Қола дәуірінің кезеңдері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН ҚОЛА ДӘУІРІНДЕ

1. Қола дәуірінің кезеңдері. Андронов мәдениеті.
2. Қазақстандағы Беғазы-Дәндібай мәдениеті.
Біздің заманымыздан бұрынғы екі мың жылдықта ежелгі Қазақстан
аумағында мал және егіншілік шаруашылығымен қоса металл өңдеу кәсібі дами
бастады. Мұның өзі Қазақстан жеріндегі әлеуметтік-экономикалық жағдайларды
өзгертуге жол ашты. Мал өсіруші тайпалар ірі және қуатты бірлестіктер
құрды. Бұлардың арасында әр түрлі себептермен келіспеушіліктер болып,
қарулы қақтығыстар да орын алды. Қару енді жабайы аңдарды аулау үшін ғана
емес, сонымен қатар тайпалардың соқтығыстарында да жиі қолданылатын болды.
Қару жасау бірте-бірте металл өңдеудің дербес саласына айналды.
Б.з.б. 2 мың жылдықтың ортасында Қазақстан тайпалары қола заттарын
жасауды меңгерген. Қола - әр түрлі өлшемдегі мыс пен қалайының, кейде
сүрменің, күшаланың, қорғасынның қорытпасы. Мыспен салыстырғанда қола өте
қатты және балқыту температурасы төмен, түсі алтын сияқты әдемі болып
келеді. Ол еңбек құралдары мен қару жасау ушін қолданылатын негізгі шикізат
болып табылды. Қазақстан жеріндегі ертедегі адамдар түсті металдар өңдеуге,
әсіресе мал өсіруге мықтап көңіл бөлген. Сөйтіп, б.з.б. 2 мың жылдықтың
аяғында - I мың жылдықтың басында дала халықтары шаруашылықтың жаңа түрі -
көшпелі мал шаруашылығына ауысады.
Қола дәуіріндегі экономикалық басты-басты екі бағыттағы: мал
шаруашылығы мен металл өңдеу кәсібінің тез дамуы, ең алдымен еркектердің
еңбегін кажет етті. Мұның өзі қоғамда еркектер рөлінің күшеюіне әкелді.
Сөйтіп, аналық рудың орнына аталық ру (патриархат) пайда болды. Қоғамдық
өмірдегі ірі өзгерістер өндірістік күштердің өсуіне, қоғамдық еңбектің
мамандануына, патриархаттық қатынастың дамуына байланысты еді. Жеке
отбасылар бөлініп оқшауланды, меншік ұлғайып кеңейді, рулық қауым ішінде
мүлік теңсіздігі көрініс бере бастады.
Қола дәуірінде Сібірдің, Қазақстанның және Орта Азияның кең-байтақ
далаларын тегі және тарихи тағдырының ортақтығы жағынан туыс тайпалар
мекендеді. Бұл тайпалар бір үлгідегі, бір-біріне ұқсас мәдениет қалдырды.
Олар қалдырған ескерткіштердің табылған жері Сібірдегі Ачинск қаласы
маңындағы Андронов селосының атымен ғылымда шартты түрде Андронов
мөдениеті деп аталды.
Андронов мәдениетінің негізгі орталықтарының бірі - Қазақстан жері
археологиялық деректерге қарағанда, Андронов мәдениеті дәуірінде халықтың
басым көпшілігі отырықшылықта өмір сүрген. Өзендердің, көлдердің
жағасындағы жайылымы мол жерлерге орналасқан патриархаттық отбасылардың
үйлері мен үлкен жер төлелері болған. Олардың жанынан әр түрлі шаруашылық
жайлар мен мал қамайтын орындар салынған. Өйткені, бұл кезде мал бағу
кәсібі басымырақ еді. Тайпалар малшылық-егіншілікпен аралас шұғылданды.
Андронов мәдениеті дәуірінде адамдар металдан еңбек құралдарын,
қарулар және сәндік заттар жасауды жақсы білген. Олар түбі шығыңқы
балталар, сағасында ойығы бар пышақтар, балға, шоттар, найзалар мен
жебелердің өзгеше ұштары, білезіктер, айналар, моншақтар және әр түрлі
ілмешектер, егінді оратын орақ, пішенді шабатын шалғы сияқты құралдарды
өздері жасап күнделікті тұрмыста кеңінен қолданды.
Андронов мәдениетінің алғашқы ескерткіштерін 1914 жылы А.Я. Тугаринов
ашты. Содан бергі өткен уақыт ішінде Кеңес елінде, сонымен бірге
Қазақстанда бұл мәдениетке қатысты орасан көп археологиялық материалдар
жиналды. Андронов мәдениеті қола дәуірінің алғашқы кезеңін (б.з.б. ХҮШ-ХҮІ
ғасырлар) және орта кезеңін (б.з.б. ХҮ-Х ғасырлар) түгелдей қамтиды.
Орталық Қазақстанда қола дәуірінің соңғы кезеңінде (б.з.б. Х-ҮІІІ
ғасырлар) Андронов мәдениетімен салыстырғанда анағұрлым жоғары Дәндібай-
Беғазы мәдениеті болғанын білеміз. Ол Қарағанды қаласы маңындағы Дәндібай
ауылында және Балқаштың солтүстік төңірегіндегі Беғазы қойнауында қола
ескерткіштерінің алғашқы табылған жеріне қарай аталған. Дәндібай-Беғазы
мәдениеті Атасу өзенінен Ертіске дейінгі байтақ даладан табылған көптеген
ескерткіштерімен сипатталынады. Олардың қатарына Ақсу-Аюлы-2, Ортау-2,
Байбала-2, Бесоба, Бұғылы-3 кешендері жатады. Бұл ескерткіштерге тән нәрсе,
бір жағынан Андроновтық дәстүрлердің сақталуы, екінші жағынан, мәдениеттің
жаңа элементтерінің, тұрпаты ерекше бәйттік тамдардың, жатаған, домалақ
ыдыстардың пайда болуы. Жерлеу ғұрпы да Андронов мәдениетіне тән емес.
Әдеттегі бүктелген қаңқалармен қатар аяқтарын созып, шалқасынан жатқызылған
қаңқалар да кездеседі. Мұндай жерлеу ғұрпы кейінгі ерте темір дәуірінде
Қазақстан жерінде тұрған малшы тайпаларда кеңінен тараған.
Беғазы мәдениеті дәуірінде жерленгендерден мүлік теңсіздігінің
болғанын да байқаймыз. Басына обалар жасалып, оның айналасы ірі гранит
тақталармен белдеуленген молалар да кездеседі. Бұл патриархаттық-рулық
қоғамның көрнекті мүшелерінің қабырлары. Тағы малдарды, жануарларды қолға
үйрету көшпелілер қоғамы дамуының заңды кезеңі.
Қазақстан жерінде мал шаруашылығымен қатар неолит дәуірінен бастап
егіншілік дамыған. Мәселен, Усь-Нарым қонысында (Шығыс Қазақстан) табылған
қыстырма орақтар егіншіліктің болғанын көрсетеді. Тастан астық үгетін
кұралдар: астық түйгіштер, тоқпашалар, келілер, келсаптар жасалған. Егін
жинауда алғашқы кезде пышақ пайдаланылған болса, соңғы қола дәуірінде әр
түрлі қола және мыс орақ, шалғы қолданылады. Алқаптарда негізінен бидай,
қарабидай, тары егілген.
Қола дәуірінде адам қоғамының өндіргіш күштерінің дамуына мал өсіру
және егін егумен қатар әр түрлі рудаларды өндіру, тас пен сүйекті пайдалану
аса маңызды роль атқарған. Оған Қазақстан жеріндегі мыстың, қалайының және
алтынның бай кендерінің болуы қолайлы жағдай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Қазақстанның ежелгі дәуір тарихы» пәні бойынша практикалық (семинар) сабақтарына арналған оқу-әдістемелік нұсқау
Адамзаттың ежелгі тарихының негізгі кезеңдеріне жалпы сипаттама
Атасу кезеңі
Орталық Қазақстанның қола дәуірінің ескерткіштері
Кейінгі қола дәуірі
Қазақстандағы қола дәуірі туралы
Беғазы-Дәндібай мәдениеті туралы ақпарат
Қазақстан аумағындағы қола дәуірінің қоныстары
Талды археологиялық кешенінің ескерткіштері
Әлеуметтік экологияның қалыптасуы
Пәндер