Неміс - фашист басқыншыларының Мәскеудің маңына басып кіруі



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
І. Неміс-фашист басқыншыларының Мәскеудің маңына басып кіруі
ІІ. Кеңес Одақ әскерлерінің күрес жүргізуі
1. 28-панфиловшылардың Отан үшін даңқты күресі
2. Ұлы Отан соғыс жылдарының батырлары
ІІІ. Гитлершіл басқыншыларының Мәскеу түбіндегі ойсырата талқандалуы

Өз Отанының бостандығы мен тәуелсіздігін қорғап жатқан кеңес жауынгерлері
жаппай ерлік көрсетіп отырды. Мұны Брест қамалын қорғаушылардың мәңгі
өшпейтін ерліктері, эскадрилья командирі капитан Гастеллоның және
басқалардың мәңгі өшпейтін ерліктері көрсетті.
Кеңес жауынгерлерінің ерлігі мен табандылығының арқасында 1941 жылдың
күзіне қарай Гитлердің қалың қолының шабуылы барлық негізгі бағыттарда
тоқтатылған болатын. Ленинградтың іргелерінде неміс әскерлерінің Север
деген үлкен бір тобы тоқтатылды. Бұл топ пәлендей шешуші табыстарға жете
алмай, батыр қаланы, революцияның бесігі Ленинградты ұзақ уақыт торуға
көшті. Ленинградты қорғаушылар мен оның тұрғындарының табандылығы
гитлершілердің батыл шабуылмен қаланы алып, әскерлерінің әлгі тобын
солтүстіктен Мәскеуге соққы беру үшін пайдаланбақ болған ойларын іске
асыртпай тастады.
Қызыл Армияның табан тіресіп қарсылық көрсетуі фашистердің қауырт
соғыс жоспарын күйретті. Солай бола тұрса да гитлершілер өздерінің
авантюристік стратегиясынан бастартпады. Олар әлі де болса Мәскеуді тез
басып аламыз деп үміттенді, Мәскеуді басып алу Кеңес Одағына империалистік
Жапонияның шабуылға шығуына белгі болуға тиіс еді.
Өздерінің Мәскеуді басып алу жоспарын жүзеге асыру үшін герман
басқармасы Центр деген армиялық тобын жаңа құрамалармен едәуір күшейтті.
Батыстан негізгі күштерді бір мезгілде шабуылға шығарып, Мәскеуге солтүстік
пен оңтүстіктен соққы беруге ұйғарған болатын.
1941 жылы 30 қыркүйек – 2 қазанда неміс-фашист әскерлерінің Мәскеуге
бірінші шабуылы басталды. Қорғаныс шебінің кейбір учаскелерінде дұшпан
кеңес әскерлерін біраз ығыстыра түсті. Бірақ көп ұзамай Мәскеудің шеткі
аймақтарында – Можайскі қорғаныс шебінде, Калинин маңында және Туланың
іргелерінде жау шабуылы тоқтатылған болатын.
1941 жылы 19 қазанда Мемлекеттік Қорғаныс Комитеті астананы қорғау
туралы арнаулы қаулы алды. Мемелекеттік Қорғаныс Комитеті қаланы торуыл
жағдайында деп жариялап, Мәскеудің еңбекшілерін астананы ерлікпен қорғауға
және арандатушыларға, шпиондаоға, үрейшілдерге және басқа да жауға
жәрдемдесушілерге қарсы аяусыз күрес жүргізуге шақырды.
Мәскеу жауға тойтарыс беруге дайындалып жатты. Қаланы қорғау шеткері
қорғаныс шептеріне Батыс майданының әскерлеріне жүктелді, қаланың жақын
кіре берістерінде Мәскеуді қорғау шебінің әскерлеріне жүктелді.
А. С. Щербаков басқарған Мәскеу партия ұйымы астананың еңбекшілерін
ұзақ уақытқа арналған қорғаныс бекіністерін жасауға шығарды. 500 мыңнан аса
мәскеуліктер ор қазып, жерге бағаналар қадады, бөрене ағаштар үйді.
Астананың көшелерін баррикадар қаптады.Мәскеу аудандарында жұмысшылардың өз
еріктерімен құрған коммунистік батальондары жасақталды. Мәскеу мен Мәскеу
облысының 100 мыңнан аса коммунисі мен 260 мың комсомолецтері Батыс майданы
әскерлерінің қатарына барып қосылды.
Кеңес Одағының халықтары туған астанаға төнген қаіпті өз үйіне төнген
қауіп деп білді. Қызыл Армияның уақытша сәтсіздіктерге ұшырауы КСРО
халықтарының туысқандық отбасының ішінде жік шығарып, ала ауыздық туғызады
деп есеп жасаған неміс-фашист басқыншылары кеңес халықтарының ұлы орыс
халқының төңірегіне темірдей берік топтасқандығына, олардың оккупанттары
толық талқандағанша күресуге әзір тұрғандығына тап болды.
Қазақстан еңбекшілері 1941 жылдың қатерлі күзгі күндерінде еліміздің
барлық халықтарымен бірге бір ойда болды – туған Мәскеуді қорғау үшін
қажетті нәрсенің бәрін бірге көру ойында болды. Қазақ халқының ұлы орыс
халқымен тарихи қалыптасқан достығы сол күндері ерекше күшті біліне түсті.
Бұл достық республика еңбекшілерінің бұрын болып көрмеген творчестволық
жігерін тасытты. Сөйтіп, жау Отанымыздың астанасына неғұрлым алпарысып
ұмтылған сайын, тыл соғұрлым топтаса берді, әскерді толықтырушы адамтар
мінген, соғыс жабдықтары, оқ-дәрілер, азық-түлік тиілген эшелондар майданға
соғұрлым тез жөнелтіліп жатты.
Қазақстан еңбекшілерінің көңіл-күйі мен еркін білдіре отырып,
республика астанасының коммунистері 1941 жылы қазанда Мәскеу партия ұйымына
былай деп жазды: Біз Қызыл Армияға көмектесуге, біздің Мәскеуді ерлікпен
қорғаушыларды қару-жарақпен және азық-түлікпен жабдықтау үшін өз күшімізді
аямай жұмсаймыз. Біз жауды талқандау үшін, қарғыс атқан фашизмді жеңу үшін
қанша керек болса сіздерге сонша қорғасын, мыс, көмір, мұнай береміз.
Қымбатты жолдастар, біз сіздермен біргеміз дегенді Мәскеу еңбекшілеріне
жеткізіңіздер. Біз ұлы орыс халқымен бірге қасық қанымыз қалғанша, ақтық
тынысымыз біткенше өзіміздің сүйікті қаламызды – біздің тамаша астанамызды
жексұрын жаудан қорғаймыз деп жазған.
Батыс майданының қорғаныс шептеріне жаңа резервтер барып жетті,
бұлардың ішінде Қазақстанда жасақталған әскер құрамалары да болды. Олар
Мәскеуді ерлікпен қорғап жатқан Батыс майданы әскерлеріне барып қосылды. 6
қазанда Жоғарғы Бас Басқарма Ставкасының бұйрығы бойынша 316-атқыштар
дивизиясы Солтүстік-Батыс майданынан Волоколамскі бағытына әкелінген
болатынғ. 10 қазанда бұл дивизия Лама өзенінің шығыс жағалауында ұзындығы
44 километрлік қорғаныс шебіне орналасты.
1941 жылы 15 қазанда 16-шы армияның басшысы генерал-лейтенант К. К.
Рокоссовский мен Соғыс Кеңесінің мүшесі генерал-майор А. А. Лобачев 316-шы
дивизияның бөлімдеріне келіп қайтты. Солардың нұсқауы бойынша дивизияда
танктерді жоюшылар отрядтары құрылды. Отрядтардың адамдары өз еркімен
тіленгендерден, ең батыл және тәжірибелі солдаттардан іріктеп алынды.
Гитлершілердің шабуылы басталған кезде, дивизияның сол жақ бүйірінде
аға лейтенант коммунист И. И. Райкиннің батальоны бірінші болып ұрысқа
кірісті. Батальонға қарсы жаудың 40 танкі жосылып жүріп берді. Бұл
танктердің бірі танктерді жоюшы жауынгер Тілеуқабыловтың отырған ұясына
жақындап келді. Ол екі гранат лақтырып бірінші танкіні жарып жіберді, жанар
май құйылған бөтелкені лақтырып екінші танкіні жарып жіберді. Ер жүрек
жауынгерге қарай үшінші танк келе жатты, ол мұны да жарып жіберді. Жаудың
бір танкісі өтіп кетті. Сонда Тілеуқабылов түрекеліп тұрып, ең ақырғы бір
топ байлаулы гранатын өтіп кеткен танкінің астына қарай лақтырып жіберді.
Неміс танкілері окопқа қарай келе берді. Батальондағы адамдар сирей берді,
батальонның командирі И. И. Райкин, полк штабының бастығы И. М. Манаенко
ерлікпен қаза тапты. Генерал Панфиловтың бұйрығы бойынша резервтегі
батальон ұрысқа кірісті. Дұшпанның танкілерімен жасаған шабуылдарын
ерлікпен тойтара отырып, батальон бір тәулік бойы дерлік өздерінің шебін
ұстап отырды.
1941 жылы 15 қазанда кеңес әскерлері Волоколамскі ауданына қарай
ығыстырылды. Дивизия жаңа қорғаныс шебіне орналасты. Дұшпанның шабуылдары
қайта басталды. 1941 жылы 27 қазанда гитлершілер Волоколамскіні алды.
Дұшпанның басым күштерінің тегеуірінімен 316-шы дивизияның бөлімдері
Ремягино – Авдотино – Ченцы шебіне қарай – Волоколамскінің шығыс шет
аймағына – Нелидовоға – Дубосеково разъезіне қарай кетті.
Жау Мәскеуге жақын түскен сайын, ұрыс сұрапыл күшейе түсті. Неміс-
фашист әскерлері орасан зор шығынға ұшырай берді.
Қазанның аяғына қарай майдан шебінің тұрған жері Калинин –
Влолколамскі – Нардо-Фоминскі – Алексин және Туланың кіре берістері болды.
1941 жылы 16 қазанда 238-ші дивизиясының алдына жаңа міндет қойылды –
дұшпанның біздің қорғаныш шебімізді бұзып өткен бөлімдерінің шабуылын
тоқтатып, олардың Алексин маңында Ока өзенінің күншығыс жағалауына шығуына
жол бермеу міндеті қойылды. Қойылған міндетті орындап, дивизияның бөлімдері
22 қазанда Егнышевка – Алексин – Щукино – Дугно шебінде қорғанысқа көшті.
Дұшпанның шабуылы бұл учаскеде тоқтатылып, жаудың Тула – Мәскеу
автострадасына шықпақ болған ойы іске аспай қалды.
Батыс майданның көптеген әскер құрамалары осылай соғысты. Астананың
кіре берістерін табандылықпен, ерлікпен қорғаған даңқты Қызыл Армияның
қарсыласуы неміс-фашист әскерлерінің Мәскеуге жасаған бірінші шабуылын іске
асыртпай тастады. Мәскеуді тез басып алу жоспары күйреді. Өшіккен жау
Мәскеуге қайтадан шабуыл әзірлей бастады.
Кескілескен ұрыстар Оңтүстік-Батыс майданында да жүріп жатты.Кеңес
әскерлері Донбасты тастап шығуға мәжбүр болды. 1941 жылы 30 қазанда
Севастопольді ерлікпен қорғау басталды. Жау қыс түскенше ешқандай шығынмен
есептеспей Мәскеу мен Ленинградты басып алуға, Севастопольді алуға, сөйтіп
Кавказдың мұнай көздеріне шығуға ұмтылды.
Қазақстанда жасақталған 310-шы атқыштар дивизиясы қыркүйек – қазан
бойына Ленинград майданында ауыр қорғаныс ұсыныстарын жүргізді. Ленинградты
қоршап алу мақсатымен неміс-фашист әскерлері 16 қазанда Тихвин бағытында
шабуылға шықты. Көп шығынға ұшырап олар Волхов өзенінің күн шығыс
жағалауына жарып өтті. Бұл арада 16 километрлік майдан бойына 310-шы
атқыштар дивизиясының бөлімдері олардың жолын бөгеді. Алайда, орасан зор
шығынға ұшырауына қарамастан, дұшпан шабуыл жасай беріп, қарашаның басында
Тихвин ауданына шықты.
Бұл кезде неміс-фашист әскерлері КСРО-ның батыс аудандарын
оккупациялап алды. Соғысқа дейін бұл территорияда еліміздің халқының 40
проценттейі тұрған еді, көмірдің 63 прценті шығарылған еді, шойынның 68
проценті, болаттың 58 проценті, алюминийдің 60 проценті өндірілген еді.
Кеңес Одағы 38 процент астық, 84 прцент қант және көптеген басқа өнімдер
беріп тұрған өмірлік маңызы бар аудандардан уақытша айрылып қалды.
Еліміз үшін осындай ауыр жағдайда кеңес адамдары өз мемлекетінің 24
жылға толған мерекесін өткізді. 1941 жылы 6 қарашада Ұлы Қазан социалистік
революциясының 24 жылдығына арналған Мәскеу Кеңесінің дәстүрлі салтанатты
мәжілісі болды.1941 жылғы 7 қарашада Мәскеудегі Қызыл алаңда кеңес
әскерлерінің парады болды. Мәскеу Кеңесінің салтанатты мәжілісі мен әскери
парадтың орасан зор жұмылдырушы маңызы болды. Салтанатты мәжіліс пен әскери
парад кеңес халқының гитлерлік басқыншыларды жеңуіне сенімін бұрынғыданда
нығайта түсті, халықтың, партия мен үкіметтің Мәскеуді қорғап қалып, жауды
талқандауға бекем бел байлағандығын бүкіл дүниежүзіне көрсетті.
1941 жылы 15 қарашада немиіс–фашист әскерлерінің Мәскеуге жасаған
екінші, былайша айтқанда негізгі шешуші шабуылы басталды. Немістер
бұрынғы бағытта шабуыл жасайтын болды, бірақ Батыс майданының
бүйірлеріндегі армия топтары күшейтілген еді. Бұл жолы Мәскеуге 51 дивизия
шабуылға аттанды, соның ішінде 13 танк дивизиясы, 31 жаяу әскер дивизиясы
және 7 моторлы дивизия болды. Бұларда 1500-ге дейін танк, 3000 зеңбірек
және 700-ден аса соғыс ұшақтары болды. Жау ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Курск доғасы шайқасындағы Қазақстандықтардың ерлігі
Соғыс жылдарында Қазақстандағы әскери өнеркәсіптің кешенді дамуы
Фашизммен соғысты жеңіспен аяқтаған Қазақстан жауынгерлері
Кеңес Одағының экономикалық және әскери – саяси өмірінде Кавказ майданының маңызы
Ұлы Отан соғысына қатысқан Қазақстандық құрамалардың ерліктерін насихаттау
Кеңес Одағы халықтарының Москва қорғанысына үлес қосуы
Соғыс жылдарындағы тылдағы еңбеккерлер
Екінші дүниежүзілік соғыстың себептері және сипаты
Отан соғысы майдандарында
Гитлер туралы жалпы мәлімет
Пәндер