Мемлекеттік ту, елтаңба, әнұран


ЖОСПАР
Мемлекеттік ту. 1
Мемлекеттік елтаңба. 2
Мемлекеттік әнұран4
Мемлекеттік ту.
Мемлекетіміздің ресми ерекшелік белгісі, еліміздің егемендегінің нышаны Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы 1996 жылдың 24 қаңтарындағы Қазақстан Республикасы Президентінің Конституциялық Заң күші бар «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік нышандары туралы» Жарлығымен белгіленген.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы көгілдір түсті матаның ортасында алтын күн бейнесі мен шарықтай ұшқан дала қыраны бүркіт және сабының бойына салынған ұлттық ою-өрнектен нақышталған тік жолақтан тұрады.
Тудың параметрі.
Күн, шұғыла, бүркіт және өрнектеің бейнесі-алтын түстес.
Тудың ені мен ұзындығының қатысы-1/2.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы суретші Шәкен ниязбеков ұсынған жоба негізінде жасалған.
Өрнек.
Өрнек- көркем безендірілген әшекей кесте. Оның саналуан түрі бар : көркем, графикалық немесе өсімдік элементтерінен, геометриялық фигуралардан тұратын мүсін өрнегі.
Өрнек- белгілі бір дәуірдің өзіне тән қолтаңбасы, ол халвқтың көркемдік талғамының көрсеткіші.
Ғасырдан ғасырға жалғасып, бізге жеткен қазақтың ұлттыұ ою өрнегінің ең көп таралған түрі зооморфтық өрнек- «қошқар мүйіз».
Ерте кезде халық ою- өрнектіңбойынан адамды зұлымдыұтанжелеп-жебеп,
Ұорғайтын керемет күш көрген. Соңдықтан да ою- өрнекке деген көзқарас ерекше болған.
Еліміздің Мемлекеттік Туын көркемдеу үщін арнайы жасалған өрнек- қазақтың дәстүрлі декоративті өнерінің негізгі нақыштарымен үйлесім тапқан.
Күн.
Күннің нұршұғылалы алтын бейнесі- байлық пен берекенің, тыныштықтың нышаны.
Сары тү- қымбат асыл металдың, алтынның түсі, Ай мер Күннің, түпсіз- тұңғияқ қараңғылықтан шашырап шыққан Жарықтың, одан жаратылған Космостың түсі.
Жер шарының барлық халқы Күнге табынған.
Таңбалы тастағы (Оңтүстік Қазақстанда) жартастарда бейнеленген суреттерге қараңызшы- бәрі қозғалыста!
Күн мәңгілік Қозғалыстың, даму процесінсң, үнемі өсу мен өшудің, өмір мен өлімнің, батыс пен шығыстың символы.
Бүркіт.
Ежелгі көк тәңірі Аспан мен Күнге жақындап, шарықтай ұшатын құс патшасы қыран бүркіт аса қасиетыті де құдіретті.
Ол да тәңірі сияқты бір жағынан- көрегіндік пен қырағылықтың белгісі болса, екінші жағынан- жер бетіндегі тірі жәндіктерге опат әкелетін жыртқыш. Сондықтан да ескі металл теңгелер мен мөрлерде құдіреті күшті дала қыранының бейнесі бедерленген.
Қанатты қыран кең дала биігінде жеке-дара ұшады.
Осыдан барып, бүркіт бейнесі айбындылық, еркіндік, тәуелсіздік, бостандық тәкаппарлық, биік ой- мақсат, маңғаздық, қырағылдық, намасқойлық тән.
Сол себепті де ол- көреген, қырағы, болжағыш.
Кең даланың көгілдір аспанында шарықтап ұшқан бүркіт дала халкының барлық халықтар мен ұлттарға құшағын жая ұмтылатын кеңдігін, көпұлтты егеменді мемлекетіміздің бостандық сүйгіш рухани ерекшелігін бейнеледі.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туындағы дала қыраны қазақстандықтардың жомарттығы мен қырағылығын, ойниетінің биіктігін білдіреді.
Мемлекеттік елтаңба.
Герб деген термин немістің “Erbe”- мұра, поляктардың “herb:- белгі деген сөзінен шыққан. Дәл осы ұғымды өз тіліміздегі таңба сөзі аңық жеткізеді, яғни: мұралық ерекшелік белгі- ел иелерінің тарихи дәстүрлеріне бейнелі түрде мән-мағына беретін заттар мен бейнелердің таңбасы.
Елтаңба туларда, мөрлерде, монеталарда, сәулет құрылысында, үй аспаптары мен қару- жарақтарда, өнер туындылары мен қолжазбаларда, кітаптарда бейнеленеді.
Елтаңбаның көне үлгілерінде жануарлардың, алғашқықауымдық құрылыста тайпа немесе ру қамқоршыларының тқтемдік белгілері болған.
Елтаңбаның тікелей негізін салған- тайпалық және отбасылық жекеменшік белгілер- славяндардың тулары, таңба, ендері және моңғолдар мен түріктердің тамға- таңбасы.
«Таңба- тайпа, ру белгісі, қазіргі шекара бағандарына мемлекеттік елтаңба соғылса, ежелгі тайпалар жаңа жерге қоңыстанғанда шекаркдағы тасты өз таңбаларымен белгілеген. »
Олжас Сүлейменов.
Шаңырақ.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының ең басты жүгін көтеріп, оған негізгі арқау болып тұрған- шаңырақ.
Ол- елтаңбаның жүрегі.
Шаңырақ әлемнің тұтастығын, Ошақтың амандығын білдіреді.
Шаңырақ Отан от басынан басталады деген киелі ұғымға ие. Шаңырақ бейнесі- бүкіл қазақ елі үшінг тіршіліктің, шексіз өмірдің нышаны.
Шаңырақ шын мәнінде Күннің қозғалысынын, жылдамдығын көрсететін дала сағаты. Шаңырақтағы бектілерге қарап, қазақтар күн мезгілін айқындаған.
Шаңырақ- киіз үйдің күмбезі, күн бейнесін, ал уықтары одан тарап жатқан алтын сәулелерді елестетеді.
Киіз үй.
Киіз үй- көшпенділер өмірінің символы, көрінісі. Оны біздің эрамызға дейінгі 3 мыңыншы жылы қола дәуірінде да пайдаланған. Киіз үй туралы «тарихтың әкесі» Геродот, белгілі саяхатшылар Плано Карпини, Ибн-Батута, Гильом Рубрук және тағы басқалар да жазған.
Кытай әдебіетінің аса даңқты ақыны Боқ Цзюй (772-846) киіз үй туралы былай деп жырлады (жолма-жол аударма) :
Осы жерде жігіттердің қару-жарақтары,
Аттың әбзәлдері, ер-сайманы ілінеді.
Ал әйелдер жағында- үй иесі қызының төсегі.
Төменде, есікке жақын ыдыс- аяқ қоятын асадал,
Ұымыз ашытатын ыдыс, күбі тұрады.
Қыз бала тұрмыс ұүрып, күйеуге шыққанда,
Ата-ананың ақ босағасынан аттанады.
Ал үй иесін бұл дүниеден дүниеге шығарып
Саларда, оны өз үйіне бір күн түнетеді.
Тұлпар.
Қазақта «Ат- адамның қанаты» деген мақал бар.
Тұлпар- дала Пырағы, оның ғажайып көзге ілінбес шапшандығы ер жігітті жеңіске, тәуелсіздікке, бостандаққа жетелейді.
Тұлпар- Күннің, Қозғаплыстың, тұрақтылықтың символы. Айрықша күш-қуаттың, күн нұрынан дарыған ғажайып қасиеттің иесі.
Қанаты тұлпар - қазақ поэзиясында кеңінен тараған образ. Ол- биік арманның, шығармашылық шабыттың, қажырлылық пен қайраттылықтың нышыны.
Желмая жүйрік тұлпар- Уақыт пен Кеңістікті жалғастырады. Діни түсінік бойынша, киелі пырақ адамды тәңірілер мекен еткен Аспанмен байланыстырады.
Жұлдыз.
Елтаңбаның мандайшасына бес бұрышты жұлдыз салынған.
Әр адамның өміріне бағдар беретін өз жұлдызы болады. Осындай жұлдыз Мемлекетке де қажет.
Біз де өз мемлекетіміздің жұлдызы жарық әрі биік болып, әрбір қазақстандық азамат сол жұлдыздың салған жолына сеніп, қиын уақытта оны бағдарға алып, әрқашан жаңа жолға, болашаққа жетелейтініне сенім артуымыз керек!
Елтаңбадағы бес бұрышты жұлдыз Күн мен Айды, Жұлдызды кие тұтатын халқымыздың «бағымыз ашылып, жұлдызымыз жарқырай берсін» деген асыл арманын арқалап тұрғандай.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының авторы Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов.
Мемлекеттік әнұран
Әнұран гректің-hymnos-салтанатты ән ұран деген сөзінен шыққан. Ал қытайлар го-ге-мемлекет өлеңі, отан әні деп аударған.
Тарихи оқиғаларға, батыр адамдарға, жауынгерлерге, дінге, мемлекетке, түрлі төңкерістерге арналған әңұрандар бізге бұрыннан да белгілі.
Мемлекеттік әнұран халық жүрегінің лүпілінтанытып, адамдарды патриоттық сезімге бөлейтін музыкалық бойтұмар іспеттес. Оның әуенінен Отанға деген сүйіспеншілік, Атамекенге шексіз берілгендік аңғарылса, сөзінен рухани жан-дүниемізді танытар ұлттық қасиетіміз бен бейбіт пейіліміз, досқа ашық құшағымыз, еркіндікке құштар кең көңіліміз жақсы көрініс тапқан.
Мемлекеттік әнұран- егеменді еліміздің Туы мен Елтаңбасының сазды баламасы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz