Тұңғыш Президенттің қысқаша өмірбаяны
ЖОСПАР
Кіріспе 2
Тұңғыш Президенттің қысқаша өмірбаяны 3
Н.Ә. Назарбаевтың қоғамдық саяси қызметі және тәуелсіз Қазақстанды
қалыптастырудағы рөлі 4
Қорытынды 13
Қолданылған әдебиеттер 17
Кіріспе
...Мұнан екі жарым ғасыр бұрын Бұқар жырау бабамыз жиын алдында болуы
керек, былай деп толғаныпты.
Ел бастау қиын емес,
Қонатын жерден көл табылады.
Қол бастау қиын емес,
Шабатын жерден ел табылады.
Шаршы топта сөз бастаудан қиынды көргем жоқ.
Осы заманғы көзқарас-пайыммен ой зерделер болсақ, Істің мәнісі өзгеше
ауанда жататын сияқты. Қайта құру, жариялылық кезеңінде, одан бертіндегі
тәуелсіздікті орнықтырып, баянды ету тұсында небір басқосу, алқалы
мәжілістерде суырыла шығып, сыдырта пікір төкпелейтін шешендер, ділмарлар
жұртшылық назарын өздеріне аударуда. Көп жағдайда олар бірсарын пікір-
пайыммен ел-жұртты мезі етуде. Бірақ та үскірік желдің өтінде тұрып,
қонатын жерден көл табылмаған — экологиялық орасан зардапты, экономикалық-
әлеуметтік халі жартыкеш күй кешкен ел-жерді басқару, Бұқар бабамызша
айтқанда — бастау барша қиын дегеннің өзекті екені кәміл. Ел тағдырындағы
мұншалықты өтпелі кезең тұсында мейлінше ұрымтал шешімдер, күтпеген
байламдар, тың бастаулар тауып отыру үшін ел басшысының бойынан қандай
қабілет-қарым қайнарлары, көрегендік даналығы табылып жатуы қажет
десеңізші. Ендеше тап сондай тұлғаны бала күнгі тағдыр-тіршілік жолдары
қалай сомдап, қалыптастырған? Жалпы республика президентінің бозбала
жастағы тағдыр тараулары, ғұмырбаяны қалай өрбіп-өрілген?- деген сұрақтың
да туындауы мүмкін. Бірақ біздің көлемі жөнінен шағын жұмысымыздың тақырыбы
Қазақстан Республикасының тұңғыш президентінің ең қияннан жол тауып, елді
бастап тәуелсіздікке қол жеткізуі мен оны қалыптастыруына жұмсаған қажыр-
*қайраты кезеңін бағамдауға арналып отыр. Міне, осы танымдық әсері мол
сауалдарға там-тұмдап болсын жауап іздеу мақсатында Н.Назарбаевтың өмірінің
осы бір маңызды кезеңіне мейлінше үңіліп, оның атқараған орасан мол еңбегі
туралы жұмыс жазуға тырыстық.
Тұңғыш Президенттің қысқаша өмірбаяны
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев — 1940 жылы Алматы облысы Шамалған
селосында шаруа отбасында дүниеге келген.
1960 жылы техникалық училищені бітіргеннен кейін “Қазметаллургқұрылыс”
басқармасы тресінің жұмысшысы, соңыра тау-кен домна пешінің шойын құйғыш
машиналарының шойын құюшысы, Қарағанды металлургия комбинаты домна цехының
жұмысшысы болып істеді.
1967 жылы Қарағанды металлургия комбинатының жанындағы зауыт-втузды
(жоғары техникалық оқу орны) және КОКП ОК-нің жанындағы жоғары партия
мектебін бітірді.
1969—1984 жж. аралығында қалалық партия бөлімінің меңгерушісі,
Қазақстан ЛКЖО Теміртау қалалық комитетінің бірінші хатшысы, Қарағанды
металлургия комбинатының партия комитетінің хатшысы, Қарағанды облыстық
партия комитетінің екінші хатшысы, Қазақстан Компартиясы ОК-нің хатшысы
қызметтерін атқарды.
1984—1989 жж. Н.Ә. Назарбаев — ҚКП ОК-нің бірінші хатшысы.
1990 жылы он екінші шақырылған Жоғары Кеңестің І-сессиясында Қаз.КСР-
інің Президенті болып сайланды.
1997 жылғы қазанда Президенттің Қазақстан халқына арнаған Жолдауында
“2030” — Қазақстан дамуының бағдарламасы талдап-белгіленді.
1999 жылдың 10 қаңтарынан 7 жылдық мерзімге созылған өкілеттілікпен
Қазақстан Республикасының Президенті болып сайланды.
2005 жылы тағы да Халық қалауымен Елбасы болып, қазірге дейін еліміздің
өсіп-өркендеуі жолында аянбай қызмет етіп келе жатқан Н.Ә.Назарбаев
сайланды.

қалыптастырудағы рөлі
Жергілікті кадрларды қуғынға салған Г.В. Колбин Орталық партия
Комитеті бюро мүшелерінің пікірімен санаспады, олардың талаптарын
қабылдамады, мәселелерді көп жағдайда өз еркімен шешті. 1989 жылы наурыз
айында Г.В. Колбин Халықтық бақылау комитетінің төрағасы болып тағайындалып
Мәскеуге кетті. Оның орнына сол жылғы шілдеде Қазақстан Компартиясы Орталық
Комитетінің бірінші хатшысы болып Н.Ә. Назарбаев сайланды.
Жаңа тәртіпке сәйкес 1990 жылғы наурызда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне
сайлау ұйымшылдықпен өтті. Онда Қазақстан партия Орталық Комитетінің
бірінші хатшысы Н.Ә. Назарбаев Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы болып
сайланды. Осыдан көп кешікпей-ақ Орталықтағы сияқты біздің республикамызда
да президенттік қызмет орны енгізілді. Сөйтіп, 1990 жылғы 24 сәуірде Қазақ
КСР Жоғарғы Кеңесі Н.Ә. Назарбаевты республиканың тұңғыш президенті етіп
сайлады. Мұның өзі елімізде және халықаралық аядағы оның беделін көтеруге
үлкен әсерін тигізді. Н.Ә. Назарбаевтың президент болып сайлануы,
республиканың өз ішіндегі саяси-экономикалық мәселелерді шешуде, жаңа
идеялардың өрістеуіне ықпалын тигізді. Оның бастамасымен Қазақстанда елді
басқару ісіне көптеген жаңалықтар, халық шаруашылығын басқарудың барлық
сатыларында сапалы жаңа өзгерістер енгізілді.
Қазақстан соңғы кезге дейін Кеңес Одағын сақтап қалу үшін күресті.
Бірақ республиканың бұл ниетіне Одақта болып жатқан әлеуметтік-экономикалық
және қоғамдық-саяси өзгерістер қарсы тұрды. Сондықтан Қазақстанда өзінің
тәуелсіздігін жариялау шараларына кірісті. Атап айтқанда, Қазақ КСР Жоғарғы
Кеңесі 1990 жылы 25 қазанда республикамыздың мемлекеттік егемендігі туралы
Декларация қабылдады. Сөйтіп, бар әлемге Қазақстанның егемендігін
жариялады. Тәуелсіздік алу Қазақстанда жалпы демократиялық процестердің
барысын шапшаңдатты, мұның өзі елдегі болып жатқан оқиғалармен тығыз
байланысты еді. Осы кезден бастап Қазақстан басқа республикалармен бірге іс
жүзiнде орталыққа қарсы оппозицияға айналды. Қазақстанның бастамасы бойынша
Белоруссиямен, Украинамен, Ресеймен және басқа республикалармен бір-бірінің
егемендігін, қалыптасқан шекараларды, орнатылып жатқан өзара пайдалы
экономикалық байланыстарды мойындау туралы екі жақты келісімдер жасалды.
1990 жылғы желтоқсанда Ресей, Украина, Белоруссия, Қазақстан
республикаларының жетекшілері өзара төрт жақты шарт жасау жөніндегі
келісімге қол қойды. Бұл келісім бойынша олар өздерінің Одақтық шартқа
қарсы қоятын талаптарының бар екендігін ашып айтты. Республикалар бұрынғы
федерацияның орнына, енді конфедерация түріндегі одаққа бірігу жөнінде
талап қойды. Ол бойынша Орталықтың шешуіне сыртқы саясат, халықаралық
мәселелер, сыртқы сауда, мемлекеттік банк және финанс, елдегі қорғаныс
мәселелерін шешуді қалдырып, қалған мәселелердің барлығын жергілікті
жерлерде шешу дұрыс деп есептелінді.
1991 ж. 19 тамызда Янаев, Павлов, Крючков, Пуго, Язов, т.б. қатынасқан
Төтенше оқиғалар жөніндегі мемлекеттік комитет (ГКЧП) құрылды. Олар КСРО
президенті М.С. Горбачевті Фороста оқшау ұстады, бұл мемл. төңкеріс жасау
әрекеті еді. Бірақ ГКЧП жеңіліске ұшырап, оны ұйымдастырушылар тұтқындалды.
Оқиға КСРО-ның күйреуін тездетті. Жаңа Одақтық шартқа қол қояр алдында 1991
жылы 19 тамызда мемлекеттік төңкерістің болуымен және орталықтың ешқандай
ымыраға келмеуімен байланысты одақтас республикалардың жетекшілері бұған
дейін жүргізіп келген келіссөз талаптарынан бас тартты. Украина мен
Белоруссия өздерінің тәуелсіздігін жариялады. Ал Қазақстанның атынан Н. Ә.
Назарбаев КСРО Жоғары Кеңесінің кезектен тыс сессиясында жаңарған Одақ енді
федерация түрінде болуы мүмкін емес, тек конфедеративтік шарт негізінде
болуы керек деп ашық айтты, яғни бұл тек тең құқықты республикалардың
достық одағы болуы мүмкін деп көрсетті. Республикалардың бұл ұсынысы 1991
жылғы 19 тамыздан кейінгі оқиғаның артынша тәжірибе жүзінде іске асырыла
бастады, бұрынғы бірыңғай одақтың орнына тәуелсіз мемлекеттер достастығы
қалыптасты. Олар көптеген саяси, әлеуметтік-экономикалық мәселелерді өздері
шешетін болды. Тәуелсіз мемлекеттер достастығы бойынша әскери, сыртқы және
т.б. аса маңызды халықаралық мәселелерді бірігіп шешу міндеті ғана қалды.
Бүліктің әшкереленуі компартияның таратылуына әкелді. Тамыз уақиғасынан
кейін 7 қыркүйекте Қазақстан компартиясының кезектен тыс съезі болып,
партияның таратылатындығы мәлімделді. Орнына социалистік партия құрылды.
Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев 1991 ж. 28 тамызда Семей полигонын
жабу туралы өкімге қол қойды. Осы жылдары Кеңес одағында саяси-экономикалық
жағдай қайта шиеленісті.
1991 ж. 1 желтоқсанда Қазақстан тарихында тұңғыш рет республикада жалпы
халықтың қатынасуымен Президент сайлауы өткізілді. Дауыс беру қорытындысы
бойынша Н. Назарбаев Президент болып сайланды. Осы кезде Президенттің
Жарлығымен бұрын Одаққа бағынған кәсіпорындар мен ұйымдарды республика
үкіметінің қарамағына беру, мемлекеттің сыртқы экономикалық қызметінің
дербестігін қамтамасыз ету, елімізде алтын қорын жасау туралы және т. б.
заңдар шығарылды.
10 желтоқсанда Қазақ КСР-ін Қазақстан Республикасы деп өзгерту туралы
шешім қабылданды. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Жоғарғы
Кеңесінің жетінші, сессиясында парламент депутаттары "Қазақстан
Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы" Заң қабылдады. Заңның
бірінші бабында Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекет деп жарияланды. Ол
өзінің жеріне, ұлттық табысына жоғары иелік ету құқы бар, тәуелсіз сыртқы
және ішкі саясатын жүргізеді, басқа шет мемлекеттерінен халықаралық
құқықтық принциптері негізінде өзара байланыс жасайды деп көрсетілді.
Заңда Республика Қарулы Күштерін құру жөніндегі құқы, республика
азаматтарының әскери міндетін өтеу, оның тәртіптері мен талаптары жөнінде
айтылған. Оған сондай-ақ республика қарауындағы азаматтарды қорғау,
қоғамдық тәртіпті және мемлекеттік қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері
кірген. Заңның 16-шы бабында ішкі және шекаралық әскерлердің істері мен
қауіпсіздік органдары Президентке бағынады деп жазылған. Республиканың
мемлекеттік тілі - қазақ тілі, ал орыс тілі ұлтаралық байланыс тілі болып
белгiлендi. Сөйтіп, 1991 жылғы 16 желтоқсан республика тәуелсіз күні
ретінде бүкіл әлемге танылды.
Алдымен 8 желтоқсанда Минскіде Ресей, Беларусь және Украина басшылары
кездесіп (қ. Беловеж нуы), КСРО-ны құру туралы келісім (1922) жойылғандығы
және ТМД құрылғандығы туралы келісімге қол қойды. 13 желтоқсанда Орт. Азия
мен Қазақстан басшылары Ашғабатта бас қосып, “Беловеж келісімін”
қолдайтындықтарын мәлімдеді. 20 желтоқсанда Әзербайжан, Армения, Беларусь,
Грузия, Қазақстан, Қырғызия, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан,
Өзбекстан басшылары Алматыда кездесіп, 21 желтоқсанда ТМД-ны құру туралы
Келісім хаттамасына қол қойды (1991). Қазақстанда осыдан кейін егемен мемл.
дамудың қарқынды жолына түсті. Біртұтас Қазақстан азаматтығы, тәуелсіз
экон. жүйе, қаржы-кредит, салық және кеден мәселелері, ҚР-ның мемл.
рәміздері белгіленді. 1992 ж. 4 маусымда мемл. жалау, елтаңба (герб), 11
желтоқсанда елұран (гимн) мәтіні бекітілді. 1992 ж. 2 наурызда Қазақстан
БҰҰ-на мүше болып қабылданды. Осы жылы 29 қыркүйекте Алматы қ-нда Дүниежүзі
қазақтарының құрылтайы ашылды.
1990 жылы 25 қазанда республика Жоғарғы Кеңесі Қазақ КСР-нің
мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылдағаны жоғарыда айтылды.
Егемендік алу Қазақстанда жалпы демократиялық процестердің барысын
шапшаңдатты, мұның өзі елдегі болып жатқан уақиғалармен тығыз байланысты
еді. Міне, осындай күрделі жағдайда Қазақ Мемлекеттігі шеңберінде
Республикадағы жоғары атқарушы және билік жүргізуші өкімет басшысы ретінде
Қазақ КСР-нің Президентіне жеткілікті өкілеттік беру қажеттілігі пісіп
жетілді. Мұндай өкілеттіктер республика парламентінің 1991 жылы 20 қарашада
қабылдаған "Қазақ КСР-да мемлекеттік өкімет билігі мен басқару құрылымын
жетілдіру және Қазақ КСР Конституциясына өзгерістер мен қосымшалар енгізу
туралы" Заңы бойынша берілді. Заң негізінде Республиканың мемлекеттік
басқару органдарында өзгерістер жасалды. Прокуратура, Мемлекеттік
қауіпсіздік, Ішкі істер, Әділет, Сот органдары қайта құрылды. Қазақстанның
мемлекеттік Қорғаныс комитеті жаңадан ұйымдастырылып қызметіне кірісті.
Осыдан кейін Қазақстанда тәуелсіз егемен мемлекеттік даму процесі
басталды. Еліміздің жаңа конституциясының жобасы дайындалды. Облыстардың,
қалалардың және аудандардың басқару органдарына реформалар жүргізілді.
Жаңадан әкімдер лауазымы енгізіліп, олардың алдына Президент пен Үкімет
шешімдерін орындау, жергілікті жерлерде экономикалық, мәдени-әлеуметтік
мәселелерін шешу міндеті қойылды. Әкімдерді тағайындау, оларды қызметінен
босатуды Қазақстан Президенті мен жоғарғы әкімшілік органдары жүргізетін
болып белгіленді. Ал бюджетті бекіту, оның орындалуын қадағалау,
депутаттармен жұмыс жүргізу, тұрақты комиссиялардың қызметіне басшылық ету,
әртүрлі қоғамдық ұйымдарымен байланыс жасау Кеңестердің карауына берілді.
Республикамыз тәуелсіздік алғаннан кейін, егемен мемлекет ретінде
халықаралық аренаға шықты. 1992 жылы 3 наурызда Қазақстан Біріккен Ұлттар
Ұйымына кірді, Халықаралық валюта қорының, Халықарлық реконструкция және
даму банкісінің, Дүниежүзілік банктің, Халықаралық даму қауымдастығының,
Инвестицияға кепілдік беретін көп жақты агенттіктің, Инвестициялық
таластарды шешу жөніндегі халықаралық орталықтың, Дүниежүзілік денсаулық
сақтау ұйымының мүшесі болды және басқа бірсыпыра ұйымдарға ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz