Тарих бастауы сақ дәуірі



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
КІРІСПЕ 3
1. Тарих бастауының сақ дәуірі 3
Жазу тілі - түріктік. 6
2. Дарий I -дің Скифияға жорығы 9
3. Аңдық стиль 13
4. Есік қорғанының Алтын адамы 16
ҚОРЫТЫНДЫ 22
ҚОЛДАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 23

КІРІСПЕ

Көшпенді халықтар тарих сахнасына өзінің ұлы көш жолының арқасында
шықты. Соңғы уақыттарға дейін тарихи әдебиетте көшпенді халықтар туралы:
"өз жолындағының бәрін жайпап, гүлденген мен өскеннің бәрін аяғымен және
жылқысының тұяғымен таптаушы Шығыстан Батысқа қарай ретсіз жылжыған
көшпенді орда мейірімсіз және қорқынышты", - деген пікір қалыптасты.

1. Тарих бастауының сақ дәуірі

Біздердің көпшілігіміз еуропаша білімдар болсақ та, бұл пікірдің
біздің санамызға енгені соншалықты, осы жер мен уақыт кеңістігінде алмасқан
бұл адамдардың алып тобыры бұлар да құдайдың құлдары, адамдар ғой,
барлығымен бірге көшпелі өмірдің тауқыметін көтеруге мәжбүр, олардың да
бала-шағасы, қарт ата-анасы бар ғой деген ешқайсымыздың басымызға келіп,
ойламаппыз және оларды бұл көшпелі ордалар қандай жазмышқа, осы мәңгі
қозғалысқа ұшыратты, оларды кім және қайда қуып бара жатты деп, біздің
ешқайсымыз ешқашан ойланбаппыз! Және де көшпенді халықтар туралы неғұрлым
өркениетті халықтар жасағының бәрін тек талқандауға қабілетті, қатаң,
жабайы адамдардың ордасы, не жазуы, не өнері, не сәулеті, не ғылымы
болмаған халықтар деген бұл пікір әлі күнге дейін, ХХ жүзжылдықтың аяғы-
бүгінге дейін орын теуіп келді. Алайда, ол бұлайша болмаған көптеген
деректер айтады және бұл пікірді өзгертетін уақыт жетті. Оны өзгерту де
керек, өйткені біздің санамыздың шекарасы әсіресе кейінгі жылдары елеулі
түрде кеңейе түсті, көкжиекті жауып тұрған көзіміздегі дақты алып
тастағандай болды. Бірақ "скифтер жабайы болды", "ғұндар жабайы аңға
ұқсады", "сақтар қыста да, жазда да бастарынан шашақты тері телпектерін
тастамайды" деген пікір ғылымда да, әдебиетте де орын алды. Біздердің
ешқайсымыз, немесе бізден бұрын болғандардың ешқайсысы бұл халықтардың
өзіндік мәдениеті, сан ғасырлық тарихы болды, ал көш жолдары бұл шексіз
даладағы ретсіз қозғалыс емес, жайылымнан жайылымға, суаттан суатқа,
қоныстан қонысқа ауысудың терең ойластырылған, мұқият есептелген маршруты
деп аузымызды аша алмадық, айта алмадық. Және тек соңғы жылдары археологтар
мен тарихшылар Қара теңіз жағалауларынан, Азов ойпатынан, шексіз дала
қорғандары мен қыраттарынан, Алтай үңгірлерінен, Орхон мен Керулен, Енесей
мен Ертіс, Сырдария, Дон, Еділ және Іле өзендерінің жағалауларынан ұлы әрі
қызықты мәдениеттің экспонаттары мен ескерткіштерін тапқаннан кейін, міне,
содан кейін ғана пікір өзгере бастады, және оның үстіне өзіміз де аздап
даусымызды шығара бастадық. Міне, соның өзінде де, "Сен жегенше, Қондыбай-
Қанай жесін" (Абай) дегендей, көз жеткенді растаудан қашқақтап, уақыт
арқауын үзуге ұмтылып, империялық тарихшылар скифтердің, ғұндардың және
сақтардың көшпелі халықтарға қатынасы жоқ, олар ирандықтар ма немесе кімдер
екені белгісіз, әйтеуір көшпенділер емес деп соқты. Кім болса - ол болсын,
қайтсе де оларды осызаманғы түріктердің ата-тегі екендігін қайткенде де
мойындау керек болды. Адамзаттың ең ежелгі кітаптарының бірі: "Авестада" -
тур, "Шахнамеде" - тұран, қытай жылнамаларында - тукиу, юнандарда- скифтер,
скунх, скит, парсыларда - сах, массах, сахстан деп, көшпелі халық осылайша
аталады. Бірақ олар кімдер еді деген таластар әлі күнге толастамайды. Ол-ол
ма, бұл күндері бұл таластар жаңа күшпен өрістей түсуде.
Соңғы кездері скифтерді, сақтарды, ғұндарды ежелгі түріктік тамырынан
ажыратуға әрекеттенген көзқарастар пайда болды және де қызуланған "ғалым
тарихшылар" оларды парсылармен, славяндармен немесе арийлермен алмастырады,
сөйтіп, тарихты басқа жаққа бұрып, оның шын мәнінде өңін аударады. Және де
егер бұл әрекеттерді қазір әшкерелемесе, тиым салмаса, онда біз ертең
өзіміздің ертедегі тарихымыздан айырыламыз, ал біздің ұрпақтарымыз
өздерінің аталары мен бабаларының кім екендігін білмей қалады, өзінің нағыз
тарихын білмейтін болады.
Бірінші - скифтер бастауын Азиядан алады, мұнда олар әрқашан өмір
сүрді, кейінірек Қара теңіз жағалауына қоныс тепті және ертедегі түрік
халықтары болып табылады. Мұндай көзқарас тарих ғылымында ежелгі
уақыттардан орын алып келеді. Және бұл бағытта түрік ғалымдары Шукур
Сефероғлы мен Аднан Мударисоғлы үлкен жұмыстар жасады, олар бірнеше жылдар
бойы ертедегі түріктер тарихы жөнінде мол материалдар мен құжаттар жинап,
оларды бір жүйеге түсірді. Оның нәтижесі 1986 жылы Анкарада шыққан
"Түріктер өмірінің тарихы" кітабы болды. Осы кітаптың "Сақ императоры
Кенгерес және оның патшалығы" деген бөлімінде былай деп айтылған:
Негізін қалаушы: Афрасиаб - Алып ер Туна, Тонның ұлы батыры.

Империяның өмір сүрген уақыты: біздің дәуірімізге дейінгі YII ғасыр -
біздің дәуірдің II ғасыры.

Империяның шекарасы: Сібірдің Шығыс (күншығыс) бөлігі (Енесей-Ертіс-
Тобыл өзендерінің жағалауы бойынша) - Дунай (Венгрия мен Чехословакия) -
Қара теңіз, Батыс Түркстан (Хорасан мен Ауғанстан) - Хазар теңізінен
батысқа Аракс-Еділге дейін, Кіші Азия (Ирак, Сирия, осызаманғы Түркия)
Діні: Тәңірге табыну (басты құдайы - Аспан Құдайы Тәңірі).

Жазуы - түрік сына жазуы (ертедегі түрік сына жазуы, оның үлгілері
Енисейден табылған).

Жазу тілі - түріктік.

Саяси және мәдени роль - осызаманғы түрік мемлекеттерінің құрудағы
баспалдақтар болды, соның ішінде Кенгерес патшылығынан кейін "Босқұрт"
мемлекеті пайда болды. Бозқұрт немесе Көк бөрі (көк түріктер) мемлекетінде
ортақ түріктік және ортақ дін болды ...
Қытайлар оларды "сай", ирандар "саха", индустер "сакуа-секуа",
юнанилер "скутхай" (скит-скиф), романдар "сақае" деп атады. Сақ түріктері
осылайша атайды. Біздің дәуірімізге дейін олар Шығыс Еуропада, Шығыс және
Орта Азияда тіршілік етті. Шығыс Азия дегені, сірә, Орталық Азия болар.
Тарихта ертедегі түріктер "скумхе" немесе "искит" (скиф) атымен белгілі.
Шығыс Еуропада тұрушы искиттер (скифтер) қанында олардың түрік қаны бар.
Ертедегі қытай ғалымдары Сыма-Сян мен Бань-Гудың "Жылнама" және
"Кітаптар патшалығы" деген белгілі кітаптарында біздің дәуірімізге дейінгі
Y-III ғасырларда Батыс жерлерде (әрине, Қытайға қатысы жөнінде) 36 мемлекет
бар деп саналды, ал кейінірек олардың саны 50-ге жетті. Халықтар сан
жағынан өсті, елдер дамыды және жаңа жерлерді іздей бастады. Бір кездері
хундарға бағынған бұл елдер кенеттен бірігіп, Ассирияға жетіп, батысқа
қарай қозғалды. Олар Таяу Шығысқа тоқтады. Бань-Гудың "Кітаптар
патшалығында" былай деп жазылған:
"Аракстың шығыс жағалауында юечжи ("иауши" деп оқылады) халқы тұрады
... Ошақ (түтін) саны-жүз мың, адам саны - 400 мың, жауынгерлерінің саны -
жүз мың. Олардың иелігінің шығыс шекарасына дейін қашықтық 4 мың 740
шақырым, Батысқа, Арасқа дейінгі қашықтық - 49 күндік жол, оңтүстік
шекаралар Кашмирде тоқтайды.
Солтүстігінде шекара жоқ ... Табиғат және климаттық жағдайы, азық-
түлігі, салттары мен дәстүрлері, ақшалары Арсакпен әбден ұқсас. Жүк артқан
түйелері бар. Ұлы юечжилер және олардың қылықтары, әдеттері - көшпенді
мәдениет, көшпенді мемлекет. Малдың ыңғайына қарай көшеді, ғұрыптары, өмір
салты бойынша көбіне ғұндарға жақын, әскерлерінде жүз мыңнан астам адам
бар. Сондықтан да олар өздерін күшті халық санайды және ғұндармен
санаспайды. Бұрын олар Дунхуан (Алтай) мен Шилиань - шань (Тянь-Шань)
тауларының етегінде тұрды. Юечжилерге ғұндардың билеушісі Моде күшті соққы
берді. Кейінірек ғұндардың билеушісі Лаушань юечжилер ханын өлтіріп, оның
бас сүйегінен шарап ішуге арналған тостаған жасады. Одан қашқан юечжилер
алыс қоныстарына ұмтылды, Ферғанадан өтіп, Бактрияға шабуыл жасады, оны
бағындырды.
Амударияның оң, солтүстік жағалауларына өздерінің астаналарын орнатып,
сонда хан ордасын тікті. Халықтың негізгі көпшілігіне ілеспегендер Шилиань-
шань (Тянь-Шань) тауларының етегінде қалып, шиан деп аталатын тайпасының
құрамына араласып кетті, олардың қамқорлығына кірген соң, "Кіші юечжилер"
атала бастады. Бактрия мемлекеті: мұнда бұрын ешқашан не хандар, не бектер
болған емес, қалаларды кіші бектер басқарды. Бұл соғыстан қорқатын әлсіз
мемлекет болатын. Юечжилер көшіп келгенде, олар оңай бағына қойды".

Бұл құжаттық куәлікке, келіңіз, тереңірек үңілейік. "Кітап патшалығы"
біздің дәуірімізден әлдеқайда бұрын жазылған. Ұлы юечжилердің көшулері
скифтердің көшулеріне өте ұқсас, соларды еске түсіреді.Осы ерте қытайлық
хроника куәлілігі негізінде түрлі дәуірлер уақыт ізділігінде, біздің дәуір
одан бұрын болған басқасымен скиф, сақ, ғұн тарихы, осы халықтар тарихы
материалдары өзара еркін байланыстырылады, сондай-ақ оларды Бань-Гумен Сым-
Сянь қалай жазғанын бақылауға болады. Сақтар қытайлар "Орталық жер",
"Орталық қырат" деп атаған жерлерде өмір сүрген. Олардың ғұрыптары мен
дәстүрлері, сондай-ақ өмір салттары ғұндардың ғұрыптарымен және өмір
салттарымен өте ұқсас, тілдерінде ғана біршама айырмашылық бар, бір-
бірлерін еркін түсінеді. Сақтарды үйренген, жылы орындарынан юечжилер
жылжытып жіберді. Бұған үйсіндер себеп болды. "Бұл жерде оларға дейін
сақтар өмір сүрді, юечжилер сақтарды жеңгеннен кейін сақтар ханы өз халқын
батысқа бастап әкетті, жол бойы Шуанди (осы күнгі Кашмир аумағында болған
Болур мемлекетінің тарихына сәйкес) халқын талқандады. Ал юечжилер сақтар
жеріне көшіп алды. Кейінірек бұл шайқаста үйсіндер жол бастаушысы
юечжилерді талқандады. Юечжилер де батысқа қарай ығысты, олар да Бактрияны
бағындырды. Олардың жерлерін үйсіндер басты. Сондықтан үйсін халқының
құрамына сақтар да, юечжилер де енеді деп саналады".
Сақтар, массагеттер, исседондар, астиагтар - бір тамырдан тараған
туысқан халықтар. Олар скифтерге туысқан екенідгі туралы "Тарих атасы"
Геродот жазған. Геродот пен қытай жазушылары Сым-Цзян мен Бань Гу араларын
бөліп тұрған бірнеше ғасырда әлем, ертедегі халықтар және елдер тарихы
танымастай өзгерді деп санауға болады. Қандай дажинақтаулар мен
қорытындылар жасауға болады. Бірақ көшпенді тайпалар тұңғыш рет Қара теңіз
жағалауларында бұдан екі мың жыл бұрын пайда болды дегенмен ешкім дауласа
алмайды.

2. Дарий I -дің Скифияға жорығы

Парсы патшасы Дарий І (Ахеменид) б.д. дейінгі 520 жылы 700 мыңдық
әскер жинап, Скифияға бет алды. Соғыстың бірнеше себептері болды. Дарийдің
өзі 100 жыл бұрын скифтердің Мидияға басып кіруінің кегін қайтармаққа шешім
алдым деп түсіндіреді. Шын мәнісінде тек Азияны ғана емес, сонымен бірге
Еуропаны жаулап алуды ойластырған парсы патшасы Қара теңіз бойының астықты
аудандарын басып алу үшін, скифтерді талқандамақ болды. Бұл жерлерден
Греция да астық алып тұрған. Шын мәнінде еуропалық құрылықтың жартысын азық-
түлікпен қамтамасыз ете отырып, диқан скифтер сол кездердің өзінде
көршілеріне астық сатып келді. Болашақ соғыста Грецияны скифтердің
экономикалық көмегінен қол үздіріп, сөйтіп, екі халықты әлсіретіп, оларды
жаулап алу үшін Дарий осы бір астық пен малға бай ауданды басып алмақ
болды. .
Скифтерге жорыққа аттануға дайындалған Дарий қарамағындағы халықтарға
хабаршылар жіберді. Ол біреулеріне әскер шығаруды, басқаларына кеме
жіберуді, үшіншілеріне Фракиялық Боспордан көпір салуға бұйырды. Көпір
Калхедон облысында салынды. Көпірмен әскер өткізіле бастағанда Дарий
жағалаудан, Бехистун мекенінен ақ мәрмардан екі баған орнатуды және
ассириялық және эллиндікжазуларда ол өзі бастап келе жатқан барлық
халықтардың атын жазуға әмір етеді. . Біздің уақытымызға дейін жеткен
даңқты Бехистун жазуы деген осы. Екінші көпір Истр-Дунай өзені үстінен
салынды, өйткені Скифияға дейін жету үшін, Скифияның алдында тұрған
Фракияны жаулап алу қажет болды. Фракия Дарийге онша қарсылық көрсете
алмады. Сонымен, Дарий әскерлері скиф жерінің шекарасынан көрінді. .
Дарий әскерлерінің келе жатқанын білген скиф көсемдері кеңеске
жиналып, сонда өздері ғана парсылардың қаптаған қолына ашық соғыста төтеп
бере алмайтынына көздері жетеді де, көрші тайпаларға елшілерін аттандырады.
Таврлардың, агафирстердің, неврлердің, андрофагтардың, меланхлендердің,
гелондердің, будиндердің және савроматтардың патшалары тағы бір кеңеске
жиналады. Бірақ кеңесте бірауыздылық болмайды. Гелондер, будиндер және
савроматтар келісімге келіп, скифтерге көмектесуге уәде береді. Агафирстер,
неврлер, андрофагтар, меланхлендер және таврлар патшалары парсылар олардың
тайпаларына емес, өздерінің өштестері - скифтерге қарсы келе жатқан жоқ
сияқты, сондықтан олар соғысқа қатыспайды дегенді айтады. . Мұндай жауап
алған скифтер парсылармен ашық шайқасқа шықпауға шешім алады, өйткені
көршілері көмекке келмейтін болды. Скифтермалдарын айдап, құдықтар мен
бұлақтарды бітеп, шөпті жойып, даланы өртеп, баяу шегіне бастайды. ¤з
әскерлерін скифтер екіге бөледі. Біріншісі Скопасис патшаның басшылығымен,
савроматтармен бірге Танаису өзеніне қарай шегінеді. Бір әскерге
біріктірілген екі басқа бөліктеріне Иданфирс пен Таксакис басшылық жасады.
Оларға гелондар мен будиндер қосылды. Бұл отряд күндік жердегі Дарий
әскерінен скифтермен әскери одақтан бас тартқан тайпалардың жерімен
шегінеді. Оларды да парсылармен соғысқа тартпақ болады.
Ақыры үздіксіз тақымдап қуудың нәтижесінде жауласқан екі әскер де
Танаис өзеніне жетеді, одан өтіп, савроматтар жері арқылы будиндер аймағына
келеді. Будиндер жеріне тереңдеп енген парсылар ағаш қабырғалармен
қоршалған қалаға тап болады. Будиндер қашады, қала қаңырап қалады, парсылар
оны өртеп жібереді. Бұдан кейін де парсылар скифтерді қууды жалғастыра
береді, будиндер елінен де өтеді, ақыры шөлге ілігеді. Шөлдің шетіне Дарий
тоқтайды және бір-бірінен бірдей қашықтықта сегіз үлкен бекініс салуға
бұйырады. Бұл бекіністерді парсылар салып жатқанда, скифтер оларды
солтүстігінен айналып өтіп, Скифияға оралады. Парсылардың алдында
скифтердің жоқ екенін білгеннен кейін, Дарий жартылай аяқталған
құрылыстытоқтатуға бұйырып, өз әскерін батысқа бұрады. Скифияға оралып,
парсылар бұл жерде енді бірлесе қимылдаған скиф әскерлерінің қос отрядына
кезігеді. Тікелей соқтығысулар болмаған соң, парсылар скифтерді табандап
қуа береді және де скифтер әрдайым олардан бір күндік жер алда жүріп
отырады. Осының бәрі бірнеше айларға созылады. Скифтер оларға көмек беруден
бас тартқан тайпалардың иеліктері және ең алдымен меланхлендердің елі
арқылы шегінеді. Содан скифтер жауларын андрофагтар, содан кейін неврлер
жеріне қарай бастайды. Бұл тайпалардың зәре-құтын алып, оларды өздеріне
қосылуға мәжбүр етіп, скифтер агафирстерге қарай шегінеді. Бірақ агафирстер
алдынан шығып, егер скифтер олардың жерлеріне аяқ басар болса, онда
скифтермен шайқасамыз дегенді айтады. Скифтер агафирстер еліне бармай,
парсыларды неврлер елінен өз жеріне қарай тартады. .
Осылайша соғыс созыла береді және оның соңы көрінбейді. Дарий
Иданфирске елші жіберіп, далада айнала беруді тоқтатып, ашық соғысқа шығуды
ұсынады. Бұған Иданфирс скифтердің не қаласы, не өңделген жері жоқ,
сондықтан олар бүліншілікке ұшыраймын деп қорықпайды деп жауап береді.
"Егер сендер біздермен қайткен күнде де соғысқанды қалайтын болсаңдар, онда
біздің ата-бабаларымыздыңмүрделері бар. Соларды тауып, талқандап
көріңіздер, сол мүрделер үшін біз шайқасамыз ба, жоқ па содан кейін
білесіңдер",-дейді скифтер патшасы Иданфирс.
Бұл соғыста ұсақ қақтығыстар болмай тұрмайды. Дарий әскері өздеріне
тамақ іздегенде, скифтер оларды аңдып тұрды. . Скифтердің атты әскерлері
әрқашан жау салт аттыларын тым-тырақай қашырды. Қашып келе жатқан парсылық
салт аттылар өздеріне көмекке келе жатқан жаяу әскерлерін баса-көктеп
кетеді. Мұндайда атты әскердің бетін қайтарған скифтер әрқашан көп болған
жаяу әскерлерден үрейленіп, кері қаша бастайды.
Ақыры Дарий әскерінің саны едәуір сирейді, скифтік тактика оны әбден
діңкелетеді, содан Дарий қиын жағдайда қалады. Мұны білген скиф патшалары
Дарийге құсы, тышқаны, бақасы және бес жебесі бар сәлемдемені жаршы арқылы
жібереді. Парсылар сәлемдемені жеткізушіден бұл сыйлықтар нені білдіретінін
сұрайды. Ал анау оған тек сыйлықтарды түсіндірулерсіз жеткізу бұйырылды деп
жауап береді. Парсылар кеңес құрады. Дарий скифтер өздерін оның билігіне
береді және өзіне бағынудың белгісі ретінде жер мен суды береді, өйткені
тышқан жерде өмір сүреді, бақа суда, құстар аспанда тіршілік етеді, ал
жебелер скифтер қарсылықбілдіруден бас тартады дегенді білдіреді деп
топшылайды. Бірақ оның кеңесшісі Гобрий басқаша түсіндіреді: "Егер сендер,
парсылар, құс сияқты аспанға ұшып кетпесеңдер немесе тышқандай жерге індеп
кірмесеңдер немесе бақадай батпақтап қашпасаңдар, онда мына жебелер
кеуделеріңе қадалып, кейін қайта алмайсыңдар!".
Парсы патшасына сыйлықтарын тапсырғаннан кейін скиф отрядтары - жаяу
және атты әскерлері парсылармен шайқасуға жауынгерлік сап түзейді. Скифтер
жауынгерлік сапқа тұрғанда, олардың қатарларының арасынан қоян жүгіріп
өтеді. Қоянды көрген скифтер оны қуалай жөнеледі, олардың қатарлары
бұзылады және олардың қосында айғай-шу шығады. Дарий жау жағынан шыққан
шудың мәнісін сұрайды. Скифтер айғаймен аттандап қоян қуып жүргенін естіген
Дарий өз жақындарына: "Мына адамдар бізді иттің етіндей жек көреді және
Гобрий скиф сыйлықтары туралы дұрыс пайымдағанын мен енді түсініп отырмын.
Біз енді аман-есен оралуды ойластыруымыз керек",-дейді. Міне, сонда Гобрий
патшаға тағы бір кеңес берді: "Түн болысымен біз әдеттегідей от жағуымыз
керек, ошақтағы отты сөндірмес үшін әлсіз жауынгерлерді тағдырдың тәлкегіне
қалдырып, скифтер әлі көпірге келмей, оны олар бұзбай, көпір күзетшілері
біздер үшін өлімді шешім қабылдамай тұрғанда, өздеріміз шегінуіміз керек",-
дейді.
Күн батқанда, Дарий әлгі айтылғандарды орындайды. От жағып, ал өзі
негізгі әскерлерімен асығыс өткелге қарай беттейді.
Жолдан парсылар адасып, скифтер олардан бұрын өзенге жетеді және
көпірде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алтай-Тарбағатай аралығындағы ерте темір дәуірінің археологиялық ескерткіштері (кезеңделуі, мерзімделуі және мәдени атрибуциясы)
Талас өңіріндегі көне жазбалар – ежелгі түркі жазу мәдениетінің бастауы
Алдымен қазақ хандығы құрылуының этникалық алғышарттары туралы
Көне түркі руникалық жазбаларының тарихы
Қазақ хандығының нығаюы
Қазақ халқының шығу тегі
Көшпеліліктің қалыптаса бастауы: Дәндібай-Бегазы мәдениеті
Қазақ халқының қалыптасуының кезеңдері
Түркі халықтарының жазба ескерткіші
Сақтардың ескерткіштері. Тасмола мәдениеті, Бесшатыр обасы, Есік қорғаны
Пәндер