Нархоз. ҚазМБА. ҚазЭУ
Нархоз. ҚазМБА. ҚазЭУ
Кезiнде “Нархоз” деген әйгiлi атпен белгiлi болған, қазiр Қазақ
экономикалық университетi атанған даңқты оқу орнына 40 жыл толды.
Кеңестiк дәуiрде экономистер даярлайтын Алматы халық шаруашылығы
(Нархоз) институтының құрылу тарихы сол дәуiрдiң бiлiм беру үрдiсiндегi
ерекше жағдайды еске түсiредi. 1963 жылы алдымен Мәскеуде мәселе көтерiлiп,
соңында Алматыда “Үкiмет пен Партияның” шешiм-қаулысы шығып, тосын өмiрге
келедi. ҚазГУ-дiң экономика факультетi бiр жаздың iшiнде оқытушы
студенттерiмен, жатақхана оқу корпустарымен “Нархоз” атанады. Яғни, ҚазГУ-
дiң экономика факультетi өз алдына жеке бөлiнiп шығып, Алматы халық
шаруашылығы институтына айналады. Ал, КазГУ-де экономика факультетi белгiлi
ғалымдардың бастамасымен 1949 жылы құрылса керек.
Ұрпақ есiнде, бiтiрушi жастардың жан-жүрегiнде “Нархоз” болып
жатталып, ауызекi тiлде қазiрге дейiн осы оқу орнының мамандар даярлаудағы
жетiстiктерi өте зор. Қырық жылдың iшiнде осы оқу орнынан түлеп ұшқан
мамандардың саны жетпiс мыңға жуықтайды екен. Ал, бiлiм сапасы дүйiм жұртқа
белгiлi. Өйткенi Мемлекеттiк грантты жеңiп алған талапкерлердiң көбi Нархоз
- ҚазЭУ-дiң студентi болғанды қалайды. Қазiр байырғы оқу орындарының
өркениет үрдiсiне тән өзгерген “оқу ордасында” күндiзгi бөлiмде 4000-ға
жуық, сырттай оқу бөлiмiнде 1500 студент оқиды. Жатақхана, асхана, стадион,
спорт кешендерi тек жастардың ептiлiгi мен бiлiмi үшiн жұмыс iстейдi.
Қазақстан тәуелсiздiгiн алған алғашқы жылдары “Нархоз” Қазақ
мемлекеттiк Басқару академиясы болып құрылып, өтпелi кезеңде қиындық пен
небiр проблемаларды бастан кешiрiп, аласапыран уақытта, тiптi алға жылжыды.
Қазақстан үшiн әлемдiк өркениетке кiру жолындағы үрдiстi кезеңде Басқару
академиясы бiлiм берудiң әлемдiк үрдiсiне бет алды.
1994 жылдан қазiргi уақытқа дейiнгi он жыл бедерiнде университетте
шетелдерде оқыған студенттердiң саны 600-ден асты. 126 студент “Болашақ”
бағдарламасы бойынша бiлiм алды. Аталған бағдарлама бойынша жеңiмпаз
атанған студенттердiң iшiнде 19 университет түлегi бар.
Университет тек экономика бизнес саласында ғана мамандар даярлап
қоймайды. Ғылыми-педагогикалық кадрлар да даярлайды. Магистратура,
аспирантура және докторантура сияқты ғылым, бiлiмнiң сатылы басқыштары
бойынша iзденiс жалғасып жатыр. Соңғы оншақты жылдың өзiнде 400-ге жуық
кандидаттық және 57 докторлық диссертациялар қорғалған.
Нархоз - АХШИ алғаш бiлiм ордасы болып есiгiн ашқанда, жалғыз ғылым
докторы (Т.Шәукенбаев) болған екен. Қазiр университетте 42 ғылым докторы
мен белгiлi профессорлар бар. Әр түрлi академияларға мүше, корреспондент
мүшелердiң саны 10. Атақты оқу орнының биылғы 40 жылдық мерейтойы
қарсаңында Ғылым академиясының толық мүшесi болып, 4 ғылым докторы
сайланды. Олар университет ректоры Н.Мамыров, О.Баймұратов, Ғ.Сейiтқасымов,
Е.Байбарақов.
“Нархоздың” қазiргi ректоры Нұрғали Құлшыманұлы Мамыров жайында толық
баяндап айтып жатудың қажетi жоқ. “Нархоз” құрылғанда әлi жасы 30-ға
толмаған жап-жас жiгiт экономика факультетiнiң түлегi, ассистент Нұрғали
Құлшыманұлы да ұжыммен бiрге жаңа оқу орнына АХШИ-ге ауысады. Яғни,
Нұрекеңнiң осы атақты оқу орнында басталған ұстаздық еңбегiне де 40 жыл
толады екен. Нұрекеңнiң ұстаздық өмiрбаянымен университеттiң де бiр датада
түйiсiп тұрғанына қайран қаласыз. Қазақ ұғымында 40 саны киелi саналады.
Сондықтан қазақ халқының ұлы перзентi ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz