалық мәліметтерді жаңа технологиялар бойынша өңдеуге оқып-үйренуде. Кафедралар мен оқу лабораториялары республикамыздың басқа жоғары оқу орындарында жоқ минералдардың бірегей үлгілері мен картографиялық материалдармен жабдықталған. Факультеттің геологиялық мұражайы әлемнің ең жақсы мұражайлары қатарынан орын алады. Факультет жанында енгізу мен шығарудың барлық перифериялық құрылғылары бар «Compad» компьютерлік класы жұмыс істейді.

Факультет қабырғасында алған теориялық білімдерін студенттер Қордай тау сілемі мен Қапшағай су қоймасында орналасқан геологиялық және геофизикалық оқу полигондарында тәжірибе түрінде бекітеді.

Факультет кафедраларының Қазақстан Республикасының геология саласындағы барлық ғылыми зерттеу институттарымен, өндірістік және жобалау ұйымдарымен, жақын шетелдің ірі-ірі ғылыми және оқу мекемелерімен жақсы жолға қойылған өзара байланысты қарым-қатынастары бар. Ғылыми-техникалық ақпаратпен өзара алмасу іске асырылады, қызметкерлер ТМД және әлем елдерінде өткізілетін ғылыми-техникалық және теориялық конференцияларға, семинарларға, симпозиумдарға үзбей қатысып отырады. Техас штаты, Оклахома (АҚШ), Фрайбург(Германия), Шимани(Жапония) қалаларының университеттерімен және Шлюммберже, Тексако, Мобил, Амоко, Шеврон және тағы басқа шетелдік компаниялармен студенттер, аспиранттар және оқытушылар алмастыру жөніндегі байланыстар жақсы жолға қойылған.

Факультетте ірі мамандар мен ғалым геологтар қызмет етеді. ҚР ҰҒА

мүшелері М. М. Бәкенов және С. М. Мұхамеджанов, геология-минерология ғылымдарының докторлары, профессорлар О. Б. Бейсеев, Л. Б. Байбатша, Д. Әлмұхамбетов, Б. М. Оразаев, С. Ж. Жапарханов, Л. З. Злавдинов, А. Т. Бекботаев, Г. Ж. Жолтаев, Д. Ш. Садыков, Б. Ф. Абланов, К. М. Каримов.

Геологиялық барлау факультетінің үздік түлектерінің есімдері Қазақстан геология қызметі тарихының жарқын беттері болып табылады. Бұлар - академиктер Г. Н. Щерба, А. К. Қайыпов, Г. Б. Жилинский, Ж. С. Садыков, Социалистік Еңбек Ері атанған Н. Т. Төкенов және басқалары. Бұлардың ізбасарлары, ғылым докторлары, А. Н. Антоненко, М. А. Абдулкабырова, Х. А. Бесбаев, Т. Н. Жәутіков, Б. О. Рақышев, В. В. Колесников, Н. С. Сейітовтар Қазақстанның жер қойнауы байлықтарының ашылуына көп еңбек сіңірді.

Факультеттің даңқы мен мақтанышы- түлектер. Факультеттің 65 жылдығы тарихында 10-мыңнан астам геолог дайындалып шығарылды. Факультет түлектері арасында ССРО және ҚазССР Мемлекеттік сыйлықтарының 4 иегері, ғылым және техниканың еңбек сіңірген 7 қызметкері, 12 еңбек сіңірген геолог- барлаушылар, ҚР ҰҒА 3 академигі мен 6 корреспондент мүшесі, 100-ден астам кен орнын алғаш ашушылар бар.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанда геологиялық ғылым мен өндіріс салалары дамуының басты - басты сатылары
Маңғыстау мұнай қауымдастығы
Минералдық шикізаттарға инженерлік-геологиялық зерттеулер
1946 жылғы Қазақ Ғылым Академиясының құрылуы Қаныш Имантайұлы Сәтбаев
Қазақстан территориясын зерттеуші ғалымдар
Кеңес кезеңіндегі Қазақстанның географиялық және геологиялық зерттелуі
Мұнай туралы ақпарат
Қ.И.Сәтбаев қазақтан шыққан тұңғыш геолог
Қазақ КСР Ғылым академиясының бірінші президенті
Тау жыныстары мен кендердегі метасоматикалық өзгерістер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz