Қытай тарихнамасы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 47 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны:

Кіріспе. ______________________________3 –10 бет

І тарау. Қытай тарихнамасы._______________11-16 бет

ІІ тарау. Мұсылмандық тарихнама.__________17-28 бет
ІІІтарау. Қарлық ру-тайпалары түркі
тілінде жазылған әдебиеттерде._________29 –56 бет

Қорытынды._________________________ _____57-59 бет

Пайдаланған әдебиеттер мен
сілтемелер тізімі._________________________60- 63 бет

КІРІСПЕ

Бүгінде Қазақстан өз тарихында күрделі бетбұрыс кезеңін басынан кешіріп
отыр. Қазіргі таңда орын алып отырған жаңа әлеуметтік-саяси және
экономикалық өзгерістер Қазақстан халықтарының сана-сезімін өзгертуде.
Дүниеге, қоғамға, халықтың тарихына көзқарас өзгеріп келеді. Ұлттық сана-
сезім, ал сонымен бірге Отанымыздың шыншыл да ақиқатты, тарихына деген ынта
ықылас қауырыт өсті. Осы жағдайда қазақ халқының қалыптасуы, оның негізін
қалаған жекелеген тайпалар тарихының объективті, қандай да болсын
идеологиялық жасандылықтан ада көрінісін қалпына келтіру халықтың тарихи
зердесін қайта түлетудің негізі, ұлттық бірлікті қалыптастырудың,
азаматтылық пен ұлтжандылыққа тәрбиелеудің аса маңызды құрамы болып
табылады. Кеңес дәуірінде қазақ халқының төл тарихы формациялық сипаттағы
жалпы заңдылықтарға лайықталып баяндалып, схемаға түсіріледі, одан маңызды
оқиғалар мен фактілер, ресми идеологияға қайшы келетін сәттер алынып
тасталынады. Қазақ халқының аса бай мәдениеті және көшпелі өркениеттің
дүниежүзілік тарихтағы ролі жете бағаланбады. Қазақстан тарихы Орта Азия
елдерінің түркі халықтары тарихынан әдейі оқшауланды. Бұл сарын ресми
тарихнамада кең таралды. Осы тұрғыдан алғанда біздің бітіру жұмысымыздың
тақырыбы бұрын мүлде зерттелмеген десек те болады. Себебі, бітіру жұмысын
жазу барысында көз жеткізгеніміздей қазақ халқының қалыптасу тарихында
елеулі орын алған, өзіндік жеке даму тарихы бар қарлық тайпасының зерттелу
тарихнамасы емес, жалпы тарихының өзі жақын күндерге дейін толық
қарастырылмаған. Сондықтан тақырыптың өзектілігін түсіне отырып, қарлық
тайпасының зерттелу тарихнамасы өз зерттеушісін күтуде деп ойлаймыз. Себебі
қарлықтардың тарих сахнасына шығуынан бастап, олардың Орталық Азияда саяси
үстемдікке қол жеткізуі мен моңғол шапқыншылығына дейінгі тарихын
зерттеудің қазіргі түркі тілдес халықтар үшін маңызы зор. Қарлықтардың
тайпалық одақтары Қарахандар мемлекетін құруда басты рөл атқара отырып,
моңғол шапқыншылығынан кейінгі дәуірде қазақ, өзбек, қырғыз т.б. Орталық
Азия халықтарының қалыптасуына ықпал етті.
Қазақстанның оңтүстік және шығыс аудандарында қарлықтардың иелігінде
болған мекендер осы аймақтың ортағасырлардағы саяси және этникалық
тарихында ерекше орын алады. Батыс Түрік қағанаты мен түргештердің орнына
келген қарлықтар бұрынғы қағанаттар біріктірген ру-тайпалық одақтарды өзіне
қосып алып, олардың этникалық, әлеуметтік және саяси тарихының сабақтастығы
мен әрі қарай дамуын қамтамасыз етті.
Сонымен қатар қарлықтар қоғамын зерттеу көшпелілер мен отырықшылдықтағы
елдердің өзара ықпалы мен дәстүрлі мәдени-шаруашылық типтерін және
әлеуметтік қатынастарын терең, бір – бірімен тығыз байланыста, біртұтас
қарастыруға мүмкіндік береді. Өйткені әуелгі орта ғасырда қалыптасқан оғыз,
қыпшақ, ұйғыр және қырғыз бірлестіктерінің қай-қайсысы болмасын дәл
қарлықтардай отырықшылар мен көшпелілердің тығыз байланысында және Ұлы
Жібек жолдарының тораптарында орналасқан жоқ.
Қарлықтардың тарихын зерттеу көшпелілердің ортағасырлық қалалардың
гүлденуі мен өміршеңдігіне тигізген зор ықпалын, сол дәуірде пайда болған
жоғарғы дәрежедегі шаруашылық-мәдени кешендердің қалыптасуын түсіндіруге
мүмкіндік береді.
Бітіру жұмысының деректік негізі: Тақырыптың деректік негізіне келсек,
көптеген дерек түрлерін жан-жақты пайдалануыдың маңызы зор. Осы уақытқа
дейінгі көшпелі елдерді зерттеуде, көбінесе археологиялық және жазба
материалдардың дерек ретінде маңызы зор.
Жазба деректерден қарлықтар үшін көне түркі руналық жазулар, қытай
жылнамалары және араб-парсы тарихи – географиялық шығармалары маңызды орын
алады. Қарлықтар туралы өзіндік, төл деректердің бір тобын көне түрік
руналық жазулары құрайды: Күлтегін, Тоныкөк, Білге қаған жазбалары. Ал араб
тарихшыларына келсек, Ал-Белазурдың “Китаб футухал булдан еңбегін, Абу
Исхах ибн Хаукал секілді авторларды атауға болады. Сонымен қатар қарлық
тарихын зерттеуде Қытай тарихшылары мәліметтері де өте құнды. Бұл деректер
негізінен Малявкиннің “Танские хроники Центральной Азииң атты еңбегінде
жинақталған. Сонымен осы деректерді өзара салыстыру арқылы зерттеушілердің
өз еңбектерінеде қаншалықты табысқа жеткенін көруге болады.
Бітіру жұмысының зерттелу деңгейі: Ортағасырлық қарлықтар тарихының
күрделілігі осы уақытқа дейін оның жеткіліксіз зертелуі мен деректік
материалдарының тапшылығына байланысты. Сондықтан да тақырыптың отандық
және шет елдік тарихнамада зерттелу дәрежесі мен оның кезеңдерін анықтау,
бар деректерге талдау жасап, бір жүйеге келтіру, оларды арнайы мәселе
ретінде қарастыруды қажет етеді.
Біз қарастырып отырған кезең бойынша қарлықтар туралы монографиялық
еңбектер кейінгі кезеңде пайда болды. Отандық және шетелдік әдебиеттерде әр
түрлі дәрежедегі зерттеулер мен мәліметтер баршылық. Ресей ғалымдары ішінен
қарлықтар туралы шамалы деректер Д.Н.Логофет, Н. Ханыкова, еңбектерінен
кездеседі 1.
Араб, қытай деректерін пайдалана отырып, шығыстанушылар Н.Я.Бичурин,
В.В.Григорьев және Н.А.Аристов2 қарлықтар туралы біршама құнды
материалдар жинақтап, кейбір пікірлер айтады. Н.Я.Бичурин қытай
жылнамаларындағы қарлықтар туралы материалдарды жинақтап жүйеге келтірсе,
В.В.Григоьев кейбір араб деректері арқылы Қархандар мемлекетінің негізін
құраған қарлықтар болды деп тұжырым жасайды. В.В.Радлов және Н.А.Аристов өз
еңбектерінде қарлықтардың тарихи – географиялық мәселелеріне көбірек
тоқталды.
Қарлықтарды зерттеуде маңызды кезең ХХ ғасырдың алғашқы жартысы болды.
Осы кезеңде бұл тақырып бойынша ғалымдар В.В.Бартольд, А.Ю.Якубовский және
А.Н.Бернштам3 терең ізденіс жұмыстарын жүргізді. Олардың еңбектеріндегі
көптеген араб-парсы және археологиялық деректер негізінде қарлықтардың
әуелгі орта ғасырдағы Орта Азия мен Қазақстандағы түркі тектес елдердің
әлеуметтік саяси және мәдени өмірінде алатын орны мен рөліне бағалы
тұжырымдар жасалды. Бұл кездегі еңбектердің маңызды қорытындысы сол, оларда
қарлықтардың VІІІ-Х ғасырлардағы басқа түркі тілдес тайпалық бірлестіктерге
қарағанда мәдени тұрғыдан алда болғандығы дәлелденеді.
Қарлықтардың тілін зерттеуде А.Н.Самойлович, С.Е.Малов, А.К. Бороков,
Н.А.Баскаков4, ал этнографиялық мәселелерін қарастыруда А.К.Писарчик,
Б.Х. Кармышева және антропологтар Д.В.Ошанин, О.Исмағұлов еңбектерін атап
өтуге болады. К.Шаниязовтың5 этнографиялық тұрғыдағы арнайы еңбегі
Өзбекстандағы қарлықтарға арналған. Бұл еңбекте өзбек-қарлықтарының кеңес
өкіметі жылдарындағы шаруашылығы, материалдық және рухани мәдениеті жан-
жақты қарастырылған.
Қазақстандық тарихшылардан қарлықтар туралы ғылыми мақалалар жазған
Б.Е.Көмеков6 Онда араб географтарының карталары арқылы қарлықтардың
орналасуы нанымды көрсетілген. Ал этникалық мәселелері туралы Ю.А.Зуевтің
7 көлемді мақаласын атауға болады. Еңбекте қарлықтардың қазақтың ру-
тайпалары мен этникалық сабақтастығы дәлелденеді.
Моңғол шапқыншылығы дәуірінде құрылған Шыңғыс империясына қызмет еткен
қарлықтар жөнінде отандық тарихнамада А.Ш.Қадырбаевтың8 еңбектері көзге
түседі. Ғалым қытай деректерін пайдалана отырып, қыпшақ, найман,
ұйғырлармен бірге қарлықтардың да империяға әскери, әкімшілік және мәдениет
салаларында істеген қызметтеріне тоқталады.
Қарлықтар мәселесін зерттеуде шетелдік авторлар көрнекті орын алады.
Олардың ішінде ХІХ ғасырда А.Борнс, И.Маркварт, Ф.Хитр, Э.Шаванн,
Х.Хофманды, ал үстіміздегі ғасырда В.Минорский, О.Принцак, Х.Френк және
И.Ечедиді айтуға болады9 Олардың арнайы көлемді мақалалары мен зерттеу
еңбектеріндегі кездесетін қарлықтар туралы материалдарында тарихи география
мен саяси география мен саяси – этникалық мәселелерге ерекше көңіл аударып,
осы тұрғыда отандық тарихнамаға қарағанда біршама алға кеткендіктері
байқалады.
Сонымен бірге Л.Н.Гумилев, К.Шаниязов, С.Г.Кляшторный10,
А.Г.Малявкин11, О.Караев12, К.М.Байпақов, О.Исмагулов, Л.В.Ошанин, Б.
Огел, И.Эчеди, Х.Френк, А.Ш.Қадырбаев, Б.Е.Көмеков, Ю.А.Зуев және т.б.
еңбектері қарлықтар тарихының белгілі бір мәселелері мен аспектілеріне
арналған.
Бұл мәселені зерттеудің жаңа кезеңі Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан
кейінгі кезеңде біршама алға басқаны байқалады. 1991 жылы алғашқы томы
жарық көрген бес томдық Қазақстан тарихының академиялық басылымының бірінші
томында “Қазақстанның ертедегі және ортағасырлардағы зерттелу тарихың атты
арнайы бөлімінде қарлық тайпасының зерттелу тарихы арнайы қарастырылмаса да
осы кезең бойынша еңбектер жазған авторлар еңбегіне талдау жасалғанда сөз
болады. Келесі ірі қадамды тарихшы ғалым С.Сыздықов жасады. Зерттеушінің
“Қарлық мемлекетінің тарихың атты арнайы монографиялық еңбегінің өзі қарлық
тайпасының зерттелу тарихындағы маңызды оқиға болды. С.Сыздықов қарлық
тайпасының саяси, әлеуметтік-экономикалық тарихын, рухани мәдениетін толық
қамтып жаза отырып, еңбегінің кіріспе бөлімінде біздің тақырыбымызға
тікелей тоқталған. Зерттеуші алғашқылардың бірі болып қарлық тайпасының
зерттелу тарихын кезеңдерге бөледі. Алғашқы кезең ретінде ХІХ ғасырдың бас
кезеңін атаса, екінші кезең ретінде ХІХ гасырда Орталық Азия “Бартольдық
кезеңненң. ХХ ғасырдың 30-шы жылдарының аяғын атайды. Үшінші кезеңді ХХ
ғасырдың 50-ші жылдарынан бастайды да әр кезеңнің өз ерекшеліктерін, қарлық
тарихының зерттелу кезеңдеріндегі эволюциялық тенденцияларды ашып
көрсетеді.
Бітіру жұмысының теориялық- әдістемелік негізі және зерттеу әдістері:
Бітіру жұмысының әдістемелік негіздері тарихи танымның объективтілік,
тарихилық, жүйелілік сияқты маңызды принциптерінен тұрады.
Мәселені қарастырудың әдістемелік негіздері үш кезеңнен өткізілді.
Бірініші кезеңде бітіру жұмысының негізі болып табылатын еңбектер
жинақталып, олардың ғылыми айналымдағы орны мен маңызы анықталды. Бұл
кезеңде бітіру жұмысының деректік- ақпараттық негізі қаланды. Екінші
кезеңде зерттеу еңбектері мен деректердің сыртқы түрі, құрылымы, олардың
пайда болу кезеңдері мен жағдайлары анықталды. Бұл кезеңде бітіру жұмысының
мазмұндық- семантикалық негізі жасалды. Үшінші кезеңде зерттеу еңбектері
мен деректердің объективті шындықты бейнелеу дәрежесінің мәселелері
қарастырылды.
Бітіру жұмысының негізгі зерттеу әдісі салыстырмалы- тарихи әдіс болып
табылады.
Бітіру жұмысының мақсаты мен міндеттері: Қазақ халқының қалыптасуында
өзіндік орын алған, ортағасырлық Қазақстан тарихында мемлекеттік дәрежеге
дейін көтереліп, бұдан кейінгі саяси, экономикалық, мәдени дамуда өзіндік
орын алған қарлық тайпасының зерттелу деңгейін немесе тарихнамасын оқып-
білу талдау жасау, өзіндік ой түю.
Жоғарыда айқындалған мақсатқа байланысты алдымызға мынадай міндеттер
қойдық:
Қарлұқ мемлекеті жайлы қытай авторларының, жылнамаларының мәліметтерін
келтіре отырып, қытай тарихнамасындағы қарлық елінің түрік қағанаты
кезеңіндегі саяси, әлеуметтік, экономикалық тарихына тоқталу
Орта ғасырлық Қазақстан раихына байланысты бірден- бір бай деректік
мәліметтер беретін мұсылмандық авторлар, әсіресе араб-парсы географтары мен
саяхатшыларының еңбектерін талдау. Мұнда мұсылман тарихнамасындағы
қарлықтардың орналасу мәселесі, саяси тарихының көптеген аспектілері сөз
болады.
Түркі халықтарының ауызекі тарихнамасы мен ХІ–ХІІІ ғасырларда өз еңбектерін
түркі тілінде араб әрпімен басқан түркі ғұламалары М.Қашқари еңбектеріндегі
және түркі руналық жазуларындағы қарлық қағанатының ру-тайпалары жайлы
мәселелер қарастыра отырып, қарлұқ мемлекетінің құрылуы, этникалық тарихы,
сондай-ақ рухани және материалдық мәдениетінің жоғарғы даму деңгейін
көрсету.
Бітіру жұмысы кіріспе, қорытынды бөлімнен, 3 тараумен қатар пайдаланған
әдебиеттер тізімінен тұрады.

І тарау. Қытай тарихнамасы

Б.з.б. ІІ ғасырдан бастап Қазақстан тарихын зерттеуде қытай
деректемелері айтарлықтай рөл атқарады. Қытай авторлары жалпы алғанда
қазақстандағы жағдайды жақсырақ білетін еді. Қытайдың экспансиясының
батысқа жылжуы Шығыс Түркістандағы, Қазақстан мен Орта Азиядағы жағдайды
дәл білу қажеттігін туғызды. Бұл орайда халықтар мен тайпалардың мінез-
құлқы мен әдеп-ғұрпы, олардың өмір салты, саяси құрылысы мен соғыс
оқиғалары туралы материал мақсатты түрде жиналды. Бұл ақпарат әдетте
барлауды мақсат ететін елшілердің, саудагерлердің, саясатшылар мен
миссионерлердің орта Азия иеліктеріне сапарларының нәтижесінде алынып,
жеткізіліп отыратын. Сонымен бірге мәліметтер жинау қытай әскерлерінің
жорықтары кезінде жүзеге асырылды, сондай жорықтардың ең ертедегі б.з.б.
104-102 жылдардағы Хань әскерлерінің Ферғана алқабындағы давань иелігіне
жасаған жорығы болатын. Қазақстан халықтары туралы алғашқы анық мәліметтер
У-ди (б.з.б. 140-86 және.) батыс облыстарға жіберген тұңғыш қытай жетекшісі
Чжан Цяннан алынған. чжан Цянь “батысқаң б.з.б. 138 жылы және б.з.б. 115
жылы екі саяхат жасады. Басқасын былай қойғанда, оларда сюндарға (ғұндарға)
қарсы Орта Азия тұрғындары юэчжилермен және Жетісу усундерімен одақтасуға
қол жеткізу мақсаты көзделген еді. Чжан Цянь өз миссиясы барысында жат
жерліктер шаруашылығының жай-күйіне, олардың әскерлері санына, қару-
жарақтарына ерекше назар аударды, сондай-ақ олардың әдет-ғұрпының, мінез-
құлқының, киім-кешегінің ерекшеліктерінің бәрін жазып алып отырды.
Әулеттік тарих ішінде Қазақстан мен Орта Азия халықтары ішінде
Қазақсатн мен Орта Азия халықтары туралы ең көлемді және бағалы деректер
Сыма цянның (б.з.б. 145-86жж.) “Тарихи жазбаларң (шицзи) деген тарихи
еңбегінде, атап айтқанда, “Өмірбаянң бөлімінің “Сюнну туралы хикаяң және
“Давань туралы хикаяң деген екі тарауында, сондай-ақ хань императорлары мен
қолбасшыларының өмірбаяндық суреттемелерінде келтірілген. Мұнда Орталық
Азия иеліктері, олардың өзара және Қытаймен қатынастары туралы маңызды
мәліметтер жиналған. Сыма Цянның еңбегінде аңызға айналған кезден аса
көрнекті тарихшы өмір сүрген кезге дейінгі көз жететін бүкіл тарихи кезең
қамтылады.
“Шицзиденң кейін “Ежелгі Хань тарихың (“Цянь Ханьшуң) келеді, оны
негізінен біздің заманымыздың І ғасырында Бань Гу жазып, оның оқымысты
қарындасы Бань Чжао аяқтаған. Бань Гудың еңбегі ортодоксалдық конфуциандық
еңбектер қатарына жатады, ол тарихи шығармалардың жаңа жанрын – бір
әулеттің басқару тарихын бастап берді. Қытай мен Орталық Азияның б.з.б. І
ғасырынан бастап жаңа заманға дейінгі тарихы баяндалатын 26 әулет тарихы
Қытайдың бірегей тарихи мұрасы болып табылады. Бань Гудың шығармасында
Орталық Азияның жат жерлік халықтары суреттелетін мәліметтерге “Сиюй
чжуаньң (“Батыс өлке туралы хикаяң) деген арнаулы тарау бөлінген. Осы
тарихи-географиялық жағынан жаңа аймақты бөліп көрсету қытайлардың
географиялық білімінің кеңейгенін емес, сонымен қатар Қытайдың сыртқы
саясаты мен геосаясатына оғын стратегиялық мән берілгенін де дәлелдейді.
Хроникада Хань империясынан Орта Азияға апаратын негізгі жолдар көрсетіліп,
оның этникалық топтары, олардың айналысатын жұмыс түрі, экономикалық және
әскери жағдайы, шығыс Түркістанның полистері, олардың арасындағы соғыстар
мен сауда, саяси одақтар суреттелген. Онда Қытайдың Батыс өлкедегі
дипломатиясы да сипатталған. Тарихшының туған бауыры, Қытайдың аса көрнекті
дипломаты сиюйге жіберіліп, онда Хань әулетінің саясатын ойдағыдай жүзеге
асырғаны мәлім. Бань Гудың еңбегі 200 жылдай кезеңді қамтиды, онда Давань,
Усун, Кангюй, сондай-ақ иеліктері туралы, оның ішінде сюну билеушісі
(шаньюй) Чжичжидің Солтүстік–Батыс Тянь-шандағы иеліктері туралы мәліметтер
бар. Алайда Бань Гу өзінің еңбегінде өз кезіндегі оқиғалар туралы жазбаған,
сондықтан да оның еңбегі “Ертедегі Хань әулетінің тарихың деп аталады. Бұл
жөнінде осы еңбекке қосымшаны V ғасырдағы ғалым Фань.Е жазған. Е.Фань “Цянь
Ханьшуң мәліметтерін толықтыра келіп, Бань Гудың еңбегіне баға берген, Бань
Гудың бауыры Бань Чжао жұмыс істеген Сиюйдегі қызмет пен жағдайларды
бірнеше рет жазған Фань Е Қытайдың сыртқы саясаты мен Отралық Азиядағы
дипломатиясына, Қытайдың дәстүрлі “батысң саясатының саяси
тұжырымдамаларына неғұрлым егжей-тегжейлі тоқталған. Бұл фактінің зор
маңызы бар, өйткені ол Орталық Азия халықтары туралы материалдар іріктеп
алуға және олардың Қытай тарихнамасында көрсетілуі мен бағалауына ықпал
жасады. Қытайдың феодалдық тарихында көршілес халықтардың тарихын баяндау
ұлыхандық шавинизм мен қытайлық центризм тұрғысынан жүргізілген.
Хань әулеті билік еткен кезеңде (б.з.б. ІІғ.-б.з.ІІғ) Жібек жолының
негізі салынып, Қытай мен Орталық Азия мемлекетінің сауда және саяси
байланыстары, Орталық Азия халықтарының мәдениеттері мен қытай мәдениетінің
өзара әсері мен өзара ықпалы жанданды. Қытайға және Қытайдан үлкен сауда
керуендерін ілестірген бірнеше елшілік аттандырылды,, Қытаймен саудаға Орта
Азия дәнекер болды.
Жібек жолының толысып гүлденуі Қытайда Тан әулеті билік еткен кезеңге
(618-907) тұстас келеді. Орталық Азия халықтары, олардың тарихы туралы
мәліметтердің келесі үлкен кешені сол дәуірге арналған екі хроникада бар.
“тан әулетінің ескі тарихынң(“Цзю таншуң) Қытайдың бөлшектенуі кезеңінде –
авторлар тобы, ал “Тан әулетінің жаңа тарихынң (“Синь Таншуң) да сун
дәуірінде (1043-60) Қытайдың аса көрнекті ғалымы әрі ақыны суян Сю (1007-
72) бастаған авторлар ұжымы жазған. Тан әулетінің тарихы жөніндегі екінші
еңбек біріншісінен жаңсақтықтар мен қателер көп табуылуына байланысты
жазылған. Хроникаларда батыс түріктер, түргештер, олардың этногенезі, Батыс
түрік қағанатының, Түргеш қағанатының құрылуы мен олардың ыдырауы туралы
саяси тарих пен этнологиялық мәліметтер берілген. Қарлықтар, олардың
Жетісуда және Қазақстанның оңтүстігінде, сондай-ақ қазіргі Қырғызстанда
орналасуы туралы қытай материалдары өте құнды. Ертедегі дәуір мен б.з. VІІІ
ғасырына дейінгі Орталық Азия тайпалары мен олардың мемлекеттік құрылымдары
тариыхының негізгі арқауын нақ қытай деректемелері бойынша біршама толық
жасауға болады, бұл әсіресе усундердің, кангюйлердің, ежелгі түріктердің,
түргештердің, қарлықтардың саяси тарихына байланысты.
Орталық Азия саясатшыларының жазбалар жанры Тан әулеті билеген кезеңде,
де ХІІІ ғасырда да ең басты деректеме болып қала береді. “Синь таншуң мен
“Цзю Таншудаң жетісуға Шығыс Түркістан полистері арқылы жүріп өткен қытай
саяхатшыларының маршруттары: Шу, Талас өзендерінің аңғарлары, Ыстықкөл
суреттелген. Алайда олардың ішінде буддаға тауап етуші Сюань Цзан (шамамен
596-664) қалдырған жазбалар мейлінше толық болып табылады. Ол жазған
шығарма “Ұлы Тан әулеті кезіндегі Батыс өлкесі туралы жазбаларң (“Да Тан
Сиюйцзиң) деп аталады және Сюань цзанның Орта Азия арқылы Үндістанға
саяхатына арналған. Сюань Цзан Суяб, Невакет, Талас арқылы жүріп өткен. Ол
Қаһан сарайын, түрік тайпалары мен басқа да тайпалар кәсібінің әдет-ғұрпын
суреттеген.
Батысқа саяхат жасаушылардың жолжазба жанры монғол дәуірінде толыға
түсті, бұл кезде қытайлардың география мен этнография бойынша түсініктері
едәуір кеңейді. Бұл-“Сопы Чан Чунның батысқа саяхаты туралы жазбаларң
(“Чжан Чунь чжэнь және Си юцзиң). Чан Чунь Солтүстік Қытайдан Орта Азияға
1220-1224 және. Шыңғыс-хан жорықтары кезінде саяхат жасаған, ол Жетісу, Шу
және Талас аңғарларымен жүріп өтіп, саяхатшы жергілікті тайпалардың мал
шаруашылығымен және егіншілікпен айналысуын суреттеген. Басқа бір “Батысқа
саяхат суреттемесінң билік етуші Ляо (кидань әулеті) үйінің ұрпағы Елюй
Чуцай жазған, ол Шыңғыс-хан Орта Азияға жорықтар жасағанда оған еріп жүрген
еді. Елюй Чуцай монғол ханы жаулап алған халықтардың тұрмысы, әдет-ғұрпы,
мінез-құлқымен жақсы таныс болған.
Ертедегі және орта ғасырлардағы қытай деректемелері, сыңаржақ болғанына
қарамастан, Қазақстанның тарихы мен мәдениетін зерттеуде ерекше құнды.
Жазбаша деректемелерде қарлұқтар туралы алғашқы хабарлар қытайдың Суй
әулетінің (581-618) шежіресінде кездеседі және V ғасырдың орта шеніне
жатады. Онда қарлұқтар өздерінің басты руының атымен Алтайдың (Ақтағ)
баурайларын мекендеушілер ретінде бұлақ деп аталған. “Таншуң әулеттік (618-
907) хроникасына сәйкес, қарлұқтар (гэлолу, гэлу) түріктерден шыққан және
олардың бір тармағы болған13. Қарлықтардың түріктермен генетикалық
байланысы туралы деректер орта ғасырлардағы мұсылман тарихнамасында да
жинақталған. “Олар (қарлықтар)-ежелгі түріктерң,-дейді Ибн әл-Факих (Х
ғ.)14. Қарлықтар ежелгі түріктердің руналық ескерткіштерінде де “үш
қарлықң деп айтылған. Ол Монғол Алтайы мен Балқашкөлі аралығындағы аумақты
алып жатқан көшпелі тайпалардың күшті одағы болды. Қарлықтар туралы уақыты
жағынан алғашқы хабар араб-парсы тілдес тарихи-географиялық әдебиетте –
Табариде (737 ж.) кездеседі. Ол Тоқарстанда орналасқан қарлұқтар туралы
айтады.
“Таншуң деректері бойынша, VІІ ғасырдың ортасында қарлұқтар құрамына үш
ірі рулықбірлестіктер: моулалар, чжисилер және ташилдер кірген. Бұл
тайпалардың атаулары тиісінше бұлақ, жікіл және ташлық деп қалпына
келтіріледі. Бастапқыда бұлақ тайпасы Тянь-Шань жүйесіне кіретін Борохоро
жотасы ауданындағы аумақты мекендеген. Ташлықтардың көшіп жүретін орталығы
Сайрам көлінің төңірегінде болған. Жікілдер бұлақтар мен ташлықтар
арасындағы аумақты иеленіп, оңтүстігінде Жоңғарияның шөлді аудандарына
дейін жеткен. Кейіннен үш тайпаның бәрі бірігіп, шығыс және Батыс түрік
қағанаттары аралығында аралық жағдайда болған.

ІІ тарау. Мұсылмандық тарихнама

Қарлық қағанатының тарихының көптеген өзекті мәселелері мұсылман
тарихнамасында тамаша көрініс тапқан. Араб халифаты дәуірінде арабтардың
Шығысты жаулап алуы, синкретикалық мұсылман мәдениеті мен ислам дінінің
ықпал өрісін кеңейту ісіндегі белсенділігі, мұсылман дүниесінің саяси
шекарасынан тыс жатқан алыс аймақтармен сауданың дамуы арабтарды Шығыс
Европа мен Орталық Азияның көршілес елдерімен және алыстағы халықтар мен
тайпалар туралы ақпарат жинауға құлшындырды. Арабтардың орта ғасырларындағы
тарихнамасының Қазақстан аймағына ерекше ден қоюы олардың Орта Азиядағы
жаулап алған жерлерін нығайту және Қазақстанның жауынгер көшпелі
тайпаларынан сыртқы қауіпсіздікті қамтамасыз ету қажеттігімен де байланысты
болды.
Қазақстан тұрғындары туралы ең ертедегі мәліметтер арабтардың
классикалық тарихи шығармаларыда кездеседі. Мәселен, әл-Балазур (ІХғ.) мен
ат-Табаридің (ІХғ.) туындыларында VІІ-VІІІ ғасырлардың орта шенінде араб
шапқыншылығына қарсы күресте Орта Азия халықтарына елеулі көмек көрсеткен
Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның түркі халықтары туралы маңызды мәліметтер
бар. Оңтүстік Қазақстанның жекелеген аудандарына арабтардың басқыншылық
жорықтары туралы деректер келтірілген. Арабтың аса ірі тарихшысы, парсы
текті әл-Балазур Орталық Азия тарихы жөніндегі құнды деректемелердің бірі
“Елдерді жаулап алу Кітабың (Китаб футух әл-булдан) деген шығарманың авторы
болып табылады, “Пайғамбар мен патшалар тарихың (Тарих әр-русул уә-л-мулук)
деген елеулі еңбек жазған ат-Табари да парсылық болатын. Ат-Табари
халифаттың әр түрлі қалаларын аралап, көп саяхат жасады, сонан соң Бағдатқа
орын тепті де, өмірінің ақырына дейін сонда тұрып, өз өмірін ғылымға
арнады. Оның бізге қысқартылған редакциясында жеткен еңбегінде арабтардың
алдында болған халықтар туралы мәліметтер келтіріліп, халифат тарихы
жылнама ретінде баяндалады. Ат-Табаридің замандасы, Бағдатта туған,
энциклопедиялық білімі бар адам-әл Жахиз (ІХғ.) “Түріктердің қасиеттерің
(Манакиб әл атрак) деген кітабында Қазақстанның көшпелі түрік тайпаларын
тұңғыш рет этнографиялық тұрғыдан суреттеп берді. Әл-Жахиз Аббас халифтары
ұланының түрік гулямдарымен жақын таныс араб оқырмандарына оның әр түрлі
себептермен ерекше қызықты болған тақырыптарды іріктеп алған. Ол
түріктердің әскери қасиеттерін, олардың қалада тұратын арабтың көзіне
әдеттен тыс ерекшелігімен айрықша көрінген немесе халифтардың саяси
төңірегіндегілерге маңызды болған әдет-ғұрпын суреттейді, өйткені Аббас
халифатының уәзірлеріне “түрік істеріменң едәуір жиі кездесуіне тура
келетін еді.
Араб Тамим ибн Бахрдың солтүстік-шығыс Қазақстандағы Ертіс аңғарында
жатқан кимектер елі арқылы Тоғыз-ғұз қағанының астанасына уақыты жағынан
алғандағы алғашқы саясаты ІХ ғасырдың бірінші жартысына жатады. Тамим ибн
Бахр саясатының сипаты белгісіз, оның сапары әлдебір дипломатиялық
тапсырмаларға байланысты болуы мүмкін. Тамим ибн Бахр кимектердің
орналасуы, шаруашылығы туралы мәліметтер келтіреді, Тараздан кимектер
патшасының ордасына барған жолын да айтып өтеді.
Нақ сол ІХ ғасырда араб тілді географиялық шығармаларда да Қазақстан
аумағында мекендеген тайпалар туралы хабарлар пайда болды. Байланыс және
хабар беру қызметінің бастығы Ибн Хордадбехтің “Жолдар мен мемлекеттер
кітабың деген әкімшілік-географиялық анықтамалығы сақталып қалған әлгіндей
шығармалардың ең ертегісі болып табылады. Ол сауда сауда жолдарын сипаттап,
әр түрлі елді мекендер арасындағы қашықтықты көрсеткен, Оңтүстік Қазақстан
мен Жетісу арқылы өтетін Ұлы жол бойында орналасқан қалалар мен қоныстарды
тізіп келтірген. Ибн Хордадбехтің еңбегі көп жағынан халифаттың байланыс,
почта қызметінің архивтеріне негізделген. Сірә, оның түріктер туралы айқын
мәліметтерінің көбі, соның ішінде түрік тайпаларының жиі-жиі дәйексөз
келтіретін тізімі де (тоғыз-ғұздар, оғыздар, қарлұқтар, кимектер,
қыпшақтар, азкиштер, түркештер және басқалары) ҮІІІ ғасырға жататын болса
керек. Әл-Якуби (ІХ ғ.) мен Кудама ибн Жафардың (Х ғ.) шығармалары жанры
жағынан Ибн Хордадбехтің еңбегіне жақын.
Араб географиялық әдебиетінің ең гүлденген шағы – Х ғасыр. Араб
географы әрі саяхатшы, Орталық Иранның тұрғыны әл-Истахри (Х ғ.) – сол
дәуірдің танымал өкілі. Оның “Жолдар мен мемлекеттер кітабың деген еңбегі
әл-Балхидің неғұрлым ертедегі, бізге дейін жетпеген географиялық еңбегінің
өңделген және толықтырылған нұсқасы болып табылады. Кітапта Аравия, Парсы
теңізі, Мағриб, Мысыр, Сирия, Румдар теңізі, Ирак, Үндістан, Иран, Хазар
теңізі, Армения, Азербайжан, Хорасан және Мауараннахр суреттеледі. Әрбір ел
жөнінде шекаралары, қалалары, қашықтығы, маршруттары туралы мәліметтер;
өнімдері, саудасы, қолөнері туралы жекеленген деректер келтіріледі. Шығыс
Европа туралы қызықты мәліметтер бар, хазарлар, буртастар, орыстар,
бұлғарлар өмірі суреттеледі. Қазіргі Қазақстан аумағында тұрған түрік
тайпалары: оғыздар, кимектер, қарлұқтар туралы маңызды да нақты материалдар
кездеседі. Онда “Дүние жүзінің картасың келтіріліп, түрік тайпаларының
шоғырланған жерлері көрсетілген.
ХІІІ ғасырда Сирия ғалымы Якут “Елдер тізбесің деген географиялық
әмбебап түсіндірме сөздік жасады. Онда мұсылмандар тобының да, оның шегінен
алыс жатқан жерлердің де халықтардың географиясы, тарихы, лингвистикасы,
фольклоры, матералдық және рухани мәдениеті жөнінде автор білетін
мәліметтердің бәрі қамтылды. Якуттың орта ғасырлардағы Қазақстан мен оған
шектес жерлердің ХІІІ ғасырдың басына дейінгі көшпелі түрік тайпалары
туралы деректер едәуір толық әрі маңызды. Сөздікте сондай-ақ монғол
шапқыншылығы, монғол әскерлерінің қыпшақтар, алаңдар, бұлғарлар және Саксин
аймағы арқылы жүріп өтуі келтірілген. Месопотамияда туған көрнекті араб
тарихшысы Ибн әл-Асир (ХІІІ ғ.) Якуттың замандасы әрі жақын танысы болған.
Ол Аравияны, Сирияны, Палестинаны аралап саяхат жасаған, 1188 жылы Салах ад-
Диннің крестілерге қарсы шайқастарына қатысқан. Мосулде өлген. Ибн әл-Асир
бірқатар тарихи-библиографиялық еңбектер, соның ішінде “Траихтың толық
суреттемесің деген іргелі тарихи хроника жазған, онда монғол шапқыншылығын
қоса алғанға дейінгі мұсылман дүниесінің тарихы баяндалған. Ғалым орасан
зор нақтылы материал жинаған, бірқатар жағдайларда ол бізге келіп жетпеген
жазбаша деректемелерді пайдаланған. Мұсылман әулеттері мен олраға шектес
мемлекеттердің (Араб халифатының, Саманилердің, Карахандардың,
Хорезмшахтардың, қарақытайлардың және басқаларының) саяси тарихы егжей-
тегжейлі суреттеледі. Ертедегі түріктер, қарлұқтар, оғыздар, қыпшақтар
жөніндегі саяси, этникалық, этнографиялық және мәдени сипаттағы деректердің
Қазақстан тарихы үшін зор маңызы бар. Ол өз заманындағы оқиғалар ретінде
монғол шапқыншылығының жойқын зардаптарын суреттеген. Саяси оқиғаларды
баяндауды ол 1232 жылға дейін жеткізеді.
Хорезмнен шыққан араб тілді тарихшы, ең соңғы хорезмшах Жалал аддиннің
сарайындағы хатшысы және өмірбаяншысы ән-Насави Ибн әл-Асирдің замандасы
болатын. Оның монғол шапқыншылығының қарсаңындағы және сол кездегі
хорезмшахтар мемлекетіндегі оқиғаларға арналған “Жалал ад-дин Манкубирти
сұлтанның өмірбаяның деп аталатын шығармасында сол кезеңде қыпшақтармен
және түріктердің басқа да көршілес тайпаларымен тұрақты қарым-қатынас жасап
отырған Хорезмнің ішкі және сыртқы істері туралы мәліметтер бар; еңбекте
Қазақстан даласы қыпшақтарының Хорезммен бейбіт қатынастары мен қару
қақтығысының фактілері көрсетілген, сондай-ақ қыпшақ қоғамының ішкі
құрылымы туралы бірсыпыра деректер келтірілген.
Араб-парсы деректемелері бойынша, Жетісудағы қарлұқ бірлестігі көптеген
ру-тайпа топтарынан құралған. “Худуд әл-аламң анонимінде Құлан мен Мирки
арасында қарлұқтардың үш тайпасы (бистан, хим, бириш) орналасқан15,
Керминкентте лабан (дұрысырақ айтқанда, албан) тайпасы тұрған, Ганкасир
қонысында - қарлұқтардың бірнеше руы, ал Тұзкөл көлінде – жеті қарлұқ
тайпасы тұрған16.
Әл-Марвазидің деректері бойынша, қарлұқтардың тайпалық құрамына тоғыз
тайпа: үш жілік, үш бескіл, бұлақ, көкеркін және тухси кірген17. Сондай-
ақ екі ру: лазана мен фаракия рулары да аталған18. Сірә, деректемелерде
жекелеген топтардың атауы бұрмаланған болса керек.
Қарлұқ конфедерациясына түркі тілдес көшпелі және жартылай көшпелі әр
түрлі тайпалар: жікілдер, бұлақтар, халаждар, түргештер, азкишилер,
тухсилер, шарұқтар, аргулар, барсхандар кірген. Махмұд Қашқари көптеген
соғдылар түріктердің әдет-ғұрыптарын қабылдаған деп хабарлайды19.
Кейінірек қарлұқтардың Қазақстанның оңтүстігі мен Жетісудың отырықшы
халықтарымен сіңісіп, ислам дінін қабылдаған бір бөлегі, сондай-ақ
оғыздардың соларға сәйкес топтары да түрікмендер деп аталып кетті.
Қарлұқтар монғолоидтік белгілердің болмашы қоспасы бар европеоидтік
антропологиялық тұрпатқа жатқан.
Әл-Масуди түріктердің ішінен қарлұқтарды бөліп көрсетіп, олар “неғұрлым
әдемі, бойшаң, өңді келедің дейді. Қарлұқ тайпаларының бірі – жікілдер
туралы олардың ішінде болған араб саяхатшысы Әбу Дулаф (Х ғ.) былай деп
жазады: “Олар әдемі келеді. Айналасындағы тайпалардың бәрі оларды ұрлап
әкетіп тұрадың20.
Қарлұқтардың қоныстануы. Қарлұқ тайпалары ҮІІІ-Х ғасырларда Жоңғар
Алатауынан Сырдарияның орта ағысына дейінгі кең-байтақ аумақта қоныстанады.
Қарлұқ топтарының бірі ІХ ғасырдың бас кезінде Отырар (Фараб)
төңірегіне келіп қоныстанды. Ибн Хордадбех Фараб қаласында қарлұ-
түріктердің отрядтары бар деп атап өтеді. Басқа авторлар да Фараб
аймағындағы Сүткент қаласында қарлұқтардың болғандығын айтады. Қарлұқтар
Фараб, Кеңжиде және Шаш арасындағы жайылымдарда көшіп жүрген. “Олардың бәрі
мұсылмандар, бірақ ешкімге бағынбайдың, - деп атап көрсетеді әл-Истахри (Х
ғ.)21.
Қарлұқтардың кейбір топтары Шаш және Испиджаб аймақтарын мекендеді. Ибн
Хаукальдің айтуына қарағанда, Шаш аймағына исламды қабылдаған оғыздар және
қарлұқтар топтасқан. Испиджаб өңірі қарлұқтармен оғыздардың арасындағы
шекара болды. Мұнда қарлұқтар Саманилер мемлекетімен шектесіп жатты.
“Манауараннахр шекарасының өн бойында, - деп хабарлайды әл-Истахри, - соғыс
шайқастары болып жатады: Хорезмнен Испиджаб төңірегіне дейін оғыз-
түріктермен, Испиджабтан Ферғананың ең шағалай жерлеріне дейін қарлұқ-
түріктермен шайқастар болып тұрады22.
Қарлұқ тайпалары Талас аңғарында тұрды. Тараздың оңтүстігіне қарай 5
фарсах ( 30 шақырым) жерде Қасрибас деген жердегі жайылымда қарлұқтар
қыстап жүрген. Тау қойнауындағы бұл жылы жерге таяу халаждардың қыстауы
болды23. Ал Тараз ҮІІІ ғасырдың бірінші жартысында-ақ “даңқты да
инабатты шарұқ-түріктерң қаласы деп аталған еді24.
Тарихи-географиялық деректер қарлұқтар мен оғыздар Тараз-Испиджаб-Фараб
арлығын бірлесіп мекендеген деп шамалауға мүмкіндік береді. Таразға жақын
жерде, Макдисидің айтуынша, жікілдер мекендеген, мұнда оладың осы аттас
қаласы болған. Махмұд Қашқариға жікіл-түріктердің үш тобы мәлім болды.
Бұлардың біреуі Таразға жақын жердегі – Жікіл қаласын, ал басқа екеуі –
Барсханнан әрі Құясты және Қашқариядағы Жікіл қонысын мекендеген25.
Қарлұқтар Тараздың шығыс жағында да мекендеді. Мұнда олардың қарауында
Құлан, Мирки қалалары болды. Миркидің шығыс жағында Орду деген “шағындау
бір қаланың болғаны айтылады, онда түрікмен патшасы тұрады, ол Испиджаб
билеушісіне үнемі сый-сияпат жіберіп тұрады делінген26.
Ордудың қарлықтар оранласқан негізгі аумақта оның қоныстануы билеушісі
қарлық деп топшылауға мүмкіндік береді.
Әл-Идрисидің картасында қарлықтардың екі тобының аумақтық орналасуы
көрсетілген. Қарлық этнонимін әл-Идриси жазудың белгілі екі түрінде –
арабша және парсыша: харлук және халлух деп береді. Әл-Идрисидің картасына
қарағанда, қарлықтар елінің оңтүстігінде Бухайрат-ат-түрік (Түрік көлі
немесе Самджан көлі) деген үлкен көл орналасқан. Әл-Идриси еңбегінің
тексінде бұл көл туралы ешқандай мәлімет жоқ, ол мүлдем ауызға алынбайды.
Түрік көлінің оңтүстік жағында, қарлықтар мекендеген аймақта Жоғарғы
Барсхан қаласы көрсетілген, көптеген деректемелер бойынша қазір ол
Ыстықкөлдің оңтүстік жағасына сеніммен орналастырылуда, мұның өзі Түрік
көлін Ыстықкөл деп санауға берік негіз береді. Сол арқылы, К.Миллер
ұсынғандай, Гаган көлін Ыстықкөл деп есептеуге болмайды, оның үстіне,
“Нузхат әл-муштактыңң тексі және картаның деректері бойынша, қарасырылып
отырған кезде Гаган көлінің төңірегінде кимектер қоныстанған27. Ал
Ыстықкөл мен оның солтүстік-шығыс жағында жікіл тайпалары мекендеген.
“Ыстықкөлдің бүкіл төңірегін жікілдер алып жатырң ,-деп көрсетеді
Гардизи28.
Оңтүстігінде және оңтүстік –шығысында қарлықтар Тибетпен және тоғыз-
ғұздармен (ұйғырлармен) шектесіп жатты. Қарлықтар иеліктерінің Тибетке
жақындығы “Худуд әл-аламң анонимнің қолжазбасында да атап өтілген. Тегінде,
памирдің оңтүстік-шығыс жағындағы таулы аймақтар мен Шығыс Түркістан аймағы
(Жаркент, Хотан) Тибет делініп отырса керек. Қарлықтар мен ұйғырлар (тоғыз-
ғұздар) арасындағы шекараға келетін болсақ, ол Шершен, Тарым және ішінара
Ақсу өзендерінің бойымен өткен29.
Щығыс жағында қарлықтардың иеліктері кимектердің жеріне тікелей жақын
орналасты. “Қарлықтардың Атракан ойпатына сәйкес келетін үлкен гаган
көлінің оңтүстік-шығысында орналасқан30. Әл-Идриси суреттеген
географиялық жағдайды ескергенде, “Сурат әл-ардтыңң деректері қарлықтар мен
қимақтар арасындағы шекаралық өңірді Алакөл көлдері жүйесінің батысына
қарай жатқан деп санады. Алайда ұсынылған ұқсастыруды сәтті шыққан деп
санауға болмайды, өйткені, “Нұзхат әл-мұштақң тексіне сәйкес, Гаган көлінің
оңтүстігіне таман тоғыз-ғұздар мекендеген, ал сонымен бірге ортағасырлық
жазбаша деректемелердің және қазіргі ғылыми зерттеулердің деректемелерін
жинақтау негізінде Балқаштың оңтүстік жағында VІІІ ғасырдың орта кезінен
бастап қарлықтардың қоныстанғаны туралы қағида орнықты. Әл-Идрисидің “Сурат-
әл-ардң деген картасында қарлықтардың едәуір тобы Іле аңғарында, Түріктер
көлі (Ыстықкөл) мен Тахама көлі (Балқаш көлі) арасында орналастырылған.
Тахама көлін Балқаш көлі деп меніммен айтуымызға болады, Балқаш көлі
қарлықтар мен кимектердің арасындағы табиғи шекара болды31.
Әл-Идрисидің картасында неғұрлым ертедегі деректемелер бойынша кеңінен
белгілі Тараз (Жамбыл) және Испиджаб (Сайрам) қалалары көрсетілген. “Нұзхат
әл-мұштақң тексінде Тараздың солтүстік жағында қарлық-түріктер мекендейтіні
атап өтілді; Тараздың оңтүстігіне таман 50 фарсах болатын Касрибас деген
жердегі жайылмаларда қарлықтардың қыстаулары бар екені де айтылады32.
Қарлықтардың Тараз аймағы шегінде мекендегенін басқа авторлардың
мәліметтері де қуаттайды.
“Сурат әл-ардтаң Испиджабтың солтүстік-батыс және Төменгі Барсханның
солтүстік жағында Кандждех жері бар деп көрсетілген. Әл-Истахридің, Ибн
Хаукальдің және әл-Макдисидің деректеріне қарағанда, Кандждех окугінің
астанасы Субаникет Испиджабтан екі күндік жерде33. Картаға түсіріп
көрсеткенде Кандждехтің (Каншдез) орналасуының өзі маңызды, оның атауында
Тұран елі туралы ертедегі Иран эпосымен байланысты көне топонимикалық және
этномикалық номенклатура сақталған. Әл-Идрисидің мәліметтерін Тұранның,
Канганың байырғы жерлері Испиджабтың солтүстік жағында, оның шекарасында
деп анықтайтын жағдай растайды34.
Қарлықтар елінің шегінде тараздың солтүстік-шығыс және Тахаманың
(Балқаш көлінің) оңтүстік – батыс жағында шағын Жанаф таулары көрсетілген,
оның етегінде Демиртағ қаласы орналасқан. Картаға түсірілген жағдайын
негізге ала отырып, Жанаф тауын Шу-Іле тауларымен теңестіруге болады. Жанаф
тауының солтүстігіндегі аты жоқ “бәдәуилер сияқты жүннен жасалған
шатырларда тұратын көшпелі қарлықтар тайпалары мекендейтін шөлң бары
айтылады. Сірә, бұл шөлдер дегенде Шу-Іле тауларының щығыс жағында жатқан
Тауқұм және Сарыішік атырау шөлдері айтылып отырса керек.
“Сурат әл-ардтаң қарлықтар қоныстанған аймақта қарлықтардың қалалары
мен қоныстары көрсетілген, олар: Жинқар, Салуния, Хайхам, Награн және т.б.
Әл-Идрисидің Кіші картасында сондай-ақ Жабал Шуб, Құлан, Хук көрсетілген.
Көршілес елдерге баратын әр түрлі сауда және керуен жолдары осы қалалар
арқылы өткен. “Нұзхат әл-мұшқатң қарлықтар жерімен өтетін жолдар
белгіленген.
Ұлы сауда жолының Тараздан жоғарғы Барсханға дейінгі бөлігі сияқты
негізгі жолдарға қоса, әл-Идриси тарихи-географиялық әдебиетте онша белгілі
емес, ал кейде бұрын мүлде беймәлім болған жолдары да келтіреді. Мәселен,
Ахситкеттен (Ферғананың Х ғасырдағы астанасы) қарлықтар хақанының ордасы
арқылы Алакөлінің жағасындағы, Тараздан Жетісу арқылы Ертістің орта ағысы
ауданындағы кимек қалаларына жол өткен. Балқаш пен Ыстықкөл арасында
қарлықтардың Атракана, барақ, Салуния, Жинқар. Қарлұқия қалалары жатқан.
Балқаш көлі қарлықтар мен кимектердің арасындағы табиғи шекара болған.
Ыстықкөлдің төңірегінде және оның солтүстік-шығыс жағында қарлықтардың
жікіл тайпасы қоныстанған. “Ыстықкөлдің айналасының бәрін жікілдер алып
жатырң деп атап айтқан Гардизи35. Ыстықкөдің солтүстігіндегі Ескөл қаласы
мен оның батыс жағындағы Яр қалсы соларға қарасты болды. Ыстықкөл ойысы
төңірегін қарлұқтар да мекендеді. Олар Барсхан, Тон, Талхир (Талғар)
қалаларын иеленді. Х ғасырда Іле аңғарынан шығысқа таман өңірді қарлұқтар
тобы мекендеп, орталық Қиялық (Талдықорған маңындағы Дүнгене қаласының
жұрты) қаласы болған.
Сонымен, қарлұқтардың этникалық аумағы Қазақстанның Жоңғар Алатауынан
Сырдарияның орта ағысына дейінгі кең-байтақ жерін алып жатты; бұл аумақта
қарлұқ тайпалары Балқаш көлі мен Ыстықкөл аралығында, Іле, Шу, Талас
өзендерінің аңғарларында, Тянь-Шань сілемдерінде, Испиджаб өңірінде
ортағасырлық Отырар қаласына дейін мекендеген.
Араб саяхатшысы Әбу Дулаф өзінің қарлұқтар жерімен 25 күн жүріпөтуіне
тура келгенін хабарлайды; ал Ибн Хаукальдің деректері бойынша, “қарлұқтар
жерін батысынан шығысына қарай жүріп өту үшін тіпті 30 күн жол жүру керек
болғанң 36. Сонымен, жоғарыда айтылған араб-парсы деректерін қарастыра
отырып, біз төмендегідей қорытындыларға келдік. Атап айтқанда мұсылмандық
тарихнаманың қарлық одағының тарихи зерттелуіне қосқан үлесі зор. Мұсылман
тарихнамасы өзінің сипатына сәйкес қарлық мемлекетінің жағрапиялық жағдайы,
соның ішінде қарлық одағына кірген ру-тайпалардың орналасуы туралы нақты
мәліметтер беретіндігіне көз жеткіздік. Яғни, белгілі бір кезеңнің өзіндік
ерекшелігіне сай араб-парсы тарихшыларының өзіндік ой түюі және белгілі
еңбектерде бейнеленуі қазіргі таңда тарихшылар үшін маңызды дерек көзі
болып табылады. Х ғасырдың алғашқы жартысында қарлұқтар бірлестігінің
осынау ұлан-байтақ аумағында бытыраңқылық күшейді. Мұны Қашқардың түрік
билеушілері пайдалана қойды. Осылайша, саяси және қоғамдық дамуында үлкен
жетістіктерге жеткен қарлық мемлекеті 940 жылы Баласағұнның құлауымен
Қарлұқ мемлекетінің де тарихы аяқталады.

ІІІ тарау. Қарлық ру-тайпалары түркі тілінде жазылған әдебиеттерде

Қарлық қағанатының ру тайпалық құрамы, олардың орналасуы мен Түркі
қағанаты кезіндегі саяси тарихы жайлы мәліметтерді көне түрік руникалық
жазбалары мен орта ғасырдағы түрік әлемінің ғұламасы М.Қашқаридың “Түркі
тілдерінің сөздігің атты еңбегінен кездестіреміз.
Түрік тілдері тарихындағы ең алғашқы жазу – сыртқы нұсқасына қарай
“руникалықң немесе табылған жеріне қарай “Орхон – Енисей жазуың деп аталған
жазу. Бұдан өзге көне түрік тайпалары соғды, ұйғыр, манихей, брахми,
эстрангелло, тохар жазуларын да білген37.
Руна – бұл дыбыстық жазу, оның курсивй жоқ, жеке таңбалар бір-бірімен
байланыспай жазылады. Фонетикалық жағынан алғанда руна жазуы түрік
тайпаларының тіліне барынша бейімделген, әрі дыбыстық ерекшелігін дәл бере
алады38. Әрбір дыбыс бір немесе бірнеше таңба арқылы беріледі, руна
жазуының кейбір таңбалары пиктографиялық сипатқа ие.
Руна әліпбиінде, аймақтық және хронологиялық нұсқаларын есепке алғанда,
40-тан аса таңба бар39. Оқылуы – оңнан солға қарай.
Руна жазуының таралу аймағы деп осы жазу үлгісі бар ескерткіштердің
мәлім болған жерлерін айтамыз. Мұндай аймақтар – Сібірдегі Енисей, Лена
өзендері аңғарлары, Монғолиядағы Орхон, Онгин, Селенга өзендерінің алқабы,
Орта Азия мен Қазақстандағы Талас пен Сыр бойы, Ертіс пен Іле қойнауы40.
Руна тектес жазуы бар ескерткіштер хазар мемлекетінің территориясы – Еділ.
Дон өзендері бойы және солтүстік Кавказдан да табылған. Алайда руна
жазуының бұл батыстық нұсқасы ірі текстердің табылмауыннан сыры ашылмай,
құпия күйінде қалып келді.
Руникалық жазу ескерткіштерінің таралу аумағының көлемі көне
түріктердің сауаттылығы жайынан сөз қозғауға мүмкіндік береді. Зерттеушілер
руникалық ескерткіштердің графикалық қорларына шолу жасай отырып, көне
түріктер мекендеген аймақтарда жазу – сызу қолданылған (Д.Д.Васильев),
орхон-енисейлік түріктердің арасында сауаттылық кең жайылған
(В.В.Бартольд), және ешбір “қаңғыбас, кезбе сауаттылардыңң көмегінсіз
жергілікті тұрғындар өздері жазған (С.Е.Малов), сондай–ақ руникалық
эпитафиялар тек ақсүйектерге ғана емес, қалың оқырман қауымға арналған
(С.В.Киселев), тіпті күнделікті тұрмыстық бұйымдардың өзінде жазудың болуы
тұрғындардың жоғары сауаттылығын айқындайды (А.Н.Бернштам) және көне
түріктерде қоғамдық пікір өмір сүргендігін паш етеді (Л.Н.Гумилев) деген
тұжырымдарға келіп отыр41. Бұл ойды сол дәуірдегі құжаттық материалдар
да дәлелдей түседі. Мысалы, VІ ғ. өмір сүрген византиялық тарихшы Менандр
император Юстиан ІІ-ге түрік елшілігін басқарып келген соғдылық Маниах өз
қағанының отынан скиф жазуымен жазылған жолдау хат тапсырғанын баяндаса, ал
VІІ ғ. Басында тағы бір византиялық автор Феофилакт Симокатта император
Маврикийне түрік қағаны хат жазғанын айтып, одан өз еңбегінде үзінді
келтіреді42. Қытай жылнамаларында түріктердің кісі, жылқы және өзге де
мал есебін алғанда ағаш тақтайларға жазып отыратындығы айтылады43.
Жазудың, жазба мәдениеттің көне түріктерге дейін де болғандығын б.з.д. 176
ж. ғұндардың билеушісі Модэнің Қытай еліне хат жолдауы жайлы мәлімдейтін
құжаттар және “есікң қорғанынан табылған күміс тостағандағы жазу да
көрсетіп отыр, Б.з.д. V ғ. Жазылған сақ дәуірінен қалған күміс тостағандағы
жазба мұра төңірегінде кезінде көп талас-тартыс жүргені рас. Дегенмен, осы
сақ жазуының негізінде, әрі оның көне түріктер руникалық ғалым А.Аманжолов
төмендегідей қорытынды жасайды:
1) Түрік тілдес тайпалар бұдан 2500 жыл бұрын әліпбиі бар жазуды білген
және кеңінен пайдаланған;
2) Көне түрік руникалық жазуы арғы ата-бабаларымыздың 1500 жыл бойы,
яғни б.з.д. V ғасырдан бастап б.з. Х ғасырына дейін қолданған төл
жазуы44.
Сөйтіп, көне түрік тайпаларында әліпбиі бар жазу тек V ғасырда пайда
болды деген жылдар бойы қалыптастырылған болжам ескіріп қалды.
Көне түріктер руна жазуын құлыптастарға, тұрмыстық заттарға, үй
қабырғаларына өз ойларын жазғанда, сондай-ақ қолжазбалар, хаттар әзірлеуде
қолданған.
Қазіргі таңда біз қарастырып отырған мәселе бойынша бірден-бір құнды
еңбек етіп жүрген ғалымның бірі О. Сүлейменовты атап көрсетсек болады. Ол
өзінің ңТюрки в доисторииң еңбегінде түркі тарихын зерттеудегі тілдік, яғни
лингвистикалық ерекшеліктерді ескеру мәселесін алдыға қояды. Түркі тілі мен
славян тілі арасындағы өзара байланысының маңыздылығын келешекте
Тюркославистика атты жаңа пәнінің еңгізлу қажеттілігімен түсіндіреді. 2003-
шы жылы әл-Фраби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде Олжас Сүлейменұлының
аталған еңбегін талқылауға арналған дөңгелек стол өтті. Кітапты талқылаған
дөңгелек үстелді негізгі мақсатын түсіндірген университеті Ғылыми жұмыстар
жөніндегі проректоры А.И.Купчишин оның мазмұнына қысқаша тоқталып, осындай
еңбектер хақында келелі кеңес құруда үлкен мән жатқаның басып айтты. Осыдан
кейін көпшілік алдында сөз алған шығыстану факультетінің деканы, тарих
ғылымының докторы, профессор С.М. Сыздыков, филология ғылымдарының докторы,
профессор А.Ж. Жақсылықов, философия және саясаттану факультетінің деканы,
тарих ғылымының докторы, профессор Ж.Ж.Молдабеков, тарих ғылымының
докторы, профессор Т. Омарбековтер Олжас Сүлейменовтің еңбегі және қазақ
халқын құраған түркі тайпаларының шығу тегі туралы мәселелер төңірегінде
келелі ойлар айтты. Руникалық жазба ескерткіштерінің тілі шешендік сөйлеу
әдісінің көрсеткіші бола алатындығы, сонымен бірге сол дәірдің сан-алуан
ономастикалық атауларын ұрпақтарға қаз-қалпында жеткізген тарихи мұра
екендігі де дәлелденген. Руна жазуы ХІ-ХІІ ғасырларда қолданудан шығып
қалды. Енді руна жазбаларындағы Қарлық мемлекетінің тарихына қатысты
мәселелерді қарастырайық. Бұл жазбаларда “Үш қарлық“ елі және Шығыс түркі
қағанаты, сондай-ақ ежелгі түркілердің саяси билік мұрасы үшін күресі
туралы құнды мағлұматтар бар.
679-687 жылдары Шығыс түркілері Қытаймен табанды күрес жүргізу арқылы
тәуелсіздікке ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Тарихнама» пәні бойынша лекция сабақтары
Тарихи жады негізінде мәдени сабақтастық және ұлттық-азаматтық бірегейлік
Қазақ этногенезінің сақ кезеңі
Түркілер дәуіріндегі түрлі мәдени байланыстар
Тарихи жады негізінде мәдени сабақтастық және ұлттық-азаматтық бірегейлік туралы
Диссертациялық кеңестің ғалым хатшысы, тарих ғылымдарының докторы
Қытай жазба деректерінде
Қытай тарихын мерзімдеу
Патшалық Ресейдің Оңтүстік Қазақстанды жаулауы: әскери-отарлық әкімшілік пен жергілікті халық арасындағы қатынас
Ертедегі грек тарихшылары
Пәндер