Каспий аймағы туралы жалпы сипаттама


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

Каспий аймағы туралы жалпы сипаттама2

Геоақпараттық жүйелерді аумақтық мәселелерді шешу үшін қолдану3

«Каспий» ГАЖ - ның алғашқы моделі4

Жүйені функционалдаудың технологиялық сұлбасы. 7

Қорытынды9

КІРІСПЕ БӨЛІМ

Каспий аймағы туралы жалпы сипаттама

Жер шарының ғажайып табиғи су қоймасы- Каспий теңізі Евразия материгінің үлкен және ішкі бөлігін алып жатыр. Каспийдің Казақстанға тиесілі бөлігіне Каспий теңізінің солтүстік - шығыс жағалауы мен Каспий ойпатының оңтүстік -шығыс бөлігі жатады.

Казақстандық жаға сызығының ұзындығы 2320км- дей, оның ішінде 20 м-ге дейінгі тереңдікті солтүстік бассейнінің үлкен бөлігі және 800 м тереңдікке дейінгі орта бассейннің шығыс бөлігі.

Каспийдің бір ерекшелігі - адам әрекетінен жиі өзгеретін климаттық жағдаймен түсіндірелетін, оның деңгейінің тұрақсыздығы. Соңдықтан да, теңіз деңгейін болжау, өзгерістері біркелкі емес және әртүрлі теңіз суының балансын құрайтын экстраполяция тәсілімен алынатын және үрдістердің тұрақтылығынан туындайтын ықтималды - статистикалық және климаттық (гелиофизикалық) әдістерге негізделген.

Көмірсутекпен ластану көздері - су тұрақтар, кеме шаруашылығы және мұнай шығару кешені. Бірақ, теңіз деңгейінің көтерілуіне байланысты жағалау шаруашылығынан жел көтерме әсерінен туындаған төгілу, бұрғылау және мұнайды тасымалдау кезіндегі авариялық жайылымдарға байланысты ластану өсіп келеді.

Қазіргі кезде мұнай - газ кешенінің су басуы басты мәселе болып отыр.

Сөйтіп, 2001 жылдың наурызында белсенді мұз қозғалысы Тажғалы, Южный өндірісіндегі екі консервацияланған ұңғымалардың бұзылуына себеп болды.

Су алу зонасындағы жартылай суда тұрған качалкалар тозған құбырлармен мұнай айдауда. Мартышенский, Приморский, Прорвинский және Бузачинский тобындағы кенорындарын теңіз және тежеме көтермелі грунт сулары жартылай алып жатыр, оларды толық су алудан үнемі жаңартылып отыратын, жергілікті материалдан (құм, саз, т. б. ) жасалған, техника жағынан тиімсіз, жел көтерме толқындармен жиі бұзылатын бөгеттермен қорғауда.

Шығыс Көкарна, Тажығалы, Прибрежный, Пустынная, Морское кен орындары толық су астында. Қазірдің өзінде, көмірсутекпен ластану деңгейінің жоғары көрсеткіші Солтүстік Каспийдің шығыс бөлігінде байқалды, онда оның концентрациясы шекті рауалы концентрациядан артық (0, 05 мг/л) .

Атырау облысы жерінің ластануын атап өту керек, ол, негізімен, мұнай мен газ өндіру, тасымалдау, өңдеумен және қазіргі кезде 57600, 0 мың тоннаға жеткен, оның ішінде 2, 2 мың тоннасы - улы, ал 83, 1 мың тоннасы - радиоактивті өндірістік және тұрмыстық қалдықтарға байланысты түсіндіріледі.

Шығарылатын қалдықтардың жылдық көлемі - 320057, 1 тонна. Мұнай өндіруші аймақтарда мазутталған жерлер ауданы шамамен 185, 2 мың шаршы метр.

Сөйтіп, Каспий теңізі мен оның жағалауы, Қазақстан үшін тек қала мұнайдолларының көзі емес, сонымен қатар экологиялық апат аймағы. Бұл мәселелерді геоақпараттық технологияларының кешенді анализінсіз және дистанционды зондтау әдістерімен жаппай бақылаусыз шешу мүмкін емес.

Геоақпараттық жүйелерді аумақтық мәселелерді шешу үшін қолдану

Аумақ, адамның өмір сүру ортасы ретінде, көптеген жаратылыстанушылармен зерттелген, территория туралы ғылым классикалық ғылымдарға қарағанда ертерек пайда болған. Бірақ, қазіргі адамзаттық техникалық дамуы қоршаған ортамен араздыққа алып келген кезде, аумақты табиғи - техногенді кешен ретінде кешенді талдау қажеттігі өршуде. Аумақтың табиғи және антропогендік факторлар әсерімен даму заңдылықтарын білу - негізгі мәселе. Соңғы он жылдықта аумақты зерттеуді осы әдіспен жүзеге асуына көп көңіл бөлінуде.

Негізгі мәселелердің бірі - аумақты басқару. Қуатты ақпараттық технологиялар пайда болуының алдында, шешім қабылдау үрдісі уақытқа, кейде кеңістікте де біріктірілмеген берілгендерге негізделген. Аумақты зерттеу бағыттарының үш тобын көрсетуге болады (1. 1 сурет) . Ол - зерттеу бағыты , ол, мысалы, берілген аумақтың деградация үрдісі зерттеліп, оның ортақ заңдылығы қарастырылғанда қолданылады.

Қолданбалы бағыт , оған негізделіп, нақты мәселелер шешіледі, мысалы, мұнай өндіріс маңындағы мазутталған жерлер ауданын анықтау. Және де, жобалық - ізденіс жұмыстар, мысалы, берілген аумақта экологиялық таза тәсілмен мұнай өндіруді негіздеу және жобалау. Сөйтіп, тек соңғы қорытынды сатыда ғана шешім қабылданады, мысалы мұнай өндірісін қайта құру (реконструкция) туралы. Мұндай көпсатылы үрдіс кешенді және сапалы шешімге кепіл бола алмайды. Адам өмір сүру ортасы ретіндегі аумаққа қайтарымсыз апат әкелген бұрыс шешімдер нәтижелеріне көптеген мысалдар келтіруге болады.

Қазіргі кездегі геоақпараттық технологияларды қолдану аумақты зерттеудің барлық сатыларын - ғылыми зерттеуден жобалыққа дейінгі, бір уақытта зерттеуге мүмкіндік береді. Осындай интегралданған берілгендер негізінде шешім қабылдау үрдісі тиімдірек, ал шешімдер негізделген болады.

Әсіресе Қазақстан жағдайында табиғи және минералды ресурстарды игеруді бақылау негізгі мәселе. Мұнда, біздің ойымызша, өзінде аумақтық объектілер, олардың қарым - қатынастар анализы үрдісі және космостық мониторингті біріктіретін геоақпараттық жүйе (ГАЖ) мүмкіндігі жоқ сияқты. Әрине, мониторингтың алғашқы объектісі және оның негізіндегі «Каспий» ГАЖ - сі Каспийдің Қазақстандық бөлігінің аумағында құрылған.

«Каспий» ГАЖ - ның алғашқы моделі

Кез келген техногенді жүйені, оның ішінде ақпараттықты да, жобалау кезінде, ең алдымен, жетуге тиісті мақсаттары мен жүйені қолдану кезінде шешілетін ең алғашқы мәселелерді анықтап алу керек.

«Каспий» ГАЖ - ның негізгі мақсаты келесідей: Аймақтың аумақтық проблемаларын шешуге қызығушылығы бар орталық және жергілікті үкімет органдарының, экологиялық бақылаудың мемлекеттік органдарының, төтенше жағдай бөлімдері мен агенттіктерінің, мұнай -газ өндірісі компанияларының, сонымен қатар, ресми және жекеменшік ұйымдар мен тұлғалардың көп мақсатты, көп қолданбалы жүйесін құру.

Ең алғашқы мәселелерді аумақтың қысқаша сипаттамасынан құруға болады. Біздің ойымызша, олар келесідей:

  • Табиғи құрылымдар мен объектілердің геологиялық, ландшафттық және тағы басқа аумақтық зандылықтарды бейнелеу мен анализдеу негізінде картаға түсіру:
  • мұнай - газ өндірісінің инфраструктурасын тақырыптық картаға түсіру;
  • Жан - жақты бақылау және жағалау сызығының қозғалысы, оның нәтижесінде туындайтын аумақтық мәселелерді болжау;
  • Мұз басу жағдайын қадағалау.

Ең алғашқы мәселелер тізімінен туындайтын, жүйеге қойылатын мазмұнды талаптар мыналар:

- ГАЖ мәселелері мен мониторинг мәселелерінің шешімдері объектті - бағытталған технологияларға негізделген қуатты инструменттер мен жабдықталған болуы керек;

- Алғашқы сатыда жүйені құруда қол жеткен космостық құралдарды

NOАA/ AVHRR және TERRA/ MODIS-ті қолдану

- жүйеде жер беті бақылауларының берілгендерін өңдеу, қабылдау және архивация болуы керек.

- Ақпараттың қосымша көздері ретінде экспедициялық жер беті және самолеттік түсірістер болуы мүмкін.

- Жүйеде архивтер базасы мен анықтамалық берілгендер базасын - космосуреттер арқылы, топонегіздер, кадастрлар, экспедициялық берілгендер, т. б. құру және үлкейту мүмкіндігі болуы мүмкін;

- Ақпаратқа рұқсаттық, оны сақтау мерзімі, алғашқы және өңделген берілгендердің баға құруның және т. б. жүйелік келісімдер қызығушылығы бар министрліктермен, облыстық және аудандық әкімшіліктермен және басқа мемлекеттік тұтынушылармен бірге шығарылуы керек. Жүйенің жобасында сәйкес басқару мен сервистік бағдарламаларды іске қосу мүмкіндігі қарастырылуы керек.

Бұл базалық талаптарды, жобалаушы шегінен шығуға құқық жоқ, шектер анықтайды. Бірақ, неғұрлым шектер қатаң болса, соғұрлым жобалау мен бағдарламалау оңай. Сондықтан, білімді жобалаушы техникалық тапсырысты орындау кезінде тапсырыс берушімен тығыз қарым - қатынаста болуға тырысады.

Қазіргі заманда, қаржы дефициты, ақпараттық орта мен инфрақұрылымның тұрақсыздығы жағдайында мұндай жүйені іске асыру мәсекесі қиынырақ

Алғашқы сатыда ақпараттық жүйеге оның«өмір сүруін» қамтамасыз ету үшін қажет ең аз міндеті шартттарды анықтау керек. Жүйе тиімді өмір сүріп, дамиды, егер:

  • оның функционалдық талаптар ол орналасқан ортаның талаптарына жауап берсе;
  • оның құрылымы ол қарым - қатынаста болған жүйелер архитектурасына қайшы болмаса;
  • оның құрылымы ішкі қайшылықсыз және икемділік және модификация дәрежесі жоғары болса;
  • жүйеге енгізілген жүйені құруда жалпы технологиялық сұлбаға сәйкес технологиялық тізбекке тиімді тәсілдермен біріктірілген үрдістер;
  • оның қысқаруы немесе кеңуі оның құрылымының бұзылуына әкелмейді, және жүйенің «өмірлік циклының» әрбір сатысы, оның әрбір түрі сәйкесінше функцияларды орындау үшін керек болса.

Аталып өткен техногендік жүйелердің тиімділік шарттарына көптеген мысал келтіруге болады. Әсіресе, бұл шарттардың көрнекілігі ретінде мониторинг жүйелері қолданылады. Оның ішінде жақсы мысалы ретінде қуатты мониторингті жүйе - дүние жүзілік метеорологиялық қызметті

[13] алуға болады.

Ақпараттық жүйенің келесі сәтті дамуының мысалы - INTERNET (14, 15) . Бұл жүйені, әрине, мониторингті деп атауға болмайды, бірақ ол да нақты уақыт режимінде жұмыс істейді және оның қарқында дамуы жоғары дәрежелі жобалаумен тығыз байланысты.

Сөйтіп, беріллген жұмыстың негізі болып отырған «Каспий » ГАЖ-н құру үшін сауатты жүйелік жоба құру керек. Жоғарыда баяндалғаннан, біз жобалаудың алғашқы сатысы - ол ГАЖ - ға тиесілі жоғарыда аталып өткен «өмір сүру» шарттарын нақтылау. Бұл жерде кез келген жобалаудың бар үрдісі шектеулері, ескертулер мен қабылданған шешімдерді саты- сатысымен бөлуге негізделген. Бұл әдіс«үстінен астына қарай жобалау» деп аталады (16) . Ол негізгі нәтижелер алу үшін қолданылған негізгі алгоритмдер болып және бұл жерде материалдарды баяндау әдісі ретінде қолданылады.

Ақпараттық жүйелердің дамуының қазіргі сатысында тұрақсыз ортада жүйелерді құрудың алғашқы талаптарын тек белгілі жүйелер принципіне негізделіп қанағаттыруға болады(17, 18) .

Белгілі жүйелердің негізгі қасиеттері - бұл модульдығы, деңгейлілігі және модуль мен деңгей арасындағы интерфейстегі стандарттар. Деңгейлерге ыдырауы жүйенің функционалдық көрсеткішіне бөлінуімен байланысты. Физикалық, арналық, желілік, транспорттық, сеанстық, көрсетілімдік және қолданбалы деңгейлердің стандартты тізімінің ішінде біз қолданбалы деңгейде жұмыс істейміз. Бірақ, бұл ең жоғарғы деңгей екенін және басқа белгілі жүйелермен қарым- қатынас кезінде ақпарат қалған барлық деңгейлер арқылы өтіп, сәйкесінше атрибутикамен толығады.

Құрылған жүйенің құрылымына қойылатын талаптар да маңызды. «Каспий» ГАЖ - ның құрылымына келесі талаптар қойылады:

- құрылымды бұзбай, даму мен қысқаруға бейімділігі;

- функционалды талаптарға жауап беретін, әртүрлі қолданбалы мәселелерді шешуге икемділігі;

- Егер адам-машина үрдісі қарастырылса, оператордың әрекетін толық баяндайтын барлық технологиялық тізбектерді модульды құру;

- Кіру деңгейі әртүрлі қолданушыларға да, қолданбалы бағдарламаның жаңа түрін құрушыға және ескісін модификациялаушыға да жүйенің ашықтылығы;

- Аймақтық-бөлініс берілгендерді өңдеуде қазіргі кездегі геоақпараттық технологияларды қолданатын қолданбалы бағдарламалар құрушылары бар проффесионалды интерфейс;

- Варианттарды есептеу мен нәтижелерді көру интерактивті режимін қамтамасыз ететін қолданушысы бар біріккен интерфейс;

Осымен, алғашқы модель туралы тәмәмдаймыз, оның шектері нақты болмағандықтан, жобаны концептуалды модель деңгейінде қарастырамыз.

Жүйені функционалдаудың технологиялық сұлбасы.

ортақ сұлбаға біріккен осы сатылар жобаланатын жүйенің іргесін қалап, оның функционалдық мүмкіндігін анықтайды.

Жүйеде жалпы технологиялық сұлба келесі сатылардан тұрады. (16-сурет)

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Каспий теңізі жағалауындағы елдердің мұнай – газ проблемалары
Арал экологиясының ахуалы
Кен орны бойынша жалпы мәліметтер
Каспий аймағындағы мұнайқұбыр коммуникациялар геосаясатының экономикалық астары
Батыс Қазақстан экономикалық ауданындағы халықтың қоныстану жүйесі
ҚАЗАҚСТАН ТАУЛАРЫН ФИЗИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ТҰРҒЫДАН ЗЕРТТЕУ ЖӘНЕ МЕКТЕП ГЕОГРАФИЯСЫНДА ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕРІ
Бадам өзенінде жойылып бара жатқан балықтардың түрлерін сақтап қалу
Қазақстан аймағы туралы көне замандағы мәліметтер
Маңғыстау облысының туристік әлуеті.
Азияның көлдеріне физикалық – географиялық сипаттама
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz