ЖАЛПЫ ТЕРЕҢДІК НҮКТЕ ӘДІСІ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
ЖАЛПЫ ТЕРЕҢДІК НҮКТЕ ӘДІСІ. 2
ЖАЛПЫ ТЕРЕҢДІК НҮКТЕСІНІҢ ӘДІСІ (ЖТНӘ). 3
ЖТНӘ ПАЙДАЛАНАТЫН БАҚЫЛАУ ЖҮЙЕСІ. 4
СЫЗЫҚТЫҚ КӨЛДЕНЕҢ ЖҮЙЕЛЕРДІҢ НЕГІЗГІ ТҮРЛЕРІ МЕН ОЛАРДЫҢ СХЕМАСЫ. 5
БАҚЫЛАУ ЖҮЙЕСІН ТАҢДАУ. 8
ОРТАЛЫҚ ЖӘНЕ ШЕТКІ БАҚЫЛАУ ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ ЖЕТІСТІКТЕРІ МЕН КЕМШІЛІКТЕРІ 8
ҚОЗУ ПУНКТІН ШЫҒАРУ МЕН БАҚЫЛАУ ЖҮЙЕЛЕРІ 10

ЖАЛПЫ ТЕРЕҢДІК НҮКТЕ ӘДІСІ.

Шағылысқан толқындар әдісінде (ШТӘ) пайдалы сигналдар әрқашанда әр
түрлі кедергілермен бірге тіркеледі. ШТӘ шешетін басты мақсатымен “сигнал-
кедергі” қатынасын үлкейтіп, бір еселі толқындардың амплитудасын бір нешеге
жоғарылатуға болады. Осы әдісте сейсмикалық сигналды екі құраушылардан
тұратын толқын ретінде қарастыруға болады. Бірінші құраушысы пайдалы сигнал
болып қарастырылады (бір еселі толқын), екіншісі – кедергі.
Пайда болуының себептері арқылы кедергілерді екі топқа бөлуге болады.
Бірінші топқа қиманың үстіңгі біртекті еместігінен және төменгі жылдамдылық
бөлігінде туатын толқындарды жатқызады (беттік Релей, Лява толқындары,
төмендетілген және аз зоналар шектерінде пайда болатын сынған толқындары).
Айтылған толқындар бағытпен ерекшелінеді: бір еселі толқындармен
салыстырғанда олар Жер бетіне бетіне өте үлкен бұрыштармен келеді. Басқа
жақтан, жиілігі төменгі жылдамдылық кедергілер төменгі жиілікті болады.
Сондықтан, осы топтың кедергілерін жою үшін топтастыруды, жылжытуды,
жиіліктік сүзгілеуді пайдаланады.
Толқындық кедергілердің екінші тобына әр түрлі еселі толқындар кіреді.
Олар үлкен тереңдікте жатқан қабаттарды бөлетін шекараларда пайда болуы
мүмкін. Егер толқын қоздырғыш көзден тіркеуішке дейін бір неше рет шағылса,
ондай толқындарды көпеселі деп атайды. Әдетте, еселі толқындарды екі түрге
бөледі:
1 Толығымен шағылысқан еселі;
2 Жарым-жартылай еселі.
Бір тереңдік шекарадан көп рет шағылысқан толқынды толығымен шағылысқан

еселі дейді. Жарым-жартылай шағылысқан толқындар бірнеше рет әр түрлі
шекаралардан шағылысады.
Еселі толқындарды жалпы толқындық өрісінде бір еселі толқындардан
ажырату өте қиын. Бір және көп еселі толқындар бір бірінен кинематикалық
параметрлері (толқын ұзындығы, тіркеуішке келген уақыты, период, жылдамдық
және т.б.) арқылы ерекшеленеді. Әдетте еселі толқындар үстіңгі, толқын
жылдамдығы төмен болатын қиманың бөлігінде таралады. Сондықтан, еселі
толқындардың тиімді жылдамдығы төмен және сәйкесінше олардың годографы
тікке жақын болады. Бір еселі толқындар жылдамдылығы жоғары қиманың
бөлігінде таралады және олардың годографы жайпақтау.
Айтылған қиындықтар әртүрлі геологиялық мақсаттарды шешуде
сейсмобарлаудың маңызын кішірейтпейді.
Геологиялық қима шекараларының шағылғыштық қасиеттері өте нашар.
Олардан шағылғанда шағылысқан толқынның амплитудасы 5-10 есе азаяды (құлау
толқынымен салыстырғанда). Шекараның шағылғыштық қасиеті шағылу
коэффициентімен сипатталады. А шағылу коэффициенті дегеніміз – шағылысқан
және құлау толқындар амплитудаларының қатынасы:

Осыған сәйкес сыну коэффициенті анықталады. В Сыну коэффициенті дегеніміз –
өтетін және құлау толқындар амплитудаларының қатынасы:
Шекараға толқын нормальмен құлағанда А және В шекарамен бөлетін орталардың
толқындық кедергісіне ғана тәуелді:
-үстіңгі ортаның толқындық кедергісі;
-толқын өтетін ортаның толқындық кедергісі.

ЖАЛПЫ ТЕРЕҢДІК НҮКТЕСІНІҢ ӘДІСІ (ЖТНӘ).

Егер қоздырғыш кезде сейсмикалық толқынды тудырып, оны бірнеше
сейсмоқабылдағыштарда тіркесек, онда сейсмостанция жазатын сейсмикалық
жазуларды алуға болады. Толқын амплитудасын уақытқа тәуелділік графигі
сейсмотрасса деп аталады. Сейсмотрассалар жиынтығын сейсмограмма дейді.
Коздырғыш көздері бірдей сейсмограммаларды (годографтарды) бірдей қоздырғыш

көздерің (БҚК) сейсмограммалары деп атайды.
Тербелістердің далалық жазуын магниттік пленкаға (бүгінгі күнде арнайы
CD-ға) жазады. Бұл өңдеу процессінде оларды бірнеше рет қайта жазуға
мүмкіндік береді. Мысалы, “лабораториялық” сейсмограммаларды жасауға
болады.Олар синтетикалық сейсмограммалары деп аталады. Егер бір
сейсмотрассаға бір тіркеу пунктіне қатысты әр түрлі қоздырғыш пунктінен
алынған
сейсмограммаларды жазсақ, бірдей тіркеу пунктінің (БТП) сейсмограммасын
құрауға болады. Сәйкесінше, годографтар бірдей тіркеу пунктінің годографы
деп аталады. өзаралық приципіне сай, БҚК және БТП годографтары ұқсас, олар
қоздырғыш көзден тіркеуіш пунктке дейін қашықтығының таңбасы ғана арқылы
ерекшеленеді.
Біртекті орта үшін БҚК годографтың өрнегі келесі түрде жазылады:

Мұндағы -қоздырғыш көздегі уақыт (Х=0
болғандағы).

Толығымен шағылысқан еселі толқынның БҚК годографының теңдеуі:

Мұндағы -Х=0 болғандағы еселі толқынның
уақыты.

(4) және (5) өрнектерде көрсетілгендей, қоздырғыш көзден тіркеуіш
пунктке дейін қашықтық түбір астында бірінші және екінші дәрежесінде де
берілген. Бұдан еңкейген шекарадан шағылысқан БҚК толқындар годографтары
координаттар басталуына қатысты симметриялық емес. Олардың минимумдары
шекара көтерілуіне қарай жылжып тұр. Неғұрлым сейсмобарлау жұмыстар
еселігінен жоғарылатқан сайын, соғұрлым еселі толқын годографының минимумы
шекара көтерілуінің жағына жылжиды.
Синтетикалық сейсмограмманы басқа принцип арқылы жасауға болады. Егер
профильде белгілі бір нүктені алсақ және қоздырғыш көзден тіркеуіш пунктке
дейін қашықтықтың жартысына осы нүкте сай болып тұру үшін әр түрлі
қоздырғыш көздеге қатысты сейсмотрассаларды таңдасақ, онда жалпы тереңдік
нүктенің (ЖТН)
сейсмограммасын жасаймыз. Сейсмограмманың осындай атын былай түсіндіруге
болады: көлденең шағылдырғыш шекара жағдайында осы нүктеге симметриялық
тіркеу пунктерден барлық комбинациясындағы шағылулар тереңдік шекарада
орналасқан бір нүктеден болады. Далалық жұмыстарды көп еселі рпофильдеу
әдістемесімен жасау қажет. Осы жағдайда шекараның барлық нүктелерінде
бірнеше шағылуларды алады.

ЖТНӘ ПАЙДАЛАНАТЫН БАҚЫЛАУ ЖҮЙЕСІ.

Сейсмобарлауда далалық бақылаулардың жүйесі деп сейсмикалық
толқындардың қоздырғыш және тіркеуіш пунктердің өзара орналасуын айтады.
ЖТНӘ-де пайдаланатынбақылау жүйелері сызықтық, көлденең, көпеселі түрлерге
бөлінеді.
Егер сейсмикалық толқындарды қабылдайтын тіркеуіштер тура сызық бойымен
орналасқан болса, онда оларды сызықтық бақылау жүйесі деп атайды. Қоздырғыш
көздер бақылау сызықта орналасқан жүйелерді көлденең деп атайды.
Көпеселі бақылау немесе көпеселі профильдеу жүйесі деп тіркеу және
қоздыру көздерден әр түрлі орналасуында шағылдырғыш беттің бірдей
нүктесінен шағылысқан сейсмикалық толқындарды бірнеше рет тіркеуге
мүмкіндік беретін жүйелерді атайды. Әдетте қоздырғыш көздерді
профильбойымен бірдей қашықтықтар арқылы орналастырады.
Қоздыру көздерінің арасындағы қашықтықтарды қоздыру интервалы (Қ) деп
атайды.
Профилдің бір нүктесінде қоздырылған сейсмикалық толқындар тіркелетін
профильдің учаскесі бақылау интервалы (Б) деп аталады.
Бақылау қадамы ( Х) деп бақылау нүктелер арақашықтығы
(сейсмоқабылдағыштар арақашықтығы немесе топтар центрі арақашықтығы)
аталады.
Бақылау каналдылығы (К) деп бақылау интервалында сейсмикалық
толқындарды тіркейтін каналдар санын айтады.
К=Б Х
Бақылаудың бір интервалында бір қоздыру көзді пайдаланып сейсмикалық
толқындар тіркеу процедурасын сейсмикалық бақылау деп атайды.
Бір сейсмикалық бақылаудағы сейсмикалық толқындар тіркелген шекараның
учаскісін бақылаудың интервалы (П) деп атайды.

СЫЗЫҚТЫҚ КӨЛДЕНЕҢ ЖҮЙЕЛЕРДІҢ НЕГІЗГІ ТҮРЛЕРІ МЕН ОЛАРДЫҢ СХЕМАСЫ.

Үздіксіз профильдеудің жүйелері профиль бойымен периодикалық
қайталанатын қарапайым сейсмикалық бақылаулар жиынтығы ретінде
қарастырылады. Негізгі қарапайым элементтерімен келесі болады: екі жақтық
(центрлік) бақылаулар (1а сурет) және бір жақты (флангті) бақылаулар (1б
сурет).
Егер кез келген себептерден қоздыру көзі қасында толқындарды тіркеуге
тиімді болмаса, онда қоздыру көздері белгілі бір қашықтыққы ауыстырады.
(1а,г суреттер).
1 суретте жіңішке сызықтармен шағылысқан толқынның t(x) годографы
көрсетілген. Жіңішке пунктир сызықтары қоздыру көзге екі есе жақындағандағы
“х2” тәсілі бойынша тұрғызылған сол годографтар. Осылай жасағанда t(x)
годографтың нүктелері көлденең шағылғыштық шекарада орналасқан сәйкесінші
нүктелердің үстінде орналасады. Осы екі есе қысылған годограф сызықтарын
қоздыру көзден шығатын тура сызықтар ретінде көрсетуге болады (1 суреттегі
жуан сызықтар). Осы графикті сейсмобарлауда кең пайдаланатын бақылау
жүйелерді көрсетудің тәсілін “жайылан профильдегі”бақылау жүйесі деп
атайды. “Жайылан профильдегі”бақылау жүйесініңтәсілі арнайы координаттық
торды пайдаланады – профильдің көлденің сызығына 45 бұрыш арқылы және
қоздыру көзден тұрғызылған тура сызықтардың жиынтығы. Оларды қоздырудың
сызықтары деп атайды. Сейсмикалық бақылауды көрсету үшін бақылау интервалға
сәйкес келетін қоздыру сызығына рпоекциясын тұрғызу қажет. Мысалы, 1
суреттегі О нүктеден шығатын 01 бақылау интервалы қоздыру сызығында 01
бөлшек ретінде көрсетіледі. Бұл бөлшектің астында сәйкес келетін ГоГ1
шекараның интервалы орналасқан.
1а суретінде 12 бақылау интервалы екі бұтақтан тұратын қоздыру сызығына
проекцияланады және оның үстінде 01 және 02 бөшектермен көрсетілген. Оларға
сай келетіншекараның интервалы Г1 Г2 .
2.1 суретте симметриялы жүйенің шығарылуын бақылау элементтері
көрсетілген. Бақылау интервалдары 2 ауданнан 1,2 және 3,4 тұрады. Бұл
аудандар 1,2 және 3,4 кесінділер түрінде О қоздыру пунктінен шығатын
бұтақтарла жобаланады. Осы аудандарға сәйкес олардың астында Г1 Г2 және Г3
Г4 бақылау интервалдары орналасады. Бақылау интервалының
орналасуының астындағы қоздыру сызығы бақылау жүйесінің қасиеттерінің
сипаты. Бұл берілген мүмкіншіліктің ең жоғарғы дәрежесі болып табылады. ЖТН
әдісі бақылау жүйесінің тек “ашық профильде” белгіленеді. Бақылау еселігі
үздіксіз прфильлеу кезінде горизонтта белгіленеді. Горизонтта белгіленетін
үздіксіз профильдеу үшін 2.1 суретте көрсетілген бақылау жүйесінің
элементтерін профиль бойымен бақылау (Б) интервалының үлкендігін ауыстыру
керек. Осы кезде бақылау интервалы тек өзінің ұзындығының жартысына ғана
ығысады,сондықтан қоздыру интервалы бақылау интервалының жартысына тең
болады. Осылайша, қоздыру интервалын құрайтын және бақылау интервалының
жартысына тең қадам арқылы профиль бойымен ауысуын сейсмикалық бақылау
жүйесінде қоздыру және бақылау пунктерін анықтайды. Ол тек бір рет (2.2
сурет ) және бір горизонтта үздіксіз бақылау үшін қажет.

В=П=Н2

Осылайша,2.1 суретте көрсетілгендей бақылау жүйесінің кез-келген
қарапайым элементтері бойынша бірқайтара үзіліссіз кескіндеу жүйесі
құрылады. Осыдан,шығару мен бақылау жүйесінің үзіліссіз бірқайтара
кескіндеу үшін,толық шығарудың шамасы бақылау интервалына тең болу
керектігін ескеру керек. Бұдан,шығару мен орталық бақылау жүйесі үшін
байқау аралығы Г Г және Г Г және бақылау аралығы (1,2 және 4,5) екі бөлек
жартыға, ал шығарудың толық аралығы қоздыру пунктінде (1,3 және 3,4)
бірігетін екі жартыдан тұрады.
Егер шағылу қабатының құрылуына көбірек сенімді болу үшін екі рет
бақылау қажет болса, онда бақылау жүйесінің негізгі элементін біртіндеп
байқау аралығының жартысына тең қашықтыққа кескін сызығының бойына
орналастыру керек және бақылау интервалының ширегі келесі түрде болады:
В=0.5 П=0,25 Н.
Нәтижесінде В-ға әрбір ауысудан кейін, байқау аралығы алдыңғымен
жартылай жабылады, ал шағылысу көкжиегі екі рет байқалған болып шығады. Бұл
жағдайда бақылау жүйесі үзіліссіз екі қайтара кескіндеу жүйесін көрсетеді,
оны бір қайтара жүйеден екі жолмен алуға болады: бақылау интервалының
өзгеруінсіз, қоздыру интервалының екі есеге қысқарту керек немесе қоздыру
интервалын өзгерпей бақылау интервалын екі есеге арттыру керек.
Айта келе ұқсас түрде шешімге келу оңай, бұл шағылу шегін n рет байқау
керек болса, онда n рет қысқартылатын бақылау жүйесін құру керек, бұл
қоздыру интервалын байқау интервалынан (П) n ретке кіші етіп және бақылау
интервалынан (Н) n ретке кіші етіп жасаса шығады. Сондықтан бақылау
жүйесінің еселігі байқау интервалының (П) қоздыру интервалына (В)
қатынасымен анықталады.

N=ПВ=Н2В
2.3 суретте алты еселі орталық (а) және шеттегі қоздыру пунктінің
шығаруынсыз бақылау жүйелерінің суреттері көрсетілген. Екі сұлбадада Г1 Г13
шекараларының байқау интервалдарына жататын жүйе элеметтерінің тармақтары
бөлінген. Орталық бақылау жүйесінде (2.3а сурет) бұл аралық қоздыру
пунктінен 7 өңделеді және оған Г1 Г13 шекарасының байқау интервалы сәйкес
келеді.
Флангтағы бақылау жүйесінде (2.3б сурет) 1-13 бақылау интервалы бір
қоздыру өтеді және оған Г1 Г13 шекарасының байқау интервалы сәйкес келеді.
Осылайша, әрбір қоздыру пунктінен бақылау интервалының шамасы екі
жүйеде бірдей. Қоздыру интервалында бірдей болғандықтан, байқаудың бірдей
жылдамдығында кескіннің бірдей бөліктеріне жұмыстардың бірдей көлемі
сәйкес келеді, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жүйелі қателік
Мұнайды ұңғымен өндіру
OPENGL - ДІҢ НЕГІЗГІ ҚАСИЕТТЕРІ
Сейсмикалық барлау
Неотектоникалық қозғалыстарды зерттеу әдістері
Үздіксіз – компрессолы газлифтілі әдіс
Модельдеу әдістері мен модельдеуге арналған бағдарламаларға шолу
Газлифтілі скважиналарды іске қосу және газлифтте қолданылатын жабдықтар
Газлифтілі ұңғы өнімділігінің көрсеткіштері
ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ НЕГІЗДЕРІ
Пәндер