Шілікті алқабындағы Бәйге төбе қорғанының құрлысы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ТАРИХ ФАКУЛЬТЕТІ
АРХЕОЛОГИЯ ЖӘНЕ ЭТНОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

К У Р С Т Ы Қ Ж Ұ М Ы С
Тақырыбы:
Шілікті алқабындағы Бәйге төбе қорғанының құрлысы.

Орындаған: ІІІ курс, АЭ-21К бөлімінің
студенті Жабықбай Әлфар
Тексерген: т.ғ.д. профессор Толеубаев Ә.Т.

АЛМАТЫ 2005

МАЗМҰНЫ:
КІРІСПЕ 3
Чериков зерттеген қорғандардың құрылысы 5
Шілікті алқабындағы Бәйге төбе қорғанының құрылысы 8
ҚОРЫТЫНДЫ 12
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИТТЕР ТІЗІМІ 14

КІРІСПЕ

Шілікті алқабы – көлемі Батыстан Шығысқа қарай 60 км. Солтүстіктен
Оңтүстікке қарай 30 шақырымдай, төрт жағынан тау қоршаған теп – тегіс үлкен
алқап. Теңіз деңгейінен биіктігі 1110 м. Алқапты терістікте – Маңырақ,
Шығысында – Сауыр, Жүрек таулары, Батысында – Теріс айрық өзенінің
жағалауынан басталатын қырат жоталары шектейді. Жазы салқын, тау қақпалары
арқылы үрленетін желді, қысы жұмсақ қары аз келеді. Суы мол, оты құнарлы.
Тарбағатай, Маңырақ, Сауыр, Сайқан аймақтарының таңдаулы қыстаулары ықылым
замандардан бері осында орналасқан.
Әуелі ерте Темір дәуірі ескерткіштерінің едәуір бөлігі – Шығыс
Қазақтанның ең басты су артериясы – Ертіс өзенінің аңғарында орналасқан.
Оның сол жақ жағалауындағы Обалы қорымдар қалба жотасының солтүстік және
оңтүстік баурайларында орналасқан. Ал, одан әрі оңтүстік Батысқа Шыңғыс
тауға және Тарбағатайдың Батыс аудандарына дейін созылады1.
Біздің жыл санауымызға дейінгі ҮІІІ – ҮІ ғ.ғ. Шілікті алқабын аса
қуатты билеушілер әулеттері мекендеген. Бұл құбылыстың материалдық белгісі
– Сақ заманның алып қорғандары, олардан табылған алтынды жәдігерлер өлкеде
ғұн, үйсін заманының да ескерткіштері мол2.
Шілікті даласы туралы алғашқы мәліметтер 1869 жылы „Томские облатные
ведомости” және 1887 жылы „Сибирская газета” басылымдарында берілді. Ал, Н.
Коншин Шілікті алқабының 72 нүктесінде 1675 қорған бар деп көрсеткен. Бұл
мәліметті зерттеушілер тым асыра көрсеткендік деп есептегенімен шындықтан
алыс емес екендігіне көз жеткізілді.
1909 - 1910 ж.ж. Семейлік гидротехник Г. Бокий Шаған оба қойнауында
үлкен бір қорғанды қазған, бірақ қазба кезінде қорғанның қабырғалары құлап
кете беруіне байланысты бұл әрекетін тоқтатқан. Бұдан соң зерттеушілер
Кеңес заманында, 40-50 жылдардан кейін жалғасын тапты және алғаш рет шын
мәнінде археологиялық зерттеулер жүргізілді.

Чериков зерттеген қорғандардың құрылысы

Әйгілі археолог Сергей Черников қазба жұмыстарын 1949 жылдан бастап,
Шілікті қорғандарын 1959, 1960, 1962 жылдары және одан кейін де қазіп
зерттеді. Көп жылдарғы жұмыстарының ең тамаша нәтижесі – 1960 жылы қазған
„Шілікті алтын қорғаны” болды. (зерттеуші жоспарында бұл ескерткіші Шілікті
селосы төңірегіндегі №5 қорған деп белгіленген).
С. Черников қазған „Алтын қорған” ірі құрылыстарға жатады: сақталған
биіктігі – 6 м. Қорған үйіндісінің біршама шөгіп, етегіне жайылуына
байланысты диаметрі 66 метрге ұлғайған. Археологтар ескерткішті ортасына 2
метр жол қалдырып, кеңдігі 25 метрге жететін, бір бағытпен тартылған
траншея салып, беткі топырақты бульдезермен ысырып қазды. Тастан және
ағаштан жасалған ішкі құрылыс қолмен аршылды.
Құрылыстың табанына жеткенде мола шұңқұрының тереңдігі 1 метр екені
анықталды. Керісінше, көлемі үлкен 7,1 х 8,3 метр. Шұңқұр ортасынан шығысқа
қарай ені дромос тартылған. Шұңқұр үстіндегі төрт бұрышты, көлемі 4,6 х 4,8
метр ағаш құрылыс 4 қатар қарағай бөренелермен қаланған. Құрылыс беті бір
қатар бөренелермен жабылған. Шұңқырдың батыс бөлігінде тақтайлардан еден
төселіп, үстіне екі адамның мұрдесі қойылған. Құрылыс сипатын С. Черников
аралары және жан – жағы, үсті сындырылған ірі тастармен бекітілген аған тор
(клетка) деп атаған тас қалың үйілген, ағаш құрылыс үстіндегі қалыңдығы 1
метрден асқан. Топырақ салмағынан және тонау салдарынан құрылыстың біршама
жаншылғаны байқалады. Сонымен, бұл құрылыс қатты қираған күйде аршылған.
Бір кездегі тонаушылар жерленген адамның киіміне тігілген әшекейлерін тік
салған шұңқұр арқылы тартқылап әкеткенде, бір қатар мүлік шұңқыр ішіне
шашылып қалған.
Жоғарғыда айтылған ағаш құрылыстың биіктігі 1,20 метр. Бөренелер кем
дегенде 40 шақырымдай қашықтықтан жеткізілген. Ол жақта Балқарағай орманы
күні бүгінге дейін сақталған.
Бөренелердің арасында қуыстар уатылған таспен бекітілген. Бөлменің
шығыс жақ бетінен ені – 20 метр, тереңдігі 1 метр болатын дәліз жол
қазылған. Бұл жолмен көсемнің мәйіті қабырханаға кіргізілген. Сол замандағы
жерлеу салты бойынша, марқұмның басы шығысқа қаратылып, шалқасынан
жатқызылған. Қабырхана қалыңдығы 1,0 – 0,2 метр болып келетін уақ
тастарменен жабылған. Содан соң тастардың үстіне, диаметрі 40 метр болатын
саз балшықтан қорған соққан. Оның сыртын майда қиыршық тастармен
араластырған, бетін ақ тастармен көмкерген.
Қорғанның табанынан ірі – ірі уатылған тастарды үш қатар етіп
төсеген, бұл үйіндінің сырғып кетуіне тосқауыл болуымен бірге марқұмды бұл
дүниеден бөлектеп те тұрған сияқты.
Өкінішке орай, бұл қорған ерте заманда тоналған болып шықты. Әйтсе
де, ондағы сақталып қалған заттар Ежелгі Қазақстан тарихын зерттеуде ғана
емес, жалпы далалы Еуразия белдеуінің көне тарихын зерттеуде аса маңызды
рол атқарады. Сондықтан да өз уақытында олар ғылыми қауымдастықтың үлкен
қызығушылығын туғызды.
Археологтарға жеткен мүлікті тізімдеген С. Черников барлығы 524 алтын
зат тіркеді. Үш жүзден астам, алайда, ұсақ тесікшелер (бисерлер) және
кейбір зат сынықтары мен фрагменттері болған. Аң стилінде жасалған көлемді
әшекейлер – 59 (29 – қабылан, 14 - бұғы, 9 - бүркіт, 5 - қабан, 1 - балық,
1- құс). Заттар, әсіресе, бұғылар айрықша әсем, олардың фото суреттері
елімізде шыққан кітап альбомдарда жарияланған.

Шілікті алқабындағы Бәйге төбе қорғанының құрылысы

2003 жылы Қазақ Ұлттық Университетінің археологиялық экспедициясы –
тарих ғылымдарының докторы, профессор Ә. Толеубаевтың басшылығымен Шілікті
екі қорымындағы №1 қорғанда қазба жұмыстарын жүргізді. Аталмыш қорғанды
жергілікті тұрғында „Бәйгетөбе” деп атап келген.
Бәйгетөбе қорғаны Шілікті алқабында ғана емес, бүкіл Қазакқстандағы
аса ірі ерте Темір дәуірінің құрылысы. Бәйгетөбе қорғаны Шығыс Қазақстан
облысы, Зайсан ауданынан 70 шақырым Жалши ауылынан оңтүстікте 900 метр
жерде орналасқан. Сақ заманының „Патшалық” қорғанын зерттеп қазуға әл-
Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ерте темір дәуірі отрядын
Алтай – Тарбағатай аралығындағы ертесақ ескерткіштері
Алтын адам жәдігерінің зерттелуі-ұлттық құндылық
Бесшатыр ескерткіштерінің әшекейлері
Қазақстан аумағындағы сақтардың археологиялық ескерткіштері
Қазақстан териториясындағы ертедегі көшпенділер мәдениеті мен өнері
Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік мұражайының ақпараттар жүйесін құру
XX ғасырдағы Қазақстандағы археологиялық ескерткіштердің зерттелуі мен қазба жұмыстары
САҚ МӘДЕНИЕТІНДЕГІ ПОЛИМОРФТЫҚ БЕЙНЕЛЕР
Алтай-Тарбағатай аралығындағы ерте темір дәуірінің археологиялық ескерткіштері (кезеңделуі, мерзімделуі және мәдени атрибуциясы)
Пәндер