ҚЫПШАҚТАР



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
ҚЫПШАҚТАР

XI ғасырдың басында бұрыңғы қимақ, қыпшақ және куман тайпалары
қоныстанған аумақта әскери-саяси үстемдік кыпшақ хандарының қолына көшті.
Қыпшақтардың билік басына келген билеуші әулеттік шонжарлары оңтүстік және
батыс бағыттарда белсенді қимыл жасай бастады, мұның өзі оларды Орта Азия
мен Оңтүстік-Шығыс Европа мемлекетімен тікелей белсенді қарым-қатынас
орнатуға жеткізді.

XI ғасырдың екінші ширегінде қыпшақтардың әскери-тайпалық шонжарлары
Сырдарияның төменгі және орта аңғарынан, Арал өңірі мен Каспий өңірі
далаларынан оғыз жабғуларын ығыстыруына экономикалық та, саяси себептер де
болған еді. Саяси фактор ең алдымен XI ғасырдын бас кезінде Орталық Азия
тайпаларының батыс бағытында қозғалуына ұласкан сыртқы оқиғаларға
байланысты болатын. Сонымен бірге қыпшақтардың өзін-өзі билеуге және өз
мемлекетін кұруға ұмтылған әулеттік топтардың орталықтан аулақтау сарынының
маңызы аз болған жок. XI ғасырдың бірінші жартысында күшейген қыпшақ
тайпаларының көсемдері, тегінде, жайылымдық жерлердің тапшылығына ұшырап,
сонымен қатар Еділ бойы, Үстірт және Сырдарияның төменгі ағысы арқылы
өтетін аса манызды сауда жолдарын өз бақылауына алуға ұмтылған болса керек.
Азияны Европамен жалғастырып жатқан жолдың бұл учаскесі маңызды баю
жолдарының бірі ретінде мейлінше қажетті болатын.
Қыпшақтар билігінің Арал өңірі мен Сырдария бойындағы аймақтарға таралуына
байланысты этникалық-саяси жағдайдың өзгеруіне қарай XI ғасырдың 2-
ширегінің басында Оғыздар даласы (Мафазат әл-гузз) деген атаудың орнына
Қыпшақтар даласы (Дешті Қыппшак) деген атау пайда болды. Маңғыстауды,
сондай-ақ оған жапсарлас жатқан аймақтарды қаратып алған қыпшақтар
Хорезмнің солтүстік шегіне жакындап келді. Сол аркылы қыпшақтардың саяси
ықпалы едәуір кеңейді. XI ғасырдың ортасында кумандардың негізгі бұқарасы
мен билеуші тоқсоба және бұржоғлы руларының коластындағы қыпшақ
тайпаларының үлкен топтары оңтүстік орыс және Қара теңіз өңірі далалары мен
Византия шекараларына дейін қоныс аударды. Осы оқиғалардың нәтижесінде
қыпшақ тайпаларының жері этно-аумақтық екі бірлестікке: Еділ өзені бөліп
жатқан Шығыс қыпшақ жәнс Батыс қыпшақ бірлестіктеріне бөлінді. Казіргі
Қазакстан аумағының көп бөлігі Шығыс қыпшақ ұлысы ханының билігінде болды.
Қыпшақ ақсүйектерінін шығыс Дешті Қыпшақ тайпалары қоныстанған аумақты
едәуір кеңейтуіне мүмкіндік берген XI ғасырдың бірінші жартысындағы
қаулаған қауырт оқиғалар Сырдариядағы оғыздар державасымен, Орта Азиядағы
салжұктар, хорезмшахтар және қарахандар әулеттерімен соғыстарға және
қақтығыстарға әкеп соқты. Сыртқы қауіпсіздікті қамтамасыз ету кажеттігі де
рөл атқарып, ол кыпшақтар мемлекетінің құрылуына объективті себеп болды.
Ғылыми әдебиетте қыпшақтарда мемлекет болу проблемасына екі көзқа-рас бар.
Олардың біріншісін жақтаушылар қыпшақтарда бір жағдайда — бұрынғы
мемлекетгік құрылым ретінде, ал екінші жағдайда, атап айтқанда,
хорезмшахтардың мәдени ықпалы барысында қыпшақтардың мемлекеттік дәстүр
элементтерін игеруі ретінде қарастырылатын мемлекеттік болған деп санауға
бейім.
Екінші пікір бойынша, мемлекеттің болу мүмкіндігінің өзі бекерге
шығарылады. Мәселен, қыпшақтардың саяси кұрылысы Ұлы Далаға мемлекетсіз
үйренісудің үлгісі ретінде аныкталады. Алайда, екі жақтың да көзқарасындағы
айтарлықтай олқылық проблеманы кимектер мен қыпшақтар арасындағы
сабақтастық байланыстар тұрғысынан қарастыруды ұнатпаушылық болды. Айта
кетелік, мұндай мүмкіндік кимектерде мемлекет болғаны анықталғаннан кейін
ғана туды. Жазбаша деректемелердің мәліметтері кыпшақтарды Кимектер
мемлекетінің толық құқылы мұрагерлері болған деп санауға мүмкіндік береді.
Қыпшақ хандығының, саяси негіздері қыпшақ және куман тайпаларының,
едәуір топтарының шығыс Дешті Қыпшақта орталықтан аулақтау ниеттерімен
жасаған қоныс аударуынан кейін XI ғасырдың орта шенінде едәуір нығайды.
XI ғасырдың екінші жартысынан XII ғасырдың бірінші үштен біріне дейін
кыпшақ хандарының саяси бірлігінде де біршама тұрақтылық байқалады,
солардың ішінен деректемелерде ең елеулі екі билеуші — құдіретті билеуші
және ең үлкен құрметке ие патша бөліп айтылады. Бұл айтылғандар
қыпшақтардың, этно-әлеуметтік қауымында ерекше ықпалы бар билік иелері
жоғарғы хандар болған деп санауға мүмкіндік береді.
Қыпшақ хандарының билігі әкесінен баласына мұраға қалып отырған.
Елбөрілі әулеттік ру саналған, хандар солардан шыққан. Тарихшы Джузд-жани
(1260 жылдан кейін қайтыс болған) қыпшақ ханының әлеуметтік руы туралы
мынадай құнды мәліметтер келтіреді: жас кезінде Қазақстан аумағынан
Үндістанға монғолдардан қашып барған (ұлы)ханның асқан ұлы ұлығы, Дели
сұлтанатында ол Елбөрі ханы және кимектердің шахы ретінде белгілі болды.
ұлық-ханның әкесі де, — деп жазады одан әрі Джузд-жани, — Елбөрі
тайпасының арасында күшті кісі болған және хан атағымен аталған, ал оның,
атасы Елбөрі Абар ханның ұрпағы саналады. Демек, Абар хан қыпшақтардың
әулеттік елбөрі (елбөрілі) руының генеалогиялық негізін қалаушыдан басқа
ешкім де емес.
Осыған байланысты Махмұд Қашғаридың қыпшақтар арасындағы Табар хан есімді
тұлға туралы мәліметі назар аудартады. Алайда ол Табар хан жөнінде ешқандай
қосымша мәліметтер келтірмейді. Ал барлық жағынан алып карағанда, Табар хан
мен Абар хан бір-ақ адам. Осыны негізге ала отырып, Табар-хан (немесе Абар-
хан) ХІ-ХШ ғасырдың басындағы Қыпшақ хандары әулетінің алғашкы атасы болған
деуге болады.
Орда деп аталған хан ордасында ханның мал-мүлкі мен хан армиясын
басқарған ханның басқару аппараты орналасты. Әскери-әкімшілік жағынан Қыпша
хандары ертедегі түріктердің дәстүрлерін ұстанып, екі қанатқа: ордасы Жайық
өзенінде, Сарайшық қаласы орнында орналасуы ықтимал оң қанатқа және ордасы
Сығанақ каласында (Сырдарияда) орналасқан сол қанатқа бөлінді. Неғүрлым
күштісі оң қанат болды. Дұрысына келгенде, хандықтың орталығы Торғай
далаларында болса керек. Әскери үйым мен әскери-әкімшілік басқару
жүйелеріне ерекше мән берілді, өйткені олар көшпелі тұрмыстын ерекшелігін
көрсетті және көшпелі тіршілік әдісі үшін ең табиғи және қолайлы болды.
Үстемдік еткен ақсүйек топтарының катаң иерархиялық жүйесі (хандар,
тархандар, югурлар, басқақтар, бектер, байлар) айқын керсетілді, сонымен
қатар рулар мен тайпалар да өздерінің әлеуметтік маңызы жағынан бөлінді.
Орталык Азияның көшпелі мемлекеттерінде рулар меи тайпалардың катаң
иерархиясы қоғамдық және мемлекеттік дамудың негізгі принципі болды.
Қыпшақ хандығында мемлекеттік істер жүргізіліп, ақсүйектер көршілес
және алыстағы елдердің билеушілерімен хат жазысып отырды. Жазба деректерде
қытай, үнді, ұйғыр ғұламалары мен данышпандары қатарында, қыпшақтан шыққан
оқымыстылар да аталады. Қыпшақтардың мұсылман дініне тартылуы олардың
мәдени-әлеуметтік дамуынын, жоғары деңгейін көрсетеді.
Қыпшақ көшпелі қоғамы өркенистінің өзіндік ерекшелігі — оларда байланыс
желісінің өте жетілдірілгендігі болып табылады. Қыпшақтар елінде
қолданылған коммуникациялық байланыстар жүйесі сол кездің техникалық
прогресінің ең жоғарғы талаптарына сай келетін. Осыған байланысты XI—XIII
ғасырдың басындағы қыпшақтардың этникалық аумағының кең-байтақ кеңістігі
олардың коғамының коммуникациялық мүмкіндіктеріне сәйкес болғанын атап өту
жеткілікті.
XI ғасырдың соңғы ширегінің аяғында Маңғыстауда және Каспий теңізінің
шығыс жағалауында бұрынғысынша қыпшақтар билік жүргізді, оларға оғыз және
түрікмен тайпаларының жекелеген топтары саяси жағынан тәуелді болды. 1096
жылы кұдіретті хан бастаған қыпшақ бірлестігінің тайпалары Хорезмге жорық
жасады. Алайда хорезмшахтардың қамқоршылары салжұқтар оларды Маңгыстауға
кайтуға мәжбүр етті.
Махмұд Қашғаридың жанама мәліметтеріне карағанда, қыпшақтардың әскери-
көшпелі шонжарлары қарахандар әулетінін, билеушілерімен саяси жағынан
күрделі өзара катынастарда болған. Қарахандар қыпшақ ұлысының шығыс
шектеріне жорыктар жасады, ал кимектер Ертіс жағалауынан Жетісудағы
түріктердің мұсылман державасына шапқыншылык жасады. Қыпшақ хандары өз
жерінің оңтүстік-батысында, Тараз аймағында Қарахандар мемлекетімен
шекаралык мекен ретінде Кенжек Сеңгір бекінісін салды.
XI ғасырдың аяғында Жент, Жанкент және төменгі Сырдарияның басқа да
қалалары қыпшақ көсемдерінің қолында қала берді. Алайда XII ғасырдың
бірінші жартысында бұл аймақ қыпшақ, хандары мен оны қайткен күнде де
иеленуге тырысқан Орта Азияның мұсылман әулеттері арасын-дағы табан
тірескен күрес өңіріне айналды. Кутб аддин Мүхаммед билеген кезеңде
(1097—1127) кыпшақтар хорезмшахқа пәрменді қарсылық көрсетіп, төменгі
Сырдария мен Арал және Каспий теңіздері аралығын-дағы далалық жерлерді
ездеріне сақгап калды. Қыпшақ билеушілері Мұхаммедтің мүрагері, үлы Атсызды
(1127—1156) күшті де алғыр карсылас деп бідді. Хорезмшах билігініц алғашкы
кезіидс Санжарға адал бодан болып қала берді. Сол екі арада, көп кешікпей
ол өзінің бүкіл ой-ниетін еңалды-мен шектес жаткан қыпшақ тайпаларын
багыидыру арқылы өз билігін күшейтуге бағыттады. Исламды таратуды желеу
еткен хорезмшах Атсыз Жснтке жорықжасап, оны жаулап алды да, соиаи
соцсолтүстікке атганып, Мащыстауды оз иеліктерінс қосты.
Қырпі бойлай сііііі, бірмсше сотті жорыктар жасай отырып, хорезмшах Атсыз
1133 жылы дінсіздер арасында зор күрметкс ие болғанімкыгшіақ ханыи жснді.
Деректсмслер жоғарғы қыпшақ хамыныц байыргы оз улысы шсгіпдс алгаш рст ірі
жсңіліске ұшырауыныи себсптері туралы сшкандай қосымша мәліметтер
келтірмейді. Шыныиа кслгендс, қыпшақхандыгының бытыраңқылыгы сол ксзден
(XII ғасырдыц екінші жартысынан) басталып, күшеііе түседі, оны біркатар
себсптер туғызды, олардың негізгілсрі: кы-пшак тайпалары арасында, ең
алдымсн олардыц ақсүйек топтарында Хо-рсзмді жақтайтын багдардын
калыптасуы, канлылардыц ірі бірлестігінік қүрылуы, билік жолыидағы әулсттік
озара кырқыскан күрестің кушеюі болды.
Атсыздың дербестікке үмтылудан туган тәуслсіз кимылдарына Санжар ссксрту
жасап, Хорсзмгс жорык ашты және хорсзмшахты езіне бағынгаи-дығын білдіруге
можбүр етті. Жазбаша деректсмелердіц хабарлауына кар-ағанда, қыпшақтардың
әскери-ақсүйек шонжарлары 1145—1152 жылдарда Атсызға Жентті үш рет беруге
мәжбүр болған. Хорезмшах Жентті әлемніи ең басты жері жәнс исламның аса
үлы шекаралык шет аймағы104 деп білді, сондыктан бұл қалаиы иеленуге
ерекше мән берілді. Жент пен Мағіғыстау-ды оз иеліктерінс қосу аркылы ол
коршілес кешпелі тайпаларды Хорезмгс тәуелді етті. Атсыз озіиің үлксн ұлы
Әл-Арслаиды Жентке билеуші етіи тағайындады.
XII ғасырдың екінші жартысынан бастап, әсіресе Текеш билік кұрған
дәуірде (1172—1200) кыпшақшонжарларымен жакындасуга нысаналы сая-
сат жүргізілді. Кыпшақтардыц, канлылардың, кимектердің тайпалык топ-
тарының басшыларын хорезмшахтар қызметке тарта бастады. Қыпшақ
бірлестігі мсн хорезмшахтар әулетінің билеуші шонжарлары бір-бірімен
туыстық байланыстар ориатты. Қыпшақ ханы Жанкеші өзінің кызы Тер-
кен-қатынды хорезмшах Тексшке бсрді. Ортә ғасырлардағы катынастар
дәстүрлеріне сәйкес, түрлі деңгейлердегі этникааралық байланыстарда та-
тулык пен туыстықодағы сияқты қасиеттсрдін ерекше зор маңызы боллы.
Олар екі жақты қоғамдык-саяси қолдаудан көрінген нақты және көбінесе
тығыз байланыстардың түтас жүйесін туғызды. і
Үран тайпасыиың көсемі Алып Қара бастаған қыпшақтар 1181 жылы Жситтің
шекарасыиа ксліп, хорезмшахка қызмет стуге тілск білдірлі. Алып Қара оз
нпетініц шын екснін дәлелдсу үілін үлкен ұлы Қыранды оғландар-мен
(бектердіц балаларымен) бірге хорсзмшахқа кызметету үшін Гурганд-жға
жібсрді. Текеш жіберілген адамдарды лайыкты карсы алып, Қыранға өз қызын
үзатады. Көп кешікпей Текештің үлы Мәлік-шах пен Алып Кар-аның біріккен
оскерлері қарақытайларға карсы аттанды. Осы бірлескен
қимылдардын,нәтижесіндеТаразга дейінгі жер азат етілді. Текеш Иран мен
Азербайжанның билеушісі атабек Жиһаи Пехлеванға (Қыраи оның да қызына
үйленген еді) жазған хатында өзіне Түркістанның барлық түкпірлеріндегі
қыпшақтардың сансыз қолы қызмет ететінін хабарлаған105.
Әл-Бағдадидің мерзімі 1182 жыл деп көрсетілген мәліметтері бойынша, Мәлік-
шах тек Женттіц, Рибат пен Баршылыкенттің ғана емес, сонымен қатар
қыпшақтардың әкімшілік-саяси орталығы Сығанактың да билеушісі деп аталған.
Алаііда бұл деректер аймактағы саяси жағдаіідын ара-түра корінісін ғана
бейнелсгсн. Ол жағдай жалпы алғанда хорсзмшахтар өздерінің тоуелсіз қыпшақ
ұлысыныц исгізін шайкалтуға бағыттап жүргізгсм саяса-тының мақсатында
тугызып, қолдап отыргаи мсйлінше тұрақсыздығымен сипатталды. Бұл үшін олар
қыпшақақсүйектерініцөкілдерінсн хорезмшах-тардың ниеттерін қолдайтын
шектеулі әскери сословие қүрды. Мүндай оакытгыц идеологимлық псгізі
қыпшақтарды, сц алдымеи олардыц шом-жарларын ислам дініне енгізу болды106.
Солай бола тұрса да, кыпшақ тай-паларының едәуір топтары XII гасырдың
аягына дсйін ислам дінін мойын-дамады. Жент пен Фараб арасындағы байтакжер
XII ғасырдың аяғына дейін пұтка табынатын кыпшақтар аймағы деп саналған.
Осындай кейінгі кезге дейін, — деп атап өтті В. В. Бартольд, — исламды
қабылдамаған қыпшақ мемлекетінің болу мүмкіндігі халықтык элементтің
қаншалықты күшті бо-лғанын көрсетеді107.
Хорезм билеушілерінде кызметте жүрген қыпшақ тайпалары көсем-дерінің Дешті
Қыпшақтағы далалық тайпаластарының жағына шығып ке-туі сирек кездеспейді.
1195 жылы Сығанақ пеи Жент билеушісі қыпшақ ханы Қадыр-Буке касистті соғыс
сылтауымен аттанысқа шыққан Текештің әскерімен шайқасты. Шайқастың нәтижесі
үран тайпасынан шыққан қы-пшак үландарының хорезмшах косынынан Қадыр-Буке-
хан жағына өтуі нәтижесінде шешілді. Талкандалған әскерінің калдығымен
Текеш Хорезм-ге кайтып оралды.
XII ғасырдың ортасында кыпшақтар мен кимек~ердің әскери колдары Еділ
бойында орналасқан Саксин мен оның төңірегіне жорық жасады. Осы окиғалардың
нәтижесінде Саксин түрғындары қыпшақхандарына тәуелді екендіктерін
мойындады, сөйтіп қыпшақ хандары оған өз наместниктерін (басқактарын)
тагайындады. Орныққан дәстүрге сәйкес, Хорезм билеуші-лері қаңлылар мен
қыпшақтардың хандарының руынан әйел алатын. Біріккен қаңлы тайпалары XII
ғасырдың екінші жартысы — XIII ғасырдың басында өэін-өзі билеуге үмтылған
және сол арқылы Қыпшақ хандығы-ньщ саяси бірлігіне жәрдемдеспеген үлкен
саяси күш болды. Хорезмшах-тардың негізгі әскери тірегі каңлылар мен
кыпшақтардың топтары оолға-ны мәлім. XIII ғасырдың басында хорезмшахтар
сарайында қаңлылардың басшысы Әмин Мәлік үлкен рел атқарды, ал онын қызын
хорезмшах Ала ад-дин Мүхаммед алған еді. Хорезмшахтар мемлекеттік және
әскери лау-азымдар берген қыпшақ ақсүйектері хорезмшахтардың мүдделерін
қорғ-ады. Қыпшақ қоғамында қыпшақтардың едәуір топтарының Хорезмді жак,-
таған бағыт үстауы, сондай-ақ жоғарғы билік үшін бақталастықтың орта-лықтан
аулақтану сарындары туғызған ішкі кайшылықтар күшейді. Осы жағдайда
хорезмшахтар қыпшақ көсемдері арасында шеберлікпен араздық отын тұтатып,
қолдап отырды.
ғасырдың аяғында Кддыр-Буке-хан мен оның жиені Алып-Дерек
дауласып калды. 1198 жылы Текештің ұлы Мұхаммед Алып-Дерекпен бірге
далаға жорық жасады. Қадыр-Буке-хан талқандалып, Хорезмге жеткізілді.
Хан билігі Алып-Дерекке көшті, ол хорезмшахтарға тәуелсіз саясат
жүргізді. Қыпшақханының одан әрі күшеюінен қауіптенген Текеш Қадыр-
Буке-ханды босатып, оған Хорезмнің көп әскерін берді де, оны Алып-Де-
рекке карсы аттандырды. Соның нәтижесінде Алып-Дерек талкандалды,
алайда Қадыр-Буке-ханның өзі хорезмшахка тәуелді болып қалды.
ғасырдың басында мұсылмандық Азияда бірінші болуға дәмеленген хорезмшах
Мұхаммед (1200—1220) мемлекетінің құрамына Сығанак. аймагыдакірді.
Сыгаиакислігінснайырылганынақарамас тан,қыпшақхан-дары Хорезмге карсы
табаиды күрес жүргізуін жалғастыра берді. Женттен Мұхаммед солтүстікке
карай Деіиті Қыпшақтың қыпшақтарына қарсы та-лай рет жорык. жасады. 1216
жылы Қадыр-ханға қарсы бір соғыс жорықта-ры кезінде ол Ыргызға дсйін жетіп,
онда Торғай даласында монғолдардан қыпшақтар еліне кашқан меркіттерді куып
келе жаткан Шынғыс-хан әске-рімен мүлдем күтпеген жерде қактығысып калды.
Сүлтанмен шайкастан кейін монғолдар түн жамылып шегініп кетті. Бұл
Қазақстан жеріне мо-нғолдардың алғашқы келуі болатын, ол қыпшақтардың
хорезмшахтармен үзакқа созылған бақталастығын тоқтатты.
л Қыпшақ мемлекеті күлады, алайда оның даму үрдісін XIII ғасырдағы ауыр
оқиғалар біржола күйреткен жок, тек кана түншықтырып тастады, сейтіп XV
ғасырда, қазақхалқы мен мемлекетінің калыптасу кезеңінде кайта шықты.
Тайпалық және этникалық қүрамы. XI ғасырдың бірінші жартысынан XIII
ғасырдың басына дейін қыпшақ этиикалык кауымдастығынын калы-птасуы дамудын
сапалык жаңа кезеңіне аяк басады, мұның өзі ең алдымен олардың жерінде —
Шығыс Дешті Қыпшақта қыпшақ хандары күш-ку-атының артуына байланысты еді,
ал олардың билігін өз мемлекеті шеңберін-де күшті әулеттік елбөрілі руы
зандастырды.
XI ғасырдың орта шенінде кыпшақ және куман тайпалары батысқа карай қозғала
бастады. XI ғасырдың екінші жартысында оңтүстік орыс далалары шегінде
болған саяси және этнографиялык езгерістерді парсы тарихшысы Хамдаллах
Казвини атап өткен, оның мәліметтері бойынша, Дешті Қыпшақ деген Дешті
Хазардың нақ өзі. X ғасырда оңтүстік орыс далалары Дешті Хазар ретінде
белгілі болған. Кумандар 1055 жылдан бастап ертедегі орыс жылнамаларында
айнытпай аударылған половец деген атпен кездеседі. Барлык жағынан алып
карағанда, половецтер терминін екі мағынада: дәл кумандарды білдіретін
нақты және бүкіл кыпшақ тайпалары бірлестігіне қолданылған кең келемдегі
мағынада түсіну керек. Алайда жылнамаларда бұл мағыналары ажыратылмаған.
Жазбаша (ертедегі орыс) ескерткіштердегі мәліметтерді түсіндірген кезде
белгілі қиындықтардың тууы содан. Орта ғасырлардағы Византия тарихна-масына
да байланысты істің жайы нақ осындай. 1078 жылы византиялық-тар ездерінің
батыстағы көршілерінің шын этникалық атауы кумандар екенін бірінші болып
біліп, бұл атауды Дешті Қыпшақтын барлык турік тайпаларына таратты. Бүл
дәстүр Византия әдебиетінде тура XIV ғасырға дейін сақталды.

Половец даласынын шегі ертедегі орыс жылнамаларында Еділ мен Днепр
аралығында деп белгіленді. Ал, мұсылман деректемелеріне сәйкес, батыс Дешті
Қыпшақ әлдеқайда кеп жерді алып жаткан. Мәселен, араб географы әл-Идрисидің
(XII ғ.) мәліметтері кумандардың көшіп жүретін жерлері Днестр мен Днепр
аралығында орналасқан, ал Днепрден іиығысқа қарай кыпшақ тайпаларының
ордалары жатқан деп санауға мүмкіндік бе-реді108. Батыс бірлестігі
қыпшақтарының тайпалық қүрамы он бір тайпа-дан: токсоба, йетиоба, бүржоғлы,
елбөрілі, каңғароғлы, анджоғлы, дурут,кұ-лабаоғлы, жартан, карабөріклі,
қотан тайпаларынан түрған'09. і Біршама біртектес этникалыққұрамы атап
өтіледі, оған тек түрік тайпалары: қыпшақ, куман жоне печенсгтайпалары ғана
кіргсн. Кыпшақтайпа-ларыиыңбатыс конфсдсрацнясындағы жетекші
әулеттіктайпатоқсоба мсн бұржоғлы болған. Қазақстан аумағында құрылғаи
Шығыс кыпшақбірлссті-гіндс этникалык, байланыстардың даму жәнс тереіщеу
дәрежесі, сондай-ақ қыпшақ этносының қалыптасу деңгейі Шығыс ұлыс
қыпшақтарыиыц тай-палық құрылымы бойынша ожептэуір айкын анықталады. Араб
ғалымд-ары Ахмет ат-Тыни (1235-1318) және ад-Димашкидін, (1301—1349) еңбек-
теріндс Шығыс ұлыс қыпшақтарының рулық- тайпалық құрамы туралы нак,-ты
деректер бар. Ол 16 этникалык компоненттен тұрған. Олардың 8-і иегізгі
тайпалар болған да, одан кейінгі 8 этникалық комионент неғұрлым ұсак
бөлімшелер болып табылады. Қыпшақтардың он алты тайпалық конфеде-рациясы
тізімінің өзі ретсіз кездейсоқ сипатта болмағанын атап оту маңы-зды.
Керісінше, онда бәрі де аталган этникалық бөліністердің әркайсысы әулеттік,
әлеуметтік және саяси орны мсн децгейіне сәйкес қатац реттел-
ген.
\Еңбірінші жетекші,тавдаулытайпаберілілер(басқ адеректемелербойы-нша,
елбөрілілер) болып, кыпшақ хандары ұрпактан ұрпаққа солардың кат-арынан
шығып келген. Бөрілі терминінің семантикасы қаскыр мағына-сымен
байланысты. Тарихи және этнографиялық әдебиегге бірқатар түрік этносының
аңызға айналған негізін қалаушы ретіндегі қаскырға табыну
жәнетүріктайпаларыныңертедегі даму сатыларыіщағықаскырдыңтотемдік рөл
аткаруы кеңінен белгілі. Бөрілілер (елбөрілілер) Ортадық Азиядан шыюсан
ертедегі түрік тайпасы болған. Екіншісі — тоқсоба, ол да тоғыз тайпалы
деген мағынамен тандаулы тайпаларға есептеледі. Одан әрі йети-оба, яғни
жеті тайпалы (жетіру), содан соң төрттайпалы дегенді білдіретін дурут
тайпасы (туртоба) келеді. Бесінші тайпа стіп әл-арс аталады, олар аландарға
туыстас иран тайпасы астар деп саналады. Осының бәріне кдр-ағанда, Арал
теңізіне көршілес мскендеген түркі тілдес астардың (арстар-дың) жекелеген
топтары қыпшақтайпаларының қүрамына енсе керек. Одан әрі бұржоғлы тайпасы
келеді, олар басқалармен катар оңтүспк орыс дала-ларында кыпшақ қоғамының
үстем тобын күрып, ал Мысырда өз ортасы-нан мамлюк-сұлтандар әулетін
шығарған. Жетінші етіліп мапқұроғлы тай-пасы керсетіледі, олар, тегінде,
кимек тайпаларынын, біреуіне жататын болса керек. Біркдтар деректемелердін,
мәліметтері бойынша, кимектер елінде Манқұртаулары болған. Тотем ретінде,
сірә, таулардың аты кимектер кон-федерациясының жекелеген топтарына
берілген болса керек. Соңғы ірі тай-па ретінде имек тайпасы - мұсылман
тобының көптеген жазбаша деректе-мелері бойынша, түркі тілдес кимек
этносының нак өзі аталады. XI ғасы-рдан бастап, шынына келгенде, Кимек
қағанаты қүлағаннан кейін, жазба-ша деректемелерде кимек атауы енді
аталмай, ол өзініңдиалектіліктүріндегі имектерге орнын толық босатып
берген. Қыпшақтар мен имектердің этни-калық-саяси және этникалық-мәдени
аскан тығыз байланыстарыныңтоп-тасудың жоғары деңгейіне жеткені соншалык,
Махмүд Қашғари (XI ғ.) дәуірінде имектерді қыпшақтар деп атаған, ал
қыпшақтар болса өздерін ба-сқа атаумен атаған.
Тайпалардың карастырылып отырған тізімі түрғысынан алғанда, ад-Ди-машки
имектер жөнінде: ал олар (имектер) сол кезде-ак хорезмдіктерге айналған
еді деген мазмүндағы ескертпежасайды"0. Бұл арада ең алдымен имек ханының
қызы, хорезмшах Текештің әйелі Теркен-қатынның кызметінде болгаи 10 мың
адамдық имек осксрініц контингенті айтылып отыруы ықтимал.
¥сақ болімшелср арасыпда бірішлі кечекте тағ этномимі аталғаи. Ерте-дегі
оғыз аңыздарына қарағанда, тағ тайпасы оғыздардан шыккан. Содан соц
ертедсгі башқүрт тайпасы — жекслеген топтары X гасырда Арал өңірі мен
Каспий онірі далаларына қоиыстаиған баижүрттар айтылады. Соиыц ізіише
куманлу этиопимі, яғни куман + — лу (билеу немесе катынас аф-фиксі) тайпасы
аталады"1. Бүлар, сірә, кумаидардың пегізгі көпшілігі Шығыс Евроиага көшііі
кетксинен кейін Қазақстан аумағында қалған ку-маи тайпаларынын. топтары
болса керек. Одан сон. скі тайпа: базанақ (ба-жанак) және бажна тайпалары
айтылады, ал олар башқүрттармен бірге пе-ченегтайпаларыныцодағынакірген.
ІХғасырдынбірінші жартысыидаолар огыздардың, кимектер мен карлұқтардыц
одағынан жеціліс тауып, содан кейін іле-шала иегізгі бұкарасы Арал теңізі,
Жем мсн Жайық аймағынан батысқа ауып кошуге можбүр болган еді.
Жазбаша дерсктемелердіц көрсетіп отырғанындай, аталған түркі тілдсс үш
тайпаиың жекелеген бөлімшелері Батыс Казакстанда қалып, қыпшақтар
бірлестігіиіц құрамына енгеи. Осыдан кейін карабөріклі аталады, олар да
Арал өңірініңпеченегтайпаларына жатадьь Семантикасы жағынан бүл тай-па
каракалпақтайпасыныңатауына сай келеді. Содаи соң ұз, шындығында оғыз
тайпасы келсді, өйткені халық оларды осылай атаған. Қыпшақтар
кұрамындаеңсонынан аталатыны — жортан (шортан) этнонимі. Бүл сөздің
шортан деген мағыиадағы семантикасы оныңтүрік негізінде екеніи керсе-
теді.
Демек, конфедерацияға кимек(имек, манқұроғлы), оғыз (үз және тағ), печенег-
башқүрт (башқүрт, бажанақ, бажа), ас, куман (куманлу, бұржоғ-лы (?) жоне
жортан) тайпалары мен қыпшақтайпаларыныңөздері (бөрілі елбөрілі, токсоба,
йетиоба және төртоба) енген, оларды атап керсетудіц әсіресе қыпшақ
этиикалық қауымдастығыныц калыптасу жолы туралы мәселені карастыру кезінде
принципті маңызы бар.
К,ыпшақтар конфедерациясы тайпалық құрамының XI—XII ғасырларға қатысты
күрылымы оның күрделі және әр текті болғанын барынша айқын керсетеді.
Қыгшіақ конфедераииясы өзініц қыпшақ тайпаларымен.қоса, түркі тілдес кимек,
куман, печснег, ертедегі башкүрт, оғыз тайпаларын, сон-дай-ақ иран тілдес
этиикалық жіктердің түркі тілдес элементтерін жинақ-таған. Ал мұның өзі
исрархияға және оған қоса әлсуметтік организмдер болатын. Тегінде, топтасу
және бірігу негізінде туыстас кыпшақтайпалары одағынан халық болып ұйысу
үрдісі жүріп жаткан болса керек. Қыпшақ мемлекетіне үйымдасқан қыпшақтар
халықтың қалыптасу сатысында бірка-тар жағдайларда өздерінің қоластғлндағы
халықты сіңістіре отырып, кең-байтак аймакка таралуға қабілетті болып
шықты.
Кыпшақ қауымдастығының қалыптасуына аталған тайпалармен қоса, XII ғасырдың
екінші жартысында шағын топтары Сырдарияның төменгі ағысы мен Арал еңірі
далаларының шегінде этникалық-аумақтық бірлестік қүрған көп санды қаңлы
тайпалары пәрменді түрде катысты.
Зерттеу әдебиетінде қаңлы этнонимінің пайда болуы туралы мәселеде бірнеше
пікір бар. Бірқатар зерттеушілер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қыпшақтардың этно-саяси, экономикалық-әлеуметтік даму тарихы
Қыпшақ хандығы жайлы
Қыпшақтар орыс және европалық ортағасырлық деректерде
Сібір жұртындағы қыпшақтар
Қимақтар
Қыпшақтар тарихы
Қыпшақ хандығының саяси жағдайы
Қыпшақ хандығы
ҚЫПШАҚТАРДЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК БІРЛЕСТІГІ
Қыпшақ мемлекеті
Пәндер