ОРТА ҒАСЫРДАҒЫ НАЙМАН МЕМЛЕКЕТI


Жоспар
ОРТА ҒАСЫРДАҒЫ НАЙМАН МЕМЛЕКЕТI1
Пайдаланылған әдебиеттер6
ОРТА ҒАСЫРДАҒЫ НАЙМАН МЕМЛЕКЕТI
Наймандар - жыл санауымызға дейінгі екінші ғасырдан бастап, байтақ аймақты жайлаған Хунну (Ғұн) империясының кесек бір бөлігі. Осы жерде айта кететін жәйт ғұндар Қазақ сахарасында қала мәдениетін жасаған әйдік мемлекет болған. Рашид-ад-диннің жазуынша "наймандар - көне жұрттардың бірі, малы мен басы көп өскен халық"[1] .
Наймандардың батысындағы көршісі - Ертіс өзені бойында тұрған қаңлылар. Солтүстігінде - Ертіс-Енесай өзендері арасын мекендеген қырғыз тайпалары. Шығысында Тола алқабын, Орхонның орта ағысы ауданын және Оңғын алабын алып жатқан меркіттер мен керейлер қоныстанған. Оңтүстігіндегі көршілері ұйғырлар, сондай-ақ таңғұттар мемлекеті еді. [2] Алайда, бұлайша қоныстану тұрақты болған жоқ, өзара талас-тартыс соғыстар мен шапқыншылықтар барысында тайпалар жаңа территорияға жылжып қонып отырған. Наймандардың және олармен көршілес тайпалардың мекендеген жерлерін мына картадан көруге болады [3] .
Жазба деректер бойынша, ХII ғасырдың аяғына дейін наймандарды Инанг Білгі Бұқа хан басқарады [4] . Наймандар осы кезде қарақытайлардан бостандық жеңіп алады және осы кезде ең күшті, мықты, беделі жоғары ірі тайпалардың бірі болған. Наймандардың күш-қуаты артып, алдыңғы феодалдық мемлекеттік құрылым - Ұлыс пайда болады [5] .
Ұлыс - ру да емес, тайпа да емес, рулық-тайпалық институттардан жоғары тұрған мемлекеттік құрылым. Ұлыс ұғымы - ол кезде "халық" ұғымына парапар, яғни белгілі бір ұлыста біріктірілген халық [6] . Әрбір ұлыс белгілі бір аумақты иеленеді, өз шекаралары болып, олар ара-тұра болса да қорғалып отырады. Ұлыстарды "Монғолдың құпия шежіресінің" терминдері бойынша "жаратылысынан" хандар басқарған[7] . Шапқыншылық немесе соғыс кезінде ұлыс билеушісінің беделі мен билігі артып, күшейеді. Бірақ мұндай жағдайда көп мәселе билік басындағы тұлғаның қабілетіне байланысты. Егер ол сын сағатта дәрменсіздік жасап, сәтсіздікке ұшыраса, одақтастарынан айырылады. Хан, ұлыс билеушісі басқару аппаратын, бірінші кезекте хан ордасын құрып, оның күзетін басқару және әскерге, жасаққа қолбасшылық ету тәртібін орнатады. Хан ордасы басқару орталығы, ұлыстың өзінше бір үкіметі болған, кез келген Орталық Азия мемлекеті үшін аса маңызды екі саланы - ханның мал-мүлкі мен хан әскерлерін басқарады. Хан мен мемлекет мүлкінің арасында айырмашылық болған жоқ.
Ұлыстың әскерлері ХII ғасырдың өзінде-ақ ондықтар, жүздіктер, мыңдықтар, түмендер бойынша құрылған топтарға бөлінеді[8] . Осы жерде айта кететін жәйт - наймандарда жаяу әскер болған жоқ, барлығы атты әскер. Шыңғыс хан империясы осы әскери-әкімшілік бөліну тәртібін басшылыққа алған болуы мүмкін.
Ұлыстарда қалыптасқан заңдар мен әдеттегі тұрақты құқық нормалары әрекет еткен. Мысалы, "Моңғолдың құпия шежіресі" еңбегінде ұлыста кісі өлімі үшін заң бойынша жаза қолданылғаны туралы айтылады. Мұны "Еке төренің ұлы шындығы" деген белгілі заң жинағынан кездестіруге болады[9] .
Ұлыс - әр түрлі халықтан құралады. Онда туысқандармен қоса бөтен адамдар да болған. Мысалы, "туысқан" деп отбасын, әулетті ғана емес, жеті атаға дейін тараған ұрпақты айтады. "Бөтенге" әйелінің туысын, яғни құда-құдағиларды жатқызады. Сондай-ақ басқа тайпалармен өзара шапқыншылық кезінде тұтқынға түскендер, ұлыс билеушісінің жеке өзіне және оның руына қарасты - тәуелді адамдар енеді. Олар туысқандарымен қарым-қатынастарын үзбеген және жеке бастарының бостандығымен қоса дүние мүлкі де болған. Тәуелді адамдар шаруашылықты жүргізуге, күренді орналастыруға, аң аулауға т. б. шаруаларға көмек көрсетуге міндетті болған.
Ұлыстың құрамында жағдайы құлға таяу адамдар болған. Алайда наймандардағы "құл" термині антикалық кездегі "құл" деген сөздің мағынасына сәйкес келмейді. Осындай пікірді Л. Гумилев та айтқан екен[10] . Ұлыста бұдан басқа келінмен бірге еріп келгендер де кездеседі. Ұлысты басқару кезінде ханның тірегі, сүйеніші болған - нөкер. Нөкер - тек орындаушы ғана емес, туысқан, дос, тілеулес есебінде болған. Ұлыс билеушісі нөкерлерін қасынан тастамаған, олар соғыс немесе шапқыншылық кезінде ханның күзетшісі һәм жауынгері міндетін атқарған. Ал бейбітшілік кезде олар билеушінің ең жақын досы мен серігі ретінде өз еркімен қызмет көрсетеді [11] .
Найманның ұлыс билеушілері есімдеріне құдіретті, батыр, дана, мерген сияқты қосымша атақ қосылып отырған. Мысалы, найман билеушісі Байбұқаға Цзин императоры қытайша "бір аймақтың бегінің ұлы" (taіvang) немесе "ұлы хан" деген лауазым берген, ал моңғолдар сөйлегенде Таянң (tavang) деп атап, ол тарихқа дәл осылай енеді [12] .
Наймандар мал шаруашылығымен айналысқан көшпелі халық болған. Көшпелі шаруашылық қоғамының негізін отбасы құрайды. Көбінесе отбасындағы кісі саны көп болған. Өйткені ер балалар үйленіп, жеке отау құрса да әкесі немесе шешесімен бірге көшіп-қонады[13] . Наймандардың негізгі байлығы - малы отбасы меншігіне қарасты. Олар алдын ала белгіленген жолмен көшіп отырған. Тарихи деректерде наймандардың ХII ғасырдың аяғына дейінгі көші-қон кезіндегі белгіленген жолдарын Рашид-ад-дин былайша нақты көрсетеді: Алтай, Шыңғыстау, Қарақорым, Ақ Ертіс, Қара Ертіс, Көк Ертіс бойы[14] . Ал Б. Владимирцов "ХI-ХII ғасырларда наймандар алдын ала белгіленген жолдармен көшіп отырды" дейді[15] . Әр қолбасшы өз қарамағындағы адамның көп немесе аз болуына байланысты жайлаудың шекарасына қарай өзінің отар қойын қыста, жазда, көктемде және күзде қай жерде бағуын білген. Осы "белгіленген" жолды өзгертуге болатын еді, бірақ бұл жағдайда өз туысқандарынан алысқа көшіп кетсе, қатер төнсе, жедел көмектің келуі екіталай. Наймандар егіншілікпен айналыспаған.
Жиі қайталанатын әскери қақтығыстарда шағындау мал шаруашылық-тарына қатер төніп отырғандықтан әскери-көшпелі ұйым "күрен" ("азды-көпті үлкен "топтар") кең тараған. Осы топтарды басқарған ақсақалдар немесе әскери жетекші. Күрен - недәуір саяси дербестікке ие болып, басқа тайпалармен келісім шартқа отырған немесе соғысқан[16] . Көші-қон кезінде жайылым жерді үлестіріп, пайдалануды көшпелі топтың мүшелері басым дауыспен шешеді, ең бастысы бір шаңырақтың малы екіншісінікімен араласпауы керек. Басқадай тәртіп, немесе тыйым, шектеу тарихи деректерде кездеспейді[17] . Күреннің шығу тарихы туралы әр түрлі пікір айтылады. Рашид-ад-диннің болжауы бойынша күрен әскери қажеттіліктен туған. Б. Владимирцовтың айтуы бойынша, отбасын күренге біріктіру шаруашылық және әскери қажеттіліктен туған. Бұл жағдайда көшпенділер күрен болып тұрып, малдарын бөлек-бөлек ұстаған. Күрен мен отбасы бір-біріне кедергі келтірмеген. Кейін "күрен" деген атау жойылып кетеді. Л. Гумилев "ғасыр бойы екі жүйе бірін-бірі ауыстырып отырды, яғни қауымның дамуына әлде құлдырауына байланысты емес" деп санайды [18] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz