Ж. Ақбаевтың саяси-құқықтық қызметі


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 40 бет
Таңдаулыға:   

Ж. Ақбаевтың саяси-құқықтық қызметі

ЖОСПАРЫ:

Кіріспе4

Жақып Ақбаевтың өмірі мен қоғамдық-саяси қызметі5

1. 1. Саяси өмірбаяны5

1. 2. Қарқаралы оқиғасы және Ж. Ақбаев11

2. Ж. Ақбаевтың саяси-құқықтық қызметі16

2. 1. Ж. Ақбаевтың қазақ мемлекеті мен халқының пайда болу тарихына көзқарастары16

2. 2. Ж. Ақбаевтың саяси-құқықтық көзқарастары22

Пайдаланылған әдебиеттер37

РЕФЕРАТ

Бітіру жұмысында Қазақстанның саяси және құқықтық даму тарихында өзіндік орны бар алаштың бір туар ұлдарының бірі Жақып Ақбаевтың қоғамдық-саяси және құқықтық қызметтері мен сарабдал ойлары ашып көрсетіледі. Жұмыстың мақсаты Ж. Ақбаевтың саяси-құқықтық көзқарстары мен қызметін кешенді түрде ашып көрсету толып табылады. Осы мақсатқа жету үшін мынандай міндеттерді шешу көзделді.

  1. Ж. Ақбаевтың өмірі мен оның қайраткер ретінде қалыптасуына Санкт-Петербург университетінің тигізген ықпалын;
  2. Ж. Ақбаевтың Қарқаралы оқиғасына көзқарасы мен қатысын;
  3. Ж. Ақбаевтың саяси-құқықтық көзқарастарын оның ішінде қазақ халқы мен мемлекеттілігіне және қазақтың неке және отбасы құқығын талдауға байланысты ой-пікірлерін;

Бітіру жұмыс кіріспе, ІІ бөлім, 4 тарау, қорытынды мен пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрды. Жұмыста петенция, құйрық-бауыр, қарғы бау, неке, отбасы, жол, жарғы, төру, объективті құқық, сот т. б. ұғым, түсініктер қолданылды.

Кіріспе

Қазақтың өткен күндеріне көз тастар болсақ, еліміздің ел болып, етек жабуына оның жалпы әлемдік өркениетте өзіндік орнын табуына қанша ұлтжанды ерлеріміз еңбек етті десеңізші. Сондай қазақтың біртуар ұлдарының бірі Ж. Ақбаев болып табылады. Ж. Ақбаев ХХ ғасырдың басында Қазақстанның қоғамдық-саяси аренасына шыққан бір топ алаш қайраткерлерінің бірі болып табылады. Оның сол алмағайып заманда еліне еткен еңбегі мен қызметінің мғнін ашып, оны дәріптеу Қазақстандықтардың бойында патриоттық сезімді оятуға мүмкіндік беретін шындық. Сонымен қатар еліміздің тәуелсіздігі мен дербестігін баянды ету үшін тарих күшінде қалып қойған “ақтаңдақтарды” топтық идеологияның сұрықсыз саясатынан жұққан шаңнан тазартуымыз қажет. Бұл бүгінде және болашақта да атқарыла берере еліміздің стратегиялық бағыттарының бірі болып табылады. Осы қырынан мғселені қарар болсақ, онда біздің бітіру жұмысымыздың қаншалықты өзекті екендігін аңғару қиындық тудырмайды.

Сонымен қатар бітіру жұмысымыздың тақырыбын осылай таңдаған тағы бір себебіміз, Ж. Ақбаев ғуел бастан-ақ қазақтың ұлт-азаттық қозғалысының ел таныған жетекшілерінің қатарында болды.

Бүкіл ғұмырын туған халқының тәуелсіздігіне арнаған, барша-күш жігерін осы мақсатқа жұмсаған, алаш үшін жанын пида еткен қазақ елінің біртуар қайраткері ретінде танылды. Бітіру жұмысында біз Ж. Ақбаевтың қоғамдық-саяси және құқықтық қызметі мен көзқарастарын ашып көрсетуді мақсат етіп отырмыз. Бұл мақсатқа жету жолында біз мынандай міндеттерді шешуді өзімізге жүктедік:

Біріншіден, Жақып Ақбаевтың өмірі мен өскен ортасын және Ресейдегі іргелі оқу орындарының біріне саналатын Санкт-Петербург университетінің болашақ қайраткердің көзқарасының қалыптасуына ықпалын;

Екіншіден, оның Қарқаралы оқиғасына қатысын және көзқарасын көрсетуді;

Үшіншіден, Ж. Ақбаевтың құқықтық көзқарастарын, оның қазақ халқы мен мемлекеттілігі туралы ойларын сарылау болып табылады;

Бітіру жұмысын жазу барысында біз Қазақстандық белгілі заңгер ғылымдар С. Зимановтың; Ғ. Сапарғалиевтің; З. Кенжалиевтің; М. Құл-Мұхамедтің; тарихшылар: М. Қозыбаевтың; К. Нұрпейсовтің т. б. еңбектеріне арқа сүйедік және методологиялық бағдар тұттық.

Бітіру жұмысы тақырыптың логикалық құрылымын сақтайтын ІІ бөлімге, 4 тарауға бөлінген және кіріспе, қорытынды, пайдаланылған ғдебиеттер тізімінен тұрады.

Жақып Ақбаевтың өмірі мен қоғамдық-саяси қызметі

1. 1. Саяси өмірбаяны

Жақып ақбаев 1876 жылы 7 қараша күні Қарқаралы оязының Берқара ауданындағы №3 ауылда, Төңіректес алқабында туған. Қарқаралылық Батталғазы ақсақалдың айтуы бойынша Ақбай ғулетінің генеалогиялық тізбегі төмендегідей болып келеді: “Жақаңның ұлы атасы - Жарас. Жарастан Киікбай туады. Ал Киікбайдан жеті ұл туған. Олар: Едіге, Естемес, Есқұлы, Байқұлы, Құдабай, Қисықаяқ, Болатқожа. Құдабайдан Жандерке туған. жандеркеден Ақбай, Қызылбай, Сырлыбай туады. Ал Жақып Ақбайдан туған” (“Орталық Қазақстан”, 24 тамыз, 1991 жыл) . Жақыптың ара-тұра “Жандеркин” деген пайдалануының сыры атасының атынан келіп шықса керек.

Ақбай әулеті Қарқаралы өңіріне белгілі ауқатты, әлді тұқымдардың бірі болған. Сондықтан Жақыптың өз қолымен толтырған өмірбаянында ғкесін- кедей, өзін жалшы ретінде көрсетуі бай біткеннің бәріне тас атылған заманның ыңғайына қарай жазылған нәрсе ғана деп қараған жөн. Ақбайдың Ыбырай, Мәжит, жақып, Бек атты төрт ұлы, Шәмшіқамар есімді бір қызы болған.

Міне, осы Ақбайдың үміт еткен үшінші ұлы Жақып 1886 жылы Қарқаралы қаласындағы орыс-қазақ мектебінің қазақ интернатына беріліп, оны бітіргеннен кейін Омбы гимназиясына түсті, сонан соң Томск гимназиясына ауысты. Томск гимназиясы берген кәмелеттік аттестатта Жақып Ақбаевтың омбы гимназиясында жеті жыл және Томск гимназиясында бір жыл оқығаны айтылып, оның Томск гимназиясында оқыған барлық уақытында жасалған байқаулар негізінде мінез-құлқы жалпы өте жақсы болды, сабаққа қатысуы мен дайындалуы оңды, сондай-ақ жазбаша жұмыстарды орындауы, ұқыптылығы жақсы және білуге құштарлығы мейлінше жеткіліктің деп атап өтілген.

Жас жақып Томск гимназиясын 1898 жылы бітірді. Ол кезде Томск Ресейдің ірі ағарту орталықтарының бірі ғана емес, сонымен қатар қазақ жастары білім алған қала да болды. Осында Жақып гимназия бітірген жылы кейіннен Алашорда жетекшілерінің бірі болған Әміре айтбакин Томск университеті медицина факультетінің бірінші курсына түскен еді. Қазан төңкерісіне дейін (1917) мұндағы жоғары оқу орындарынан кейін белгілі мемлекет және саяси қайраткерлері, ғалымдар Ысқақ Жақсылықов, Сәлімгерей Нұралыханов, Асылбек Сейітов, Мұратбек Сейітов, Бөжей мыңғашев, Бейсенбай Тойсарин, Әлімхан Ермеков білім алды. Томск Жақып Ақбаевты да білім алуын одан әрі жалғастыруына ынталандырды.

1898 жылы жақып Ақбаев Санкт-Петербург университетінің заң факультетіне түсті. Ол Ресейдің осындай беделді оқу орнының студенті болған екінші қазақ еді1. Студенттер саясаипен айналыспауға, қоғамдық ұйымдардың жасырындарына да, жарияларына да қатыспауға тиіс болатын. Олар бұған қолхат беретін. Жас Жақып Ақбаев та осындай қолхат берді. Сол қолхаттың мәтіні міне мынандай:

«Төменде қол қойып отырған мен 1898 жылдың 3 қыркүйек күні өзімнің Императорлық С. -Петербург университетінің студенттері немесе тыңдаушылары қатарында болу кезімде қандай бір құпия қоғамға кірмеуге осы қолхатты беріп, әрбір жеке жағдайда ең жақын бастықтардың рұқсаты болмайынша, тіпті заңда рұқсат етілген қоғамдарға да кірмеуге, сондай-ақ ешқандай да ақша жинауға атыспауға міндеттенемін; осы уәдемді бұзған жағдайда мен оқу орнынан дереу шығарылып, өзім рұқсат етілмей жиналған ақшаға қандай да болсын құқықтан айрылуға тиіспін.

Заң факультетінің студенті Жақып Ақбаев. Куәлік, билет және студенттерге арналған ережелерді сақтауға міндеттенуші Жақып Ақбаевң.

Заң факультетінде оқи жүріп, Ж. Ақбаев мынадай курстарды тыңдады: Рим құқығының тарихы, Рим құқығының догмалары, Орыс құқығының тарихы, Мемлекеттік құқық, Шіркеу құқығы Полиция құқығы, Саяси экономия, Стаистика, азаматтық құқық, Сот ісін жүргізу, Сауда құқығы, Қылмыстық құқық, Қаржылық құқық, Халықаралық құқық, Құқық энциклопедиясы, Құқық филосоиясының тарихы.

Санкт-Петербург университетінің Ақбаев оқуға түскен заң факультеті сол кезде Л. И. Петражицкий (құқық психологиясы), В. Милютин (орыс мемлекеттік құқығы), И. Ивановский (дипломатия), К. Неволин, К. Кавелин (азаматтық құқық), Я. Баршев (орыстың қылмыстық және полициялық құқығы), В. Спасович (қылмыстық құқық), В. Порошин мен И. Горлов (саяси экономия мен статистика) және басқалары сияқты аса көрнекті ғалымдармен даңқы шыққан еді. талантты жас жігіт оқу басталысымен-ақ оқытушылардың назарын аударып, олар мұның тамаша болашағы бар деп білді. бұған мынадай мысал да айғақ бола алады: магистрлік диссертация жазатын кезде Жақыптың ғылыми жұмысына жетекшілік етуге ректордың өзі, қабілетті студентке жылы қарайтын құқықтанушы профессор А. Х. Гольмстен ықылас білдірді. Оның ғылыми жетекшілік етуі, ізгілікпен білікті ақылөкеңес беруі Ақбаевтың салиқалы да іргелі еңбек жазып шығуына игі ықпал етті.

Петербург университетінде Жақып Ақбаев жоғары білім, қамсыз өмір сүру мен қоғамда құрметтелуге кепілдік берген беделді мамандық алып қана қойған жоқ. Лекциялардан және алдыңғы қатарлы профессорлармен тікелей қарым-қатынас жасаудан ол ізгі мақсатқа заңсыз амалдармен қол жеткізуі мүмкін емес деген басты қорытынды шығарды. патша өкіметі мен оның отаршылдық саясатына кәміл сеніммен қарсы болған жақып сонымен бірге әрқашанда қантөгіс және жай адамдарға қайғы-қасірет әкелетін революциялық зорлық-зомбылықты әсте де жақтаған емес. Сондықтан ол тіпті ең өткір мәселелерді де өркениетті жолмен, жүйенің кеселдерін ашық сынау, әшкерелеу, құқылық негізде іс-қимыл жасау жолымен шешу мейлінше қолайлы деп саналады. Ақбаевтың отаршыл өкімет орындарының жүгенсіздігіне қарсы күресі студенттік жылдардың өзінде-ақ басталғандықтан мұны атап өту маңызды.

Университетті алтын медальмен тәмәмдап, қазақ халқынан тұңғыш “право магистрі” деген ғылыми атаққа ие болған Жақып Ақбаев 1903 жылы туған еліне оралды. Елге оралған соң әкеме ата-анасы, жора-жолдастары “үйлен” деп, оқыған, мәдениетті, сымбатты жігітке өзіне лайық жар таңдатады. Таңдау сол кезде Қарқаралыдағы ауқатты татар байларының бірі Халиолла Бекметовтың бойжетіп отырған сұлу қызы Гүлбахорға түседі. Әкесі арқылы Халиолла байға кісі жіберіп, сұрау салады. Болашақ қайын атасы қызы көнсе, өзінің қазақ байымен құда болуға қарсы еместігін білдіреді. Мұны естіген жақыпты бұрын көрмеген қаланың ерке сұлуы “қазаққа бармаймын” деп қиғылық салыпты. Осы кезде үйге Халиолла байдың рұқсатымен үстіне су жаңа фрак киіп, алтын пенснесін жарқылдатып жақып келеді. Көріп, көңілі әбден орныққан анамыз әуелгі райынан қайтып, келісімін береді”, - деп жазады өз естелігінде Жақаңның үлкен қызы Аргуния апай әкесінің үйленуі туралы. шындығында Гүлбахор (ел арасында Жақаңның еркелетіп қойған атымен “Гүлбіш” деп атап кеткен) жеңгеміз өте көрікті, келісті адам болыпты. Оны Гүлекеңнің жас кезінде түсіп, әлі күнге дейін сақталған суреттері дәлелдей алады. Кейін екеуі Омбыдағы сауық кештердің сәні болып, Гүлбахор ең сұлу әйелге берілетін жүлделерді алып отырған.

Жақып Ақбаев өмірбаянының келесі жолдарында: “Мен 1903 жылы 9 маусымда (ескі санақ бойынша - 27 мамыр) Санкт-Петербург университетінің заң факультетін бітіріп шықтым. 1903 жылы күзде Омбы сот палатасына қызметке тұрып, 1904 жылдан бастап палатаның хатшысы болып істедім. 1905 жылдың тамызынан бастап Омбы қаласындағы 2-учаскенің мировой судьясы қызметін атқардым”, - делінген.

1903 жылдың күзінде Ж. Ақбаев Омбы сот палатасына қызметке кіріп, онда палата хатшысы болып істеді. Ал 1905 жылғы тамыздан бастап Ж. Ақбаев Омбы қаласындағы 2-учаскенің бітістіруші судьясының міндетін атқарушы болып тағайындалды. Омбы Қазақстанның кең көлемді аймағы - Дала генерал-губернаторлығының орталығы болатын. Ресейдің орталығында басталған революциялық қозғалыс Омбыға, айтар болсақ, азды-көпті ірі елді мекендерге дейін де жеткен еді. Ал Ақбаев болса қызмет парызы бойынша өзінің саяси көзқарастарын жалпы жұртқа көрсетуден тартынуға тиіс болды. Мұның өзі Ақбаевтың азаттық қозғалысында кездейсоқ жолбике болмағанын және сол кезге қарай-ақ өзінің берік саяси көзқарастары мен идеялары бар озық ойлы қоғамдық қайраткер болып қалыптасқанын көрсетеді. Ж. Ақбаев өзінің “Қысқаша өмірбаянында” бұл туралы былай деп жазады: “1905 жылғы қазан-қараша айларында Омбы қаласындағы үкіметке қарсы митингілерде самодержавиені құлату қажеттігі туралы сөздер сөйлеуіме байланысты мен сот ведомствосынан кеттім. Кезеңнің қоғамдық-саяси ағымы туғызған сезімдік серпіннің, буырқанған шабыт пен ынта-жігердің күшімен мен жаржы-уағызшылар қатарына қосылдым”.

1908 жылдан Жақып Ақбаевтың өмірінде азап пен жоқшылыққа толы кезең басталды. Сол жылғы 29 қарашада Дала генерал-губернаторлығы кеңесінің құпия бөлімінде оған арнаулы іс ашылып, ол 1917 жылғы Қазан төңкерісіне дейін жүргізілді деуге болады. Бұл іс (“құпия” деген белгі соғылған) ерекше тапсырмалар жөніндегі шенеунік Симоновтың 6 беттік хабарламасымен ашылған, ол хабарламаны Семей губернаторы Тройницкий 1908 жылғы 17 қарашада Дала генерал-губернаторының атына жолдаған еді. Хабарламада Ж. Ақбаевтың Санкт-Петербург университетін бітірген күнінен бастап барлық “қылмыстары мен күнәлары”, соның ішінде патша-ағзамға “тіл тигізіп”, сол үшін сотталғаны да тәптіштеп тізіп келтірілген. А. Тройницкий хабарламаны да тәптіштеп тізіп келтірілген. А. Тройницкий хабарламасының әрбір жолынан Ж. Ақбаев өте қауіпті және дөрекі, байырғы тұрғындардан қолдау тауып, сүйіспеншілігіне бөленген, олардың ақыл-ойында бүлік, әкімшілік пен өкімет орындарының алаңдаушылығы мен мазасызданғандығын туғызады деген ой көктей өтеді. Атап айтқанда, хабарламаның «Ақбаевтың үш жыл бойы жазасыз өтуі дала халқының көз алдында өкімет әлсіздігінің күмәнсіз белгісі болып көріндің деген сияқты жолдары көп нәрсені аңғартады. Ақбаевтың ісінде оның әрбір басқан қадамы қадағаланып отырған, мысалы, оның Баянауыл почтасы арқылы Ә. Бөкейхановқа ақша аударғаны айтылып, ал соңғысы Выборг үндеуіне қол қойған “қылмыскер” делінген. Шынында да, Омбы мен Қарқаралыда болған кезінде Ж. Ақбаев Әлихан Бөкейхановпен және Ахмет Байтұрсыновпен өте жақын, достық қатынас жасаған еді. Бұл туралы архивтерде сақталған деректер бар. Істе Ж. Ақбаевтың Санкт-Петербург университетінің профессоры Петражицкийге хатында “Қазақ халқы қолына қару алып күресуге әзір” деп жазғаны да хабарланған. Тройницкий жолдаған хабарлама Ж. Ақбаевтың өмірінде қатерлі рөл атқарды, ол генерал-губернаторға мынадай өтінішпен аяқталған: “Жоғары мәртебелім, Мемлекеттік тәртіп пен қоғамдық тыныштықты сақтау жөніндегі шаралар туралы ережені” 33, 34 және 36-баптары негізінде Ақбаевты сібірдің алыс губерниялары мен облыстарының біріне полицияның жария бақылауымен 5 жылға жер аудару туралы Ішкі істер министрімен байланыс жасау керек”.

Академик С. Зиманов Ж. Ақбаевтың сол кезеңдегі қоғамдық-саяси қызметіне былай деп лайықты бағасын берді: “Деятельность Акпаева в этот период, во-первых, была высшей ступенью на которую мог подняться только деятель передовой мысли, живший в казахском обществе в начале ХХ века. Во-вторых, его агитации в массах была революционной работой действовавшего в одиночку человека, добивавшегося временного успеха”2

Қазақ халқының бостандығы мен тәуелсіздігі жолында Ж. Ақбаев, А. Байтұрсынов, Ә. Бөкейханов, М. Дулатов жүргізген күрес әдістерінде ортақ нәрсе көп болатын. Олардың бәрі туған өлкесінің тәуелсіздігіне большевиктер сияқты күш қолдану құралдарымен, қантөгіс арқылы емес, заңды, конституциялық жолмен, халықтың ұлттық сана-сезімін ояту жолындағы саяси күрес арқылы жетуді жақтады.

Жақыптың тағдырында одан кейін болған тартысқа толы өзгерістер туралы А. Жақыпова мен Ғ. Сапарғалиев былай деп жазады: “В феврале 1910 г. Министерство внутренних дел вынесло постановление о воспрещении Акпаеву, жительства в пределах Семиречинской и Тургайской областей опять на два года. Я. Акпаев поселяется в Караганде”3. Бұл мәліметтерді нақтылаған кезімізде біз ғалымдар сілтеме жасаған архив деректемелерінде жүгіндік. Л. А. Фалькевичтің 1907-1918 жылдардағы Қарағандыдағы революциялық оқиғалар туралы бұрынғы Партия тарихы институтының архивінде сақталған естеліктерінде былай делінген: “1911 жылы рудникке Қарқарыладан Ақбаев (кейіннен алашордашыл), келді. Ол қазақтар арасында зор жұмыс жүргізді, сөйтіп ол Спасск мен Қарағандыда барлық қазақ жұмысшыларының үш күндік ереуілін ұйымдастыра білді. Қазақтар жұмысқа шықпады, полиция оларды жеркепелерден шығара бастады, олар киіз үйлерге кетті”. Қарт революционердің бұл хабарына мынадай себептермен сену қиын. Біріншіден, Ақбаевтың әр қадамын қадағалап отырған полиция архивтерінде Л. А. Фалькевич суреттеген оқиғалар туралы материалдар (рапорттар, хабарламалар, шағымдар және т. б. ) жоқ. Екіншіден, Жақыптың ауыр науқас анасына баруына рұқсат етпеген полиция оның жұмысшылар шоғырланған Қарағандыға баруына жол беруі екіталай. Үшіншіден, естеліктер көп жыл өткен соң жазылған, автордың, әлбетте, қателесуі, ұмытып қалуы мүмкін. Төртіншіден, “Айқапта” жарияланған мақаласында Ж. Ақбаев өзінің 1911 жылы абақтыда қамауда отырғанын жазады.

1917 жылғы наурыз айында Қарқаралы уездік комитеті Ж. Ақбаевты ақтау ұсынылған қаулы қабылдайды. Онда Жақып Ақбаевтың көп жылдық қызметіне лайықты баға берілген. Ол амалсыздан босатылған. Соның ізінше оған тағы да “саяси сенімсіз” деген айып тағылды. Осыған байланысты оның өмірбаянын тағы бір үзінді келтірейік. “1917 жылдың қаңтар-ақпан айларында бес жылға Якут облысына жер аудару туралы мәселе көтерілді. Мен бұл сапарға шындап әзірлендім, бірақ мені Якутияның түрмелеріне ұзақ уақыт этаппен айдалудан ақпан революциясы құтқарды. Бірақ оның есесіне 1917 жылғы наурыздың аяғында комиссар (Уақытша үкіметтің) Вайсер мені қазақтар арасында жаңа саяси ұрандар: халық билігі, автономия, республика ұрандарын бірінші болып ұсынғаным үшін қамауға алып, орыс казактарымен Семейге жөнелттің.

Сөйтіп тағы да түрмеге бұл жолы Ақбаевқа Алаш буржуазиялық-ұлтшылдық партиясында және “Алашорда” үкіметінде болғаны айып етіп тағылды. Бұл Қазақстандығы қанқұйлы саяси жазалаулардың басы болатын. Ж. Ақбаев кеңес түрмесінің сұмдық жағдайларында екі жыл отырып, еркіндікке титықтап, өте қалжырап шықты. Қол қусырып қарап отыруға дағдыланбаған Ақбаев денсаулығын сәл жақсартып алған соң 1925 жылы Семейге келіп, губерниялық атқару комитетінде, халық сотында әр түрлі қызметтерде істей бастайды. 1926 жылдың шілдесінен 1927 жылғы 13 желтоқсанға дейін ол Семей губерниялық соты жанындағы адвокаттар алқасы мүшесінің міндетін атқарады. Бейнелеп жүзуге салу деген сөз еді. Әрине, “Алашорда” үкіметінің бұрынғы бас прокуроры, ғұлама ғалым, жоғары класты маман шала сауатты кеңестік шенеунік-сымақтардың қарамағында қызмет ету қорлығына қатты күйінгенді.

Солтүстіктің ылғал әрі салқын климаты жағдайында Ж. Ақбаевтың патшалық Ресей түрмелері мен айдауында-ақ әлсіреген денсаулығы мүлде нашарлап кетті. Айдаудағы адамның өлім халіне жеткенін білген түрмешілер рақым білдіріп, 1934 жылы оған емделу үшін Алматыға келуіне рұқсат етті. Осында келген соң бірсыпыра уақыт өткеннен кейін Ж. Ақбаев мәңгілікке көз жұмды. Оның қайтыс болған күні - 1934 жылғы 4 шілде.

1. 2. Қарқаралы оқиғасы және Ж. Ақбаев

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жақып Ақбаевтың өмірі мен тарихи - саяси көзқарастары
Бірінші ширегіндегі Қазақстандағы саяси - құқықтық көзқарастар
Ж.Қасымбаевтың өмір тарихы мен ғылыми - педагогикалық қызметі
ХХ ғасыр Қазақстандағы саяси – құқықтық ойлар
Отандық тарих ғылымының өзекті мәселелері зерттеген ғалым еңбегін ғылыми тұрғыдан зерделеу
Ә. Бөкейхановтың өмірбаяны
Орыс Географиялық Қоғамы
Отыншы Әлжановтың публицистикасы
XХ ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының ұлттық мемлекеттілік үшін идеалдық күресі
Азаматтық қоғам құқықтық
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz