Жер шары


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

ЖЕР, Жер шары - Күн жүйесінің Күннен бастап санағандағы үшінші планетасы; адамзаттың тіршілік ететін бесігі. Ж. эллипстік (дөңгелекке жуық) орбита бойымен 29, 765 км/с жылдамдықпен 149, 6 млн. км орташа қашықтықта 365, 24 орташа күн тәулігі ішінде Күнді бір рет айналып шығады. Оның табиғи серігі - Ай. Ай Ж-ді 384000 км орташа қашықтықта айналады. Ж. осінің эклиптика жазықтығына көлбеулігі 66Ә33¢22Қ, оның өз осінен айналу периоды 23 сағ 56 мин 4, 1 с. Ж-дің өз осінен айналуы себебінен Ж-де күн мен түн ауысса, ал оның осінің орбита жазықтығына көлбеулігі мен Күнді айналуы салдарынан Ж-де жыл мезгілдері өзгеріп отырады. Ж-дің жасы шамамен 4, 5 млрд. жыл деп есептеледі. Ж. Күнді айналып жүрген 9 планетаның ішінде мөлшері мен массасы бойынша 5-ші орында. Ж-дің массасы 5, 975Ч1021 т, орташа тығызд. 5, 517 г/см3, көл. 1, 083 млрд. км3, ауд. 510, 2 млн. км2, сыртқы пішіні 3 осьті эллипсоидқа (сфероидқа) жақын. Осы күнгі космогониялық түсінік бойынша, Ж. осыдан ~4, 5 млрд. жыл бұрын Күн айналасындағы кеңістікте шашыраған газ-тозаң заттан, планеталар тартылыс күшінің әсерінен пайда болған. Қатты материя кесектерінің соқтығысып, жабысуынан планеталар ұлғая берген. Газ-тозаң зат іріктеліп, олардың жеңіл элементтері Күн сәулесінің қысымымен онан әрірек, ал біршама ауырлары Күнге жақын орналасқан. Ж. құрамына Күн жүйесінде кездесетін барлық хим. элементтер енеді. Заттың планета центріне тартылуы және оның ось бойымен айналуы салдарынан Ж. эллипсоидтық пішінге келген. Ж-дің құрамы, құрылысы, қасиеттері жөніндегі мәліметтер Ж. қыртысының үстіңгі қабаттарын тікелей бақылау, серпінді толқындардың таралу жылдамдығына негізделген сейсмик. әдістер арқылы алынған жанама деректер. Осы деректерге байланысты Ж. негізгі үш геосферадан тұрады: жер қыртысы, мантия және ядро. Бұл геосфералар сейсмик. толқындардың жылдамдығына және олардың тереңдік бойынша өзгеруіне байланысты сегіз сейсмик. қабатқа бөлінеді: А, В, С, D¢, DҚ, Е, Ғ, G. Сонымен қатар Ж-де жоғ. қатты қабат литосфера мен төм. жұмсақ қабат астеносфера бөлінеді. А - Жер қыртысы. В, С, D¢ және DҚ қабаттары - Ж. мантиясы. В қабаты Мохоровичич бетінен 400 м тереңдікке дейін бойлайды. В қабаты мен Ж. қыртысының арасында қарқынды зат алмасу жүреді. Бұл қабатта сейсмик. толқындардың жылдамдығын төмендететін белдемдер бар. Олардың тереңдігі құрлықта 100 - 220 км, мұхиттардың астында 60 - 220 км. Бұл белдемдердегі толқындардың жылдамдығының төмендеуі жоғ. темп-ра мен оған сәйкес қысымға байланысты. С қабаты 400 - 900 км тереңдікті қамтиды және бұл қабат минералдық зат тығыздығы артып басқа түрлерге алмасуына байланысты толқын жылдамдығының тез өсуімен сипатталады. D¢ (900 - 2700 км) қабатында толқындардың жылдамдығы біртекті заттардың нығыздалуына байланысты өседі. DҚ қабатында (2700 - 2885 км) заттардың құрамы әртекті және темп-раның жоғары болуына байланысты сейсмик. толқындардың жылдамдығы тұрақсыз. Е, Ғ, G қабаттары Ж-дің ядросын (радиусы 3486 км) құрайды. Ол сыртқы (Е қабаты) және ішкі (G қабаты) ядроға (субядроға) бөлінеді. Бұл екеуінің арасында сыртқы ядро құрамына кіретін аралық белдем (Ғ қабаты) бар. Ядро шекарасында бойлық сейсмик. толқындардың таралу жылд. 13, 6 км/с-тен 8, 1 км/с-ке дейін кемиді, субядро шегіне таяу 11, 2 км/с-ке дейін артады. Субядродағы сейсмик. толқындардың таралу жылдамдығы тұрақты.

Ж-дің физ. қасиеттері мен темп-расы тереңдеген сайын өзгереді. Ж. қыртысының орташа тығызд 2, 8 т/м3. Ж. қыртысының шөгінді қабатындағы орташа тығызд. 2, 4 - 2, 5 т/м3, “граниттік” қабатта 2, 7 т/м3, “базальттық” қабатта 2, 9 т/м3, мантияда 3, 6 - 4, 5 т/м3, ядро шекарасында 5, 6 т/м3, ядрода 10, 0 т/м3, Ж. центрінде 12, 5 т/м3. 2500 км-ге дейінгі тереңдікте ауырлық күші үдеуінің шамасы 10 м/с2-ке, ядро шекарасында 10, 7 м/с2-ке, Ж. центрінде нөлге тең. Тығыздық пен ауырлық күші үдеуінің мәндері бойынша есептелген қабаттардың қысымы құрлықтық Ж. қыртысы табанында 1 Гн/м2-ге, В қабаты табанында 14 Гн/м2-ге, С қабаты табанында 35 Гн/м2-ге, ядро шекарасында 136 Гн/м2-ге, Ж. центрінде 361 Гн/м2-ге тең.

Геосфераны құрайтын жыныстар үнемі қозғалыста болады және өзгеріп отырады, бұл процесс, әсіресе, сұйық және газды қабаттарда өте жақсы байқалады. Ж. қойнауында және бетінде болатын барлық процестер эндогендік және экзогендік болып екіге бөлінеді. Экзогендік процестер бұзушы (үгілу, өзен және мұз эрозиясы, жел мен жер асты суларының әрекеті, т. б. ) және түзуші (құрлықтық ойыстардың, тау жыныстарының жаралуы) болып ажыратылады. Ж. қыртысына әсер етуші эндогендік процестердің жиынтығы тектоник. процестер, ал олар байқалған қабаттар тектоносфера деп аталады. Тектоник. процестер магмалық әрекеттердің барлық түрлерімен тығыз байланысты. Құрлықтардағы экзогендік процестер Ж. бетіндегі биіктіктер мен ойпаңдар бойынша анықталады. Ішкі және сыртқы процестердің өзара байланысы Ж. бедерін қалыптастырады. Ж. бедерін түзуші факторларға Ж. бетіндегі ауырлық күшінен туатын гравитациялық процестер, Ж. - Күн - Ай жүйесінің өзара тартылыс күштері де әсер етеді. Ішкі күштер Ж. бедерінің басты элементтерін түзеді, ал сыртқы күштер оларды бұзып өзгертеді.

Ж. бетінің басым көпшілігін (70, 8%-ін) дүниежүз. мұхит құрайды (361, 1 млн. км2) . Мұхиттар мен теңіздерде гидросферадағы 96% су шоғырланған, қалғаны құрлықтардағы жер асты және жер үсті ағын суларда, тау басындағы қарлар мен мұздықтарда, шамалы бөлігі ауада және өсімдіктер мен жануарларда шоғырланған. Ж. бетіндегі судың жалпы көл. 1, 4 млрд. км3 деп бағаланады. Дүниежүзілік мұхит Тынық мұхит, Атлант мұхиты, Үнді мұхиты және Солт. Мұзды мұхит болып бөлінеді (1-кестені қ. ) . Оңт. жарты шардың жоғ. ендігіндегі сулы белдемді Оңтүстік мұхит деп те атайды. Мұхиттардың орташа тереңд. 3711 м, ең терең жері 11022 м (Тынық мұхиттағы Мариана шұңғымасы) . Жер бетінде су біркелкі таралмаған. Ол Солт. жарты шардың 61%-ін, Оңт. жарты шардың 81%-ін қамтыған. Теңіз ағыстары дүниежүз. мұхит суларын үздіксіз араластырып отырады. Нәтижесінде мұхиттардағы судың орташа тұздылығы барлық бөлігінде 35 г/л-ге жуық. Мұхиттардың Ж. бетіндегі зат айналымын және климатты қалыптастырудағы рөлі өте зор.

Құрлықтар теңіз деңгейінен орта есеппен 875 м биіктікте орналасқан. Ең биік жері 8848 м (Джомолунгма шыңы, Гималай), ең төмен жері (-395 м) Бат. Азияда (Өлі теңіз жағалауында орналасқан Гхор ойысы) . Жер беті 6 ірі құрлықтан (Австралия, Антарктида, Африка, Еуразия, Оңт. Америка және Солт. Америка) және көптеген аралдар тобынан тұрады (2-кестені қ. ) . Құрлықтардың басым көпшілігі Солт. жарты шарда (61%) орналасқан. Ж-ді Батыс және Шығыс жарты шарларға бөліп қараса, онда құрлықтардың көп бөлігі Шығыс жарты шарда болады. Жер бетінің 60%-ке жуығын абс. биікт. 1000 м-ге дейінгі жазықтар мен аласа таулар құраса, 40%-тен астамын орта және биік таулар құрайды.

Ж-дің “қатты” қабатын (гидросфераны қоса) атмосфера қабаты қоршап жатыр. Ол Ж-мен бірге айналады және оның құрамы, негізінен, азоттан (78, 08%-і) және оттектен (20, 95%-і) тұрады. Атмосферадағы ауаның жалпы массасы 5, 15Ч1015 т. Ж. бетінен жоғарылаған сайын оның қысымы мен тығыздығы кемиді. Атмосфера бірнеше қабаттардан тұрады. Жер бетінен қашықтауына қарай тропосфера, стратосфера, мезосфера, ионосфера, термосфера және экзосфера деп ажыратылады. Олар бір-бірінен температуралық, физ. және хим. қасиеттерімен ерекшеленеді. Атмосфера қабаты Ж. бетіне келіп түсетін Күн сәулесінің радиациясын ұстап қалады. Көмір қышқыл газ және су буының әсерінен Ж-ден жылу шығару мөлшері төмен болады (“парниктік әсер”) . Атмосфера Ж-ге ғарыштан келетін қауіптен (метеорит, астеорит, т. б. ) сақтайды. Жылына орта есеппен 10 - 12 ірі метеорит атмосфера қабаттарынан өтіп, Ж. бетіне жетеді. Ж. бетінен 20 - 25 км қашықтықта озон қабаты орналасқан. Ол Ж. бетіндегі тірі организмдерге қауіп төндіретін ғарыштан келетін қысқа толқынды сәулелерді жібермейді. Атмосфера мен Ж. беті арасында үздіксіз су айналымы болып тұрады. Нәтижесінде ол Ж. бетінің 50%-ке жуығын жауып жататын бұлттар түзеді. Сонымен қатар атмосферадағы ауа үздіксіз қозғалыста болады. Ж. бетіндегі геогр. белдеулердің (ендіктердің) бірдей қызбауынан климат пен ауа райы да әр түрлі келеді. Атмосфераның жоғарғы бөлігінде айқын шекара жоқ. Жерден алыстаған сайын атмосферадағы ауаның, газдың мөлшері азайып, тығыздығы кеми береді де, планетааралық кеңістікке жалғасады. Жер бетінде өтетін процестердің негізгі энергия көзі - Күннің электрмагниттік радиациясы. Ж. бетіне секундына 1, 7Ч1017Дж Күн сәулесінің энергиясы түседі. Осы энергияның, шамамен 50%-і мұхит пен теңіздің беткі қабатына, топырақ пен өсімдікке, ішінара атмосфераға сіңіп, бірқатар өзгерістерден кейін атмосфераның инфрақызыл сәулесіне айналып кеңістікке тарайды. Қалған бөлігі атмосферадан, бұлттан, Ж. бетінен шағылып кейін қайтады. Күн сәулесі Ж. бетіне әр түрлі бұрыш жасап түсетіндіктен тропиктерден полюстерге қарай кеми береді. Нәтижесінде ендіктік климат және геогр. белдемділік қалыптасады. Ж. шарында бір экваторлық, екі-екіден (Солт. және Оңт. жарты шарларда) субэкваторлық, тропиктік, субтропиктік, қоңыржай белдеулік, сонымен бірге субтропиктік және арктикалық (Солт. жарты шардың жоғ. ендіктерінде), субантарктикалық және антарктикалық (Оңт. жарты шардың жоғ. ендіктерінде) климаттық белдеулер бар. Олар өзара температуралық, климаттық, ландшафтық жағдайларымен ерекшеленеді. Ж. бетіндегі жылдық орташа темп-ра 14, 8ӘС-ты құрайды. Егер атмосфера болмаса, Ж. бетіндегі орташа темп-ра -23ӘС болар еді. Ең ыстық аймақ Солтүстік Африка (Ливия) мен Солт. Америкада (АҚШ, Ажал аңғары) . Бұл аймақтарда темп-ра 57 - 58ӘС-ты көрсетеді. Ең төм. темп-ра (-90ӘС) Антарктиданың орт. бөлігінде байқалған. Ж. шарындағы жауын-шашынның жылдық орташа мөлш. 1000 мм шамасында. Жауынның көп жауатын аймағы - Шығ. Үндістанның тропиктік аудандарында (Гималайдың оңт. беткейлері, жылына 12000 мм), ең аз жауатын жері (бірнеше мм, кейде жыл бойы жауын-шашын түспейді) субтропиктік және тропиктік шөлдерде, Антарктида мен Арктиканың жоғ. ендіктеріндегі мұзды шөлдерде тіркелген. Жауын-шашынның әр жерде әр түрлі мөлшерде жаууы жергілікті орографиялық ерекшеліктерге байланысты. Ж

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дүниежүзі халқының саны және ұдайы өсуі
Халықтың саны және оның өсіп - өнуі
Жердің магнит өрісін зерттеу
Атмосфералық ауа
Халықты санау әдісі
Жер шары өсімдіктеріне сипаттама
Әлеуметтік экологиялық мәселелер: халық санының өсуі,ресурстық дағдарыс, генофондтың өзгеруі, ортаның жалпы агрессивтілігінің өсуі, әсер етудің жаңа түрлері
Дүниежүзі халқының саны
Жалпы жер тану пәні бойынша зертханалық жұмыстарға арналған әдістемелік нұсқау
Дүниежүзі халқының саны және ұдайы өсуі туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz