АЛТЫН ОРДА МЕМЛЕКЕТІ МЕН МАМЛҮКТІК ЕГИПЕТ АРАСЫНДАҒЫ САЯСИ БАЙЛАНЫСТАР


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 51 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

КІРІСПЕ3

1 АЛТЫН ОРДА МЕМЛЕКЕТІ МЕН МАМЛҮКТІК ЕГИПЕТ АРАСЫНДАҒЫ САЯСИ БАЙЛАНЫСТАР10

1. 1 Саяси-әскери байланыстар10

1. 2 Дипломатиялық қатынас19

ІІ ТАРАУ. АЛТЫН ОРДА МЕМЛЕКЕТІ МЕН МАМЛҮКТІК ЕГИПЕТ АРАСЫНДАҒЫ МӘДЕНИ ҚАТЫНАСТАР34

2. 1 Әдет-ғұрыптық, салт-дәстүрлік, тілдік байланыстар34

2. 2 Дін саласындағы ықпалдастық40

ҚОРЫТЫНДЫ49

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТТЕР ТІЗІМІ51

КІРІСПЕ

Еліміз егемендік алып, өткендегі шындықты қалпына келтіріп жатқан бүгінгі таңда Алтын Орда мен Мысыр Мамлүк мемлекетінің байланыс тарихын обьективті түрде зерттеудің мәні ерекше зор. Қазіргі уақытта қазақ халқының рухани өрлеуі мен тарихи сананың қалыптасу заманында өзінің көршілес және алыс халықтармен, мемлекеттермен ғасырлар бойындағы болған қарым-қатынастары мен байланыстарына деген қызығушылық едәуір артып отыр. Себебі, орта ғасырларда тарих сахынасына бой көтерген Еуразиялық мемлекет - Алтын Орда мықты, ықпалды мемлекет ретінде ең алдымен сол кезеңде өмір сүрген халықтардың саяси-этникалық дамуына, сонымен бірге қазақ халқының қалыптасуына да елеулі әсер етті. Ең ірі этникалық топтардың бірі болған қыпшақтар Еуразия мен Жерорта теңізі аймағындағы бірсыпыра шет ел этностары мен мемлекеттерінің тарихында өздерінің өшпес іздерін қалдырды. Олардың ішінде, Мысыр елін ерекше айтуға болады.

Тарих ғылымдарының докторы, профессор Қ. Т. Жұмағұлов “сақтар, сарматтар, ғұндар, түрік қағанаттары, түркеш, оғыз, қарлұқ мемлекеттері, моңғол ұлыстары, Алтын Орда және қазақ хандығының тарихтары Қазақстан мемлекеттілігінің негізгі тарихы болды”, -дейді1. Яғни, Алтын Орда да Қазақстан мемлекетінің негізгі тарихы ретінде жан-жақты зерттелуі тиіс. Соның ішінде ұзақ уақыт саяси, мәдени, қоғамдық дамуда ерекше роль атқарған Алтын Орданың ХІІІ-ХІҮғғ. саяси тарихын жан-жақты зерттеу еліміздің тарихын одан әрі терең түсінуге жол ашады.

Сыртқы саясатын Мысыр Мамлүк мемлекетімен байланыстыра отырып, екі ел дипломатиялық қатынас орнатады. Өз заманының ең ірі саяси құрылымдары болған бұл екі мемлекеттің іргелері көп жағдайларда қыпшақ этносы, оның дәстүрлері мен мәдениетіне негізделген.

Алтын Орда мен Мысыр Мамлүк мемлекетерінің арасында орын алған байланыстар тарихы өте аз зерттелген. Сонымен бірге, тоталитарлық жүие зардаптары да анық байқалады. Яғни, марксизм-ленинизм идеологиясына сай бұрмаланып, бір жақты қаралып келді. Отарлау мен тоталитаризм жүйесі тарихымызды шынайылық тұрғысынан зерттеу ісінде төл зерттеушілерге жол бермеумен қоса, өзінің отарлық саясатына сәйкес оны барынша бұрмалап, және сол бұрмаланған күйінде ғылыми айналымға енгізуді бүгінгі таңдағы халқымыздың басына түскен ең үлкен рухани зардаптардың бірі болып табылады.

Алтын Орда мемлекетінің кіндігі қазіргі Қазақстан жерінде орналасып, тарихи дамуы жағынан қазақ халқы этникалық және мәдени мұрагері болып табылуы себепті, алтын Орда мемлекетінің тарихын зерттеу ісі төл ғылымымыз үшін ең өзекті тақырыптардың бірі болып табылады. Профессор Қ. Т. Жұмағұлов “Президент Н. Ә. Назарбаевтың 2004 жылға арналған жолдауында көрсетілген ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары орасан зор интеллектуалдық инновациялық қуатқа ие”, -дей келе, қарастырып отырған құжаттың 3 негізгі бөлімінің, әсіресе әлеуметтік даму бөлімінің мәдени-тарихи мұраны сақтау тармақшасына қатысты тоқталады2. Президент жолдауында тарихқа, тарих ғылымына үлкен көңіл бөлінеді. Өткенімізді сараламай болашағымызды болжау қиын. Осыған орай Қ. Т. Жұмағұлов төмендегідей пікір айтады: “Тарих ғылымының саяси және әлеуметтік маңызы зор. Сондықтан, біздің мемлекетіміздің басшысы өзінің барлық бағдарламалық сөздерінде тарихи өткенімізге, қазіргі күніміз бен болашағымызға көп көңіл аударатыны кездейсоқ емес”3.

Тарихымызды зерттеу ісінің ғылыми, әлеуметтік, қоғамдық және ұлттық-танымдық қызметтерімен қоса, бүгінгі күні сыртқы саясаттағы басқа елдермен қарым-қатынасымыздың тарихи тамырлары мен негіздерін ашып көрсетуіндегі маңызы өте зор. Алтын Орда мемлекеті мен Мысыр елінің ғасырларға созылған жан-жақты қатынастарын ашу арқылы, қазіргі уақытта тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің араб-ислам әлемімен байланыстарының терең тамырлары бар екенін көрсету. Бүгінгі әлемдік қауымдастықта бұл байланыс маңызды орынға ие және оны жаңа деңгейде жаңғырту үшін негіз болады.

Алтын Орда мемлекетінің тарихын зерттеу саласында әлемдік ғалымдардың осы тарихқа қатысы бірқатар еңбектері жарық көріп, бай материалдар жинастырылғанына қарамастан, қазіргі уақытқа дейін бұл мәселенің жауабынан сұрағы, белгілісінен белгісізі көп. Ғылыми әдебиетте кеңінен тараған “Алтын Орда” атауы орыс жылнамалары бойынша кеш пайда болып, оның алғаш рет жазылуын ХҮІғ. жатқызады. Шығыс дерек көздерінде бұл мемлекеттік құрылым көптеген атаулармен белгілі және олардың ішіндегі кең тарағаны Дешті-Қыпшақ болған. Монғол жаулаушылығына дейін Ұлы Даланың Ертістен бастап Дунайға дейін созылған ұланғайыр жерлері ХІғ. аяғынан ХІІІғ. басына дейін Қыпшақ хандарының қолында болған. ХІІІғ. бірінші жартысында қыпшақтардың билігі астында болған жерлердің бәрі Монғол империясының құрамына кіргізіліп, осы ғасырдың 60-жылдарынан бастап, саяси биліктің барлығын өз қолдарына алған монғол ақсүйектері қыпшақтармен туыстасып, олардың арасына бірте-бірте сіңісу арқылы ассимиляцияға ұшырайды. Қыпшақ және монғол мәдениетінің өзара күресінің нәтижесінде дамуы жағынан жоғары тұрған қыпшақ мәдениеті басымдылыққа ие болып көп ұзамай жеңіп шығады.

Бітіру жұмысында Алтын Орда мемлекетінің ХІІІғ. ортасы мен ХҮғ. басына бейінгі саяси, мәдени, дипломатиялық, құдалық, этникалық байланыстарын қарастырдық.

Тақырыптың зерттелу деңгейі: Бүгінгі таңда Алтын Орда тарихын зерттеу маңызын жоғалтқан жоқ. Керісінше күннен-күнге мәселеге деген қызығушылық пен құлшыныс байқалады. Оның ішінде Алтын Орда мен Мысыр Мамлүк мемлекетінің байланыстары жан-жақты зерттелмеген. Бұл тақырып әлі де өз зерттеулерін күтіп тұрған маңызды мәселелердің бірі. Оны жүзеге асыру ісі жүйелі және мақсатты түрде жүргізілуімен қатар, оның деректік негізі жасалуы керек.

Мәселенің зерттелу деңгейін қарасырта отырып, бұл салада жарық көрген ғылыми әдебиеттердің өте көп екендігін айта кету қажет. Бірақ, осыған қарамастан мәселе өзінің толық зерттеуі мен түбегейлі шешуін тапты және бұл мәселеге қалам тартқан авторлардың барлығы мәселеге шынайылық тұрғысынан келді деуге болмайды. Бұл мәселені қарастырған бірқатар авторлар белгілі бір идеологиялық шеңбердің ішінде болса, ал бірқатар авторлардың қолында материалдардың тапшылығынан болуын да ескеруіміз қажет.

Зерттеулердің көптігі мен еркешеліктеріне байланысты оларды төмендегідей топтарға бөліп қарастыруға болады:

Батыс Еуропа елдерінде Дешті Қыпшақ тақырыбына қатысты зерттеулер өздерінің бастауын ХҮІІ-ХҮІІІғғ. алады және бастапқы кезеңде бұл зерттеулердің ғылыми ауқымы тар болды, еуропалықтар тарапынан өздерінің мұсылман көршілері туралы жалпы қызығушылық шеңберінен аспады және тақырыптық жағынан да шектеулі сипатта болды. Бұл салада зерттеулер жүргізген алғашқы авторлардың арасында д, Эрбело, Ж. Дегинь, И. Хаммер-Тургштальді атауға болады.

Ресей зерттеушілері тарапынан Дешті-Қыпшақ тақырыбына деген қызығушылық ХҮІІІғ. соңы мен ХІХғ. басын қамтыған кезеңде басталды. Ол негізінен Алтын Орданың тарихын зерттеумен байланысты қарастырылады. Бұл саладағы жүргізілген алғашқы зерттеулерді Х. М. Френ, П. Савельев, И. Березин, Т. С. Саблуков, С. Д. Оссон, Х. Ховорстың аттарымен байланыстыруға болады.

ХІХғ. соңы мен ХХғ. ортасына дейін Батыс Еуропа және Ресей зерттеушілерін Алтын Орда тарихының ішінде негізінен оның саяси тарихы, мемлекеттік құрылымы және Батыс елдерімен қарым-қатынасы қызықтырды. Бұл кезеңде парсы, араб тілдеріндегі нарративті деректермен қоса, Алтын Орданың ірі қалаларының қалдықтарында жүргізілген қазба жұмыстары негізінде табылған материалдық деректер, оның ішінде нумизматикалық материалдар кеңінен пайдаланылды. Бұл салада зерттеу жүргізгендердің ішінде В. Г. Тизенгаузен, С. Лэн-Пуль, Н. И. Веселовский, Г. Алтунин, М. Д. Приселков, Ф. В. Баллод, В. В. Бартольд, Г. В. Вернадский, Б. Пелисо, Б. Спулердің аттарын атауға болады. Олардың ішінде В. Г. Тизенгаузен Алтын Орда тарихына қатысты орта ғасырлық араб, парсы және түркі жазба деректерінің үзінділерінен құралған жинағы бұл салада бүгінгі күнге дейін құнды дерек көзі ретінде өзінің ғылыми құндылығын жоғалтқан жоқ4.

Баллод археологиялық қазба материалдарын кеңінен пайдаланса, академик Бартольд шығармасының І томын монғол жаулаушылығы тұсындағы Түркістан кезеңіне тоқталып, моңғол билеушілері мен олардың арасындағы қақтығыстар жайлы мәлімдейді5.

Дешті Қыпшақ тақырыбы 50-жылдардан бастап жазылған зерттеулер негізінен маркстік тұрғыдан жауланып алынған халықтар мен мемлекеттерге қатысты Алтын Орданың кертартпалық ролі баса қарастырылады. Кеңес үкіметі кезінде зерттеулер жүргізген Б. Д. Греков, А. Ю. Якубовский, М. Г. Сафаргалиев Алтын Орданың саяси және мемлекеттік жүйесін көрсетуге тырысса, А. Г. Федоров-Давыдов археологиялық қазба материалдары негізінде Алтын Орданың мәдени өміріндегі Хорезм, Византия сияқты елдердің ықпалын ашуды көздейді6. Алайда аталған авторлардың араб жазба деректерін назарға алмауы себепті олардың зерттеулері өздерінің алдына қойған мақсаттарына жетті деп айтуға келмейді. Сондай-ақ, бұл салада зерттеу жүргізген ғалымдардың ішінде А. Али-Заде, П. Петрушевский, Н. М. Булатов, В. П. Юдин, К. А. Пищулина және В. Л. Егоровтың есімдерін атауға болады. Осылардың ішінде В. Л. Егоров Алтын Орданың территориясын, шекараларын және әкімшілік құрылысын қарастырады7. Бірақ оның көзқарасы да біржақты болып келеді.

Бұл саладағы елеулі зерттеушілердің ішінде Қазақстандық зерттеушілердің ролі үлкен. Академик Ә. Марғұлан өз зерттеуінде қазақтардың орта ғасыр тарихы, атап айтсақ, Ұлы Даланың жоғарғы мәдениетін көрсетуге арнаса, деректанушы ғалым Б. Е. Көмеков орта ғасырлардағы араб және парсы жазба деректерінің негізінде Дешті Қыпшақ мемлекетінің тарихи географиясын, саяси және мәдени өмірін, оның этникалық құрылымын ашып көрсетуге арналған зерттеулері бұл тақырыпқа үлкен үлесін қосты8.

Соңғы жылдары Дешті Қыпшақтың тарихи орны мен роліне баға беруде ғылыми көзқарас түбегейлі өзгеріп, бұрынғыдай біржақты сипатынан арыла бастады. Бүгінгі таңда ортағасырлық араб дерек көздерінің барлығы тұңғыш рет толығымен қамтылып, оларға деректік талдау жасаған Б. Батырша-ұлы9. Ол Мысыр Мамлүк мемлекеті мен Алтын Орда байланыстарына жан-жақты тоқталады. Алтын Орда тарихы мен Мысыр мемлекеттерінің қатынастарына қатысты деректерге талдау жасайды. Сонымен бірге, Мысыр Мамлүк мемлекеттеріне қатысты мәселелерді көтерген зерттеулерге де тоқтала кетеді. “Бұл саланы зерттеуде бастапқы кезеңде белсенділік танытқан Батыс Еуропа зерттеушілерінің орнына ХХғ. жартысынан бастап араб, әсіресе Мысыр зерттеулері Мамлүк мемлкетінің сыртқы саясаты, дипломатия, соғыстары, сауда, мамлүктердің әлеуметтік жағдайы, экономикасы, мәдениет, әдебиет салаларындағы дамушылық, дін және ішкі саясаттағы реформалары сияқты көптеген қырлары мен сырларын ашуға бағытталған зерттеулері жүзеге асырды”, -дейді10.

Аталған екі мемлекеттің байланыстарын алғаш рет зерттеу ісі Амин әл-Холидің есімімен байланысты және ортағасырлар араб жазба деректерін пайдаланған зерттеуші көп жағдайларда деректерді келтірумен шектеліп, оларға талдау жасамайды. Мысыр Мамлүк мемлкетінің Алтын Ордамен дипломатиялық байланыстарын ашуға арналған С. Закировтың зерттеуі бұл тақырыпты жан-жақты баяндайды11. Алайда зерттеуші екі мемлекет арасындағы дипломатиялық байланыстардың күшеюі мен әлсіреуінің кезеңдерін анықтамаған және олардың себептерін ашпаған.

Жоғарыда аталған маңызды екі зерттеудің жарық көруіне ХХғ. 60-жылдары Мысыр Араб Республикасы мен Кеңестер Одағының арасындағы саяси жақындасуы түрткі болғаны анық. Амин әл-Холидің зерттеуі Мамлүк мемлекеті мен Дешті Қыпшақ арасындағы саяси, әскери, дипломатиялық және құдалық қарым-қатынастарымен қоса, этникалық, мәдени, діни, әдеби, әдет-ғұрыптық байланыстарын көрсетуді өзінің алдына мақсат етіп қояды. Оған едәуір жақындап келеді. Алайда автор өзінің зерттеулерінде мамлүктердің тілі мен мәдениеті, әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерін көшпелі қыпшақтікі дей отырып, келтірген құнды деректері мен мағлұматтарының нәтижелерін бүгінгі күнгі түркі халықтарының, әсіресе қазақ халқына қатысты екенін ашып көрсете алмауы зерттеушінің қолында түркі халықтарының тарихи этникалық мағлұматтарының болмауы деп ой түюге болады.

Закиров өз зерттеуінің обьектісі етіп, екі мемлекет арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастарды және Мамлүк мемлекетіндегі дипломатия саласындағы сұлтан кеңесінің құрылымы мен қызметін көрсетуге арнайды.

Соңғы уақыттарда Ресей зерттеушілері де Алтын Орда тарихына қызығушылық танытып жүр. Атап Айтсақ: В. П. Юдин, Р. Ф. Исламов, Ю. В. Сочнев12. Алтын Орда тарихы мен оның Мамлүк мемлекетімен қатынасы жайлы Қазақстанда да зерттеулер жүргізілуде. Н. Нұртазина орта ғасырлардағы Қазақстан тарихындағы ислам жайлы зерттей келе, оған қатысты Берке ханның мұсылмандықты қабылдауына, Египет сұлтаны Байбарыспен дипломатиялық қатынасына байланысты мәліметтер береді13. Т. И. Сұлтанов деректер негізінде жазған ғылыми еңбегінде Шыңғыс ханның өмірге келуінен бастап, оның мұрагерлеріне қатысты, негізінен қазақ хандығының құрылуына тоқталады14.

Араб әрпі мен татар тілінде шыққан “Шора” журналының аударылған мақалалары да маңызды. Нұрқасым Қазыбек құрастырған бұл еңбекте Алтын Орда дәуіріндегі хандар мен елеулі тарихи тұлғалардың халықтар мен мемлекеттер өміріндегі түбегейлі бетбұрыс кезеңінде атқарған қызметтерін баяндайтын мақалалар топтастырылған15.

“Ерекше ерлігімен, асқан ақылымен құлдықтан хандыққа дейін көтерілген, Египеттей алып елді 17 жыл бойы билеп, крест жорығын бастаушылардан жалпы араб әлемін сақтап қалған біздің ұлы бабамыз Байбарыстың бала күнінде тұтқынға осы Атырау бойынан әкетілгенін, өзінің сүйегі осындағы беріш тайпасынан екенін көптеген тарихшылар кезінде жазып қалдырған. Мен ана жылы Мысыр еліне барғанымда Байбарыс салдырған мешітте құран оқыттым, даңқты бабамызды арабтардың қандайлық құрмет тұтатынын өз көзіммен көрдім… ” дей келе еліміздің президенті Н. Ә. Назарбаев Байбарыс бабамызды жоғары тұтады16. ХХІғ. басталысымен Байбарыс сұлтанның 775 жылдық тойына ұласты. Осы жылы Байбарыс тарихына қатысты бірқатар еңбектер жарық көрді. Мысалы, Қ. Ұ. Сәки - өзі мамлюк танушы, арабист, негізінен Байбарыс сұлтанға арналған еңбегінде Байбарыс пен Беркенің дипломатиясына арналған - хат алмасу, елшілік алмасу, бір-біріне сый - сияпат алмасу сияқты әрекеттерін деректерге сүйеніп, нақты көрсетіп береді17. Б. М. Карашин зерттеу еңбегінде Мамлүктік Египет пен Алтын Орда арасындағы саяси одақтың нәтижесін жақсы баяндайды18. А. Саудабаев өз еңбегінде тікелей Байбарыс сұлтанға қатысты тоқталса, Қ. Ө. Жүсіп Байбарыс сұлтанға жоғары баға береді19.

Тақырыптың деректік негізі: Дешті Қыпшақ пен Мысыр Мамлүк мемлекеттерінің тарихы мен олардың арасындағы қарым-қатынастар мен байланыстарды зерттеу саласында ортағасыр араб жазба деректерінің негізінде жүзеге асырылады.

Алтын Орда тарихына қатысты деректердің қатарында ерекше орынды В. Г. Тизенгаузеннің еңбегі алады. Тизенгаузен дерек көздерін толығымен қамтыған20. Алайда деректерді пайдаланғанда оны жазып қана қоймай сыннан өткізу қажет. Осы арада профессор Қ. Т. Жұмағұлов “мәліметтерді сыни електен өткізбей, жеткілікті пайдаланбай, сондай-ақ басқа деректермен салыстырмай пайдалануға болмайтындағын ” айта келе, “Ғылым дамуының қазіргі деректердің әр түрлі типтерімен топтарының (табиғи-географиялық, этнографиялық, археологиялық, жазба және т. б. ) бірін-бірі толықтырып отыратын мәліметтерін қатар пайдалану тәсілімен бірге пән аралық бағыттар да кеңінен дамытылуы керек”, -дейді21. Әрбір деректі пайдаланғанда, оның ғылыми құндылығына да баса назар аудару қажет. Бұл кезең ислам тарихының басқа кезеңдерімен салыстырғанда авторлардың көптігі, тақырыптың кеңдігі және өзіндік жаңа жанрлардың дүниеге келуімен ерекшеленеді. Сонымен қатар, бұл кезеңге жататын өзіндік ерекшеліктердің бірі ретінде көптеген шығармалардың авторлары Мамлүк мемлекетінде жоғарғы мансаптарда болуы және мемлекеттік істерге тікелей араласуының нәтижесінде олардың еңбектерінің берер мағлұматтары жағынан өте құнды дерек көздері болып табылады. Олардың шығармаларын жоғарыда аталған Тизенгаузен жинақтап топтастырды. Бұл шығармалар Мамлүк заманы мен мемлекеті туралы оның саяси, әлеуметтік және экономикалық өмірі, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясаты, мамлүктердің Алтын Ордамен жан-жақты қарым-қатынастары мен байланыстарынан, сондай-ақ олардың этникалық, мәдени және рухани өмірлерінен мағлұматтар береді.

Бітіру жұмысының мақсаты: ХІІІ-ХІҮғғ. Алтын Орда мен Мамлүктік Египет арасындағы өзара байланыстардың тарихын зерттеу.

Бітіру жұмысының міндеттері: Зерттеуде алдына қойған мақсаттарға жету үшін зерттеу барысында төмендегідей міндеттерді жүзеге асыруды қажет етеді. Олар:

- Берілген зерттеулер мен деректерді салыстырмалы түрде қарастырып, тарихи талдау жасау;

- Алтын Орда мен Мамлүктік Египет арасындағы әскери-саяси және дипломатиялық жақындасуының негізгі алғышарттары мен себептерін және оның нәтижелері мен қорытындыларын көрсету;

- Алтын Орда мен мамлүктер арасындағы мәдени, әдет-ғұрыптық, салт-дәстүрлік, тілдік байланыстарын анықтау.

Хронологиялық шеңбері: Алтын Орданың Мысырмен байланыстарының хронологиялық шеңберін екі мемлекет арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың Алтын Орда ханы Берке хан мен Сұлтан Аз-Захир Байбарыс кезінде орнау және соңғы елшіліктердің қатынау уақытымен байланысты 1261-1438 жылдар аралығы белгіленді.

Құрылымы: Бітіру жұмысы кіріспеден, мазмұнына сай екі тарау, әр тарау екі бөлімнен, қорытындыдан тұрады.

1 АЛТЫН ОРДА МЕМЛЕКЕТІ МЕН МАМЛҮКТІК ЕГИПЕТ АРАСЫНДАҒЫ САЯСИ БАЙЛАНЫСТАР

1. 1 Саяси-әскери байланыстар

Отпен өртеп, қылышпен қырып, орасан зор империя құрған Шыңғыс хан өзінің төрт ұлының әрқайсысына үлес бөліп берді. Шыңғыс ханның тірі кезінде ұлдарына бөліп берген жерлер олар үшін тек пайда көзі ғана болатын, империя басшысына бағынышты болып қала берді. Ол өлгеннен кейін жағдай өзгерді. Ұлыс билеушілерінің қолына билік толығымен көшіп, империя бірнеше дербес мемлекеттерге ыдырады. Бұл бір-біріне тәуелсіз, бір-бірімен жауласқан мемлекеттер мыналар еді:

  1. Шыңғыс ханның төртінші ұлы Төленің ұрпақтары билеген, орталығы Ханбалық (Пекин) болған мемлекет. Нақты Хұбылай хан (1260-1294) және оның мұрагерлері басқарған бұл мемлекет ресми Қытай атауы беріліп - Юань империясы деп аталды.
  2. 1258 жылы Иранда Құлағу ханның (1265 жылы өлді) басшылығымен құрылған Құлағидтер мемлекеті. Құлағу хан да Төленің ұлы болатын.
  3. Шағатай мемелкеті. Оған Мауренахр, Жетісу, Шығыс Түркістан (Қашқар) енді, сөйтіп ол мемлекет Шыңғыс ханның екінші ұлы Шағатайдың (1242ж. өлді) есімімен аталды.
  4. Алтын Орда. Оның иелігіне бүкіл Ұлы дала кірді. Бұл мемлекетті Жошы (1227 ж. өлді) ұрпақтары биледі. Осы төрт монғол мемлекетінің тарихи тағдыры әртүрлі қалыптасты22.

Осы төрт мемлекеттің ішіндегі елімізге тікелей қатысы бар Алтын Орда (Дешті-қыпшақ) мемлекетіне тоқталатын болсақ, Батый (Жошы ұлы) негізін қалаған бұл еуразиялық мемлекет 1242-1243 жылдары құрылып, құрамына шығыста Ертістен, батыста Дунайға дейінгі бүкіл дала иелігі кірді. Осындай аса зор мемлекет шығыс деректерінде Көк Орда, ал орыс жылнамаларында Алтын Орда деп аталады. Алғашында Алтын орда Моңғолия империясына оның бір ұлысы ретінде енген еді, ал ХІІІ ғасырдың 60-жылдарынан кейін ол дербес ел болып бөлінді. Оның астанасы Сарай-Бату кейінірек Еділ бойымен Сарай-Беркеге көшірілді. Алтын Орданың сыртқы саясатындағы рөлін ерекше атап өтуге болады. Біріншіден, Орта Азия және Иранмен, сонымен бірге ұзақтығы мұсылман мемлекетінің ішіндегі Мысырмен дипломатиялық, мәдени-сауда байланыстарын жүргізді; екіншіден территориясын кеңейту мақсатымен жауласушылық әрекеттер жасады23.

Алтын Орда мен Мысыр Мамлүк мемлекеті арасында әскери-саяси, дипломатиялық байланыстарды орнатуда сұлтан Бейбарыс пен Берке ханның рөлдері ерекше болды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шығыс немесе Мұсылман ренессансы
Алтын орданың рухани мәдениетінің тарихы
Сұлтан Бейбарыс тұсындағы Мысырдың сыртқы саясаты
Отандық тарих ғылымныда Алтын Орда туралы іргелі зерттеулер
АЛТЫН ОРДА ТАРИХЫНЫҢ ИДЕОЛОГИЯ НЕГІЗІНДЕ ЗЕРТТЕЛУІ
Алтын Орда кезеңінің ескерткіштері
Мәмлүктер билігі дәуіріндегі Египет (ХІ – ХV ғғ.)
Орта ғасырдағы түркі шешендігі – қазақ шешендік өнерінің бастауы
Шығыстық ақын - шайырлардың қазақ әдебиетіне жасаған ықпалы
Алтын орда туралы ақпарат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz