ТҮРІК ҚАҒАНАТЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ КӨРШI ЕЛДЕРМЕН САЯСИ ЖАҒДАЙЫ



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім
ТҮРІК ҚАҒАНАТЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ КӨРШI ЕЛДЕРМЕН САЯСИ ЖАҒДАЙЫ.

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Қазақстан тәуелсіз, дербес мемлекет ретінде өзінің егемендігін
алғаннан бері еліміздің халықаралық қатынастағы геосаяси жағдай күрт
өзгерген кезде тарихымызды зерттеу саласында үлкен бетбұрыстар болып жатыр.
Әсіресе бүгінгі күнгі Қазақстан республикасының дүниежүзілік қауымдастыққа
кіру уақытында, қазақ халқының рухани өрдеуімен тарихи санасының қалыптасу
заманында өзінің көршілес және алыс халықтармен, мемлекеттермен ғасырлар
бойындағы болған қарым-қатынастары мен байланыстарына деген қызығушылығы
едәуір артып отыр. Осы орайда, халықаралық апектіге ие түркі факторының
белгілі ғылыми мағынаға бөленуі кездейсоқтық құбылыс емес. Өйткені,
түркілер орта ғасырдыңғ ең ірі этникалық топтарының бірі ретінде бірқатар
түркі халықтарының, соның ішінде бірінші кезекте қазақ халқының
қалыптасуында айрықша роль атқара отырып, адамзат тарихының ең ірі
оқиғалары өткен Еуразия даласының бірқатар этностары мен мемлекеттерінің
тарихында өзінің өшпес ізін қалдырды.
Ежелгі түркі мемлекетінің территориялық шеңбері қазіргі қазақстан
жерін қамтып тарихи даму жағынан қазақ халқы олардың этникғалық және мәдени
мұрагері болып табылуы себепті, ежелгі Түркі мемлекетінің тарихын зерттеу
ісі сол төл ғылымымыз үшін ең өзекті тақырыптардың бірі ьолып табылады.
өткенімізді сараламай болашағымызды болжау қиын. Елдігімізбен
мемлекетіміздің бүгіні мен болашағын оның ішкі саяси бағытымен қоса әлемдік
қаумдастықұтың басқа мүшелерімен қарым-қатнастардың қандай деңгей мен
сапада болуын белгілейді. Тарихымызды зерттеу ісінің ғылыми, әлеуметтік,
қоғамдық және ұлттық танымдық қызметтерімен қоса, бүгінгі күнгі басқа
елдермен сыртқы саясатымызда қарым-қатнасымыздың тарихи тамырларымен
негіздерін ашып көрсетудегі маңызы өте зор.
Ежелгі Түркі мемлекетінің басқа мемлекеттермен ғасырларға созылған
қарым-қатнастарымен байланыстарын ашу арқылы ежелгі Түркі мемлекетінің
діңгегін құрған қазақ мемлекетінің ортағасырлардағы Қытай, Иран, Византия
мемлекеттерімен байланыстарының терең тамырлары бар екенін көрсетіп бүгінгі
әлемдік қауымдастықтағы орнымен маңыздылығын жаңа деңгейде жаңғырту үшін
маңызды негіз бола отырып, қазақ мемлекетінің сыртқы саясатындағы батыспен
шығыс елдерімен дипломатия саласында ғасырларға кеткен терең тарихи
байланыстарының томырларымен, бай дәстүрлерін көрсетуде маңызды фактор бола
алады.
VІ-VІІІ ғғ. өмір сүрген көшпелілердің кезекті мемлекеті Түрік қағанаты
әлемдік мемлекеттер тарихында үлкен орын алады. Ұзақ уақыт бойы түрік
әлемінің тарихы кеңестер одағында Шығыс халықтарының тарихынан, әлем
өркениетінен бөлініп төмендетіліп оқытылды. Осыған байланысты Европада да
көшпелілер даланың құлдарың, "жабайылар", "дамыған әлемнен тыс өмір
сүрген" деген көзқарастар қалыптасқан. Олар үшін көшпелілер қоғамы тарихта
жоқ қоғам болып есептеледі.
Ежелгі Түркі мемлекетінің тарихын зерттеу саласында жалпы қызығушылық
болып бірқатар еңбектердің шыққанына қарамастан қазіргі уақытқа дейін бұл
мәселенің бірқатар астарлары белгісіз және оның тарихын толық қамтитын
арнайы зерттеу бүгінге дейін жоқ.
Осыған орай қазақстан республикасының президенті отандық тарихшыларды:
Тарихты әділет тұрғысынан объективті тұрғыдан таразылау әрдайым осы
қағидадан айнымау - ғылыми үдерімнің биік мұрасы болуға тиіс.Бүгінгі күнге
дейін халқымыздың басынан кешірген тарихи шындықты ғылыми ақиқат биігінен
саралап беругне түрлі объективтік және субъективтік себептердің салдарынан
мүмкіндік болмағаны да рас. Қазіргі ғаламдану үрдісі халықаралық қары-
қатнастар өрісінің ашылуы, соның ішінде ғылыми ақиқаттың, кеңістіктің
кеңейуі – көптеген көкейкесті күрделі проблемаларды бірлесіп шешуді талап
ететіні мәлім.
Бұл ретте түркі өркениетінің текті де, терең тамарлы, тарихи төлтума
мәдениетін биік парасат үддесімен терең таразылаудың, оны кейінгі ұрпақтың
сана сезіміне сіңіруіне, олардың бойына ешкімнен кем түспейтін тарихының
барына, яғни кемел келешегінің барына, деген сенімді дарытудың, сол
отаншылдық сезімін тәрбиелеудің маңызы да, мәні де ерекше-деп міндет
жүктеген болатын.

Негiзгi бөлiм
ТҮРІК ҚАҒАНАТЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ КӨРШI ЕЛДЕРМЕН САЯСИ ЖАҒДАЙЫ.

Адамзат тарихына үңілетін болсақ осы тарихтың ең қозғаушы құбылыстары
жүрген Евразия құрылығының қақ төрінде орналасқан кең жазық алқапты сайын
далада басқа өлкеде тіршілік еткен халықтардың ешқайсысына ұқсамайтын
өркениетін өзгеше өрнектеген ерекше жауынгер халықтардың тіршілік еткенін
көреміз. Осы бір түйенің қомында туып, аттың жалын тартып өскен иен даланың
ерке ұлдары талай "мен" деген империалардың іргесін шайқалтып, Күлтегіннің
көк тасында жазылғандай бастыны жүгіндіріп, тізеліні идірген". Сол кездегі
әлемдік саясатта өзіндік нақыштары бар, адамзат тарихындағы өркениеттердің
ертеден келе жатқан ірі ошақтары: Қытай, Иран, Византия секілді
империалармен тең дәрежеде дипломатиялық қарым-қатынастар жүргізген.
Ұлы даланы мекендеген көшпелі халықтардың әр кезеңдегі тарихи-
әлеуметтік үрдістерге орай бірде бірігіп ірі бірлестіктер құрып, далалық
империяғаң айналса, бірде ішкі алауыздықтарға байланысты жеке-жеке
иеліктерге бөлініп кететіні ежелден бар құбылыс. Бірігулер кезеңінде олар
әлем өркениетінің дамуыны өз үлестерін қосып, тарихта өшпес із қалдырып
кетіп отырған. Ежелгі дәуірде ыдырап, ежелгі орта ғасырлара қайта бірккен
кезінде пайда болған осындай империялардың бірі түрік қағанаты болды.
Азия мен Еуропаның этникалық және саяси картасына едәуір өзгерістер
әкелген ұлы қоныс аудару дәуірінен кейін ыдырау процесі жүрді. Жаңа
көшпелілер мемлекеттері пайда болды. Ал, ғұндардың шығыстағы тармағынан
бөлініп шыққан тайпалар Ұлы қорғанның ар жағында орналасқан Цзинь
империясын құлатып, Қытайға өз үстемдігін жүргізе бастайды. Сөйтіп қытайлық
тарихнамада ерекше аталатын жаңа кезең Наньбэй Чаоң яғни солтүстік және
оңтүстік әулиеттер кезеңі басталады. Елдің солтүстігі яғни Дуньхудан
Шаньдунге дейін аралық өңір кезегімен алмасып отырған кішігірім көшпелі
мемлекеттердің күрес алаңына айналды. Осы кезеңде қалыптасқан бейберекеттік
жағдай солтүстікте ІV ғасырға дейін сақталды. Бұл саяси ахуалдың күрделене
түсуін көшпелілердің аса қуатты жаңа шабуылы тоқтатты. Олар Ордос пен ішкі
Монғолия жерін жайлаған Сяньбидің бір тармағы Тоба (табғаштар) тайпалары
болды. Олардың көсемі Тоба Гүй Қытайдың бүкіл солтүстігін біріктіріп 386-
556 жж. аралығында өмір сүрген Солтүстік Вэй династиясының негізін қалады.
Тобалар шабуылы басталар алдында солтүстік Қытай үздіксіз соғыстардың
салдарынан құлдырау шегіне жеткен еді. Еңбек ететін халық басы сауғалап,
ауылдар тұрғындарсыз бос қалды. Егістік жерлер, ирригациялық жүйелер қирап,
қараусыз қалған тұт ағаштары қурап қалды. Қолөнер кәсібі де құлдырады.
Сауда жүйесі тек заттай түрде, яғни ақшаның орнына жібек мата мен жылқы
жүрді. Басқыншылық тоқтап көшпелілер билігі тұрақты орнап болған соң ғана
жағдай түзеле бастады. Бірақ Вэй патшалығында билеушілер Тобалар болғанымен
халқының дені қытайлар еді. Бұрынғы көшпелілер енді отырықшы халыққа билік
жүргізу үшін қытайлық билік теу тәсілін меңгеруді қолға алады. Сөйтіп
Солтүстік Вэй мемлекетінде билікті ұйымдастыруда Қытай мәдениеті шешуші рөл
атқарады және қытайлықтар басқа көшпелілердің басқыншылығынан сақтану үшін
Тобаларға қызмет етуге белсене атсалысады. Уақыт өте келе жергілікті
халықпен араласып қатынасқа түскен шағын ғана көшпелі тайпа өкілдері
ассимиляцияға ұшырап тілінен, дінінн, салт-дәстүрінен айрылып, қытайланып
кетті. Дала минталитетінен қол үзген кейін, жауынгерлік күш-жігерлері
сарқылып билік тізгінін де ұстап тұра алмады. Билеушінің әлсіздігі
байқалғаннан соң қатардағы қолбасшылар билікке ұмтыла бастады. 528 жыл
қолбасшы Эр Чжу-Жун көтеріліс жасап ел астанасы Лоянды басып алды. Билікке
келген соң императормен бірге екі мыңға жуық жоғары шенді лауазымды
адамдарды таққа Сяо Чжуон-диді отырғызады. Бұған қанағаттанбаған қытайланып
кеткен тобалық қолбасшы Гао Хуань 532 ж. Эр Чжу-Жунның мұрагері Эр Чжу-
чжао әскерін талқандап билікті өз қолына алады да таққа екінші бір қуыршақ
билеуші Сяо У-диді отырғызады. 534 ж. Сяо У-ди Гао Хуаньға қарсы шығып
жеңіліп қалады да Гуаньчжунға қашып барып екінші бір тәуелсіз қолбасшы Ювэн
Тайдан қолдау табады. Гао Хуань Вэй әулетінің басқа ханзадасын таққа
отырғызады. Сөйтіп империя 534 ж. Батыс және Шығыс Вэй болып екіге
бөлінеді. Бұл Қытайдағы Тоба билеушілерінің саяси сахнадан кетуінің
алғышарттары еді. Ювэн Тай қол жаулық императорлардың бірнешеуін уландырып
өлтіреді, ал оның баласы Ювэнь Цзяо күш құдіреті толыққан соң, яғни 557 ж.
қуыршақ билеушілердің әулиетін таратып, 557-581 жж. аралығында өмір сүрген
Вэй Чжоу әулиетінің негізін қалады. Ал, Шығыс Вэйде өз билігі өз қолдарына
тиген қытайлар ел билеушілерін бұдан да қатаң жазалады. Гао Хуаньның
мұрагері Гао Ян сонғы императорды өз пайдасына тәж-тақтан бас тартқызып,
артынан у беріп өлтіреді. Императордың туған-туыстары ұзын саны 721 адам
түгелдей өлтіріледі де оларды жерлемеу үшін денелерін суға ағызып жібереді.
Бұл әулиет Вэй Ци деп аталады. Екеуі де құрылғанда экономикалық және саяси
жағынан едәуір қуатты мемлекет болады. Бірақ бір мезгілде пайда болған
мемлекетің арасындағы бақ таластық олардың белсенді саясат жүргізіп,
көркейіп кетуіне жол бермеді.
Дәл осы кездері оңтүстіктегі Лян әулетінің соңғы императорлары өздері
билік құрып тұрған кезде зорлық-зомбылықты күшейтіп халқының қолдауынан
айрылып қалады. 557 ж. сарайда төнкеріліс болып билікке Чэн әулиеті келеді.
Лянның соңғы императорының көзін құрту құлаған әулиетінің жақтастарымен
арада қарулы қақтығыс тудырады. Чэн әулиеті билікті басып алғанмен құлаған
жақты түгел бағындыра алмады. Бұл Қытайдың дәл ортасынан Хау-Лян
мемлекетінің пайда болуына алып келді. Осылайша құмырсқадай қаптаған халқы
бар Қытай империясы өз ара жауласып жатқан төрт мемлекетке бөлініп кетеді.
Аждаһаны қансыратқан ішкі шиеленіс құжынаған Қытай әскерін езіп жаншуынан,
тағдыр тәлкегіне түсіп құрып кету алдында тұрған екі кешкентай көшпелі
мемлекет Жужан ортасы мен Тоған хандығының жанын сақтап қана қойған жоқ,
тарих сахнасына қайта көтеріліп шығуына жол ашты. Олар түскейден жасалатын
қысымның әлсіреуіне байланысты Шығыс Азияда жетекші мемлекеттер арасынан
орын алады. ІV ғасырда оңтүстік маньчжуриядан көшіп келген Тоған тайпасы
бытырап жүрген тибет руларына қарсы күресте жеңіске жеткенімен Тобаларға
қарсы соғыста сәтсіздікке ұшырайды. Соның салдарынан Тоған хандығы Вэй
империясының вассалына айналған болатын. Империя бөлініп кеткен соң ол
қайтадан бостандыққа ие болады. V ғ. 2 ширегінде Куагүй өзін ханмын деп
жариялап 540 ж. Гао Хуаньге елшілік жөнелтеді. Осылайша ол сыртқы жағдайын
бір ретке келтіріп алды. Тоған хандығының бекіністі қалалары үлкен
тереториясы басшылығы болғанмен мықты мемлекет бола алған жоқ. Өйткені
қарумен бағынған тибет рулары әлі де бостандықты қалайтын және мемлекеттің
экономикасы мал шаруашылығына негізделгендіктен керемет дамып та кете
алмады. Ал, Жужандар Тоған хандығына қарағанда біршама ілгері өмір сүрді.
Бірақ бұлардың халық ретінде этникалық тамыры жоқ еді. ІV ғасырдың орта
кездерінде қайбір істерімен ел қатарынан шыққандар, айыпты болыпВэй
бйлеушілерінің астанасында тұру құқығынан айырылғандар иен далаға кетіп өз
бетімен күн кешкен. Кейіннен бұларға қожасынан қашқан құлдар, жұтқа
ұшыраған ауылдан кеткен қайыршылар т.б. осы секілді тағдыр тәлкегіне
түскендер келіп паналай бастайды[1].
ІV ғасырдың 50-ші жылдары тоба әскерінің құрамында өлім жазасына
кесіліп, қашып кеткен Өгүлей деген әскери құл осы құрама тобырдың басын
біріктіреді. Оның мирасқоры Гүйлекей Тоба Вэй мемлекетінің протакторатын
қабылдап салық төлеп тұратын болып келіседі. Оның ордасы Жужан деп аталады.
Жужандар күллі Халқа аймағын бастап Хинганға дейін еркін көшіп-қонып
жүген.Тұрмыс тіршілігі өте жабайы болғанмен полктерге бөлініп ұйымдастырып,
жақсы жасақталған әскері болған. Мал шаруашылығымен айналысқан. Бірақ
негізгі күш-қуатын көршілерін талап-тонауға жұмсаған. Жужан хандығының
басты күші теле тайпаларын қарауына бағындырып ұстай білгенінде болса
керек. V ғасырдың бас кезінде осы құрама жұртшылықтың басшылығына Шелун
деген жауынгер қолбасшы отырады. Батыс монғолиядан бастап Селенгаға
дейінгі кең алқапта тіршілік етуші Теле тайпаларын түгел бағындырып
алғаннан кейін, ол Іле өзенінің бойынанқоныс тапқан Орта Азиялық ғұндармен
қақтығысып қалады.Олардың басшысы Жибайегі деген біреу болатын. Онгин
өзенінің жағасында болған қиын шайқаста Жибайегі Шелуннің әскерін жеңіп
шыққанмен тұтасып жатқан жужан мемлекетіне әлі жетпеген соң оларға салық
төлейтін болып келісіп бағынады. Шелуннің сыртқы саясатағы негізгі мақсаты
Тоба Вэй мемлектінің күшейіп кетуіне жол бермеу болды. Осы мақсатта ол
қытай мемлекеттілігінің ордасын тігіп отырған Тоба тайпасының жауларына
көмектесіп отырады. 410 жылы Шелун өліп орнына інісі хули хан болады.Хули
әлі жетпейтін Тобалықтарды жайына қалдырып енисей қырғыздары мен сібір
тайпаларына шабуыл жасап оларды бағындырады. Бірақ, көп ұзамай қастандықтан
өзі де өледі.енді таққа шелуннің немере інісі датан отырады. Ол өз билігін
қытайға қарсы соғыс ашудан бастайды. Шырқау кезеңіне жетіп, күш-қуаты
толысып отырған империяға күші жетпей шегінуге мәжбүр болады. Соғысты
негізгі эканомикалық табыс көзіне айналдырған жужандар тыныш отыра алмай
418-419 орта Азия ғұндары мен Тарбағатайлық Юэчжилермен соғысып едәуіі
нәтижелерге жетеді.
420 жыл Жужандар құдіретінің шырқау шегіне жеткен кезі болды.
Теріскей мен батыстағы тайпаларды оңай жеңгеннен кейін Жужан мемлекеті Ұлы
даланыңң жетекшісіне айналды. Бірақ бұл құдіретті олар ұзақ сақтап тұра
алмады. Күш қайраты толысқан ұрда жық содырлар мемлекеті ескі жауы Тоба
вэйге қайта шүйлікті. 424 жылы 60 мың салт атты сарбазбен Қытайға басып
кіріп, астанаға дейін жетеді де императордың қала сыртындағы сарайын
талайды. Дегенмен, шешуші сәтте жақсы әскери тәртіпен орналастырылып, өз
дәуіріне сай жоғары дәрежедегі қару-жарақпен жасақталған Тоба әскерімен
шайқастан тайқып кетеді. 430 жылы император Тай У-ди (Тобо Дао) Оңтүстік
Қытай мемлекетімен алаңсыз айналысу үшін, әуелі Жужандардың көзін құртуға
бел байлайды. Жер қайысқан қалың қолға шыдай алмаған олар бытырап, бастары
ауған жаққа безіп кетеді. Сол дүрмекте билеуші Датан үшті-күйлі жоғалып
кетеді. Оның ұлы Уди соғысудан бас тартып уақытымен салық төлеп тұратын
болып уәде беріп зорға құтылады. Алайда, тыныштықта өмір сүріп үйренбеген
халықтың билеушісі Уди бұл шартты 437 жылы бірінші болып өзі бұзады. Сірә
бұл құрама халық біреуді талап-тонамаса тіршілік кеше алмайтын болуы керек.
439 жылы Тоба Вэй жазалау жорықтарын жасағанмен тау-тасқа тығылып қалған
жужандықтарға ештеңе істей алмайды. Ал 440 жылы қарсы жорыққа шыққан Уди
шекарадағы шағын ғана күзетші қытай жауынгерлерінің тобынан таяқ жеп кері
қайтады. 445 жылдан кейін Уди өлген соң жағбай күрт өзгереді. Етек жеңін
жинап алған Тоба Вэй империясы қаңғыбас Жужандардың тоз-тозын шығарып,
бездіріп жібереді. Барар жері басар тауы қалмаған олар екінші мәрте бітімге
келуді сұрап, алым-салық төлеп тұруға келіседі. Енді жужандардың талаптонау
шапқыншылықтары батысқа ауысады, 460 жылы Турфан алабын, 470 жылы Хотанды
ту-талапай етеді. Бірақ қайраттанып алған эфталиттер мемлекеті бұл
басқыншылықты шектеп тастайды. Яғни, бұл Тянь-Шань Жужандар шекарасы болды
деген сөз. Біршама ес жинаған соң 485 жылы билікке келген Даулун Қытайға
шабуыл жасамақшы болады. Бірақ құрамындағы Теле тайпасының аға-ақсақалы
Афучжило бұған келіспейді. Бұл аяғында асқынып барып телелердің
көтерілісіне барып бірақ тіреледі. Сөйтіп телелер тәуелсіздік алады. 490
жылы қытай әскері өздеріне шабуыл жасап, Телелермен қосылып жужандарды
қыспаққа алады. Амалсыз қалған жужан бегзадалары өз хандарын өлтріп бар
жаланы соған жабуға мәжбүр болады.
Тәуелсіздік алған теле тайпасыбатысқа, яғни Алтай өңіріне көшіп
келеді. Мұнда келіп олар өз мемлекеттерін ұйымдастырады. Бұл қоныстану
Азиядағы этногенездік процестің дамуына жаңа қозғаушы күш алып келеді.
Сонымен қатар Теле тайпасының бөлініп тәуелсіз мемлекет болып қалыптасуы
Орта Азиядағы Жужан ордысының рольін әлсіреткен еді. Алайда, осыдан кейінгі
Ноғай, Футу секілді ақылды басшылардың жан-жақты бейбітшілік саясатын
ұстанып соғыстарға қатыспауы орданың шамалы болса да ес жинауына жағдай
жасады. 494 жылы Эфталиттер Иранды жаулап алғаннан кейін солтүстікке бет
түзеп қытай жазбаларына Гаогүй деген атаумен енген телелер мемлекетінің
оңтүстік бөлігін тас-талқан етеді. Олардың бір бөлігі жужандарға барып
қосылса, келесі бөлігі қытайларға барып тығылады. 496 жылы эфталиттер
телелерді толығымен басып алып оған Мивоту деген бегзаданы басшы етіп
сайлап өзіне вассал етеді. Жалпы Эфталиттер кезінде Алтай өңірінен шыққан
түркі-монғол тектес ғұн тайпаларынан тұратын көшпелілер мемлекеті
болатын.Олар Византия таихнамасында эфталиттерң, кейде ақ ғұндарң десе,
парсы тарихшыларының еңбектерінде хоятеттерң деген атаумен белгілі. Ал
қытай тарихшылары патша тағың деген мағына беретін эфта атауынан шығарп
э-та немесе ида деп атайды. V ғасырдың алғашқы жартысында олар
Самархан, Балх, Бактирия, Тохиристанды бағындырып алған еді. V ғасырдың
екінші жартысында ара-парсы деректерінде жазылған эфталит көсемі Ахшунвар
сасанитік Ираннан Хорасанды тартып алады. Иран бар күшін салып өз
тәуелсііздігін қорғап қалғанмен салық төлеп тұруға мәжбүр болады.
Эфталиттердің тіпті Сасаниттер династиясының ішкі билікті мұралану
мәселелеріне де араласадай ықпалы болады. 490 жылыдары тақтан қуылған
Сасаниттік бегзада Ковад осы Эфталиттенр ханының немере қарындасына
үйленіп, көмекке әскер алып тағын қайтарып алады.VІ ғасырдың алғашқы
ширегінен бастап олар Үндістанға шабуылын бастайды. Яғни Эфталиттер бұл
кездері азиядағы ең ықпалды мемлекеттердің бірі болатын. Мивоту басқарған
Телелердің жартылай тәуелді мемлекет эфталиттердің вассалы, жужандардың
дұшпаны болса, қытайлардың одақтасы болады. VІ ғасырдың басында Тоба Вэй
империясы солтүстіктегі көшпенділерден, әсіресе жужандардан сақтану үшін
тұрақты армиядан арнайы бөлінген 3000 жауынгерімен Мын Вэй деген қолбасшыны
осында жібереді. Қытай секілді одақтасына арқа сүйеген Мивоту жужандарға
шабуыл жасап олардың билеушісі Футуды өлтіреді. Өлтірілген жужан басшысының
бас терісін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түрік қағанатының сыртқы қарым - қатынасы тарихы
Түрік қағанатының құрылуы
Шығыс түріктерінің Түргештерге жорықтары
Түрік қағанатының қоғамдық - саяси құрылысы
Қарлұқ мемлекетінің мәдениеті
Қасым хан, Хақназар хан
Жазба және археологиялық деректер негізінде түрік қағанатының құрылу тарихы мен оның сыртқы саясатының негізгі бағыттарын анықтау
Қарлұқ мемлекетінің құрылуы
Қазақ хандығының құрылуы және Қазақ халқының қалыптасуы
Қимақ мемлекетінің шығу тарихы
Пәндер