ҚАЗАҚТЫҢ МАТЕРИАЛДЫҚ МӘДЕНИЕТІШҢ ДАМУЫ


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚТЫҢ МАТЕРИАЛДЫҚ МӘДЕНИЕТІШҢ ДАМУЫ

Қазақстанның XVI-XVII ғасырлардағы мәдениеті қалыптасқан қазақ халқының өз ата-бабаларының мәдени қазыналарын қамтыған мәдениеті болды. Бұл уақытта қазақ халқына тән материалдық және рухани мәдениеттің сипатты белгілері орнықты. Материалдық және рухани мәдениеттегі жетістіктердің бәрінің ақиқат жасаушылары халық бұқарасы болды. Сонымен бірге сол кезде үстем болған қоғамдық құрылыс мәдениетте екі тенден-цияның - халықтық және феодалдық тенденцияның қалыптасуында бейнеленді.

Қазақстанның кең-байтақ жерінде мәдениеттің дамуы біркел-кі жүрген жоқ: қалалы орталықтарда ол көшпелі және жарты-лай көшпелі аудандардағыдан шапшаң жүрді.

Үй қоленері мен кәсіпшіліктер. Шаруашылықтың негізгі типі үйдегі қолөнер мен кәсіпшіліктерге өз тацбасын салды. Жазбаша деректемелер мен материалдық мәдениеттің XVI-XVII ғасыр-ларға қатысты ескерткіштері қазақтарда бірқатар кәсіби қол-өнердің болғанын көрсетеді. Бұлардың арасында ұсталық, зер-герлік, слесарьлық, кен ендіру, теріден былғары илеу, тігіншілік, етікшілік қолөнерлері басым болды.

Ибн Рузбіиханның хабарлауына қарағанда қазақтар ағашты өңдеуді, арбалар мен күймелі арбалар жасауды білген. Ол арба-ға орнатылған осындай үйлердің құрылысы мен жасау-жабдығын: «Олардың [қазақтардың] ағаштан жасалған үйлері зәулім сарайлар секілді еңселі, бар дүние сыйғандай кең. Ақ теректен қиылған қабырғалары керемет мықты, мінсіз жасалған. Үйдің үсті көздің жауын алатын неше түрлі киізбен, қой терісімен жа-былады. Оларда сұлтандар мен қазақтың біліктілері тұрады. Бұл үйлер өте әсем, олардың әрқайсысына шынтақтап, дамылдап жатқан жиырмадан астам адам сияды. Бұл үйлер арбаға орнатылады да, оған көп түйе жегіледі. Мен олардың құрылы-сына қайран қалдым, ейткені арбаға орнатылған бұл үйлер өте-мөте еңселі әрі аңғарадай кең, жан-жағында киізбен жабылатын терезелері мен желдеткіштері бар. Ішіне кірсең олар құрылысы жөнінен тамаша әрі әмірлер мен сұлтандардың үйлеріндей ға-жап әсем» V- деп егжей-тегжейлі сипаттайды.

Қазақтар ежелден тері мен киіз еңдеуді, оларды әр алуан түске бояуды білетін еді; олар киіз бен былғарыға ернек басу, құрақ құрау және оюлап тігу техникасын меңгерді. Сайфидің хабарлауына қарағанда, «олардың [қазақтардың] шекпендері қойдың жүнінен тоқылып, әр алуан түске боялады да, атластан тігілген шапандардан айнымай қалады; бұл шекпендер Бұхара-ға жіберілетін, олардың әдемі де жұқа болатындығы сонша, ол жерде бұларды атлас шапандардың құнындай бағаға сатып алады. Олардың жаңбырдан қорғанатын сулық шекпендері де нақ сондай жүн матадан жасалады; жүн матадан мүлде су өтпейді».

Қазақтың ағаш шеберлерінің енері ерекше кең тарады. Ағаш шеберлері қайыңның түбірінен бітімі әдемі, геометриялық әше-кейлермен мол безендірілген тостағандар, қымыз құятын әдемі ожаулар, күміспен күптелген түрлі-түсті тастармен мейлінше айшықталған үлкен деңгелек шаралар, шай жабдықтарына арналған ағаш кесеқаптар жасайтын. Сондай-ақ мыс құмыралар мен металдан ойып әшекейленген жалпақ ыдыстар, арқардың, бұғының, тау ешкісінің мүйіздерінен әдемі заттар, сүйектен ойып қобдишалар, сандықшалар, шақшалар жасайтын шеберлер де болды. Олар жасаған жеп-жеңіл ер етімді болды. Қолөнершілер сонымен қатар қару-жарақтар, сәнді құралдар, садақ, жебе салатын қорамса, қалқан, қын, қылыштың саптарын жасады.

XVI-XVII ғасырларда қазақтар арасында пайдалы қазбалар шығатын жерлерді және оларды еңдеудің әдістерін жақсы білетін кен қазушылар (кенші) болды. Олар тастан қаланып, балшықпен сыланған арнаулы пештерде - шоқ ошақтарда темір балқытты. Ошақтар төбесі шағын ғана күмбез түрінде шығары-лып, жерден шұқыр қазылып жасалды. Ошаққа темір рудасын араластырып, көмір, ағаш салынды. Температураны қатты қыз-дыру үшін ошақтың төбесінен түтін тартар жасалды, не болмаса пештің қабырғасынан тесік жасалып, ауа көрік арқылы үрленді. Тікелей рудадан темір жентектері, сондай-ақ қорғасын мен мыс құймалары алынып, олар сатылып отырды.

Қазақтың темір ұсталары негізгі еңбек құралдарын, ең алды мен егіншілік және шаруашылық-тұрмыс заттарын: кетпен, соқа түрендерін, темір күректер, балта, қазан асылатын үлкен темір ошақтар, құлыптар, ірілі-ұсақты шегелер, кой қырқатын қырық-тық біз, ағаш және темір ұсталарының саймандарын және бас-қаларын жасады. Темір ұсталары мен зергерлер әйелдердің Дулыға мен қылыш әсемдік заттарын, ер-тұрман, жүген және қару-жарақтарға ар-нап, түсті металдардан әсем өрнектелген заттар жасады. Қан-жар, үзын пышақ түріндегі семсерлер, айбалта (екі жағында да жүзі бар балта), найзалар мен жебелердің темір үштары соғыл-ды. Қейбір шеберлер білтелі мылтықтар да жасады.

Темір ұстасының аспабы - көрік, шағын төс, балға және қысқаштан тұрды. Қейбір ұсталар езінің кіші-гірім құрал-сай-мандарын алып, ауыл-ауылды аралап, жұртқа әр түрлі заттар жасады.

Қазақтың ағаш шеберлерін жалпы алғанда балташы деп атады. Соның ішінде қысқы және жазғы тұрғын үйлер салатын ағаш шеберлерін, екі доңғалақты арбалар мен күймелер жасай-тын шеберлерді ерекше беліп керсеткен жөн. Ағаш шеберлері киіз үйдің ағаш сүйегін, үй заттарын - кереует, сандық, кебеже, шкаф, аласа деңгелек стол, бесіктер жасады.

Жазғы жиналмалы тұрғын үйлердің сүйектері, күймелер мен арбалар негізінен алғанда Қазақстанның орманды солтүстік және солтүстік-шығыс бөлегі мен Жетісуда жасалды.

Қайысшылар ат әбзелдерін, түйеге салынатын ашамайлар, киіз үйдің керегелерін көктейтін қайыс жасады. Былғарышылар сонымен қатар мал саууға арналып әдемі әшекейленген көнек-тер, сабалар, қойдың немесе ешкінің тұтас терісінен әзірленетін шанаштар, көлемі мен бітімі әр түрлі торсықтар жасады.

Төрт түлік малдың терісінен еркектер мен әйелдердің етікте-рі, мәсілері, кебістері және басқа аяқ киімдер тігілді. Олар кебінесе оюлап тігілген немесе сыртынан қоса тігілген әшекей-лермен безендірілді. Сондай-ақ ердің астына салынатын, басты-рылған және тігіп жасалған ою-өрнектері мол терліктер де әзір-ленді.

Қазақтар арасында кілем тоқу да таралды. Кдлемдердің бірнеше түрі тоқылды. Үзын түкті және қоңыр-терракоттық түс-ті кілемдер сапасының жоғары және көркемдік талғамының нә-зіктігі жөнінен ерекше болды. Сондай-ақ ақ және кызыл түсті кілемдер мен түксіз кілемдер де тоқылды.

Киім тігу, киіз басу, кілем тоқу, киіз үйдің керек-жарақтарын әзірлеу ісімен түгелдей алғанда қазақтың әйелдері айналысты, Қолөнершілердің арасында көркемдік жағы жоғары бұйым-дар жасаған адамдар ерекше болып отырды, оларға «шебер» не-месе «іскер» деген қүрметті атақ берілді. Ең таңдаулы ағаш шеберін «ағаштан түйін түйген», ал ең таңдаулы кілемші мен зергерді «он саусағынан өнер тамады» деп аңыз етті.

Негізінен алғанда XVI-XVII ғасырлардағы қазақ шаруа-шылығы натуралды шаруашылық болды. Үйде істелетін кәсіп бұйымдарының көпшілігі товарға айналмайтын да, ендірушінің өз семьясының қажеттерін қанағаттандыруға пайдаланылатын еді. Алайда, бұл товар шаруашылығы болған жоқ деген сез емес. К. Маркс: «Товар өндірісі мен товар айналысы өнімдердің дені тікелей езі тұтынуға арналатын, товарға айналмайтын кезде де, демек, ендірістің қоғамдық процесі езінің бүкіл аумағы жағы-нан айырбас құнының үстемдігіне әлі онша бағынышты бола қоймаған кезде де орын алуы мүмкін», - деп көрсеткен бола-тын. К. Маркстің осы нұсқауын кейінгі орта ғасырлардағы Қа-зақстанның товар ендірісін сипаттауға да қолдануға болады.

Киіз үйлердіқ орманды және орманды-далалы аудандарда жасалған ағаш жабдықтары ағаш еспейтін және шөлейтті жер-лерде өткізіліп, малға айырбасталып отырды. Қоленер ендірісі-нің ауыл шаруашылық құралдары, ат әбзелдері, қару-жарақтар мен сауыт-саймандар сияқты бұйымдары да ішкі айырбас арқы-лы өткізіліп отыратын заттар болды. Киіздер, шекпендер, қымбат ішік-жарғақтар, кілемдер сату үшін негізінен Бұхараға, Хиуаға, Үргенішке, ішінара Россияға женелтіліп отырды.

Қазақ халқының XVI-XVII ғасырлардағы мәдениеті

Тұтас алғанда айырбас онша дамыған жоқ, қоленер өндірісі өнімдерінің сатуға арналғаны аз болды.

Тұрғын үй. XVI-XVII ғасырлардағы Қазақстанның кешпелі және жартылай кешпелі мал шаруашылығымен айналысатын халқының басым көпшілігі көші-қонға ьщғайлы тұрғын үйлерде тұрды. Ол үйлер өзінің бітімі, көлемі және құрылысы жағынан әр түрлі болды. Малшылар жылдың жылы маусымында кешіп жүруге жеңіл үйлерде, ал суық маусымында кебі (кешпелілерді қоспағанда) тұрақты жылы үйлерде- «жер үй», «қара там», «шошала» деп аталатын жертөлелер мен жер бетіне салынған үйлерде тұрды. Қазақтардың жазда тұратын үйлері екі типтіз кіиіз үй және арбаға орнатылған жылжымалы үй (күйме) болды. Кешпелі өмірге бейімделіп, оңай жығылып-жиналатын үй типіне жататын киіз үй мейлінше кең таралды. Оның сыртқы бі-тімі сәл күмбезделген деңгелек болып келеді. Киіз үйдің негізі қабырға (кереге) болды, оған жоғарғы ұшы шаңырақтың қалам-дығына шаншылып, төменгі ұшы осы керегеге байланатын уықтар күмбезделе тігілді. Негізінен алғанда уықтар иілген ағаштан жасалған. Уық неғұрлым кеп және неғұрлым жиі тігілетін бол-са, күмбездің бітімі де соғұрлым еңселі де әдемі болып көрінетін, Әдетте киіз үйде 120-дан 200-ге дейін уық болатын-ды.

Кереге тор немесе қанат құрап, ағаштар бір-бірімен кесе-кел-денең айқастырыла кектелді. Киіз үйдің аумағы керегелерден тұратын қанатының саны арқылы анықталды. Әдетте аумағы орташа киіз үй алты-жеті қанат, кедейлердің баспанасы - терт-бес қанат болса, ал малы кептердің үйлері 9 қанаттан 12 қанат-қа дейін болды.

Қерегелерге алуан түсті жүннен есілген жіппен тоқылған әшекейленген ши тұтылатын да, тоқылған құр, таңғыш, шалма-лармен байлап бекітілетін еді. Киіз үйдің іргесі сыртынан әдейі-леп тігіліп, «туырлық» деп аталатын киізбен, уықтың үсті үзікпен және түндікпен жабылды. Жарық осы түндіктен түсіп, түтін де содан шығатын. Туырлық-үзіктер басқұр, белдеу, әр түрлі бау-лармен байланды.

Қиіз үйге кіретін есік биіктігі 1, 5-2 метр, ені 0, 8 метр бола-тын тік бұрышты етіліп, үйдің оңтүстік-шығысынан шығарылды. Оған оюлап әшекейленген ағаш есік орнатылып, сырт жағынан киіз жапқышпен жабылды. Қиіз үйдің ортасында тамақ асыла-тын ошақ болды, керегелерге тақау кереует, сандықтар, шкаф және басқа үй жиһаздары қойылды.

Байлардың үйлері әсемдігімен, қымбат жиһаздарымен ерек-ше болды, олардың керегелері көбінесе сүйектен жасалған әше-кейлермен безендірілді, киіз үйдің ішіне алуан түсті кілемдер ілініп, алашалар төселді.

Қазақтардың көшпелі үйлерінің тағы бір кең таралған түрі күйме-үйлер болды. Ибн Рузбиханның суреттеуіне қарағанда, «олардың (қазақтардың) арба тәрізді етіп қүрастырылған, аспан тәріздес үйлеріне доңғалақтар орнатылған. Бірінің ізінен бірі жүріп, түйелер мен жылқылар ол үйлерді керуен тәрізді шүба-лып, қоныстан қонысқа сүйреп жүреді, ал егер олар осылайша үздіксіз жүре берсе, монғолдың жүз фарсанғасына созылар еді, ал олардың арасы бір қадамнан аспас еді». Осындай күй-ме-үйлер Түркістан қаласында кеп еді, олар өзінше бір қала орамын қүрайтын.

Қазақтар түрақты түрғын үй: жертөлелер мен жер бетіне салынатын үйлер де салды. Жертөлелер мен жартылай жертөле-лер (жер үй, жер кепе, жертөле) бірінші жағдайда 1, 5 метрден 2 метрге, екінші жағдайда 60-70 сантиметрге дейін жерден қа-зылатын. Жертеленің төбесі жер бетімен бірдей дерлік болса, олардың шатыры жер бетінен 1-1, 5 м. биік етіп жабылды. Әдет-те жалпақ төбелі мұндай үйлерде тақтай еден болмайтын еді.

Шошала - қазақтың қыста түратын үйінің ежелден келе жатқан типі. Формасы жағынан ол киіз үйге ұқсас, мұндай жар-тылай жертөленің төбесі сүйірлене шығарылып, құрылыс жерге 50-60 сантиметр қазылып салынды. Жоспарлау схемасы бойын-ша шошала екі-үш бөлмелі үй болды. Таулы жерлерде шошала тура жер бетіне тастан қалап тұрғызылды, бірақ олардың аума-ғы төрт қанатты киіз үйден аспайтын еді.

Археологиялық деректерге қарағанда, жер бетіне салынған үйлер типі Қазақстанның барлық территориясынан кездескен. Олар екі, терт бөлмелі болды. Қолданылған қүрылыс материалының сипаты қоршаған табиғи жағдайларға байланысты болды, бұл орайда шикі кірпіш, тас, шым, қамыс және басқа қолға түскен материал пайдаланылған. Ішкі бөлмелер екі бөлікке бөлінетін: бір жартысы демалуға және ас ішуге арналған да, екінші жартысы ошақ алдына немесе кіре беріске орнатылған. Әдетте бұл үйлердің бұрыштарында астық сақталатын ұра немесе қоймалар, сондай-ақ шаруашылыққа арналған әр алуан шұңқырлар болған. Барлық қоныстарда тұрғын үйлердің жанында жас малға және мініс аттары мен жұмыс көліктеріне арналған шаруашылық құрылыстары салынған. Қыстауларда тұрғын үйлер мен қора-қопсының қабырғалары да, тәбелері де бір болған.

Қазақтардың едәуір бөлегі әдетте өзен жағасын бойлай, тау аңғарларында орналасқан селолық қоныстарда, ең алдымен қыстауларда тұрды. Қыстаулардағы тұрғын үйлер жертөлелер немесе жартылай жертелелер және тастан жер бетіне салынған үйлер болды. Қыстауларда бестен он беске дейін шаруашылық-тар шоғырланатын еді.

XVI ғасырдағы тұрғын үйдің бір бұрышы. Отырар қала жұрты

Селолық қоныстардың неғұрлым дамыған типі тұрақты оты-рықшы қоныс (қыстақ) болды. Оның территориясы кейде қор-ғандармен, орлармен қоршалды. Аумағы әр түрлі болып келетін қоныстарда 500-ге дейін адам тұра алатын болды. Осындай қо-ныстар орта ғасырлардағы Түркістан, Отырар, Сығанақ, Созақ, Сауран секілді қалалардың теңірегінен табылды.

Қоныстар, әдетте, қорғандармен қоршалды. Тұрғын үйлер қорғанның ішкі жағына жапсарлас салынды да, оларда тандыр ошақтары бар ас үйлер, ошақтары және астық қорын сақтауға арналған ұралары бар тұрғын жайлар белек-бөлек болды. Үйлердің төбелері тегіс етіп жабылды: ұзыннан салынған берене арқалыққа келденең сырғауылдар қойылып, оның үстіне бұтақ, қамыс теселіп, үстіңгі жағынан күл араластырылып иленген балшықпен қалың етіп сыланды. Қоныстың ортасында әдеэте мал тұратын алаңқай болған. Бұл сияқты қоныстар Қазақстан-ның оңтүстік аудандарында ғана емес, сонымен қатар Орталық Қазақстанда, Жезді, Нүра, Қеңгір және Сарысу өзендерінің жағасында да болғаны мәлім.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жаһандану үрдісінің Қазақстанда ұлттық идея қалыптасуына ықпалы
Тұлғаның қалыптасуы туралы
Қазақ мәдениетінің рухани байлығы
Көшпенділер мәдениетінің ерекшеліктері
Қазақ мәдениеті аясындағы қазақтың ұлттық мәдениетінің қалыптасуы
Қазақ халқының мәденитеті ( ХV ғасырдың соңы – XVII ғасырдың бірінші ширегі)
ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ (орыс тілінде оқытылатын сыныптарға) 9-сынып емтихан тапсырмалары
Бастауыш мектепте еңбекке баулуды оқыту практикумы
Ежелгі Отырар қаласы
18-19 ғ. соңы аралығындағы қазақ мәдениеті
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz