ҚЫПШАҚТАРДЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК БІРЛЕСТІГІ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
ҚЫПШАҚТАРДЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК БІРЛЕСТІГІ

Территориясы мен қоныстануы. Этникалық құрамы

Территориясы мен қоныстануы. Б.з. ІІ мың жылдығының басында Қазақстан
территориясындағы этникалық-саяси және әлеуметтік процесстердің бүкіл
ортақтығы жағдайында орталық, батыс, шығыс және солтүстік аудандардың
орасан зор кеңістіктері этностарының тарихы өңтүстік және оңтүстік-шығыс
аудандарымен салыстырғанда өзіндік сипатта қалыптасты. Ол ең алдымен қыпшақ
конфедерациясымен байланысты болды. Деректемелер қыпшақтардың
қоныстануының алғашқы кезеңі жөнінде мейлінше мардымсыз әрі еміс-еміс
мағлұматтар береді. Алғаш рет қыпшақ этнонимі ҮІІІ ғасырда ұшырасады және
қыпшақтардың таралып қоныстануының бастапқы жеріне Ертістің жоғарғы бойы
мен оған іргелес Шығыс Қазақстан далаларын және Алтай тауы баурайын
жатқызуға болады.
ҮІІІ-Х ғасырларда қыпшақтар қимақтарға саяси жағынан тәуелді болып,
қимақ мемлекетінің құрамына енген. Қимақтардың әлсіреуіне орай қыпшақтар
бірден-бірге күшейе түскен. ХІ ғасырдың басында қимақ-қыпшақ
тайпаларының бұрын мекендеген негізгі территоиясында әскери-саяси
гегемония қыпшақтардың қолына көшті.
Сырдарияның орта және төменгі бойындағы оғыз жерлерін, Арал мен
Каспий маңы далаларын алғаннан кейін қыпшақтар ХІ ғасырдың басында
Хорезімнің солтүстік шептеріне тақап келді.
ХІ ғасырдың аяғында Махмұд Қашқаридын деректері бойынша, қыпшақтар
оңтүстікке Тараз төңірегіне дейін жетіп, Қанжақ Сәңгір бекінісін салды.
Сірә бұл қыпшақтар қарлұқтармен және кезінде типті қыпшақтарға тәуелді де
болған бұлақ тайпасымен тікелей көршілес болса керек. ХІ ғасырда Ёртістің
оң жағалауы мен Алтай тауларының баурайы қыпшақтардың шығыс шептері
болды.
ХІ ғасырдың аяғында шығыста Ертістен бастап, Батыста Волгаға дейін
Қазақстан далаларының ұлан-байтақ территориясын қыпшақ бірлестігінің
тайпалары алып жатты, олардың жекелеген топтары Маңқыстауға қарай өтті.
Махмуд Қашқаридің картасында Каспий теңізінің шығыс жағалауындағы қыпшақ
қоныстары белгіленген. Қыпшақ топтарының бірі 1065 жылы салҗұқ сұлтаны Алп
Арсланның тарапынан болған шаюуылға ұшырады.
Оңтүстікке қыпшақтар одан әрі жылжи алмады, өйткені сол тұстағы
күшті Хорезм мемлекетіне кезікті. Батыста ХІ ғасырдың орта шенінде
қыпшақтар оңтүстік орыс далаларына барып, онда половецтер деп атана
бастады. Ертеде орыс деректерінде қоныстанған бұл территория Половецтер
даласы деп аталатын болды.
Бұдан кейінгі кезенде Қазақстан териториясында қыпшақтардың таралып
қоныстану аймақтары негізінен өзгерген жоқ.
Этникалық құрамы. Қыпшақ конфедерациясы Орталық, Солтүстік, Батыс
және Шығыс Қазақстан территориясында өмір сүрген бұдан бұрынғы
мемлекеттік және этникалық саяси бірлестіктердің табиғи жалғасы болды. Ол
осының алдындағы ғасырларда регионды мекендеген және ХІ ғасырдың бірінші
жартысында қыпшақтарға бағынған немесе тәуелді болған этникалық топтар
мен тайпаларды өз құрамына қамтыды.
Қыпшақтардың құрамына енген этникалық компоненттердің бірі қитмақтар,
немесе оларды Махмұд Қашқари атағанда, йемақтар болды. Ол бұлардың
орналасқан жерін Ертіс деп бөледі.
Қыпшақтардың батысқа қарай жылжуы нәтижесінде - мұнда олар оғыз
тайпаларынан басқа қаңғар-печенег тайпаларымен қақтығысты – печенегтердің
бір бөлігі қаңлы атанып, қыпшақтардың құрамына енуі де ықтимал. Осы
ауданда қыпшақтар арасында қаңлы этнонимінің келіп шығуы олардың
Сырдарияда және Аралд маңында печенег-оғыз жерлерін жаулап алуымен
байланысты болуы да мүмкін.
Ертедегі башқұрт тайпаларының тарап қоныстануы регионда ХІІІ ғасырда
қыпшақ тайпалары мекендегені мәлім: олардың маңғолдарға қарсы көтерілске
шыққан басшысы Башман қыпшақтар халқынан, өлбөрлік тайпасынан шыққан.
Туыстас тайпалардың бірігуі процесімен қатар әр түрлі тайпалық
коалициялардың қақтығысулары, тайпалардың бөлшек тенуі және ақырында,
олардың басқалармен араласуы да жиі болып тұрған.
Шын мәнісінде өмір сүрген тайпалар аттарынан басқа қыпшақ-половец
номенклатурасында сандық сипаттамаларымен қоса жинақтама мәні бар бірнеше
рулардың аттарынан біріктіретін құрамды этнонимдер де ұшырасты. Мысалы,
тоқсоба тайпасы (орыс шежірелерінде ол токсобичи деген атпен мәлім) бәрінен
де гөрі, тоқсан оба - 90 ру дегеннен (қазақ фольклорындағы 92 баулы
қыпшақ деген осыдан шығуы ықтимал) шықса керек; өтебичи (йета – жеті оба,
жеті ру); тортобичи (төрт оба – төрт ру) және басқалары. Осы атаулардың
бәрінде оба негізінен рулық бөлімшелердің атауларына қосылды.
ХІ-ХІІІ ғасырларда Дешті Қыпшақтың бүкіл территориясында күрделі
саяси оқиғалар мен көптеген халықтардың көшіп-қонулары болды. Олар батыс
және шығыс қыпшақтар бірлестіктерінің арасындағы этникалық интеграцияның
барысына тікелей ықпал етті. Батыс қыпшақ тайпалары негізінен Оңтүстік
орыс далаларының, Поволжье мен Жайық өңірінің түркі тілдес халықтарымен,
шығыс қыпшақ тайпалары да Дешті Қыпшақтың түркі тілдес тайпаларымен өзара
байланыста болды. Бұл орайда шаруашылық-географиялақ фактордың атқарған
ролі де аз болған жоқ. Дешті қыпшақтың ұлан-байтақ кеңістігінде өздерінің
саяси күш-қуатының нығаюына қарай қыпшақтар осы кеңістіктің көптеген
тайпаларымен, ежелгі тұрғындармен саяси және этникалық байланыс жасады және
мұндай өзара әрекет бір жақты болмады. Қыпшақтар басқа тайпалардың
ықпалына тап болды, мұның өзі олардың этникалық қауымдастығына олардың
құрамының полиформизміне әсер етті, алайда қыпшақтардың барған сайын өсе
түскен саяси өрлеуіне байланысты көптеген тайпаллар мен этникалық топтар
қыпшақ этнонимін қабылдап, өздерін қыпшақтармыз деп атай бастады.
Қыпшақ конфедерациясы қандас туыс одақтардың әшейін жиынтығы болған
жоқ. көптеген рулар мен тайпалардан құралды. Қыпшақ бірлестігінің
негізінде қандас туыстық байланыстар емес, қайта территориялық –шаруашылық
байланыстар болды. Қыпшақ этносы ендігі жерде феодалдық қатынастардың
орнығуы кезеңіндегі халыққа жақын болды.
Қазақтардың этногенезінде ХІІ ғасырдың аяғында ХІІІ ғасырдың басында
халықтың құралуы жолында көп ілгері басқан шығыс қыпшақ тайпалары елеулі
роль атқарды. Шығыс қыпшақтарының біразы қырғыз, өзбек, қарақалпақ және
ішінара түркімен халықтарының қалыптасуына қатысты.

2. Шаруашылығы мен қоғамдық құрылысы
Шаруашылықты жүргізу формасы. Қыпшақтардың негізгі шаруашылық кәсібі
экстенсивті мал шаруашылығы болды. Қыпшақ қоғамдарынан табылған сүйек
қалдықтарына қарағанда Дешті қыпшақта негізінен қой, жылқы мен түйе
өсірілген және малдың бәрі дерлік жайылымында бағылған.
Деректемелердің осы және басқа да мағлұматтары моңғол басқыншылығынан
кейінгі заманға қатысты, алайда олар бұдан да гөрі ерте кездегі
қыпшақтардың шаруашылық тұрмысын да бейнелейді.
Қыпшақтардың мал түлігінде қой басым болды, ірі қара малы аз өсірілді:
көші-қон кезінде ірі қара мал көп жүрісті көтере алмайтын еді. Алайда
соған қарамастан көбіне оңтүстік орыс далаларындағы половцыларда ірі
қара мал болды және ол көбінде жеуге пайдаланылды. Қыпшақтардың
шаруашылығында, жалпы алғанда, тұрмысында жылқы маңызды роль атқарды, бұл
да жазбаша деректемелермен, сондай-ақ археологиялық материалдармен де
дәлелденді.
Малды азықтандыру үшін орасан зор жайылым қажет болды, сондықтан
қыпшақтардың көші-қоны ғасырлар бойы орныққан белгілі бір маршруттар
бойынша жүзеге асырылды.
Көші-қон ауқымы аса кең болды. Мәселен, Батыс Қазақстанды мекендеген
қыпшақтар жаз Оралдың оңтүстік сілемін жайлады, ал қыстауға арал
теңізі маңына, Сырдарияның сағасына келетін болды.
Аралары шалғай жерлерге көшіп-қонып жүріп, қыпшақтар көшпелі тұрмыс
салтына бейімделген, жығып-тігуі де, алып жүруі де оңай киіз үйлерді
пайланды.
Бірақ қыпшақтар тек таза көшпелілер ғана болмаған, олардың
едәуір бөлігі жартылай көшпелі болған зерттеушілердің атап
көрсеткеніндей, мұндай тұрмыс салты Шығыс Евроапаның кейінгі кезеңдегі
көшпелілері арасында неғұрлым кең тараған. Көшпелілердің малдың
жетіспеуінен көшіп-қонуға мүмкіндігі болмаған бір бөлігі қыстау орнында
отырықшыланды, онда тұрақты тұрғын жайы болды, сөйтіп егіншілікпен
айналысты. қыпшақтар негізінен тары септі.
Егістік жерлер көбінде Сырдарья, сарысу, Есіл өзендерінің
бойларында және Қаратау баурайында болды, қыпшақтардың бір бөлігі
суармалы егіншілікпен айналысты; мұны Ұлытау және Торғай аудандарындағы
суару жүйелерінің, көптеген тоғайдардың, құдықтар мен бөгендердің
қалдықтары дәлелдейді.
Қыпшақтар тарыдан басқа бірақ өте шектеулі мөлшерде бидай мен арпа
өсірді. Олар астықты мал шаруашылық өнімдеріне айырбастап орта азия
егіншілерінен де алды.
Қыпшақтардың шаруашылығында аң аулау қосалқы кәсіп болды, кыпшақтардың
негізгі көпшілігі үшін аң аулау азық-түлік, сондай-ақ аң терісін алудың
қосымша көзі қызметін атқарды. Садақ пен жебеден басқа олар аңға құс
салған, қоянды түлкіні, тіпті қасқырдыда итпен ұстаған.
Аң аулаумен қатар қыпшақтар негізінен ең кедей, өзен жағасында
тұратындары балық аулаумен айналысты.
Мал шаруашылығының шикізаты негізінде үй ішіндегі қолөнер дамыды.
Жүннен киіз, арқан, кілем, жүн маталар дайындалды; былғарыдан, малдың
терісі мен жүннен сырт киім (тон, малақай), былғары аяқ ким, қайыс
бұйымдар, шаруашылыққа қажетті заттар – көшпелі және жартылай көшпелі
тұрмыс салтына оңтайлы саба-торсықтар, әр алуан ыдыстар және басқа заттар
жасалды.
Алайда қыпшақтарда қолөнер өндірістін дербес саласында айнала қойған
жоқ, шаруашылығы натуральды шаруашылық болып қалды.
Қыпшақтар тұрған Сығанақ қаласы ірі сауда қолөнер және әкімшілік
орталықтарының бірі болды. ХІІ ғасырдың орта шеңінде қыпшақтар Саксын,
Жаңакент және Жент төңірегіне, сондай-ақ Сауран, Құмкент, Қараспан, Созақ
және басқа қалаларға қоныстады.
Қоғамдық құрлысы. Патриархаттық укладтың көптеген институттарын
сақтап, дамытқанымен қыпшақ қоғамы ерте феодалдық қатынастардың орнығцуы
мен дамуы кезеңіне енген.
Қыпшақтардың қоғамдық ұйымның системасы тайпаларға, сондай-ақ ел
деп аталған неғұрлым ірі бірлестіктерге біріккен рулар институтына
негізделді.
Сөйтіп, Х – ғасыр- ХІІ ғасырдың басындағы қыпшақ қоғамын ертедегі
феодалдық қоғам деп атауға болады, алайда, да әлеуметтік тёнсіздікті
бүркемелеген патриархаттық ~катынастар әлі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қыпшақ
Қыпшақ хандығы жайлы
Қыпшақ хандығының саяси жағдайы
Қыпшақ мемлекеті
Қыпшақтар орыс және европалық ортағасырлық деректерде
Қыпшақ дәуіріндегі Қазақстан
Қыпшақ мемлекетінің саяси тарихы
Қыпшақ мемлекетінің саяси-әкімшілік орталығы
Түргеш қағанаты
Найман мен керейіт тайпалар одақтары
Пәндер